Біріккен Ұлттар Ұйымының өткені мен бүгінгісіне талдау жасау


Кіріспе
Қазіргі халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар маңызды рөл атқарады. 19-ғасырдан бастап қоғамның халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы жаңа халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Олар - 1865 ж. құрылған бүкіләлемдік Телеграф Одағы және 1874 ж. құрылған бүкіләлемдік Почта Одағы болатын. Ал, қазіргі таңда әртүрлі құқықтық мәртебеге ие төрт мыңнан астам халықаралық ұйымдар бар. Осы халықаралық ұйымдар жүйесінің орталығы - Біріккен Ұлттар Ұйымы.
Біріккен Ұлттар Ұйымы - дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды әмбебап халықаралық ұйым. Бұл ұйымның басты мақсаты - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамыту. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 ж. 26 қазан айында күшіне енді. Осыған сәйкес жыл сайын 26-қазан "Біріккен Ұлттар Ұйымының күні" деп аталып өтіледі.
Жұмысты зерттеу барысында кейбір ғалымдардың өз ғылыми әдебиеттерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихына байланысты, яғни кім және қандай құжат бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жөнінде бірінші болып ұсыныс жасағандығы жөнінде пікір таластарын анықтадым. Мысалы, Батыс елдерінің ғалымдары 1941 жылдың 14 тамызында Рузвельт пен Черчильдің Атлантикалық Хартиясын осындай құжаттардың қатарына жатқызса, кеңестік зерттеушілер 1941 жылдың 4 желтоқсанында жарық көрген Кеңестік - Польшалық халықаралық саясат жөнінде бірігіп жасаған мәлімдемесіне сүйене отырып, сілтеме жасайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында гитлерлік Германия және оның одақтастарының сөзсіз жеңіліске ұшырайтындығы мәлім болған кезде, жаңа әлемдік тәртіп құру қажеттігіне байланысты туындаған.
Жұмыстың мақсаты - ұйымға қатысты ұлтық, сондай-ақ шетелдік қайнар көздерден жан - жақты мағлұматтар жинап, олармен таныса отырып, ұйымның өткені мен бүгінгісіне талдау жасау болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің негізгі бағыттары - жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа тауқыметтерді шешу жолдарын, сондай - ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының пайда болу тарихын, оның жүйесін, әлемге, әсіресе Қазақстан Республикасына ықпалын зерттеу үшін осы тақырыпты таңдадым. Қазақстан Республикасы қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, сондай - ақ бүкіл әлем шеңберінде әртүрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысады, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.
Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне белсенді түрде қатысады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан көптеген саяси тауқыметтерін бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздіне қатысты мәселелердің шешімін іздестіруге тартылып отыр. 1996 - жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға ықтимал түрде қатысуы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекет болды.
I БӨЛІМ.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.
- Ұлттар Лигасы.
Қазіргі заманда БҰҰ - ның құрылуына байланысты жағдайлар бүкіл дуние жүзі тарихының игіліне айналғанына қарамастан, бұл ұйымның жұмысын әділ де шынайы түрде баяндап, түсіндіру өзінің принципті мағынасын жоймаған. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымын құруға байланысты Ұлттар Лигасының атқарған рөлін Батыс елдері зерттеушілерінің басым бөлігі белгілі бір бағыттылық тұрғысында баяндайтындықтарын ескере отырып, бұл мәселеге ерекше тоқтала кеткен жөн. Лиганың қызметіне байланысты ерекше мәселелер жөніндегі буржуазиялық әдебиеттердің: мемуарлық және монографиялық сипаттағы әдебиеттердің ауқымы өте кең. Ол жұмыстарға тән негізгі белгі - Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ұлттар Лигасының бірегей ұқсастығы және сабақтастығы бар екендігінің дәлелді болып табылуында.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын дайындау тарихына және оны талдауға арналған бірқатар көлемді зерттеулердің авторлары БҰҰ Жарғысы негізінен Ұлттар Лигасының және оның тәжірибелік істері Статутының (заңының) ережелерін еске түсіретіндігі жайлы ойларды алға тартады. БҰҰ-ның Жарғысы, - деп жазады Л. Гудрич пен А. Симмонс, - Ұлттар Лигасының тәжірибелік істерге байланысты қызметін құрған органдардың міндеттеме жүйелерін және қандай да бір істің орындалу тәртібін, соған ұқсас істерді қамтиды.
"Табиғат және халықарлық ұйым" деген тақырыптағы кең ауқымды жұмыстың авторы, Калифорния Университетінің профессоры С. Гудспид Ұлттық Лиганың қызметін революциялық тәжірибе деп атай отырып, "бұл халықаралық ұйымның идеясына және атқарылып жатқан жұмыс тәртібіне қосқан елеулі үлес", - деп жазды.
Осындай пайымдауларды жоққа шығара отырып, Жарғыға және Біріккен Ұлттар Ұйымына келелі баға беру үшін, өткен мерзімдерде жүзеге асқан жайларды, атап айтқанда, Ұлттар Лигасын еске түсірген абзал. Өйткені, бұл ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы тырнақалды тәжірибе болып табылады. Бұл тәжірибенің сәтті болғандығы да көпшілікке аян.
АҚШ-тың президенті В. Вильсонның пікірінше Ұлттар Лигасы Еуропалық және басқа да мемлекеттердегі ішкі саясатқа Америка тарапынан бақылау орнатудың маңызды құралы ретінде қызмет етуі керек болды. Басқа капиталистік ірі мемлекеттердің басқарушылары Ұлттар Лигасын құруды өздерінің империалистік мақсаттарымен тығыз байланыстырды. Осының бәрі Ұлттар Лигасын "әркім өзі үшін керектісін жұлып әкете алатындай жыртқыштар" Одағы сияқты етіп көрсетті1.
Жоғарыда атап көрсетілген себептерге байланысты Кеңес Одағы бұл ұйым құрылған күннен бастап 14 жыл бойына осы ұйым аумағынан тысқары болды. Лигада Кеңес Одағы сияқты өз саясатындағы бейбітшілік жолында бір ізділік бағытты ұстанған бейбітшілік сүйгіш елдердің басқа болмауынан Лига қызметі жеміссіз болды. Сондай - ақ, ірі империалистік мемлекеттерге оны Лиганың Статутында көрсетілгеніндей, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жолындағы ресми түрде жарияланған мақсаттарына қарсы пайдалануына жол берді. Ұлттар Лигасының тарихында Кеңес үкіметіне қарсы саясат туралы масқара жолдар жазылып қалған. Өйткені, бұл саясаттың салдарынан империалистік бағыттағы жақтаушылары ең алдымен 1920-1921 жылдары Кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. Ұлттар Лигасының қызметі тек осы тұрғыдан алғанда, версальдық келісімге келтірушілердің сөздері мен істері арасында адам төзуге болмайтындай қарама-қайшылық бар екендігіне айқын айғақ болады2.
Баршаға аян, Ұлттар Лигасында Америка Құрама Штаттары болған жоқ. Оның басты себебі Америкадағы Сенаттың изоляциялық көпшілігі Версальдық келісімді бекітіп, оған заңды күш беруден бас тартқан болатын. Алайда, Лиганың Статутын дайындау кезінде АҚШ -тың президенті Вильсон жоғарыда аталып өтілгеніндей, бұл іске белсене араласты.
Лиганы құру жөніндегі пікірді Вильсон алғашында Құрама Штаттар соғысқа кіріспей тұрғанда және оның баршаға белгілі белгілі болған 14-тармағында қисындастырылып, баяндалған бағдарламасын ұсынған болатын3.
Ұлттар Лигасының кемшіліктері, атап айтқанда оның Статутының табиғи байланыстылық тұрғысындағы кемшіліктері туралы аз жазылған жоқ. Осындай кемшіліктердің өзі кейін келе Ұлттар Лигасының құлауына ықпалын тигізгені талассыз. Алайда, Лиганың Статутында тұрған ешнәрсе жоқ. Лиганың құлауына осы ұйымға билік жүргізген империалистік саясат негізгі себеп болды. Яғни, осы саясаттың салдарынан Лига бейбітшілікті нығайту жолындағы нағыз шынайы жолды таңдай алмады.
Ұлттар Лигасының Статутында агрессияға бұлтарыссыз тыйым салу туралы атап көрсетілмеген. Сондай - ақ, 12 және 15 - баптарға сәйкес, бұл ұйымның мақсаты мен атқаратын ісінің сипатына қатысы болмаса да, соғысқа бет бұру ресмилендірілді.
Ұлттар Лигасы тарапынан жіберілген түпкілікті кемшіліктердің бірі, шын мәнінде оның Статутына сай Кеңес пен Жиналыста қабылданған саяси шешімдердің барлығын Лига мүшелері бірауыздан қабылдауын талап ететін (5-бап) . Мұндай жалған демократиялық бағыт әртүрлі мемлекеттердің халықаралық бейбітшілікті қолдау ісіндегі дара биліктерінен, жауапкершіліктерінен айырды. Сөйтіп, бұл ұйымның дүние жүзінде бейбітшілікті сақтау, агрессияға тегеурінді тойтарыс беру ісінде тиімді қызмет атқаруына мүмкіндік болмады.
Ұлттар Лигасының Статуында қарусыздану шараларын жүргізу қажеттігі туралы айтылған болатын. Іс жүзінде Лигада қарусыздану проблемалары түкке тұрмайтын, нәтижесіз пікір таласқа айналды. Осындай пікір таластардың барысында Лиганың Статутындағы кейбір баптар жекелей алғанда қарусыздану жөніндегі кеңестік ұсыныстың іске асыру үшін пайдаланылады. Ұлттар Лигасы жаппай қарулану ісіне ешқандай кедергі келтіре алмады.
Өйткені, бұл зұлымдық әрекеттерді жүзеге асырып жатқан империалистік мемлекеттердің державалардың мұндай ниеттері болған да жоқ4.
1934 жылы 34 мемлекеттің шақыруымен Кеңес Одағы Ұлттар Лигасының құрамына кірген болатын. Кеңес Одағының Лиганың мүшелігіне шақырылуы, мақсат-мүдденің сәтсіздікке ұшырауын білдіру еді. Бұдан былайғы уақытта халықаралық проблемалар Кеңес елінің қатысуынсыз шешілмейтін болды.
Кеңес елінің Ұлттар Лигасының құрамына кіруге келісім беруі бұл елдің бейбітшілікті сақтау жолындағы алдағы уақытта жүзеге асыратын барлық күш-мүмкіндіктерін жаңа қырынан таныта білуіне жол ашты. Ұлттық Лигаға мүше болмастан бұрын да Кеңес Одағы осы халықаралық Ұйымның шақырған бірқатар конференцияларының және форумдарының құрған комиссияларының жұмытарына қатысқан болатын. Осы ретте Кеңес өкіметі бұл ұйым жұмысындағы шаруашылық мақсатқа лайықтылық, пайдалылық, адамгершілік, шыншылдық, әділеттілік тұрғысында тартымды нәтижелерге көмектескен болар еді 5. Сөйтіп, Кеңес елінің өкілдері Лиганың Еуропаның экономикалық мәселелерімен айналысатын комитеттері мен конференцияларының жұмыстарына қатысып, онда маңызды да ұтымды ұсыныстары бойынша сөз сөйледі. Кеңес Одағы, сондай-ақ конференцияның қарусыздандыру жөніндегі дайындау комитетінің және конференцияның жұмысына белсене қатысты. Кеңес елі тарапынан осы конференцияның күн тәртібінде қаралған қарусыздандыру, ең алдымен агрессияға қарсы тұру деген ұғымға кеңестік тұрғыдан баға беру - күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдік мағынасын жойған жоқ.
Кеңес елінің өкілдері Ұлттар Лигасының есірткіні тарату және ақша белгілерін жалған тәсілмен жасау мәселелері бойынша шақырылған халықаралық коференцияларына, сондай -ақ шетелдіктердің режимі, халықаралық құқықтың жекелеген тарауларына жататын мемлекет заңдарын бірыңғай жүйегекелтіріп, бірітіру мәселелеріне арналып шақырылған халықаралық Конференцияларға бақылаушылар немесе қатысушылар ретінде қатысты.
Кеңес Одағы Ұлттар Лигасына кіруіне байланысты Кеңес өкіметі маңызды мәлімдеме жасаған болатын. Мәселен, 1934 жылдың 18-қырқүйегінде Ұлттар Лигасы Ассамблеясының мінбесінде мәлімдеме жасаған М. М. Литвинов: "Біз бүгін бұл Лиганың жаңа әлеуметтік, экономикалық мемлекет жүйесінің өкілі ретінде кіріп отырмыз. Осы ретте біз осы ұйымға өкілеттілігі бар басқа да мемлекеттер өздерінің саяси келбеттерін қалай сақтайтын болса, біздер де мемлекетіміздің қандай да бір ерекшеліктерінен бас тартпайтындай қалыпты сақтайтын боламыз".
Кеңес Одағы тарапынан Ұлттар Лигасының бұдан бұрын қабылдаған бірқатар шешімдері тұрғысында теріс пікір білдірілуі де принципті түрде маңызды жай болды. Шын мәнінде, бұл Лига Статутының кейбір ережелеріне және белгілі саяси себептерге байланысты еріксіз қабылданған шешімдер еді. Осыған байланысты, Кеңес өкіметі Лига Статутының 12, 15-баптарында көрсетілгендей, соғысты ресмилендіру кешірілмейтін кемшілік екендігі туралы және колониалдық мандат жүйесі тұрғысында қарсы теріс пікір айтты. Сонымен қатар, Кеңес елінің өкілдері Лига Статутының 23-бабында көрсетілген барлық ұлттар мен нәсілдер тең құқықты екендігі мойындалмағанын ауқымды мәселе деп есептейтіндіктерін білдірді. "Осы ұйымға мүше болып кірген елдер, - деп мәлімдеді Кеңес өкіметі, - өздерінің қатысуымен талқыланып, қабылданған шешімдерге моральдық тұрғыда жауапкер болып есептелуі тиіс".
Кеңес Одағы Ұлттар Лигасына мүше болып кіргенде, осы уақытқа дейін Ұлттар Лигасының жалбарыну және қағаз жүзіндегі декларациямен шұғылдану сияқты пайдасыз әрекеттерден тез арада үзілді-кесілді бас тарта отырып, дүние әлеміне төнгенсоғыс қаупін болдырмау жолында тиімді және батыл түрде әрекеттер жасауы керектігін ерекше атап өтті. "Қазіргі замандағы саяси және экономикалық мүдделердің шоғырында кез-келген соғыстың аяғы насырға шауып, қайғы - қасірет әкелмей қоймайды. Көп реттте бір соғыс екінші соғысты тудырады. Біз кез-келген соғыс ерте ме, кеш пе соғысқа қатысатын елдерге де, қатыспайтын елдерге де бақытсыздық әкелетіндігін ұмытпағанымыз жөн". Бұл ескерту асқан көрегендік болды.
Империалистік ірі мемлекеттер Кеңес Одағының талпынысын қолдаудан бас тарта отырып, іс жүзінде агрессорларды қолдады. Сөйтіп, тарих алдында ауыр жауапкершілікті өздерінің мойындарына алды.
Ұлттар Лигасында мүше болған бес жылдың ішінде Кеңес Одағы белсенді түрде қызмет жүргізіп, ұжымдық қауіпсіздік және соғыс өртін болдырмау жолында талмай күрес жүргізді. Қарусыздану, агрессорларды(шабуылдаушы жақты) анықтау, Қиыр Шығыстағы дау-дамйды реттеп, жөнге салу, агрессорларға қарсы жаза шараларын(санкцияны) күшейту, тағы да басқа көптеген маңызды мәселелерді ұсынған болатын. Бұл мәселелер Ұлттар Лигасының көпшілігі тарапынан қолдау таппағанымен, бүкіл дүние жүзі халықтарының қоғамдық пікірін жұмылдыруда маңызды роль атқарды.
Кеңес Одағы тарапынан ұжымдық қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету бағытында Лиганың Статутын қолдану ісін жақсарту жөнінде де нақтылы ұсыныстар берілген болатын. Кеңес Одағы агрессияға қарсы Лиганың көмегімен күрес жүргізу мүмкіндігін толығымен пайдалану мақсатымен осы бағыттағы арнайы жауапкершілікті Лига Кеңесіне жүктеп және оны бейбітшілік мүдделерін қорғау жолындағы әрекеттерге мәжбүр етуді ұсынды. Лига Кеңесіне мүше елдің бірінде соғыс болған жағдайда, осы ұсыныстарға сәйкес бұл жағдай туындаған күннен бастап, үш күн мерзім ішінде Бас Хатшыға хабарлануы керек болатын.
Кеңес шақырылған сәттен бастап, дәл осындай үш күндік мерзім ішінде ол Лига Статутының 16-бабына сәйкес қолдануға мүмкіндік беретін шарттар бар екендігі жөнінде шешім қабылдауы керек болатын. Бұл жағдайда агрессияның құрбаны болып отырған және соғыс өртін тұтатқан елдерді есепке алмағанда, ең кем дегенде Лига Кеңесі мүшелерінің 3/4 бөлігі дауыс берген жағдайда, бұл шешім қабылданды деп есептеледі. Лига құрамындағы Совет еліне қарсы жақтардың бұл іске кедергі жасау мақсатымен астыртын түрде қарсы әрекет істеп, іріткі салудың салдарынан бұл ұсыныстар да қабылданбаған күйінде қалды.
1939-жылдың желтоқсан айында Ұлттар Лигасының Кеңесі өзінің соңғы сессиясына жиналған сәтте, өзін өзі өлтірушілікпен тең болатындай масқара іске барып, Кеңес Одағын Лига мүшелерінен шығару жөнінде шешім қабылданды. Сөйтіп бейбітшілік жолында белсенді күрес жүргізген жалғыз ел ресми түрдегі міндеті бейбітшілікті сақтай ісі болып табылатын ұйымның мүшелігінен шығарылды.
Осы актіден кейін Ұлттар Лигасы іс жүзінде қызметін тоқтатты, ал 1947 -жылдың шілде айында бұл ұйымның жұмысы ресми түрде доғарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс Ұлттар Лигасының "бейбітшілікті сақтаушылар" деген бет пердесін түпкілікті түрде әшкереледі.
Ұлттар Лигасының қайғылы "тәжірибесі" адамзат баласы үшін қымбатқа түсті. Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымын құрушылардың алдында осындай өрескел кемшіліктерді қайталамайтын және жер бетінде баяянды бейбітшілік салтанат құруын қамтамасыз ете алатын халықаралық ұйым құру жөніндегі маңызды міндет туындады.
Лиганың тәжірибесі сондай - ақ, тиімді түрдегі ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру және қарусыздандыру бағдарламасын іс жүзіне асыру қажет екендігіне айқын айғақ болды.
- Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу мәселелері.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл дүниежүзілік ұйым болғандықтан, үлкенді-кішілі мемлекеттердің арман - мүдделерін өз мойнына алды. Бүкіл жер шарын қамтитын тұрақтылық пен тепе-теңдік қалыпты сақтап тұруда бұл ұйымның атқарған ролі ерекше. БҰҰ адамзат баласының XX-ғасырдың бірінші жартысындағы қолы жеткен өрелі табыстарының бірі болып табылады.
БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында гитлерлік Германия және оның одақтастарының сөзсіз жеңіліске ұшырайтындығы мәлім болған кезде, жаңа әлемдік тәртіп құру қажеттігіне байланысты туындаған ұйым.
1944-жылдың 21-тамызында Думбартон - Окс (Вашингтон маңайындағы елді мекен) қаласында АҚШ, Англия және КСРО-ның өкілдері, бұдан соң АҚШ, Англия және Қытай елдерінің өкілдерінің қатысуындағы конференция шақырылған болатын. Конференциядағы Совет делегациясын сол кездегі КСРО-нің АҚШ-тағы елшісі Громыко басқарды. Конференция бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық ұйым туралы ұсынысты, Жарғының жобасын және бұл ұйымды құруға байланысты басқа да материалдарды дайындады. Бұдан былайғы уақытта ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы деп аталатын болды.
Думбартон - Окста (АҚШ-та) өткізілген конференцияда КСРО, АҚШ, Англия, Қытай сияқты Ұйымның тұрақты мүшелері бірауыздан шешім қабылдаған жағдайда ғана Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері күші бар болуы қажеттігі жөнінде ұсыныс жасалды. Сөйтіп, бес ірі мемлекеттердің бірауыздылық қалыпта тыйым салу құқығы жөнінде талап туындады.
Бұл ретте АҚШ бір ерекше жайды ескеруді ұсынды. Бұл ерекшелік бойынша Кеңеске мүше болып саналатын мемлекеттердің бірі қандай да бір дау - дамай жағдайларға араласатын болса, онда Кеңес осы дау-дамайлы мәселелер бойынша туындаған мәселені айқындау кезінде жоғарыда аталған Кеңес мүшесінің дауысы есепке алынбауы тиіс. Американдықтардың тарапынан ұсынылған бұл ұсынысты қабылдаудың нәтижесінде, ірі мемлекеттер осы ұсыныстың негізін бір-біріне қарама-қарсы қалыпта қоюы мүмкін еді. Соның салдарынан олардың араларындағы өзара қарым-қатынасқа айтарлықтай нұсқан келеді. Ірі мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік жағдайдағы қарым-қатынас болмаған жағдайда БҰҰ жан-жақты әрі көп жағдайды қамти алатын ұйым ретінде бар болуы мүмкін емес еді. Осындай жағдайда Батыс мемлекеттердің өз мүдделері тұрғысында дауыс беруінің салдарынан қандай да бір мемлекет немесе мемлекеттік топтарға қатысты әскери және экономикалық тұрғыдан жазалау жөніндегі шешімдер қабылдануы мүмкін еді. Осылай болған күнде сол мемлекеттермен және мемлекеттік топтпрмен дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуі мүмкін екендігінен қауіптенген Кеңестер Одағы Америка Құрама Штаттарының Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру тәртібін қабылдаудан бас тартты. Бұл мәселе Думбартон-Окста өткен конференцияда шешілмеген күйінде қалды.
1944 жылдың желтоқсан айында АҚШ президенті Ф. Рузвелд Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беруді айқындайтын жаңа тұжырымдаманы ұсынды: " 1. Қауіпсіздік Кеңесінің әрбір мүшесі бір-бір даусқа ие болады. 2. Ресми тәртіп мәселесі жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің жеті мүшесі дауыс берген жағдайда қабылданады. " Осыған орай жұмысының ресми тәртібін анықтау кезінде Кеңестің тұрақты мүшелерінің бірауыздылық жағдайда болуы талап етілмейді. Американдықтардың ұсынған 3-тармақты ұсыныстарының маңызы ерекше болады: " 3. Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да көптеген мәселелер бойынша", басқаша айтқанда процедуралық мәселелер бойынша барлық тұрақты мүшелердің бір - біріне үйлес келетін дау-дамайға қатысушы жақтар Жарғының бөлімдеріне сәйкес келетін дау-дамайды бейбіт түрдегі қалыпқа келтіріп, реттеу мәселесін қамтитын шешімдерді қабылдау кезінде тартынып отыруы тиіс. Сөйтіп, осы ұсынысқа сәйкес бір ауыздылық принципі екі жағдайда: Қауіпсіздік Кеңесіндегі қандай да бір ресми істі (процедураны) анықтау кезінде және Кеңестің мүшесінің (тұрақты мүшелерін қоса алғанда) дау-дамайға қатысты болып, осы дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, егер мәжбүр ету құралдарын қолдану арқылы - экономикалық, теміржолдық, теңіздік және басқа да байланыс түрін тоқтату, ақыр аяғында, әскери күштерді пайдалану туралы сөз болып отырса, онда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері қандай да бір дау-дамайға қатысушылар болуына қарамастан, шешім Кеңестің тұрақты мүшелерінің бір ауыздылық қалпын алдын ала қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz