Кәсiпорын өнiмiнiң сапасын стандарттау және сертификаттау
КIРIСПЕ
НЕГIЗГI БӨЛIМ
КӘСIПОРЫН ӨНIМIНIҢ САПАСЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері
Стандарт және стандарттау ұғымы
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Сертификаттаудың маңызды мәселелері
Қызмет етуді сертификаттау
Тауардың тегін сертификатталуы
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау
Өндірісті сертификаттау тәртібі
Сапа жүйесін сертификаттау тәртібі
Экологиялық сертификаттау
Шет мемлекеттегі сертификаттау жүйелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы -нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді кәсіпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі маңсатқа сай болганы дүрыс, өйткені өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттың шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті багалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынагының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді. Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап өтеді, Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бакылаудың нормативтік-құқыңтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

1. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 194 бет.
2. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 129 бет.
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 330 бет.
4. Мейiрбеков А.Қ, Әлiмбетов Қ.А. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
5. Бердалиев К.Б., Өмiрзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негiздерi: Алматы, Экономика, 1997.
6. Бердалиев К.Б. Қазақстандағы аймақтық басқару мәселелерi. Алматы, “Экономика и бизнес”, 1996, №1.
7. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: Тенденции и размышления. – Алматы, 1994.
8. Өзiндiк басқару мен өзiндiк қаржыландыру тұжырымдамасы. Алматы, 1990.
9. Бектемисова С.Ю. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. Диссертация на соискание ученой степени канд. экон. наук. – Алматы, 1995.
10. Жаркенов С.Б. Менеджмент негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000. – 206 бет.
11. Бредик У. Менеджмент в организации. М.: Инфра, 1997.
12. Қазқша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк. Алматы:
Рауан баспасы. 19 том. 2000 ж.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
НЕГIЗГI БӨЛIМ
КӘСIПОРЫН ӨНIМIНIҢ САПАСЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері
Стандарт және стандарттау ұғымы
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Сертификаттаудың маңызды мәселелері
Қызмет етуді сертификаттау
Тауардың тегін сертификатталуы
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау
Өндірісті сертификаттау тәртібі
Сапа жүйесін сертификаттау тәртібі
Экологиялық сертификаттау
Шет мемлекеттегі сертификаттау жүйелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Кіріспе
Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы -нарықтық жағдайда
қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды
кеңейтуді кәсіпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз
етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік
басқару шеңберінде жүргізілуі маңсатқа сай болганы дүрыс, өйткені өнімнің
барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және
кәдеге жаратуға дейін.
Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттың
шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін
дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-
техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті багалылығы сертификат
көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді,
бағалау сынагының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді
таңбалауды және бақылауды білдіреді. Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік
актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз
етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап өтеді, Шетелдік және отандық
практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бакылаудың нормативтік-
құқыңтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке
тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан
тұрады.
Басқаруды экономикалық бағалаудың жалпы мән-мағынасы - басқарудың
өндірістік экономикалық мақсаттарына жетудегі кұрал бола білу қажеттілігіне
байланысты анықталады. Бұл бағалау адам ресурстарын басқарудың
тиімділігінсіз жүзеге асырылмайды. Ол ұйымның барлық қызмет ету салаларын
қамтиды және басқа жүйелердің тиімділігіне ықпал етеді.
Ұйым қызметкерлері өз әлеуетін ұйьш алдындағы мақсаттарға қол жеткізуге
пайдаланған жағдайда ғана қызметкерлерді басқару тиімді деп санайды.
Басқаша айтқанда, ол осы мақсаттардың қаншалықты деңгейде орындалғандығына
байланысты.
Талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдар түрлі әдістер
колданады. Атап айтар болсақ, қызметкерлерді басқару жүйелерінің ұйым
мақсаттарына сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп отыру; адам ресурстарын,
басқару қызметкерлерін ұйымның стратегиялық жоспарларын жасауға және қайта
қарауға тарту; жоғары басшылықтың қызметкерлерді басқару жүйелерін жасауға,
қайта қарауға үнемі қатыстырылуын қамтамасыз ету; үйымның мақсаттарына қол
жеткізу деңгейін бағалау орын алады.
Қызметкерлерді басқару тиімділігі көрсеткіштерінің бірі ұйымдық
мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің өндірістік
тәртібін қалыптастыру болып табылады. Өндірістік тәртіп 2 негiзгі
фактор бойынша анықталады: қызметкердің тілегі және қабілеті.
Қызметкерлерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі,
сонымен қатар, қызметкерлерді басқару жүйесінің бүтінділігі болып саналады.
Ұйым қызметкерлерді басқару жүйесінің біртұтастылығына мынадай шараларды
жүзеге асыру жолымен қол жеткізе алады:
- ұйымның мақсаттарын дәл анықтау;
- барлық қызмет орны үшін өндірістік тәртіпті жан-жақты
модельдеу;
- адам ресурстары қызметінің бөлімшелеріндегі жұмыстың үйлестірілуі;
- адам ресурстары бойынша мамандардың тікелей басшылықпен, басқару
персоналымен тұрақты өзара қатынасы.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына
басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның
өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты
жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға
деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші
орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу
өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің
сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды
экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну
құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың
пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы
жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде
аныңталады. Бұл деңгейді аныңтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық
маңыздылығын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін аныңтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып
табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына
төмендегі өдістер пайдаланылады:
- өлшеуші әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);
- тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негіз-делген.
Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік,
патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
- есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін
арнайы математикалық үлгілерді қолдануга негізделеді;
- органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді
талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылыгы
адамдардың біліктілігі, дағдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
- социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың
мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге
асырылады;
- сарапшылық әдас — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы,
дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін
пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке
көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда
өнім сапасының деңгеін сипаттайды. Бүл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмүны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б.
Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік
ерекшелігіне байланысты болады.

Нарықтың жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай
ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы ңе-
гізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық
жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылыгы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына
мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалың және сандың) сипаттамасын
анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір
сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана
алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық
мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып
алушының тауарга деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер
пікір жиынтыгын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында
қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанагаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткіштерді анықтаудың бірнеше тәсілдері
белгілі.Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі -
бұл тауарды тұтыну багасы болып табылады. Ол мынадай фромуламен аныңталады:
Бт = Бс + Шт,
мұндағы
Бт — тұтыну бағасы
Бс — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтік
мерзім ішіндегі қызметі).
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл
тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және
оның са-палылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын
тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі
бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке
ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бүл тәсілге
сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және
базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = КҚ +КТ +КС.
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;
КҚ — эстетико-эргономикалық деңгейінің кешенді
көрсеткіші;
Кт — техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
Кс — көрсеткіш кешенінің сенімділігі.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай
техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады.
Сонымен, техникалың параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары
деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу
сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға
мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы
өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруга еріксіз көндіретін
болады.
Стандарт және стандарттау ұғымы
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі
мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде
әзірленетін жәие танылган органдардың бекітетін норматитік құжаты. Бұл
жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір
объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері
белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы
деңгейге жетуге багытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және
әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке
сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы,
қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Екішпіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда
техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-
экономикалың багдарламалардың, жобалаудың норматитік-техникалық базасы
ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін
оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын
өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды үқыпты пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның
қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді
тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде
нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге
бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны
талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін
(белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында
қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде
табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына
қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін
қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару
жүйесін қалай багыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны
басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мұмкінділігін
қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы
жөніндегі проблемаларды шешу. Сонымен, өнімнің сапасын басару әрбір
кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде
сертификатгау мына принципте жүргізіледі:
- өмім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сьінақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын талдап алуға
еріктілігі және сертификаттауға катысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік белгісі
сертификатының уақытының біткендігі. жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және
тұтынуды сараптауға кажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
- сертификаттау жұмысында ИСОМЭК аймақтык ұйымдар, халықаралық
құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жакты
келісімдері бар шетелдердің сертификаттау оргаңдарының
аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының
сертификаттарын және сәйкестік белгісін Казақстан Республикасында
тану;
- ақпараттық қоммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жүмысына тұтынушылар қоғамын
қатынастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі
бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда
міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің
үлесі 85 %- дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының манызы зор.
Сертификаттаудың маңызды мәселелері
Өнімдерді сертификаттау
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік
сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау импорттық
өнімдерге де бекітілген.
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшелікгері бойынша сертификаттау жүйесі
келісімді тәртібін жасайды.
Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау кұрылымы бойынша
сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін,
сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын
аныктайды.
Сертификаттау тәртібі ИСОМЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай
болуы керек.
Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты параметрлері
мына нышандарға қарай таңдап алынады:
- өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі белтілі-бір өндіріс партиясына
жатады;
- тапсырылған өнімнің техникалык, құжатына сәйкестігі;
- алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық
құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;
- заң актілеріне сәйкес, міңдетті сертификаттауда, басқа
талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді аныкгау.
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндіртен өндірістің,
сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады.
Сертмфикаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті
сертификаттау органдарымен анықталады.
Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын
таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Өнімді сертификаттау тертібі
1. Сертификаттауға етініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау
органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау
органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган
жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі.
2. Үлгі алу, бірдейлігін анықгау жөне сынақ жүргізу, Сынақ үлгісін
атестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті
мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертифккаттау жүйесінің нақты
өнімге тарайтын ережесі бойынша расталады.
3. Өндірісті бағалау-таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша
ескерілген жағдайы немесе сапа жүйссінің сертификаты талданады. Өндірісті
бағалау тесілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ
хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау
органында талданылып, өнімге қойылган талалтарға сөйкес немесе сәйкес емес
екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің
қорытындысы жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік
сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар сани-
тарлық, ветеринарлық т.б. қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы
сертификаты гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитар-лық т.б. болса ғана
беріледі. Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді,
бірақ 3 жылдан көп болмауы керек.
5. Сәйкестік белгісін пайдалану, дайындаушы сертификаттау органынан
лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу құқын
алады.
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау
сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз
болмауы керек.
Қызмет етуді сертификаттау
Қазакстан Республикасы дүниежүзілік сауда ұйымына әрі қарай ДСУ
кіруге әзірлік жасап жатыр. Осы ұйымның қызмет саудасының Бас
келісімінеҚСБК қол қойған ел, техникалық кедергілер, инвистицияның бір
елден бір елге еркін жүруіне кедергі жасамайды. Бас келісім бағалы
қағаздар, көлік түрлері, телекоммуникация, құрылыс, банк жүйесі, туризм,
білім, медициналық қыз-
меттер т.б. қызмет ету түрлерін қамтиды. Бас келісімге қол қойган ел,
қатысушы елдерге өз рыногында ең қолайлы жағдайлар жасауга тиіс, оның
ішінде, сауда тарифын төмендету, реттеу мәселелерінің анықтығы т.с.с.
Қызмет етуді сертификаттау, көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы
болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде
- шаштараз, монша, тұрмыстық радиоэлектроника, электр аппараттары, бас
киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, кір жуу, аяк
киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға
көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй кызмет ету жұмысы да кең тарап
келе жатыр.
Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды татап етеді.
Қызмет етудің қауіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға
бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау кұрылымы да өзгеріп
отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әртүрлі пайдаланатын
химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай
көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуде де орындалуы
қажет.
Сертификаттау құрылымы
Құры-лыСәйкестігін дәлелдейтін Өндірісті тексеру Сертификатталған өнімді сапа жүйесі өндіріс
м N аккредитацияланған сапа жүйесі инспекциялық бақылау
зертханада сынау
1 Түрін сынау Өндірістің жағдайын
талдаү
2 Түрін сынау Сатушыдан алынған үлгіні сынау
3 Түрін сынау Дайындаушыдан алынған үлгіні сынау
4 Түрін сынау Сатушыдан, дайындаушыдан алынған өнімдерді
сынау. Ондіріс жағдайын талдау.
5 Түрін сынау Өндірісті немесе сапа Сертификатталған сапа жүйесін өндірісті бақылау.
жүйесін сертификаттау Сатушыдан немесе дайындаушыдан алынған үлгіні сынау
6 Тапсырылған құжаттарға Сапа жүйссін Сертификатталған сапа жүйесін бақылау
байланысты сәйкестігі сертификаттау
туралы декларацияны карау
7 Партияны сынау
8 Әрбір үлгіні сынау
9 Тапсырылған құжаттарға
байланысты сәйкестігі
туралы декларацияны қарау
10 Декларацияны қарау Дайындаушы мен сатушыдан алынған үлгіні сынау
Кестеге түсiнiктеме беру:
1-құрылым - аккредитацияланған зертханада типтік үлгіні тауар
партиясынан ғана сынайды. Бұл кұрделі конструкциялы өнімдерге тарайды.
2-құрылым - аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын
өнімнен тауарды алынған үлгіні сынақтан өткізеді.
3-кұрылым - дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған
ұлгіні сынау зертханасында сынайды.
4-құрылым - типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан
да алады.
5-құрылым - типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін
сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жүйесін
өндірісті. сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге
жүргізеді.
6-құрылым - сертификаттау органына өтініш декларация беріліп сәйкестік
белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін
сертификаттау үшін жасалады.
7-құрылым - тауар партиясын сынау үшін қолданады.
8-құрылым - әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды.
9-10 құрылымдар-дайындаушының өтініш-декларациясы бойынша инспекциялық
бақылау жүргізеді.
Құрылымды пайдалану:
1-құрылым - отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз
мерзімге шығарылған импорттык тауарларға арналады.
2-кұрылым - ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады.
3-құрылым - сертификатталғаннан кейінгі ұзақ мерзімде бірқалыпты
жағдайдағы өнім сапасына арналады.
4-құрылым - инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда
пайдаланылады.
5-6 құрылымдар- өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда
пайдаланылады.
7-8 құрылымдар - бір рет қойылатын өнімдерге арналады.
9-10 құрылымдар - кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге
жарамды.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге
техникалық кызмет көрсету және өңдеу ҚР Е 3.24-94, химиялық тазарту мен
бояу, туристік, қонак үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды
сертификаттау жаңа қалыптасып келеді.
Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің принципі, өнімдерді
сертификаттау жүйесімен бірдей міндеттілігі және өз еркімен, үшінші жақтың
қатынасуы, сертификаттау органын аккредитациялау, сәйкестік сертификатын
беру т.б.. Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудын өзіндік ерекшелігі
де бар, кызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы,
тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы т.б.
Қызмет ету жұмысын салыстырмалы түрде материалды емес қасиетінің
езгеруі, жасауы, т.б. және моральдық-психологаялық, рухына әсер ету деп
екіге бөлуге болады.
Қызмет етуді сертификаттау құрьшымына мына жұмыстарды қосуга болады:
- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;
- көрсетілген кызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
- қызмет ететін жұмыскерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz