Үндістан елінің экономикалық-географиясы
КІРІСПЕ
1 Үндістан мемлекетінің экономикалық.географиялық жағдайының ерекшеліктері
1.1 Үндістанның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Мемлекеттің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы ... ... ... ... ... ... .8.10
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық баға беру ..10
2 Үндістан мемлекетінің шаруашылық салаларының дамуы
2.1 Халық мен мәдениеті ... ... ..14.15
2.2 Үндістанның негізгі шаруашылық салалары ... ... ... ... ... ... ... ... 15.17
2.3 Үндістандағы қазіргі кездегі туризмнің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ..17.19
3 Сыртқы экономикалық байланыстары
3.1 Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен қарым.қатынасы ... ... ...20.25
Қорытынды ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .27
Қосымша ... ... ... ... ..

Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан – федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үн¬дістан жерінде адамзат тас ғасыры¬нан бері тіршілік кешкені архео¬логиялық деректермен дәлелденген.

1. Б.Тасболат,Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер
2. В.П.Максаковский «География» Алматы 1997,157-162 беттер.
3. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
4. «География және табиғат» 2006,№6
5. Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова «География» Алматы 2007, 124 беттер
6. Ермаков В.А. Казахстан в современном мире (экономико-географический очерк) Алматы, 1998
7. Кунхожаев Н.Р. Экономика современного Казахстана: состояние и развитие. Алматы, 1998
9. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаев «Экология» Алматы, 2002
10. Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы, 2002
11. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаев «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы, 2000
12. Ұ.Б.Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005
13. Экологиялық білім бағдарламасы – Алматы, 2007
14. А. Т. Райымбекова «Экология- экономикалық дамуға ықпалы»
15. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы, 2007
16. Ғ. Нысанбаев «Мың құпиялы металдар» Алматы, 1998
17. Д.Ұ. Смағұлов «Металлография» Алматы, 1997
19. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
20. Егеменді Қазақстан 2005, №1235 11.05.24
21. Егеменді Қазақстан 2006, №4377 12.06.28
22. Атлас СССР. М., ГУГК. – 1983
23. Лаппо Г.М: География городов. М., Владос. – 1997
24. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

Аннотация
Бұл курстық жұмыста Үндістан елінің экономикалық-географиясы туралы
мәліметер берілді.
Курсттық жұмыс 30 беттен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Үндістан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері
1.1 Үндістанның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Мемлекеттің
қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-10
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық
баға беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...10-1 3
2 Үндістан мемлекетінің шаруашылық салаларының дамуы
2.1 Халық мен мәдениеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.2 Үндістанның негізгі шаруашылық салалары
... ... ... ... ... ... ... ... 15- 17
2.3 Үндістандағы қазіргі кездегі туризмнің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ..17-19
3 Сыртқы
экономикалық байланыстары
3.1 Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен қарым-қатынасы

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...27
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... .28-31
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық
ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының
ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Үндістанның шет елдермен және
Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат
пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында
Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма
Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде
Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен
(шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км),
батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының 2912 км)
шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы
елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы,
шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының
шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000
км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км². Үндістан –
федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық
республика.
Үндістан – халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып
елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде
адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен
дәлелденген.
Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының
дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта
теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді
мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен
байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947
ж.) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы
шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы
аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж.) шешілмей келеді, сондықтан да
бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал
Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім
таулы Гималай жоталары бойынша өтеді.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Үндістан мемлекетіне
экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1) Үндістан мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі
қандай?
2) Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
3) Мемлекеттің қалыптасу тарихы қандай?
4) Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
5) Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
6) Мемлекеттегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
7) Үндістанның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-
қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғ. Гарапова География, Ә.Бейсенова,
К.Каймулдиналардың География атты кітабы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы: Үндістан мемлекетінің физика-географиялық
және экономика-географиялық сипаты туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары
толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Үндістан мемлекеті туралы мәлімет алу үшін
қажетті практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қосымшадан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы
1. Үндістаның аумағы мен әкімшілік бөлінуі. Үндістан мемлекетінің қалыптасу
тарихы мен геосаяси жағдайы
Үндістан – Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 25 штат пен
7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында

республика. Нью-Делидегі орталық үкімет қорғаныс, коммуникация, банктік іс
пен қаржы, халықаралық сауда мен шетелдік іс сияқты ұлттық көлемдегі барлық
мәселелер бойынша бірыңғай юрисдикциясы бар. Мемлекеттік басқару қоғамдық
тәртіп, білім беру, денсаулық пен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша
бірінші болып жауапкершілік алады. Ағымдағы оңшыл үкімет – бір неше саяси
партиялардың коалициясы, себебі Бірлескен Озық Альянс құру үшін. AusTrade
мәліметін ағылшын тілінен аудыру.
Сауда қатынасы мен статистика. Үндістан – БСҰ Бүкіләлемдік Сауда
Ұйымына мүше және бейбітшілік пен қосылмау қағидаларына негізілдеген жақсы
дамыған ішкі саясаты бар. Бұдан басқа, ел Бірлескен Ұлттар Ұйымының және
ұлттар Достастығының мүшесі. Үндістан – Оңтүстік-Азияның Аймақтық
Ынтымақтастық Қауымдастығы мүшесі.
Үндістан Республикасы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15
тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалынған.
Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жарияланған күні (1950 ж.).
Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен министрлер кеңесінен
басқарушы премьер-министр қолында. Заң шығарушы екі палаталы парламент
(сансад) тарапынан жүзеге асырылады. Жоғарғы палата – халықтық палата,
төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан
Ұлттық конгресі (ҮҰК), Бхаратия джаната партиясы.

дәлелденген. Әлемнің ежелгі өркениетінің орталығы болған Үндістан жерінде
неше түрлі ғажайып мәдени ескерткіштер сақталған. Ақыл-ойының жүйріктігі,
философиясының тереңдігі, танымы мен мәдениетінің сұңғылалығы, әдебиеті мен
көптеген басқа өнер түрлерінің жеткен шыңдары бойынша да Үндістан барша
әлем таңғаларлықтай ерекше ел. Көпұлтты ел халқының 80 пайыздан астамы
индуизм, 10 пайыздан артығы ислам дінін тұтынады. Мемлекеттік тілі – хинди
тілі[1].

таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп
жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндикуш және Гималай тау жүйелері
тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.
Қазіргі Үндістан аумағында өтеертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда
болған. Б.з.д. III мыңжылдықтың ортасынан б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші
жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениетті
веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның
солтүстік-батысы Парсы империясының I Дарий қоластына өтті. Х ғ. соңындағы
мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні
басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.
Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелігін Темірлан шапқыншылығы
алмастырылды. (1398 – 1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели
сұлтандығы өзінің бірқатар иеліктерінен айырылды. Темірланның немересі
Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар
империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ХVII ғ. басына
тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бірқатар Еуропалық державалар көз
аларата бастады. Бұл аймаққа келген ықпал үшін Франция мен Англия
арасындағы тартыс Англияның пайдасына шешілді. Жаңа колониялы белсенді
игеру Британия тарапынан XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында іске асырылды.
Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар
көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойылғанын
паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-
азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігіне алып келді.
Иә, балалық шақтан санамызға сіңген пақырлар мен пілдер отаны —
Үндістан. Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел.
Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын
ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ғашықтар тілін ән мен би арқылы
ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы – Тәж-Махалды
тұрғызған шежірелі ел.
Данышпен Махатма Ганди: “Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз керек”
дегендей, тарихи тағдырларында көп ұқсастық бар Қазақстан мен Үндістанның
өркениет әлемінің баспалдағына шығып, жаңа өзгерістердің бел ортасынан
табылуға деген ұмтылысы олардың мүдделерін де ортақтастырып отырғаны анық.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік
сапарының Үндістан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік
күнімен тұспа-тұс келуінің де аса маңызды мәні бар.
26 қаңтар — Үндістан халқының ғасырлар бойғы бодандық бұғауынан босап,
ағылшын отаршыларынан азаттық алып, Үндістан Республикасын жариялаған күні.
Елдегі ерекше атап өтілетін мемлекеттік мереке. Сондықтан Үндістан үкіметі
бұл айтулы ұлттық мерекеге өздері үлкен сенім артқан, халықаралық дәрежеде
аса беделді де құрметті мемлекет басшыларын ғана шақырады. 2007 жылы бұл
мерекеге Ресей президенті Владимир Путин қатысса, өткен жылы Франция
президенті Николя Саркози шақырылған болатын. Ал биылғы жылғы аса маңызды
60 жылдық мүшелтойға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылып отыр. Бұл үндістандықтар
тарапынан біздің елімізге және оның басшысына жасалған үлкен құрмет пен
Елбасының халықаралық дәрежедегі зор беделінің белгісі екендігі сөзсіз[2].
Қазақстанда көптеген ғалымдары Үндістан тарихы туралы қызықты деректерді
жариялап отыр. ХVІІІ ғасырдың ортасынан 1947 жылға дейін екі ғасыр бойы
Үндістан өз тәуелсіздігін алғанша азаттық күресін жүргізіп келді. Сол
күрестің ХХ ғасырдың басындағы көшбасшыларының бірі Махатма Ганди болды.
Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының басында тұрған ол күш көрсетпеу
жолымен қарсыласу бағытын уағыздады. Міне, осы ұлы тұлғаның түрлі
мінберлерде айтқан сөздері, баспасөз бетінде жарық көрген мақалалары
А.Төлеуованың аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр.
Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде Е.Ертісбаев Қазақстанда
Үндістанды тану орталығының ашылуы мен М.Гандидің сөздерінің қазақ тілінде
шығуын маңызды оқиға деп бағалайтынын айтты. Үндістан елшісі А.К.Мукерджи
де бұл шараға өз қуанышын білдірді. Орталық ішінде Үндістаннан жеткізілген
жүздеген кітап, осы ел қалаларының фотокөріністері, көптеген суреттер,
компьютер, музыкалық орталық, сондай-ақ М.Гандидің қола мүсіні де бар екен.
Осының бәрі Үндістан жағы бөлген қаражатқа алыныпты. Сөйтіп, қазақ жерінде
Үндістанды тануға мол мүмкіндік беретін орталық ашылды. Мұның көзі қарақты
қазақстандық үшін берері мол болмақ.
1.2 Үндістанның табиғаты мен табиғат ресурстарына экономикалық баға беру
Үндістанда 3 негізгі табиғат зоналарын бөліп қарауға болады. Шығыс
және батыс Гат тау тізбектерімен қоршалған Декан таулы үстірті Үндістан
түбегін түгелдей дерлік алып жатыр. Үнді-Ганг жазығы өз кезегінде екі
бөліктен тұрады. Шығысында Ганг және Брахмапутра өзендерінің аңғарында
ылғалды тропиктік орман, ал батысындағы Тар шөлі құрғақ аймаққа болып
табылады.
Елдің солтүстігін әлемдегі ең биік Гималай таулары алып жатыр.
Үндістан аумағында: Чогори (8611 м) – әлемдегі екінші шың және Қарақорым
тау жүйесінің ең биік нүктесі, Канченджанга (8586 м) – әлемдегі үшінші шың,
Нангапарбат (8126 м) орналасқан.
Басты өзендері: Ганг, Үнді, Брахмапутра және Годавари.
Пайдалы қазбалары: көмір (көмір қоры жөнінен төртінші орын), темір
кені, табиғи газ, мұнай, марганец, титан кені, хром, алмас, слюда, әктас.
Егістік жерге аумағының 55%-ы тиесілі, ормандар мен бұталар барлық
жерінің 23%-ы алып жатыр.
Елдің кең-байтақ аумағы климаттық жағдайдың өзгешелігімен сипатталады.
Жыл ішінде үш маусым бір-бірімен ерекшеленеді: Үндістанның көп бөлігінде
қыс айлары іс жүзінде құрғақ, тек солтүстік-батыста циклонға байланысты
қысқы жауын-шашын тіпті жазғы жауын-шашыннан молырақ болады. Наурыз айынан
бастап ауаның температурасы жылдам өседі де, мамырдың соңында ең жоғарғы
шегіне жетеді (кейбір аудандарда +40ºС-қа дейін). Маусым айында жаңбырлы
маусым басталады. Ауаның температурасы шұғыл төмендеп, ылғалдылығы 95% және
одан жоғарыға көтеріледі. Қыркүйек айында муссон кетеді де, ауаның
температурасы 25 – 27ºС шамасында тұрақтайды. Кейбір аудандарда циклонның
келуі дауылға, тіпті тайфунға ұласады (желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ге
жетеді).
Табиғи ресурстар – табиғат жағдайларымен салыстырғанда өндірісте
тікелей қолданып, оның шикізат және энергетикалық базасын құрайды.
Ежелгі адамдар тамаққа өсімдіктердің аздаған түрі мен жануарларды
қолданды. Кейінірек егін шаруашылығына топырақты өңдеп, қола мен темір
өндіре бастады. Қазіргі шаруашылықта ашылған барлық химиялық элементтермен
қатар атом ядросының энергиясы қолданылады. Тіпті су мен ауаның өзі ағаш
пен кен сияқты шикізатқа айналады[3].
Олардың түрлерін анықтап, тиімді пайдалану үшін ғалымдар
классификациялар жасады.
1-Сызба табиғат ресурстарының классификацисы
1-сызба. Табиғат ресурстарының классификациясы(жалғасы.)
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға:
1) барланған кен орындарынан барлық құнды заттарды негұрлым толық алу;
2) жаңа кен қабаттарын ашу;
3) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен отынды үнемдеу үшін
алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану.
Экономикалық тұрғыдан бағалаусыз табиғат ресурстарды тиімді пайдалану
мүмкін емес. Мысалы, пайдалы қазбаларға баға бергенде:
1) мөлшері (қоры);
2) сапасы (құрамы және пайдалы элементтердің үлесі);
3) шөгінді қабатының және өндірудің жағдайы (тереңдігі, қабаттарының
қалыңдығы);
4) өндірілетін өнім бірлігіне жұмсалатын шығын мөлшері;
5) жердің игерілуі мен қоныстануы;
6) көлік жолдары мен өнімді тасымалдауға жұмсалатын шығын;
қоршаған табиғи ортаны мсақтап қалу мүмкіндігі есепке алынады.

2.1 Үндістанның халқы мен мәдениеті
Халықтың саны – 1095 млн адам, орташа тығыздығы шамамен әрбір км²-ге
шаққанда 290 адамнан көп. Үндістан көп ұлтты ел. Елдің көпшілігі (72%) үнді-
арийлер (300-ден аса этностық топтар), дравидтер халықтың 25%-ын, монғол
тектестер 3%-ын құрайды. Елде барлығы 500-ден аса ұлттар мен тайпалар
мекендейді. Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері, сонымен қатар 14
тіл (бенгал, тамиль, телугу және басқа да) елдегі түрлі штаттарда ресми тіл
ретінде қолданылады. Хинди тілінің бір нұсқасы – урду Үндістанның
солтүстігінде кең тараған. Жалпы елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және
көптеген диалектілерде сөйлеседі.
Басты діндер – индуизм, ислам, христиан, сикха, будда.
2-диаграмма. Үндістандағы әлемдік діндердің таралуы
Мұндағы басты діндер – 1.индуизм (халықтың 82,5%-ы), 2.ислам (11,4%),
3.христиан (2,4%), 4.сикха (2%), 5.будда (0,7%), өзге де діндер 1℅-ды
құрайды.
Үндістан – халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Туу
көрсеткіші әрбір 1000 адамға шаққанда 27,78 нәрестеден келсе, өлім-жітім
әрбір 1000 адамға 10,07 адамнан (бала өлімінің деңгейі әрбір 1000 адамға
76,3 адамнан) келеді. Елдегі өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші
ерлерде – 58 жас, әйелдерде – 60 жас.
Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе - әйелдерге қарағанда ерлер көп.
Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы,
әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31,7 млн еңбекке жарамды адамдардың
65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруалар өте басым, олардың көбісінің
жері аз, тұрмыстары өте нашар. Жұмысшылардың көбісі ұсақ, жартылай
мердігерлік шеберханада жұмыс істейді. Соңғы уақытта техниканың соңғы
түрімен жабдықталған кәсіпорындар көбеюде. Сыртқы көші-қон шектелген, ал
ішкі көші-қон жылдам өсуде, ауылдан қалаға қоныс аударушылар жылдан-жыцлға
өсу үстінде. Елдегі халықтың орналасу өзгерісін анықтайтын урбандалу
жетекші үрдіске айналады.
Ұлыбританияның отары кезінде Үндістан өнеркәсіп орындары тек бірнеше
ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір жаңа
кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды,
өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл
шаруашылығынан басып озды[4].

Ауыл шаруашылығында да елеулі өзгерістер болды. Онда жүргізілген
реформалар капиталистік шаруашылықты нығайтып, арендаторлардың жағдайын
жақсартты. Ауыл шаруашылық өнімдері жылдан-жылға өсуде. Үндістан елдің
астыққа деген сұранысын толық қамтамасыз етеді. Күріш өндіруден дүние
жүзінде екінші орында.
Ел экономикасының негізгі секторы ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Ел
аумағының басым бөлігінің табиғат жағдайы ауыл шаруашылығын өркендетуге
қолайлы болып келеді. Муссондық жауын-шашынның жыл ішіндегі үлесі егістік
жұмыстарын екі маусымда жүргізуге: жазғы (хариф) егінді мамырда егіп, қазан-
қарашада, ал қысқы (раби) егінді қарашада егіп, мамырда жиып-теріп алуға
мүмкіндік береді. Елде 141 млн га жер өңделеді, оның 84 млн га-сы суармалы
жер.
Үкімет тарапынан жасалған көмектер нәтижесінде кейбір дәнді
дақылдардың өнімі артты.
Егіс көлемінің 80%-на жуығын азық-түлік дақылдары (күріш, бидай, тары,
бұршақ тұқымдастар) құрайды. Күріш дақылы, негізінен, теңіз маңы
ойпаттарында және Ганг өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы суармалы
жерлерде, тары тұқымдастар Декан таулы үстіртінде егіледі. Техникалық
дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер (рапс, үпілмәлік,
жержаңғақ) өсіріледі. Мақтаның дені Декан таулы үстіртінің солтүстік-
батысындағы лава бетінде пайда болған қара топырақты жерлерде егіледі.
Мұндай топырақ ылғалды ұзақ сақтайтындықтан, мақта егістігі суарылмай-ақ
жетіледі. Экспортқа шығарылатын басты дақыл – шай. Шығыс Гималайдың
бөктерінде өсіріледі. Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы
құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны
жөнінен Үндістан дүние жүзінде бірінші орында және олар түгел дерлік
(қодас, сиыр) күш көлігі ретінде пайданылады. Құс шаруашылығы жақсы
дамыған.
Балық аулаудың жылдық көрсеткіші 3 млн тоннаға жақындады (бұл
көрсеткіш бойынша Үндістан дүние жүзіндегі елдердің ондығына кіреді).
Дегенмен де миллиондаған адамдар, әсіресе оңтүстікте өте кедейшілік ғұмыр
кешуде.
Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата,
машина жасау, тау кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика,
электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету секторы
жоғары қарқынмен дамуда[5].
Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және
мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда
серіктестіктері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
Үндістанда 800 млн. адам күніне жарты долларға өмір сүреді, ал 200 млн.
адам кедейлік құрсауында. Сөйте тұра, ғарыш державасы атанудан үміткер.
Сондай-ақ, Үндістан денсаулық сақтау мен әскери салада Азияда алдыңғы
қатарда. Тағы бір назар аударатын жәйт - ол, халықтар бірлігі.

қатарда.
Үндістанға бара қалсаңыз бірден көше саудасына көз саласыз.
Себебі, бұл елде кәсіптің осы түрі қарқынды дамыған. Сондықтан болар, оның
экономикадағы орны да ерекше. Сондай-ақ, бизнестен де басқа назар
аударарлық жәйттер бар. Ол - халық бірлігі. Бұрнағы кездегі халық
арасындағы бай мен кедей деген түсінік бүгінде ұмытылып келеді. Бұл орайда
Үкімет әлеуметтің қатты жіктелмеуін жіті қадағалауды қолға алған.
Тағы бір айта кетерлігі, Дели көшелерінде біздегідей қаптаған шетел авто
көліктерін көрмейсіз. Барлығына ортақ - отандық көлік – Амбассадор
көлігі.
Соңғы он жылда айтарлықтай экономикалық реформалар Үндістанға ең
серпінді әрі жылдам даму үстіңдегі елдердің біріне айналуға көмектесті.
Үндістан – болашақта әрі қарайғы өсімі бар үлкен, диверсифицирленген
экономика, өйткені көпшілік азиялық нарық ортасында барынша ықпалды бола
түсуде. Сол уақытта ортамерзімді және ұзақмерзімді болашақтағы өсім қарқыны
тәрізділер жүргізіліп жатқан реформаларды қамту деңгейі мен жылдамдыққа
айтарлықтай дәрежеде байланысты, қанша барлық азиялық экономика қысқарту,
әлде өсімнің азаюын күтіп отырғанда, үнді нарығын көзге ілмеу мүмкін емес.
1991 жылдан бастап, Үндістан жекеше секторға үнді экономикасының бұрын
мемлекеттік реттеуге жатқан көптеген салаларына жол ашты. (шетелдіктерді
қосқанда) Телекоммуникация, инфрақұрылым, энергетика, мұнай мен көлік
секторы саласындағы бәсекелестік белсенді қолдауға ие.
Қазіргі кездеҮндістанда ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі жақсы
дамыған, штаттар арасында экономикалық байланыс жүйесі кең әрі күрделі.
Минералды шикізаттарға бай солтүстік-шығыс штаттарда, Домадор өзенінің
аңғалрында ауыр өнеркәсіптің ірі ауданы пайда болды. Сонымен бірге жеңіл
және тамақ өнеркәсібінің негізі болған күріш егісі, джут және шай
өндірісінің барлығы дерлік осы жерде шоғырланған.
Солтүстік-батыс штаттарда кенді шикізат пен отын жоқтың қасы. Сатледж
өзенінде салынған қуатты Бхакра-Нангал су электр станциясының қуатын
пайдаланатын, металды аз жұмсайтын машина жасау кәсіпорындары бар. Мұнда
металл солтүстік-шығыс штаттардан әкелінеді. Ал Бхакра-Нангал бөгені бидай
мен әр түрлі техникалық дақылдар өсіретін суармалы жерлерді кеңейтуге ықпал
жасады. Бұл штаттарда Үндістанның өзге штаттарымен салыстырғанда техниканы
көптеп пайдаланатын капиталистік шаруашылықтар көп.
Ең ірі өнеркәсіп орталығы – Дели қаласы. Атқаратын қызметі мен сыртқы
сипатына қарай Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып бөлінеді.
Жаңа Делиде іскер орталық пен ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда
еуропалық стильмен салынған кварталдар бар., ал ескі қалада ұсақ
шеберханалар мен жұмысшы халық тұратын кварталдар орналасқан.
Батыс және Орталық штаттарда тары тұқымдастар мен мақта өсіріледі.
Мұнда мақта-мата өндірісінің өнеркәсіп кешені қалыптасқан. Соңғы кезде
мұнай кен орындары ашылуына орай мұнай өңдеу мен мұнай химия өнеркәсібі
қалыптасуда. Мумбайдың аса зор қала агломерациясында түрлі профильді машина
жасау зауыттары орналасқан. Сонымен қатар электротехникалық кәсіпорындар
мен елдегі тұңғыш атом реакторы салынды.
Мумбай қаласында көптеген ғылыми зерттеу институттары, университет,
бірнеше киностудия бар. Онда шетел туристері үшін жағажайлар жабдықталып,
қонақүйлер салынған.
Оңтүстік штаттар күріш, көкөністер мен кокос жаңғағын өсіруге
маманданған. Мадрас қаласындағы кәсіпорындар ауылшаруашлығы өнімдерін
экспортқа шығарумен айналысады. Бангалор және өзге де ішкі қалаларда көлік
машиналарын жасау, станок жасау зауыттары бар[6].
2.3 Үндістандағы қазіргі кезде туризмнің дамуы
Туризм саласы Үндістанда көне заманнан бері дамып келеді. Адам
баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп,
сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған.
Жаһандағы жеті керемет соның айғағы. Арада ғасырлар ізі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz