Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері



1 Францияның әлеуметтік.экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер
2 Наполеон Бонапартың жеке тұлға ретінде қалыптасуы
3 Н.Бонапартың әскери өнері
4 Н.Бонапарт мемлекет қайраткері
5 Наполеон Бонапартың дипломатиялық принципі (француз. орыс қатынстары мысал ретінде)
Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды.
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан еліміз, бүкілдүниежүзілік елдермен әсіресе Европа елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын дамуытуға тырысуда.
Бұл бағыта яғни сауда- экономикалық және дипломатиялық байланыстарды дамытуда және нығайтуда Франциямен жақындасу, Қазақстан үшін Европалық Қоғамдастықа жақындастыруға көмектеседі.
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХIX ғасырдың басында Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер, француз халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Бұл бағыта Ұлы Француз революциясы мен Наполеон Бонапарт, онадғы демократиялық дәстүрдің қалыптасу кезеңі Франция тарихындағы айтулы кезең. Сондықтан да Францияның сол дәуірінің тарихымен танысу, қазіргі таңдағы Франциямен достық байланыста, осы мемлекеттің тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Құрметті мемлекеттік емтихан комиссия төрағасы және комиссия мүшелері
менің диплом жұмысым Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет
қайраткері-атты тақырыбына арналған.

Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын
тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен
тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды.
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық
мемлекет құруды мақсат тұтқан еліміз, бүкілдүниежүзілік елдермен әсіресе
Европа елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын дамуытуға
тырысуда.
Бұл бағыта яғни сауда- экономикалық және дипломатиялық байланыстарды
дамытуда және нығайтуда Франциямен жақындасу, Қазақстан үшін Европалық
Қоғамдастықа жақындастыруға көмектеседі.
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен ХIX ғасырдың басында Францияның
әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер, француз
халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Бұл бағыта Ұлы Француз революциясы мен Наполеон Бонапарт, онадғы
демократиялық дәстүрдің қалыптасу кезеңі Франция тарихындағы айтулы кезең.
Сондықтан да Францияның сол дәуірінің тарихымен танысу, қазіргі таңдағы
Франциямен достық байланыста, осы мемлекеттің тарихымен тереңірек танысуға
мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік тарихта өзіндік елеулі із қалдырған қайраткерлер Ұлы
қолбасшылар, саясатшы және мемлекет қайраткерлері тарихшыларға тарихи
жағдайлардың мән- мағанасын түсіндіруде үлкен рол атқарады.
Сондай тұлғалардың бірі Францияның Ұлы қолбасшысы,саясатшысы және
мемлекет қайраткері Наполеон Бонапарт.
Тарихта осындай тұлға өкілдерінің бірқатарының ғұмырнамасы жасалып,
көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми – зерттеу
жұмыстарын тереңдете жүргізіп, дүниежүзілік тарих ғұмырнамасы қатарын
толықтыра түсуіміз керек.
Сондықтан Наполеон Бонапарттың өмір жолын атқарған қызметін зерттеу
бүгінгі тақырыбымыз болып табылады.
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда – Наполеон Бонапартың жеке тұлға ретінде қалыптасуы
қарастырылған. Бұл тарауда оның отбасы, өскен ортасы, білім алуы мен
мінезінің, көзқарастарының қалыптасуы көрсетіледі.
Екінші тарауда- Н.Бонапартың әскери өнері. Мұнда Бонапарт өзінің 11
жылдық әскери қызметінде 1796 жылығы алғашқы Австрия армиясына қарсы
италиялық әскери компанияны басқаруы, оның өміріндегі үлкен масштабтағы
әскери операция болды.
Ол өз ұрыстарында жаңа тактикаларды қолданды яғни жылдамдық пен
орағытуды (маневр) қолдану арқылы үлкен жетістіктерге жеткендігі айтылады.
3-тарауда. Н.Бонапарт мемлекет қайраткері. Франция тарихында
Н.Бонапартың елдің экономикалық-саяси және мәдени жағдайларына қосқан үлесі
мол.
4-тарау. Наполеон Бонапартың дипломатиялық принципі (француз- орыс
қатынстары мысал ретінде)
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде Франция мен Англия арасындаға
келіспеушілік, Францияның Ресеймен жақындасуын яғни одақтас болуын,
Наполеон Ресеймен жақындасу арқылы Англияға қарсы күшті одақтас екендігін
түсініп, 1807 жылы Тильзит келісімі Франция мен Ресей арасында жасалынды.Ал
Наполеонның Ресейге қарсы 1812 жылы соғыс ашуы оның тарихында үлкен
қателіктердің бірі еді.
Қорыта келе Наполеон Бонапарт авторитарлық басқару формасын орнатқан
болса да, бірақ ол жаңа буржуазиялық қоғамның қалыптасуына мүмкіндік берді.
Наполеон Бонапарт өз дәуірінің адамы еді, сондықтан да сол кезеңнің
тарихы оның образында қалыптасты.

Рахмет !

Сәлеметсіздер ме!
Құрметті мемлекеттік емтихан комиссия төрағасы және комиссия мүшелері
менің диплом жұмысым Кеңестік тоталитарлық жүйенің Қазақстан ауыл
шаруашылығындағы саясаты-атты тақырыбына арналған.

Егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір
өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа
сипатқа ие болды . Тарихи зерттеулерге ғылыми түрғыдан баға беру, оның
адами мазмұнын көрсете білу, яғни оны халықгың, ұлттың өміріне, дәстүрі мен
дүниетанымдық көзқарасына катынасы тұрғысынан көрсете білу - соңғы кезде
тарих ғылымдарына қойылған басты талаптардың бірі болып саналады.
Егеменді еліміз тарихындағы аумалы-төкпелі 20-30 жылдар жөнінде соңғы
кезде жарық көрген жаңа зерттеулерге қарамастан, әлі де тарихшылар назарын
өзіне аударып отыр. Себебі, қалыпты жағдайда ғасырдан артық уақытты кажет
ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің казақ даласында "Кіші
Октябрь" ұранымен 2-3жылда жүргізілуі Қазақстанда жартылай феодалдық,
қауымдық кұрылыстан социализмге өтуге негіз жасалды деген үстірт тұжырым
толық зерттеліп болған жоқ.
20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістерді объективті бағалауда Кеңес
өкіметінің жаңа экономикалық саясат жағдайыңдағы ауыл шаруашылығын
каржыландыру және жеке қожалықтарға салық салу саясатын зерттеу маңызды
роль атқарды. Тақырьп өтпелі кезеңде қазақ ауылындағы саяси-экономикалық,
кұрылымдық өзгерістердің жүзеге асу механизмдерін саралауға, кеңестік
тоталитарлық экономикалық жүйенің калыптасу эволюциясьн ашып көрсетуге
ұмтылады.

Салық - мемлекеттің өмір сүру кепілі. Салықгың экономикалық және
әлеуметтік катынастарды реттеушілік рөлін дәлелдеп жатудың кажеті жоқ.
Меншік қатынастарында түбегейлі төңкеріс жасауды мақсат тұтқан Кеңес
өкіметі бастапқыда салықтан мүлде бас тартып, кейін жаңа экономикалық
саясатка көшуге байланысты оны қайта енгізді.
Алайда Кеңес өкіметінің салық саясаты алдына өзгеше мақсаттар қойды.
Салық әлеуметтік реттегіш рөлін жойып, әртүрлі топтардың мүдделерін бір-
біріне карсы қою құралына айналды. Жұмысшы табын дәріптеу шаруалардың
мүддесіне карама-қарсы қойылып, салықтық қысымдар жеке шаруашылықтарды
индустрияландыруды каржыландыру көзіне айналдырды.
Салық ауыл шаруашылығында жеке шаруашылықтарды күйзелту; коллекгивтік,
қоғамдық меншікті калыптастыру функциясын аткара бастады. 1926-1937
жылдарда қабылданған КОКП мен Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын түбегейлі
өзгертуге бағытталған каулы-қарарларын, салықтық ережелер мен мемлекеттік
бюджеттерді талдау 20-30 жылдарда жүргізілген терең әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді нақты шындық тұрғысынан бағалауға ыкпал етеді.
Баса көрсететін жайт, 20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістерге арналған
бұрынғы және соңғы кезде жарық көрген еңбектерде көбінесе саяси баға
беріліп, олардың қалай жүргізілгендігіне, яғни механизмдеріне көңіл
бөлінбегенін атап көрсету қажет. Осындай механизмдердің бірі - салық пен
қаржыландыру жүйесі болған.
Кеңес өкіметі жылдарында жарық көрген аграрлық тарихқа арналған
еңбектерде қаржыландыру мәселесі арнайы зерттелмеген. Соған карамастан,
қаржыландыру тек экономиканы көтеруге қызмет етті, салықтық төлемдердің
кайтарылымы жоғары деңгейде болды деген пікірлер қалыптаса бастаған.
Диплом жұмысы 1926-1933 жылдардағы Қазақстан ауыл шаруашылығын
социалистік негізде қайта құру мақсатында жасалған солақай, жедел
әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржылаңдыру және салық салу саясатын
объективті, шынайы зерттеуді көздейді.
Мұнда салықтық Ережелерге талдау жасалып, ғылыми айналымға енгізілді.
Ауылшаруашылық салығынан басқа өзіне-өзі салық, мәдени алым, уақытша
салықтардың салыну механизмдері көрсетілді.
Салық саясатының Қазақстан көшпелі шаруашылығы ерекшеліктерін
ескермеуі оның коллективтендіру құралына айналуы ғана емес, дәстүрлі мал
шаруашылығын күйзелтуге әсер еткені жаңаша тұжырымдалды.
-Зерттеуде 1928жылдан басталған ауқатты шаруаларға салынатын салық
қысым Қазақстанның көшпелі, натуралды шаруашылығы жағдайында
заңсыздықтармен ұласып, орташа шаруаларды да камтып, әу бастан экономикалық
жағынан әлсіз колхоздардың құрылуына әсер еткені көрсетілді. Олар салықгық
жеңілдіктерге қарамастан қалыпты шаруашылық жүргізе алмады.
Қазақ шаруашылықтарының күйзелуін тек отырықшыландыру мен коллективтендіру
нәтижесі деп қарастырмай, оны салықтық қысымдар нәтижесінде 1929-
1930жылдары-ақ басталғаны туралы қорытынды жасалады.
Салық саясаты астық, ет, басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың
күштеу механизмдерін іске қосып, шаруашылықтарды күйретуге қызмет еткені
ғылыми талдау негізінде дәлелденді.
- Кеңес өкіметінің Қаазақстандағы қаржыландыру саясатының
бюджеттік қызметті дамытуға емес, қаржы сору мақсатына бағындырылғаны
көрсетілді. Салықтық кірістер бюджеттің жартысынан астамын құрап,
орталықтан каржыландыру деңгейі өте төмен болғаны атап көрсетілді.
Кеңестендіру шаралары халық есебінен жүргізілгені туралы қорытынды жасалды.
- Салық саясатындағы асыра сілтеулер күштеу механизмдерін іске
қосып, тәркілеудің Қазақстанда бірнеше дүркін жүргізілгені көрсетілді:
1928жылы қаңтар-сәуір аралығында Семей губерниясында, 1928жылы 27 тамызда
республика көлемінде, 1930 жылы бай-кулактарды жаппай жою шаралары
барысында жүзеге асты.
- Салық жөне қаржыландыру түрғысынан әртүрлі әлеуметтік-
экономикалық шаралар қайта бағаланды. 1926-1927жж. реформаларының
қажеттілігі жөне тиімділігі болмады, оның шаруашылықты дамытуға емес,
қазақтардың жерін қысқарту арқылы таптар күресін, яғни бай мен кедейді
жауластыру мақсатында жасалып, голощекиндік "Кіші Октябрь" төңкерісін
жүзеге асыруды көздегені туралы қорытынды жасалды.
- Қазақ босқындарын орналастыру деген атпен жалғасқан
коллективтендіру Кеңес өкіметінің әлеуметтік-экономикалық шараларының
Қазақстан жағдайында сәтсіздікке ұшырағаны дәлелденген. Отырықшыландыру мен
коллективтендіру 400мыңнан аса қазақ шаруашылықтарын жойып, 2миллионнан аса
қазақтың кұрбандығымен жүзеге асты.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс
соңында пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі берілген.
Бірінші тарауда- 1926-1928 жылдардағы қазақ ауылдарының салық саясаты,
жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары, қазақ
ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржыландыру, 1927-1928
жылдардағы астық дағдарысы кезіндегі салық пен әлеуметтік-экономикалық
жағдайы көрсетілген.
Екінші тарауда- жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру
тұсындағы Қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық пен қаржыландыру, салық
саясаты, 1929-1933 жылдардағы жеке меншікті жою мен зорлап коллективтендіру
құралы, астық және ет дайындау, әкімшіл-әміршіл экономиканың алғы шарттары,
ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың рыноктық механизм әдістеріне өту
жайында баяндалады.
Қорыта айтқанда- жаңа экономикалық саясат жеке меншік қатынастарының
калыпты дамуына, экономиканы тұрақтандыруға қызмет етті. 1926-1928
жылдардағы салық саясаты 1926 жылы қабылданған "Бірыңғай ауыл шаруашылық
салығы туралы Ереже" негізінде жүзеге асты. Ол товарлы шаруашылық
жағдайларына икемделген заң болғандықтан көшпелі қазақ шаруасының
ерекшеліктері есепке алынбады. Салықтың ақшалай алынуы мал сату мүмкіндігі
аз, тең емес товар алмасу жағдайын бастан кешірген қазақ шаруашылықтарына
тиімді болмады. Салық төлеу үшін сатылған мал өз құнынан 2-3 есе арзан
сатылып, салық науқаны қазақ шаруашылықтарына шығындар әкелді.
Жедел индустрияландыру қаржы тапшылығына ұрындырып, мемлекеттік
меншіктегі өнеркәсіп пен ұсақ жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы арасындағы
қайшылық азық-түлік дағдарысын тудырды. Бұл жаңа экономикалық саясаттан бас
тартқызып, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы рыноктық қатынастарды
бұзып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті. 1927-1928 жылы астық дағдарысы
кезінде бұл әдістер кең көлемде қолданыла бастады. 19281929 жылдары Одақта
белең алған күштеу әдістері Казақстанда ерте басталды. Оған 1925 жылы
республика партия ұйымына басшы боп келтен Ф.Голощекиннің волюнтаристік
саясаты ықпал етті. 1926-1927 жылдарда қазақ қоғамының қалыпты дамуы
бұзылып, "Кіші Октябрь" ойраны басталды. Голощекиннің киялындағы, қолдан
жасалған тап күресі 1926-1928 жылдарда еш нәтиже бермеген өте таяз шаралар:
шабындықты, егістікті және жайылымдарды бөлу, ірі бай-феодалдарды
кәмпескелеу жүргізіліп, бұлар экономиканың қалыпты дамуына кері әсер етті.
Одақта 1930 жылы басталған кулактарға қарсы күрес бағыты Қазақстанда
Голощекиннің тікелей басшылығымен 1927 жылдан қолға алынды. Одақта салықтық
Ережелерте өзгерістер 192829 жылы енгізілсе, Қазақстанда 1927 жылдан
бастап, байларға арнайы салық енгізілді.
Коллективтендірудің алғышарты болған әкімшіл-әміршіл, күштеу шаралары
Қазақстанда аса қауырт, жедел түрде жүзеге асты. Оған салық саясаты да
жұмылдырылды.
Одақ көлемінде 193031 жылдары кең көлемде жүзеге асқан салықтың
прогрессивті-үдемелі түрі Қазақстанда алғаш рет жаңа салықтық ережелердің
сиясы кетпей жатып, 1928 жылдың басында-ақ, енгізілді. Салық ауқатты
шаруашылықтарды тежеу мақсатын қойғанымен, Қазақстанда бұл мақсат іс
жүзінде оларды күйзеліске ұшыратумен, кәмпескелеумен аяқталды. Салық
саясаты қаржы алу, шаруашылық өнімдерін көптеп тапсырту функцияларын
орындады. Салықтық заңсыздықтар астық, ет дайындаудың жоғары жоспарларымен
ұштасып, тек бай-кулак шаруашылықтарын ғана емес, орташа шаруашылықтарды да
қамтыды. 1928-1930 жылдарда Қазақстанда ірі байлар ғана емес, ауқатты
орташа шаруашылықтардың біраз бөлігі (100 мың) жойылды.
Сөйтіп, 1930-1932жылдары кең көлемде жүзеге асқан отырықшыландыру және
коллективтендіру қарсаңында қазақ шаруашылықтарының дені-кедейлер болып,
аштық пен босқыншылық алғышарттары осылай жасалды.

Рахмет !

Құрметті мемлекеттік емтихан комиссия төрағасы және комиссия мүшелері
менің диплом жұмысым Шоқан Уәлиханов және оның Орталық Азияны зерттеуге
қосқан үлесі-атты тақырыбына арналған.

Биыл көрнекті шығыстанушы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы ғалым Ш.
Уәлихановтың (1835-1865ж.ж.) туғанына 170 жыл толды.
Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бірнеше
ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында өшпес із қалдырған. Ол
түркі халықтарының тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті, этнографиясы
жөніндегі еңбектеріне байланысты ғылымда мәңгілік орын алды. Әсіресе, оның
түрлі саяхаттар кезінде жинаған географиялық мәліметтері – кейінгі ұрпақ
үшін баға жетпес бай мұра. Шоқан Шыңғысұлының Орталық Азия (оның ішінде
Қазақстан да бар) халықтарының тарихын зерттеуге қосқан үлесі төл
тарихнамада едәуір көп айтылады.
Бірнші қазақ ағартушысы және демократы, ғалым, зерттеуші, орыс және
қазақ тағы басқа халықтармен достықты жақтаушы Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлихановқа
әрқашанда ғалымдар мен жазушылар, суретшілер назар аударып, жазып, зерттеп
келген, оның еңбектерінен бір тума бай ой-пікірлерді, оның кең ой-өрісін,
білімін қарастырған. Шоқан Уәлиханов еңбектерінен ғылымның әр саласын
зерттеуші ғалымдар бір тума бай ой-пікірлерді, оның кең ой-өрісін, білімін
қарастырды.
Философиялық, саяси және экономикалық көзқарсы туралы қарастырған
арнайы зерттеулер К. Бейсенбиев және О. Сегiзбаев., С. Булатов, Л. Дюкова ,
М. Елеусiзова еңбектерінде қарастырылады.
Шоқан шығармалары туралы маңызды еңбекті М.Әуезов , А. Марғұлан , Х.
Айдарова , М. Фетисов , Н. Хасанов жазды. Әйткенменде олар Шоқан
Уәлихановтың тарихи көзқарасы туралы толық мағұлат берген жоқ, себебі
тарихи көзқарасы толық зерттелмеген, тек қана бұл зерттеулерде философиялық
құқықтарды, экономикалық және әдеби және сұрақтарға ғана жауап беруші
ретінде қолданылады. Осыған қарамастан Ш.Уәлиханов мұрасын зерттегенде,
оның Қазақстан тарихы мәселелерін, Орта Азия мен Шығыс Түркістан
халықтарының терең тарихын қарастырғанын көреміз.
Сонымен қатар бірінші қазақ демократының қызметінің зерттеу
көзқарастарын, оның тарихи проблемаларын жетілдіру, Қазақстан тарихы, Орта
Азия және Шығыс Түркістан халықтарының қоғамдық даму тарихы заңдылықтарын
ұстаныммен анықтау, нақты және толық қорытындылаған. Уәлиханов өз
зерттеулерінде кішігірім сұрақтарға жауап берумен шектелместен, тарихтың ең
бір өзекті мәслелеріне де назар аударған.
Диплом жұмысы кіріспе, төрт бөлімнен және қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен құралған.
Бірінші тарауда- Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы
тарихи көзқарасы жайында: 1858-1959 жылдары Шоқан өзiн ер жүрек саяхатшы
данқына бөлеген атақты Қашқария саяхатына барып қайтады. [17] Марко Поло
мен иезуит Гоестен кейiн (1603 жылы) бұл елге тұнғыш рет барған адам Шоқан
едi. Еуропаға беймәлiм болып келген бұл елдiң географиясы, тарихы,
мәдениетi және саяси жағдайымен терең танысып, Шоқан Уәлиханов Шығыс
Түркiстанды ғылыми жолмен зерттеудiң бастамасын жасады.
Ғылым жүзiнде мүлдем белгiсiз болып келген, мәдениетi бай Қашқариядай
елдi зерттеудiң маңызы өте зор едi. Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапар
шегуiне себепкер болған ең алдымен ұлы географ Семенов-Тяньшанский едi.
Семенов-Тяньшанский Г.Х.Гасфортқа: (Генерал-губернатордың қарамағында
iстейтiн офицерлердiң iшiнде Қашқарға қырғыздардың ұлттық киiмiн кигiзiп
жiберген күнде өзiнiң бiлiмi мен дарындылығы арқасында, жалғыз Қашқар емес,
бүкiл Алтышаһардың бүгiнгi жағдайы жөнiнде Россия үшiн аса бағалы
мәлiметтер жинап және сол кездегi Қытай Түркiстанда болып жатқан
бүлiктердiң себептерiн анықтап, дұрыс түсiнiк бере алатын бiрден бiр офицер
тек қана Уәлиханов( ( деп атап көрсетедi [18].
1858 жылдың жазында татар саудагерінің киімін киген Шоқан ұзақ жолға
жолай керуенмен атанады. Ш.Уәлиханов өз күнделігін жол бойы яғни керуенге
қосылған Әлімбай атанған күнінен, Карамол шатқалынан бастап 2 қазан 1858
жылы Қашқарияға жеткенге дейін жазып отырды. Бұл күнделік Ыстықкөлден -
Қашқарға дейінгі жолды баяндайтын өзінің ғылыми құндылығымен қымбат құжат.
Венюков М.В., Проценко., Захаров., Голубев және тағы басқалардың
зерттеулеріне дейінгі бұл жалғыз ғана зерттеу болып табылады.
Келген күнінен бастап Шоқан Қашқария тарихымен танысып, бұл өлке
туралы нақты мәліметтер жинауға әсіресе, Кіші Бұхарияның саяси жағдайы
туралы жиған мәліметтерін барлық деректер арқылы дұрыстығына көп көңіл
бөледі.
Шоқанның өжеттілігі мен батылдығының арқасында көптен бері белгісіз
болып кеткен белгiлi географ Адольф Шлагинтвейт Қашқариядағы тағдырын
біледі. Көптен берi орнығып, қалыптасқан тәртiп бойынша Қашқарияның қақпасы
ол кезде Еуропа ғалымдары үшiн жабық едi. Уәлиханов сапарының ең басты
нәтижесi (Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу (Кiшi Бухара) провинциясын
шығыстағы алты қаласының жайы туралы( деген күрделi еңбегi болды. Бұл Шығыс
Түркiстан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтiк құрылысы жөнiнде
толық мағлұмат беретiн алғашқы ғылыми еңбек едi. Жаңа материалдарды қамтуы
және мәселенi терең талдауы жағынан Ш.Уәлихановтың еңбегi бiздiң отандық
ғылымызға қосылған үлкен байлық болды және күнi бүгiнге дейiн өзiнiң
маңызын жоғалтқан жоқ.
Екінші тарауда- Ш. Уәлиханов және Ішкі Азия топонимикасы Шоқанның өмір
сүрген уақыты және дүние жүзі бойынша география ғылымының дамуындағы ірі
бетбұрыс кезеңіне сәйкес келеді. Олай дейтініміз, ХІХ ғасыр ортасына дейін
жер шарының картасы негізінен қалыптасқан еді. Бұл кезде барлық материктер
мен мұхиттардың сыртқы нобайы анықталды. Ендігі жерде география
ғалымдарының алдында материктердің ішкі бөліктерін зерттеу міндеті тұрды.
Еуропа елдері мен Ресейдің география қоғамдары Солтүстік Америка мен
Оңтүстік Американың, Африканың, Аустралияның ішкі аудандарына, Сібірге
көптеген экспедициялар жіберіліп жатты. Алайда Жер шарындағы ең ірі Азия
материгінің ішкі бөлігі әлі де зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырды.
Бұл туралы Ш. Уәлиханов Тянь-Шанның және Ыстықкөл алқабының географиялық
очеркі деген еңбегінде былай деп өкініш білдіреді: Географияның соңғы
кездегі орасан зор табыстарына қармастан жанартаулары әлемге әйгілі және
жұмбақ халықтар жайлаған Орталық Азияның шығыс бөлігі немесе Орталық Азия
қыратының нақ өзі қазірге дейін жан баспаған terra incognita (белгісіз
жер.) қалпында қалып отыр
Бұл жөнінде пікірін Жоңғария очерктерінде онан әрі ширата түседі.
Біздің Қоғам (География қоғамы - М.Н.) бойынша жолдамасыз П.П Семенов, -
деп жазады ол,- Риттердің Erdkunde von Asіen кітабының ІІ томының өзі
жасаған аудармасын бастырып шығарғанда Орталық Азия ішкі Африкадан ешқандай
да артық зерттелмеген деген қорытындыға келеді.
Ішкі Азияның табиғаты мен халқын зерттеу орыс география қоғамы
мүшелерінің үлесіне тиді. Солардың ішінде алғы сапта қазақтың ғұлама ғалымы
Ш. Уәлиханов тұрды. Оның есімі география ғылымының тарихында қазақ даласын,
Орта және Орталық Азияны тұңғыш зерттеушілердің бірі ретінде заңды түрде
аталады. Ол Орталық Азияға әйгілі саяхатшы Н.М. Пржевальскийден 13 жыл
бұрын, Г.Н Потанин мен М.В.Певцовтан 19 жыл бұрын саяхат жасады.
Ш.Уәлихановтың қаламынан туған ғылыми еңбектер ХIХ ғасырдағы батыс
ғалымдарының Ішкі Азия жайындағы шығармаларынан топономикалық мәліметтердің
жиі пайдалануымен озық тұрады. Ғалым өз шығармаларында жер-су атауларының
анықтамасын жергілікті жердің географиялық, тарихи, тілдік-этнографиялық
сипаттамаларының мазмұн мағанасын тереңдете түсу мақстатында шебер
пайдалана білген.
Географиялық атауларға түсініктемелер Шоқанның, әсіресе, жол
жазбаларында көптеп кездеседі. Мәселен: Тянь-Шань арқылы Ыстықкөлге
сапарында ғана 25 атауға түсініктеме береді. Тянь-Шаньнан Қашқарға асу
жолында Чахрқорым, Күбіргенті, Геджеге сияқты тек орыс оқырманы ғана емес,
жергілікті халықтың өзі де түсіне бермейтін көптеген атаулардың сырын ашып
береді.
Шоқанның Ішкі Азияға саяхаттары кезінде қамтыған аумағының ауқымдылығы
оның түсініктеме беріп, талдау жасаған тарихи және географиялық атауларының
тек сан жағынан ғана емес, тілі жөнінен де сан алуандығына себеп болған.
Оның еңбектерінде қазақ, қырғыз және басқа түркі халықтарымен қатар монғол,
қалмақ, қытай тілдеріндегі атаулардың түсініктемелері де көптеп кездеседі.
Ш.Уәлиханов – қазақ жерінде кездесетін монғол, қалмақ, қытай атауларына
тұңғыш ғылыми тұрғыдан түсініктеме берген ғалым.
Шоқан Уәлихановқа Қытай және моңғол атауларының мәнін анықтау Тянь-
Шаньның географиялық құрылысын ғылыми негізінде талдауға мүмкіндік береді.
Тань-Шань - Тәңірі тау, Куэн-Лунь – Жуалы тау, Бэй-Шань – Ақ тау, Сюэ-Шань
– Қарлы тау, Бинь-Шань – Мұзды тау, Фу-шу-шань – Ұзақ өмір тауы, Хуан-хэ –
Сары өзен, Янцзы цзянь – Көк өзен, Лоб-Нор – Жұлдыз теңізі, Үрімші – Күл
шұқыр және тағы да басқа түсініктемелер, Ішкі Азия туралы географиялық
мағлұматтарды толықтыра түскен.
Үшінші тарауда- Ш. Уәлиханов ХІХғ. бірінші жартысындағы ОртаАзия
халықтарының саяси-экономикалық өмірі туралы: Мен бұл халықтың (қазақтар)
Жошы ұлысы құлағанан кейін ХIV ғасырдан ерте емес кезеңде қалыптасқанына
сенімдімін,-дейді, бұған қоса Уәлиханов дала тайпаларының қасындағы өзара
әрекеттестік туралы айта келіп Олардың одағына өзінше дербес ғұмыр силаған
алғашы қазақтан батырлардың тікелей мұрагерлері болып көне монғолдықтар
заңынан сүйенген. Кіші Ордалықтар саналады. Олар қазақтардың арасында күні
бүгінге дейін күш-қуат пен маңызға ие, өйткені ата-анасының мүлігіне, зат
бұйымдарына мұрагерлік құқығына кіші ұл – кенже ие, - деп жазады. Жас
өспірім шағындағы профессор И.Н. Березинге хатында айтқан бұл пікірін
Қазақ шежіресің еңбегінде дамытып, айқындай түскен. Қазақтардың нағыз
және шын мәніндегі күшеюі алтын және Шағатай ордаларында күрделі де қауіпті
бұлғақтар басталған ХV ғасырға тиеселі дейді ғалым.
Шоқанның қазақтар туралы ой толғауларынан да айқын көрінеді. Кейбір
Батыс Европадағы ғалымдардың қазақтар туралы тұрпайы, мал сияқты
жабайылар дейтін ұғымына қарсы Шоқан қазақтардың керісінше, тәрбиелі,
зерек ойлы, өз қадарынша мәдениетті екендігін дәлелдейді. Патшалық
Россияның қол астына қараған түркі халықтарының ішіндегі саны жағынан ең
көбі және мәдени дамуға ең бейімі қазақтар екендігін атай келіп Шоқан:
Түптеп келгенде біздің халқымыз орыс қоғамының ойлайтынындай тағы, дөрекі
емес. Бұл неғылған қырғыз-қайсақ әдеті! Әлде қандай қырғыз-қайсақ жасаса
кешіруге болар еді, - деген сөздерді өте жиі естіп те, оқып та жүрміз.
Намысымызға тиетін осы тәрізді сөз айтылғанда, біздің халықты қырғыз-қайсақ
дәйтіні, ал мадақтаған кезде жәй қырғыз немесе қайсақ дейтіні мұндай жақсы
болар ма. Осыдан туындайтын ой-бізді жабайы, дөрекі деген пікірдің өзі
сайып келгенде, қырғыз-қайсақ сөзінің тағылығына, тұрпайылығына негізделіп
отыр. Шынтуайтқа келсек, қазақ халқы ең бейбітшілікті сүйгіш халықтардың
бірі, олай болса орыс патшалығы бұратана халықтарының жабайылауының
қатарына жатады, - дейді. [44]
Шоқан қазақтардың зерделі, поэзияға бейім, адамгершілік қағидалары қанына
сінген, суырып салма ақындардың көп шығатын ортасы екендігін тәптіштей
келіп, бұл ерекшеліктің шығу тегін көшпелі өмір салтымен, өндірістің
көшпелі салтымен тікелей байланыстырады
Төртінші тарауда- Ш. Уәлиханов Қырғызстанның кейбір әлеуметтік-
экономикалық және мәдени өмірі туралы жазылған. 1856 жылдың көктемінде
болашақтағы шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтуылы оқиға
болды. Ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.П. Семенов Тянь-Шаньскиймен
танысты. Ш. Уәлихановтың П.П. Семенов Тянь-Шаньскиймен танысып араласуы
оның өмірінен ерекше орын алды. Мұның өзі оның бүкіл ғылыми қызметіне
едәуір дәрежеде бағдар беріп, жол сілтеді. Сол жылы Ш. Уәлиханов екі
экспедицияға қатысты - біреуі Орталық Тянь–Шань арқылы Алакөлден-
Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар.
1856-1857 жылдың қысында ол экспедицияларда жинақталған этнографиялық
материалдарын өңдеумен айналысты, сондай-ақ ертедегі қазақтар тарихынан
қызықты, бұрын беймәлім болып келеген деректерді іздеп табу мақсатымен Омбы
мұрағатында болды.
1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді. Онда
көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып,
оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге
мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны
Манасты зор ынта ықыласпен жазып алғандығы жайында айтылады.

Қорыта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наполеон бонапарт өмірі
Термидорлық Конвенттің соғыстары
Наполеонның өмір баяны
Напалеон Бонапарт өмірбаяны
Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Наполеон Бонапарт
Фашистік режимді қолдағандар
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Наполеонның азаматтық қылмыстық кодексі
Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
Пәндер