ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі

1.1. Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
1.2. Әлеуметтік экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі
1.3. Білім беру статистикасының көрсеткіштерінің мазмұны мен мәні.
КІРІСПЕ

Білім – бүгінгі күні жалғыз шынайы капитал. Халықтың білім беруді дамыту – капитал құрудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білімдерінің сапасы және осы білімдерін қолдануы –елдің байлық өндіру қабілетінің ең маңызды көрсеткіші.
Питер Друкер.

Білім – жалпы кез-келген ел үшін адам капиталын дамытудың маңызды элементі. Тек әлеуметтік қалыптасру мен аналитикалық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін тиісті дайындық алған азаматтар ғана ұлттық экономиканы алға жылжытады, балаларды оқытады, азаматтық қоғамның тірегі болады, орта буынды қалыптастырады, тиімді жұмыс істейтін үкіметті басқарады және барлық қоғам өміріне әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдайды.
Сапалы білімге қол жеткізілуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетіміз өз азаматтарын білім алуға деген ата-заң құқықтарын қамтамасыз ете алды.
Еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет дәрежесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік статус алуы, тұңғыш ата-заңымыз конститутцияның қабылдануы білім беру заңы мен тұжырымдамаларының қайта қаралуы ұрпақ тәрбиесіне деген көз-қарасты түбегейлі өзгертіп, жаңаша жұмыс істеу, оқыту мен тәрбиелеу процесін жаңаша құру, қазіргі заман талаптарына сай білім мазмұнын жаңартуды қажет етіп отыр.
ҚР орта білім туралы тұжырымдамасында орта білімнің жүйелік реформасына шарттылықтар құрсауын бұзуға көмектесіп, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынас, жаңа тактика қажет екені айтылған. Ғасырлар тоғысында дәстүрлі білім жүйесі айтарлықтай нәтижелігіне қарамастан, қоғамның даму барысындағы білімдегі дағдарыстың шиеленіскен жағдайларында пайда болатын білім беру міндеттерін атқара алмайтыны айқындалып отыр. Осыны ұғыну туындап отырған проблемаларды шешу жолдарын, білім беру жүйелерін дамытудың жаңа бағыттарын іздестіруге алып келді.
«Қазақстан -2030» стратегиясындағы, негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу міндеті қойылды.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жобасында ұсынылған білім берудің мақсат міндеттерімен мазмұны, басты стратегиялық бағыттары мемлекетіміздің білім беру саясатының негізін айқындайды.
Мемлекеттің Елбасшысының Қазақстан халқына 2005 жылға арналған Жолдауы «Бәсекеге қабілетті халық, ең алдымен, оның білімділік деңгейімен анықталады» деп акцент жасалды. Бүгін қазақстандық халықтың білімділігіне жету жоғарғы әлемдік жетістіктер мен үлкен отандық тәжірибеге сәйкес жағдай жасауды талап етеді. Жоғары кәсіби кадрлар, кәзіргі заманғы материалды-техникалық база, білім мекемелерінің дамыған инфрақұрылымы, тұрғындардың кең жігін қатысуымен тиімді басқару, қаражатты есепке алу және ашық қолдану уақыттың өзекті талабы болып, бәсекелестікке қабілетті ұлтты қалыптастыруға жағдай жасайды.
Білім мәдениеті жүйесіндегі Кеңес дәуіріне тең дағдарыс республикалардың саяси егемендік алуымен өтіп кете қоймай, шиеленісе түсіп, өзінше түрленіп тың көріністерге ие болды. Қазақстанда бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім беру жүйелерінің кәзіргі жағдайында өркениеттіліктің халықаралық стандартына жету, балалар мен оқушыжастарды әлемдегі көркемдік, философиялық, ғылыми-теориялық, рухани мәдениетке, ең алдымен, өз халқының мәдениетіне баулу арқылы білім беруді әмбебаптандыру алда тұрған басты мәселе. Жан-жақты білімді тұлға тәрбиелеу қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты ретінде білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдегі басты тактикалық мақсаты болу керек.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі

1.1. Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
1.2. Әлеуметтік экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі
1.3. Білім беру статистикасының көрсеткіштерінің мазмұны мен мәні.

КІРІСПЕ

Білім – бүгінгі күні жалғыз шынайы капитал.
Халықтың білім беруді дамыту – капитал құрудың
ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны,
олардың білімдерінің сапасы және осы
білімдерін қолдануы –елдің байлық өндіру
қабілетінің ең маңызды көрсеткіші.
Питер Друкер.

Білім – жалпы кез-келген ел үшін адам капиталын дамытудың маңызды
элементі. Тек әлеуметтік қалыптасру мен аналитикалық қабілеттерін дамытуды
қамтамасыз ететін тиісті дайындық алған азаматтар ғана ұлттық экономиканы
алға жылжытады, балаларды оқытады, азаматтық қоғамның тірегі болады, орта
буынды қалыптастырады, тиімді жұмыс істейтін үкіметті басқарады және барлық
қоғам өміріне әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдайды.
Сапалы білімге қол жеткізілуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетіміз
өз азаматтарын білім алуға деген ата-заң құқықтарын қамтамасыз ете алды.
Еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет дәрежесіне ие болуы, қазақ тілінің
мемлекеттік статус алуы, тұңғыш ата-заңымыз конститутцияның қабылдануы
білім беру заңы мен тұжырымдамаларының қайта қаралуы ұрпақ тәрбиесіне деген
көз-қарасты түбегейлі өзгертіп, жаңаша жұмыс істеу, оқыту мен тәрбиелеу
процесін жаңаша құру, қазіргі заман талаптарына сай білім мазмұнын
жаңартуды қажет етіп отыр.
ҚР орта білім туралы тұжырымдамасында орта білімнің жүйелік
реформасына шарттылықтар құрсауын бұзуға көмектесіп, барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым-қатынас, жаңа тактика
қажет екені айтылған. Ғасырлар тоғысында дәстүрлі білім жүйесі айтарлықтай
нәтижелігіне қарамастан, қоғамның даму барысындағы білімдегі дағдарыстың
шиеленіскен жағдайларында пайда болатын білім беру міндеттерін атқара
алмайтыны айқындалып отыр. Осыны ұғыну туындап отырған проблемаларды шешу
жолдарын, білім беру жүйелерін дамытудың жаңа бағыттарын іздестіруге алып
келді.
Қазақстан -2030 стратегиясындағы, негізгі бағыттардың бірі ретінде
білімі мен білігі жағынан шетелдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін,
отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу міндеті
қойылды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы жобасында ұсынылған білім берудің мақсат міндеттерімен
мазмұны, басты стратегиялық бағыттары мемлекетіміздің білім беру саясатының
негізін айқындайды.
Мемлекеттің Елбасшысының Қазақстан халқына 2005 жылға арналған
Жолдауы Бәсекеге қабілетті халық, ең алдымен, оның білімділік деңгейімен
анықталады деп акцент жасалды. Бүгін қазақстандық халықтың білімділігіне
жету жоғарғы әлемдік жетістіктер мен үлкен отандық тәжірибеге сәйкес жағдай
жасауды талап етеді. Жоғары кәсіби кадрлар, кәзіргі заманғы материалды-
техникалық база, білім мекемелерінің дамыған инфрақұрылымы, тұрғындардың
кең жігін қатысуымен тиімді басқару, қаражатты есепке алу және ашық қолдану
уақыттың өзекті талабы болып, бәсекелестікке қабілетті ұлтты қалыптастыруға
жағдай жасайды.
Білім мәдениеті жүйесіндегі Кеңес дәуіріне тең дағдарыс
республикалардың саяси егемендік алуымен өтіп кете қоймай, шиеленісе түсіп,
өзінше түрленіп тың көріністерге ие болды. Қазақстанда бұл үрдістен тыс
қалған жоқ. Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім беру жүйелерінің кәзіргі
жағдайында өркениеттіліктің халықаралық стандартына жету, балалар мен
оқушыжастарды әлемдегі көркемдік, философиялық, ғылыми-теориялық, рухани
мәдениетке, ең алдымен, өз халқының мәдениетіне баулу арқылы білім беруді
әмбебаптандыру алда тұрған басты мәселе. Жан-жақты білімді тұлға тәрбиелеу
қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты ретінде білім беру жүйесінің қалыптасу
кезеңдегі басты тактикалық мақсаты болу керек.
Білім – адамның әлеуметтенуінің негізгі факторы, оның тұлғаға айналу
жолы. Білім мен оның институттарының (мектепке дейінгі білім беру
мекемелері, мектеп институт және т.б.) міндеті бір жағынан баланы
әлеуметтендіру, яғни оны қоғамда өмір сүруіне негіз болатын ниетіне,
мұратына, сенімі мен ұстанымына әсер ету. Шын мәнінде бұл қоғамның өз
мүшесіне Бәрі сияқты бол деген талабы, ал екінші жағынан білім беру мен
тәрбиелеудің міндеті – тұлғаны жан-жақты дамыту, яғни оның толық өзін-өзі
айқындауына, көрсете білуіне қол жеткізу. Тұлғаның өз абырой-беделін көтере
білу әлеуметтік-тарихи қолайлы жағдайларға және тәрбиеге байланысты, яғни
бұл өзіңдігіңді жоғалтпа деген талап.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім туралы заңының 8 бапта
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау - деп атап көрсетілген.
Дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым Қазақстан халқының білім беру
жүйесін және де Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін
мектептер, арнаулы оқу орындары, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік білім беру динамикасына талдау жасап өз білімімді дамыту.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Төменде әр тарауға жеке тоқталамыз.

1. ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көз-қарасын жетілдіру процессі. Ұлттық
білім беру адам дамуына елеулі әсер етеді. Қалыптасқан білім беру жүйесінде
өз бейнесін тапқан оқыту ережелері мен негізгі ұстанымдар ұлттық
сауаттылықты ашықтап, ғылыми техникалық процеске әсер етеді және де ұлттық
экономиканың дамуына маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесі
жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 10 жыл бойы білім беру жүйесін реформалау
үрдісінде бөліп қарауға болады.
- 1991-1993 жылдар: Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінің құқықтық
базасының құрылу кезеңі.
- 1993-1995 жылдар: білім берудің мазмұнын концептуалды тұрғыда қайта
қарау.
- 1995-1997 жылдар: білім беру мазмұнын концептуалды тұрғыда өзгерту
жұмысын жалғастыру. Стратегиялық негізде жаңа оқулықтар мен білім
жүйесін ақпараттандыру бағыттарындағы ұзақ мерзімді мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асыруды бастау.
Осы кезеңде білім жүйесін басқаруды орталықтандыру меен қаржыландыру
үрдісі, оқу орындарының типтері мен олардың жеке меншіктілігін
диверсификациялау іске қосылды.
- 1998-2000 жылдар: стратегиялық сипаттағы орта мерзімді және ұзақ
мерзімді перспективадағы білім беруді дамытудың негізгі
приоритеттерін анықтайтын құжаттары
- Білім туралы Заңды (1999), Білім мемлекеттік бағдарламасын
(2000) Білім берудің 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы (2001)
құру мен бекіту.
- 2004 жыл:
2004 жылдың 24 ақпанында 2015 жылға дейінгі Қазақстандық білім жүйесін
реформалаудың негізі болатын 2015 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін дамытудың Тұжырымдамасы
қабылданды.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы құрылып, бекітілді.
Білім беру жүйесін реформалауда осы саладағы қызмет етіп жатқан
құқықтық қағидалар қайта қарауды қажет ететіндіктен жүйені басқару
мәселесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде білім беру аясындағы мемлекеттік
саясатты анықтауға жауапты мемлекеттік органдарды анықтау мәселесі тұрды.
ҚР-ң Білім туралы заңына сәйкес білім беру аясындағы мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруға жауапты басқару органдарын сызба түрінде қарастыруға болады.

1 сурет. Білім беру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты
басқару органдарының сызбасы.

ҮКІМЕТ


Білім және Ғылым министрлігі білім беру
аясындағы орталық атқарушы орган



Жергілікті атқарушы Білім беруді басқарудың жергілікті
органдар (әкімшіліктер) органдары (облыстық, қалалық,
республикалық мағынадағы қалалар мен
астаналық, аудандық білім беру
бөлімдері)

ҚР. Президенті ҚР ғылым және білім беру қызметкерлерінің III
съезінде: Қазақстан өмірдің барлық салаларындағы көптеген мәселелерді шешу
мүмкіндігі туып тұрғанда жаңа даму кезеңіне өтті, сонымен қоса, білім мен
ғылым саласында да. Ел экономикасының өсуі тек қана қаржылық инвестицияны
қажет етпейді. Көп деңгейде адамдық себепкер мортпен, интелектуалдық
салымдармен қамтамасыз етіледі.

1.1. Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері.
Статистика жалпылама құбылыстарды зерттейтіндіктен, стат-көрсеткіш –
бұл белгілі бір жиынтықтың, топтың жалпы сипаттамасы. Осынысымен ол
жекелеген мәндерден белгілерден ерекшеленеді.
Мысалы, тұлғалардың өмірінің күтілетін ұзақтығы – стат.көрсеткіш.
Нақты бір адамның өмір ұзақтығы –белгі. Әрдайым стат.көрсеткіш сандық дерек
болып табылмайды. Ол абстрактілі және дерексіз де болуы мүмкін. Бұл
жағдайда процент, прошиль және с.с. бірліктер үлесінде беріледі. Деректі,
атаулы сандар болып абсолюттік стат.көрсеткіш табылады.
Көрсеткіш – бүтіндей алғанда топтың немесе жиынтықтың бірліктерінің
сипаттамасы. Оны құру стат. Зерттеу мен өнертапқыштың мақсатына байланысты.
Фирманың жұмысшыларының немесе қала тұрғындарының орташа жасы – бұл
белгіленген топтың жасын беретін стат.көрсеткіш стат.зерттеудің объектісі
әртүрлі құбылыстар мен процестер болуы мүмкін. Сондықтан стат.көрсеткіштің
де түрі де көп болып келеді. Аталмыш бөлімде стат.көрсеткіштің жалпы
сыныпталуы қарастырылады (1 кесте). Оның нақты түрлері мен нысандары
оқулықтарда, математикалық, әлеуметтік экономиканың және стат. пәндердің
салаларында берілген.

1 кесте
Стат. көрсеткіш сыныптамасы
Көрсеткіштің сапасы Көрсеткіштің саны бойыншаСипаттайтын қасиетіне
бойынша қатынасы бойынша
Нақты объекттердің Абсолюттік Тура
қасиетінің көрсеткіштері
Кез-келген жалпы Қатысты Кері
құбылыстар мен
процестердің стат-қ
қасиетінің көрсеткіштері

Зерттелуші объектің нақты қасиетінің көрсеткіштері – бұл, мысалға
бұған дейін айтылған ко-ң жұмысшыларының орташа жасы, ко-н өткізген өнім
көлемі, мемлекеттің ЖІӨ-мі, фермадағы бір сиырға шаққандағы сауылатын сүт,
автопаркпен тасымалданатын жүк көлемі, туу, өлім-жітім, халықтың тауар және
қызметпен қамтылуы, Ұлттық бпйлық, елдің жан басына шаққандағы табысы және
т.б. Бұл көрсеткіштердің ерекшелігі тек қана статистикамен ғана
құрылмауында. Бұл көрсеткіштерді құруда олардың сапалық мазмұнымен нақты
ғылым негізінде анықталады: туу көрсеткіші – демографиямен, жіө көрсеткіші
– экономиканың теориямен, мал өнімділігі – ауыл шаруашылықтармен.
Статистика осы көрсеткіштердің нысаны мен сандық есептеуінің әдісіне жауап
береді.
Көптеген құбылыстар мен процестердің кез-келгенінің стат. қасиеті
көрсеткіштері бұл құбылыстың нақты мазмұнынан тәуелді болмағандықтан жағдай
басқаша болады. Бұндай стат. көрсеткіштерге: орташа шама, вариация
көрсеткіштері, белгілердің байланыс көрсеткіштері, таралудың құрылымы мен
сипаттамасының көрсеткіштері, өзгерудің темпі және жылдамдығы көрсеткіші,
динамика және ауытқу көрсеткіші, кез-келген нақты стат.көрсеткіштің
сенімділігі мен нақтылық дәрежесін стат. бақылау;
Бұл көрсеткіштердің сандық, сапалық жағына, оларды құруға, талдап
түсіндіру мен қолдануда басқа ғылым емес статистиканың өзі жауап береді.
Бұндай көрсеткіштердің жүйесі стат. әдістердің дамуы барысында құрылады
және жетілдіріледі, сондықтан алдымызда осы көрсеткіштерді құру, олардың
қасиеті мен қолданылуы туралы қарастырамыз. Теориялық стат. жалпы түрде осы
көрсеткіштердің мазмұнын, нысанын, есептеу әдісін жетілдіреді және
зерделейді: орташа арифметикалық шама, вариация коэффициенті, динамика
қатарларының трендтік тегістеу деген не саны қарастырады.
Картоптың өнімділігі – жалпы түсімнің себілетін алаңға қатынасы,
елдегі қала халқының үлесі – қала халқының елдегі барлық халық санына
қатынасы.
Қатысты шамалардың негізгі түрлері дерексіз сандар түрінде беріледі,
сонымен бірге деректі де болуы мүмкін. Бұлардың құрылуы стат-ң әртүрлі
әдістерін қолданумен байланысты.
Қатысты шамаларды құру – стат-ң әдістемеліктің жалпы заңдылығын және
объект қасиетін нақты білудің үйлесімін талап ететін міндеттеме. Қатысты
көрсеткіштерді құрудың жалпы логика –стат-ң принциптеріне тоқталайық.
Бірінші принцип. Қатысты шама 2 объективті байланысты абсолюттікті
шаманы салыстыру сияқты, біздің қалауымызға тәуелді болмауы тиіс. Егер бұл
шарт орындалмаса, Бақшада бадам бар, Киевте ағам бар деп отырамыз. Бадам
мен ағамды математикалық байланыстыруға, бір санды бір санға бөлуге болады,
бірақ ешқашанда бұдан қатысты шаманы құра алмаймыз. Салыстырылатын
көрсеткіштер арасындағы мағынасына қарай үйлесімдікті алуымыз керек.
Мысалы, халықтың сауаттылығының деңгейін сипаттайтын қатысты көрсеткіштер
құрғымыз келді. Сауаттылар санын барлық халық санына бөлуге болады, бірақ
бұл жақсы көрсеткіш емес, себебі, 6 жасқа дейінгі балалар, бала кезінен
мүгедектер, рухани аурулар білімді, дені сау адамдармен тең тұра алмайды.
Қатысты шаманы құру барысында адамдардың бұл категорияларын шегеруге тура
келеді.
Екінші принцип. Қатысты статистикалық көрсеткіш құруда салыстырудағы
шамалар тек бір атрибутпен ерекшеленуі мүмкін не болмаса белгі түрімен
(бірдей объектте, уақыт аралығында, көрсеткіштердің жоспарлы немесе нақты
сипатында), немесе уақытпен, не болмаса көрсеткіштің жоспарлы, нақты немесе
мөлшерлі сипатымен. Екі немесе одан да көп атрибутта салыстыруға болмайды.
Айталық, АҚШ-ң 2000 жылғы көмірден түскен түсімі мен Ресей Федерациясының
2002 жылғы болат қорытуы.
Егер осы көрсеткіштердің кез-келгені белгілі бір объект, белгі, уақыт
аралығына есептелсе, онда бұл нақты көрсеткіш болып табылады. Статистикалық
көрсеткіштер абсолютті және қатысты болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер болып, объектің бірліктерінің жалпы саны,
жалпы қасиеті табылады. Мысалға, оңтүстіктегі шаруа қожалығының 2003 ж. 1
қаңтарына берілген саны, аудандағы картоп себетін алаң, нақ бір айға немесе
жылға тұтынуға кеткен қаржы сомасы, және т.б.
Абсолютті көрсеткіштер натуралды бірлікпен өлшенетін шама тонна,
дана, сағат, ампер және тағы басқалармен.
Шартты өлшем бірліктері: отын, ауысым мөлшері, т.б. Не болмаса
ақшалай бірліктер де: тенге, доллар, рубль. Бұлар объекттің бастапқы
белгілерінің мазмұны сапасы сипаттайды.
Ғылым объекттің жекелеген қасиеттерін ғана сипаттаумен
шектелмейтіндігі баршаға түсінікті. Сондықтан статистика абсолютті
көрсеткіштермен шектелмейді. Ол әртүрлі абсолюттік шамалардың арақатынасын,
уақытқа қарай өзгеруін, өзара қатынасын және қоршаған ортамен байланысын
өлшейді және сипаттайды. Статистика басқа да ғылымдардай салыстыру, талдау
түсіндіру, жинақтау сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданады.
Қатысты көрсеткіштер болып, абсолюттік немесе қатысты көрсеткіштердің
кеңістікте, уақыт бойынша немесе зерттеуші объекттің әртүрлі қасиетін
салыстыру табылады.
Абсолюттік шамаларды салыстыру барысында алынған қатысты стат.
көрсеткіштер – бірінші реттік қатысты көрсеткіштер деп аталады, ал қатысты
шамаларды салыстыру барысында алынғандары – жоғарғы (2,3-ші) ретті
көрсеткіштер.
Төртінші реттен жоғарғы көрсеткіштер талдау қиыншылығына байланысты
қолданыла бермейді.
Статистика қатысты көрсеткіштер абсолюттік шамалар арасындағы
байланысты көрсетеді.
Статистиканың қоғам дамуында, қоршаған ортаны ғылыми тануда және
кәсіпорын, мекемелерді басқарудағы мәні мен ролі бұған дейін айтылған
болатын. Енді осы сұрақтарды стат.көрсеткіштер түрлері мен жүйесіне
қолдануды нақтылаймыз.
Стат көрсеткіш пен оның жүйесінің негізгі қызметі болып танымдық
ақпараттық қызметі табылады. Стат. ақпаратсыз табиғи және әлеуметтік
құбылыстардың заңдылығын, олардың болашағын білу мүмкін емес. Сол сияқты
но, шаруа қожалығын, қала немесе аудандық, мемлекеттік немесе мемлекет
аралық деңгейде басқару мүмкін емес.
Жеке адам немесе жанұя, орташа айда немесе жылда тамақ өнімдеріне,
киім және аяқ киімге, коммуналдық төлемдерге шығынды есептемей, өз бюджетін
жоспарлап, қаржысын ұтымды жұмсай алмайды.
Фермерге өз жерінің бірнеше жылдардағы орташа өнімділігін, ауа-райына
байланысты өнімділіктің тұрақтылығы мен ауытқуын, орташа тыңайтқыштың
бағасын, машина бөлшектерінің орташа сыну бөлшегін және т.б.
Стат. көрсеткіштің танымдық-ақпараттық қызметі арасында мониторинг
қызметі ерекшеленеді –есептелетін көрсеткіштің тұрақтысымен тұрақты бақылау
жүріп отыруы. Мысалы, Ресей орталық банкінің коммерциялық банктер қызметіне
мониторингі бар. Сонымен қатар көрсеткіштер әлеуметтік кернеуді білдіре
отырып, сигналдар жүйесінің ролін атқарады. Бұл қызметімен көрсеткіштер
елдің экономикалық қауіпсіздігін, елдің территориясы бойынша инновацияның
орталықтардың теңдей таратылуын көрсетеді.
Стат. көрсеткіштің ақпараттық танымдық қызметін орындау шарты болып
олардың ғылыми негізі және жеткілікті де сенімді, сонымен бірге сандық
анықтамасы табылады.
Бонжалдық қызметі, яғни стат. көрсеткіштің болашақты анықтау ролі
ақпараттық қызметімен тығыз байланысты. Әрине, бұл қызметті барлық стат.
көрсеткіштерге тән деп айта алмаймыз, тек жалпы процестердің моделін
жасағанда қолданылады.
Бағалау қызметінің маңызы осының негізінде адам, қоғам, мемлекет но,
ұйым, үкімет, еңбек және шығармашылық ұжымның қызметін бағалайды.
Жарнамалық-насихат қызметі. Жарнама бір жағынан – бұл нарықтық
экономиканың ажырамас бөлігі. Әрине стат.көрсеткіштерді фирмалардың қолдану
себебі адамдардың сөз емес сандарға сенім білдіретіндігінде. Бұл жерде
нақты санды жоспарлықпен ауыстыру (яғни қалауы бойынша) қаупі бар. Өйткені
нақты сандар жарнама көздеген мақсатқа жеткізбейді.
Үшінші принцип. Қатысты шаманың п.б. шекараларын білу қажет. Мысалға,
вариацияның қатысты шамалары мәнін жоғалтады және оның бөлімі – белгінің
орташасы – нөлге жақын болғанда қолданылмайды, себебі бөлімі нөльге
ұмтылғанда, қатысты шама шексіздікке ұмтылады. Егер ағымдағы және базистік
кезеңдегі бастапқы көрсеткіштер әртүрлі белгілерге ие болса, онда мағынасы
кетеді және де динамиканың қатысты шамасы -өсу қарқыны қолданылмайды. Егер
нл 2000 жылы 150 млн тг. зардап шексе, 2001 жылы 300 млн тг табыс тапса,
қаржылық нәтиже 2-есеге өсті деп айта алмаймыз. + 300 150 деп -2-ге өсті
демейміз. Кей белгінің шекті шамаға жуықтау шамасын өлшейтін қатысты
шамалар көбею шегінде 1-ге ұмтылуға, ал екінші шекте 0-ге ұмтылуы тиіс.
Осылайша белгілердің тығыздығын, ресурстарды тиімді пайдалану дәрежесін
есептейтін коэффициенттер құрылады.
Өндірістік процестердің экономиканың, әлеуметтік және экологиялық
тиімділігін сипаттауда бұндай тиімділіктің қатысты шамаларын құрастыруға
тура келеді.
Зерттелуші стат. объектердің (процес жиынтықтары) белгілері,
қасиеттері бөлектенбеген, олар өзара байланысты. Сондықтанда бұл
қасиеттердің көрсеткіштері аз не көп толық жүйені құрады. Өзара байланысты
көрсеткіштер саны 2-3 тен жүзге дейін жетеді.
Абсолюттік көрсеткіштер
1. Негізгі өндірістік қор құны –
2. Өнеркәсіптік -өндіріс жұмысшылары саны –
3. Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
Қатысты көрсеткіштер
1. Қормен жұмысшылардың жарақтануы:
2. Қор қайтарымдылығы
3. Еңбек өнімділігі
Бұл жүйенің әрбір көрсеткіші қалған көрсеткіштер бойынша есептелінеді.
Бұл көрсеткіштер жүйесінің қатаң детерминациясының арифметикалық тексеруге
жүгіндіреді. Мысалы, еңбек өнімділігі қормен жарақтану мен қор
қайтарымдылығының көбейтіндісіне тең болу керек. Өнеркәсіп өнімінің көлемі
3 көрсеткіштер көбейтіндісіне тең: жұмысшы саны, қормен жарақталуы, қор
қайтарымдылығы.
1.2. Әлеуметтік экономикалық статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Статистиканың жалпы теориясы – қоғамдық құбылыстар мен процестерді
статистикалық әдістер арқылы бақылап жалпы принциптерін өңдейді.

Статисканың жалпы теориясы



Экономикалық статистика Әлеуметтік статистика




Экономикалық статистика – бұл ұлттық экономикалық жағдайын көрсететін,
өндірістік күштердің шоғырлану ерекшеліктерін көрсететін қаржы және еңбек
ресурстарын қолдану деңгейінің көрсеткіштерін синтетикалық өңдейді және
анализ жасайды.
Экономикалық статистиканың салалары – (промышленности) - өнеркәсіп
статистика, ауыл шаоуашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, еңбек, табиғи
ресурстар, қоршаған ортаны қорғау және т.с.с. Олардың міндеттері –
статистиканың көрсеткіштерге өңдеп анализ жасау және соған сәйкес
салалардың дамуы.
Ірі салалық статистика кіші статистикалық салаларға бөлінуі мүмкін.
Мысалы, өндірістік статистикасы – машина жасау, металлургии, химия. Ал ауыл
шаруашылығы статистикасы – жер өңдеу және мал шаруашылығы статистикасын
жатқызамыз.
Әлеуметтік статистика – халықтың өмір сүру деңгейінің және т.б.
әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін мінездейді. Оның салалары: халық
статистикасы, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, құқық және
т.с.с.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық көрсеткіштер теориясының принциптері
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Халыққа білім беру туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Әлеуметтік – экономикалық статистиканың мазмұны мен мақсаты
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Пәндер