Қоршаған орта және адам денсаулығы туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе
Тарау 1 Жалпы қоршаған ортаны қорғау құқықтары
1Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
2. Қоршаған ортаны қамтамасыз ету
2. 1 Радиоэкологияның адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіптілігі
2. 2. Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың аясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері, яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.
Біздің «Қоршаған орта және адам денсаулығы» тақырыбын алуымыздағы басты мақсат болып қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянын келтіретін пробллемаларды ашып көрсету, сонымен қатар осы қоршаған ортаны қорғаудағы жасалып жатқан жағдайлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянды әсерлері қандай деңгейде тұрғанын ашып көрсету болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеті болып біріншіден, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерінің түсінігін, мазмұнын ашып көрсетіп, мемлекетіміздің қазіргі уақыттағы адам денсаулығына зиянды және пайдалы мәселелерімен танысу. Өйткені біз осы мәселелерді білмей тұрып қоршаған орта және адам денсаулығы мәселелерінің қалай жүзеге асып жатқанын біле алмаймыз. Екіншіден, мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жағдайларын қарастырамыз. Мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсері бұрыннан зерттеліп келе жатқан өзекті мәселе болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғауға әрбір мемлекет аса көңіл бөледі. Сонымен қатар адам денсаулығына да. Көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау мәселелерін терең әрі жан-жақты зерттеуде.
Осы біздің курстық жұмысымыздың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан, және қорытынды бөлімнен тұрады.
Тарау 1 Жалпы қоршаған ортаны қорғау
құқықтары
Қазіргі таңда экологияны яғни қоршаған ортаны қорғау ең басты проблемаға айналып отыр. Қоршаған ортаның тазалығы ауа, су, қоршаған орта адам денсаулығы үшін басты құндылықтардың бірі болып отыр. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға және өндірістік потенциалға бай мемлекет. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының интенсификациясын химизацияландыру көзге елестету мүмкін емес. Бірақ агрохимикаттар және пестицидтерді тиімсіз, ретсіз пайдаланудың салдарынан топырақта, суда, атмосфералық ауада, әртүрлі химиялық қосылыстардың жиналуына әкеп соқтырып, түрлі аурулардың паайда болуына себеп болады. Химиялық заттар арасында елімізде тұрақты органикалық ластағыштар ерекше қауіпті болып саналады. Тұрақты органикалық ластағыштың аз мөлшерінің өзі қалыпты биологиялық функцияны бұзып, болашақ ұрпаққа берілу арқылы адам денсаулығы және қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Кейбір кезде ауылшаруашылық өнімдерінен көп түсім алу үшін агрохимикаттарды шектен аса көп қолданады. Минералды тыңайтқыштарды шектен тыс пайдалану, ауылшаруашылық өнімдерінде, су қоймаларында және ақаба суларында зиянды химикаттардың жиналуына алып келіп үлкен проблемалар туғызады.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғатты қорғауды бақылау комитеті қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілеттік берілген органдар болып табылады.
Барлық мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау үшін мынадай функциялар жүзеге асырылады:
Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі Экологиялық талаптарды, ластанудың тұрақты және жылжымалы көздерінен шығатындардың нормаларын, атмосфераны жасанды өзгерту жөніндегі іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі шектеулерді орындау.
Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да химиялық әрі биологиялық заттарды, өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды шығару және көму жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау. 4(28б)
Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, толықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік қорық қоры обьектілерін сақтау.
Жердің жай-күйіне теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды сақтау.
Тозған жерлерді қайта құнарландыруды, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруді және осы уақытылы шаруашылық айналымға тартуды қамтамасыз ету.
Жердің тозуымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды, сақтауды және пайдалануды.
Зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларына, төгінділеріне арналған рұқсаттарда белгіленген шарттарды орындау, өндіріс әрі тұтыну қалдықтарын орналастыру.
Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының, төгінділерінің тұрақты көздері бар әрі өндіріс және тұтыну қалдықтарын құрайтын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарының режимін сақтау.
Суды ұтымды пайдалану және ластанудың қоқыстанудан және тартылудан қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау.
Қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді және рұқсаттардың қолданылу шарттарын орындау.
Қоршаған ортаға радионуклидтерді шығарумен төгу алдындағы тазарту құрылғылары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтау.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Бақылау-қадағалау және құқық қолдану қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
1. 1Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
Қоршаған орта түсінігі адамның өмір сүруімен байланысты болып, өзара әртүрлі элементтерден құралады. Олар өзара үш топқа бөлінеді:
Нақты тірі орта (флюра, фауна), тірі емес орта (яғни гидросфера) .
Ауа қабаты бассейні (атмосфера), жер қабаты (литосфера), жерге жақын космос кеңістігі, қолдан жасалған орта обьектісі, табиғатпен байланысты адам қорынан жасалған орта.
Осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы қоршаған ортаның жүйесін құрап, территориялық өрісте үшке бөлінеді.
Әлемдік, аймақтық, ұлттық.
50-ші жылдарда қалыптасып дамыған осы сала тек табиғи ресурстарды қорғаумен шектелмеді, ол 70-ші жылдары әртүрлі факторлардың әсерінен үлкен комплекстік әлемдік проблемаларға айнала бастады.
Жалпы қоршаған орта мағынасы бойынша экология түсінігіне сәйкес келеді. Ол тірі организмдермен тығыз байланысты болып, қоршаған ортаны құрайды.
Экология - мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді. Экологияның нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат обьектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы мүмкін.
Түрлі кезеңдерде, авторлар экологияның осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келеді. 3(370б) олардың ішінде кең таралғаны табиғатты қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық құқық сияқты атаулар соңғы экология саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі обьектілеріне:
-Құрлық, жер қойнауы, дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктермен жануарлар дүниесі.
-Негізгі ластау көздері:
А) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, радиоэкология, көлік құралдары.
Б) адамдардың қоршаған ортаға қайшы әрекеттері.
Мысалы: ағаштарды кесу.
Жалпы халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Экология-осы заманғы жас салалардың бірі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы министрліктер экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. 1(55б)
Қоршаған орта саласындағы қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын,
құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салады.
Экология халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады. Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері мынаай:
-адамды және қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау
-мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу.
-ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулр мен мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау.
-ауа саласын реттеудің және оны ластаумен күресу шараларының ең жақсы жүйесін жасау.
-кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алу бойынша кез келген заңды шараларды қабылдау.
Уақыт өте келе қоршаған орта мәселесі дамып, политикалық проблемаға айнала бастады, оның ғылыми негізі жылдан жылға дами берді. Бұл әсіресе 70-80-ші жылдары байқалды. Бұл проблема отандық әдебиеттерде қоршаған ортаны қорғаудың заңдық нормалары бойынша ерекше топтарға бөлініп қарастырыла бастады.
Экологияның субъектілері болып мемлекет және ұлттар танылады. 2(250б)
Қоршаған ортаның адам денсаулығына зиян тигізбеудің мақсаттары мыналар болып табылады:
-Қоршаған орта проблемаларын шешу, зерттеу, қоршаған орта проблемаларының кешенді ғылыми амалдарын дамытуд қорғау.
-фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық шаралардың тиімділігін арттыру, қоршаған ортаның ластану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұғымды пайдалану жөніндегі білімдерді дамыту.
-Қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.
-Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, фирмалардың, мекемелердің ұлттық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады.
Жалпы адамзат баласы өзінің денсаулығын сақтауда қоршаған ортаға өзінің жақсы әсерін тигізуі тиіс. Олар:
-ауаның ластануымен күресу
-суларды және ауызсуларды пайдалануды ластанудан қорғау
-теңіздің қоршаған ортасын қорғау
-Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау
-табиғат пен қорықтарды қорғау
-қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту
-қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылау, зерттеу, болжау және бағалау
-құқықтық және әкімшілік шаралар.
Осылай қоршаған ортаны қорғауда мемлекет ғылыми техникалық ақпараттармен зерттеу нәтижелерін алмасу, сарапшылар кеңесін ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлер алмасу, қоршаған ортаны қорғаудағы түрлі проблемаларды зерттеу мен шешуде бағдарламалар мен жобаларды бірігіп дайындау мен жүзеге асыруды таңдап алды.
2. Қоршаған ортаны қамтамасыз ету
Құқықтық мемлекет болуға қажет заңдардың ішінде елді алға сүйрейтін экономикалық заңдармен қоса, әлеуметтік экономикалық қорғау шараларын жақсартатын заңдарға басымдылық беріліп, қабылданып жатуы аса маңызды.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы да дер кезінде қабылданған маңызды құжат, ол елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға терең ықпал етуі тиіс.
Мәжілістегі экоогия және табиғат пайдалану жөніндегі комитет соңғы құрамдағы қызметінде жыл сайын 5-10 заң жобаларын талқылап, қабылдап жатыр. Олардың ішінде үкімет ұсынған Орман кодексі мен Су кодексін ерекше атауға болады. Жер қойнауын пайдалану мен мұнай операцияларын жүргізу, этил спрті мен алкоголь өнімдерінің айналымын реттеу туралы заң жобалары да біздің комитеттің басшылығымен талқыланды. Орман және су ресурстарының барлық жақтарын реттейтін кодекстер біздің комитетте терең талқылынып, сапалы түрде жақсарып, кешіктірілмей қабылданды. Үкімет, Ауыл шаруашылығы мнистрлігі біздің еңбегімізге ризашылығын білдірді.
Комитет депутаттары да белсенділікпен заң жобаларын дайындап ұсынып жатыр. Олардың кейбірі қабылданып, бүгінгі күнгі қолданыста қазіргі күнде депутаттар тарапынан Әкімшілік - толықтырулар мен енгізу туралы аса маңызды заң жобасы әзірленіп, ұсынылды. Онда экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту мақсатында кодекске 27 жаңа норма енгізу арқылы экологиялық ахуалды жақсарту көзделуде. Халықтың денсаулығымен елдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жүйеленген заңдар топтамасы атмосфералық ауаны қорғау туралы, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы, ауыз су туралы, қалдықтар туралы заң жобалары. Біріншісі қабылданған, екіншісі Парламенттің екі палатасында да талқыланып бітті.
Экономикамыз жаңа рельске түсіп, ішкі және сыртқы жағдайлар біршама реттеле бастасымен мемлекетімізде халықтың әлеуметтік қорғау шараларының жақсарымен қоса, халықтың болашағы үшін қасиетті ең маңызды іске халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге арнайы бағдарлама дайындалып, он жүзеге асыру жолында көп істер атқарыла бастады. Су адам үшін ең көп тұтынатын өнім болғандықтан оның таза әрі барлық адам үшін жеткілікті болуы аса маңызды. 4(33б)
Ауыз су мәселесі мен өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға қатысты қатынастарды реттейтін осы екі заң жобасы кейбір үкіметтік органдар мен әкімшіліктер тарапынан қарсылықтарға ұшырауы мүмкін. Бұл жобаларда саясаттандырылған мәселелер жоқ, әңгіме кейбіреулер ойлағандай радиоактивті қалдықтар жөнінде ғана болып, әрі тарт, бері тарт болып кетпейді, бұлар ауыз суға және қалдықтарға байланысты барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін заң жобалары. Бізге Үкіметпен де қалдықтарға қатысты реттеулерді қоршаған ортаны қорғау туралы негізгі заңымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы шешетін заң жобасы келіп түскен, дегенмен бұлайша, қалдықтарға қатысты барлық қатынастарды реттеуге болмайды деп санаймыз.
Бұдан басқа депутаттарымыздың белсенді жұмыстарының нәтижесінде дайындалған тағы да бірнеше заң жобалары бар. Мәселен экологиялық ақпарат туралы, экологиялық сақтандыру туралы заң жобалары. Оларда талқылауға қабылданып, қазіргі таңда жұмыс жүргізу үстінде.
Сонымен, Үкімет болып, халық болып, экологиялық ахуалды жақсартатын заңдар табын біршама алға жылжыту жолында еңбектеніп жатыр. Өйткені уақыт өте келе, экологиялық жағдай реттеліп тұрмаса, еліміздің тұрақты дамуының бір тармағы кейін қалып қою қаупі болуы мүмкін. Менің ойымша дер кезінде экологиялық реттеулерді жасаушы заңдар қабылдана түсуі керек. 5(52б)
2. 1 Радиоэкологияның адам денсаулығына және
қоршаған ортаға қауіптілігі
Радиоэкологияның түсінігіне тоқталатын болсақ, радиоэкология- (Radius- сәуле деге латынның бір сөзі, oikos-үй, айналаны қоршаған сыртқы орта және logos-ілім деген) гректің екі сөзінен алынған биология ғылымдарының ғылыми терминдерінің бірі.
Ол табиғаттағы радиоактивті элементтердің олардың радионуклеидтерінің таралуын, концентрациясын, иондалатын сәулеленудің организмге, экологиялық жүйеге, табиғатқа тигізетін әсерін зерттейтін биология ғылымдарының көрнекті салаларының бірі.
Радиоэкологияның пайда болуының өзі радиоактивтік сәулелеудің табиғатта мөлшерден тыс көбеюіне байланысты.
Радиоэколгия адында тұрған басты міндеттерге қарайрадиоэкологияның көптеген жаңа салалары, мәселен, ауаның, судың радиациялық экологиясы дамыды. Радиоэкологиялық зерттеулер иондалатын сәулелену, қатерлі ісік, сәуле тию ауруын емдейтін ауылшаруашылық өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күрес жүргізуге пайдаланады.
Организмнің биологиялық бейімделудің үш қасиеті бар екенін ғалымдар ертеден біледі.
1. Тіршіліктің жаңаланып отыруы
2. Жаңа өзгерістер тудыратын қабілеттілігі.
3. Жаңадан пайда болған биологиялық қасиеттердің тұқымда бекіп, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі бір заңдылықпен тарап отыруы.
Адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі өздерінің миллиард жыл ішіндегі эволюциялық өсу мен даму кзеңдерінде неше түрлі радиациялық фондардан өткен тіршіліктің же бетінде пайда болуының ең алғашқы сатысында радиоктивтік фоннан әлдеқайда жоғары болған. Сондықтан көне заманда пайда болған организмдер радиацияға өте төзімді келеді.
Қазақ елінің табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірмен-қасиетін көрсететін деректерді тарихтан ғана емес, бүгінгі өмірден, тұрмыстық сан-сала, сан тарауларынан кездестіруге болады.
Халқының сирек, жерінің байтақ табиғатының бай да көрікті болуы Қазақстан жерінде малдың да, аңдар мен құстардың да мейлінше көбейе беруіне өте қолайлы табиғи жағдай туғызған. Олар тыныш кең дүниеде еркін өсті. 2(111б)
Жалпы экология туралы ғалым жазушылардың әңгімесіне тоқталатын болсақ:
Ғалым жазушы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының мүше-корреспанденті Рымғали Нұрғалиұлы өзінің жастармен өткізген бір әңгімесінде: Семей облысы Абралы ауданының халқын өз мекенінен уақытша көшіріп жіберген болатын деді. Себебі: ол жерде атом бомбасын сынау қажеттілігі туған болатын. Халықтың қоныс аударған жерлері онша алыс жер емес еді. Атом бомбасын жару орнынан небәрі 50-60 шақырымдай жер болатын.
Атом бомасы жарылғаннан кейін біраз уақыт өткеннен кейін, халық өз мекендеріне қайтадан көшіріліп әкелінді. Ауылда қалған мал жануарының жағдайлары өте нашар болған. Бомба жарылған аймақтардың табиғатына қауіп қатер төніп, адам шошырлықтай болған. Бұл жағдай күні бүгінге дейін кездеседі.
Бұл болған жағдай қазақ жеріндегі радиоактивтік апаттың ең алғашқы бастамасы болатын. Кейінгікездерде бұл қауіпті құбылыс халыққа қаншама қайғы қасірет әкелген.
Радиоактивті сәулеленудің ең үлкен радиоэкологиялық апаты Чернобыль атом электр станциясының қайғылы оқиғасы болатын. Оның негізгі отыны радиоактивтік элемент Торий болатын. Бұл радиоактивті элементтің атом ядросы ыдыраған кезде одан адам айтқысыз энергия бөлініп шығады. Бұл құбылыс тірі организмдерге қауіп төндіретін Семей облысының территориясында болып жатқан радиацияның зардабын сол жердің тұрғын халықтары тартып жатыр. Өйткені барлық атом бомбалары мен термоядролық сынаулар өте құпия және қатігездікпен өткізіліп отырған. Радиоактивті элементтердің апатына араша тұратын адамдар болмады. Үкімет басшылары білсе де білмеген адамдар сияқты отыра берді.
Халықты алдау мен арбау күні бүгінге дейін толастаған жоқ.
Неге десеңіз осы кездегі Қазақстанның радиоэкологиясын бірде бір республикамен салыстыруға болмайды.
Біздің зертеу жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда, радиоактивтік сәулеленудің аз дозасы болса да рак дертін тудыратыны сөзсіз. Бұл кезде термоядролық сынаулар өткізілген территорияларда неше түрлі қауіпті аурулар халық арасына кең көлемде таралуда. Соңғы жылдар ішінде Семей облысында әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны өте көп. Ал сары ауру, туберкулез сияқты аурулар халықты әбден әлсіретті. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайы өте ауыр.
Қазақстанның қай оьлысын алсаңызда, радоэкологиялық апатқа ұшырамаған аймақты таба алмайсыз.
Қайғы қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені қазақ жерінде әскери полигон болмаған жер өте аз кездеседі.
Адамзат баласына және жершарындағы барлық тірі организмдерге өте қауіпті қалдықтардың бірі жоғарыда айтылғандай, радиоактивті элементтердің қалдықтары болып есептеледі. Олардың қалдықтары тірі организмдерге және адам денсаулығына өте қауіпті болып саналады. Олардың зиянды әрекеттері мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы сақталады. Оларға қарсы тұратын биосферада құдіретті күш жоқ. Айналадағы ортаны қорғау, яғни экология проблемасын қорғау бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр. 3(68б)
2. 2. Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың
аясы
Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға және өндірістік потенциалға бай мемлекет. Қазақстан Республикасың экономикасы жақсы дамсығаннан бастап ауыл шаруашылығы өндірісі жақсы дамыды деуге болады.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының интенсификациясын химизцияландырусыз көзге елестету мүмкін емес.
Агрохимикаттар мен лестицидтердің әсер ету қаупі Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға экологиялық қауіпсіздік концепциямында Республика Президенттің 2003 жылдың 3 желтоқсанында бектілген қаулысында мақұлдап, ерекше атап көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz