29. 04. 10. Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын басынан кешіргені белгілі. Қазақ даласында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе асып түседі. Сондықтан еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы көрегендік болатын.Өткенде АҚШ-та өткен жаһандық саммит барысында Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша көшбасшы ел, ал Елбасы қауіпсіздік мәселесінде үлгі алатын лидер болып танылғаны да соның айқын дәлелі. Ал енді жарты ғасырға таяу уақыт Қазақстанды дүр сілкіндіріп, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген ядролық сынақтар қалай басталып еді?«САТАНАНЫҢ» СЫРЫН АШҚАН СУПЕРШПИОН1956 жылы қазақтың елсіз жатқан мидай даласында Арқалық қаласының іргетасы қаланғанда, нақ осы құла түзге не себепті Кеңес одағы «жастар қаласын» салуға ынтық болып, оны Бүкілодақтық екпінді құрылыс ретінде жариялағанын саусақпен санарлық қана адам білетін. Түпкі арам ойын түбегейлі жасыру үшін Кеңес Одағы коммунистік ұранның аясында лениншіл комсомолдарды қызыл империяның түкпір-түкпірінен айдалаға әдейі топтастырды. Сөйтіп, Құдайдың өзі есінен тарс шығарып алған ұшы-қиырсыз Торғай даласының қақ орталығына өзінің ең басты ядролық клиникасын орналастырды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Державинск поселкесіне баллистикалық зымырандарды ататын алып шахталар мен Батыс «Ібіліс» («Сатана») деп атап кеткен СС 18 зымыранының 52-сі орналастырылды. Салмағы - 7, 5 тонна, ұзындығы - 34 метр, жуандығы - 3 метр, ұшу қашықтығы - 12 мың шақырым болатын бұл зымыран кезінде өз класындағы алапат жойқындығымен Гиннестің рекордтар кітабына енген. Арқалыққа коммунизмнің кірпішін қалауға келген мыңдаған қарапайым кеңес адамдарының қатарында қойдан жуас қоңыр күймен нағыз тірі жансыздар жүргенін КСРО тарқағаннан кейін ғана барып білдік. Батыстың құпия барлау орындарының агенттері өлген сәбилердің туу туралы куәлігін сатып алып, қазақ даласында қарапайым кеңес адамының кебін киіп жүріпті. Батыстың арнайы қызмет орындарына өз ішіміздегі адамдар да көмектескен. Мәселен, 1961 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының Бас барлау басқармасының полковнигі Олег Владимирович Пеньковский (1919 - 1963) АҚШ және Британ барлау қызметімен ауыз жаласып, Кеңес Армиясының ракета саласындағы барлық құнды құпиясын, оның ішінде Арқалықтағы «аждаһалар» жайын жайып салды. 1962 жылы оны КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тұтқындап, 1963 жылдың мамыр айының 7-сі күні КСРО Жоғарғы Соты үкім шығарды. Сөйтіп, коммунизмге өлердей жаны қас Пеньковский Мәскеуде ату жазасына кесіліп, үкім сол сәтте орындалды. Ал онымен байланыстағы ағылшын Гревил Винн жеті жылға сотталып, кейіннен Батыс тұтқынындағы кеңес барлаушысымен алмастырылды.ҚАҺАРЛЫ ҚАРУДАН ҚҰТЫЛУ ОҢАЙ БОЛҒАН ЖОҚ НЕМЕСЕ РАКЕТАШЫЛАР ҚАЛАСЫ ҚАНДАЙ КҮЙДЕ БОЛДЫ?Жарылыстан пайда болған бұлт үш шақырымға көтерілді. Ауаға бірнеше мың тонна топырақ пен жүздеген тонна ракета отынының улы заттары көтерілді. 60 шақырым радиуста әуе толқыны жүріп, 3, 5 балдық жер сілкінуі жарылыс болған жерден 50 шақырымға дейін сезілді. Бұл - 1988 жылы 28 тамызда Капустин Ярда АҚШ пен КСРО-ның ядролық қаруды жою жөніндегі алғашқы келісімінің нәтижесі болатын. КСРО-ның өзіне өлермендікпен жинаған әрі кеңестік бюджеттің қалтасын тақырлай жаздаған қаһарлы қаруынан құтылуы оңайға түскен жоқ. Қазақстан аумағында құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық, жаппай қырып-жоюға арналған ядролық стратегиялық күштер кешені, сондай-ақ 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары, сонымен қатар 27 стратегиялық ТУ-95 МС 6 ауыр бомбалаушы ұшақ, ТУ-95 МС 16 атты қанатты зымыранмен жарақтанған 13 ұшақ сақадай сай тұрды. Сонымен қатар елімізде өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды. Еліміздің АҚШ-пен 1993 жылы 13 желтоқсанда жасаған келісіміне сәйкес, 1995-1996 жылдары Қазақстанда Державинск, Жаңғызтөбе, Ленинск пен Семей сынақ полигонында орналасқан құрлықаралық ракетаға арналған 137 шахта мен ядролық қару сақталған қоймалар жойылды. 1996 жылы тамыз айының соңғы күндері Ақмола облысы, Державинск ауданының «Львовский» совхозында орналасқан ядролық шахтаны жарғанда, аспанда қап-қара бұлт пайда болып, бірнеше күннен кейін Державинск тұрғындарының көбісінің шашы түсіп қалған және өздерін өте ауыр сезінген. Көп ұзамай, жауған жаңбыр астында болған бірнеше баланың шашы түгел сыпырылып, таз күйінде аудандық ауруханаға түскен. Екі бала бауыр ауруынан өлген. Жалпы, еліміздегі ракеташылар қаласындағы ахуал, шын мәнінде, қандай күйде еді? Міне, мынау Қазақстандағы ракеташылардың әскери қалашығында ұзақ жылдар бойы балалар дәрігері болып істеген Л. С. Мартынецтің Ресей Ғылым академиясы жанындағы Әлеуметтану институтына берген мәліметінен: «Мен 1974 жылдан бері ракеташылар тұратын әскери қалашықтарда еңбек етіп келемін. Осы дәрігерлік ұзақ мерзім ішінде мынадай шешімге келдім: ракеташылардың балалары арасында ауру-сырқау өте жоғары деңгейде, олардың ішінде толықтай бірде-бір сау бала жоқ. Қазақстанның Торғай облысы, Державинск қаласындағы балалардың арасында қаназдық, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты аурулар асқынып тұр. Ракеташылардың әйелдері көбіне-көп екінші баласын туа алмайды. Жаңғызтөбеде сәбилер бас сүйегінің жарығымен туылады. Әйелдер арасында мерзімінен бұрын босану, түсік тастау, бірінші баладан кейін құрсақ көтермеу өте көп. Сарапшылар мұны құрамында адам денсаулығына өте қауіпті гептил бар ракеталық отынның қалдығынан көреді. Ракеташылар қалашығындағы балалар мен әйелдер арасындағы ауруды 40 жыл бойы азаматтық және әскери медицина жасырып келе жатыр. Бұл мәселе әлі күнге әскери құпия болып қалуда. Мәселен, Державинск қаласы Семей полигонынан, Қарағанды, Өскемен металлургия комбинатынан, Байқоңырдан қашықта, олармен салыстырғанда, экологиялық жағынан әлдеқайда таза жерде орналасқан. Мұндағы 1200 пәтерлік 34 көпқабатты үй, алты сауна, үш мәдениет үйі, жабық футбол алаңы, спорт залдар, бассейн - бәрі олимпиадалық деңгейде салынған. Ракеташылар арнайы рационмен - қымыз, түрлі витаминге бай жеміс-жидектің неше түрімен қамтамасыз етілген. Дәл осындай жағдаймен басқа жерде ракеташылардың әйелдері кілең батырлар туған болар еді. Ал мұнда басында шашы жоқ, әлсіз, ауру балалар тууда. Әйелдер арасында онкологиялық аурулар көп».ӘЛІБЕКОВ АШҚАН ШЫНДЫҚ50-жылдары АҚШ-тың бактерологиялық қару қолдануынан қорқып, одан сақтану үшін Кеңес Одағының барлық халқы жұқпалы ішек аурулары мен ботулизмге қарсы егілгенін көне көздер жақсы біледі. Ал КСРО-дағы бактерологиялық қаруды сынау жұмыстары Возрождение аралында жүргізілгені белгілі. 1992 жылға дейін АҚШ КСРО-ның Орта Азияда ірі көлемде антракс жасап келгенін білмеген-ді. 1992 жылы кеңестік биологиялық қару өндірісі жетекшілерінің бірі, аталған салада әлемдік деңгейдегі оқымысты саналатын микробиолог, полковник шенді Қанатжан Әлібеков АҚШ-қа қашып кетті (Оның қашуына батыстық арнайы қызмет орындары ықпал еткен делінеді) . Ол ЦРУ қызметкерлеріне КСРО-ның гүлденіп тұрған кезінде биологиялық қару сақталған орында сібір жарасының ауаға таралуынан 1979 жылдың сәуір айында Свердловскіде 66 адам (тек қана ресми мәлімет бойынша) өлгенін, биологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық декларацияға қол қойса да, осы қару өндірісі жалғасып жатқанын айтып, барлық құпияны қопара ашып берді. Кеңес Одағы адамзатты жаппай қырып- жоятын вирус пен бактерия өндірісін екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен қолға алған көрінеді. КСРО-ға тарыдай шашылған жүзден аса жасырын объектілерде биологиялық қару жасауға 60 мың маман тартылыпты. Қанатжан Әлібековтiң айтуынша, КСРО-да жыл сайын, мәселен, 4500 тонна аса қауіпті антракс өндіруге мүмкіндік болған. Қазақстандағы Степногорск қаласындағы зауыт жарты тонна антраксті бір тәулікте-ақ өндірген. Бүгінде Қанатжан Әлібеков (Кен Әлібек) АҚШ азаматтығын алған, сонда университет профессоры және АҚШ-тың биоқорғаныс жөніндегі ұлттық орталығында жұмыс істейді. Өзінің ата мекені - Қазақстанға келіп тұрады. Қанатжанның айтуынша, ол өзі - базбіреулер ойлағандай сатқын емес, қайта шындықты бірінші болып ашып, миллиондаған адамды биологиялық қарудың апатынан сақтап қалған адам. Білетіндердің айтуынша, ядролық қаруға қарағанда, биологиялық қарудың әкелер апаты - алапат сұмдық. Сарапшылардың есептеуінше, егер биологиялық қарумен террорлық шабуыл жасалса, АҚШ одан қорғану үшін апта сайын 177 миллиард доллар жоғалтады екен.:
29. 04. 10. Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын басынан кешіргені белгілі. Қазақ даласында 456 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе асып түседі. Сондықтан еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы көрегендік болатын.
Өткенде АҚШ-та өткен жаһандық саммит барысында Қазақстан ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша көшбасшы ел, ал Елбасы қауіпсіздік мәселесінде үлгі алатын лидер болып танылғаны да соның айқын дәлелі. Ал енді жарты ғасырға таяу уақыт Қазақстанды дүр сілкіндіріп, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген ядролық сынақтар қалай басталып еді?«САТАНАНЫҢ» СЫРЫН АШҚАН СУПЕРШПИОН1956 жылы қазақтың елсіз жатқан мидай даласында Арқалық қаласының іргетасы қаланғанда, нақ осы құла түзге не себепті Кеңес одағы «жастар қаласын» салуға ынтық болып, оны Бүкілодақтық екпінді құрылыс ретінде жариялағанын саусақпен санарлық қана адам білетін. Түпкі арам ойын түбегейлі жасыру үшін Кеңес Одағы коммунистік ұранның аясында лениншіл комсомолдарды қызыл империяның түкпір-түкпірінен айдалаға әдейі топтастырды. Сөйтіп, Құдайдың өзі есінен тарс шығарып алған ұшы-қиырсыз Торғай даласының қақ орталығына өзінің ең басты ядролық клиникасын орналастырды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Державинск поселкесіне баллистикалық зымырандарды ататын алып шахталар мен Батыс «Ібіліс» («Сатана») деп атап кеткен СС 18 зымыранының 52-сі орналастырылды. Салмағы - 7, 5 тонна, ұзындығы - 34 метр, жуандығы - 3 метр, ұшу қашықтығы - 12 мың шақырым болатын бұл зымыран кезінде өз класындағы алапат жойқындығымен Гиннестің рекордтар кітабына енген. Арқалыққа коммунизмнің кірпішін қалауға келген мыңдаған қарапайым кеңес адамдарының қатарында қойдан жуас қоңыр күймен нағыз тірі жансыздар жүргенін КСРО тарқағаннан кейін ғана барып білдік. Батыстың құпия барлау орындарының агенттері өлген сәбилердің туу туралы куәлігін сатып алып, қазақ даласында қарапайым кеңес адамының кебін киіп жүріпті. Батыстың арнайы қызмет орындарына өз ішіміздегі адамдар да көмектескен. Мәселен, 1961 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының Бас барлау басқармасының полковнигі Олег Владимирович Пеньковский (1919 - 1963) АҚШ және Британ барлау қызметімен ауыз жаласып, Кеңес Армиясының ракета саласындағы барлық құнды құпиясын, оның ішінде Арқалықтағы «аждаһалар» жайын жайып салды. 1962 жылы оны КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тұтқындап, 1963 жылдың мамыр айының 7-сі күні КСРО Жоғарғы Соты үкім шығарды. Сөйтіп, коммунизмге өлердей жаны қас Пеньковский Мәскеуде ату жазасына кесіліп, үкім сол сәтте орындалды. Ал онымен байланыстағы ағылшын Гревил Винн жеті жылға сотталып, кейіннен Батыс тұтқынындағы кеңес барлаушысымен алмастырылды.
ҚАҺАРЛЫ ҚАРУДАН ҚҰТЫЛУ ОҢАЙ БОЛҒАН ЖОҚ НЕМЕСЕ РАКЕТАШЫЛАР ҚАЛАСЫ ҚАНДАЙ КҮЙДЕ БОЛДЫ?Жарылыстан пайда болған бұлт үш шақырымға көтерілді. Ауаға бірнеше мың тонна топырақ пен жүздеген тонна ракета отынының улы заттары көтерілді. 60 шақырым радиуста әуе толқыны жүріп, 3, 5 балдық жер сілкінуі жарылыс болған жерден 50 шақырымға дейін сезілді. Бұл - 1988 жылы 28 тамызда Капустин Ярда АҚШ пен КСРО-ның ядролық қаруды жою жөніндегі алғашқы келісімінің нәтижесі болатын. КСРО-ның өзіне өлермендікпен жинаған әрі кеңестік бюджеттің қалтасын тақырлай жаздаған қаһарлы қаруынан құтылуы оңайға түскен жоқ. Қазақстан аумағында құрлықаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық, жаппай қырып-жоюға арналған ядролық стратегиялық күштер кешені, сондай-ақ 1400 ядролық оқтұмсықты стратегиялық 104 Р-36М зымырандары, сонымен қатар 27 стратегиялық ТУ-95 МС 6 ауыр бомбалаушы ұшақ, ТУ-95 МС 16 атты қанатты зымыранмен жарақтанған 13 ұшақ сақадай сай тұрды. Сонымен қатар елімізде өз ядролық қаруын жасауға қажетті барлық ғылыми-зерттеу, өндіру және өндіріс инфрақұрылымы болды. Еліміздің АҚШ-пен 1993 жылы 13 желтоқсанда жасаған келісіміне сәйкес, 1995-1996 жылдары Қазақстанда Державинск, Жаңғызтөбе, Ленинск пен Семей сынақ полигонында орналасқан құрлықаралық ракетаға арналған 137 шахта мен ядролық қару сақталған қоймалар жойылды. 1996 жылы тамыз айының соңғы күндері Ақмола облысы, Державинск ауданының «Львовский» совхозында орналасқан ядролық шахтаны жарғанда, аспанда қап-қара бұлт пайда болып, бірнеше күннен кейін Державинск тұрғындарының көбісінің шашы түсіп қалған және өздерін өте ауыр сезінген. Көп ұзамай, жауған жаңбыр астында болған бірнеше баланың шашы түгел сыпырылып, таз күйінде аудандық ауруханаға түскен. Екі бала бауыр ауруынан өлген. Жалпы, еліміздегі ракеташылар қаласындағы ахуал, шын мәнінде, қандай күйде еді? Міне, мынау Қазақстандағы ракеташылардың әскери қалашығында ұзақ жылдар бойы балалар дәрігері болып істеген Л. С. Мартынецтің Ресей Ғылым академиясы жанындағы Әлеуметтану институтына берген мәліметінен: «Мен 1974 жылдан бері ракеташылар тұратын әскери қалашықтарда еңбек етіп келемін. Осы дәрігерлік ұзақ мерзім ішінде мынадай шешімге келдім: ракеташылардың балалары арасында ауру-сырқау өте жоғары деңгейде, олардың ішінде толықтай бірде-бір