Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... 3
1 Шығыс Қазақстан облысының табиғатының жалпы ерекшеліктері.
1.1 Шығыс Қазақстан облысының физикалық . географиялық орны, зерттелу тарихы ... ... ... ..6
1.2 Геотектоникалық құрылысы ... .
1.3 Жер бедері ... ... ... ..21
2 Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары
2.1 Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен ірі кенді аймақтары ... ... 30
2.2 Шығыс Қазақстанның жанғыш пайдалы қазбалары. Химиялық шикізаттары мен құрылыс материалдары ... ... ... .35
2.3 Шығыс Қазақстанның қара және түсті металл кен орындары ... ... ...39
Қорытынды ... ... ... ... ... 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .49

Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
1. Чупахин В.М. Физическая география Казахтана. Алматы: мектеп, 1968. 83-90 бет.
2. Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова Қазақстанның физикалық географиясы. - Алматы:Рауан, 2003. 56-60 бет.
3. Ұ.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: Рауан, 1998. 26-29 бет.
4. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі.- Алматы:Рауан, 1991. 83-90 бет.
5. Абдуллин А.А. Геология Казакстана. – Алма – Ата: Наука, 1981. –С.34-45.
6. Беспалов В.Ф. Геологическая смроение Казахской ССР – Алма – Ата: Наука, 1971. - С. 100-115 стр.
7. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. 5-11 стр.
8. Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я.,Степанов А.Я. Физическая география СССР.–М:Высшая школа, 1976. 153-191 стр.
9. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1986. 250-311стр.
10. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. 100-115 стр.
11. Казахстан природные условие и естественные ресурсы, СССР. – М: Наука, 1969. 128-139 стр.
12. Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. –М.: Просвещение, 1990. 204 – 221 стр.
13. Щукин А.М.Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. - М:Наука, 1975. 151-159 стр.
14. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л:1965. 120 – 161 стр.
15. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
16. В.М.Чупхит от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.
17. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
18. 18. Абдуллин А.А. Геология и минерологические ресурсы Казахстана. Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.115-130.
19. Бок И.И.,Паршин А.В. Полезные ископаемые Казахстана. Алма-Ата, из-во АН КазССР, 1961.
20. Бок И.И. Где искать полезные ископаемые. Алма-Ата, “Наука”, 1966.
21. Бок И.И. Агромические руды. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
22. Есенов Ш.Е. Богатство недр Казахстана и задачи геологической службы республики. “Известия Академии наук КазССР. Серия геологическая”, вып. 1, 1963.
23. Есенов Ш.Е. Казахстан-кладовая минерального сырья. В кн.: Экономика” химической промышленности Казахстана.- Алма-Ата: Казахстан, 1964.
24. Есенов Ш.Е., Крылов Г.В. Развитие и достижения геологической службы Казахстана за годы Советской власти. В кн.: “Вопросы геологии Казахстана”. Алма-Ата, “Наука”, 1964.
25. Есенов Ш.Е., Ведерников Н.Н., Будай М.И. Геология, методика поисков и разведки сеторождений родусит-асбеста. Алма-Ата, “Наука”, 1965.
26. Шаймуханов Д. Черная металлургия. Алма-Ата, “Казахстан”, 1956. по распространению научных и политических знаний Каз ССР.
27. Казанцев М.И. Природные богатства Восточного Казахстана. Об-во Усть-Каменогорск: 1960.
28. Первушин С.А. Цветные металлы и их нахождение в природе. Металлургиздат, 1963.
29. Трифонов Д.Н. Рассеяные элементы. М., “Знание”, 1964.
30. Кунаед Д.С. Полезные ископаемые Казахстана.-Алма-Ата: Казгосиздат, 1956.
31. Чигаркин А.В. Геоэкология Казакстана. – Алматы: Санат,1995. С.115-125.
32. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана иохрана природы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. С.145-165.
33. Атлас СССР. – М: 1983.
34. Большой Атлас Каз. ССР.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1 Шығыс Қазақстан облысының табиғатының жалпы
ерекшеліктері.
1.1 Шығыс Қазақстан облысының физикалық – географиялық
орны, зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6
1.2 Геотектоникалық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21
2 Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары
2.1 Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалардың түзілу
заңдылықтары мен ірі кенді
аймақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...30
2.2 Шығыс Қазақстанның жанғыш пайдалы қазбалары. Химиялық
шикізаттары мен құрылыс
материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3 Шығыс Қазақстанның қара және түсті металл кен орындары ... ... ...39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .47
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .49
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей,
Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның
табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының
ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны,
шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке
салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз
орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс
Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл,
мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен
орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен
көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза
отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік
береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік
компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту
мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа
технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен мен геологиялық уақыт
ішіндегі табиғатының даму тарихын палеозой, мезозой, майназой
эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайын айқындау;
2. Геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық
қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне
әсерін анықтау;
3. Шыңғыстау-Тарбағатай,Кенді Алтай метоллогенді белдеулерде таралған
қара, түсті және сирек кездесетін металлдардың кендерінің пайда болу
жолдарын айқындау;
4. Аймақ аумағындағы биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы
қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру;
5. Таулар мен тау аралық ойыстардағы қара және түсті металдардың, жанғыш
және кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын анықтау.
Бітіру жұмысын жоғарыда аталған мақсаттарға сай төменгі міндеттерді
шешуді көздейді:
- Шығыс Қазақстанның физикалық-географиялық орындарының ерекшеліктері
мен геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуін;
- Шығыс Қазақстан аумағының геолотектоникалық құрылысының ерекшелігі
мен геологиялық даму тарихын;
- пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен металлогенді аймақтарын;
- Жанғыш және кенсіз пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды
кен орындарына;
- қара және түсті металдармен пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін,
түзілу жолдары мен мен маңызды кен орындарына ;
- құрылыс материалдарын кен орындарына кешенді сипаттама беріп
геологиялық құрылысының негізгі ерекшелігін анықтау.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы: Бітіру жұмысын жоғарғы және орта
арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен
оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Шығыс Қазақстан аумағының физикалық-географиялық
орны, аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуі бедерінің
негізгі ерекшеліктері қарастырылып, геологиялық картасы мен кестелер
берілген.
Екінші тарауда Шығыс Қазақстандағы қара, түсті металдар мен кенсіз
пайдалы қазбалардың кен орындарына сипаттама беріліп, олардың қорына
шаруашылық тұрғыдан баға беру, жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық
қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның
тепе – теңдігін сақтау мәселелері қарастырылған.
Бітіру жұмысының әдістемелік – методологиялық негіздері:
Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.И.Давыдова мен
Э.М.Раковскаяның Физическая география СССР, Жаналиеваның редакциялық
басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы,
В.М.Чупахиннің Физическая география Казакстана оқулықтары басшылыққа
алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері
қолданылды.

орны, зерттелу тарихы
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Жер
көлемі-277 мың шаршы шақырым Батыс бөлігі аласа таулы үстіртті шығыс және
оңтүстік-шығыс бөлігін Ресей, Моңғолия мен Қытайды Қазақстаннан бөліп
тұрған табиғи шеп қызметін атқаратын Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Барлық-
Майлы таулары алып жатыр. Таулардың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай
артады. Ең биік нүктесі Батыс және оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі
Қатын жотасындағы Мұзтау шыңы (4506м). Облыстың батысы біртіндеп аласарып,
Сарыарқаға ұласады. Тау жүйелерінің аралықтарын Зайсан және Алакөл ойыстары
бөліп жатыр. Облыс аумағына Алакөлдің солтүстік бөлігі ғана кіреді. 1
Геолдогиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай шекарасы бірнеше рет
қайталанған тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген жарықтар
арқылы бөлініп жатқан бірнеше бөліктен тұрады. Олар: Батыс және Кенді
Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Шыңғысту және оларды бір-бірінен бөліп тұрған
Зайсан-Алакөл ойыстары.
Аймақтың солтүстік шекарасы- Павлодар облысындағы Құлынды даласы,
Кузнецк Алатауы; оңтүстік шекарасы- Алматы облысының аумағындағы Алакөл
ойысының солтүстік бөлігі; батыс шекарасы-Қарағанды облысы мен; шығыс
шекарасы-Қатын, Сауыр-Тарбағатай, Барлық-Майлы тауларының биік жоталары
арқылы өтіп, Ресей мен Қытаймен шектеседі. Шығыс Қазақстанды жеке физикалық
– географиялық аймақ ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері
мүмкіндік береді:
1. Бір – бірінен тауаралық ойыстар мен аңғарлар бөлініп жатқан орташа
биік және биік қатпарлы – жақпарлы тау жоталарының жер бедерінің
қазіргі келбеті палеозой эрасындағы каледон, герцин қатпарлы
құрылымдарының неоген – төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық
қозғалыстардың әсерінен тауаралық ойыстарда 500 - 1000м тау
жоталарында 3000м – ге дейін көтерілуінен қалыптасуы;
2. Еуразияның орталық бөлігіндегі физикалық – географиялық орнының
ерекшелігімен таулы аңғарлары және тау аралық криптодепрессиялы
ойысты жер бедеріне сәйкес климаты шұғыл континентті болуымен
ерекшеленуі;
3. Батыс циркуляциясының әсерінен батыс бүлігінде ылғал жеткіліксіз
шөлді-шөлейтті болғаны мен Алтай тауының жел өтіндегі батыс
беткейінде 2000м биіктікте айқын байқалатындықтан Қазақстандағы жауын
– шашын ең мол түсетін аймақ болып табылуы (1600мм).
Жауын – шашынның мол түсуі аймақтың табиғат кешендері мен биіктік
белдеулердің қылқан жапырақты ормандардың таралуына әсер етеді.
4. Аймақтағы табиғат кешендерінің біртұтас құрылымын шөлді-шөлейтті, тау
алды далалы,таулы орманды-шалғынды, субальпілік және альпілік
шалғындар мен биік таулы нивальды – гляциальды белдеулер құрайды.
Орман белдеуін негізінен қылқан жапырақты (тайга) ағаштардың
бірлестіктерінен тұрады. Ормансыз алқаптарда дала, альпілік,
субальпілік шалғындар мен таулы тундра таралған.
Батыс Алтай немесе Кенді Алтай Ертістің оң жақ жағалауымен Оба – Нарын
өзендерінің алаптарының аралығын алып жатыр. Оның орталық және шығыс
бөлігін биік және орташа биіктіктегі Холзун және Листивияга (2578м), Көксу
(2600м), Теректі (2300м), Иванов (2776м), Оба және Үлбі (1900м). 2
Қатын жотасы (4506м) жоталардың басым бөлігі солтүстік батыстан
оңтүстік – шығыс бағытқа созылып жатыр. Кенді Алтайдың ең аласа бөлігі
солтүстік батыс бөлігімен Ертістің жағалауына тән, оның орташа биіктігі 500
– 1000м – ден аспайды. Оңтүстік Алтайды Кенді Алтайдан ендік бағытта 150 –
170 шақырымға созылып жатқан ені 5 – 15 шақырымнан аспайтын Нарым –
Бұқтырма ойысы бөліп жатыр. Аумағы 28000 шаршы шақырымға жететін оңтүстік
Алтай бір – бірінің аралығын тектоникалық жарықтар бөліп жатқан субендік
бағытқа созылып жатқан солтүстік және оңтүстік жоталар тізбегінің жүйесінен
тұрады. Солтүстік жоталар тізбегінің құрамына Нарым- Тарбағатай (2500м),
Сарымсақты (3373м), оңтүстік жоталар тізбегіне Азутау (2385м), Күршім
(2644), Оңтүстік Алтай (3400м).
Ертіс өзенінің аңғары бөліп жатқан Қалба жотасы да (1449м) Алтай
тауының Сарыарқаға ұласатын сілемі болып табылады.
Шығыс Қазақстан аумағының геомарфологиялық- геологиялық тұрғыдан
зерттелуі. XVIII – ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресей Шығыс
Қазақстанаумағын үш түрлі мақсатпен зерттеді. Олар: біріншіден- әскери
барлау жұмыстарын жүргізу;
екіншіден- бекіністерді салу арқылы қазақ жерін біртіндеп отарлау
барыснда орыс үкіметінің билігін орнату;
үшіншіден- басып алған жерлерді шаруашылықтық мақсатта игеру.
Қолайлы географиялық жағдайы аталған бекіністердің Қытаймен, Қазақстан,
Орта Азия елдерімен сауда – экономикалық байланыста ерекше орын алып тез
өркендеді. Жоғарыда аталған үш мақсатты жүзеге асыру үшін I Петр 1714 жылы
А.Бекович – Черкаский мен И.Д. Бухгольцтің әскери барлау экспедициясын
ұйымдастырды. И.Д. Бухгольц экспедициясы Ертіс өзенін, Зайсан көлі мен оған
жапсарлас жатқан Алтай Тарбағатай тауларын зерттеді. Жоңғарлардың
тұтқынында болып қайтқан экспедиция мүшелерінің бірі Швед И.Ринато Алтай
Тарбағатай таулы аймағының картасын жасады. 1919 – 20 жылдар аралығында
И.Д. Бухгольц экспедициясын Лейб – гвардия майоры Иванохоров жалғастырды.
1722 – 24 жылдар аралығында И.Ушинский Жоңғарияға елшілікке барған
сапарында Ертіс бойы мен Зайсан қазаншұңқырын, Алтай Тарбағатай тауларының
табиғатының ерекшелігін сипаттап берді. Сапар қорытындысы бойынша жазбаша
есебінде ететін жерлер картасында Шығыс Қазақстан мен Ыстық көлдің аралығы
кескінделді. 3
Алтай Тарбағатай тау жүйелерін зерттеуде Орынбор экспедициясы үлкен
қызмет атқарды. Сенаттың Обер – хатшысы И.К.Кириловтың жобасы бойынша 1734
жылы құрылған бұл экспедицияның негізгі міндеті башқұрт – қазақ қарақалпақ
халықтарының арасында орыс билігін нығайту орта Азиямен сауда байланыстарын
нығайту шараларын жүзеге асыруға болады. И.К.Кирилов Орынбор экспедициясына
басшылық жасаған кезде оның қазақ жері туралы жинаған мәліметтері Ресей
империясының шолу карталарына да енді. 1734 жылы И.К.Кирилов жасаған бас
картада Қазақстан аумағы 42 - 55º с.е. пен 47 - 87º ш.б. аралығында деп
көрсетілді. Оған Каспий мен Аралға іргелес аудандар мен Алтай, Ертіс
аралығы толық қамтылды. 1760 – 62 жылғы патшалық Ресей сенатының жарлығымен
Кенді Алтайды игеру мақсатында орыс шаруаларын қоныстандыру басталды.
Академик Паллас пен оның көмекшілері Н.Л.Соколов Ертіс пен Өскемен
төңірегін, Х.Барданец Ертісті бойлай Семейге одан әрі Тарбағатайға дейін
барып, географиялық зерттеулер жүргізілді. Академиялық экспедицияның
қорытындысының нәтижесінде 1786 жылы Риддер, 1791 жылы Зырян, сонымен қатар
Белаусов, Крюков, Талов, Глубокое басқа да полиметалды кен орындары
игеріліп, Алтай папшалық Ресейдің күміс өндіретін басты ауданына айналып,
түсті металлургия дами бастады. 1768 – 74 жылдар аралығында Қазақстанның
табиғат жағдайлары мен байлықтарын жан – жақты зерттеп, болашақта
шаруашылықтық мақсатта игеру үшін академиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Мазмұны жағынан жалпы ғылыми сипатқа ие болып, бүкіл табиғат элементтерін,
сонымен қатар археология, тарих, этнографияны қамтыды. XVIII ғасырдың соңы
мен XIX ғасырдың басында елшілік пен әскери экспедициялар басым болғанымен
жаңадан қосып алынған жерлерде орыс билігін нығайту болды. Нығайтуды
шаруашылық мақсатта игеру үшін арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла
бастады.Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жазықтар мен таулрдың жер
бедерін жүйелі түрде зерттеу XIX ғасырдың ортасынан басталады. Ол кезде
геомарфология атауы әлі қалыптасып үлгермеген. Қазақстанның солтүстік-
шығысын зерттеген Н.А.Тихонович әдебиетке Ұсақ шоқылар деген атау
енгізді. Оның ойынша бұл атау бір кезде өте қарқынды дамыған биік таулардың
соңғы даму сатысы. 4
ХVІІІ ғасырдан бастап Шығыс Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеушілер
оның қойнауындағы байлықтар жайлы бірталай жазба мәлі-меттер қалдырған.
Солардың бірі И.И.Лепехиннің Росия мемлекетінің рудалы өлкелеріне саяхат
(Ежегодник, выпуск №16, Санк-Петербург, 1873г) деген еңбегі. Онда Чудь
дәуірінің Қазақстан жеріндегі іздері іспетті. Көне замандағы тау кең
өндірісінің орындары жайлы жақсы деректер бар. Кен орындарын іздестіріп,оны
ашудың негізгі қола дәуірінен басталады. Сол дәуірдің өзінде мыс пен қалайы
қосындысынан әр түрлі қару-жарақтар жасалған. Көне дәуірдің куәлері әсіресе
Алтайда жиі ұшырайды. Геолог С.С.Черниговтың есебі бойынша сол дәуірдің
өзінде Алтай мен Қалбадан жыл сайын бес тоннаға жуық қола өндірілген
көрінеді. Чудь дәуірінің адамдары кен орындарын іздестіру мен кенді
өндіру жұмысын қатар жүргізген. Жер бетіне жақын жатқан желілі кендерді
тастан жасалған құралдар мен қазып алған. Чудь дәуірінің адамдарының кен
қазудағы тағы бір ерекшеліктері, олар кен алынған жырларды бос топырақтар
мен толтырып отырған. Сондай жыралардың тереңдігі он метрге дейін жетеді
де, екі кен желісінің енінен аспайды.кен қазушы әрі байытушы, әрі металл
қортушы болған. Кен орнын барлау, оны қазу, байыту және қорыту жұмыстары
бірге жүргізілген. Осыған орай кен орнын барлаған жерлерде қоқыстармен
бірге құмыра ыдыстың сынықтары да кездеседі. Қалдық қоқыстарда он
проценттен астам мыс бар екендігі анықталады. Ойдым-ойдым болып кездесетін
қоқыстар қалдығы ондаған шаршы шақырымнан астам аралықта бір қабаттағы
жыныстар бойынан ғана кездесіп отырады. Бағзы заманындағы тау-кен жұмысы
көп кездесетін жерлерді геологиялық тұрғыдан зерттеп игеру XVІІІ –ғасырдан
қайта басталады. Бұл кезде Шығыс Қазақстан аумағына патшалық ресей
империясының алғашқы экспедициялары шыға бастайды. Аймаққа аттандырылған
алғашқы экспедитция І Петрдің тікелей нұсқауымен ұйымдастырылды. Бұл
экспедициалар геологиялық барлауларын Ертіс өзенінің бойымен Зайсан көліне
дейін, Тарбағатай және Жетісу Алатауының сілемдерін шолып өтіп, көптеген
геологиялық, архелогиялық және этнологиялық материалдар жинады. 1733-1771
жылдар аралығында Ресей ғылым академиасы ұйымдастырған экспедициалар
Қазақстанның батыс өңірін зерттеді. Оларды сол кезде таны-мал болған атақты
ғалымдар И.Г. Гмелин, П.С.Паллас, И.Ф.Фальк т.б. басқарған. 1800 жылы
П.Бурнашев пен Поспелов Алтай мен Ертіс маңынан бастап Сарыарқа Бетпақдала
арқылы Ташкентке саяхат жасады. Саяхат барысында олар бұрынғы зерттеулерде
назардан тыс қалған пайдалы қазбалар туралы деректер жинады. XIX ғасырдың
екінші жартысында белгілі орыс ғалымдары П.С.Паллас, П.А.Курапаткин,
И.Д.Черский геологиялық, физикалық – географиялық зерттеулер жүргізіп,
Алтай тауының табиғатының жалпы ерекшеліктеріне, геологиялық құрылысына
сипаттама берді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде полиметалл, алтын,
күміс кен орындары ашылды. Олар тұрақты гидро – метеорологиялық зерттеулер
жүргізді. 5
Шығыс Қазақстанның геологиясындағы жаңа бетбұрыс 1816-1820 жылдар
аралығында басталған. Алтай мен Шығыс Қазақстан жеріндегі кен орындарын
С.И.Папов, Орталық Қазақстан-дағы кен орындарын Н.А.Ушаков иеленіп алады.
Осындай жер бетіне таяу жатқан бай рудаларды іздеп Қазақстан жерлерін
шкрықтап кезген алыпсатарлар жергілікті халықтарды жұмсап бірталай кен
орындарын пайдаланады. ХІХ ғасырдың 90-жылдары Сібір темір жолын салу
жоспарына байланысты Қазақстанның солтүстік-шығысына көптеген зерттеу
Экспедициялары шыға бас-тайды. Бұл экспедициялардың кей біреулерін
белгілі геологтар: А.А.Краснопольский, А.К.Мейстер, А.Б.Высоцкий, т.б.
Көптеген кен орындарын ашады. Қазақ жерінің рудалы алқабы аталатын Алтай
өңірінде руда өндіру жұмыстары ерте замандарда жүргізілгенімен негізгі
кен орындарының ашылу тарихы XVІІІ ғасырдан басталса керек.
1840 – 1850 жылдар аралығында А.И.Щнерк Шығыс Қазақстандағы Алтай
Тарбағатай таулары мен Сарыарқаны аралап, өзі болған аумақтардың жер
бедерінің ерекшеліктерін геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін зерттейді. 1886 – 93 жылдар аралығында Р.Закржевский мен Богданов
Алтай мен Тарбағатайдың табиғатын зерттеп, барлық жотасында көз мөлшері
кескіндеу жұмыстарын жүргізді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында
Томск университетінің профессорлары Н.П.Крылов пен В.В.Сапожников
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жүйелі зерттеулер жүргізді. Олар Қатын
тауының ең биік бөлігі Мұзтау шыңына көтеріліп, Алтай тауындағы биіктік
белдеуліктің таралу заңдылықтарына толық сипаттама берді.
1914 жылы Томск университетінің студенттері ағайынды Борис пен Михайл
Троновтар Қатын тауындағы Мұзтау (Белуха) шыңына көтерілді. Олар ұзақ
жылдар бойы Алтай мен Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы
белдеулердегі мұздықтарда гляциалогиялық зерттеулер жүргізді. Орталық
және Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалымдар
И.П.Герасимов, Б.А.Петрушевский, С.Ю.Геллер, В.Н.Кунин, Л.Г.Гаель,
М.П.Петров, Д.С. Коржинский, Н.Г.Кассин, Г.Ц.Медоевтар, Герасимовтың
еңбектерінде үлкен территориялық және әдістемелік маңызы бар
(1937,1943,1946, 1947).Олар нақты біраймақтың материалдары негізінде алғаш
рет аталған аймақтардың жер бедерінің морфоқұрылымдық және морфомүсіндік
екшеліктерін ескере отырып жіктеді. Облс аумағының батыс бөлігін алып
жатқан Қазақтың ұсақ шоқыларының көп қабаттылығының қалыптасуы оның
мезозойлық пенеплен және эрозиялық үрдістердің әсерінен бөлшектенуі жайлы
тұғырнаманы 1940 жылдары Г.Ц.Медоев өзінің еңбектерінде көрсетті. Шығыс
Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916,
1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак (1964,
1968), зор үлес қосты. Олардың еңбектерінде ұзақ жылдар бойыжүргізілген
зерттеулердің нәтижесіндежинақталған маңызды геоморфологиялық,
тектоникалық, геоморфологиялық деректер бар. Орта Азия мен Қазақстанның
жазықтары мен таулары атты монография шықты. Қазақ КСР ғалым
академиясының геология ғылымдары инситутының геоморфология бөлімі
Г.Ц.Медоевтың жетекшілігімен 20 жыл көлемінде геологиялық-геомарфологиялық
кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Шығыс Қазақстанның алғашқы
1:1000000,1:200000,1:500000 1:100000 масштабты гелогиялық және
геомарфологиялық картлары жасалды. 1991 жылы шыққан бұл картада өте құнды
ғылыми және бибилографиялық деректер бар. Оның геологиясын, тектоникалық
құрылымын пайдалы қазбаларын зерттеуде әр түрлі геологиялық ұйымдарының
белді ғалымдары атап айтсақ А.А. Абдуллин, А.Д.Архангельский,
В.Ф.Беспалов, Р.А.Барукаев, Ш.Е.Есенов, Н.Г. Кассин, Н.Н.Костенко,
Г.Ц.Медоев, К.И.Сәтпаев, Е.Д.Шалыгин, Б.А Федорович, А.Л. Яншин тағыда
басқалар қатысты.5 Шығыс Қазақстанның геологиялық даму тарихын зерттеуге
А.А. Абдуллин, В.Ф.Беспалов, Р.А.Барукаев, Ш.Е.Есенов, Н.Г.Кассин (1947),
Е.Д.Шлыгин (1952, 1969) зор үлес қосты.
1918 Жылдан бастап республика аумағының жаппай геология лық
картасын жасау ісі қолға алынды. Осыған орай 1921 жылы Қазақстан жер
-інде 8 геологиялық барлау тобы жұмыс істеді, ал 1927 жылы ондай геоло-
гиялық топтардың саны жиырмаға жетті. Қазір Қазақстан территориясында
Қазақ ССР геология минстірлігіне қарасты геологиялық барлау жұмыстарын
жүргізетін жүздеген экспедициялар мен топтар бар. Сонымен қатар
геологиялық ғалымдар иниститутының жүздеген топтары қазақ жерінің мол
қазынасын ашуға өз үлестерін қосуда өздерінің кен іздеу сапарларын қазақ
жерінен бас-таған, есімдері елімізге танымал геологтар да аз емес.
Олар республика территориясындағы кен көздерін ашып қана
қойған жоқ, соымен бірге Қазақстан жер қыртысының даму тарихын,
тектоникалық ерекшеліктерін, стратиграфиялық заңдылықтарын, тау
жыныстарының өзгеріске ұшырау жолдарын зерттеп, сол жұмыстардың
нәтижесінде алғаш рет кендердің орналасу зандылықтары жайлы болжамдар
айтты. Геологиялық тарихи кезеңмен байланысты тау жыныстарының құралуына,
кендердің орналасуына, шоғырлау зандылықтарына назар аударды. 1919-1923
жылдар ішінде Қарағанды көмір кенінің мол қоры анықталды. Сол кезде жас
геологтар Н.И.Наковник (кейінен профессор) мен М.П.Русаков (кейінен
академик)Шығыс және Орталық Қазақстанда кең тараған кварцитті жыныстарда
кен шоғырландыру қасиетін терең зерттеп, олардың таралу зандылықтарына
болжам жасаған.Кенді Алтайды зерттеуде А.Қ.Қайыпов Д.А.Қонаев зор еңбек
сіңірді. 6
Бұрынғы КСРО – ның ірі гляциолог ғалымы М.В.Тронов 1949 жылы Алтайдағы
мұзбасулардың очерктері атты монографиясын басып шығарды. 1920 жылдары
ағайынды Н.В. және В.В.Ламаниктер Алтай мен Саян тауларын картаға түсіріп,
кешенді физикалық – географиялық зерттеулер жүргізді. Кеңестік кезеңде
Алтайда кешенді физикалық – географиялық зерттеулер геологиялық,
геоморфологиялық, гляциологиялық, топырақтанулық тұрғыдан жүргізіліп,
органикалық дүниесін қорғау, табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты
туындаған экологиялық зерттеулер жүргізді. 1930 – 1970 жылдар аралығында
Қ.И.Сәтпаев, М.П.Русанов, Н.Г.Насин, Е.Д.Шолигин, Н.С.Шатский, Г.Ц.Медоев
арнаулы геологиялық зерттеулер жүргізді. 1: 250000 геологиялық карталары
жасалды. 1940-1970 жылдар аралығында И.П.Геросимов, Б.А.Федерович,
Л.Г.Гаен, З.А.Савричевский (1940-1961) Е.Е. Милановский (1961-1967), К.В.
Никлорова (1960), В.И.Бабана (1961-1968) зор үлест қосты. 1950 жылдардан
бастап Алтайда В.А.Буков, А.С.Утешев климаттық зерттеулер жүргізді. 1939
жылдан бастап КСРО ғылым академиясының қазаұ бөлімшесі Алтайда тұрақты
гляциялогиялық зерттеулер жүргізіп, оны география ғылымының ірі өкілдері
С.В. Каясник, К.К. Макаров, Г.А. Авсуон, география секторының гляциолог
ғалымдары Н.Н. Лалогов, С.А. Тоқмағанбетов, К.Г. Манаревичтер жүргізді.
1930 жылдардан бастап Алтайдын топырағын зерттеу мәселесі қолға алынды. 7
1.2 . Геотектоникалық құрылысы
Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы Алтайт, Сауыр-Тарбағатай, Барлық-
Майлы таулары мен оларды бір-бірінен бөліп тұрған Зайсан-Алакөл ойыстары
Кембриге дейін Шығыс Европа, Сібір, Тарим, Қытай-Корея платформаларының
аралығында бөліп тұрған Орал-Монғол (Орал –Тянь-Шянь) қатпарлы белдеуінің
құрамына кіреді.
Кембриге дейінгі архей протерезой эрасында қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының аумағындағы Алтай Сауыр-Тарбағатай, Барлық-Майлы тауларының
орнында ежелгі платформаларды бір-бірінен бөліп жатқан геосинклинальды
белдеу болған. Палеозой эрасының бірінші жартысындағы силур, девон
дәуірлеріндегі каледон қатпарлығында Оңтүстік Алтай түзілді. Кемби
дәуірінде қазіргі облыс аумағындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Барлық-Майлы
тауларының орнын теңіз суы алып жатты. Теңіз табанында эвгеосинклинальды
типтегі Кремнийлі-сазды тақта таста, тиллит тәрізді конглемераттар (ежелгі
мұз басулар нәтижесінде түзілген) мен хемогенді эффузивті шөгінділер
жинақталды. Теңіздерден кембириге дейінгі қатпарлықта түзілген жанартаулық
аралдар көтеріліп тұрды. Кембири дәуірінің палеоклиматы құрғақ әрі ыстық
болуымен ерекшеленді. Кембри дәуірімен салыстырғанда Ордовикте аймақтағы
геологиялық режимде айтарлықтай күрделі өзгерістер болған жоқ. Теңізден
аралдар тізбегі көтеріліп тұрды. Тау жыныстарының шайылуы нәтижесінде теңіз
табанына Кремни сазды шөгінділер жинақталады. Ордовиктің бірінші жартысы
мен соңында магмалық әрекет қарқынды жүрді. Терең тектоникалық жарықтарда
жүрген интрузивтік әрекеттің нәтижесінде ультра негізгі және негізгі тау
жыныстары түзілді. 5
Ордовиктің басында климат құрғақ, ыстық болғанымен трансгрессияның
нәтижесінде теңіздердің аумағының артуына сай климат біршама жылы әрі
ылғалды болады. Төменгі силурдың соңында қуатты қатпарлану үрдісінің
жүруіне байланысты Оңтүстік Алтайдың негізгібіліктік жоталар тізбегі Нарым,
Сарымсақты, Азутау, Сарытау, Күршім, Тарбағатай жоталары мен олардың
аралықтарын бөліп тұрған тектоникалық иіндер түзілді. Силурдың соңында
құрлықтың біршама көтерілуіне байланысты Оңтүстік Алтайдың қиыр шеті мен
Батыс Алтайда,Сауыр-Тарбағатайда сақталды. Каледон қатпарлығының
нәтижесінде түзілген тау жоталары орасан зор кесек шөгінді жыныстардың
жинақталуына мүмкіндік берді. Олардың қатарына Зайсан-Алакөл ойыстарына
шөккен Силурдың жоғарғы қабатында жинақталған кремнилі және сазды тақта
тастар, кремнилі құм тастар, жанартаулық күлдермен спилиттер жатады.
Оңтүстік Алтайдын қиыр оңтүстігінде теңіз маржандарының фациялары мен
қызыл түсті сазды жыныстарды кездесуі Силурда жылы субтропиктік климаттың
басым болғанын көрсетеді 6
Құрлықтың көлемінің ұлғаюына байланысты Силурдың соңыда біршама құрғақ
әрі жылы субтропиктік климат қалыптасты. Магмалық үрдістер біршама қарқынды
жүрді. Девонның басында ежелгі саяз теңіздер қазіргі батыс Алтайда ғана
сақталды. Оңтүстік Алтай каледон қатпарлығында түзілген биік тау
жүйелерінің біріне айналды. Төменгі девонда экзогендік (сыртқы) күштердің
әсерінен денудация үрдісі артып, пенепленденіп аласарды.
Орта және жоғарғы девонда жүрген трнсгрессия нәтижесінде Сауыр-
Тарбағатай мен Батыс Алтайды су басты. Теңіз табанына кесек тау
жыныстарымен қатар хелогенді әктасты шөгінділер жинақталды. Девон
дәуірінде күшті тау түзілу үрдістері болған жоқ.
Геологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған бұрыштардың аздап
үйлеспеуі мен су массаларының ығысуының байқалуы тектоникалық
қозғалыстардың болғанын көрсетеді. Девонның қызыл түсті құмтастар мен
эффузивті жыныстары Алтайда кең таралған. Девон қабатарында қызыл түсті
шөгінділермен теңіз маржандарының кездесуі құрлықтық жағдайдың сақталуына
сай төменгі девонда палеоклиматының жылы әрі құрғақ субтропиктік болғанын
айғақтайды. Орта және төменгі девонда теңіздің аумағының артуына
байланысты орта девонда ылғалды субтропиктік климат қалыптасты. Девон
дәуірінде Сауыр-Тарбағатай мен Алтай тауында магмалық әрекеттер біршама
қарқынды жүрді. Нәтижесінде қышқылды және негіздік лавалар түзілді. Тас
көмір дәуәрәнде қазіргі Барлық-Майлы Сауыр-Тарбағатай,Шыңғыстау мен
Алтайдың аумағында қарқынды тектоникалық қозғалыстардың жүруі Қазақстанның
шығыс бөлігін тұрақсыз қозғалмалы облыстарға айналдырды. Нәтижесінде
қазіргі Шыңғыстау,Барлық-Майлы,Сауыр-Тарбағ атай таулары мен Батыс Алтайдың
аумағындағы Холзун, Листивяга, Көксу, Үлбі, Иванов, Қатын жоталарының
тізбегі түзілді. Ерте тас көмірде батыс Алтайдың орнындағы теңіз табанына
эвгеоцинклинальды шөгінді қабаттар жиналып, орта және жоғарғы тас көмірде
құрлық бетінде эффузивтік шөгінділер жинақтала бастады.Жер бедері қазіргі
пішініне ұқсас болды. 7
Орта және төменгі тас көмірдің шөгінділері негізінен құрлықтың
конгомераттардан, құмтастардан, әктастардан, жанартаулық күлдерден тұратын
эффузивті – шөгінді кешендерден құралған. Тас көмір дәуірінің уақыт пен
кеңістік ішіндегі палеоклиматтық жағдайлары алуан түрлі болды. Жоғарғы тас
көмірде құрлықтың көлемінің біртіндеп ұлғаюына байланысты төменгі тас
көмірде палеоклимат құрғақ болып, соңында біртіндеп ылғалданды. Орта және
жоғарғы тас көмірде климат тағы да құрғай бастады. Тас көмір дәуірінде
герцин қатпарлы облысында интрузивті әрекеттер қарқынды жүрді.
Пермь дәуірінде тектоникалық қозғалыстарбіртіндеп баяулап,
Шыңғыстау,Барлық-Майлы,Сауыр-Тарбағ атай,Алтайтаулы аймақтарығының аумағы
платформалық режимге көше бастады. Герцин қатпарлығы нәтижесінде түзілген
кесек тау жыныстарының қалың қабаты Нарым, Бұқтырма, Бобров, Жоғарғы қара
Қобы, Өспен, Марқакөл, Жайсан Алакөл сияқты тауаралық тектоникалық
ойыстарға шөкті. Сауыр-Тарбағатай таулары мен Алтайдағы пермь дәуірінің
шөгінділері негізінен құмтастардан, алевролиттер мен әктастардан, құрлықтық
эффузивті – кесек тау жыныстарының қалың қабаттарынан тұрады. Пермде Алтай
тауында Селигумитті ылғалды климат қалыптасты.8
Пермде аймақта интрузивті әрекет біршама қарқынды жүрді. Герцин
тектогенезі аймақтың ежелгі құрылымдарын күрделендірді. Мезозой эрасында
аймақта толығымен құрлықтық жағдай сақталып, денудация үрдісінің
нәтижесінде біртіндеп аласарып тегістеле бастады. Палеогенде ұсақ шоқылы
асала таулы аймаққа айналды. Мезозой эрасының триас дәуірінде
Шыңғыстау,Барлық-Майлы, таулары мен Алтайда толығымен құрлықтық жағдай
сақталды. Климаты ыстық континентті құрғақ болуы тау жыныстарының химиялық
үгілуін күшейтті. Триастың соңында тауаралық иіндер мен тау беткейлеріне
шөкті. Тектоникалық әрекеттер жарылуға дейін барғанмен, Кендірлік, Нарым,
Бұқтырма сияқты иіндердің ірге тасының біртіндеп мантияға батуы байқалды.
Палеографиялық зерттеулердің деректеріне қарағанда триас дәуірінің соңы мен
юра дәуірінде Шығыс Қазақстанның климаты біртіндеп ылғалдана бастады.
Ылғалды климат жағдайларында ағаш тәрізді папоротниктен,
қырықбуыннан,плаундар мен қылқан жапырақты ағаштардан тұратын орман
флоралары тауаралық тектоникалық ойыстарда кендірлік тас көмір кен орнының
түзілуіне қолайлы жағдай тудырды. Ылғалды климат жағдайында үгілу қабатында
сілтісізденген коалинді шөгінділер түзілді. Алтайдағы төменгі бор
шөгінділері негізінен тауаралық тектоникалық ойыстарға жинақталған
құрлықтық жағдайда түзілген. Қызыл түстік саздар мен қиғаш қабатты құмдар
мен конгломираттардан тұрады. Бор дәуірінде құрғақ және аридті климат бірін
– бірі алмастырып отырды. Палеогенің соңы мен неогеннің басында Альпі
қатпарлығының нәтижесінде таулы Алтай тауының қайта жаңғырып біртіндеп
көтерілу үрдісі болды. Тау жоталарын бір – бірінен бөліп тұрған тауаралық
аңғарлар мен Зайсан қазаншұңқырына кесек конгломиратты шөгінділер жинақтала
басталды. Неогеннің соңы мен төрттік дәуірдің басында қазіргі Нарым, Берел,
Бұқтырма, Оба, Үлбі өзендерінің аңғарлары пай да болды. Ерте және орта
плиоценде Памир, Капетдаг, Кавказ бауларының қатпарлануына байланысты Алтай
тауында қарқынды қозғалыстар жүріп, тәрттік дәуірінде (төменгі және жоғарғы
плейстоценде) 2000-3000м дейін көтеріліп, қөатпарлы – жақпарлы жаңғырған
биік тау жүйесіне айналды. Құрлықтың көлемінің ұлғайып, ежелгі теңіздердің
тартылуына байланысты шамамен 600 мың жыл бұрын Алтайда ежелгі плейстоцен
мұз басуы басталды. Ол шамамен 10 –12 мың жыл бұрын аяқтады. Белгілі
Гляциолог ғалым П.А. Шеркаосовтың пікіріне сүйенсек Алтайда үш мұз басу
жүрген (Рисс Минадаль Вюрм) олардың алғашқысы жабын болса, соңғысы жабын
сипатында болды. 9
Климаттағы күрт суынудан жүрген ежелгі төрттік мұз басулары мұз басу
аралық кезендермен алмасып отырды. Мұзбасулар мен мұзбасу аралық
кезендердің алмасуы нәтижесінде қазіргі терең сайлы тауаралық аңғарлар мен
қар аңғарлары түзіліп қазіргі жер бедері қалыптасты.
1.3. Жер бедері
Шығыс Қазақстанның жер бедерін геотектоникалық құрылысының
ерекшелігіне қарай үш топқа бөлуге болады Олар-биік және орташа биіктіктегі
Батыс және Кенді Алтай,Сауыр-Тарбағатай таулы алқаптары; аласа таулы
Шыңғысту,Қалба жотасы; таулы алқаптарды бір-бірінен бөліп тұрған Зайсан-
Алакөл ойыстары.
Биік және орташа биіктіктегі таулы алқаптар облс аумағының қиыр
солтүстік-шығысымен шығыс, оңтүстік-шығыс бөліктерін алып жатыр . олардың
біліктік жоталары арқылы Қазақстан мен Ресейдің Қытайдың шекарасы
өтетіндіктен аталған елдерді республикамыздан бөліп тұрған табиғи шеп
қызыметін атқарады. Облс аумағындағыкенді және кенсіз пайдалы қазбаларға
бай таулардың ең ірісі Алтай таулы аймағы болып табылады.Оңтүстік Сібір
тауларынан Ертіс өзенінің аңғарына деиін созылып жатқан Алтай таулы
аймағы морфоқұрылымдық тұрғыдан үш бөлікке бөлінетіні белгілі. Батыс
Алтайды оңтүстік Алтайдан бөлінетін шекара орталық Алтайдын құрамына
кіретін у көк таулы алқабының табын богда тауына ұласатың жердегі хантас
асуы арқылы өтеді. 10
Укөк таулы алқабының батыс бөлігіндегі Берель өзені бастау алатын қатын
жотасындағы Мұзтау (4506 метр) Алтайдың ең биік бөлігі болып табылады. Ақ
Берель өзенінің аңғарының батысында төбесі текшелі шоқылы болып келетің
қатың жотасынан биіктігі 2200 метрден аспайтын Листвяга және Холзун
жотасына ұласады. Холзун жотасы өте қатты тілімделуімен үшкір шыңды шоқылы
болып келуімен ерекшеленеді. Алтайдағы өсімдік өспеген жалаңаш болып
келетің үшкір шыңды болып келетін орқаштаулы биік шоқылар Ақтау деп
аталады.Холзунның ең биік нүктесі абсальют биіктігі 2600 метірге жететің
Линейный белок тауы.
Холзуннан Батыс Алтайдың абсалют биіктігі 2674 метрге жететің Иванов,
Ілбі, Оба жоталар тармақталады. Батыс Алтайдың жер бедерінің негізгі
ерекшелігі әр түрлі гипсометриялық деңгейде кең таралған реліктілігі ежелгі
пенеплендердің кездесуі болып табылады.11
Ежелгі пенеплендер төбесі тегістелген текшелі болып келеді. Батыс және
орталық Алтайдағы тау жоталарының аралығын табаны тегіс болып келетің 800-
1000 метр абсольют биіктікте орналасқан Абай – Бұқтырма – Нарын – Оба, -
Ілбі тауаралық ойыстары бөліп жатыр.
Батыс Алтайдың жер бедері геоморфологиялық тұрғыдан төрт топқа
бөлінеді. Олар: Абсольюттік биіктігі 300-400-600-700 метрден аспайтың
тауаралық ойыстармен тауалды жазықтары;
-1200-1500 метр биіктік аралығын қамтитың аласа таулы жер бедері.
-1500-2000 метр аралығын қамтитың орта биіктіктегі таулы белдеудің жер
бедері;
-2000-4500 метр аралығын қамтитың биік таулы белдеудің жер бедері;
Алтай тауының Ертіске ұласатың бөлігі мен тауаралық тектоникалық
иіндерде ірге тасы палеозойдың қатпарланған жыңыстарынан тұратын және оның
бетін полиоген мен төртік дәуірлерінің сазды, малта тасты сазды, сазды
құмды жыныстар жауып жатқан орташа және биік белесті тұғырлы жазықтары алып
жазықтар алып жатыр. Тау етегінде ежелгі төрттік мұз басуларымен қазіргі
өзендердің асырылу конусының шлейфінде түзілген. Ені 5-8 шақырымнан
аспайтың делювиальдыпролювиальды нашар тілімделген моренналы төбелі
жазықтар таралған. Тауаралық ойыстар мен тауалды төбелі жазықтары негізінен
ежелгі төрттік мұз басуы кезеніңде Миндаль жабын мұздықтарымен жартылай
жабын болған Рисс, Вюрм. Мұздықтарының тілі тоқтаған абляция аймағына
жиналған соңғы моренналардың жиналуынан түзілген ысыморенналы жыныстардың
бетің жел әрекетінен шөкен Лессті жыныстар жауып жатыр. Батыс Алтайдың
қабатты тұғырлы денудациялық және промовиялды делювиальды жазықтары
Кайназой эрасының неогентөрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық
қозғалыстардың әсерінен түзілген тік беткейлі кешерлер аласа таулы
балдеуден бөліп жатыр. Тауалды белесті төбелі жазықтары теңіз деңгейінен
300-400 метрден 600-700 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтып шығысқа
қарай біртіндеп артады.Салыстырмалы биіктіктері 50-100 метр аралығында
ауытқиды. 12
Тік беткейлі кемерлер арқылы бөлініп жатқан аласа таулы белдеудің
беткейлері біршама жатық болып келуімен ерекшеленетіңдіктен көлбеулігі 15-
250 аспайды. Батыс Алтайдың аласа таулы бөлігінің жер бедері ұсақ
шоқылардан орташа биіктіктегі таулы белдеуге өтпелі сипатта болады. Олар
Ілбі мен Оба Ертіс епн Бұқтырма, Бұқтырма мен Нарын өзендерінің
аралықтарындағы кең көлемді кеністікті алып жатыр. Аласа таулы белдеу 600-
700 метрмен 1500 метр аралығындағы биіктік белгілерінің аралығын қамтиды.
Салыстырмалы биіктігі 100-200 метр аралығында ауытқитың аласа таулар
шығысқа қарай біртіндеп биіктейді. Тауалды жазықтарынан айырмашылығы
біршама тегіс болып келетің жер бедері қатты тиімделген тік беткейлі
шоқтармен кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Суайрықтары Альпілік жер
бедеріне тән жалды болады. Кеңді алтайлық тұрғыдан эрозиялық техтоникалық
жер бедерінің қатарына жатады. Шығысында аласа таулы жер бедері 1500 –2000
метр абсолют биктік белгілерінің аралығын қамтитын орташа биіктіктегі
таулы белдеуге ұласады. [13]
Орташа биіктіктегі жер бедері Оба мен Бұқтырма өзендерінің жоғарғы және
орта ағыстарының аралығын қамтығын. Неоген – төрттік дәуірлерде жүрген
неотехтоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта жаңғырған тау болғандықтан
төбесі текшелі болып келетіңдіктен біртіңдеп биіктеуімен ерекшеленеді.
Сондықтан тау беткейінің көлбеулігі 22-250, 30-350 аралығында ауытқиды.
Салытырмалы өз ара биіктік 400- 500 метрді құрайды. Төбесі текшелі тегіс
болып келетің жер бедерінің сипатың неотектоникалық қозғалыстардың ісерінен
көтерілген қатты тілімделген Орқаш таулы аймақтағы Альпілік типті үшкір
шыңды тік беткейлі жолдардың беткейлерін сыртқы экзогенді кұштердің
әсерінен түзлген қорымдар кең таралған. Алтайдың орта биіктегі таулы
белдеде орналасқан. Оба, Үлбі, Холзунг, Листвияга, Иванов жоталарының
аралығын ежелгі төрттік мұз басулар экзорациялық әрекетімен мұз басу аралық
кезеңдегі ағын сулардың бұзушы әрекетімен мұз басу аралық кезеңдегі ағын
сулардың бұзушы әрекетінен түзілген терендігі 1000-1350 метрге дейін
жететін тауарлық тектоникалық жазықтардағы анғарлар бөліп жатыр. Батыс
(кеңді) Алтайдың орташа биіктіктегі таулы бөлігінде қазіргі және ежелгі
төрттік мұз басулардың іздері анық байқалатың экзорациялық – денудациялық
жер бедерінің қатарына жатады. Тау беткейінде ежелгі және қазіргі мұз
басулардың экзорациялық (бұзушы)әрекетінен түзілген циркті ойыстар,трогалар
мен қар аікғарлары кең таралған. Ежелгі мұздықтардың тілі тоқтаған абляция
аймағындағы моренналы жалдар мен төбелердің аралығындағы циркті ойыстарда
шағын циркті көлдер кең тараған. Олардың қатарына бөгелмелі Рахман бұлағы
сияқты көрікті көлдер жатады. 13
Климаты қатаң әрі тәуліктік температура айырмасы жоғары болғандықтан
аяздың әсерінен жүретін үгілу үрдісінен түзілген қорым тастар,
солифмокциялық текшелер термонарстылы шұңқырлар мен төмпешіктер кең
таралған. Тауаралық аңғарлардың пішіні көлемі тәрізді тік беткейлі болып
келетіңдіктен қар көшкінінің қаупі өте жоғары. 2000- 3100 метр биіктік
аралығын қамтитың Иванов, Листвяга, Тигрец, Холзун жоталары мен табын
богдаола тауына ұласатын орталық. Орталық Алтайдын Қазақстандық бөлігі
болып табылатын Қатың жотасымен Укөк таулы алқабында салыстырмалы өзара
биіктік айырмасы 500-700метрден асатын биік таулы жер бедері дамыған. Су
айрықтарымен тау беткейлерінде тік беткейлі қатты тілімделген Альплік жер
бедері дамыған. Батыс (Кенді) Алтайдын Биік таулы Альплік жер бедері найза
тәрізді үшкір шыңдарымен, қатты тілімделген жар шатқалды аңғарларымен,
қорымды тік жартастарымен ерекшеленеді. 14
Таудың бұл бөлігінде қазіргі мұз басулардың экзорациялық әрекеті күшті
жүріп жатқандықтан мұздықтардың бұзушы әрекетінен түзілген циркті ойыстар,
мореналы жалдар мен төбелер, трогалар мен қар аңғарлары күшті дамыған. Жер
бедерінің негізгі пішіндері қазіргі мұз басулардың әсерінен түзілген
тектоникалық-денудациялық, эрозиялық-денудациялық жер бедеріне жатады.Үшкір
шыңды тау беткейлеріндегі қар аңғарлары мен трогалар да,циркті ойыстарда
қазіргі мұз басуларымен қатар төрттік дәуірдегі ежелгі Рисс-Вюрм мұз
басуларының ізі айқын байқалады. Листвяга Тигрец, Холзун, Иванов, Қатын
жоталарының қазіргі мұздықтар жауып жатқан бөлігінің абляция аймағындағы
(мұздықтар еріп жойылатын) диаметрі 0,7,10 метрге дейін жететін малта
тастардан қиыршық тастармен құмтастармен тұратын. Соңғы моренналардың
аралығында циркті бөгелмелі шағын көлдер кең таралған.
Қатын жотасының биік таулы бөлігімен Иванов, Тұрғысын, Хамира және
Мұзтау (белуха) таулы алқабында 2600-4500 метр биіктік аралығындағы
суайырық жоталардың тік беткейл үшкір шыңды жоталарына Альплік жер бедері
тән.
Батыс Алтайдың басқа бөлігінен Альплік жер бедерінің айырмашылығы
беткейі өтетін болады жекелеген беткейлердің көлбеулігі 40-70° аралығында
ауытқиды. Жолдардың беткейлерінде қазіргі және езелгі төрттік мұз
басулардың әсерінен түзілген шағын қар аңғарлары мен эрозиялық ойыстар кең
таралған. Тянь-Шянь, Жетісу, Алатауларына қарағанда қар сызығы төмен
орналасқандықтан Алтайдын биік таулы альплік жер бедерінің басым бөлігін
қазргі тау мұздықтары басым жатыр.15
Оңтүстік Алтайдың жер бедерінің негізгі ерекшеліктері.
Оңтүстік Алтай палеоген дәуірінен бастап көтерілулер қарқынды жүріп
жатқан, текноникалық жарықтар кең таралған таулы алқаптың қатарына
жатады. Сондықтан қатты тілімделген тік беткейлі жоталар мен олардың
аралығын бөліп жатқан тауарлық аңғарлардың таралуымен ерекшеленеді. Неоген
–төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта
жаңғырған таулы алқапқа жататындықтан төбесі текшелі баспалдақтанып,
біртіндеп биіктейтін үстірт тәрізді оңтүстік Алтайдың суайрықтарының
аралығын тектоникалық жарықтарда қалыптасқан тік беткейлі Бұқтырма – Нарын,
Күршім – Қалжыр тауаралық аңғарларымен рифтогендік аймақ болып табылатын
Марқакөл қазаншұңқырлары бөліп жатыр. Оңтүстік Алтай ендік, субендік
бағытта созылған бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Олар: Нарым, Сарытау,
Күршім, Сарымсақты, Керей, Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегінен тұрады.
Оңтүстік Алтайдың литогендік негізі сазды және кремнилі тақтатастардан,
құмтастан, жанартаулық күлден тұрады.
Герциннің гранитті интрузиясында полиметалл кендері бар. Таудың
оңтүстік батысы мен батысынан шығысы мен оңтүстік шығысына қарай 500-600
метрден 2800 – 3600 метрге дейін артады. Салыстырмалы өзара биіктік
батысында 100–300 метрден, шығысында 1000-1500 метрге дейін артады.
Оңтүстік Алтайдың жер бедеріне екі ерекшелік тән. Олардың біріншісі –
жер бедерінің батыстан шығысқа қарай біртіндеп биіктеу үрдісінің байқалуы;
Екіншісі – солтүстік беткейінің көлбеу және оңтүстік беткейінің тек
беткейлі болуына байланысты екі беткейінің бір – біріне асимметриялы болып
келуі.
Суайрықтарына тән элементтердің бірі беті тегістелген ежелгі реликтлі
пенеплендер мен тік беткейлі альплік жер бедерінің кезектесіп келуі. Жер
бедерінің сипатына тән ерекшеліктердің бірі субендік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz