Қазақстан Қазан төңкерілісі кезінде


Қазақстан Қазан төңкерілісі кезінде
XIX ғасырдың сонында XX ғасырдың басында Қазақстан Рссейдің бір белігі ретінде социалистік төңкеріс қарсаңына аяқ басты.
Қазақстан халқы 1913 жылы 5600 мың адам болатын. Бұлардың 9, 7 проценті қалаларда, ал 90, 3 проценті ауылдар мен поселкелерде тұрды. Өлке халқының дені қазақтар болды, бірақ Ресейдің орталық; аудандарынан және Украинадан шаруаларды көптеп кешіруге байланысты орыс пен украин халқының саны едәуір өсті, сөйтіп Қазақстан көп ұлтты өлкеге айналды.
Патша әкімшілігі Қазақстан территориясын бөлшектеп бөліп-бөліп жіберді. Ақмола мен Семей облыстары Дала генерал-губернаторлығына (орталығы - Омбы) ал Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды (орталығы Ташкент) . Орал мен Торғай облыстары Ресей импсриясының орталық мемлекет-теріне тікелей бағынатын әскери губернаторлар басқарды. Қазақ, қауымдарына тиісті болған барлық жерлер 1867-1868 жылдардан Уақытша ережелерге сәйкес, ал кейін 1871 жылғы Ереже бойынша мемлекет меншігі болып жарияланды. Отаршылар меншігіне тек 1906- 1912 жылдарда ғана қазақтардан 17 миллион десятина жер еріксіз
алынды.
Қазақстанның табиғат байлығын шетелдік капиталистер аяусыз тонады. Негізінен шетел капиталының қолында болған өнеркәсіп орындарында еңбек жағдайлары өте ауыр болды. Жұмыс күні тәулігіне 14 сағатқа дейін жетті, жалақы аз болды.
Сонымен бірге Патша өкіметінің отарлық саясатының, ұлтаралық? сушіліктің бүкіл жүйссінің маңызды тірсгі мсн құрамы, Орал, Орынбор, Жетісу қазақ әскерлерінің әскери-сословиелік ұйымы болды. Ақмола жәнс Семей облыстарында Сібір қазақ әскерлерінің көптегені станицалары орнықты. Қазақ халқынан тартып алынған қолайлы көптеген жерлерді сол қазақ станицалары иемденді. Осының бәрі қазақ халқының ашуызасын туғызып, жағдай шиеленісе түсті. Империалистік-соғыс жылдарында еңбеккерлердің материалдық және құқықтық жағдайлары барған сайын нашарлай берді. Қымбатшылық пен жалдаптық өршіп, азық-түлік пен тауап дағдарысы барған сайын айқындала түсті. Патша уиновниктерінің зорлық-зомбылығы мен отарлық езгісі күшейе берді. Халықтың қалып бұқарасының патша өкіметі мен қанаушы таптарға өшпенділігі қарсылығы мен ашу-ызасы өршіді. 1916 ж. көтерілістің ұлт-азаттық сипаты енбскші-шаруа қазақтардың жанқиярлық күресі, қазақ халқының батыры Аманкелді Иманов басшылық еткен Торғай облысында өте-мөте айқын көрінді. 1916 жылғы көтерілісті күші басым патша әсқерлері басып тастаса да бұл көтерілістін, зор саяси маңызы балды. 1916 жылы көтеріліске қатысқан көп адамдар кейінірек азамат соғысы жылдарында да Кеңес өкіметін қорғауға шықты.
Рссейдегі дендеген дағдарыс 1917 жылғы ақпанның аяғында буржуазиялық-демократиялық төңкеріске ұласып, ол патша самодержавасын құлатты. Өкімет буржуазия мен помещиктердің қолдарына көшіп, олар Уақытша үкімет құрды. Бірақ онымсн қатар басқа да өкімет жұмысшы және солдат депутаттарының Советі құрылды.
Патша өкіметі мен оның жергілікті органдарының өкіметі Қазакстанда да құрылды.
Қазақстанда төңкеріс процесінің дамуы өлкенің экономикалық және мәдени жағынан артта қалғандығы салдарынан ерекше күрделі және қиын жағдайда өтіп жатты, елдің орталық, неғұрлым дамыған аудандарымен салыстырғанда бұл процестің қолайсыздығы күштірек болды.
Бірақ Қазақстанда да халық бұқарасы большевиктердің алдауына еріп, бүкіл елдің еңбекшілерімен бірге төңкеріс күресін одан әрі дамыту жолына түсті. Басқа жерлердегі сияқты Қазақстанда да саяси топтар мен ұйымдар құрыла бастады. Орынборда және Торғай облысында коммунистер Ә. Т. Жанкелдин, П. А. Кобозев үлкен жұмыс жүргізді. Семейде К. Сүтішев, Шымкентте А. Морозов бастаған партия топтары ұрылды. Қалалар мен селоларда большсвиктік «Правда», «Социал демократ», «Солдатская правда» газеттері таратылып, зор ынтамсн жеткізіліп тұрды. Ал, Ақмолада Сәкен Сейфуллиннің белсене қатысуымсн 1917 жылғы мамырдан бастап реформалық-демократиялық бағыттағы «Тіршілік» газеті шығып тұрды.
Еңбекшілер арасында большевиктік идеяларды таратушы жұмысшы
насихатшылармен бірге майданда жәнс ірі қалалардағы қазақстандық солдаттар мен 1916 жылы «тыл жұмыстарына» мобилизацияланған қазақтар да болды. Олар жұмысшы-солдаттармсн бірге митингілер мен монстрацияларға қатысып отырды. Толық емес мәліметтерге қарағанда 17 жылдың басында Минск ауданында «тыл жұмысына» мобилизаяланған 13 мыңдай, Ригада 800, Харьковта 1000, Москва ауданданда 840 қазақ болған. «Тыл жұмысына» қатысқандардың туған ылдарына қайтарылуының тенкеріс мақсатына маңызы аз болған жоқ. Оралғандардың көбі өздерімен бірге қару-жарақ пен патшаға осы әдебиеттерді ала келді. Қазақ оқығандарының бірі, 1916 жылғы көтеріліске қатысқан Жүсіп. Бабаев өзінің теліктерінде былай деп жазды: «1917 жылы маусым айында біз майданнан оралдық. Біздің көпшілігіміз ауыл-ауылға уақытша өкіметке, бай-болыстарға өшпенділік пиғылымен келдік, төңкеріс ұрандарын әкелдік, кедейлер мен батыр ақтарды өз алдына ұйым етіп құру қажетігін ұғынып келген едік».
Қазақ ауылдары мен болыстарында билік басында отырған және Уақытша үкіметінің тірсті болған билеп төстеуші бай-феодалдарға қарсы қазақ еңбекшілерінің белсенді күрес қимылдары жиілей түсті. Мәселен, 1917 жылы мамыр айында Верный уезінің Қорам, Малыбай болыстарында Тоқаш Бокин өткізген митингілерде болыстық әкімдер мен оларды жақтаушыларды тұтқындау туралы қаулы шығарды.
Уақытша үкімсттің өкімет орындары тыл жұмыстарынан қайтқан көптеген қазақтардың өзімен бірге қару-жарақ ала келеулері оларды қатты мазасыздандырды. Мәселен, 1917 жылы 8 маусымда «Николай» кемесінде майданнан қайтқан қазақтардан 52 винтовка мен оқтары тартып алынғанын, ал 5 шілдеде «Петроград» кемесінде винтовкаларды бөлшектеген күйінде тығып әкеле жатқанын мазасыздана хабарлаған.
Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі дами берді. 1917 жылы көктемде және жаздың басында бүкіл елдегі сияқты бұл қозғалыстар бейбіт аймақта болған еді. Қазақтардан және басқа да жергілікті ұлттардан тұратын енбекшілер одағы, «мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы», «Бұқара одағы», «Қара жұмысшылар одағы» ұйымдары құрылды. Олар большевиктердің алдауы арқасында ықпалы күшейді.
Шетел капиталистерінің қолындағы Риддер рудниктерінің жұмыс-шылары жұмыс күнін қысқартуды, жалақыны көбейтіп, штрафты жоюды талап стті. Жұмысшылардың талап етуі бойынша Орал-Ембі ауданы кәсіпшіліктерінен капиталистердің неғұрлым реакцияшыл қолшоқпарлары қуылды.
Гарнизондағы солдаттар бұқарасы арасында байланыс, түсінісу ұлғая берді. Әскери тәртіп құлдырады. 1917 жылгы 29 шілдеде Верный пунктінің солдаттарының Верныйдан басқа жаққа кету туралы бұйрықты орындаудан бас тартқан толқуы болды. Уақытша үкімст әкімдерінің кендірмен болған әркеттерінен ешбір нәтиже шықпады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz