Шоқан Уәлихановтың ғылыми – зерттеу жұмыстары және оны тарихта оқыту


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақстан тарихы кафедрасы
Бітіру жұмысы
Тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың ғылыми - зерттеу жұмыстары және оны тарихта оқыту.
Орындаған:
Қорғауға жіберілді:
«» 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі:
Жоспар
Кіріспе
І Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамы.
І. 1 ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы;
І. 2 Шоқанның өмір жолы, өскен ортасы;
І. 3 Шоқан - алғашқы қазақ деректанушысы.
ІІ Шоқан Уәлиханов - этнограф, шығыстанушы.
ІІ. 1 Шоқан - саяхатшы, шығыстанушы;
ІІ. 2 Түркі халқының халық ауыз әдебиеті мен музыка мәдениеті туралы зерттеулер;
ІІ. 3 Діни наным - сенімдер мен салт-дәстүрлер туралы зерттеулер.
ІІІ. Шоқан Уәлихановты тарихта оқыту-әдістемесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлы ғалымы, жарқын жұлдызы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов отандық шығыстану ғалымы мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа, жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырлық дамуының рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой санасың биіктей өркендеуіне ықпал етті.
Шоқан Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби - тарихи мұра қалдырды. Өзінің тым қысқа ғұмырының барысында Шоқан европалық ғылым үшін “белгісіз”, “жұмбақ” болып келген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып үлгерді. Шоқан Уәлиханов терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ғалым болды.
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең - қазақ халқының орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демоктариялық мәдениетімен жақындасу дәуірі, сондай - ақ толық отарлыққа түскен дәуірі еді. Сол кездегі Шоқанның қоғамдық өмірдегі қызметі көп қкрлы. Сондықтан да ол көптеген зерттеу еңбектерінің тақырыптарының негізіне алына алады. Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алған уақытта отандық тарихымыз өзінің тарихи қайраткерлерінің тұлғасын зерттеуге зор көңіл бөліп отыр. Әсіресе ұлтымыздың қазақ екендігін дәлелдеп бағуға тырысқан ғалымымыз - Шоқан Уәлихановтың бай тарихи, ғылыми мұрасын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Еліміз демократиялық қоғам қуруға ұмтылып келе жатқанда қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өз халқының тарихын зерттеп, әлемге таныту мен төл мәдениетін өркендетуге ұмтылған қызметі муқият саралап зерттеуді талап етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Шоқан Уәлиханов өз заманында дүниежүзілік шығыстану ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан әр салалы, терең мазмұнды еңбектер қалдырды. Шоқан Уәлихановтың жеке басы, қоғамдық қызметі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды Шоқан Уәлихановтың жолдары жарқын мінезі, кемелді ақылы, көптеген дарынды қабілеттері жайлы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды “Асқан данышпан жас жігіт, қазақ халқының ең жақын досы, әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы” деп атады [5. 21 б. ] Көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орта Азияны зерттеуші И. Н. Потанин Шоқан Уәлихановтың еңбектерін жоғары бағалай отырып, “Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын талқан болса, ол өз халқының шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді” - дейді. [28. 74 б. ] Атақты шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский өзінің еңбектерінде Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметтерінің нәтижелерін пайдалана отырып: “Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты - орыс ориенталистері бірауыздай оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді” - деп жазады. [5. 42 б. ]
Шоқанның жақын достарының бірі Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға: “Европалық білімге тұнғыш қолы жеткен адамсыз. Сахараның не екенін “оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысты бар екенін Ресей халқына түсіндіру… сізге көп міндеттер жүктейді” - деп жазып, оны алдығақарай шығыстану зерттеу жұмыстарына итермейді. [5. 61 б. ]
Шоқан Уәлихановтың шығармалары тұңғыш рет 1904 жылы орыс географиялық қоғамымен басып шығарылды. Бұл басылым құнды мәліметтер бергенімен, патшалық цензураға қатты ұшыраған, қайта өңделген Шоқанның ғылыми еңбектері, саяхат күнделіктерікеңес уақытында да мұқият сараланады. Оның қолжазбаларымен текстологиялық жұмысты ҚазССР Ғылым Академиясының академигі А. Х. Марғұлан, ғылыми қызметшілер А. Б. Никольская, М. С. Тұрсынова, П. Г. Галузо, Л. М. Әуезова жүргізеді. Осы зерттеулердің негізінде 1958 жылы, ал кейіннен толықтырылып, 1970, 1985 жылдары Шоқанның шығармалар жинағы басылып шығарыла бастайды.
Шоқан Уәлихановтың шығармаларының негізінде оның саяси, экономикалық, философиялық көзқарастары, тарихи танымдары, этнографиялық мұралары жекелей саралап зерттеліне бастады.
“Сот реформасы туралы жазбалар”, “Қазақтардың қонысы туралы” және т. б. көптеген шығармаларының негізінде Шоқанның саяси және экономикалық көзқарастарын С. Д. Зиманов, А. Б. Әтішев өздерінің “Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары” атты еңбегінде қарастырады. Мұнда олар Шоқанның қазақтың билер институтының құрылымын зерттеді, патша реформасының олқылықтарын көрсетуі, қазақ қоғамының өмірінде көшпелі мал шаруашылығының алатын орнына арналған ойлары сараланады (қараңыз 2, 13 әдебиет)
Шоқанның 150 жылдық мерейтойына байланысты Бүкілодақтық конференция өткізіледі, осында Шоқанның жеке басы мен мұраларына қатысты бірнеше құнды баяндамалар жасалады. Болашақ зерттеу жұмыстарына негіз қаланады Н. Е. Бекмаханова Валиханов және орыс мәдениеті атты баяндамасында Шоқанның көзқастарының қалыптасуына әсер еткен Омбы қаласында оқыған жылдар, алдыңғы қатарлы орыс демократиялық мәдениет пен оның өкілдерінің ықпалы таразыға салынып талқыланады [37. 105 б. ]
Шоқанның ағартушылық ойлары да зерттеу нысанасына айналды. Х. А. Арғынбаев, А. Марғұлан, Ш. Абдрахманова, Н. Ивлев, А. Х. Қасымжанов, С. Көпеков өзінің еңбектерін ғалымның ағартушылық ойларына арнайды. Шоқан тарихтағы экономикалық және саяси факторлардың маңызды рөлін ескерді, әлеуметтік құбылыстарды ағартушылық көзқарас тұрғысынан түсіндіруге тырысты деген қорытынды жасалды. [35. 105 б., 23. 80 б. ]
Шоқанның ғылыми мұраларының басым көпшілігі оның саяхаттарының нәтижесінде жиналып жазылғандығы баршамызға белгілі. Шоқанды саяхатшы - зерттеуші ретінде А. С. Бейсенова, Б. А. Литвинский, Н. К. Стрелкова, Т. Бекниязов және т. б. көптеген зерттеушілер зерттеді. “Елдерді сипаттауда Шоқанда географиялық очерк басым болды” деп атай келіп [3. 244 б. ] . А. С. Бейсенова Шоқанның барған жерлерін сипаттау тәсілін атап көрсетеді. Б. А. Литвинский Уәлихановтың Ыстықкөл мен Жоңғарияға барған саяхаттарын зерттеп, Шоқан жайлы Орталық Азияны зерттеуші ретінде сөз қозғайды. Шоқан - универсал, оның экспедициялардың есептік материалдарына объектілерді кешенді зерттеу тән. Оны халықтардың - қазақ, қырғыз, ұйғырлардың тарихы, қазіргі жағдайы, көршілермен қарым - қатынастары, тұрмысы мен салттары “қызықтырды”, - деп жазады. [37. 105 б. ]
Шоқанның тарихи танымдары бүгінгі таңда негізгі зерттеу нысанасына айналып отыр. Д. Дулатова, Р. Б. Сүлейменов, Д. А. Моисеев, Н. Қанафияұлы, И. Шәмшәтұлы Шоқанды шығыстанушы тарихшы ретінде қарастырады “Халықтар тарихын зерттеуде, Шоқан ауыз әдебиеті мен жазба ескерткіштерді кешенді түрде пайдаланды” - деп ескертеді Д. Дулатова. [12. 28б. ] Р. Б. Сүлейменов, В. А. Моисеев, Н. Қанафияұлы өздерінің еңбектерінде Шоқанның халық тарихын зерттеудегі ауыз әдебиетінің рөлін мұқият қарастырады. Шоқан тек қазақ ғана емес, қырғыз тарихнамасының да негізін қалаумы деп атап көрсетеді. [20. 96 б]
Шоқан ғылыми әдебиетте этнограф ретінде де жоғары бағаланады. Ол халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Осы зерттеулерін В. П. Курылев, З. Еркімбеков, А. Қонысбаева, Ш. Момынова және т. б. өте жоғары бағалайды. “Шоқанның этнографиялық әдеби мұралары орысшығыстануына зор үлес қосты” деп бағаланады. [47. 55б. ] Шоқанның ғылыми мұралары әлі де болса, көптеген зерттеу жұмыстарын талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты:
Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан құнды ғылыми, тарихи, әдеби және этнографиялық зерттеулерінің мазмұнын және олардың қоғамдық - мәдени дамуға тигізген әсерін ғалымның шығармалары мен соңғы жылдары жазылған ғылыми еңбектер негізінде зерделеу.
Диплом жұмысының міндеттері:
Шоқан Уәлихановтың ғылыми материалдары мен әр түрлі тарихи - әдеби мұраларына талдау жасау негізінде диплом жұмысына төмендегі міндеттер қойылды:
- Шоқан Уәлихановтың дүниетанымының, көзқастарының қалыптасуына әсер еткен ортасын, өмір жолын қарастыру;
- Шоқан Уәлихановтың қазақ халқын әлемге танытуға деген ұмтылыстарын, саяси - экономикалық көзқарастары мен философиялық дүниетанымын саралау;
- Алғашқы қазақ деректанушысы ретінде Уәлихановтың қазақ халқының шығутегі, хандары, батырлары туралы деректеріне сипаттама беру;
- Ғалымның атын әлемге әйгілі еткен, зерттеу жұмыстарына негіз болған георафиялық сапарлары мен еңбектері жайлы мәліметтер көрсету;
- Шоқанның түркі халықтарының ауыз әдебиеті, салт - дәстүрлері, діни наным - сенімдері, музыка мәдениеті туралы зерттеулерінің шығыстану ғылымына қосқан үлесінің көлемін анықтау.
Диплом жұмысының практикалық маңызы.
Егеменді еліміздің өзінің төл тарихын танып білуге көңілі ерекше ауып тұрған жағдайда Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбетері оның көптеген беттеріне жарық түсіреді, сол уақыттағы тарихи жағдайын терең түсінуге жол ашады. Диплом жұмысында Шоқан Уәлихановтың қоғамдық, ғылыми қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгені объективті түрде дәлелденеді және тарихи - әдеби шығармалары соңғы кездегі зерттеулерге негіз болғандықтан, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан толданады. Осы материалдарды оқулықтар мен мектеп бағдарламаларына енгізіп, арнайы курстар түрінде де өткізуге болады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі.
Шоқан Уәлихановтың әдеби, тарихи, географиялық және этнографиялық еңбектері жарық көргенімен де, олар алғашында патша үкіметімен, ал кейінен кеңес билігімен сынға ұшырады. Диплом жұмысында біз кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің негізінде объективтілік, бірізділік және даму принциптеріне сүйеніп, ғалымның ғылыми мұрасы өркениеттік көзқарас тұрғысынан қарастырылады.
Диплом жұмысының хронологиялық және географиялық шеңбері.
Ғалым, тарихшы, этнограф ретінде Шоқан Уәлихановтың қоғамыдық қызметін ашу үшін диплом жұмысы ғалымның өмір сүрген 1835-1865 жылдары мен ол өмір сүрген және сапарлармен аралаған Қазақстан, Орта Азия, Орталық Азия және Ресей елдері тарихын қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы.
Кіпріспеден, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. “Шоқан және қазақ қоғамы” атты тарауда Шоқанның қазақ халқынынң тарихи мен бүгінгі таңдағы, яғни ХІХ ғ. жағдайын зерттеуге арналған еңбектері талқыланады. “Шоқан Уәлиханов - этнограф, шығыстанушы” атты тарауда Шоқанның аралаған елдері, географиялық, әдеби, этнографиялық және тарихи мұралары зерттеу нысанасы етіп алынады. “Шоқан Уәлихановты тарихта оқыту - әдістемесі” атты тарауда мектептегі жаңа әдіс- тәсілді қолдану барысы.
І Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамы
І. 1 ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы
Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз халқының даму жолында жарқын із қалдырды. Шоқанның өмір сүрген уақыты патшалық Ресейдің Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстанға аранын ашып, жалмап жұтуға ұмтылып кем жатқан дәуірімен тұстас келді. Бұл бір қалыпты, жайбарақат процес болған жоқ. Қазақстың ақсүйектері өзінің құқықтары мен үстемділігіне нұқсан келеді деп қауіптеніп, Ресейге қосылуға кедергі жасап бақты жер жерлерде жанданған ұлт - азаттық көтерілістер мен түрлі қарсылық әрекеттері Қазақстандағы Ресейден айыруға бағытталды. Патша үкіметінің отарлық саясатының нәтижесінде көшпелі қазақ жайылымдыққа қажетшурайлы жерлерінен айрылды. Бұл халықтың дәстүрлі құқықтарына қолсұғушылық болды. Отарлық әкімшілік тек осымен ғана шектелмей, ел ішінде феодалдық бытыранқылықты шиеленістіріп, халықтың дәстүрлі билік формасы - хандық билікті де жойды. Қазақ жері әкімшілік - территориялық бөлініске ұшырап, генерал - губернаторларға бағындырылды.
Ресей Қазақ Даласына ішкерлей енген сайын, көп сөзбастан түрлі әлеуметтік - саяси және әкімшілік - территориялық реформалар жүргізе отырып, олар енді толық отарлауға бағытталды. Қанаттың бір сілтеуімен, былайша айтқанда, ешқандай толқу мен қобалжусыз, 400 мың тұрғыны бар кең байтақ дала екі облысқа бөлініп, болашаққа деген үлкен үмітпен империяның құрамына толығымен берік құйылды! [7. 311 б. ] Патшалықтың далалық өлкені саяси басқару саласындағы өзгертулерін қорытындылай келе, Шоқан Уәлиханов, осы шаралардың нәтижесінде “Дала мүлдем жаңа келбетке ие болды” [7. 309 б. ] деп қорытынды шығарып, бұл қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне мүлдем қайшы болғандығын мойындайды.
Шеткі ұлт аймақтарының, соның ішінде, қазақ даласының, саяси және экономикалық дамуына әсер ететін оқиғалар Ресейдің өз ішінде жүріп жатты. ХІХ ғасырдың ортасында крепостниктік дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес ишеленісе түсті. Ресейдегі осы үрдіске пітрлік реформалар мен орыс кәсіпкерлігінің дамуы зор ықпалын тигізді. Ресейде осы тарихи кезеңде Европаның алдыңғы қатарлы идеяларының таралуына ғана емес, өзіндік жаратылысты - ғылыми, философиялық, саяси, әлеуметтік ойдың қалыптасуы мен дамуына қолайлы тамаша әлеуметтік - саяси және мәдени негіз қаланды 1816 жылы ақпан реформаларынан кейін түрлі идеялық ағымдар арасында крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін ишеленісе түсті. [56. 55 б. ] . ресейдегі, сондай - ақ Қазақстандағы саяси жағдайдың ишеленісуі Шоқан Уәлихановтың көзқарастарына әсер етпей қоймады. Шоқанның шығармаларында қазақ халқы өмірінің ең жанды мәселелері сөз болады, халқының таукіметін жеңілдетудің жолын іздейді. Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыптарына айналды “Қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын - сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең - жырлар жасауымен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады”, - деп мақтанышты сезіммен жазады. [6. 109 б. ]
Шоқан Уәлиханов теориялық түрде өз халқының қоғамдық болмысының шынайы процестерін дұрыс анықтап, мұнда үнемі ағартушы бағыттағы батыс және орыс ойшылдарының іліміне негізделді. Бірақ, ол оларға соқыр ілеспей, олардың идеяларын ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірінде жүріп жатқан тарихи оқиғалармен сәйкестендіруге тырысты. Сол себепті оның әлеуметтік - экономикалық көзқарастары ерекше және терең болғандығы соншалық, бір оларды мұқият саралай отырып, бүгінгі таңның да өзекті мәселелерін іздейміз.
Шоқанқазақтардың орыс бодандығының астына өтуінің жақтаушысы болғанымен, патша үкіметінің осы шараның өзінің пайдакүнем саяси мақсатарында, қазақ халқының мүдделеріне нұқсан келтіретінтүрде пайдалануына немқұрайлы қарай алмады. Ол 1822 жылы патша жарғысымен Орта жүзде хандық биліктің жойылуын шын жүректен уайымдады. Қазақтардың бұрынғы рулық бірлестіктерінің орнында Далада приказдар, округтер, уездер, облыстар және тағы сол сияқтылар құрыла бастап бұл Даланы билеудің ғасырлық дәстүрлерінің бұзылуына әкелді, оны Ресейдің әкімшілік - саяси бөлігіне айналдырды. Ресей империясының жүргізген реформалары халықтар өмірінің ұйымдастырылуына айтарлықтай өзгерістер әкелгенімен, алға қарай дамыды білдірмей, патшалықтың ұлыдержавалық ұмтылыстары мен ресейлік және жергілікті ауқатты сословиелердің мүдделерін қанағаттандыруға бағытталды.
Шоқан Уәлихановтың қазақ халқының тұрмысын жақсартып, оны мешеуліктен шығару жолдарын іздестіру көзқарасының қалыптасуына патша үкіметінің қазақ даласына саяси ойлары үшін жер аударылған орыс қоғамының озық демократиялық бөлігі - декабристер мен петрашевийлердің әсері зор еді. Омбы кадет корпусында оқып жүрген уақытында және кейіннен Батыс Сібір генерал - губернаторлығында қызмет еткен жылдары, Петербургте болған күндерінде Шоқан революционерлік - демократиялық идеялармен танысады. Шоқанның жақын досы болған Ф. М. Достоевскийдің, орыс революцоинер - демократтары Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбовтың идеялары Шоқан санасында терең із қалдырады. Шоқан Уәлиханов көзқарасының қалыптасуына әсер еткен басқа бір “құдірет” - қазақ халқының көпғасырлық мәдениеті, оның саяси тарихы, азаттық пен бейбітшілік жолындағы халық күресі еді.
Шоқан Уәлиханов патриархалды - феодалдық қазақ қоғамын сынады, отаршылдық - бюрократтық патша аппаратын кінәлады, ислам дініне реакцияшыл мазмұн берді, орыс және қазақ халықтарының ұлы достығына шексіз сенді.
Сахарада болған уақыттарда Шоқан артта қалған ортағасырлық мешеуліктің мұнды көрінісіне, отарлаушы чиновниктердің жүгенсіз озбырлығы мен қазақ сұлтандарының, бай - феодалдарының заңсыз тағылығының зардабын тартып, екі жақтан бірдей езіліп отырған құқықсыз халық буқарасының қайғылы болмысына душар болды. Шоқан сол өз тұсындағы қазақ өмірінің шындығына көне алмайды да, үкімет орындарының өкілдері мен қазақ ақсүйектерінің арасынан шыққан солардың қолшоқпарларына қарсы, езушілікке қарсы күрес бастайды. [5. 71 б. ]
Бірақ ол утопиялық идеяларға беріліп, “халықтың бақытын” жоғарыдан, “өкімет билігімен” орнатуға болады деген пікірмен теріс жолға түседі. Атбасар оқиғасы (1862 жыл), яғни, Атбасардың аға сұлтанын сайлаған кезде Уалихановтың осы орынға кандидатурасын ұсынуы, оның осы қатесін дәлелдейді. “Бір кезде менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбырлығынан қорағайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетін де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным - оқыған правитель - сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді”, - дейді Шоқан өзінің Достоевскийге жазған хатында. [3. 562 б. ]
Шоқанның патша үкіметі тұсында демократиялық бостандық беріледі деп үміттенуі, әрине, бекер еді. Демократиялық бостандық алу үшін патша үкіметін жою керек, олай болмаған күнде езілген халықты ешкім де қанаудан қорғай алмайды. [3. 71 б. ]
Шоқан Уәлихановтың шығармаларында қазақ қауымының бұдан бұрынғы тарихы өркендеу жолы туралы ойлары жібек арқау болып тартылып отырады. Ол қазқ ақсүйектерінің саясаты қазақ халқын күйреуге әкелетінін, феодалдық ортағасырлық мешеулікті сақтап қалатынын жақсы түсінді.
Ресей мен Қазақстанның өзара жақындасуы тарихи қажеттіліктен туындағанын ол терең де, дұрыс түсіне білді және сол процесті өз халқын артта қалушылық пен жоқшылықтан мүмкіндігінше тезірек құтқаруға пайдаланбақ болды. [6. 96 б. ] Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген пашалық отаршылық үкіметті батыл сынаушы болды. Көптеген шығармаларында, әсіресе, орыс достарына жазған хаттарында қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып, ашықтан -ашық тонап жатқан патша чиновниктері туралы өте ашына айтады. Ашықтан -ашық аямай сорады, - деп дала әкімшілігі жайлы ызамен жазады.
Шоқан Уәлихановтың патша үкіметінің Қазақстандағы шектен шығу әрекеті қазақ халқында болашаққа деген сенімсіздік тудыратынын және өткен үкіметтік форманы сақтап қалатынын түсінді: “Орыс басшыларының әрбір әрекетінен, - деп жазады Шоқан - қырғыздар басына қырсық, еркіне тежеу салынады деп түсінеді. Онысы түсініктіде, өйткені жер - жердегі заседательдардың әрекеті орыс басшылары осылай деген ой туғызады. [8. 204 б. ] Осылай дей тұрғанымен, Шоқан Уәлиханов қоғамды түбегейлі қайта құру үшін радикалды шаралардың қажет екенін түсіну деңгейіне көтеріле алмады. [2. 51 б. ] Ол қырсықтың бәрі тек отарлық жүйеде ғана емес, патшалық әкімшіліктің жекелеген өкілдерінде екенін жете түсіне алмады. Осыдан келіп ол реакциялық чиновниктерді либералдық көзқарастағы адамдармен алмастыруға әрекет жасады.
Қазақ ауылдарының өміріне жіті көз жібере отырып, Шоқан өз кедейлердің бай туыстарына болмашы ақыға жалданып, ал олардың өзі болса, өз кезегінде, бұларды туыстық дәстүрді бүркеніп, аяусыз қанат отырғанын байқады. Жас ғалым кедей шаруалардың өз үй - ішін аштан өлуден сақтап қалу үшін өз балаларын бір табақ ұнға сатуға дейін баратынын ащы ашу - ызамен жазды. [21. 69 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz