Вена конвенциясы 1969-1986 жылдардағы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

1. Вена конвенциясы 1969-1986 жылдардағы

2. Халықаралық шарттарды жасау

3. Халықаралық шарттардың әрекет етуі

4. Халықаралық шарттарды талқылау.

5. Халықаралық шарттардың жарамдылығы.

1. Вена конвенциясы 1969-1986 жылдардағы

Халықаралық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында "келіссөздерге қатысушы мемлекет", "келісуші мемлекет", "келіссөздерге қатысушы ұйым", "қатысушы", "үшінші мемлекет" және "үшінші ұйым" ұғымдары қолданылады. Келіссөздерге қатысушы мемлекет - шарт мәтінін дайындауға жєне қабылдауға қатысушы мемлекет; келісуші мемлекет - күшіне енбегендігіне қарамастан, шарттың өзінің міндеттілігіне келіскен мемлекет, қатысушылар - күшіне енген шарт бойынша міндеттілік алған мемлекеттер, үшінші мемлекеттер - шарттың қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер (1-бап) . Айтылған ұғымдар халықаралық ұйымдарға да қолданылады.

Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 ж. қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы.

БҰҰ шақырған конференцияда 1968 - 1969 жж. Халықаралық құқық комиссиясының дайындаған халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969 ж. 23 мамырда қабылданып, оған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы аты берілді. Бұл конвенция 1980 ж. 27 қаңтарда күшіне енді және ол осы конвенцияның 1-бабында көрініс тапқандай, тек мемлекеттердің арасындағы шарттық қатынастарды реттейді. Оған 1993 ж. 31 наурызда Қазақстан Республикасы қосылды. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан да осы шартқа мүше елдер қатарына жатады. Конвенцияның кері күші жоқ.

1978 ж. 23 тамызда Халықаралық құқық комиссиясы дайындаған баптар жобасы негізінде Шарттарға қатысты мемлекеттердің Құқық мирасқорлығы туралы Вена конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл конвенция әлі күшіне енген жоқ.

Үкіметаралық халықаралық ұйымдардың пайда болуы және олардың халықаралық қатынастарда рөлінің өсуі мемлекеттермен және өздерінің арасындағы қатынастарды келісім-шарттың көмегімен шешуге әкелді. Бұндай шарттардың қатары күннен-күнге көбейе түсті және ол дүниеге осы қатынастарды реттейтін арнайы конвенцияны әкелуді қажет етті. Сонымен, 1986 ж. Венада шақырған конференцияда халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындагы келісім-шарттар құқығы туралы үшінші конвенция жарық көріп, қабылданды. Бұл акт Халықаралық қ±қықтың жүйесі және ілгері дамуының нәтижесі. 1978 жєне 1986 жж. Конвенциялар күшіне енген жоқ, дегенмен олардың нормаларын мемлекеттер әдет-ғұрып нормалары ретінде қолданады.

Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі зандары да көп үлесін қосады. Қазақстан Республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау жєне денонсациялау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай - Жарлық) . Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.

1969 ж. конвенцияға сәйкес халықаралық, шарт халықаралық құқықпен реттелетін, мемлекеттер арасында жасалған жазбаша нысандағы келісім. Бұл үшін келісімнің мазмұны жазылған құжаттар саны мен нақты атының маңызы жоқ. ҚР Президентінің Жарлығында да осы анықтама көрініс тапқан.

Халықаралық құқықтың кез келген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады. Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объекті ретінде субъектілердің материалдық, материалдық емес игіліктері және соларға байланысты туындайтын қатынастар, әрекеттер және әрекеттерден бас тартуы танылады. Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.

Халықаралық, шарттарды топтастыру. Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше болып кіру жағдайына байланысты ашық және жабық, реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз - оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт - мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет.

Жарлықтың 3-бабына сєйкес, халықаралық шарттар мемлекетаралақ, үкіметаралық, ведомствоаралық болып бµлінеді. Мемлекетаралық - республиканың атынан, үкіметаралық - Үкімет атынан, ведомствоаралық - министрліктер, мемлекеттік комитеттер жєне басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президентке тікелей бағынышты органдардың атынан жасалады. Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.

Халықаралық шарттардың нысаны, құрылымы жєне атауы. Халықаралық шарт жазбаша түрде немесе ауызша түрде (джентльмендік келісім) жасалады. Көбінесе жазбаша түрде жасалады, себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемейді. Соның салдарынан көптеген проблемалар туындауы мүмкін. Шарттың құрылымына: атауы, кіріспесі, негізгі және қорытынды бөлімдері кіреді. Кіріспеде шарттың мақсаты жазылады, оның шартты талқылау кезінде үлкен мәні бар. Негізгі бөлім баптардан, яғни қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Кейбір шарттарда олардың аттары болады. Қорытынды бөлімде шарттың күшіне енуі, мәтінінің тілін реттейтін ережелер, шартқа қосылу тәртібіне қатысты мәселелер көрініс табады. Кейбір халықаралық шарттарға қосымша енгізіледі, олар оның бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылуы қажет. Шарттар єр түрлі аталуы мүмкін. Мысалы, конвенция, пакт, келісім, хаттама. декларация, жарғы, хартия. Бірақ олардың әр түрлі аталуы шарттардың негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни олар тараптарға құқықтар мен міндеттер жүктеп, олардың арасындағы қатынастарды реттейді.

Халықаралық шарттың тілі. Шарттың жасалу тілін жақтар өздері тандап алады. Олар әдетте екі жақтың да тілін, сондай-ақ үшінші бейтарап жақтың да тілін атады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданады. БҰҰ шеңберінде және оның ұйымдарымен жасалатын шарттар сол ұйымның ресми тілдерінде жасалады. Шарт әр түрлі тілде жасалса да, олардың бірдей заңдық күші болады.

2. Халықаралық шарттарды жасау

"Шарт жасасу" ұғымы 1969 жєне 1986 жылдардағы конвенцияларда берілмеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкес шарт жасау дегеніміз - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі. Бұл процеске мемлекеттердің келіссөз жүргізуінен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттері жатады. Шарт жасау процесінің кезендеріне мәтінін қарастыру және қабылдау, түпнұсқасын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді, Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады. Ол өз кезегінде шарт мәтінін жасауды жеңілдетеді.

Шартты арнайы құжат - өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады. Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезендеріне ғана берілуі мүмкін.

1969 ж. конвенцияға сай мемлекет басшылары, Үкімет басшылары және Сыртқы істер ведомстволарының басшылары келісім-шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді. Өкілеттіліктің берілуі мемлекепің ішкі заңымен реттеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өкілеттіліксіз жасауға құқық берілген. Шет елдегі Қазақстан Республикасының елшілері немесе халықаралық ұйымдардағы өкілдіктің басшысы арнайы рұқсатсыз сол мемлекеттің шеңберінде немесе халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық шарт жасасу туралы келіссөз жүргізуге құқылы. Ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Ведомстволық шарттарға министрліктер, мемлекеттік комитеттер жєне басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президентке тікелей бағынышты органдардың басшылары өз өкілеттілік шеңберіндегі мәселелер бойынша арнайы рұқсатсыз шарт жасасу туралы келіссөз жүргізеді және оларға қол қоя алады.

Халықаралық шарт мәтінін дайындау және қабылдау. Шарт мәтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ±йым және халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы кµбінесе екіжақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мәтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін құрылған органдарға жүктеледі. Кейде халықаралық конференциялар шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мәтінін дайындау бойынша келіссөздер оның мәтінін қабылдаумен аяқталады. Мәтінін қабылдау барлық ќатысушы мемлекеттердің келісімімен жүзеге асырылады. Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін. Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса, онда 1969 және 1986 жылдардағы конвенцияларға сәйкес, қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен ќабылданады. Шарт мєтінін қабылдаудың тағы бір әдісі - консенсус арқылы. Ол дауыс берусіз ешбір тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдау.

Халықаралық шарт мәтінінің түпнұсқасын бекіту. Шарт мәтінін қабылдау оның түпнұсқасын бекітумен жалғасады. Мәтінінің түпнұсқасы оның түбегейлі және шынайы екендігін білдіреді. 1969 ж. Вена конвенциясының 10-бабына сәйкес, "шарт мәтінінің түпнқұсқалылығы мен соңғылығы" қатысушылар алдын-ала келісілген тәртіппен немесе қол қою, ad referendum, парафирлеу, конференцияның қорытынды актісін шығарумен бекітіледі.

Ad referendum деген шартты түрде қол қоюды білдіреді, ал парафирлеу кезінде мемлекет өкілдері шарттың бірінші және соңғы беттеріне қолдарын қояды (өз аты-жөнінің бірінші єріптерін де қоюлары мүмкін) . Кейде шарттың барлық беттері парафирленеді.

Аd referendum мен парафирлеудің айырмашылыѓы:

  1. Парафирлеу тек шарт мәтінінің түпнұсқасын бекіту болса, аd referendum мемлекеттің шарттың езіне міндетті күші барлығын білдіруі.
  2. Ad referendum-ның кері күші болады, ал парафирлеуден кейін қол қоюдың кері күші болмайды.
  3. Ad referendum үшін арнайы өкілеттілік керек.
  4. Ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін, ол соңғы болып танылады және одан зањдық салдар туындайды, ал парафирлеуден кейін міндетті түрде қол қою жүргізіледі.

Халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру әдістері. Шарт жасасудың соңғы сатысы тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 және 1986 жж. конвенцияларға сай шарттың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны - шартқа қол қою. Халықаралық тәжірибеде шартқа қол қоюдың белгіленген ережелері бар. Екіжақты шарттарда екі мемлекет өкілінің қол таңбалары бір-біріне қарама-қарсы немесе бір-бірінің астында орналасады. Екі тілдердегі шарт мәтіндерінде бірінші орында (сол жақта немесе жоғарғы) шарт сақталатын мемлекет атауы жазылады. Оңнан солға жазатын тілдерде жасалған шарттарда оң жақтағы қол бірінші орында болып саналады. Халықаралық тәжірибеде көрініс тапқан шарт қай мемлекетке арналған болса, сол мемлекеттің атауы, өкілінің қолы, өз тіліндегі мәтіні бірінші орынға қойылу әдісі - алътернат деп аталады. Көпжақты шарттарда өкілдердің қол таңбалары келісілген тілде алфавиттік тәртіппен бірінің астына бірі қойылады.

Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі - ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация - мемлекеттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органның халықаралық шарттарды ратификациялауына құзыреті барлығын тек ішкі құқық белгілейді. Әдетте бұны Президент немесе Парламент жүзеге асырады. Ратификация дегеніміз, Жарлыққа сай, Қазақстан Республикасы Парламенті бекіту арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық шартты өзіне міндетті деп тануы. 1969 ж. Вена конвенциясының 14-бабына сәйкес, шарт мынадай жағдайларда ратификацияланады: 1) шартта оны ратификациялау қажеттігі туралы айтылса, 2) егер шартта тараптар шартты мақұлдағанын ратификациялау арқылы көрсету қажет деп жазылса, 3) мемлекеттің өкілі шартты ратификациялау жағдайында шартқа қол қойса, 4) мемлекеттің шартқа ратификация арқылы қол қоюға ерік білдіруі оның өкіліне берілген құзыретке сай міндетті болса немесе келіссөз жүргізу кезінде көрсетілген болса. Ал Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының мынадай шарттары ратификациялануға жатады: 1) шарттарды орындау әрекет ететін заңдарды өзгертуді немесе жаңа заң қабылдауды қажет ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгеннен басқа ережелерді белгілейтін болса, 2) Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттерден бөліп тұратын аумақтық шегін белгілеу туралы, оның ішіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және континенталдық шельфінің шегін белгілеу туралы, 3) қарусыздану немесе қарусыздануға халықаралық бақылау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мєселелері бойынша мемлекетаралық қатынастар жөнінде, сонымен қатар бейбітшілік және ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттары, 4) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және басқа да бірлестіктерге қатысуы туралы шарттар, егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының егемендігін жүзеге асырудың бір бөлігін немесе олардың органдары шешімдерінің Қазақстан Республикасы үшін зандық міндеттілігін белгілесе, 5) мемлекеттік қарыздар жєне Қазақстан Республикасының экономикалық және басқа да көрсеткен көмектері туралы шарттар.

Ратификация ратификациялық грамота түрінде рәсімделеді.

Бекіту ~ ратификациялауға жатпайтын шарттарды Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы өзіне міндетті екендігін білдіру. Егер шарт мемлекетаралық болса, бекітуді Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді, егер шарт үкіметаралық болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізеді, ведомствоаралық шарттарды бекітуді сол ведомстволардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізеді. Егер шарт халықаралық ұйымдар арасында жасалса, онда шартты бекітуді қол қойғаннан кейін әр ұйымның жоғары органы жүзеге асырады. Бекіту нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.

Халықаралық шартқа қосылу - Қазақстан Республикасыныњ өзі жасауға қатыспаған шарттарды өзіне міндетті екендігіне ерік білдіруі. Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі ұсынған мемлекетаралық шарттарға қатысты және ратификациялауды қажет ететін шарттар бойынша қосылуды Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Егер шарт Үкіметтің қарауына жататын болса және ратификациялауды қажет етпейтін болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Қосылу нота, хат, басқа да құжаттар түрінде рәсімделеді.

Халықаралық шарттарға жасалатын ескертпе. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау, қол қою, қабылдап бекіту, қосылу немесе ресми мақұлдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңдық әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез келген нысандағы біржақты арыз ретінде анықтайды. Егер ескертпе жасауға шартта тыйым салынса, шарттың объектісі мен мақсатына қайшы келсе немесе шартга рұқсат етілгендер қатарына жатпаса, шартқа ескертпе жасауға болмайды. Егер шартта ескертпе жасау туралы нақты айтылып кетсе, қатысушылардың арнайы рұқсатының қажеті жоқ, ал басқа жағдайларда ескертпе жасалған соң, он екі ай ішінде қарсылықтар айтылуы тиіс, егер қарсылық білдірілмесе, онда ескертпе қабылданған болып есептеледі. Ескертпелер, қарсылықтар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалып, қатысушыларға хабарлануы қажет. Ескертпеге келісім беру үнсіз де жасалуы мүмкін. Ескертпе жасаған қатысушы оның күшін кез келген сәтте жоюға құқығы бар, бұл жағдайда қалған катысушылардың рұқсаты қажет емес. Ескертпеге білдірілген қарсылықтың да дәл сол сияқты кез келген уақытта күшін жоюға болады. Ескертпенің жєне оған білдірілген қарсылықтың күшін жою жазбаша түрде рәсімделуі қажет.

Депозитарий қызметі. Көпжақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын жєне оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады. Вена конвенцияларына сәйкес, депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет, халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін. Депозитарий қызметіне құзыреттерді белгілейтін құжаттарды, ратификациялық грамоталарын, қосылу туралы құжаттарды сақтау; бекітілген шарт көшірмесін мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға жіберу үшін дайындау; шарттарға байланысты ақпарат беру; құжаттардың белгіленген тәртібі мен нысанының сақталуын қамтамасыз ету жатады.

Қазақстанда мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды қол қойған уақыттан бастап екі апта ішінде Қазақстан, Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сақтау жүктеледі. Ведомствоаралық халықаралық шарттардың түпнұсқасы өздеріне қатысты ведомстволардың мұрағатында сатгалады. Олардың куәланған көшірмелері қол қойған сәттен бастап екі апта ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.

Халықаралық шарттарды тіркеу және жариялау. XX ғасыр халықаралық шарттардың тіркелуімен сипатталады. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін шарттарды тіркеуді Ұлттар Лигасының Секретариаты жүзеге асырған. Одан кейін бұл қызмет БҰҰ Секретариатына ауысты. Ал Секретариат өз кезегінде тіркелген шарттарды жариялайды. БҰҰ Секретариатынан басқа да халықаралық ұйымдарда шарттарды тіркеуге болады. Мысалы Халықаралық Еңбек ұйымында, МАГАТЭ. Шарттарды БҰҰ Секретариатында тіркеу міндетті болып табылады. Біздің елде тіркеуді Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. Халықаралық шарттар БҰҰ шарттар жинағында жарияланады. Жинақтардың көбі екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тіркелген шарттары, екінші бөлімінде сақтауға алынып, тізімге енген шарттары жарияланады. Қазақстанда халықаралық шарттар мемлекетаралық болса, Парламенттің ресми басылымдарында, үкіметаралық болса, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, ведомствоаралық болса, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар, мәмілелер және жекелеген зандық актілер бюллетенінде жарияланады.

3. Халықаралық шарттардың әрекет етуі

Күшіне енген шарт қана занды салдар тудырады. Вена конвенцияларына сәйкес, шарттың күшіне ену тәртібі және күні шартта белгіленеді немесе қатысушылармен келісіледі. Мысалы, шарттар ратификацияланған, қол қойылған немесе ратификациялық грамоталарының белгілі саны өткізілген күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда шарттың күшіне ену уақыты мен соған байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттердің әрекет ету мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әскери көмекті көздейтін өзара көмек туралы шарттар тараптардың біреуіне шабул жасалған кезде ғана әрекет етуі немесе шабуыл болмаса мүлдем орындалмауы мүмкін. Сонымен қатар, шарттың күшіне енуі үшін мерзім берілетін кездер де болады. Кейде шарттардың күшіне ену күні белгіленбейді - көбінесе екіжақты шарттарда, өйткені олар қол койылған сәттен бастап күшіне енген болып саналады. Шарттың күшіне енуі оның мерзіміне байланысты болады, әрі мерзімі шартта көрсетіледі. Шарттар мерзімді, мерзімсіз болуы мүмкін. Шарттың мерзімсіздігі оның әрекет ету мерзімі көрсетілмеуі немесе мерзімсіздігі тікелей шартта көрсетілуі арқылы белгіленеді. Әдетте бейбітшілік туралы, диштоматиялық қатынас орнату туралы, шекара жөнінде, аумақ жµніндегі шарттардың мерзімі көрсетілмейді. Шарттың әрекет етуі мен одан туындайтын міндеттемелердің әрекет етуін ажырата білу қажет. Себебі ол мерзімдер єр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдай сауда шарттарында болады және ол шарттың өзінде тікелей көрсетіледі. Мысалы, халықаралық шарттың негізінде жасалған шарттар халықаралық шарттың мерзімі біткеннен кейін де соған байланысты туындаған міндеттемелер орындалғанша єрекет етуі мүмкін.

Екіжақты шарттар да, көпжақты шарттар да белгілі бір мерзім аралығына жасалуы мүмкін. Кейбір екіжақты шарттар мерзімі бітсе де, тараптардың бірі бас тартпайынша, күшінде бола беруі мүмкін.

Шарттың әрекет ету мерзімін сол мерзім аяқталмай тұрып ұзарту пролонгация деп аталады. Ол µз кезегінде бірден жүзеге асырылатын және тараптар келісімінің негізінде жүзеге асырылатын болып бөлінеді. Алғашқысы - шартта алдын ала көрсетіледі. Екіншісі әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Көпшілік жағдайда пролонгация туралы хаттама жасалады, ол хаттама күніне ену үшін мерзімі ұзартылып отырған шартқа қандай жағдай қажет етілсе сондай қолданылады. Мысалы, шарт ратификациялануға жататын болса, онда хаттама да ратификациялануы қажет. Пролонгация туралы шартқа мерзімін ұзарту мәселесінен басқа, шарттың мәтінін жаңарту мәселесін де жазуға болады. Шарттың мерзімін, егер тараптар өзара келіссе, ресми құжат қабылдамай-ақ ауызша негізде де ұзартуға болады. Егер халықаралық шарттың әрекет ету мерзімі аяқталып немесе басқа себептермен күшін жойса, белгілі бір мерзімге тоқтатылса, онда шарттың әрекет етуін жаңарту туралы мәселе туындауы мүмкін. Пролонгациядан айырмашылығы - шарттың әрекет етуін жаңарту жойылған немесе тоқтатылған шарттарға қолданылады. Ол шартты тоқтатқан жағдайлар жойыла салысымен бірден немесе үнсіз жасалуы мүмкін. Кейде тәжірибеде белгілі бір себептермен қолданылмай қалған шарттарды жаңарту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.

Әрбір шарттың аумақта және кеңістікте әрекет ету аясы болады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, шарт оған қатысушылардың барлығының аумағында єрекет етеді. Кейбір көпжақты шарттарда мемлекет аумағынан тыс кеңістікте әрекет ету аясы белгіленуі мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Антарктика туралы шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты
Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Заманауи халықаралық құқық
Халықаралық құқықтың қағидалары
Халықаралық контрактілер
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру
Арнайы миссиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz