Саяси құндылықтар жүйесі


Саяси құндылықтар жүйесі
Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
- Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
- Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
- ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді. Солардың ішінде саяси процестердің ішкі құрылымы мен бағытын анықтайтын құбылысқа азаматтардың саяси құндылықтарының қалыптасу және өркендеу ерекшеліктері жатады.
Еліміз өркенді дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын, қоғамдағы саяси құндылықтарға көңіл бөлінуде. Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталуының өзі де көп жәйттан хабар берсе керек.
"Қандай қиын қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар" деп елбасымыз айтқандай саяси құндылықтар объективті жүріп жатқан саяси процестің даму үрдісінің мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындап отырады /1/. Ол адамның қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-дәстүр, мінез-құлық қағидаларын адамзат жасаған өмірлік құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесінде адам бойында өзінің мінез-құлқын, жасаған іс-әрекетін басқа адамдардың сондай жасаған іс-қимылдарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі. Адам қоғамнан өз орнын табуға, оған пайда келтіруге тырысады.
Елбасы биылғы Жолдауында «Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапасында болып келді және осылай болып қала береді» деп ерекше атап көрсетті /2/. Осы айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін ондағы принциптерді жалпы қазақстандық, жалпы адамзаттық принциптер ретінде Қазақстан тарихының барлық субьектілері жете түсінуі қажет, олар шынымен де, ұлттық-саяси сана-сезімнің құрамдас бөлігіне айналуы керек, оларды іске асыруға Қазақстан халықтары қатысуы керек, проблеманы ғылыми-теориялық тұрғыдан жете зерттеу қажет, оның мақсаты - әрбір қазақстандықтың санасына олардың бүкіл қазақстандық және бүкіладамзаттық маңызын жеткізу және негіздеу. Сондықтан да, мұнда жалпықазақстандық ортақ үйдің жаңа принциптеріне - Қазақстан халқының жаңа саяси құндылықтарына саналық бағыну жөнінде болуы тиіс.
Қоғамның саяси өміріне қажетті әрі озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады. Көпұлтты Қазақстан қоғамында әр түрлі этникалық қауымдастықтардың арасында бірлік пен татулық болса, елдің экономикалық және әлеуметтік салаларын жөндеуге, дағдарыстан шығуға мүмкіндігі болады. Бұл бағыттағы ұтымды саяси процеске азаматтармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмысындағы ұлтаралық құндылықтар жүйесін үйлесімді ету үлкен маңызға ие болады.
Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл азаматтардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.
Қазақстан халқының саяси құндылықтар проблемасы қазіргі уақытта және келешекте ғылыми теориялық ойда да саясаттанулық ойда да көрнекті орын алмақ. Ол ұлттық, мемлекеттік саясаттың маңызды мәселесіне айналуы тиіс. Өкінішке орай, бұл проблеманы жан-жақты зерттеуге ғалымдардың, саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің қатысуы жеткіліксіз болып отыр. Өйткені, оның мәнін түсінудің сипаты қазақстандықтардың қызметінің бағыттылығымен, Қазақстан мемлекетімен, ең ақырында барлық Қазақстан халқының тағдырымен байланысты.
Сондықтан да, Елбасының биылғы Жолдауындағы «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз» деуінің сыры да тереңде жатыр /3/. Осы тұрғыда Қазақстан халқының саяси құндылықтары іргелі саяси маңыздылыққа ие, әрі субъект үшін пайдалы екендігін атап көрсету керек. Жалпықазақстандық болу үшін бұл құндылықтар жай жекелеген қазақстандықтар үшін ғана емес, барлық Қазақстан халқы үшін маңыздылыққа ие болуы тиіс. Субъективті компоненттердің тарапынан болатын оған деген қарым-қатынастардың айырмашылығына қарамастан, олардың объективті жағдайы Қазақстан тарихы субъектілерінің бәрі мойындаған, үстемдік етуші болуы тиіс /4/.
Қазақстан халқының саяси құндылықтарын біз енді ғана жете түсініп және зерттей бастадық, біз өмір сүріп тұрған қоғамдық-саяси қатынастарды соларға сүйене отырып, қайта құра бастадық. Жаңа жалпықазақстандық принциптер мен нормалар енді қалыптаса бастады және олар объективті дүниені және оның даму тенденцияларын біздің ұғынуымызбен қалыптасуда.
Сонымен саяси құндылықтар мәселесіне қазақстандық саясаттанушы ғалымдар соңғы жылдары ғана көңіл бөле бастады және бұл мәселенің саяси ғылымдар тұрғысындағы бірнеше аспектілері терең зерттеулерді қажет етуде. Мәселен, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық этникалық құндылықтар арасындағы өзара байланыстар саяси процестер деңгейінде қандай көріністерге ие болатыны, үш үлкен этникалық топ: қазақ, орыс, өзбек; екі конфессиялық айырмашылық: ислам және християн діндері жағдайындағы тұрғындардың саяси құндылықтарының бір-бірімен тоғысу үрдістерінің сипаты өзіндік мәселе болып табылатындығы жан-жақты сұрыптаудан өткен жоқ, жергілікті жерлердегі ерекшеліктер де арнаулы зерттеуді қажет етеді.
Сондықтан Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарын зерттеу мәселесі тек теориялық жағынан ғана емес, мемлекеттік тұрғыдан, практикалық жағынан маңыздылығы бар мәселе. Әрине, бұл мәселені жан-жақты қарастыру үшін үлкен ғылыми институттар мен мекемелер ауқымды зерттеулер жүргізгені абзал. Ал, бұл бітіру жұмысы нақты саяси-теориялық ұстанымдарға сүйене отырып, этникалық аспектілерге байланысты жекелеген құндылықтық мәселелерге талдаулар өткізеді. Мәселен, саяси тұрақтылық, патриотизм, ұлттық қауіпсіздік және т. б. басымдылық танытатын құндылықтық бағыттар жөнінде.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, этникалық өзара түсіністікті нығайту мәселелерімен астасып жатады. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарын кеңейту, олардың саяси процеске нағыз саяси субьект ретінде қатысу бүгінгі еліміздің саяси ахуалы үшін нақты мүмкіндіктер. Бұл басымдылық танытатын саяси бағдарлар мемлекетіміздің стратегиялық бағдарламаларында бекітілген. Мәселе осы жаңа саяси жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін факторлар, құбылыстар жүйесін анықтауда. Соның қатарына қоғамдағы прогрессивті саяси құндылықтар жүйесі жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құндылықтар мәселесі ғылыми обьект ретінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жан-жақты зерттеле басталды. Әртүрлі философиялық бағыттар құндылықтар жайлы әр қилы пікірлер білдіріп, өзіндік иерархияларын, жүйелерін қалыптастырған. Бұл зерттеушілердің көбісі негізінен құндылықтарға философиялық тұрғыдан келгендіктен саяси ғылымдардың мәселелері зерттеулердің көлеңкелі тұстарында қала берген. Кеңес дәуірінің тұтасқан идеологиясы саяси құндылықтардың әралуандығына жол ашпады /5/. Сондықтан ол кездегі еңбектер жалпы алғанда мәдениет пен құндылықтар қатынасына, рухани құндылықтар ерекшеліктеріне арналатын.
ТМД мемлекеттерінің тәуелсіздігі кезеңінің басталуы саяси процеске, саяси өмірге жаңа көзқарастарды қалыптастыра бастады. Сондықтан соңғы жылдарда Ресейде, Қазақстанда саяси құндылықтардың табиғаты мен ерекшеліктері туралы жаңа концепциялық ұстанымдарға сүйенген біршама еңбектер баспадан шығып үлгерді /6/. Қазақстанның Даму институтында да біршама еңбектер саяси құндылықтардың өтпелі кезеңдегі кейбір өзекті ерекшеліктеріне арналады. Сонымен қатар ұлттық-этникалық ауқымдағы саяси процестердің көріністері Р. Б. Әбсаттаровтың, Н. Ж. Байтенованың, Л. К. Бакаевтың, А. Х. Бижановтың, Қ. Е. Көшербаевтың, Г. В. Малининнің, Н. Ә. Назарбаевтың, С. З. Нарматовтың, Т. С. Сәрсенбаевтың еңбектерінде қарастырылады.
Қоғамдағы саяси процестердің демократиялық құндылықтарымен, әлеуметтік саясатпен, демографиялық мәселелермен Б. Г. Аяғанның, Л. Ә. Бәйдельдиновтың, А. С. Балғымбаевтың, К. Н. Бұрхановтың, Г. Ж. Ибраеваның, Ж. Х. Жүнісованың, К. Л. Сырожикиннің, М. Б. Тәтімовтың еңбектерінде байланыстырылды /7/.
Ал енді осы құндылықтар мәселесіне философия пәні бойынша К. Ж. Нұғманованың, Е. Н. Аубакированың, құндылықтық және саяси бағдарларға М. М. Хан, Е. Б. Әбдірайымовтың, Р. С. Тәжітаеваның диссертациялары арналған /8/.
Диссертациялық жұмыста әлемдік саяси аксиологиядағы қалыптасқан методологиялық және әдістемелік жетістіктер толық қолданылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - саяси құндылықтар жүйесін этникалық аспектілер тұрғысынан ашып көрсету, саяси зерттеулер арқылы Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтарды, олардың саяси құндылықтық бағдарлары қалыптасуына ықпал ететін саяси құбылыстарды тұжырымдау.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:
- қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық методологиялық негіздерін анықтау;
- саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;
- саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың түпкі бастауларын анықтау;
- ОҚО азаматтарының саяси құндылықтар жүйесін социологиялық зерттеулер арқылы анықтау;
- мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетінің өзекті рөлін арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени біртұтастық негізінде Қазақстан этностарын топтастыру жолымен қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру:
- ұлтаралық қатынастар саласындағы келеңсіз үрдістердің алдын алу, этникалық факторды саясаттандыруға жол бермеу;
- ұлтаралық қатынастар саласындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін жетілдіру және саяси құндылықтарды демократияландыру, қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін шешуде оның рөлін арттыру болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында тәуелсіз Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын теориялық ұстанымдар айқындалады;
- Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері анықталынады;
- саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
- ОҚО азаматтарының саяси құндылықтарындағы басымдылықтар анықталынады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Ғылыми зерттеу жұмысы саяси аксиологияның жүйелік, салыстырмалы, құрылымдық-функционалды, нақты тарихи, себеп салдарлық принциптеріне сүйенеді.
Саяси құндылықтарды негізінен үш бағытта қарастыру дәстүрге айналған- страттық, яғни әлеуметтік қабаттар деңгейінде, аймақтық (региональді) және этникалық. Бұл жұмыс негізінен этникалық талдау тұрғысынан азаматтардың саяси құндылықтарын сараптайды.
Социологиялық зерттеулердің негізгі әдістемесі - сапалы сараптаулық сауалнамалар зерттеу тәсілі болып табылады.
Зерттеу обьектісі ретінде ОҚО азаматтарының саяси саяси құндылықтарындағы басымдылықтарын айқындау, саяси құндылықтардың қалыптасу түптамырларын көрсету болып табылады.
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани-практикалық игеру үрдісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды, үрдістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық т. б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.
Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Құндылықтар адам болмысының әртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады.
Құндылықтар әлемі кеңінен алғанда адам әлемі, мәдениет әлемі, бұл ғаламды тұлғаның игеруіндегі, танып-білуіндегі маңызды алғышарты. Өйткені, адам баласы өз санасының, дүниетанымының арқасында қошаған ортадағы әрбір құбылысқа баға беруге тырысады. Міне, содан келіп құндылықтардың жеке адамдық деңгейдегі құрылымы пайда болады. Әрбір әлеуметтік субьектіге сәйкес келетін қасиет - ол әлемді қарастырғанда, оған міндетті түрде құндылықтық қатынасын айқындайды /9/.
Құндылықтар дүниетаным ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан өзінің әлеуметтік тәжірибесі барысында әр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу үрдісі әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеялар жаңа мәнге ие болады. Бұл тұрғыдан алғанда мәдениеттің өз нормалар, рәміздер, стандарттар қоры бар. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады.
Заттар мен құбылыстар сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, адамдағы үдерістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның өз өмірлік әлеміне деген қатынасын - өзіне-өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдар, дәуірлер, мәдениеттер, адам қоғамдары арасында қаншалықты айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы құндылықтық мәнді диспозицияларын жекелеген жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды. Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық және ұжымдық бейсаналықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мәнді ұйымдасқан күрделілігі мен институционалданған этностық нормаларына, ерекшеліктеріне дейін. Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде де өткір қойылды. Афины демократиясының дағдарысы Сократқа мынадай сұрақ қоюға мәжбүр етті: «Игілік дегеніміз не?» Бұл жалпы құндылықтық теорияның негізгі сұрағы болып табылады /10/. Антиктік және ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бірі. Құндылық - бұл құнды нәрсе. Алайда, адам үшін не құнды және неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нәрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді және әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді.
Бұл мәселені құндылықтар теориясы емесе аксиология (грек тілінде «ахіа» - құндылық және «Logos» - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология - құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде аксиология ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтар мәселесі ХІХ ғасырдың ортасына дейін философиялық талдаудың дербес обьектісіне айналмағаның айта кетуіміз керек. Антик философиясында ғана емес, онан кейінгі ортағасырлар мен жаңа заман философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыс шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйінде қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әр түрлі талап пен ұмтылыстар обьектісі ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты - болмыстың жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттің маңызды компоненті ретіндегі, адамның шындықты рухани-практикалық игеруінің негізгі және реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы саясаттанулық ой тарихында әртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттар арасында мынадай типтерді атап өтуге болады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм және социологизм.
Натуралистік психологизм өкілдерінің ( А. Мейног, Р. Б. Перри, Дж. Дьюи және т. б. ) тұжырымдауынша, құндылықтың қайнар көзі индивидтің биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттіліктерінде, ал құндылықтардың өздері құндылықтың заттай нақтылыққа орын алмасуын білдіретін, қадағаланатын нақтылық ерекшелігі ретінде эмперикалық тұрғыда көріне алады. Аксиологиялық трансцендентализм (жаңа кантшылдар - В. Виндельбанд, Г. Риккерт) үшін құндылық идеялды болмыс ретінде «таза» нормативті санамен сәйкестендірілетін болмыс нормасы ретінде қарастырылады. Нормалар мәдениеттің барлық функцияларының (қызметтерінің) жалпы жоспарын құрайды және құндылықтың әрбір жеке іске асуын анықтайды. Сонымен бірге болмыс нормасының тәсілі норма статусын беретін оның субьект үшін маңыздылығы болып табылады. Трансценденталистер құндылықтар мәнін нормалар қалыптастырудың өте күрделі үрдісінде жасақталған өзара қатынастардың өзіндік рухани концентрациясы ретінде қарастырады. Бұл құндылықтар олар Ақиқатты, Сұлулықты, Қайырымдылық пен Әділеттілікті жатқызады.
Персоналистік онтологизмнің құндылық концепциясының негізі діни этика принциптері болып табылады. Бұл бағыттың көрнекті өкілі М. Шелердің пікірінше құндылықтар әлемінің өз иерархиясы бар. Құндылықтардың бұл жүйесінің ең жоғарғы сатысында Құдай орналасады. Құдайға деген сүйіспеншілік - адамзат сезімдерінің ең жоғарғы формасы. Иерархияның онан кейінгі баспалдақтарында «сұлулық» және «таным» орналасады. Бұл концепцияның ерекшелігі тек бір «шынайы» құндылық жүйесімен шектеліп қана қоймай, белгілі бір мәдени-тарихи кезеңдердегі құндылықтық жүйелер мен құндылықтық бағыттарға басымдылық береді /11/.
Құндылықтар концепциясындағы социологизм негізін қалаушы М. Вебер болып табылады. Ол жаңа кантшылдардың норма ретіндегі құндылықтар туралы көзқарасын қабылдап, оны әлеуметтік әрекетпен әлеуметтік білімді түсіндіруге қолданды. Ол құндылықты әлеуметтік субьект үшін маңызды норма, болмыс тәсілі ретінде қарастырады. Онан әрі қарай құрылымдық-функционалдық талдау мектебінде «құндылық» ұғымы әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен әлеуметтік байланыстарды анықтаудың ұралы ретінде методологиялық мәнге ие болады
ХХ ғасырдың басында саяси ғылымдар толық мағынада қалыптаса бастады. Ал оған дейін құндылықтар детерминистік мағынадағы тұжырымдамалар түрінде әлеуметтік ғылымдар ауқымында қарастырылып келді. Позитивистік бағыттағы ағымдардың басымдық таныта бастауы (ХХғ. 20-30-жылдары) философиялық концепцияларды екінші қатарға ығыстыра бастаған болатын. Бұл құндылықтық тұрғының уақытша әлсіреп, көбінесе дерекке сүйенетін жаратылыстану мен нақты ғылымдардың беделін үстем еткен еді. Бұл үрдістер құндылықтардың шынайы да тұтас табиғатын түсінудегі қиындықтарға әкеліп тіреді. Г. Алмонд пен С. Джинкоудың пікірлерінше, көптеген тәжірибелердің нәтижесі тек формаларды қамтыды., зерттеуге тиісті тақырыптың мәні көлеңкеде қалып қойды.
Марксизм классиктері саяси құндылықтар мәселесіне арнайы тоқталмаған, дегенмен әлеуметтік-экономикалық және таптық мәселелерді құндылықтармен тығыз байланыста қарастырды. Марксизм үшін ең маңызды болған құндылықтар ″теңдік″, ″еркіндік″, ″әділеттік″, ″еңбек″ жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарының қатарына жатады. Бұл құндылықтарды қоғам өміріне ендіру формасы ретінде революцияны таңдаулары үлкен қатерлі болғанын тарих дәлелдеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс капитализм орнына социализм келеді, онда бұл аталған құндылықтардың басымдылығы артады деген пікірлері іске аспады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz