ҚР Президеттік сайлау тәртібі



І. Кіріспе
ҚР Президеттік сайлау тәртібі
1. Сайлау жүйесі
2. Легитимация
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сайлауға қатысу шарттары
2. Сайлау алдындағы үгіт
3. Сайлауды қаржыландыру
4. Әр азаматтың дауысының маңызы
Қорытынды
Сайлау. Демократиялық ұстанымдарды өмірге енгізу жалпыға бірдей ашық сайлау өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Демократиялық жолмен сайлау өткізу деп үкіметтің әрекетіне сын көзбен қарауға, онысын жариялауға және балама ұсыныстар енгізуге еркі бар азаматтардың мемлекет басқарушыларды мейлінше әділ жолмен таңдап алуын айтамыз. Сайлау әділеттілігінің өлшемі – бәсекелестік, кезеңділік, өкілеттілік және түпкілікті сайлау жүйелерінің болуымен айқындалады.
Сайлау жүргізу үрдісінде бәсекелестік, ең алдымен, оппозицияның сайлауға қатысуға мүмкіндік алуынан көрініс береді. Сайлауды шын бәсекелестікпен өткізу жағдайында оппозиция өкілдерінің баспасөзге, эфирге шығуы қамтамасыз етіледі, ашық сөйлеуге, жиналыстар өткізуге еркіндік беріледі. Оппозиция пікірі қосымша цензураға ұшырамауы керек. Әділетті сайлау өткізу үшін сайлауға түсетін кандидаттардың бірнешеу болуы шарт.
Сайлаудың кезеңділігі, конституцияда көрсетілгендей, белгілі бір мерзім өткен сайын қайта жүргізіліп отырылуынан көрінеді. Демократиялық қоғамда кез келген жетекшінің сайланбай қалуы немесе қайта сайлануы әбден мүмкін. Көптеген елдерде кесімді мерзімге сайлаудың соттарға қатысы жоқ. Оның өзіндік қисыны бар.
Өкілеттілік өлшемі түрлі ұлттық, діни, нәсілдік азшылық өкілдерінің үкімет құрамына енуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Демократиялық сайлау жүргізу аркылы билік тұтқасына келген жетекшілер конституцияға сүйене отырып, іс жүзінде өздерінің биліктік құзырға көрсете алуы сайлаудың түпкілікті екендігінің көрінісі.
Сайлау жүйесі. Сайлау дегеніміз - әр азаматтың - тұлғаның өмірлік қызметіндегі қажетті, кепілдікті конституциялық минимум болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда, азаматтың сайлауға және сайлануға қатысу құқығы болса, екінші жағынан, бұл демократиялық ұстанымдарды өмірге ендіруге мүмкіндік беретін, әр азамат орындауға тиісті міндет.
Қоғамдық практикада сайлау жүргізудің негізгі үш жүйесі жиі колданылады. Олар мыналар: пропорционалдық өкілеттік жүйе; мажоритарлық жүйе; абсолютті көпшілік дауыс алу жүйесі.
1. Жамбылов Д.А., Бабақұлы Б. Саяси терминдер төркіні. // Ақиқат, 1997.
2. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері: Оқу қүралы. Алматы,
1995.
3. Қалиев Қ. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы. //Саясат, 1996, ™ 8.
4. Әбікенов С. Заңдылықты жүзеге асырмайынша. // Ақиқат, 1995.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ҚР Президеттік сайлау тәртібі
1. Сайлау жүйесі
2. Легитимация
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сайлауға қатысу шарттары
2. Сайлау алдындағы үгіт
3. Сайлауды қаржыландыру
4. Әр азаматтың дауысының маңызы
Қорытынды

Сайлау жүйесі
Сайлау. Демократиялық ұстанымдарды өмірге енгізу жалпыға бірдей ашық
сайлау өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Демократиялық жолмен сайлау өткізу деп үкіметтің әрекетіне сын көзбен
қарауға, онысын жариялауға және балама ұсыныстар енгізуге еркі бар
азаматтардың мемлекет басқарушыларды мейлінше әділ жолмен таңдап алуын
айтамыз. Сайлау әділеттілігінің өлшемі – бәсекелестік, кезеңділік,
өкілеттілік және түпкілікті сайлау жүйелерінің болуымен айқындалады.
Сайлау жүргізу үрдісінде бәсекелестік, ең алдымен, оппозицияның
сайлауға қатысуға мүмкіндік алуынан көрініс береді. Сайлауды шын
бәсекелестікпен өткізу жағдайында оппозиция өкілдерінің баспасөзге, эфирге
шығуы қамтамасыз етіледі, ашық сөйлеуге, жиналыстар өткізуге еркіндік
беріледі. Оппозиция пікірі қосымша цензураға ұшырамауы керек. Әділетті
сайлау өткізу үшін сайлауға түсетін кандидаттардың бірнешеу болуы шарт.
Сайлаудың кезеңділігі, конституцияда көрсетілгендей, белгілі бір
мерзім өткен сайын қайта жүргізіліп отырылуынан көрінеді. Демократиялық
қоғамда кез келген жетекшінің сайланбай қалуы немесе қайта сайлануы әбден
мүмкін. Көптеген елдерде кесімді мерзімге сайлаудың соттарға қатысы жоқ.
Оның өзіндік қисыны бар.
Өкілеттілік өлшемі түрлі ұлттық, діни, нәсілдік азшылық өкілдерінің
үкімет құрамына енуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Демократиялық сайлау жүргізу аркылы билік тұтқасына келген жетекшілер
конституцияға сүйене отырып, іс жүзінде өздерінің биліктік құзырға көрсете
алуы сайлаудың түпкілікті екендігінің көрінісі.
Сайлау жүйесі. Сайлау дегеніміз - әр азаматтың - тұлғаның өмірлік
қызметіндегі қажетті, кепілдікті конституциялық минимум болып табылады. Бір
жағынан алып қарағанда, азаматтың сайлауға және сайлануға қатысу құқығы
болса, екінші жағынан, бұл демократиялық ұстанымдарды өмірге ендіруге
мүмкіндік беретін, әр азамат орындауға тиісті міндет.
Қоғамдық практикада сайлау жүргізудің негізгі үш жүйесі жиі
колданылады. Олар мыналар: пропорционалдық өкілеттік жүйе; мажоритарлық
жүйе; абсолютті көпшілік дауыс алу жүйесі.
Сайлау пропорционалдық өкілеттік жцйе бойынша өткізілгенде, дауыс беру
партиялар ұсынған тізім бойынша жүргізіледі. Дауыс беру нәтижелері
депутаттың мандаттарды жеңіп алу үшін өз кандидаттарын ұсынған партиялар
жинаған дауыс санына сәйкес анықталады. Сайлау пропорционалдық өкілеттік
ұстаным бойынша өткізілгенде, үлкен сайлау округтері күрылады, әр партия
өз кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар партияға немесе партия
ұсынған адамдар тобына, кейде партия ұсынған тізімдегі жеке адамга дауыс
береді. Дауыс беру нәтижесін анықтау үшін бір депутаттык маңдатты жеңіп
алуға кажетті дауыс минимумы тағайындалады. Мандатты тізімдегілердің
арасында бөлу, әдетте, сол тізімдегі рет бойынша жүргізіледі.
Пропорционалдық жүйе бойынша сайланған өкілеттік органдарда азшылық
өкілдерін жеткілікті деңгейде қамту жағы жақсы шешіледі. Алайда мұндай
арттықшылығымен қоса, пропорционалдық жүйенің кемшілік жақтары да бар.
Депутаттыққа сайланған партия жетекшісі шын мөнінде ұлттың алдында емес,
өзін депутаттыққа сайлаған партияның алдында жауапкер сезінеді.
Сайлау жүргізудің пропорционалдық жүйесі Италияда, Бельгияда,
Финляндияда, Израильде, көптеген Латын Америкасы елдерінде қолданылады.
Қазіргі Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаттары да осы жүйе бойынша
сайланған.
Мажоритарлық (франц. majore - көпшілік) жүйе бойынша өткізілген
сайлауда округ бойынша көп дауыс алған кандидат сайланған болып саналады.
Бұл жүйенің абсолютті көпшілік дауысты жеңіп алу (сайлану үшін
сайлаушылардың 50%-нан астамының дауысын жинау) және салыстырмалы көпшілік
дауысты жеңіп алу (өзге кандидаттармен салыстырғанда көп дауыс жинау)
сияқты түрлері болады. Мажоритарлық жүйемен сайланған өкімет орнықты болып,
байсалды жұмыс жасайды. Депутаттар мен сайлаушылар арасындағы байланыс
жақсы жолға қойылады. Елде саяси жанжалдар мен дағдарыстар аз болады.
Мажоритарлық жүйенің кемшілігі ірі партиялар үшін тиімді болып,
қоғамдағы саяси күштердің нақты жағдайын көрсете алмауында. Мұндайда 49%
дауыс жинаған партияның (немесе партиялар блогының) өкілетті органдарда
өкілдері болмай шығады. Демек, тұрғындардың маңызды бөлігі өз өкілдері
арқылы ел өміріне әсер ете алмайды деген сез.
Сайлау жүргізудің мажоритарлық жүйесі Ұлыбританияда, Үндістанда,
Мексикада, тағы басқа елдерде қолданылады. Соңғы жылдарға дейін Америка
Құрама Штаттарында да сайлау осы жүйе бойынша жүргізіліп келді.
Абсолютті көпшілік дауыс алу жуйесі бойынша сайлау екі түрмен
өткізіледі. Алғашқы турда сайлаушылардың жарымынан астанымының дауысын
жинай алмаған кандидаттардың салыстырмалы көп дауыс алған екеуі келесі
турда дауысқа түсуге құқық алады. Партиялар сайлау барысында ымыраға
келеді. Келесі турға өте алмаған кандидаттардың сайлаушылары енді екінші
турға өткен кандидаттардың бірін таңдайды. Мұндайда бірінші турда жеңіске
жеткен кандидаттың екінші турда жеңіліп қалуы әбден мүмкін.
Дауысты абсолютті көпшілік көрсеткіші бойынша есептеу жүйесіне соңғы
жылдары Америка Қүрама Штаттары ден қойып отыр. Қазір бұл жүйе бойынша
Франция мен Германияда сайлаулар өткізіледі.
Шектеуші шарттар. Дүниежүзілік практикада сайлауға қатысушыларды
шектейтін шарттар да қолданылады. Олардың түрлері, мөлшері мен сипаты әр
елде әрқалай. Шектеуші шарттар жасқа, азаматтыққа, кейде белгілі бір
моральдық нормаларға байланысты алынуы мүмкін.
Кейбір елдерде шектеу жасы сайлаушы мен сайланушы үшін бірдей болып
келеді. Мысалы, Швейцарияда - 20 жас, Аустралияда, Ұлыбританияда,
Ирландияда, Норвегияда - 21 жас, Данияда -23 жас. Көптеген мемлекеттерде
жоғары заңды органдарға үлкен өмірлік тәжірибесі бар адамдар сайлануы керек
деген тұрғы ұсталады. Бұл меже де әр елде әрқалай: АҚШ-та, Үндістанда,
Жапонияда - 30 жас, Бразилияда, Францияда - 35 жас, Бельгияда, Ливияда,
Түркияда - 40 жас.
Шектеуші шарттардың ішіндегі сайлаушыға да, сайланушыға да қатысты көп
қолданылып жүргендерінің бірі - мүліктік ценз. Мүліктік ценз казіргі күнге
дейін қарапайым адамдардың ақпаратқа жөне сайлау рәсіміне қол жеткізуін
шектеп келеді.
Сайлау цензі (лат. censis - тізім жасау, санау) - конституциямен
немесе сайлау туралы заңмен бекітілген, азаматқа сайлауға қатысуға және
сайлануға дауысқа түсуге құқық әперетін жағдайлар.
Азаматтың мемлекетке төнділігі - шектеудің кең таралған түрлерінің
бірі. Кейбір елдерде кандидаттың туғаннан бері сол елдің азаматы болуы
немесе белгілі бір мерзім ішінде сол елде тұруы талап етіледі. Тұрақты тұру
мерзімі жеке елдерде түрліше жылдар санымен өлшенеді. Кейде азаматтық
цензіне тұрақты түру цензі косылуы мүмкін.
Бірқатар елдерде кандидаттар интеллектуалдық тексерістен өтеді немесе
оларда жоғары білім дипломы болуы шарт. Кандидаттың кандай қызмет
аткаратынына, бұрын қандай лауазым иесі болғанына да карайтын зандар бар.
Кейбір елдерде жоғары лауазымды адамдар, сайлаушыларға қысым жасалу
мүмкіндігін болдырмау ниетімен, өздері басқарып отырған округте дауыска
түспеуді парыз санайды. Соңғы кездерде лауазымды адамдардың өз әсері бар
округтерде дауысқа түсу үшін сайлау алдындағы науқан басталмастан бұрын
кызмет орнын тастап, содан кейін ғана дауысқа түсу тәжірибесі кездеседі.
Бұл жағдайда кандидаттың сайланбай қалған күнде бүрынғы лауазымына қайтып
оралу мүмкіндігі ескерілмейді. Мұндай тәжірибенің енгізілуі колында билігі
бар кұрылымдардың сайлау барысына әсер етуін болдырмауды камтамасыз етеді,
демек, сайлау үрдісінің демократиялылығын жетілдіре түсуге септігін
тигізеді деп есептеледі.
Ең бастысы, барлық елдерде дерлік мемлекеттік билік лауазымдарына
үміткерлердің беделі жоғары болуына көп көңіл бөлінеді. Әрине, бұл шарттың
өлшемі де әр елде әр түрлі.
САЙЛАУ ҮРДІСІ
Легитимация. Сайлау алдындағы үгіт. Сайлауға қатысу шарттары. Сайлауды
қаржыландыру. Дауыстарды санау. Әр азаматтың дауысының маңызы.
Легитимация. Саяси аренада билікке таласушы күштер арасында
кактығыстардың болып жатуы заңды. Кейде екі жак бір-бірінің қадамын аңдып,
карсыласының ісін жоққа шығару мақсатында түрлі амал қолдануы мүмкін.
Бұқара алдында қарсыласының беделін түсіретін материалдар жариялау да
осыған жатады. Кандидаттары сайлауда жеңіліске үшыраған жақ ондайда сайлау
үрдісінде жіберілген қателіктер мен заңсыздықтарды алға тартып,
карсыласының сайлануын заңсыз деп таныту бағытында әрекеттер жасайды.
Адамның билік тұтқасына келуінің заңдылық деңгейін айқындауда легитимді
немесе легитимді емес деген терминдер колданылады.
Легитимация (лат. legitiv - заңды) - белгілі бір әрекетті, оқиғаны,
айғақты немесе лауазымды тұлғаны қоғамның тануы.
Қандай қоғамда болса да болып жаткан саяси үрдістерді өзінің мүддесіне
пайдаланып кетуге тырысатын жөне оны жүзеге асыра алатын күштер болады.
Авторитарлық режимдерде олардың жағдайы биліктегілерге немесе олардың
маңайында жүргендерге тәуелді. Сондықтан билік басына өз адамдарын әкелу
үшін олар қолдарынан келгендерінің бәрін істеп бағады. Бұлар биліктегі
түрлі топтар, мафиялық және қылмыстық құрылымдар. Заңмен тыйым салынған
әрекеттерді жасайтындар да, азаматтардың сайлау құқығын бұзатындар да
солар.
Авторитарлық билік сырттай қарағанда демократиялық, шын мәнінде
айтқанды орындап отыратын парламент сайлап алғысы келеді. Ол үшін әділ және
еркін сайлауда жеңе алмайтынына көздері жеткенде түрлі бұрмалаушылыққа
барады. Соңғы жылдары ТМД жөне өзге авторитарлык режімдер сақталып тұрған
елдерде парламент депутаттарын сайлау кезінде азаматтардың сайлау өұқығының
бұзылу көріністерінің кейбір мысалдары мынадай:
– оппозициялык күштерге әкімшілік қысым керсету;
– сайлаушылардың тізімін жасаудағы бұрмалаушылықтар;
– сайлауға қатыспаған азаматтардың дауыстарын пайдалану;
– оппозициялық партиядан түскен кандидаттардың соңынан түсіп,
қылмыстық іс қозғау;
– қарсыласына күйе жағып, жалған ақпарат тарату. Мұны қара күйе дейді
(черный пиар - агылш.- ***** әлеуметпен байланыс);
– электронды дауыс беру жүйесіне байланысты бұрмалаушылықтар;
Қандай қоғамда болса да болып жаткан саяси үрдістерді өзінің мүддесіне
пайдаланып кетуге тырысатын жөне оны жүзеге асыра алатын күштер болады.
Авторитарлық режимдерде олардың жағдайы биліктегілерге немесе олардың
маңайында жүргендерге тәуелді. Сондықтан билік басына өз адамдарын әкелу
үшін олар қолдарынан келгендерінің бәрін істеп бағады. Бұлар биліктегі
түрлі топтар, мафиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Азия елдері
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫҢ МАЗМЫНЫ
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Қырғызтандағы Қызғалдақ төңкерісі
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституциялық құқық негіздері
Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық зерттеу
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
Пәндер