ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысының және оған қарсы орын алған наразылықтарды бүгінгі күннің талабына сай зерделеу


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Ресейге ғасырлар бойы тәуелді, өòêåí ғàñûðäà 70 æûëäàí àñòàì уақыт бойы алдымен сталиндік жосықсыздықтардың, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің тоқырау ахуалы мен психологиясының шырмауында болып келді. Республикада экономика мен саясатта орын алған үстірт өзгерістер ақырында тұйыққа тіреліп дағдарыс жағдайына алып келді. әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде жүргізілген реформалар қиратып-бүлдіруші сипатта, сонымен қатар орасан зор есепсіз қаржы талап ететін ауқымды мазмұнда іс-жүзіне асырылды. Бұл кезеңде Кеңес үкіметінің әкімшілік бюрократиялық тәсілі жаппай үстемдік құрды және сонымен қатар бұл қоғамда өмір, уақыт талап еткен нарықтық қатынастарды тиімсіздікке, жоққа шығаратын концептуальды теория басты орын алды. Сондықтан 70-80 жылдары ел экономикасындағы дағдарыс нақты көрініп, терең орнықты. Мұндай экономика саласындағы дағдарыс халықтың тұрмыс, халінің төмендеуіне, ауыр жағдайға әкеліп соқтырды.
Өкінішке орай Кеңес дәуірінде қоғамның барлық саласында орын алған жоғарыда көрсетілген келеңсіз жағдайларды ғылыми талаптарға сәйкес объективті талдайтын, күрделі еңбектер мен аталмыш кемшіліктердің шынайы себептерін көрсететін батыл ой пікір болмады, біржақты коммунистік саясат үстемдігі бұған мүмкіндік бермеді. Ол кезде шынайы тарихи принциптер негізіндегі зерттеулерден сыни талдау жасайтын ғылыми шығармаøылықты талап ету, Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңінде мүмкін еместі.
Бұл әкімшіл-әміршіл жүйенің жүргізіп отырған саясатын сынау, ол жылдары коммунистік идеологияның өзін және «кемелденген социализмнің» жетістіктерін жоққа шығару ретінде қабылданатын, ал мұндай әрекетке барғандар батыл қудаланатын еді.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген мәселелерді қазіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Осыған байланысты көрнекті тарихшы Т. Омарбековтың мынадай сөздерін келтіруді жөн санаймын: «Тарих тағылымы мынаны үйретеді: кез-келген мәдениетті халық өзінің ұлттық тәуелсіздігін алып, басқа мемелекеттің саяси ықпалынан босанған сәтте бұрын отаршылдық бұғауында бұрмаланған тарихын қайта қарауға және ұлт тарихының назардан тыс қалған мәселелерін толық қамтып жазу мәселесін жедел қолға алуға ұмтылады» /1/.
Жоғарыдағы себептерге байланысты Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы 1970-1980 жылдар аралығыныдағы әкімшіл-әміршіл жүйенің дағдарысын қайта қарап, бүгінгі жаңа методология тұрғысынан талдаудың маңызы зор. Сондықтан біз бұл тақырыпты зерттеу нысаны етіп таңдап, шамамыз келгенше сол кездегі белең алған құйтырқы саясаттың мән-жайын ашып көрсетуге тырыстық.
Тоталитарлық идеологияның шектеулі ойлау жүйесі Қазақстанның ұлан-ғасыр даласын тек жаппай қырып-жойғыш қарудың ғана емес, халық шаруашылығында, ауыл шаруашылығында жүргізілген әртүрлі әлеуметтік эксперименттердің де сынақ алаңына айналдырып бақты. Осы тарихты зерттеп, қайсыбір өмір шындығын жазғандар әділетсіз жазаланды, ал шамадан тыс билікті шоғырландырған орталықты шексіз мадақтағандарды «су бетіне қалқып шықты», қоғам олардың «еңбектерін» марапаттады. Тоталитаризмнің қасіретіне өкпе айту артық. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиналыста жасаған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев тарих тағылымдары және қазіргі заман жайында былай деді: «Социалистік утопияны жүзеге асырамыз деп әлектенген большевиктік эксперимент қазақ халқын неше бір қасіретті, қан құйлы кезеңдерге душар еткені мәлім. Бірақ ол күндерді ұмыту дегеніміз қанды режимнің миллиондаған құрбандарының әруағын қорлау деген сөз» /2/.
Қаласақ та қаламасақ та бұл да біздің өзіміздің төл тарихымыз. Тарихымыздың осындай қайшылықты процесстерге толы ауыр кезеңдерін де зерттеуге міндеттіміз. Мұның өзі бізге тарихи сабақтар беріп қана қоймай, сонымен қатар біздерді болашақта осы тәрізді солақай қателіктерден сақтандырады. Сондықтан да біз зерттеу нысаны ретінде алып отырған тақырыптың маңыздылығына күдік тумауы тиіс деген ойдамыз.
Қазақстанның шын тарихын халқымыз 1991 жылдан, тәуелсіздікке қолы жетіп, өз жеріне өзі ие болған кезде ғана біле бастады. Көптеген шындық ақиқат, құпия және халқымыздың тарихын айқындауда ізденіс үстінде жүрген еліміздің белгілі ғалымдарының зерттеулері арқасында қазақ халқының кеңестік дәуірде басынан кешірген нәубат, сан-алуан қиындықтар ашық айтылып жария болуда. Мәселен, зерттеліп отырған кезеңде сөз жүзінде ғана орталықпен сол кезде терезесі тең, туысқан аталып келген республикалар арасындағы қарым-қатынастардың «көлеңке» тұстары бүркемеленіп, кейінгілердің отарлық тәуелділігі ешқашан айтылмағаны шындық /3/.
Олар барлық салада, әсіресе саясатта Москвадағы орталыққа тәуелді болды, біртұтас империяның әкімшіл-аумақтық бөлігіне айналды. Қоғамдағы барша - тірлік - басқару, әлеуметтік-саяси саладағы жалпы билік шын мәнінде КОКП Орталық Комитетінің «ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында» еді /4/. Кадрлар, негізінен, партиялық номенклатурада болды. Оларды орналастырудың бүкіл тетігі Мәскеудегі орталық партиялық және атқару органдарының қолына шоғырланды.
Республиканың басшы кадрлары - ең жоғары деңгейдегілерінен бастап, облыстар басшыларына дейінгілердің баршасының тағдыры орталықта шешіліп отырды /5/. Қозыбаев М. Тоталитарлық жүйе қылмысы: «Әділет» тарихи ағарту қоғамының президенті мен аталмыш қоғамның саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысында атқарып жатқан игілікті істері жайлы сұхбат (әңг. А. Мусаев) /6/.
Сол кезеңдегі өрескел кемшіліктерге көзге көрініп тұрғандықтан олар арнайы партия отырыстарында айтылып та жүрді. Бұған өмірдің талабы мәжбүр етті. Мәселен, КОКП ОК 1985 жылғы сәуір Пленумында партия қол жеткен жетістіктерді бағалай отырып саяси және практикалық іс-әрекеттердегі кемшіліктер туралы экономика мен әлеуметтік, рухани салалардағы келеңсіз жағдайлар жайында, талдау жасап, ұнамсыз құбылыстардың себептерін халыққа ашып берді /7/. Өктемдік және басқару жүйесінде авторитарлық бюрократиялық тәсіл үстемдік құрды. Партиялық-мемлекеттік бюрократияның саяси озбырлығы, демократия мен жариялылыққа төзбеушілік, идеологиялық өктемдік халықтың жасампаз күш-жігеріне тұсау болды. Сөйтіп іс жүзінде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм үстемдік құрды.
60-жылдардағы реформалар, 70-80 жылдар белгіленген әлеуметтік сипаттағы шараларды жүзеге асыру саяси құрылымдардағы қайта құрумен қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына кең жол ашумен қатар жүргізілмеді. Сондықтан да олар сәтсіздікке ұшырады. Жаңа жағдайда, қоғамдық өмірдің барлық салаларының бір-бірімен тығыз байланыста болуына орай қайта құрудың кешенді сипаты туралы, саясат пен экономиканың бірлігі жөніндегі мәселе ерекше маңызға ие болды. Алайда партия съездер шешімдері кешенді сипатта болмағандықтан экономикалық базисті қамтыған саяси қондырғыларды өзгерістер қамтымай қалды.
Жоғарыда атап айтып кеткендей саяси-әлеуметтік әділетсіздік халық бұқарасы тарапынан наразылық - бүлік шығуына басты себепші болды және ол негізгі факторға айналды.
Сонымен, социализмнің концептуалдық моделі уақыт сынынан өте алмады. Комунистік партия коммунизм орнатуға бағытталған бағдарламасын және саясатын қаншалықты күш жұмсап қажырлы жұмыс жүргізсе де өмір өз заңдылығын көрсетіп берді.
Сол себептен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысын және оған қарсы қоғамда орын алған наразылықты объективті зерттеу бүгінгі Отандық тарихта ең бір өзекті тақырып болып табылады.
Зерттеу жұымысынң мақсаты мен міндеттері:
Магистрлік диссертациямызда Кеңестік кезеңдегі партия жіне мемлекет органдарының құжаттарында көрсетілген кезеңді зерттеген ғалымдардың, мамандардың еңбектеріне сүйене отырып, 1970-80 жылдар аралығындағы Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысына бүгінгі жаңа методологиялық тарихи көзқараспен талдау жасай отырып, мәселені жан-жақты зерделеп, оның зерттелу деңгейін анықтауды әлі де болса ғылыми тұрғыдан объективті түрде ашылмаған қырларын ашып көрсетуді алдымызға мақсат етіп қойдық.
Бұл мәселені терең зерттеу үшін ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың әлі де қажырлы еңбек етуіне тура келеді.
- тақырыпқа байланысты деректер мен зерттеулерге талдау жасап, оларды салыстыру;
- әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысын қарастыра отырып, баға беру мен қорытындылау;
- тақырыпқа байланысты ой пікір қалыптастыру;
Тақырыптың зерттелу деңгейі: “Социалистік қоғам” жайында жаңа көзқарас қарастырылған көптеген конференцияларда “Кеңестік социализм” моделі туралы көптеген пікір-таластар қайшылыққа түсіп, бір тоқтамға келе алмады. Ең басты проблема кеңес қоғамы социалистік ұғымға сай келмеуінде.
Осының нәтижесінде социалистік идеяны кеңестік қоғамдық даму моделіне қосақтау ешқандай жеміс бермеді. КСРО социализм моделінің тұжырымы уақытқа шыдай алмай, шешілмей оның ескі түрлерін қабылдады. КОКП-ның басты идеясы КСРО-ның еңбекшілері билікті иемденген мемлекет ретінде көрсетті, бірақ бұл алғашқыда өзін марксистер санағандардың қарсылығын тудырды. А. В. Авторханов, М. Джилас, Дж. Боффа тағы басқалар олардың бәрі ақырында бір ойға келді. Кеңестік қоғамда кейін бюрократия деп аталған басшы қауым болды. Ол тапқа жатқызылмады. Бірақ елдің бүкіл билігін өз қолында ұстады. Коммунистік партия билікті ұстау үшін 1977 жылғы КСРО Конституциясы арқылы партияның қазіргі және болашақтағы жетекші орнын бекітті. Мысал ретінде үлкен шешімдер аз ғана тұлғалардың нұсқауымен қабылданды. Мәселен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін кіргізу, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. /8/ Кеңес билігі кезінде Қазақстан үлкен өндірістік және ғылыми жетістіктері болып дамыған көлік жүйесіне ие болды. Алайда Қазақстанды дүниежүзілік мемлекеттермен салыстырғанда “үшінші әлем” елдерімен тең болды. Қазақстанда шикізат өндірісі дамып, артта қалған технологиялар және еңбек өнімділігі төмен ауылшаруашылығы саласымен ерекшеленеді.
Көп ғалымдар Қазақстанның әлеуметтік- территориялық ерекшеліктерін қарастырғанда екі мәселеге назар аударды. Біріншісі, ауыл мен қаланың дамуы. Екіншісі, аймақтық ерекшелік. Бірақ ауыл мен қалалардың өзіндік ерекшеліктері зерттеу объектісінен тысқары қалды. Осылайша КОКП теориялық зертханасынан шыққан ойлар өзінің негізсіздіктерін көрсетті. осындай үлкен жүйенің құлауы әлі де нашар зерттелген маркстік және лениндік көзқарастардың қоғамдық қатынастарды таптық тұрғыда зерттеуі және ұлттардың “жақындасуы мен бірігуі”, “жеке мемлекеттерде” социализмнің құрылуы т. б. ойлары өмір сүруін тоқтатты. Сондықтан да Қазақстан мұраға ие болдғандықтан 1970 жылдың басынан 1990 жылға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы тарихилық ұстанымына сай зерттелуі тиіс. /9/.
Бірінші топқа көп томдық ҚазССР тарихы, Қазақстанның коммунистік партия тарихы очеркі. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл еңбектер партия тарапынан қадағаланды. Әдебиеттер мазмұны идеологиялық тазалықтан өтті. Бұлардың бәрінің кемшіліктері мынада: суреттеу, КСРО өмірінің көп жағын бұрмалап, көрсету. Шектен тыс КОКП мен Кеңестік мемлекеттің орнын тым жоғары бағалау, әсірелеу, әлеуметтік ақпараттарды құпияландыру, дерек қорының таңдамалы түрде алынуы және аз болуы. Алайда ҚазақССР-і тарихының бес томы 1981 жылы шыққандықтан біз зерттеп отырған кезеңді қамтымайды. /10/. Екінші зерттеу топтаманы тақырыптың мақсаты десе болады. Себебі монография не мақала болсын жеке тақырыптарға назар аударды: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық қоғамдық-саяси, аграрлық және т. б. Ең біршама зерттелген Қазақстанның экономикалық дамуы, яғни 70-80 жылдар. Бұл мәселеге Т. Әшімбаев, Я. Әубәкіров, К. Сағадиев, О. Баймұратова, А. Қошанов, Н. Мамыров /11/ т. б. сияқты экономистер мен ғалымдар өз еңбектерін арнады. Сондай-ақ тарихшылар да өз үлесін қосып, Қазақстанның индустриялық дамуының ерекшеліктерін, кезеңдерін А. Сармурзин, С. Жақыпбек зерттеді Аграрлық саладағы зерттеулер Б. А. Тулепбаев, Г. Ф. Дахшлейгер, А. Тұрсынбаев, К. Нүрпейісов /12/ тағы басқалардың еңбектеріне сүйенеді. Қазақстанның қазіргі заман тарихының ақтаңдақтарын ашуда академик ҰҒА корреспондент мүшесі М. Қ. Қозыбаев үлес қосты /13/. әлеуметтік дамудың заңдылықтары мен ағымдарын талдауда қоғамның әлеуметтік бөлінісінің белгілерін табуда жұмысша табының жетекші орнын көрсетуде А. Н. Нүсіпбеков, М. Асылбеков, В. Зорин, М. С. Әженов, М. Тәжиннің еңбектері /14/ көзге түсті. Ауыл халқының шаруалар мәселесін зерттеуде С. Н. Соскин, Т. Б. Балақаев, Т. С. Садықова еңбектерін атауға болады /15/. Тарихи - философиялық талдауға Ш. И. Тастанова /16/ назар аударды. Аталған проблеманы зерттеуге Ресейдің ғалымдары Ю. Бромлей, Л. Абалкин, Л. Дробижев т. б. белгілі үлесін қосты. Осылардың ішінде М. Сужиковтың еңбегін /17/ ерекше атауға болады.
80-90 жылдары Қазақстанның халқы мен ұлттары әлеуметтік-демографиялық белгілеріне сай зерттелген еңбектері шықты. М. Б. Тәтімов, М. Х. Асылбеков, А. Б. Галиев, Ф. Н. Базанова, А. Н. Алексеенко монографияларында Қазақстанның ХХ ғасырының бірінші жартысынан 80 жылдарға дейінгі демографиялық саясат халықтың саясатын аумақиық-салалық орналасуы, ғылыми білімдік мамандық деңгейі, ұлттық, жыныстық, кәсіптік халық құрамының өзгеруі жайында бай фактілік материалдар беріледі. /18/ . Бірінші кезеңнің хронологиялық уақыты 1985 жылдары аяқталады. Екінші кезең 1985 жылы КОКП Орталық комитетінің сәуір пленумынан кейін басталды. 1980 жылдың аяғында партиялық машинаның тұжырымдарынан бас тарту кең таралды. Қазақстанның өркениеттік, азаматтық, құқытық мемлекет ретінде өзгеруіне 1988-1994 жылдардағы Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдарының дағдарыстан шығу жаңа идеологиялық, әлеуметтік саясат жайындағы шыққан ғылыми-теориялық конференциялары әсер етті /19/. Проблеманы зерттеудің үшінші кезеңіне республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаудан басталады. Дағдарыстың себебінен тамырына шолу жасалып, құтылудың жолы іөзестірілді. 1988-1995 жылдар арасында жазылған көп еңбектер, 70 жылдардың басында және кейінгі он жылдықтарда жүрген процестер туралы жаңаша көзқарастарды қалыптастырды. Мәселені терең ойлауға, қарстаыруға Н. Ә. Назарбаевтың көптеген еңбектері мен мақалалары үлкен маңызға ие /20/. Онда қысқа және жалпы Қазақстанның тәуелсіздігін алар кезіндегі өзгерістер КСРО аумағындағы қажетсіз процестердің жүруіне назар аударады. Қосымша бұған өз үлесін 1995 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы президенті жаныдағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес отырысында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымы негізгі белгілерін қосты.
Жалпыодақтық аумақта, оның ішінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму мәселелеріне шетелдік мамандар назар аударады. Жеке топтан шетел мамандары экономистер, саясаткерлер социалистік таңдаудың қарсыластары . Ф. Хайекті социалистік идеяның қателігі туралы ойлары пікірталас тудырады.
Диссертация жұмысының деректік негізі. Қарастырып отырған тақырыпытың негізгі дерек көзін сол кезеңде өмір сүріп, қызмет еткен Қазақстанға белгілі қоғам қайраткерлерінің, атақты саясаткерлердің, ақын-жазушылардың, мәдени қызметкерлерінің еңбектерінен қарастырдық. Қоғам қайраткерлерінің саясат пен мәдениеттің тұтқасынан ұстап, тұрған қазақ зиялыларының кезінде әртүрлі тақырыптарға жазған саяси мақалалары, естеліктері, шығармалары негізінен алғанда осы магистерлік диссертация жұмысын жазу барысында пайдаланылып, тақырыптың мазмұнын ашуға септігін тигізді.
Мәселен, сол заманның куәгерлері болған саяси және қоғам, мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің еңбектері қазіргі күндері көптеп жарық көре бастады. Қазақстандағы 70-80-ші жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысы тарихын зерттеу ісі көп жылдарға созылып келеді. Жаңа мәдениет пен методологияның мәселесі өзінің қалыптасу кезеңінде, барлық сөз жарыстардың, принципті түрдегі тартыстардың кескілескен күрестердің құрамына айналды. дәл осы кезеңдегі отыз жылдан аса қазақ елін басқарған, оның ішінде 20 жыл КОКП Саяси Бюросының құрамында болып, дүниежүзілік ұлы державаның бірі - Кеңестер Одағына басшылықты тең атқарысып, мәшһүр болған көрнекті саяси қайраткер, халқына қызмет еткен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бұл күндері еңбектері жарық көрді /21/ . Бұл еңбектерінде көрнекті мемлекет қайраткерлерінің ғылыми мақалалары әртүрлі жиындарда сөйлеген сөздері жарияланған. сонымен қатар, Д. А. Қонаевтың мемлекеттік, саяси және ғылыми қайраткерлігін ашып көрсететін жекелеген авторлардың да зерттеулері жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды /22/. Осындай еңбектердің бірі Америкадағы Колгейт университетінің докторы, саяси ғылымдардың профессоры Марта Брилл Олкот Қонаев жайында алғашқылардың бірі болып бай мұрағаттың құжаттарға сүйене отырып Д. А. Қонаевтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызмет туралы сөз қозғай отырып, Қазақстанның сол кезеңдегі саяси даму жолдарына қатыстыжайлардан көп хабардар етеді /23/. Бұл мәселелерге басқа да авторлардың еңбегімен қоса арнаулы тарауда тоқталамыз.
Сондай-ақ Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы шығып қудаланып, сотталған азаматтардың бірі Хасен Қожа-Ахметтің қайғылы тағдырын айқындайтын құжаттар зерттеуімізде дерек көзі ретінде қарастырылды. Сонымен қатар осы кезеңдерде Кеңес өкіметіне қарсы шықты деп қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тағдыры жайлы газет беттеріне жарияланған ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мақалалары қамтылды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Тақырыптың өзіндік ерекшелігіне байланысты ұлт мәселесіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуда орын алған келеңсіз құбылыстарды толық ашу үшін 50-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтыйды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Тақырыптың өзіндік ерекшелігіне байланысты ұлт мәселесіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуда орын алған келеңсіз құбылыстарды толық ашу үшін 50-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтыйды.
Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысының және оған қарсы орын алған наразылықтарды бүгінгі күннің талабына сай зерделеп, оның әлі де болса ғылыми тұрғыдан объективті түрде ашылмаған қырлары мен сырларын ашып көрсетуге қол жеткізген.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша бірінші мақала Гуманитарлық ғылымдар Академиясының Хабаршысы ғылыми журналында /№1 (11) - 2005/ «ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі теріс құбылыстар» атты тақырыпта жарияланды. Диссертациялық жұмыс Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында даярланып, мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғауға ұсынылады.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негіздері:
Зерттеу жұмысында мәселеге коммунистік идеология көзімен қараудан бас тарттық. Ресми деректер қатарында партиялық органдар құжаттары сын көзбен, тәуелсіз мемлекет мүддесі тұрғысынан сарапталып, тарихи-салыстыру әдісі негізінде талданылды. Осы ретте әсіресе кейінгі тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген зерттеу еңбектер, мақалалар өткенді теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен пайдаланылды. Айта еткен жөн, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шығармалары мен еңбектері диссертацияның методологиясы мен теориялық негізі болды. Оларда қазақстанның қазіргі кездегі әлеуметтік- экономикалық дербес саяси өміріндегі күрделі ахуал, қайшылықтар мен кемшіліктер, қоғамдық өмірдің әр саласында жүргізіліп жатұан реформалар барысында жан-жықты талдаулар жасалып, практикалық ұсынысьтар айтылған.
Автор еліміз егемендікке ие болғанан бергі кезеңде Отандық тарих ғылымында қалыптасып жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарға, сонымен қатар жетекші қоғамтанушы ғалымдардың еңбектеріндегі әміршіл-әкімшіл жүйе туралы көзқарастарға сүйенді. Зерттеу барысында нақты салыстырмалы тарихи, жинақтау және қорыту әдістері, талда, сондкай-ақ логикалық, статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР
І. 1. 60-70 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі теріс құбылыстар.
Әміршіл-әкімшіл кеңестік қоғамда халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарына үнемі немқұрайлылықтың орын алғанын мойындамасқа болмайды. Ондаған жылдар бойы қоғамды басқарып келген коммунистік партия және соның басшылығымен қандай да болмасын әкімшіл-әміршіл социализм жайында айтылған бүгінгі ащы шындықтың көбісі орынды. Оның үстіне, біз бүгінде болашақты болжай алмайтын құбылысқа, атап айтқанда, адамның жеке (қоғамдық, “ешкімдікі емес”) меншігінен, саясаттан, идеологиядан шеттетілу құбылысына тап болдық. Жаңа социалистік қоғам құру барысындағы осындай шеттетілуді болдырмау керек еді. Бірақ шектен тыс бюрократтанған әміршіл-әкімшіл жүйенің аппараты еңбекшілерді қоғамдық дербестік пен өзіндік бастамадан айырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz