Әл-Фараби мұрасының Қазақстанда зерттелуі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа енуі, адамдық өмірлік әрекеттің барлық салаларын қамтитын, күрделі драмалық үрдістердің күшеюі және тереңдеуімен ерекшеленіп отыр. Қоғамдық дамудың қазіргі кезең жеке елдер мен мемлекеттер сияқты әрбір адамның тіршілігіне, рухани дамуына тікелей әрі мәнді әсер ететін, жахандану үрдісімен сипатталады. Әлемнің экономикалық және геосаяси кескінін, қазіргі өркениетті анық, түбегейлі өзгертетін бұл үрдіс әлемнің бір түкпірінде қуана қабылданса, келесі бұрышында қарсылыққа тап болып, қайшылықты нәтижелері қоғамның түрлі қабаттарында әр түрлі бағалануда.

Ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты мәдениет әрбір этностың ерекшелігін білдіреді, қоғамның бүкіл құндылықтар жиынтығын қамтиды, қоғам үшін шынайы маңызды этномәдени күйлерді түйіндейді, оның мүшелерінің мінез-құлықтарын, тұлға қалыптасуының нақтылы жағдайларын анықтайды. Сондықтан, адамдық өмірлік әрекеттің бұл саласында жүріп жатқан үрдістер, планеталық қауымдастық үшін, әсіресе, әрбір халықтың төлтума мәдени қазынасын сақтау және дамыту барысында ерекше маңызды. Мәдени бірегейлікті қорғау - кез келген халықтың алдында тұрған негізгі міндет.

Адамзат тарихында түрлі мәдениеттердің жасампаз сұхбатының, гуманизм мен әділеттіліктің жалпыадамзаттық идеяларын жемісті жүзеге асырған, жаңа философиялық жүйелердің пайда болуына жеткезген, көптеген үлгілері бар. Олардың біріне ұлы түрік ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) философиялық жүйесі жатады. /1/

Өзіне түркі және иран мәдениеттерінің жақсы қасиеттерін жинақтаған, әл-Фарабидің мұрасы Шығыс пен Батыс философиясының дамуының болашағын айқындап өз идясымен жалпыадамдық құндылықтар басымдылығы негізінде түрлі мәдени дәстүрлердің үйлесімді тоғысуының үлгісі бола білді.

Ол қазақтың көне Отырар жерінде дүниеге келген, бойына көптеген мәдениеттердің - ирандық және үнділік, арабтық және түркілік жасампаз күштерінің самалын сіңірген, бірақ өзінің шығармашылық қуатын көптеген ислам мәдениетінің рухани тыныс-тіршілігінде іске асырған, ортағасыр дәуірінің асқан ірі ойшылы болып табылады. Өзіне тән энциклопедияшылдықпен әл-Фараби түрлі мәдениеттер мен өркениеттер идеялары мен дәстүрлерінің тоғысуын тарихи тәжірибесінде іске асырды, олардың арасында аса маңызды орынды көшпелі түркі әлемінің және иран мәдениетінің құндылықтары алатын, әр түрлі құндылықтар жүйесінің теңқұқылы сұхбатын табысты жүзеге асырудың айқын мысалын көрсете білді. Сондықтан оның шығармашылығы түркі, қазақ, иран халықтарының рухани мәдениетінде айрықша рол атқарады.

Қазақстанда өзінің ұлы жерлесінің мұрасын белсенді зерттеу өткен ғасырдың 60- жылдарынынан басталды. Қазақстан ғылымдары әл-Фарабидің шығармашылық мұрасына үлкен мүдделілік танытты, оны бірнеше бағыттар бойынша зерттеуге кірісті. Бірінші бағыттың негізгі міндетіне әл-Фараби трактатарын ғылыми айналысқа негізу жатызылды. Бұл жұмысқа А. Х. Қасымжанов, Е. Д. Хараенк, Б. Я. Ошерович, К. Х. Тәжікова, А. К. Көбесов сияқты Т. б. қазақстандық ғалымдар үлкен үлес қосты. 1970 жылы «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» жарыққа шықты. 1973 жылы әл-Фарабидің «Әлеуметтіік - этикалық трактаттары» жарияланды. Ары қарай, төмендегідей тізбекте әл-Фараби еңбетерінің басқа томдары шыға бастады: «Логикалық трактаттар»(1975), «Матеметикалық трактатар» (1972), «Пиолемей Альмагестісіне түсіндірмелер» (1975), «Философия тарихы бойынша тракттар» (1985), «Табиғаттану-ғылыми трактаттар» (1987), «Музыка және поэзия туралы трактаттар» (1993) және ақырында, «Таңдаулы трактаттар» (1994) . Бұл шыармаларды оқып-зерттеу бізге осы ұлы ойшыл мұрасының аса зор көлемі мен құндылығын аңғаруға мүмкіндік береді, себебі оның шығармашылығын ортағасырлық ғылымның энциклопедиясы деп атауға болады. 2003 жылдан бастап ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтында ҚР ҰҒА академигі Ә. Н. Нысанбаевтың жетекшілігімен «Әл-Фараби: Таңдаулы (трактатар аудармасы және философиялық түсіндірмелер) »(2003-2005жж. ) деп аталатын жаңа ғылыми-зерттеу жобасы аясында ойшыл трактаттарын аудармалау ісі жалғасып келеді. Әл-Фараби трактаттарын қазақ және орыс тілдерініне аудару бойынша көпжылдық жұмыс сонымен бірге, екі кезеңге бөлініп жүзеге іске асырылған, оның бай рухани мұрасын кең ауқымда ғылыми зерттеу жұмысымен қатар жүргізілді. Бірінші кезең әл - Фараби мұрасын энциклопедиялық мәселелер ауқымында тұтастық тұрғысынан ашып көрсетумен сипатталады. Бұл шеңбердегі жұмыстарда әл-Фарабидің ұлы ойшыл мен ғалым ретінде бірегей бейнесі өзінің барлық тереңдігі мен толықтығындп қалпына келтірілді: әл-Фарабидің философиялық көзқарастарының қайнарлары айқындалды, оның философиясыны мәні, ішкі байланысы мен философиялық ойдың кейінгі ықпалы талданды. Екінші Ұстадың дүниетанымының негізгі белгілерін аша отырып, олардан сол тарихи дәуірдің бүкіл мәселелерінің өзінше бейнелеуін адамға және әлемге, қоғамның құрылымына, болмыс мағынасына, өнер, дінге, философия мен ғылымға, згілік пен зердеге деген көзқарастарды тапты. Әл-Фараби бұл жұмыстарды рухани ағарту жолындағы, жаңа гуманизм мен адамшылдықты нығайтудағы табанды күрескер ретінде көрінеді.

Әл-Фараби мұрасының Қазақстанда зерттелуі

Қазақстандық тарихи-философиялық ғылым соңғы онжылдықтар бойы әлемдік философияның дамуына қоамқты үлес қосқан ортағасырлық Шығыстың ұлы ойшылы - әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасына тұрақты түрде қызығушылық танытып келеді. /33/ Бұл қызығушылық әл-Фарабидің отаны Оңтүстік Қазақстан жері болып, оның түркі отбасынан шыққандығыме ғана емес, өткен кезеңнің рухани мұрасының бізге қазіргі дәуірімізді күрделі өзгерістерге, қайшылықтарға толы жан-жақты пайымдап, зерделеуге мүмкіндік беретінімен де сипатталады. Тарихи өткеннің мәдени жүгі түріндегі берік негізге ие бола отырып, өткеннің мәдени жетістіктеріне деген танымдық мүдде дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі қазастандық қоғам бұқаралық және эрзац мәдениеттерінің еш кедергісіз енуіне, мәдениеттің жоғарғы ұмтылыстарының мұқалуына жол бермейді. Ол әлемдік мәдени кеңістікке табысты түрде қадам басу және демократиялық өзгеру жолымен алға жылжи отырып, кешегі мен бүгіннің органикалық ажырамас бөлігі және болашақтың кепілі болып табылғандықтан, өзінің мәдени тілтумаллылығы мен бірегейлігін сақтайды.

Әл-фарабидің мұрасы - бідің республикамыздың ұлттық игілігі. Ол Отырар ерлігінің ұмытылмас парақтарын қалдырған тарихтың тағылымы арқылы, әл-Фарабдің «Музыка туралы үлкен кітабының» сыры шертілітін ән-күй сабағы арқылы және ақырында, әл-Фарабидің есімі халықтардың жадында аса үлкен құрметпен сақталғандықтан, дәстүрмен тәрбиелеу тәлімі арқылы қазақстандықтардың жан жүрегінен орын тебеді. Мұның барлығы ортағасырлық ойылдың, жекелей алғанда, ғылыми, тұтастай алғанда, энциклопедиялық мұрасына деген танымдық-қоғамдық қызығушылықты тамырландырудың тұрақты дүниетанымдық және мәдени негізін құрайды.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы тарихи-философиялық зерттеулердің осы ауқымындағы ғылыми жетістіктеріне деген қоғамдық қызығушылықтың өзектілігін арттыра түседі. «Мәдени мұра» Мемлекттік бағдарламасына сәйкес, «Қазақ халқының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі философиялық мұрасы" сериясы бойынша Қазақстандағы фарабитанудың дамуына арналған жұмыстар да осымен түсінліріледі. Мұндай басылымдарды жариялаудың қажеттілігі Қазақстанда ондаған жылдар бойы әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасының қолжазбалық қорын ғылыми айналымға енгізумен, әрі оны орыс және қазақ тілдеріне аударумен белсенді түрде айналысып келе жатқан фарабитанудың философиялық мектебі қалыптаспағандығымен де сипатталады. Оның үстіне, фарабитанудың қазақстандық мектебі әл-Фарабидің энйиклопедиялық мұрасын зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын бірнеше ондаған жылдар бойы үзбей жалғастырып, осы салада таныту иен насихаттау жұмысын тоқтатпай жүргізіп келеді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеу және оны ғылыми айналымға енгізу жөніндегі жан-жақты жоспарлы жұмысты кезес жылдары өзінде - ақ, Қазақ КСР Ғылымдар академиясының Философия және құқық институты қызметкерлері өткеннің рухани мұраларын қайта түлетудің жанашырлары және көрнеті ғалым, академик Ш. Е. Есеновтың жетекшілігімен қызу бастап кеткен болатын. Кеңес заманында Қазақстанның Ғылымдар академиясының құрамдас бөлігі болғандықтан, оның іс-әрекеті ұйымдастырушылық тұрғыдан да, ғылыми тұрғыдан да онымен тығыз байланысты болды.

КСРО жетекші ғылыми орталықтарының ғалымдары Қазақстанда ғылыми мамандардың қалыптасуына ғылыми-ұйымдастырушылық көмек көрсетті, олар және Қазақстанның ғалымдары бірқатар ғылыми-зерттеу жобалары бойынша өздерінің біріккен қимылын үйлестірді, ірі ғылыми форумдар мен конференцияларды өткізуде, ғылыми мамандарды даярлау үрдісінде өзара бірігіп әрекет етті. Дәл осындай үйлестіру барысымен академик Ш. Е Есеновтың белсенді қызметі барысында өз тарихи отанында әл-Фарабидің рухани мұрасын қайта түлету жұмыстары басталды. Оның бастамасының, А. Әл-Машанидің, А. Х. Қасымжановтың және ұлы ойшылдың еңбектерін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған шығармашыл ғылыми ұжымның белсенді жұмысының арқасында әл-Фарабидің есімі Қазақстанда және КСРО -да танымал бола бастады.

А. Х. Қасымжановтың жетекшілігімен басталып, М. С. Бурабаевтың жетекшілігімен жалғасқан әл-Фарабидің мұрасын аудару және ғылыми зерттеу жөніндегіжұмыстар қазіргі кезде Ә. Н. Нысанбаевтың жетекшілігімен жүргізіліп отыр. Соңғы жылдары бұл жұмыс ойшылдың жаңа тракттатарын тәржімалаумен, оның мұрасына арналған жаңа ұжымдық монографияларды жариялаумен ғана шектеліп қоймай, "Әл-Фараби " атты философиялық-саясаттанымдық және рухани-танымдық журналды шығарумен толықты.

Тәуелсіздік жағжайында Қазақстанның қоғамдық санасында мәдениет пен ғылым тарихындағы тарлан тұлғаларға деген қызығушылықтың өсе түсуі, көптеген еңбектердің жарыққа шығуын ақтап тұрғандай, өйткені Қазақстанда әл-Фараби сияқты әлемдік деңгейдегі ұлы ойшылға деген қызығушылықтың өшпей, қайта ұлғая түсуі -негізінен республиканың фарабитанушыларының жеміcті еңбегінің нәтижесі. Қазақстанда әл-Фарабидің энциклопедиялық көзқарастарын зерттеу өткен ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысынан басталды және белгілі дір эволюциядан өтті. Ә. Н. Нысанбаевтың "Қазақстандағы фарабитанудың даму динамикасы. Нәтижелелері мен келешектері" деген мақалаларында осы мәселеле айқын бейнеленген.

Қазіргі заманғы Қазақстанда фарабитанулық зерттеулер дамуының ерекшелігі, алдымен, ғылыми қауымдастықта өткен кезеңнің шығармашылығын оқып-үйкенудегі ғылыми парагдиманың алмасуы болып табылады. Ол Қазақстанның бұрынғытоталитаризм мен оның тудырған сөз бостандығы мен өзгеше ойлаушылыққа деген төзімсіздікті жоюмен түсіндеріледі. Егер кеңестік кезінде тарихи-философиялық зерттеулерде тапшылдық пен партияшылдық принциптері, әр түрлі философиялық жүйелердің, мектептер иен бағыттардың идеологиялық қарсы тұрушылығы басым болса, ал тәуелсіздік жағдайында әрбір философиялық жүйенің, мектеп пен бағыттың әр алуан мәдениеттер мен дүниетанымдардың көпқырлылығы үндестігінде толыққанды дауысқа ие бола отырып, өз төлтумалығы мен қайталанбастығын сақтау құқығын иелену үстем болды.

Қазақстандағы фарабитанудың дамуын жоғарыда айтып өткендей «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойыншы шығарылған «Қазақ халқының философиялық мұрасы» атты көп томдық кітаптардың екінші және он алтыншы томдарында толық зерделеніп қарастырылған. Әсіресе он алтыншы томы «ФАРАБИТАНУ» деп аталып, осы уақытқа дейінгі зерттеушілердің еңбектері жинақталған.

Қазақстандағы фарабитанудың дамуын осы бір томдық басылымның( 16 том) көлеміне сай мейілінше толық қамту мақсатында жетекшілікке алған басты принциптерде жоғарыда аталған мәселелерге ерекше мән берілген. Бұл принциптер ең алдымен, жан-жақтылық және сабақтастық принциптері еді. Философия тарихының қандай да бір саласына еңбектері сіңген тұлғалардың жетістіктері мен нәтижелерін ескермей, тарихи-философиялық үрдістерді терең зерттеу мүмкін емес. Осының ішіне педагогика мен психология ғылымдарының қамтылатындығы түсінікті деп есептеймін. Тарихқа әрбір зерттеуші қазіргі заман тұрғысынан, оның қажеттіліктері, құндылық ниеттері мен әдістемелік қүралдары тұрғысынан қатынасатынымен қатар, бұл зерттеу сол өткеннің теориялық жүгі мен зерттеушілік іргетасы негізінде өсіп-өнеді. Бір жағынан, мәңгіліктің қойнакына еніп кеткендей көрінетін ілімдер мен шығармалардың өмірлік нәрін бойға сіңіре отырып және сонысымен олардың өткінші емес мазмұнын өзектілендіре отырып, ғалым, сонымен қатар, өткеннің қалдыпған мұрасын сын тұрғысынан бағалайды. Сондықтан, ғылыми және алмауына қармастан, әл-Фарабидің шығармашылық мұрасының қазіргі заманғы зерттеушілері осы жұмыстың алғашқы қарлығаштар, әсіресе бүгінгі күні арамызда жоқ ғалымдарға бас иіп, терең құрмет көрсетеді. Олардың арасында -Ақжан әл-Машани, А. Х. Қасымжанов, Е. Д. Харенко, Б. Я. Ошерович, С. Қ. Сатыбековалар бар.

Бұл авторлардың еңбектері қазіргі фарабитанушылардың назарынан тас қалмайды, оларға үлкен көңіл бөлінеді, ғалымдардың бірнеше буыны солардың тәрбиесінен өтті және олар өз ғылыми өмірлерін жалғастыруда. Бұл жұмыстар философтарды материалистер мен идеалистерге міндетті түрде бөлетін тап күресінің моноидеологиясы үстемдік еткен кезде жасалса да, олардағы ғылыми объективтілік тапшылдық пен партияшылдықтың маркстік-лениндік принциптерінің жеңімпаз ұстанымын бәсеңдетті және әл-Фараби мұрасының мазмұндық қыры табандылықпен өзіне жол сала білді.

Сабақтастық принципіне сүйене отырып құрастырушылар Ә. Н. Нысанбаев, М. С. Бурабаев, А. Х. Қасымжанов, К. Б. Жарықбаев, А, К, Көбесов сияқты танымал авторлардың жұмыстарымен іэденістері, бұл томға әл-Фараби еңбектерінің түпнұсқасының тілін игерумен ерекшеленген А. Құрманалиеваның жұмысы да енгізілді. Сондай-ақ оған әл-Фараби рухани мұрасын жаңа ұстаныммен айшықтаған және ХХІ ғасырдың талабына төтеп беріп келе жатқан адамның интелектуалдық және рухани жаңа құндылық парагдимасын енгізген Г. Г. Соловьева, Н, Л, Сейдахметова, А. М. Кенисарин сияқты ортағасырлық энциклоепист мұрасының қазіргі заманғы зерттеушілерінің еңбектерінің кіргізілді. ( маңызы зор) .

Орта ғасырлар дәуірінде ғылым мен дәл қазіргі замандағы сияқты дифференциялды әрі дербес болған жоқтығы белгілі ол филосоофиямен дінмен тығыз араласып, филосоия да ғылым да діни дүниетанымның қойнауында дамыды. Ғылыми білімнің құрылымы да қазіргі замандағыдан едәуір өзгеше болды, бұган ең алдымен, жиынтық білім ретіндегі әл-Фарабидің ғылымдар жіктемесі дәлел. Сондықтан ортағасырлық ойшылдың мұрасындағы ғылыми проблематик философиялық пайымдаулардың аясына жапсырылған, музыка-математикалық ғылымдарға жатқызылды, психология мәселелері педагогика мәселелері де т. б қарастырылды.

Қазақстандағы әл-Фараби мұрасын жарты ғасырға жуық зерттеудің басты нәтизесі- әл-Фараби еңбектерінің аудармаларын жариялаудың, үздіксіз жүрген зерттеушіоік жұмыстың, ғылыми-насихаттаушылық және ағартушылық қызметтің арқасында әл-Фарабидің есімі бастапқыда қазақтың, кейін сол арқылы қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігінне айналғаны болды. Бүгінде әл-Фараби Қазақстанның бай әрі қайталанбас мәдениетінің рәмізі деп ауыз ауыз толтырып айтуға құқымыз бар. Қазіргі уақытта ол -Фараби мұрасын филосоиялық зерттеу ғылыми ізденістерді анағұрлым терең теориялық деңгейге көтере отырып, өз дамуының жаңа сатысына түсті. Оның мысалына 2006 жылы ҚР БҒМ философия және саясаттану ииститутының жарыққа шығарған «Әл-Фарабидің құндылықтар әлемі және ХХІ ғасырдың аксиологиячы» деп аталатын ұжымдық монографиясын, сондай-ақ әл-Фарабидің « Теология», «Аналитика», «Мутакаллимдердің қолданған кіші силогизміә трактаттарының қазақ және орыс жатқызуға болады. Әл-Фарабиге арналған ғылыми зерттеулердің өрлеуіне ғылымдағы тоталитаризм принциптерінен бас тартуға әкелген Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің демократиялануы, діндарлық пен атеизм ұқатар орын тепкен Қазақстандағы қоғамдық сананың толеранттылығы, өзара пайдалы ғылыми айырбасқа және бұрын қол жетпей жүрген ақпарат көздері мен қолжазба қорларына жол ашып берген шетелдік байланыстардың кеңеюі мен әлемге деген ашықтық өз ықпалдарын тигізді.

Жалпы жоғарыдағы «Мәдени мұра» бағдарламасындағы «Фарабитануға» арналған бөлімінің мақсаты Қазақстандағы фарабитанушылық зерттеулерді жан-жақиы көрсету болғандықтан, мейілінше алуан түрлі мақалалардан, ғылыми және ғылыми көпшілік басылымдардан, монографиялардан, конференция материалдарының жинақтарынан және өзге анағұрлым маңызды жұмыстардан қажеттісін мұқият сұрыптап алу жұмысы жүгізілген. (9стр)

Әл-Фараби: өмірі, дәуірі және мәдениетке қосқан үлесі.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз аталып, көзінің тірісінде -ақ аты әлемге танылды, өйткені ол өзінің шығармашылық потенциалын иран, үнді, грек, араб, түркі және т. б. мәдениеттердің жасампаздық қуатын бойына сіңірген ислам мәдениетінің рухани атмосферасында жүзеге асырды. Орта ғасырлық Таяу және Орта шығысқа аты кең тараған әл-Фараби әлемдік философия тарихына антикалық философия мен ислам дүниетанымын синтездеген, логика, математика, музыка, грамматика, саясат пен этика сияқты көптеген ғылым салаларында терең қолтаңбасын қалдырған ойшыл ғалым ретінде енді. өзіне тән энциклопедиялығымен әл-фараби әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер идеяларын синтездеудің жемісті тәжірибесін көрсетіп, тең құқықты тарихи сұхбат, жалпыадамзаттық құндылықтарды (олардың ішінде көшпелі түркі әлемінің құндылықтары да маңызды орын алады) орнықтырудың үлгісін айқындады.

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби (870-950жж. ) Отырар оазисінде өмірге келді. (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағы) . Қазақстан жерінде егіншілік пен қалалық мәдениеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстанда көне замандарда -ақ қалалар мен суармалы егіншілік пайда болды. Арабтар жаулап алғаннан кейін Отырар оазисі Фараб аймағы деп аталып кетті. Онда бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж (Оксус) қамалы да орналасты. Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, балалық шағын осында өткізді.

Оксус қалашығы сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. весиджді зерттеу ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда пайда болған деп айтуға мүмкіндік береді. Әл-Фараби өір сүрген уақытта ол қолөнері дамыған қала болды. Орта Азиядан Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы арқылы өтетін керуен жолдарында орналасқандықтан ол Отырар оазисі мен барлық Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рол атқарды. /2/

Қазақстан арқылы Ұлы Жібек жолымен тауарға толы керуендер өтіп жатты. Көшпелі-малшылар мәдени құндылықтарды тасымалдауға дәнекер болды. Сығанақ, Сайран, Тараз, Яссы, Баласағұни сияқты және т. б. ғұламаларымен бүкіл әлемге танылды. Әл-Фарабидің жерлесі, астроном әрі математикАббас Жаухари әл-Хорезмимен бірге атақты астрономиялық кестені құрастыруға қатысты. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүрген ғалым Исмаил Жаухари 40 мың сөзден тұратын араб сөздерінің сөздігін шығарумен белгілі болды. Араб тілді географ және саяси жазушы Жахан ибн Хакан әл- Қимиқи да Қазақстанда туды. /3/

Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр Әл-Фараби Отырарда алды. Мұнда сол кездегі ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітапханада философиялық және ғылыми еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. ІХ-Хғғ. Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әл-Фараби өзі өкілі болған түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңірді.

Білім іздеген әл-Фараби халифаттың мәдени орталықтарына аттанды. олардың ішінде Бағдад қаласының маңызы зор еді. Әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеуші ғалым М. М. Хайруллаев: "Әдебиетте әл-Фараби орталық Азиядан кеткенге дейін Шаш пен Самарқантта болып, Біраз уақыт Бұқарада оқып, еңбек етті деген деректер бар. Бағдадқа барар жолда ол Иранның көптеген қалаларында: Исфаханда, Хамаданда, Рейде(Тегеранда) және т. б. болды. Әл-Фараби сапарға қашан шығып, Бағдадқа халиф әл-Муктадир билік құрған уақытта (908-932) қоныс аударғаны туралы айтылады"--деп жазды/4/

Бағдадта әл-Фараби біліми және ғылыми қызметке белсене араласады: парсы, грек, сирия тілдерін, ең алдымен араб тілін үйренеді; теориялық математика, медицина, логика, философиясын терең игереді. . Әл-Фарабидің ұстаздары ежелгі грек философиясын терең игерген Юханн ибн Хайлан мен Әбу Бишр Матта болды.

Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалыптасты және дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр түрлі мәдениеттердің - түркілік, антикалық, әсіресе классикалық грек, үнді, иран мәдениетінің ықпалдарымен айқындалады. Ортағасыр дәуірінде қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен сұхбаты исламдық дүниетаным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі күнге дейін таңдандыратын мәдени өмірді дүниеге әкелді. /5/

Осының айқын дәлелі философ, математик, астроном, музыкатанушы-- Әбу Насыр әл-Фараби.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Дәріс және тәжірбиелік сабақтар
Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Халық ауыз әдебиеті
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz