Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік



1 Сәлемдесу тәртібі
2 Бүгінде біз қалай амандасып жүрміз?
3 Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
4 Телефонмен сөйлесу әдебі
Сәлемдесу – тұңғыш рет немесе араға белгілі уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қыймылы арқылы бір – біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп жылы шырай танытуы.

«Сәлем - әдептіліктің белгісі»
Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандасуы тиіс.
Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесу түрлері:
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметте болыңыз!
-Аман-саусыз ба?
-Аман-есенсіз бе?
-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
-Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма?
Әсіресе араб тілінен енген:
-Ассалаумалейкум! яғни - Сізге амандық тілеймін!
-Уа алайкум салам! яғни - Сізге де амандық тілеймін!
-«Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті» -деген мақал бар. Ал оған керсінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер» - деген аталы сөз бар.
-Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі заманғы күнделікті әдептілік
Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қыймылы арқылы бір - біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп жылы шырай танытуы.

Сәлем - әдептіліктің белгісі
Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсету. Әрбір адам қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандасуы тиіс.
Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесу түрлері:
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметте болыңыз!
-Аман-саусыз ба?
-Аман-есенсіз бе?
-Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
-Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма?
Әсіресе араб тілінен енген:
-Ассалаумалейкум! яғни - Сізге амандық тілеймін!
-Уа алайкум салам! яғни - Сізге де амандық тілеймін!
-Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті -деген мақал бар. Ал оған керсінше Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер - деген аталы сөз бар.
-Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.
- Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырлауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлесу керек. Қай ұлттың, қай елдің болсын, ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің ұлттық сәлемдесу салты бар. Мәселен, жапон, кәріс, қытай сынды Қиыр Шығыс ұлттарының бір-біріне басын төмен иіп тұрып, сәлемдесу салтын күні бүгінге дейін сақтағанына еріксіз ішің жылиды. Тап сондай болмағанымен, ізетпен басын иіп сәлемдесу ғұрпы мұсылман әлемінде де бар. Бұл - сол ұлттардың сыпайы әдептілігінің ғана емес, адами қасиеттерінің де жиынтық көрінісі.
әлем сөздің атасы.
Сәлем - араптың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам- сөзінің тілімізде фанетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Мұсылмандар бір - бірімен осы сөзді қолданып амандасады. Сәлем - ішкі, сыртқы ауру-бәлелерден аман- сау, болу.
Сәләм - Аллаһтың есімі. Ұлы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай баяндауда: Ол сондай Аллаһ, Одан басқа ешбір тәңңір жоқ. Ол патша; Құддыс; Сәләм.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дұға қылатын: Ей, Аллаһым! Сен Сәләмсің, Сәләм (Амандық, есендік) жалғыз сенде. Ей құрметпен Ұлық иесі. Сен не деген Ұлықсың.
Ибн Арабидің көзқарасы бойынша:
Сәлем - ешбір кемшілік айыбы болмаған және мұндай нәрселерден ұзақ болған деген мағыналарда.
Сәлем - тыныштық пен аман-есендік иесі деген мағынаны береді. Яғни, жәннаттағы құлдарына амандық, бейбітшілік, бақыт пен тыныштық және көңіл тыныштығын беруші.
Сәлем - Жаратылысты қарағалықтан құтқарған деген мағынаны білдіруде.
Сәлемдесудің түп негізі жылы шырай, кішіпейілділік екенін ұмытпаған жөн. Сәлем - ізгі тілек, ықылас, пейіл көрсете отырып адамдардың бір - біріне шын ықыласын білдіру араларында көңіл жақындығы, жарастық нышанын оятатынын білуіміз керек. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту - инабатсыздық, ожар - тәкаппарлықтың белгісі, оны дініміз парасатсыздыққа, көргенсіздікке балайды. Шынында да, ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жадыратып, әлгі көрініс көпке дейін көңілдендіріп, жадында жүрмей ме?
Сәлемдесу-ол адамдардың бір-бірінің қадірін түсініп, бағалай білуі. Сәлемдесу кең етек жайған қоғамда, дүниедегі ең құнды жаратылыс болған адам баласы бір-біріне сүйеу болып, көңілді, қуанышты, жылы жүзді болады. Ал бірін- бірі адам санатына қоспайтын қоғам ашулы, көңілсіз, құрметсіз болады.
Әдетте , амандық - есендік сұрасудан пайда болған амандасу әдептерінің бірі- қолмен ишарат ету , белгі беру . Қадым заманғы неандерталь адамы аң аулап жүріп өзі секілді екі аяқты , жұмыр басты пендені кезіктіргенде , оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екендігін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған . Бұл ишарат ежелгі Мысырда шыққан . Онда адамдар бір-бірімен кездескенде қолдарын иық тұсына дейін көтеріп , алақандарын ашып көрсетеді екен . Онысы: Мен қарусызбын , қолымда ештеңе жоқ , саған адал ниетпен келіп тұрмын дегені. Мұны, әрине, біздің қазіргі қол алысып , амандасуымыздың бастапқы көрінісі деуге болады . Бұл әдет кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым ұшырасқан адамдар , ең алдымен, қару - жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы (ұстасуы ) керек болған. Қоштасу кезіндегі қол алысу бертінде : Бұл жолғы дидар - жүз көрісу кезінде бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз,алдағы кезде де осындай ақ пейіл, адал ниетпен, дос көңілмен кездесіп, қол алысатын болайық! - дегенді аңғартқан. Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесуі де түрлі - түрлі болып келеді. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иіліп, ізет жасап амандасады екен. Олары - басымыз аман болсын. дегендері. Франсуздар бір-бірінің маңдайынан сүйіп амандасады. Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдептілікке, көрегенділікке, естілікке жатады.
Халықта мынадай нақыл сөз бар: Ананың сүтімен бармаған, сиырдың сүтімен бармайды. Қандай тамаша айтылған сөз! Мынау әкемнің көзі еді, деп айтуға жарамаған бала әкесін сыйлап жарытпайды. Ел ішінде әкесінің көзін көрген үлкендерді арнайы тақтап немесе іздеп сәлем беруі - үлкен көрегенділік. Қазақта: Әкең өлсе өлсін, әкеңді көрген қалсын дейтін сөз бар. Олар танығандығынан сыйлап: Мынау біздің кешегі пәленшенің ұрпағы емес пе? дейді. Олай деген үлкендерді төбеге көтеру аз.
Отбасы тәрбиесіне келетін болсақ, үйдегі балалар, жас өспірім ұландар мен жастар таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті-қолдарын жуып келіп, ата-анасынан, отбасы мүшесіне, қонақтарға сәлем беруі керек. Адамның әр күнгі іс қимылы таңертеңгі сәлемнен жақсы лебіз, қошеметпен басталса ол тыныштықтың саламаттық пен өнімді іс-әрекетке айналады. .Сәлем сөздің анасы деген мақалда, яғни барлық істің басы сәлеммен басталады. Мысалы.: мектеп жасындағы балалар ұстазын көргенде сәлем беріп, сәлемін алады. Яғни қазақта мынадай мақал бар.:
Әдепті елдің баласы
.Алыстан сәлем береді - деген мақалда әдепті баланың сәлем беруі мен оның көрегенді, сыпайы адам екенін біледі.
Қазақта.: .Алдын сәлем, кейін сөз деген ұлағатты сөз бар. Яғни сәлемдесу әр бір істің символы десек те болады.
Дәмділігін жаңғақтың дәнегінен байқарсың.
Ықыласын жақсының сәлемінен байқарсың.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді демекші адам баласы қашанда тыныш-бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Сондықтан да сәлемдесу о заманнан құдайшылдық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.
Сәлемдесудің әдеп ретіндегі басты шарты-жылы шырай. Онда сәлем алушының қас-қабақ , бет-жүз құбылысы , даусы маңызы қызмет атқарады. Қабағы түнеріп , жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржитып , барқ ету немесе естілер-естілмес етіп міңгірлеп , ернін жыбырлата салудың шынайы сәлемдесуге үш қайнасы сорпасы қосылмайды. Өйткені мұның бәрі адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды. Айталық , көз көреді , аяқ жүреді , ауыз жұтады-осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, миықтағы күлкі , әуезді үн - айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары , жақсы қатынаста болуы тілектестік , ниеттестік үшін , тоң-торыс , жайсыз сезімдер көңілді абыржытып , жанды жараламауы үшін қажет.Сол себепті де әркім сәлемдесуі ғана емес , қалай сәлемдесуді білуі , өзінің қас-қабақ , бет-жүз , дауыс құбылысын қадағалап , алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы , машықтанып үйренуі керек. Мың сан жыл бұрынғы ата салты мен қазіргі заманға болмысын әсем үйлестірген әлемдегі ең өркениетті жане әдепті ел саналатын жапондықтардың қыздары қаршадайынан бастап , тіпті ұйықтап жатқанда да , жүздері күлімсірегендей жылы болуына үйретулері мәнсіз деп айта аласыз ба?...
Көпшілікке сәлем беруші олардың арасында өзін суқаны сүмейтін немесе түс шайысып қалған кісісі болған жағдайда да , онысын басқаға сездірмей , ашық ажар , айқын дауыспен сәлемдесуі ләзім.
Алғашқы сәлем берген кісі, қасындағысынан қайрылы болады. .Өйткені оның істеген ісі, қоғамға қарсы қарым-қатынасты жақсарту, яғни түзелту болады. Сол себепті де сәлемді алған бергеннің өте қайырлы боғанын білдірген. Мұндай жағдайда әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуға тиіс.Қол берісіп көріскенде , бір-бірінің қолын қатты қысып , ауырту әдепке жатпайды.Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып , бір қолын ұсынуы да жараспайды , шапалақты шарт еткізу де әдептілік емес. Сондай-ақ кемкетті , саусақтарын былқ еткізіп ұстата салу , біреумен амандасып жатқанда , көз көңілін басқа жақта тұруы-әдепсіздікпен пара-пар.Мұндай қылық кісінің көңілін қалдырады.Ал топ адамның ішінен танитын немесе атақты-абыройлы деген бір-екеуіміз ғана алалап сәлемдесіп , қол алысу- барып тұрған әдепсіздік. Бұл сәлем берілген адамдардың өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады да , сәлем берілмегендер үшін ашықтан-ашық қорлау болып табылады.
Сәлемдесу тәртібі.
Әрбір нәрсенің өзіне тән әдебі мен тәртібі болғанындай сәлем берудің де тәртібі бар. Сәлем ол адам баласына бір жақсылық, тілек болғандықтан оны шын ықыласпен беру керек. Сәлем берушінің сәлеміне тез жауап беру керек. Сәлемді анық, ашық қылып беру және алу Cәлемді алдын көліктегі жаяуға, аз көпке, жас қарияға, жоғарыдан түсіп келе жатқан көтерілушіге, жүріп бара жатқан отырушыға береді.
Салт атты жаяуға, жүріп келе жатқан отырғанға және азшылық көпшілікке сәлем береді.Имам бухари риуаятында: Жасы кіші жасы үлкенге- делінген.
Бүгінде біз қалай амандасып жүрміз?
Қазір көпқабатты бір үйде тұрып, бір есіктен шықсаң да, амандаспау әдетке айналып, ерсі болудан қалып барады. Әсіресе, жастар. Танымасын сыйламас дегендей, бетіңе бажырайып қарайды да, тіл қатпастан жүре береді. Сондықтан шығар, бір аудандағы кездесуде оқырмандардың осы мәселені қозғау туралы қадап тұрып айтқаны.
Расында да, әдептің осы жағы қазақтың Батысы пен Солтүстігінде қатты ақсап тұр. Өйткені, өзге жақтағы ағайындар басқаларға қарағанда мейлінше ілтипатты. Ал, өз өңірімізде үлкенге иілмей-ақ қойсын, тіпті, қарапайым сәлем беруге енжар безбүйректер жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бейтаныс ер-азамат көрсе, алыстан Ассалаумағалейкүм! деп, құрақ ұшатын, ақкөңіл бозбала, жігіттердің бүгінде көзден бұл-бұл ұшқаны қашан. Әрі кеткенде, әлгі бозбалалардың кейбірі болар-болмас қана ернін жыбырлатады, одан қалса, жоғарыда айтқандай, бажырайған күйі жаныңнан өте шығады.
Қазіргі жастардың бір-бірімен ұшыраса кеткенде Привет! деп бұлғай салатынына еріксіз зығырданың қайнайды. Жиіркенбей бірінің бірі бетінен, ернінен сүйіп жататындары да бар. Әсіресе, қыз-қырқын жағы. Қазақта бұрын көптен бері көрмеген адамының тек маңдайынан ғана сүйген. Соның ішінде бейтаныс қыз-келіншектердің бетінен сүймеген, тіпті, оларға қолын да ұсынбаған. Қазақтың ата салтында ер-азаматтың әйелмен, соның ішінде бейтаныс адаммен қол алысып, амандасу салты жоқ. Тек көріскенде ғана қол алысады. Әйелмен қол алысу - батыстық, орыстық үрдіс. Қазір қарасаң, бір-біріне емешесі құрып, өліп-өшіп жатқан біреу. Бұл да жат жұрттың тасыр қылығының қазақтың санасына терең сіңіп кеткендігінің айқын айғағы. Дәлел ме? Мінекейіңіз. Соңғы кезде кейбір жастар сәлемнің орнына Уау! немесе Салют! дегенді шығарған. Бұл не, жаңа мода ма?
Сәлеметсіз бе! деген де қазақи амандасу емес. Ол орыс тіліндегі Здравстуйте! сөзінің дәлме-дәл аудармасы. Қазақта бұрын да, қазір де бұрымдының жасы кішісі үлкеніне Сәлем бердік! деп амандасуы тиіс. Ал, үлкендер оған Амансың ба? деп жауап қайтарады. Ал, ұлдар жасы үлкен әйелдерге ғана Сәлем бердік! дейді де, ер-азаматтарға кездескенде айтатыны - бүкіл мұсылман жұртына ортақ Ассалаумағалейкүм!. Аталған сөздің араб тілінен қазақшаға аудармасы: Сізге Алланың нұры жаусын!. Екінші адамның Уағалейкүмассалам! деп қайтарған жауабының мағынасы: Сізге де Алланың нұры жаусын!. Қандай қарапайым да қастерлі сөздер! Тек игі тілектен ғана тұратын. Ресми де салқын нышанды Сәлеметсіз бе! дегеннен мың есе артық.
Кімнің кім екені сәлемінен білінеді. Мұндай әдепсіздіктің қазір кең таралуының басты себебі - ол жөнінде не үйде, не түзде айтылмайды, тіпті, ауызға да алынбайды. Егер әр шаңырақта ата мен әже, әке мен шеше Былай амандасу қажет деп ата салтқа үйретіп отырса, оның кез келген ұл мен қыздың санасына сіңіп, әдебін қалыптастырары сөзсіз. Біздің мектептер, жоғары, арнаулы орта оқу орындарында екі күннің бірінде қазақтың салт-дәстүріне, болмысына қайшы, түкке керегі жоқ Валентин күні немесе тағы басқа шаралар өтіп жатады. Ал, үлкенді сыйлау, жалпы сәлемдесу үрдісі жайында тәрбие сағаттары немесе кездесулердің ұйымдастырылғаны, өтіп жатқаны туралы естіген емеспіз. Неде болса, Америкаға, қала берді, Батысқа еліктеудің сан үлгілерін көрсетіп, Біреудің қаңсығы біреуге таңсықтың кебін киіп жатады.
Ұзын сөздің қысқасы, орыс көршіміз: Киіміне қарап қарсы алып, ақылына орай шығарып салады, - деп айтқандай, кімнің кім екені ең әуелі сәлемінен білінетіні сөзсіз.

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлем -- арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі.Сәлемдесу -- тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір -- біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Сәлем - сөздің басы делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп, адамшылық -- амандасудан басталады.Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі -- сәлемдесу.Оның шарапаты мен кереметі сонда -- адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір -- біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Экономикалық жүйелер және оның мәні
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары
Афиндік мектеп
Адамшылық амандасудан басталады
Журналистің кәсіби санасының құрылымы
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Этика түсінігі және оның заты
Пәндер