Астананың көркеюі



1 Қала салу мұрасы
2 Әлемдік деңгейге нық қадам басқан Астана
3 Менің мақтанышым
4 Өркендеуге бастайтын жоспар
5 АЛТЫН ҚАЗЫҚ
Астана!.. ...Шаһарлар-бізді қоршаған табиғи ортадағы адамдар қолы-мен жасалған күрделі жа¬сан¬ды орта! Оның әр ғимаратына сәулетшілердің, инженер-құры¬лысшылардың дарыны, еңбектері, ой-армандары өрілген. “Қалалар-біздің планета¬мыз¬дың әлемі, қала¬лар — өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да”, – деп толғанады заманымыздың заң¬ғар жазушысы Шыңғыс Айтматов.
Қала салу мұрасы – адамзат ба¬ла¬сының ғажайып көркемдік дамуы-ның ерекше құндылығына жатады. Оның адамдардың қоғамдық-саяси, тұрмыстық өмірінде алар орны баға жеткізгісіз. Сондықтан да, Пушкин кезінде Петербургті “Еуропаға ашыл¬ған терезе” десе, Гоголь жалпы сәулет өнерін әлемдік өшпес жыл¬намаға теңеген. Адам қызметінің интегралы-қалалар салудың компо¬зициялық тәсілдері жайлы Қазақ¬стан аумағында сонау неолит және қола дәуірлерінде-ақ білген. Ал, ерте¬дегі грек тарихшылары Сыр¬да¬рия бойына салынған қалалардың көптігін таңдана жазса, орыс ғалымы С.П.Толстов сырдариялық сақтардың афригидтік дәуірге дейін-ақ ғимараттарды күм¬бездеп жабуды шеберлікпен игер¬ген-дерін ғажап көреді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” трак-татындағы архитектуралық формаларды салу¬дың геометриялық әдістері бүкіл Таяу және Орта Шығыстағы құрылыс өнерінің негізін қаласа, екін¬ші бір ұлы бабамыз Әбу-л-Уафа әл-Бозжани “Гео¬метриялық дене¬лер¬¬ді салу жайыттары туралы” трак¬татында архитектура формаларын салу әдістерін, Гияс-ад –Дин әл-Каши бабамыз “Арифметика кілті” трак¬татында архитектуралық фор¬ма¬ларды салудағы тепе-теңдіктің практикалық әдістерін айқындаған.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Астананың көркеюі

Астана!.. ...Шаһарлар-бізді қоршаған табиғи ортадағы адамдар қолымен
жасалған күрделі жасанды орта! Оның әр ғимаратына сәулетшілердің, инженер-
құрылысшылардың дарыны, еңбектері, ой-армандары өрілген. “Қалалар-біздің
планетамыздың әлемі, қалалар — өткеніміз де, бүгініміз де, болашағымыз да”,
– деп толғанады заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов.
Қала салу мұрасы – адамзат баласының ғажайып көркемдік дамуының ерекше
құндылығына жатады. Оның адамдардың қоғамдық-саяси, тұрмыстық өмірінде алар
орны баға жеткізгісіз. Сондықтан да, Пушкин кезінде Петербургті “Еуропаға
ашылған терезе” десе, Гоголь жалпы сәулет өнерін әлемдік өшпес жылнамаға
теңеген. Адам қызметінің интегралы-қалалар салудың композициялық тәсілдері
жайлы Қазақстан аумағында сонау неолит және қола дәуірлерінде-ақ білген.
Ал, ертедегі грек тарихшылары Сырдария бойына салынған қалалардың көптігін
таңдана жазса, орыс ғалымы С.П.Толстов сырдариялық сақтардың афригидтік
дәуірге дейін-ақ ғимараттарды күмбездеп жабуды шеберлікпен игергендерін
ғажап көреді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” трактатындағы
архитектуралық формаларды салудың геометриялық әдістері бүкіл Таяу және
Орта Шығыстағы құрылыс өнерінің негізін қаласа, екінші бір ұлы бабамыз Әбу-
л-Уафа әл-Бозжани “Геометриялық денелерді салу жайыттары туралы”
трактатында архитектура формаларын салу әдістерін, Гияс-ад –Дин әл-Каши
бабамыз “Арифметика кілті” трактатында архитектуралық формаларды салудағы
тепе-теңдіктің практикалық әдістерін айқындаған.
Елбасымыздың басшылығымен салынып жатқан, Һәм сымбаты мен сырына әлем
таңданыс білдіріп отырған Астананың бойынан әлбетте, әлгінде айтқанымыздай,
қала салудағы Шығыс даналығын іргетас ете отырып, әлемдік архитектураның да
ең озық қырларын кіріктірген осы заманғы сәулет өнеріндегі синтездік
сұлулықты көріп, мерейіміз өсе түсуде.
Айтары жоқ, бүгінгі Астана шындығында да әлемдік сәулет өнерінің
шығыстық архитектура дәстүрлеріне таған қалаған қырларынан өрілген
қайталанбас тұлғасымен, ішкі тіршілік рухының жасампаздыққа, адамзаттық
асыл мұраттарға арна тартқан болмыстарымен таңдандырады.
Көзі қарақты, зердесі ояу кез келген жан Астананы аралай жүріп, оның
ғимараттарындағы архитектуралық өрілудің еуразиялық дәстүрлер негізіндегі
шығыстық тағаннан тамыр тартқан египеттік қарапайымдылықты да, грекиялық
сұлулық пен таңдай қақтырар көне александриялық және византиялық жайылма
күмбездік шешімдерді де, римдік аркаларды да, бағзы готикалық құрылыс
сораптарын аңғартар готика-арабтық нақыштарды да байқар еді. Астананың
архитектурасындағы бұл қайталанбас өзіндік кескіндер оның ХХІ ғасыр қаласы
және әлем қаласы деген аттарына әбден сай.
Астананың қазіргі сәулеттік құрылысына қанағаттанғандығын білдірген
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та еліміздің осынау бас қаласын болашақта көп
ұлтты Қазақстанның барлық адамдарының өмірлеріне аса қолайлы жағдай
туғызатын, шығыстық және еуропалық мәнерлер мен мазмұндағы үндестікте
салынған еуразиялық мегаполис тұлғасында көргісі келетінін айтты.
Еліміз үшін аса маңызды стратегиялық мәнге ие транс-еуразиялық
магистральдарға жақын орналасқан Астана қазір осы көліктік тораптар арқылы
барлық бағыттарға шығып, экономикалық алыс-беріс байланыстары үрдістерін
одан әрі қыздыра түсуде. Президентіміздің тәуелсіздігіміздің алғашқы
жылдарында-ақ, мақсат еткен “алдымен – экономика”. Мұраттарының табыспен
арна тарта беруіне Астананың еліміздің жүрегінде, қолайлы экологиялық
жағдай аясына берік орнығып, Қазақстан экономикасы мен өндіргіш күштерінің
ырғақты дамуында шын мәніндегі көшбасшыға айналуы серпін жасауда.
Сөз ретінде айта кетелік, Астананың келешекте де кемелденіп, әлемдік
бедел алуына елорда дамуы стартегиясының 2030 жылға дейінгі белгіленген
негізгі төрт бағытын: бірінші – тұрақты экономикалық дамуын, екінші –
қоршаған ортаның қолайлы аясын сақтау мен қалалық жоспарлау мен дизаин,
экологиялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардан өрілген қаланың
ырғақты жұмыс істеуін, үшінші – қала жұртшылығының әлеуметтік тұрмыс
жағынан тұрақты марқаюын, астаналықтардың қала тіршілігіне белсенді түрде
тартылуын, төртінші – шаһарды басқару жүйелерінің әлемдік стандарттарға сай
жетілуін қамтамасыз ету негіз болмақ.
Қазіргі заманда адамдардың басым бөлігі ірі қалаларда тұрады. Әлемде
тұрғындарының саны миллионнан асып кеткен 200, жұрты 10 миллионнан көп 100-
ге жуық алып шаһарлар бар. Олардағы халық тығыздығынан тыныс тарылуда.
Астананың қалалық шекарасы бүгінде 710 шаршы шақырымды құрайды. Бұл аумаққа
келешекте 5-6 миллион адам оңай сыйып кетеді. Бірақ, елорда халқының санын
өсіре беру ХХІ ғасырдың жаңа қаласы, ел астанасы үшін тиімді ме.
Қазақстанның кең-байтақ өңірлеріндегі өзге қоныстар азайып кетпей ме? Бұл
жайға да қарайлай жүру қазақстандықтардың патриоттық сезімдеріне байланысты
жәйттер!
Әлі есте, 1999 жылы жаңа астананың құрылысына 2 жыл ғана толғанда
ЮНЕСКО өз шешімімен еліміздің бас қаласына “Әлем қаласы” мәртебелі атағын
берген болатын. Бұл сол кездегі қайратты талпыныстар мен шаһар дамуының
берекелі беталысына берілген баға еді. Бүгінде кезінде жапон сәулетшісі
Кисе Курокава дайындаған Бас жоспарды Астана қаласы мен оның аймағындағы
елді мекендерді бірегей елордалық агломерация тұрғысынан байланыстыра
дамытудың уақыт талаптарынан туындаған жаңа міндеттеріне орай нақтылап
түзету үшін айрықша ғылыми-зерттеу-жобалау жұмыстары жүргізілді. Бұған
отандық құрылысшы-сәулетшілерімен қатар, төрткүл дүниеге танылған Шығыс пен
Батыстың архитекторлары мен дизаиншылары, өзге де озық мамандар қатысты.
Әлқисса, енді бірнеше жылдан соң астананың Бас жоспарын жүзеге асыру
негізінен аяқталады. Қала әлгінде айтқанымыздай, ол шақта өзінің
қайталанбас архитектуралық шешімге құрылған сұлу да өмір сүруге барынша
қолайлы шаһар ретіндегі өмірін өрнектейді.
Астананы аймақтық қана емес, жаһандық маңызды сауда орталығына
айналдыру да оның “әлем қаласы” атын ақтамақшы. Ең бастысы – Астананың
экологиямен құрамдас өндірісін, жоғарғы технологиялық және өнімнің өзіндік
лайықты баға-құндарын қалыптастыратын дамыған өнеркәсібін жасақтау. Жалпы
көлемі 600 гектар аумаққа орналасатын индустриялық парк құрылысын салу да
кластер құрудың негізгі шараларының басым бағыты. 2007 жылдың өзінде бұл
іске алғашқы 20 кәсіпорын жалпы сомасы 975 миллион АҚШ долларынан асатын
инвестиция тартты. Еліміздің бас қаласының индустриялық-инновациялық
жетілуі мықты назарға алынуда.
Әлбетте, қай мекеннің де болсын қайырлылығы халқының лайықты өмір
сүруіне жағдай туғыза алуында. Күн санап гүлденіп келе жатқан Астана өз
тұрғындарының тұрмысына лайықты жағдай жасауға құлшынады. Әр жыл сайын
еліміздің осынау бас қаласында инженерлік-көлік инфрақұрылымдары,
мектептер, емханалар, ауруханалар, мәдени-спорттық нысандар салынуда.
Елордада 2010 жылға дейін тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйелері арқылы
бюджет қызметкерлеріне арналған пәтерлер салудың арнайы бағдарламасы іске
асырылуда. Астананың негізгі каптиталына инвестиция салудың жыл сайынғы
өсімі 30 пайыздан асу үстінде. Елбасымыздың бастамашылығы арқасында бұның
басым бөлігін жеке инвесторлар қаржысы құрауда.
Бір сөзбен айтқанда Астана Қазақстан Президенті алға қойған экономиканы
әртараптандыру кластерлік бастамашылық пен жоғарғы технологияларды дамыту,
ғылымдағы бәсекелестік басымдылықты жетілдіру секілді жолдарда табысқа қол
жеткізуде.
Әлем қаласы — Астананы отандық құрылысшыларымызбен білек біріктіре
жүріп, жер жүзінің небір айтулы компаниялары да салуда. Олардың арасында
көлік, инженерлік инфрақұрылым, жобалау мен құрылыс бағыттарына маманданған
Түркия, Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Жапония, Канада секілді елдердің
мамандары бар. Астанада сауда операцияларымен, жобалау жұмыстарымен,
құрылыспен айналысатын Еуроодақ елдерінің 100-ден астам кәсіпорындары жұмыс
істеуде. Еуроодақ елдері астанаға импорттық жабдықтар, мәшинелер, көліктер,
түрлі механизмдер жеткізетін негізгі әріптестердің қатарында. Олардың
ішінде Франция Астананың қазіргі күнде аса белсенді сауда әріптестерінің
бірі. 2007 жылы француздың ВСЕОМGressard концерцумымен ауыл шаруашылығы
өнімдерінің көтерме саудасы жүйесіне қатысты Астанамен арадағы белсенді
жұмыстары басталды. Бұл жобаны Астана Ауыл шаруашылығы министрлігімен
бірлесе жүзеге асыра бастады. Болашақта елорда басшылығы осы қарым-
қатынастың арнасында Астанада осы заманауи аймақтық аса қуатты ауыл
шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда рыногы құрылысын қолға алатын болады.

Осылайша, әлемдік деңгейге нық қадам басқан Астана бүгінде Орталық және
Шығыс Еуропаның көптеген шаһарларымен бауырлас қалалар дәстүріне қосылды.
Олардың қатарында Мәскеу, Будапешт, Берлин, Варшава, Вильнюсь, Гданьск,
Киев, Кишинев, Минск, Рига секілді жаһанның әсем де, тарихы бай
мегополистері бар. Әлемнің осы қалаларымен Астана қала шаруашылықтарын
басқарудың, қаланың инфрақұрылымдары мен экономикасын дамытудың,
мәдениеттің оң істері тұрғыларында тәжірибелер алмасуда, бизнес-жүйелерімен
де байланыстар орнатуда.
Астана қаласы шынында әлемдік дәрежедегі саяси ғана емес, мәдени-рухани
ірі шаралардың да көшін бастап келеді. Мәселен, қазір дүние жүзінде орыс
тілінің халықаралық жылы өтуде. Осы игі істің де алғы сапында Астана
қаласының белсенділік танытуы қуантады. Бір ғана осы елорданың өзінде ұлы
Пушкин мен Толстой, Достаевский тілінің қазақ мәдениеті мен рухани
өміріндегі, тарихи жолындағы тыныстарына арналған ондаған шаралар өтті.
Қыркүйек айының соңында Астанада Ресейдің халықтар достығы университеті
ғалымдарының қатысуымен орыс тілі мен Ресей мәдениетінің күндері және қазан
айында ХХІ ғасырдағы орыс тілі мен мәдениетінің халықаралық конгресі
шақырылғалы отыр. Бұған да қазақстандықтар тарапынан зор ықылас, қолдау
білдірілуі риза етеді, – дейді, бізге Ресей Федерациясының Қазақстандағы
Елшісінің кеңесшісі, Ресей ғылымы мен мәдениетінің елордадағы орталығының
директоры Борис Калинич мырза. Астанамыз дамудың өзге де бағыттарында
серпінді қадамдар жасауда.
Елордада өнеркәсіптік кластерді қалыптастыру мақсатында индустриялық
аймақтың инженерлік құрылыстары қарқын алуда. Мысалы, жылдық қуаты 30 мың
автомобильдік “Ниссан” автомобиль құрастыру зауытының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, жылына 4 миллион автобайпақ жасайтын “Нокиан”, локомотивтер
құрастыратын “Дженерал-электрик компани” зауыттарының құрылыстары қолға
алынды.
Әлбетте, Астананың экономикалық жетістіктері оның аймақтық және әлемдік
рыноктардағы бәсекелестікке төтеп бере алу қабілетіне тікелей байланысты.
Елордада қазір ғылым жетістіктеріне арқа сүйеген өнеркәсіпті,
инновацияларды игеру, тамақ өнеркәсібін дамыту, туризмді өркендету секілді
кезек күттірмес шаралар қолға алынуда. Қала тұрғындарын әлемдік деңгейдегі
медициналық және білім беру, мәдени-спорттық қызмет түрлерімен қамтамасыз
ету шұғыл атқарылуда. Астаналықтардың шығармашылық қабілеттерін ашу мен
қалыптастыру да үлкен міндет ретінде мақсатқа айналуда.
Елорданың ең басты байлығы әрине, оның адамдары. Бүгінде Астанада 130
ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату тіршілік кешуде. 45 конфессия өкілдері
елорданың өміріне өзек болар түсіністікке қызмет жасауда. Астананың бір
өзінде ғана Қазақстанның кіші Ассамблеясына біріккен 26 ұлттық- мәдени
бірлестіктер жұмыс істейді. Бәрі де жасампаздыққа еңбек сіңіруде.
Астана осылайша әлемді таңдандырып, сәулетіне — көрік, рухына-қуат қоса
түсуде. Бұны еліміздің бас қаласына араға уақыт суытпай жиі келіп тұратын
әлем елдерінің көрнекті басшылары мен меймандары да айтуда. Мәселен, 2007
жылдың жаз айында Қазақстанда жұмыс сапарымен болған Испания Королі Хуан
Карлос пен оның зайыбы патшайым София Астанадағы Бейбітшілік пен келісім
сарайының алдында тұрғызылған “Қазақстан халқы достығы” монументінің ашылуы
салтанатына қатысып, бас қаламыздың дамуымен танысты. Жоғары мәртебелі
қонақтар “Мыңжылдықтар аллеясы”, “Өнер қаласы”, мәңгілік дамуды білдіретін
“спиральды”ғимараттар кешені мен сәулет пен өнер сарайы жобаларын көріп,
Астананың бүгіні ғана емес, келешегінің де керемет екендігіне таңданыс
білдірді.
Әрине, уақыт өткен сайын сымбатына сыр қосып, көркіне кемелділік
орнықтырып, әлемнің небір ұлы, ғажайып қалалары мен астаналарына теңесуге
қанатын құштарлана қаққан елорданың жасампаздық қадамдары жайлы көп айтуға
болады. Астананы аз ғана мерзім көрмеген жанның оның көшелері мен
даңғылдары бойларына жаңа бір ғимараттың, өзгеше бір құрылыстың бой көтеріп
үлгергеніне таңдай қағары шындық. Ерке Есілдің үстінен орнаған неше түрлі
аспалы да, арқаулы сәнді көпірлер, “Жерұйық” секілді ондаған жасыл
саябақтар, салынып жатқан 3,5 мың орындық киноконцерт залы, 30 мың орындық
жабық стадион, мәдени-спорттық нысандар қаншама. Осы уақытқа дейін
пайдалануға беріліп, бүкіл қазақстандықтардың денсаулығын қорғау ісіне игі
үлесін қосып жатқан әлемдік стандарттарға сай медициналық құралдармен және
қондырғылармен жабдықталған орталықтар секілді орындар Астанада әлі салына
бермекші. Осы кезге дейін қалада 4,5 миллион текше метр құрылыс жүргізілген
болса, келешекте тағы да 13 миллион текше метр құрылыс алаңы қанатын
жаймақ. Бұған 1,5 триллион теңге қаржы жұмсалмақшы. Бұл әлем қаласы
Астананың алдағы жылдары қандай қуатпен салына беретінін көрсетеді.
Еліміздің бас қаласының оңтүстік-батысындағы аспан аясына қол созған
биіктігі 24 метрлік алтын түстес “Астана жұлдызы” стелласының ұшар
биігіндегі “Жел бәйшешегі” жұлдызы мен көкке атылған қанатты пырақтарға
әуежайдан келе жатқан қонақтар көз салмай өтпейді. Осы бір ескерткіш қазақ
елінің жаңа ғасырдағы қуатын, қадірін, асыл мақсаттарын танытып тұрғандай
әсерге бөлейді. Сөз жоқ, бас қаламыздың бойындағы жасампаздық қайнар
халықтық қасиеттерімізден және де тұңғыш Президентіміздің қажырлы
қайраткерлігінен күш алуда.
Өмір атты ұлы тіршілігімізге күретамыр қанындай, жүрек жанындай серпін,
қозғау салып тұратын елдік болмысымыздағы осынау жасампаздық қайнардың
арқасында қазақ атты перизат халқымыздың азат аспанында Астана атты жарық
жұлдыз әлемді таңдандыра, биікке самғап, жарқырай түсуде!

Менің мақтанышым

“Жер бетінде ең алғаш қай қала пайда болды екен? “ деген сұрақ мені көп
мазалайды. Бірақ, тарихи шығармаларды парақтап отырып, бұл сұраққа нақты
жауап таба алмадым. Бір білетінім, мен куә болған оқиға — картада
Астананың пайда болуы...
Қолымда — “Менің балалығым” фотоальбомым. Міне, Алматыда түскен
суреттерім. 1996 жылы ата-анам мені Алматыға қыдыртып апарды. Қазір сол
суреттерге қарап, асқар Алатауды, ғажайып астананы есіме түсіріп отырмын.
Медеу! Мақтанарлық-ақ! Келесі қысқы олимпиадалық ойындар осында өтсе
ғой! Алатаудың басына көтеріліп, Көктөбені тамашалар. Оңтүстік астанамызды
көрген әрбір жан қазақтың қонақжайлығына, мейірімділігіне, асқақтығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана - әсем қала
Ел ордасы - Астана туралы ақпарат
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ ТУРАЛЫ
Астана - қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Біз – тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Есіл жағасындағы бас қаланың даму перспективасы
Конституциялық-құқықтық нopмaлaр
Ақша, несие, банктер пәнін оқып-үйренудің студенттер үшін маңызы
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Пәндер