ХРИСТИАНДЫҚ: ПРАВОСЛАВИЕ, КАТОЛИЦИЗМ, ПРОТЕСТАНТИЗМ



1 Христиандық сүйіспеншілік
2 Римдік христиандық шіркеу
Христиандықтың біртұтасты¬ғына қарамастан, онда литургия¬лық және діни ілім дәстүрлерінің көптеген түрлері қалыптасқан. Бұған Рим империясы халқының мәдени саналуандығы әсер етті. Көптеген аймақтарды мекен еткен христиандар діни нанымда¬рын түрлі тілде атқарған, мысалы, Палестина мен Сирияда грек және армян тілдері, Египетте грек пен копт, Кіші Азия мен Бал¬канда грек тілі, ал христиан баты¬сының тарихи аудандарында латын тілі қолданылған.
Шіркеулер үстемдік құрған уа¬қытта көне христиан әлемінің та¬рихи аудандары бір-бірімен бай-ланысты болды. Уақыт өте келе христиан шіркеулерінің арасында тілдік және шығыс пен батыс ара-сындағы діни оқытуларда айыр¬ма¬лар пайда болды. Содан барып 1054 жылы христиандық екі шір-кеу пайда болды. Олар правос¬ла¬вие¬лік және католиктік болып бөлінді.
Тарихи православиенің негізгі орталығы Шығыс Рим империясы (Византия) болды, ол Балкан мен Кіші Азияда негіз алды. ХІ ғасыр¬дан кейін Византияны және христиандықты византиялық миссионерлер арқылы қабылдаған шекаралас елдерді (соның ішінде Русьті), сондай-ақ жеті Жержүзі¬лік соборларда бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеу¬лерді Православие әлемі деп атай бастады. Көне Русь Константи¬нополь патриархатынан шоқыну¬ды ресми түрде 988 жылы қабыл¬дады. Орыс халқында православие қазіргі кезге дейін сақталып отыр. Христиан діні әуел бастан Хрис¬тостың уағыздарымен бірге өзін аскеттік дін ретінде айқындады: “Кімде-кім менің артымнан ергісі келсе, өзінен бұрылып, өз кресін алып, менің артымнан жүрсін” (Мф.16,24). “Еру” сөзінің мағы¬насы біреуге ұқсауды білдіреді. Мұнда апостол болып күнәлардан арылған, Құдайды сүйген, жақын¬дармен жақсы байланыстағылар және еш жыныстық қатынас жасамағандар болды.
Қиыншылық көру көне хрис¬тиандардың күнделікті өмір сал¬тына айналды. Бірақ тыйым са¬лын¬ған нәрселердің алдыңғы са¬ты¬сында өмірінде ешбір жыныс¬тық қатынас жасамау тұрды. Апостол Павелдің негіздеген уа¬ғыздарына Августин Философ, Тер¬тулиан, Киприан Карфаген¬ский, Климент Александрийский, Ориен және Лактанций өз еңбектерін арнаған. Монахтықтың басынан бастап-ақ руханилық (оқыту, басқару) секілді маңызды қағидат қалыптасты. ІV ғасыр көптеген басшылардың есімдерін мәлім етті: Аммун Нитрийский, Макари Египетский, Макарий Александрийский, Пимен және т.б. Скиттік шөлдің негіздеушісі Ұлы Пахомий болды. Яғни ІV ға¬сыр монахтығы тақуалық, жар-тылай тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық өзіндік формаларын қалыптас¬тыр¬ды. Православие монахтық ерекше рухани дәстүрді қалыптастырды. Ережелерді орнықтыра отырып, монахтардың өмірі туралы жар¬ғылар жазылды. Монахтық әкей¬лер күнәмен күресудің аскеттік жүйесін жасады. Әсіресе монах¬тық, жалпы православиелік мәдениетті қалыптастырды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
2006-06-02:
ХРИСТИАНДЫҚ: православие, католицизм, протестантизм

Христиандықтың біртұтастығына қарамастан, онда литургиялық және діни ілім
дәстүрлерінің көптеген түрлері қалыптасқан. Бұған Рим империясы халқының
мәдени саналуандығы әсер етті. Көптеген аймақтарды мекен еткен христиандар
діни нанымдарын түрлі тілде атқарған, мысалы, Палестина мен Сирияда грек
және армян тілдері, Египетте грек пен копт, Кіші Азия мен Балканда грек
тілі, ал христиан батысының тарихи аудандарында латын тілі қолданылған.
Шіркеулер үстемдік құрған уақытта көне христиан әлемінің тарихи аудандары
бір-бірімен байланысты болды. Уақыт өте келе христиан шіркеулерінің
арасында тілдік және шығыс пен батыс арасындағы діни оқытуларда айырмалар
пайда болды. Содан барып 1054 жылы христиандық екі шіркеу пайда болды. Олар
православиелік және католиктік болып бөлінді.
Тарихи православиенің негізгі орталығы Шығыс Рим империясы (Византия)
болды, ол Балкан мен Кіші Азияда негіз алды. ХІ ғасырдан кейін Византияны
және христиандықты византиялық миссионерлер арқылы қабылдаған шекаралас
елдерді (соның ішінде Русьті), сондай-ақ жеті Жержүзілік соборларда
бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеулерді Православие әлемі деп
атай бастады. Көне Русь Константинополь патриархатынан шоқынуды ресми түрде
988 жылы қабылдады. Орыс халқында православие қазіргі кезге дейін сақталып
отыр. Христиан діні әуел бастан Христостың уағыздарымен бірге өзін аскеттік
дін ретінде айқындады: “Кімде-кім менің артымнан ергісі келсе, өзінен
бұрылып, өз кресін алып, менің артымнан жүрсін” (Мф.16,24). “Еру” сөзінің
мағынасы біреуге ұқсауды білдіреді. Мұнда апостол болып күнәлардан арылған,
Құдайды сүйген, жақындармен жақсы байланыстағылар және еш жыныстық қатынас
жасамағандар болды.
Қиыншылық көру көне христиандардың күнделікті өмір салтына айналды. Бірақ
тыйым салынған нәрселердің алдыңғы сатысында өмірінде ешбір жыныстық
қатынас жасамау тұрды. Апостол Павелдің негіздеген уағыздарына Августин
Философ, Тертулиан, Киприан Карфагенский, Климент Александрийский, Ориен
және Лактанций өз еңбектерін арнаған. Монахтықтың басынан бастап-ақ
руханилық (оқыту, басқару) секілді маңызды қағидат қалыптасты. ІV ғасыр
көптеген басшылардың есімдерін мәлім етті: Аммун Нитрийский, Макари
Египетский, Макарий Александрийский, Пимен және т.б. Скиттік шөлдің
негіздеушісі Ұлы Пахомий болды. Яғни ІV ғасыр монахтығы тақуалық, жартылай
тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық өзіндік формаларын
қалыптастырды. Православие монахтық ерекше рухани дәстүрді қалыптастырды.
Ережелерді орнықтыра отырып, монахтардың өмірі туралы жарғылар жазылды.
Монахтық әкейлер күнәмен күресудің аскеттік жүйесін жасады. Әсіресе
монахтық, жалпы православиелік мәдениетті қалыптастырды.
Адамның мінез-құлқы христиандық әдет-ғұрыптың мазмұны болып табылады.
Христиандық ахлақ (мінез-құлық) Тәңірлік ақиқатқа негізделеді. Ол адамды
құдайлық қасиеттерге бейімдейді. Адам өз еркімен киеліліктің жоғары
сатысына көтеріле алады, сонымен қатар күнә мен жамандықтың шыңырауына да
құлап жатады. Соған орай, оның алдында екі жол бар: өмір жолы және өлім
жолы. Тура жолды табуда ахлақ заңдары, ахлақ сезімі және санасы маңызды рөл
атқарады. Ахлақ заңы – бұл адам рухындағы ұят деп аталатын Құдайдың дауысы.
Ұяттық сезім адамзат ахлағының негізі болып есептеледі. Бірақ, бұл ұяттық
сезімнің өзі жеткілікті емес, сыртқы бір жол көрсетушіге мұқтаждық бар.
Мұндай жол көрсету заңы адамзатқа екі түрде берілді. Олар: дайындық
түріндегі Мұсалық заң, екіншісі толық Евангелдік заң.
Христиандық сүйіспеншілік – бұл, адамды Құдайға жақындататын сезім. Иса
пайғамбар мынадай өсиет қалдырған: “Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де
бір-біріңді солай сүйіңдер”. Бұл өсиет тек достарды ғана емес, дұшпандарды
да сүюді уағыздайды. Жақынға деген сүйіспеншілік адамның өзін-өзі сүюден
басталады, ал ол адамның тәңірге деген сүйіспеншілігінен бастау алады.
Христианның Құдайға деген сүйіспеншілігі тек ахлақтық жағынан шыңға жетуді
емес, сонымен қатар оның рухани болмысының негізі болып табылады.
Христиандық бойынша Құдай адамдарға шіркеулік өмірде ашылады. Құбыжық әлем
мен адамның өзі де Құдайдың бір жаратылысы. Құдай баласының қалауы бойынша
Құдайды тану дарыны болуы мүмкін. Көне Өсиетте Құдайдың көрінуі туралы
Иаков былай дейді: “Мен Құдайды бетпе-бет көрдім, содан менің рухым
сақталды” (Болмыс.32,24-30). “Бетпе-бет” Құдай Мұсамен сөйлескен (Исх.33,
11; Втор.34,10). Жаңа Өсиетте Құдай адамдармен өзінің баласы арқылы
сөйлеседі. Евангелде былай делінеді: кімнің жүрегі таза болса, ол Құдайды
көреді (Мф.б,8). Құдайдың қасиеттері: Даналық, Мейірімділік, Күштілік және
т.б. адам ақылына сыйымды болып келеді. Құдайға деген сенім адамға тек
ақылмен ғана емес, жүрекпен де Құдайды қабылдауды негіздейді.
Католицизм ұғымы грекшеден аударғанда “жалпы, жалпыға ортақ” деген мағынаны
білдіреді. Римдік шіркеуден бөлініп, өзіне тән доктрина мен литургияны
(шіркеу құлшылықтарын) қалыптастырды. Католиктердің православтардан
айырмашылығы адам жер бетінде мұқтаждық көріп, Құдайдың өсиеттерін орындай
білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деген сенімдері бар. Бұған керісінше
батыс христиандары бұл дүние мен о дүниелік жаза үйлесімді деп санайды.
Орта ғасырда католиктер қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда наным
бостандығы мүлдем жоқ етіліп, салт-жоралғышылдық, клерикализм және шіркеу
иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік
мемлекетке ұқсай бастады. Оның ішкі монархиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиан діні туралы
Қазақстандағы христиан тарихы
Протестанттықтың тарихы
Христиан антропологиясы
Әлемдік мәдениет бойынша жобалық жұмыс
Қазақстандағы христиандық
Христиан діні
Қазақстандағы діндер
Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебі
Қазақстандағы православие тарихы
Пәндер