Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

НЕГІЗГІ ТҮСІНКТЕМЕЛЕР

Мұрағаттану негіздері пәнін оқуды бастамас бұрын төмендегі кәсіби терминдердің мән-мағынасымен танысып алған жөн, себебі олар негізгі түсініктемелік аппаратты құрайды және мұрағат терминологиясына кіретін кейбір мәселелерді нақтылай түседі.

Мұрағат ісі - Ұлттық мұрағат қорын құрайтын мұрағат, мұрағат корлары мен коллекциясының қалыптасуын, оларды сақтау мен пайдалануды ұйымдастыратын жеке және заңды тұлғалардың қызмет аясы.

Мұрағат құжаты - сақталған немесе қоғам үшін маңызы болғандықтан сақталуы тиіс, сондай-ақ оның иегері үшін құнды болып табылатын құжат.

Мұрағат - мұрағаттық құжаттар жиынтығы, мұрағат мекемесі, сондай-ақ мұрағаттық құжаттарды қабылдап, оны пайдаланушылар мүддесі үшін сақтайтын мекеменің, бірлестік немесе кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.

Мұрағат қорлары - қор жасаушы қызметі аясында қалыптасқан және бір немесе бірнеше белгілері бойынша топтастырылған құжаттар жиынтығы. Мұрағат коллекциясы - өзара тарихи және логикалық тұрғыдан байланыстағы құжаттар жиынтығы.

Ведомстволық мұрағат - мемлекеттік занды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімі, онда жинастыру, уақытша сақтау және Ұлттық мұрағат қорына кіретін, сонымен қатар оның құрамына кірмейтін құжаттарды пайдалану істерімен айналысады.

Мемлекеттік мұрағат - жинастыру (сатып алу, иелікке алу), тұрақты сақтау мен Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру кұқығына ие мекеме.

Құжаттар көшірмесінің мемлекеттік сақтандыру қоры - мемлекет үшін аса маңызды және олар жоғалған кезде орны толмайтын Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттар көшірмесінің сақтандыру жиынтығы.

Құжат - материалдарда реквизиті бар әрі оны идентификациялауға болатын ақпараттар.

Ұлттық мұрағат қоры - барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекциясының, құжаттық ескерткіштердін, ұлттық құндылықтар ретінде ганылған ерекше тарихи, ғылыми, саяси немесе мәдени мәні бар құжаттардың жиынтығы.

Жеке мұрағат - жинастыратын, сақтайтын және Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына енбейтін құжаттарды пайдаланатын мекеме немесе мемлекеттік емес занды тұлғаның кұрылымдық бөлімі, не болмаса жеке тұлғаның қызметі кезінде қалыптаскан мұрағаты, жиналған (иелік еткен) құжаттары.

Бақылау сұрақтары

  1. «Мұрағат ісі» түсінігі нені білдіреді?
  2. «Мұрағат» түсініп не магына береді?
  3. Сіз мұрағаттанудың негізгі терминдерін қалай түсінесіз?

І-ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МҰРАҒАТ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ТАРИХЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРП ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Мұрағат ісі саласындағы РСФСР ХКК декреттері және олардын Қазақстанда мұрағат ісі саласын ұйымдастыру ісіне тигізген ықпалы

РСФСР құрамында жаңадан құрылған Қазақ кеңестік мемлекетінің алдында тұрған негізгі шаралар қатарында республикада мұрағат ісін ұйымдастыру мәселесі тұрды.

Автономиялы республикада мемлекеттік мұрағат қызметінің заңдық алғышарттары 1918-1919 жж. мұрағат ісі саласында қабылданған ХХК РСФСР декреттерінің негізінде қаланды.

1918 жылы 26 сәуірде В. И. Ленин терағалық еткен ХКК отырысында Мұрағаттар мен кітапханалар Орталық басқармасын ұйымдастыру мәселелерін қарастырылған баяндама тындалды. Аталмыш мәселені шешуге негізделген декреттің жобасын жасау туралы шешім кабылданды. ХКК РКФСР мүшелеріне 1918 жылы 27-28 мамырда ұсынылған декрет жобасы революцияға дейін мұрағат ісі саласында өздерінің реформаторлық ойларымен белгілі болған Н. В. Калачев және Д. Я. Самоквасов идеяларына негізделе отырып дайындалды. Бұл мәселеге байланысты талқылауды ұйымдастырушы белгілі тарихшы, Халыққа білім беру комиссарының орынбасары Н. М. Покровский болған еді.

1918 жылы 1 маусымда В. И. Лениннің қол коюымен бекітілген « О реорганизации и централизации архивного дела в РСФСР» декрет осы салада жүргізілген ұлкен талқылаулар мен пікірталастардың заңды қорытындысынан туындаған еді.

Кейбір ережелерінде азды-кемді кемшіліктер кездескенімен, бұл декрет құжаттарды сақтауды ұйымдастыруға және мұрағат ісін орталыктандыруға негізделген жаңа социалистік мемлекеттің ең алғашқы заңды актісі болды. Онда барлық үкіметтік мекемелер, сонымен бірге ведомстволық мекемелер мұрағатгары жойыльт, оларда сақталған істер мен құжаттар Біртұтас Мемлекеттік Мұрағаттық Қор (БММҚ) құратындығы көрсетілді. БММҚ-ға 1917 жыддың 25-қазанына дейінгі кезеңде қызмет еткен мекемелер істері мен жазбалары кірді. Мемлекеттік мұрағаттық қорды меңгеру міңдеті Мұрағат ісі Бас Басқармасына (МІББ) (орысша - ГУАД) жүктелді. Бұл Бас басқарма Халыққа білім беру комиссариаты құрамында ерекше бөлім ретіңде құрылды.

Осылайша, 1918 жылы 1-маусымда қабылданған декрет негізінде МІББ жоғарғы билік органдарына бағынышты жеке-дара орталық мекеме ретінде қызмет ете бастады.

Декрет бойынша мұрағат саласының негізі қызметі айқындалды. Олар: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, кұндылығын сұрыптау, құжаттарды жеделдете табу және ғылыми мәнін аныктауды ұйымдастыру, ведомстволық мекемелердің құжатпен жұмыс істейтін бөлімдеріне бақылау орнату.

Осының негізде МІББ (ГУАД) құрамына кіретін белгілі бір мақсатгарга багытталған жаңа әлеуметтік институты бар мұрағаттық қызметтің мемлекеттік жүйесі құрылады.

Мұрағат ісі саласындағы алғашқы декреттің ережелері ұлттық республикаларда да мұрағат ісін ұйымдастырудың заңды негізіне айналды. Ол Қазақстанға да қатысты еді.

1919 жылы РСФСР ХКК тағы да төрт акт қабылдады. Бұл актілер жергілікті жерлерде мұрағат қызметін ұйымдастыруға әсерін тигізген заңцы негіздің күшеюіне ықпал етті.

1919 жылы 2 наурызда Халық Комиссарлар Кеңесі «Таратылған бұрынғы армия істері мен мұрағаттары туралы» декрет қабылдады. Ол 1914-1918 жылдардағы империалистік соғыс кезіне қатысты құжаттарға қатысты еді және де оны орындау жергілікті жерлердегі әскери комиссарлардың қол асты бақылауымен іске асуы тиіс болды.

1919 жылы 31 наурызда қабылданған «Губерниялық мұрағат қорлары туралы Ереже» губерниялық ортақ мұрағат қорларын құрудың занды негіздерін жасады. Губерниялық атқару комитеттеріне мұрағаттық істер мен құжаттардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру шараларын жүргізу және бақылауға алу жүктелді. Олар құжаттардың губерния, уезд, болыс және губерниялык қалаларда арнайы орындарда жинақталып сақталуын, мұрағаттарға орналастырылуын қадағалау ісімен айналысуы тиіс болды. Губерниялық мұрағаттық қордың меңгерушісін Мұрағат ісі Бас басқармасы тағайындады.

Ережеде мұрағат саласына байланысты жалпы сұрақтарды білікті турде қарастыру мақсатында мұрағаттар жанынан Кеңестер құру мәселесі қарастырылды. Бұл кеңестер құжаттарды сақтау және реттеу мәселесімен айналысты, оның құрамына жергілікті жерлердегі белгілі ғалымдар және педагогикалық қоғамдар өкілдері, кітапхана, мұражай қызметкерлері, губерниялық халыққа білім беру бөлімінің депутаттары өз өкілеттілігін бір жылдық мерзімге сақтай отырып сайланды.

Мұнымен қатар, жаңа кеңестік әкімшіліктің белсенді қызметінің нәтижесінде құжаттардың ағымын реттеу және тек жаңа құжаттарды ғана емес, бұрынғы құжаттардың да кұндылығын сұрыптауға деген сұранысты өсірді. 1919 жылы 31 наурызда РСФСР ХКК мұрағаттық істерді сақтау және жоюға байланысты Қаулы қабылдады. Бұл құжаттың бірінші тармағында былай делінген: «Все оконченые дела советских учреждений, профессиональных и кооперативных организаций сохраняются при них не более пяти лет, причем ни один доқумент не должен быть изъят».

Тиісті уақытта мұрағат бөлімдеріне «тарихи материал» ретінде қолданыстағы уақыты өткен тұрақты сақтауға қабылданған құжаттар кабылданылады; оған тарихты зерттеулерге, дипломатиялық қатынастарға, саяси, қоғамдық, экономикалық өмірдің сан алуан қырларына қатысты маңызды құжаттар кіреді.

Осылайша, декрет негізінде Мемлекеттік мұрағатгық қорға қабылданатын құжаттарды сұрыптаудың негізгі ғылыми принциптері айқындалды.

Қандай құжаттарды сақтау керек немесе қайсысын жою керектігін анықтау үшін арнайы айқындаушы комиссиялары курілдцы. Комиссия құрамына мұрағат басшылары, материалдарын сақтауын өткізіп отырған мекеме төрағасы кіруі тиіс болды. Тарихи маңызы жоқ деп танылған құжаттарды айқындау белгіленген төтенше катал нұсқауларға сәйкес тексерудің бірнеше сатысынан өтті де, текссру комиссиясының қорытындысынан, Мұрағат ісінің Бас басқармасында тиімнің бекітілуімен айқындадды, құжаттарды жою актісіне міндетті түрдс МІББ-ның төрағасы қатысуы тиіс еді. Жойылған істердің тізімдемесі салаға сяй мұрағаттарда тұрақты турде сақталды.

Кеңес үкіметі құрылған алғашқы қиын жылдарда, мұрағаттық істерді тұрақты сақтауға алу және жою туралы декрет маңызды әрекет болғанды. Ол мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдауды ұйымдастырушы және осы саладағы жұмыстарды бағыттаушы, негізгі принциптерді знықтаган құжат еді. МІББ-ның Ережесі сол жылдың өзінде - ақ МІББ-ның нұсқауларында нақтыланып көрсетілді. Бұл нұсқауларда мұрағаттарға іс жүргііу жұмыстарына бақылау құқығы беріліп, мекемелер қызметі барысында құжаттарды сақтау және олармен жұмысты ұйымдасгыру міндеті жүктелді. Енді мұрағаттардың кіріс және шығыс құжаттары толығымси бакылауға алынып, құжаттардың мекеме мұрағаттарында жылжу рсті инықтшіыіі, олардың мемлекеттік мұрағат қорына дейінгі барлық жолы анықталды. Осындай жолмен іс жүргізуде және ведомстволык сақтауд құжатгарды есепке алудың бастамасы жасалды.

Істерді сақтау және жоюға байланысты декрет мемлекетгік мұрағаттардың өзге мемлекеттік мекемелермен «Қырым Қатынасы» ұйымдастырды және мүның занды негізін қалады. Осылайша мемлекеттік мекемелердің жаңа жүйесінде мұрағаттар іс жүргізу және баскару саласында бақылаушы және бағдарлаушы мәртебесін иеленді.

1918-1919 жылдардағы РСФСР ХКК Декреттері жалпы алғанда мұрағат ісін қалыптастырудың барлық маңызды салаларын қамтыды. Барлық саладағы маңызды мұрағаттық құжаттардың сақталуына жағдай жасалды. 1918 жылдың 1-маусымында қабылданған декрет негізінде бұрынғы үкіметтік мекемелердің мұрағаттары, 1917 жылдың 25 қазан айына дейін уақытша үкімет мекемелеріндегі іс-қағаздар мен жазбалар, құжаттар тағдыры заңды турде рәсімделді.

Осы 1918-1919 жылғы мұрағат ісіне қатысты қабылданған РСФСР ХКК декреті, жалпы алғанда мұрағат ісін құру саласындағы барлық мәселелерді қамтыды, осы негізде атқаратын негізгі функциялар аныкталды. Олар мекемелерде іс жүргізу жұмыстарынан басталып, құжзттардың есепке алынуы, мемлекеттік сақтауға сұрыптап алу жұмыстары, құжатардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың жаңа құрылған мемлекеттің талаптарына жауап беретін ғылыми пайдалануды ұймдастырумен аяқталды. Мұрағат ісі саласындағы декрет Қазақстанда мұрағат ісін қалыптастыруда және ұйымдастыруда үлкен маңызға ие болды.

1. 2 Қазақстанда алгашқы мұрағаттық мекемелер мен елкелік мұрағаттық қорларды ұйымдастыру

Қазақстан аумағы революцияға дейінгі кезенде бұрынғы Ресей империясының түрлі әкімшілік орталықтарында басқарылғандықтан, қазақ халқының тарихын сипаттайтын отарлық мекемелеріндегі мұрағат құжаттарының басым бөлігі сонда, яғни Орынбор, Омбы, Ташкент, Астрахань және т. б. қалаларда сақталды.

Алғашқы жылдардағы мұрағат ісінің ерекшелігі сол, ол азамат соғысы жылдарындағы кезеңмен байланысты болды, оның үрдістері кезінде өткенге куэ көптеген мұрағат көздері жойылып кетті.

Қазақстандағы алғашкы мұрағат мекемелерінде елкелік мұрағат корларын кұруда Бас мұрағат басқармасының біріктірушілік қызметінің айрықша маңызы бар.

1919 жылдың жазында РСФСР МІББ (ГУАД) Айрықша комиссиясының мэжілісінде басқа кеңестік республикаларға өз екілдерін РСФСР Бас мұрағатымен байланыс орнату үшін және олардың заңнамалық және де РСФСР-дағы мұрағат ісі бойынша басқа да ұйымдастырушылық -әдістемелік материалдармен танысуға жіберу туралы шешім қабылдады.

Алаш ұлттық үкіметін талқандағаннан кейін, 1917 жылдың карашасынан 1918 жылдың наурызына дейін болыневиктік ұйымдардың тікелей басқаруымен кеңестік билік Қазақстанның ірі-ірі өңірлерінде түгелдей орнады. 1919 жылгы 10 шілде де В. И. Ленин қол қойған РСФСР ХКК-нің Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін Революциялық комитет құру туралы белгілі декретінен соң, аталмыш комитет Қазақ АССР-нің болашақ үкіметтік мекемелерінің түпкі жиынтығына айналды. Ал, бұлар 1920 жылдың тамыз-қазан айларында занды турде қалыптасқан еді.

Қазіргі Қазақ Республикасының аумағында 1920 жылы алғашқы мұрағаттық органдар құрылып, түрлі әкімшілік орталықтарда мұрағаттар қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Мұнда да бұрынғы отарлық жүйе әсері байқалып қалды. 1919 жылдың соңында Ташкентке келген РСФСР Бас мұрағатының екілі Орта Азияда мұрағат мекемелері жоқ екендігін анықтап,

  1. жылдың 22 желтоқсанында, Ташкентте жұмыс істеп тұрған Түркістан істері бойынша БОАК (ВЦИК) Комиссиясына хабарлады. Бір ай өткен соң,
  2. жылдың 21 қаңтарында Түркістан АССР-на арнап Орталық мұрағат ісі басқармасын (Цурардел) құру туралы бұйрық жариаланды. Сол жылдың мамырында Түркістан ОАК-нің тиісті декреті де жариаланды. Бұл декрет бойынша ОМІБ бас басқарушысын РСФСР Бас мұрағатының келісімімен Түркістан ОАК (ЦИК) тағайындады. Қазақстанның Жетісу және Сырдария облыстары ОМІБ (Цурардел) қызметі қарамағына өтті. Ақмола мен Семей облыстарында 1920 жылы Омбыда Сібір Революциялық комитеті құрған мұрағат басқармасы жұмыс істеді, ал қалған Орал, Торғай, Закаспий, Астрахань, Орынбор, Алтай сынды Қазақ АССР құрамындағы облыстар РСФСР облыстық және губерниялық мұрағат мекемелеріне кірді. Алғашқы

уақыттарда Орынбор губерниясы мен Торғай облысы аумағында Орынбор Торғай губерниялық мұрағаты құрылды да, РСФСР Бас мұрағатындағы Орынбор өкілетгілігіне қарайды.

Кеңес үкіметінін алғашқы жылдарында Қазақстандағы мұрағат ісін ұйымдастыруда РСФСР бас мұрағатының Орынбор өкілеттілігі маңызды рөл атқарды, себебі Қазақ АССР-ның бірінші астанасы Орынборда жаңа социалистік мемлекеттің үкіметтік мекемелері шоғырланған еді. Сонымен бірге, мұрағат ісі бойынша Лениндік декреттер Кеңес үкіметінің басқа заңнамалық актілермен бірге Қазақстанның басқа өңірлеріне карағаңда тезірек өмірге енгізілген еді. Бұл Петроград пен Мэскеуге жақын болғандығымен де түсіндіріледі. Мұрағат ісі бойынша декреттер В. И. Ленин қол қойганнан кейін-ақ бірден Орынборға келіп түсіп отырды. 1919 жылы 31 наурызда РСФСР МІББ өкілеттілігі арнайы нұсқау жасап шығарды.

Орынбор каласы бойынша МІББ өкілі А. Михайловтың қызметі 1919 жыны қьіркүйекте ескі армия штабы мен басқармаларын қарап шыгудан, яғни «мұрағат үшін мәні бар деп табылатын заттарды мұрағатқа өткізуден» басталған болатын. А. Михайлов пен В. В. Иванов сынды алғашқы өкілдердің бастамашылық жұмыстарының нәтижесінде тарих үшін Кеңес үкіметі органдарының алғашқы құжатгары сақталып қалды. Олардың арасында алғашқы баспа басылымдары (газеттер, үндеулер, хабарландыру және т. б. ), әлеуметтік-құқықтық мәні бар неке және нотариат құжаттары да бар еді.

Сонымен қатар, губерниялық әскери комиссариатқа 1919 жылғы 2 қыркүйектегі РСФСР МІББ өкілінің жазған хатында бұрынғы түрақты армияның таратылған бөлімдері мен штабтарындағы мұрағат «аса үлкен көлемде киратылуда» деп те айтылады.

Бұл мұрағаттарды сақтау олардың тарихи зерттеулерге қажеттілігінен ғана емес, сондай-ақ жекелеген адамдардың түрлі анықтамалар мен құжаттарды талап етуінен де туындады. Жергілікті басылымдарда қараусыз қалдырылған құжаттар жайында мақалалар да жариаланды (Коммунар. -1919. -№212) .

Орынбор - Торғай губерниялық мұрағатының жай-күйі ғимарат жетіспеушілігімен сипатталынды, бірақ соған қарамастан 1919-1920 жылдары онда мемлекеттік және қогамдық ұйымдардың 102 мұрағаты зерттеліп, оның 22-сі сақтауға алынды. Мұрағатта бар болғаны төрт-ақ қызметкер жұмыс істеді.

Мұрағат ісін ұйымдастырудың қажеттілігі алғаш рет Қазақ елкелік әскери комиссариатының 1920 жылдың 12 наурызында болган жиналысында көтерілді. Онда бөлім төрағасының орынбасары А. П. Чулошников арнайы ғылыми мұрағат комиссиясын қүру жайында баяндама жасады.

1920 жылғы 26 мамырда А. П. Чулошников төрағалық еткен Қазақ әскери революциялық комитеті ғылыми бөлімінің жиналысында орталық мұрағат қорын ұйымдастыру сауалдары көтерілді.

Кейінірек ғылыми бөлім, ғылыми сектор, кейіннен Республиканың Халық ағарту комиссариатының Академиялық орталығы болып әлденеше рет

өзгерген бұл бөлім Қазақстан мемлекеттік мұрағат қызметін қүруға сентігін тигізген бірқатар үкіметтік қаулылар мен өкімдер жобаларын дайындады.

1920 жылы 15 шілдеде Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатындағы Ғылыми комиссия мэжілісінде оған төрағалық еткен А. П. Чулошников мұрағат туралы сауалды қайтадан кетерді. Онда орталық өлкелік мұрағат корын мемлекеттік үлгіде құру жөнінде қаулы шығарып, оны мамандар Халық ағарту комиссариаты коллегиясының қарауына өткізеді.

Орынборда өлкелік мұрағат қорын құру туралы ұсыныстың екінші жағы да болды, өйткені автономиялық республиканы құру әлі заңды түрде рэсімделмеген болатын, ал калада РСФСР Бас мұрағатына тікелей бағынатын губерниялық мұрағат жұмыс істеді, Қалыптасқан жағдай туралы губерниялық мұрағат меңгерушісі 1920 жылы 18 шілдеде Мэскеуге мәлімдеме жіберді. Сол жылы 12 тамызда РСФСР Бас мұрағаты «мұрағат корын орталықтандыру мен басқару әкімшілік бөлініске сай жүргізілуі керек» деп түсініктеме жібереді. Сөйтіп, Өлкелік Қырғыз (Қазақ) мұрағат қорын ұйымдастыру осы өлкені басқарудың жалпы мәселелері шешілгенге дейін ешбір езгерістерге ұшырай қоймады.

1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен Қазақ АССР Кеңестерінің құрылтай жиналысына Орынбор-Торғай, Акмола, Семей, Орал облыстарынан, бұрынғы Бөкей хандығынан және баска да қазақ аудандарынан делегаттар қатысып, РСФСР құрамында автономиялы республика кұрылғандығы туралы жариялады. Онда мұрағат ісіне қатысты бірқатар мәселер де шешілген болатын.

1920 жылы 9 желтоқсанда Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының Ғылыми бөлімі төрт бөлімнен тұратын сектор болып кұрылды. Тұңғыш рет бөлім құкығында Бас мұрағат басқармасы автономиялы республика аумағында барлық мұрағат кұрылысының мәселерімен айналысатын орган ретінде кұрылды.

1918 жылғы 1 маусымдағы РСФСР ХКК декреті бойынша Жергілікті жерлердегі мұрағат құрылысын ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган құрылған болатын. Мұрағат ісін басқару жеке-дара мемлекеттік сала болмаса да, мемлекеттік билік пен басқармалардың жоғарғы органдарына бағынды. Оның республиканың Халық ағарту комиссариатына бағынуы кездейсоктық емес еді. РСФСР-дағы мұрағат мекемелері де Халық ағарту комиссариаты жүйесіне бағынды, сонымен қатар бұл уақытта халық ағарту комиссариатында ең білімді де білікті мамандар жұмыс істеді. Мүнымен бірге Мұрағат ісі басқармасы қызметінің шектеулігі мұрағат жұмыстарының тиісті дәрежеде кең қанат жаюына кедергі келтірді. 1921 жылғы сәуірде Мұрағат ісі басқармасы баяндама дайындады. Онда мұрағат ісін қайта ұйымдастыру қажет екендігі көрсетілді, республикада бірнеше губерниялық корлар құру, кеңестік кезеңге дейінгі және революциялық уақыттағы барлық құнды материалдар шоғырланатын Орынборда Орталық өлкелік мұрағат ұйымдастыру секілді бірқатар ұсыныстар айтынды.

6 маусымда Мұрағат ісі басқармасы барлық кеңестік, мемлекеттік,

қоғамдық ұйымдарга және рссиуиліікіі азаматтарына құжаттарды жинап, оларды орталықтандырып сііктііні. ік дсн үидсу тастады.

6

1920 жылы 21 қыркүйскте ХКК дскрсті бойынша Қазан революциясы мен РКГТ(б) тарихының матсришіднрі. ш жинастыратын және зерттейтін Комиссия құрылгандығын айтп кетксн жон. Ол (Испарт) партиялық мұрағаттардың параллель жүйссіп жэнс дс мсйлінше мұрағаттарда «бағалы материалдарды» жинастыру мен ұйммлаегырудың негізін қалады. Испарт оз мұрағаты мен партиялық мүрагатгар торнбі. ш 1924 жылдан бастап 30-жылдарға дейін жинастыра берді.

( 1921 жылы Қазақ АССР Халық ағарту комиесариаты Орталық Өлкелік мұрағатқа ғимарат бөлді. Сөйтіп, 1921 жылдың І-қыркүйегінен бастап тұңғыш рет Қазақстан тарихында өлкелік мұрағат өз қызметін бастайды. Оның бірінші меңгерушісі болып Арман Гра тағайындалды. Ол жергілікті басылымда өз қызметіне кірісе салысымен~ақ «Сохраняйте и берегите архивы» атты мақала жариялады. Алғашқыда мұрағат штаты 5 адамнан тұрды, олар: мұрағат меңгерушісі, бірінші және екінші разрядты архивариустер, іс жүргізуші мен карауыл. Соған қарамастан, 1921 жылдың соңына қарай 19 мекеменің мұрағаты сақтауға келіп түсті, 2 мекеме мұрағаты есепке алынып, 11 мекеме мұрағаты көшірілді. 1920 жылдың 20-желтоқсанында елкелік мұрағат штаты 7 адамға дейін ұлғайды, есептеу қызметкері мен хатшы-машинист қызметтері тағайындалды.

1922 жылы 24 қаңтарда Қазақ АССР-дағы Орталық өлкелік мұрағаты жайлы алғашқы ресми ереже бекітілді. Оны Халық ағарту комиссариатындағы Бас мұрағат төрағасы Михайлов тағайындаған еді. Мұрағат Қазақстан аумағындағы барлық құнды да маңызды мұрағаттарды, яғни тарихи-ғылыми мәні бар мемлекеттік мекемелердегі, қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалар мұрағатын сақтайтын статус иеленді. РСФСР мұрағаттарындағы үлгі бойынша өлкелік мұрағат аз кезегінде мұрағаттық материалдар сипаты бойынша бірнеше секцияға бөлінді, олар: революция мұрағаты, революцияға дейінгі құжаттар секциясы, ғылыми-анықтамалық кітапхана. Сонымен қатар Орталық өлкелік мұрағат қорына құжаттардың келіп түсуі де баяу болса да жүріп жатқан еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
ҚР мұрағат ісін мемлекеттік басқару
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Басқару құжаттарының жіктелуі
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Іс қағаздарды жүргізу
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Іс қағаздарының номенклатурасы, құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz