Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Мердігерлік шартының даму тарихы ... ... 6
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2.1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Құрылыс мердігерлігі шартының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3 Жобалау және іздестіру мердігерлік жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .44
2.4 Ғылыми зерттеу, тәжірибе . конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ...56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...58

Мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды шарттардың бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми-зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілігі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігер шарт бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді. Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.
Біздің дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын таңдап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, өзекті тақырыптардың бірі болып табылады және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан, осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы дипломдық жұмысты жазу арқылы мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.

1 Барон Ю. Система римского гражданского права. Обязательственное право. Выпуск третий. Книга IV. СПБ., 1910.С. 199-200.
2 Дигесты Юстиниана. Избраные фрагменты в переводе и с примечаниями И.С. Перетерского. М., 1984. С. 316.
3 Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского рпава. М., 1912. 608-б.
4 Синайский В.И. Русское гражданское право. Выпуск 2. Киев, 1915. 169-б.
5 Мейер Д.И. Русское гражданское право. М.: Статут, 2000. 654-б.
6 Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т. III. М., 1955. 388-б.
7 Шершеневич Г.Ф. Көрсетілген шығарма. 609-б.
8 Мейер Д.И. Көрсетілген шығарма. 654-655-б.
9 Мейер Д.И. Русское гражданское право. 2-Бөлім.: Статут, 1997. 298-б.
10 СУ РФ. 1921. №3. 29- стр
11 СЗ СССР. 1936. №9. стр-70
12 Брагинский М.И. Договор подряда иподобные ему договоры. Москва, 1999. 10-стр.
13 Курс трудового права. Т. 1. // Под ред. А.С.Пашкова. С.П.Маврина. Е.Б.Хохлова. СПБ.
14 Курс трудового права. Т. 1. // Под ред. А.С.Пашкова. С.П.Маврина. Е.Б.Хохлова. СПБ.
15 Иоффе О.С. Советское гражданское право. Курс лекции. Т. 2. Ленинград. Изд. ЛГУ. 1961. 159-б.
16 Басин Ю. Г. Ответственность за нарушения гражданско-правового обязательства. Уч. Пос. Алматы; Әділет Пресс. 1997-3б.
17 Мейер Д.И. Указ. Соч. 295-стр.
18 См.: Толковый словарь русского языка. Т. II/Под ред Д.Н. Ушакова. М., 1939. С. 1098.
19 Асцеулов А.Г., Жайлин Г.А. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. Алматы: ИПУ КазГЮА 2000 93,94 б.
20 Суханов. Е.А. Гражданское право. М., Бек. 1998.
21 Басин Ю.Г. Ответственность за нарушения гражданского-правового объязательства. Уч. Пос. Алматы; Әділет Пресс. 1997.
22 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга третья- договоры о выполнении работ и оказаний услуг. М., Статут. 2005.
23 Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ереше бөлім. I том.-Алматы. 2005ж 234-б.
24 Гражданский кодекс РК (Общай часть). Коментарий. Отв. Ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.-Алматы. Жеті жарғы. 2003.
25 Гражданский кодекс РК (особенная часть) Түсіндірме. Жауапты ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы: Жеті жарғы; 2000.
26 Отечественный законодательство XI-XX веков: Пособие для семинаров. Часть II (XX в). Под ред. Проф. О. И. Чистякова.-М.: Юрист, 1999.-1999.-179-181, 212-215 б.б.
27 Қазақстан Республикасының 2001 жылы 16 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы.
28 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) №409-I 1999 жыл 1-шілде.
29 Брагинский М.И. Договор подряда и подобные ему договоры. М. Статут. 1999.
30 Қазақстан Республикасының 2007 жылы 11 қаңтарда қабылданған «Лицензиялау туралы» Заңы.
31 Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3-шілдеде қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Мердігерлік шартының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Мердігерлік шартының түсінігі және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2.1 Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Тұрмыстық мердігерлік шартының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 30
2.2 Құрылыс мердігерлігі шартының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...37
2.3 Жобалау және іздестіру мердігерлік жұмыстарына мердігерліктің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2.4 Ғылыми зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерліктің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
КІРІСПЕ
Мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және маңызды
шарттардың бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келген қоғамда
ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы
қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық,
ғылыми-зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды
атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер
туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда
нысанда болмасын қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты
құқықтық реттеу қажеттілігі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық
қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік
жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді,
қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас
субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең
таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру
қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы
немесе мердігер шарт бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау
жағдайлары аз кездеспейді. Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын
жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде
реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін
болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы
мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай
қарастырылған.
Біздің дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын таңдап
алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, өзекті
тақырыптардың бірі болып табылады және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан,
осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы дипломдық
жұмысты жазу арқылы мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және
қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының
субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы
мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық
қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл
қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып
табылады.
Нақты жұмыстың мақсаты мердігерлік шартының теориялық аспектілерін
сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын, сот
тәжірибесінің анализдерін қарастыру, әр түрлі нормативтік құжаттарды
салыстыру, мердігерлік шартын жасау және қолдану аясында барынша танып
алу.
Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті сұрақтар реті мынадай
болып келеді:
1) Мердігерлік шартының даму тарихы;
2) Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны;
3) Мердігерлік шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктері мен маңызы;
4) Мердігерлікті реттейтін заңнаманың қазіргі жағдайы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі
бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздер
тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның даму
тарихы мен түсінігі және мазмұны қарастырылады. Мердігерлік шартының ең
ежелгі дамуынан бастап, қазіргі замаңдағы мердігерлік шартының қолданылуын
көрсетіп кетемін. Және ертеде мердігерлік шартының қалай түсінгенін
айтамын.
Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік
беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі
еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына
зерттеу жүргізіледі. Бұл бөлімде мердігерлікке рим құқығында берілген
анықтамасы мен қазіргі уақыттағы анықтаманың айырмашылықтарын көрсетіп,
талдап, және әр кездегі әр ғалымдардың мердігерлікке берген пікірлерін
көрсетіп кетемін.
Сонымен қатар мердігер мен тапсырысшының арасында қандай қайшылықтар
туындауы мүмкін болатыны және бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы
айтылған.
Дипломдық жұмысында салыстыру арқылы зерттеу әдісін қолдандым.
Дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа
арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, онда негізінен азаматтық құқықтың
мердігерлік саласын терең зерттеген қазақстандық және шетелдік заңгер
ғалымдарының еңбектерін пайдаландым. Атап айтатын болсақ, Жайлин Ғ.А.,
Сулейменов М.К. Басин М.И. Брагинский, Брауде, Асцеулов А.Г. Шершениевич
Г.Ф. және тағы басқалар.
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Мердігерлік шартының жеке шарттық қатынастардың бір түрі ретінде
қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды және күрделі тарихи және заңи даму жолынан
өтті. Ол азаматтық құқық жүйесінде бірден өз орнын тапқан жоқ. Азаматтық
құқық саласындағы заңгерлердің, ғалымдардаң мамандардың бұл шарт түрін
қазіргі кездегідей ерекшеленетін негізі белгілері жағдайында қалыптастырып,
заң жүзінде бекітулеріне бірнеше жүздеген жылдар қажет болды.
Ең алғаш құқықтық қатынас ретінде пайда болуының басқы кезінде,
мердігерлік шарты жалдау шартының бір түрі болды. Жалдау шарты шеңберінде
Рим құқығы үш жекелеген шарттарды бөлді: заттарды жалдау, мердігерлік және
қызмет жалдау.
Жалдаудың табиғи белгісі бір тараптың екіншісіне өтемелі түрде
қандайда бір нәрсе ұсынуынан көрініс табады. Нақ сол соңғысы (бір нәрсе)
жалдауын әрі қарай бөлуіне негіз болады. Бұл жөнінде Ю.Барон былай дейді:
Жалдау – бұл консенсуалды мәміле, ол бір тараптың екіншісіне белгілі бір
ақша сомасы үшін затты немесе адамның жұмыс күшін пайдалануды ұсынады, ал
екінші тарап оны пайдаланғаны үшін біріншісіне келісілген ақша сомасын
төлеуге уәде етеді [1, 199-200 б.]. Мердігерліктің мағынасы және оның
жалдауымен ішкі байланысы жөнінде Юстинианаң он екінші Дигестісі ІІ
кітабындағы Павлдың сөздерін келтіруге болады: Егер мен мердігерге оның
қаражаты арқылы маған үй салуға тапсырма берсем, онда ол маған жасалғанға
меншік құқығын маған өткізеді, алайда, бұл жалдау болып табылады, өйткені
ұста өзінің жұмысын жалға беріп отыр, яғни жасау міндетін [2, 316 б.].
Жеке жалдау мен мердігерлік арасындағы айырмашылық (екеуі де жалдау
шартының шеңберінде болса да) мынада, жеке жалдау да жұмыс, жұмыс берушінің
бұйрығы мен тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Бұған байланысты
Г.Ф.Шершеневич заңды анықтамалардың мағынасын талдай отырып, былай дейді:
Мердігерлік пен жеке жалдау арасындағы айырмашылық, бірінші жағдайда бір
қарсы тарап басқаның жұмысының нәтижесіне құқық алса, ал екінші жағдайда ол
басқаның жұмыс күшін пайдалануға құқық алады [3, 608 б.]. Яғни жеке
жалдау уақытша басқа тұлғаның еңбек қызметін пайдалануға құқық береді, ал
мердігерлік алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға жұмсалған еңбектің
нәтижесіне құқық береді Бұл көзқарасқа В.И.Синайскийдің пікірі жақын, ол
бойынша мердігерлік қызметінің мақсаты – нәтиже [4, 169 б.].
Революцияға дейінгі әдебиеттерде әр уақытта келтірілген анықтамаларға
ортақ нәрсе ол мердігерлікті жұмыс туралы шарт деп тану болды [5, 654 б.].
Жұмыстың орнына “кәсіпорын” туралы айтылған Заңдар Жинағын осыған жатқызуға
болмайды. Бұл ұғымды түсіну үшін Заңдар Жинағы қолданылған кезде өмір
сүрген В.И. Дальге жүгінуге болады. Ол “кәсіпорын” деп орындалатын
нәрселерді айтқан, ал кәсіпкерлікпен айналысуды “қандайда бір жаңа істі
орындауға шешім қабылдау” деп түсінген [6, 388 б.]. Осы себептен жоғарыда
келтірілген ережелерге сәйкес “жұмысты” кем дегенде мердігерліктің
элементтерінің бірі ретінде оны құрамына кіргізуге мүмкіндік береді. Осы
жағдайға Г.Ф. Шершеневичте көңіл аударған. Ол Заңдар Жинағының 1737-бабында
айтылған “Кәсіпорынды орындау” ұғымын негізге ала отырып былай деді: “Бүкіл
баптың мазмұнына сәйкес келмейтін осы ұғымға біз жұмыс күшінің бөлімі
ретіндегі жұмысты жатқызуымыз қажет” [7, 609 б.]. Шершеневич Г.Ф.
мердігерлік шартымен қызмет көрсету шартының екі бөлек болуының
жақтаушылардың қатарында болды. Ең алдымен бұларға Германия Азаматтық
Жинағының 631 параграфында және Швейцария Міңдеттемелік Заңының 363-бабында
баға берілді. Революцияға дейінгі авторлардың көбі мердігерлікке арналған
баптардағы қызмет көрсету мен жұмыстың мазмұнының арасындағы айырмашылықты
қарастырмаған. Осы арада Д.И. Мейердің мердігерлікке берген анықтамасын
айта кеткен дұрыс: “Мердігерлік деп бір тұлға екінші тұлғаның тапсырмасы
бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның
нәтижесін өткізуге міндеттенеді, мысалы ғимараттар салу, жобалар дайындау”
[8, 654, 655 б.].
Осы айтылғандарға қарап тәжірбиеде мердігерліктің кең таралмағанын
көруге болады.
Революцияға дейінгі Азаматтық Жинақта мердігерлік шарты жеке шарт
ретінде көрсетілді. Оның 491-бабында былай делінген: “Мердігерлік шарты
бойынша мердігер сыйақы үшін тапсырысшыға қандайда бір жұмысты орындауға
міндеттенеді” [9, 398 б.].
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары мемлекет тарапынан
құрылыс қатынастарына едәуір күмәнді көзқарас пайда болды. Заң шығарушы
үшін бұл қатынастар революцияға қарсы бағытталған жеке шаруашылық және
нарыққа жататын қызмет түрі болып көрінді. Сондықтан құрылыс мердігерлігі
мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Осы мақсатта әрбір мердігерлік
шарты, егерде оның пәні құрылыс не соған ұқсас жұмыстар болса, ондай шартты
кімдердің жасасқанына қарамастан дереу қаржы органдарына хабарлау
керектігін міндеттеді.
Аз уақыт өткен соң 1920 жылы 24-қарашадағы СТО қаулысымен мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындарға бұндай қатынастарға түсуге түбегейлі тыйым
салынды және 1921 жылы 1-қаңтарынан бастап жасалған шарттардың күші
жойылды [10, 29 б.]. Нәтижесінде құрылыс аясындағы бірден-бір тапсырысшы
мемлекет – оның қазынасы болып қалды.
1920-1930 жылдардағы мемлекет қойған ірі шаруашылық міндеттерді онсыз
атқару мүмкін болмай қалғанда, құрылыс мердігерлігіне қайта қызығушылық
пайда болды. Мұндай жағдайларда арнайы мамандандырылған мемлекеттік құрылыс
кәсіпорындары үлкен мәнге ие болды.
1936 жылғы 11-ақпанда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша
“құрылыс жұмыстары мердігерлік әдіспен жүргізуге” көшірілді [11, 70 б.].
Осы мақсатта құрылыс трестері құрылды, олар бұған дейінгі құрылыс
кәсіпорындарын ауыстыруға тиіс болды.
Жалпы Қазақстандық құқықтық жүйені белгілі бір дәрежеде Кеңестік
құқықтық жүйенің мұрагері ретінде де көруге болады. Сондықтан XIX ғасырда
қазақ мемлекеті түгелдей дерлік Ресей патшасының бодандығына өтіп болуы
себепті, сол кезден бастап Ресей құқығы жүйесінің ықпалы біржолата орнықты.
Бұдан шығатыны, сол кезден бастап шыққан заңдардың Қазақстандық құқық
жүйесінің тарихына кіргізе беруге болады ғой деп ойлаймыз.
1992 жылғы Азаматтық заңнаманың жаңа негіздері мердігерлік шартын,
оның ерекшеліктерін сақтай отырып, қайта қосты. Бұл әрине, оның табиғаты
жөніндегі жалпы қабылданған көзқарасқа сәйкес келеді. Қазіргі уақыттағы
мердігерлік қатынастарын реттейтін нормативтік кешен аясы өте кең. Оның
ядросы болып 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі қызмет
етеді, оның ішінде 32-тарауы. Көрсетілген тараудың §1 Мердігерлік туралы
жалпы ережелер.
Қазіргі Азаматтық Кодекске дейінгі азаматтық құқық саласындағы
кодификацияланған барлық нормативтік актілер мердігерліктің пәнін
тапсырысшының тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындау деп санады.
Ал Азаматтық Кодекстің өзінен алдыңғыларынан айырмашылығы, мердігерліктің
пәні жұмыстың өзі емес, сол жұмысты орындау барысында жететін оның нәтижесі
деп есептейді.
Қазіргі таңда мердігерлік шартына ҚРАК-нің 32-тарауы арналған. Тарау
бес параграфтан тұрады. Оның біріншісінде мердігерлік шарты туралы жалпы
заңдылық ережелер орын алған, қалған төртеуінде мердігерліктің жекелеген
түрлерінің ерекшеліктері көрсетілген, олар: тұрмыстық мердігерлік, құрылыс
мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды
орындауға мердігерлік.
ҚРАК-нің 32-тарауынан кейінгі төрт параграфымен реттелетін жұмыстарға
бірінші параграфтың ережелері де толығымен қолданылады, өйткені кейінгі
параграфтар мердігерліктің жекелеген түрлерінің ерекшеліктеріне ғана
тоқталады.
1.2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Тауар нысанына енген жұмыстың нәтижелерін айырбастау жөніндегі
қатынастар заттарды біреуге берумен (немесе біреудің уақытша пайдалануына
берумен) шектелмейді. Өйткені тауар сипатын тек қана зат емес, жұмыстың
материалдық (заттық) нысандағы басқа да нәтижесі иемденуі мүмкін. Мысалы,
жөндеу нәтижесі немесе затты химиялық тазалаудан өткізудің нәтижесі,
шаштараз қызметі және т.б. Әрине, қажетті жөндеудің нәтижесінде зат, оның
құнын өсіретін жаңа сипатқа ие болады, дегенмен ол дәл сол күйінде қалады,
жаңа зат пайда болмайды.
Осы тектес материалдық, затқа айналған қызметтер әрқашанда жұмыстың
(еңбектің), басқаша айтқанда, қызмет көрсетушінің тауар айырбасы
объектісіне айналған белгілі бір іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
Сол себепті қызмет алушы да қызмет көрсетуші іс-әрекеттерінің нәтижесін
алуы (ие болуы) үшін, олардың жасалуына құштар болып келеді. Жұмыстың
тапсырылған нәтижесіне үміттене отырып, қызмет алушы, сол жайында өз
тілектерінің орындалу қажеттілігіне қызмет көрсетушісінің назарын аударып,
өз тарапынан белгілі бір мөлшерде жұмыс барысында бақылауы мүмкін.
Орындаушы жұмысының нәтижесі затқа айналған (материалдық) қызмет,
сонымен бірге, жаңа зат шығару (қызмет алушының тапсырысы бойынша), ескі
затты жақсарту және т.б. болып табылады. Бірақ тапсырысшы әрқашан да
орындаушыдан тек дайын нәтижені емес, оған (тапсырысшыға) қажетті жұмыстың
жасалуын талап ететіндіктен, мұндай қатынастар мүлікті беру жөніндегі
міндеттемелермен сипатталуы мүмкін емес. Мұнда орындаушының тиісті
қызметінің материалдық нәтижесіне айналған жұмыстың атқарылуы жөніндегі
өзге міндеттемелерге қажеттілік туындайды.
Жұмыс атқару жөніндегі міндеттемелердің ерекшелігі олармен тек тауар
айырбасының өзі ғана емес, белгілі бір мөлшерде тауарды жасау жөніндегі
қызмет (жұмыс) реттелетіндігінде, ал айырбас нысанасын тек нақты заттар
ғана емес, сонымен бірге осындай өндірістік қызметтің өзге де материалдық
нәтижесі құрауы мүмкін. Ендеше қарастырылып отырған қатынастардың мәнісі
мынада: қатысушылардың біреуі екіншісімен келісе отырып, ол үшін ақыға
белгілі бір жұмысты (тапсырысты) орындайды, ал оның нәтижесі тапсырысшының
меншігіне өтеді.
Мердігерлік шартынан туындайтын міндеттемелер жұмыс атқару жөніндегі
негізгі міндеттемелер болып табылады. Мердігерлік қарастырылып отырған
қатынастардың басты моделі ретінде ғана танылып қоймай, өз тарапынан
бірнеше түрге бөлінеді. Олардың қатарына азаматтар-тұтынушылардың
мүдделеріне жасалатын жұмыстарды атқару жөніндегі міндеттемелерді қамтитын
тұрмыстық мердігерлік шарты да жатады.
АК-тің 115-бабына назар аударатын болсақ, оның екінші тармағында өзге
де объектілердің қатарында жұмыстардың, қызметтердің бар екендігін көреміз.
Алайда жұмыстар мен қызметті ажырата білу оңайға түспейді.
Мердігерлік қатынастар Рим құқығында да белгілі болды, онда
мердігерлік шарты (locatio-condictio operis) жалдау шартының (locatio-
condictio) (заттардың жұмысты және қызметті) бір түрі ретінде қарастырылды.
Қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастардағы қандай да бір жұмыс пен
қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізті әдісі
құлдардың әрекеті болуы (яғни, құлдарды пайдалану), осы бірнеше шарттың
бірігуіне алғышарт жасады. Егерде жұмысты орындауға құлды жалдаса, затты
жалдау шарты жасалады, ал егер орындаушы еркін Рим азаматы болатын болса –
мердігерлік немесе қызмет жалдау шартының бөлінуі басталады. Бұлардың
арасындағы айырмашылығы, мердігерлік шарты бойынша арқашан нақты бір
экономикалық нәтиже пайда болады, ал қызмет жалдау шартында ондай
нақты нәтиже болмайды [12, 10 б.].
Осы нәтиже ұғымына байланысты Г.Ф. Шершеневич, Швейцарияның
міндеттемелік (36-б.) заңындағы нормаларды мысалға ала отырып, өз пікірін
білдіреді. Мердігерлік пен қызмет жалдау (қызмет көрсету) шартының
арасындағы айырмашылық жайындағы көзқарас мынаған алып келеді: бір қарсы
тарап басқаның еңбегінің нәтижесіне құқық алса (билік етуге), екінші
жағдайда ол басқаның жұмыс күшін пайдалануға құқық алады [13].
Еңбек және мердігерлік шартының аражігін ажыратудың маңызы зор.
Олардың ұқсастығы, екі шарт та еңбек процесін құқықтық реттеуді қамтиды.
Сонымен қатар, тәжерибеде қалыптасқан еңбекті ұйымдастыру нысаны, еңбекті
жалдау аясындағы құқықтық қатынастарды реттейтін екі шартты бір-біріне
соншалықты жақындатады, тіпті олардың арасындағы шекараны анықтау қиынға
түседі. Ал олардың арасындағы айырмашылық орасан зор, нақты жұмыстың қайсы
институтқа жататындығына байланысты көптеген маңызды сұрақтар әр түрлі
жолдармен шешілуі мүмкін. Еңбек шарты бойынша жұмыс жұмыс берушінің (яғни
тапсырысшы), ал мердігерлік бойынша - мердігердің (орындаушы) тәуекелімен
орындалады. Еңбек шарты бойынша жұмысты материалдық және басқа қамтамасыз
ету міндеті жұмыс берушіге жүктеледі, ал мердігерлік шартында – мердігерге.
Жұмысшының шартты тиісті дәрежеде орындамауы салдарынан келтірілген шығынға
әдетте, шектеулі жауапкершілікте болады, ал мердігер толықтай. Еңбек
қатынастарын реттеуде негізгі басымдылық еңбек процесін регламентациялауға
беріледі, мердігерлікте ол нәтижеге жетуге және оны тапсырысшыға беруге
бағытталған [14]. Еңбек шартында жұмысшы орнатылған еңбек режиміне
бағынады. Мердігерге мұндай міндеттемелер таралмайды.
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыc атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттарда
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндетері бойынша сатып алу-
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде
айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қаныстарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтар олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт. Жұмысты
орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт
жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл
оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер
етеді. Осы жөнініде О.С.Иоффе: Кейбір консенсуалды шарттардың (мысалы,
сатып алу – сату) орындалуы шарт жасау сәтімен сәйкес келіп жатса,
мердігерлік шартында мұндай мүмкіндік жоқ: шартты жасау сәті мен оның
орындау сәті міндетті түрді уақыт аралығымен бөлінеді [15, 159 б.].
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мүмкін, мысалы, суретке түсіру шартары тез фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастарының түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді. 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл
түрлері туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының элементтері. Мердігерлік шартының тараптары
мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-
бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-
құқытық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда
мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы,
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің
18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, Жол жұмыстары жайындағы
конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің
ережелері.
Мердігер шарт бойынша белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенетін
тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы 17.04.1995 ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары және басқалары лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшының алдында
мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
ҚРАК-нің 619-бабына сәйкес егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше
туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы
мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының
алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады. Бас
мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi
орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал
тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе
тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен
қосалқы мердiгер бiр-бiрiншi өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды
бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға
жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей
тапсырысшының алдында жауапты болады.
Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және
мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты
ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып
танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде
немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда
мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз
үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшының
алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі
олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы
нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-
біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері,
өйткені олардың әркайсысымен бөлек бөлек (дербес) мердігерлік шарттары
жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін,
осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-бабының 1-тармағы),
сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен
бірнеше борышкер тапсырысшының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе
алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-
тармағы).
Бірнеше мердігерлік өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы
мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау
тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге
көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына
әкелуі мүмкін. Ю.Г. Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот
тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы келіскен соң пайда болған дау
орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны
өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы
мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа
мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен.
Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған
және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімінде сол шарттың біреуге
қатысты тоқтаудың салдары қарастырылмағанға сілтеген [16, 3 б.].
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де
реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі
орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады,
демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды
арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін.
Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға
қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін.
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың
соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi
көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың
жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi
мүмкiн.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және
түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердiгерлiк шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және
аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі
мүмкін.Мердiгерлiк шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны
анықтау әдiстерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және
тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi
шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын
бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi.
Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен
жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны
едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал
тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап
етуге құқығы бар. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау)
кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер
алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса,
мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды. Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу
көзделуi мүмкiн.
Мердігерлік шартты жасау кезінде жұмысты орындау үшін мердігердің
тұлғаларды тартуына байланысы үшінші сұрақтар жиі туындайды. Д.И.Мейер
негізінде мердігерлік шартын мердігер жұмысты өзі орындауға міндеттеме
алмайды, ол жұмыс басқа тұлғалар арқылы орындалады, сондықтан Мердігер
тапсырысшы мен оны орындаушы жұмысшы арасында делдал болады [17, 295 б.].
Жұмыс - көп жақты түсінік. Д.Н. Ушакова 30 шақты мағынасын көрсетеді.
Осылардың ішінен мердігердің терминіне жақыны ол бірдеңе істеу болып
келеді деп айтқан [18, 1098 б.].
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Жұмыстың
бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Жұмыс мердiгер жасаған
сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны
растаған кезден бастап шарттың бiр бөлiгiне айналады.
Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкiн.
Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп
есептеледi.
Егер қосымша жұмыс жүргiзу және осы себептен жұмыстың шамамен
белгiленген бағасын (шамамен алынған сметаны) елеулi түрде өсiру қажет бола
қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты
тоқтата тұруға мiндеттi. Жұмыстың бағасын (сметаны) өсiруге келiспеген
тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне
тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете
алады.
Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға
уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген баға бойынша ақы
төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны
азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың
толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi
болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.
Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары
әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы
немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған
және тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған
ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді.
Бағаны есептеу үшін, тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы қажет.
Егер, шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол
жұмыстың бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтылса және
т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнына жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу
болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының
өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета,
тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады, өз
кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді.
Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасау тәртібімен салыстырғанда
ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете
алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық шартты жасау кезіңде
орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті
шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін
мердігер беруге тиісті материалдар жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігердің
белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер
тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда
мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі
шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың
шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола
қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты
тоқтата тұруға міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау
керектігі анықталғасын немесе материалдарға, үшінші тұлғалардың
қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаны елеулі
өсіруге көбейтуге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай
жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын
төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы
тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген
алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға
міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың
шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекетінің)
уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге
мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән
жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының
ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында
жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік
шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы
үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі. Жұмыстың жекелеген
кезеңдерінің аяқталу мерзімдері аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың
орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін
қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын,
бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және
оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы
шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға
уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.
Мердiгер мына мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертуге міндетті:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы
үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне
қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге
қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу
ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осы мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу
үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердiгердiң өзiне немесе өзi тапсырысшыға тиiстi талаптар қойған кезде
аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Егер тапсырысшы осы аталған мән-жайлар туралы мердiгер тарапынан
уақытылы және негiзделген ескерту алғанына қарамастан, қисынды мерзiмде
жарамсыз және сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау әдiсi туралы
нұсқауды өзгертпесе немесе жұмыстың жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп
төндiретiн мән-жайларды жою үшiн басқа да қажеттi шаралар қолданбаса,
мердiгер шарттан бас тартуға және оның тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарды
өтеудi талап етуге құқылы. Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем
мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге
мiндеттi. Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс
не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған
қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге
құқылы. Мердiгерлiк шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының iс-
әрекетiнiң немесе қателiктерiнiң салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда
мердiгер жұмыстың орындалған бөлiгiн ескере отырып, өзiне белгiленген
бағаны төлетiп алу құқығын сақтайды.
Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн мынадай
жауапкершiлiгi болады:
Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе
оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi
пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң
актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы
бойынша мердiгерден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;
3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң
оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына,
тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей
отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер
жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын
тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.
Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де
кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер
тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас
тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату
көзделуi мүмкiн. Егер тапсырысшы кемшiлiктер мердiгердiң кiнәлi iс-
әрекетiнiң немесе әрекетсiздiгiнiң салдарынан пайда болғандығын дәлелдесе,
аталған ереже қолданылмайды.
Жұмысты орындау үшiн материалдар берген мердiгер олардың сапасы үшiн
сатушының сапасы лайықсыз тауарлар үшiн жауаптылығы туралы ережелер бойынша
жауап бередi. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз
болуынан туындаған талаптар үшiн талап арыз қою мерзiмiнiң өтуi тапсырысшы
осы Кодекстiң 630-бабында көзделген мерзiм шегiнде мәлiмдеген кемшiлiктер
анықталған күннен басталады. Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен
бiрге, егер бұл шартта көзделсе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың
нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiн болмаса,
шарттың нысанасын пайдалануға немесе өзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты
беруге мiндеттi.
Егер бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында
басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның
iшiнде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық
құпия ретiнде қаралуы мүмкiн мәлiметтер алса, оны екiншi тараптың
келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ. Мұндай ақпаратты
пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
ҚРАК-нің 627-бабының 4-тармағының немесе 635-бабының 3-тармағының
негiзiнде тапсырысшы мердiгерлiк шарттан бас тартқан жағдайда мердiгер
тапсырысшы берген материалдарды, жабдықтарды, өңдеуге берiлген затты және
өзге де мүлiктi қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал
егер бұл мүмкiн болмаса, материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған
өзге де мүлiк құнының орнын толтыруға мiндеттi.
1.2.1 ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мердігерлік шартының мазмұны тараптардың құқықтары мен міндеттерінен
құралады. Бір тараптың міндетіне екіншісінің құқығы сәйкес келетіндіктен,
тараптардың міндеттері ғана қарастырылады. Мердігер шартта келісілген
жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол
кәсіби субьект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты
қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны
тапсырысшының орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде
өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны
үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы қажет, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде
тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және
нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын
мердігерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
632-б. 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде
міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті
талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды
жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау
міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материал-дарымен де
орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен
пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану
тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер
материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге
міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған
материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемітіп сол материалды өзінде
қалдыруға құқылы.
Материадарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген
жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өндеуге берілген заттың өзінде
қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды
және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби
тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:

құжаттаманың немесе өндеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұқаулармен орындаудан тапсырысшы
үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне
қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге
қатысты емес өзге де мән-жайдар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу
ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жағдайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге
жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталауын күтпестен немесе жұмысты
тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты
жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде
аталған мән-жағдайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. Осы норманың мағынасы
бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды
мерзімінің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының
берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың
кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, яғни, тапсырысшы берген материалдардың
сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған
байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында
тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз
еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына
қарамастан жауапты болады.
Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен
орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және
қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге
де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге
мiндеттi.
Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы,
егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не
оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана
оларға сiлтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың
әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу
кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады.
Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде
анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz