Киото хаттамасы



1 Киото хаттамасы
2 Экожүйедегі ауытқулардың фауна мен флораға әсері
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.

1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойлан­бастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқыш­қыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіп­орындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, бар­лығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.

Зиянды газдардың ауаны бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индустрия­сының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Осындай атмосферадағы антропогендік өзгерістердің Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жанейро­да өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.

Киото хаттамасы

Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997
жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото
хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге
бағытталған тұңғыш құжат.

1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды.
Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі
полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит
суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі
қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл
алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойлан­бастан жасаған
шаруашылық қызметінің салдары, көмірқыш­қыл газы мен метанның ауаға шамадан
тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында
да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып
кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының
көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы
кәсіп­орындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін
газдың 13 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл
газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, бар­лығын жұтуға шамасы
жетпейтін болды.

Зиянды газдардың ауаны бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның
дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индустрия­сының дамуы қарқын алған
елдерінде көбірек орын алуда. Осындай атмосферадағы антропогендік
өзгерістердің Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми
мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар
Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының
баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жанейро­да өткен Жаһандық
орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға
бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті
қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан
бастап күшіне енді.

Жалпы, климаттың антропогенді өзгеруінің әсері қай деңгейде болуы мүмкін
деген сауалға жауап іздеп көрейік. Ғалымдар планетада­ғы климат жылылығы 2
градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан
тапшылық көреді, 3 градусқа жы­лығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп
есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас
бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиілей беретін болады. Бұдан,
әрине, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы үлкен зиян ше­гетіндігі айқын. Ал
ол өз кезегінде азық-түлік тапшылығына алып келеді. Әлемдік мұхит
деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, геогра­фиялық картаның суреті қазіргі
уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді
жағалауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су астына
кету қаупі бар. Нидерланды, Ұлыбритания сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб
бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл
қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ.

Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт
бойынша 57 градусты көрсететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға
булы газдардың көтерілуі табиғи нәрсе. Алайда, ғалымдар адамдардың
тіршілігінің нәтижесінде булы газдар­дың көтерілуі молайып кеткендігін алға
тартады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қатты көтерілген. Олардың ішінде
көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шарының жылынуына алып келеді
дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта
кеткен ләзім. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым
тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшы­лар тобының”
(КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер
температурасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең
қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың
жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылыну жоғары. Спутник
арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз
қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік
жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға
жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздарының жылдамдықпен еруі зардабының
дәмін алғашқы болып солтүстіктің ақ аюлары татып жатса керек.

Бұл орайда, Вашингтон университетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен Джо
Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл
аударарлықтай. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды
мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері
бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды
мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын
алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да
мұздақтарына еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре
берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы
еріп кетеді.

Экожүйедегі ауытқулардың фауна мен флораға әсері де айтарлықтай. Жыл
құстары ерте келіп, кеш кетуді бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына
ортасының өзгеруіне байланысты жойылып кету қаупі туған. Өйткені, жүздеген,
мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының ауысуына тез арада
ілесе алмау жер бетіндегі түрлердің жұтаңдануына алып келмек. Ауа
температурасы 1 градусқа жылыған күнде ормандардың да басына қауіп төнеді
екен. Орман жүйесі болса көміртегінің 80 пайызын табиғи сіңіруші, ал орман
ағаштары типтерінің ауысуы орасан мол мөлшерде көміртегін бөлу арқылы
жүреді.

КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ орташа температураның өсу деңгейі
сақталады, бірақ оның жылдамдығы мен ұзақтығы болашақ­та булы газдардың
эмиссиясының азаюына тәуелді деген ұйғарым жасалған. Белгілі ағылшын
экономисі Лорд Николас Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа созылған
құрғақшылық пен өзге де климаттық ауытқулар: су басу мен жойқын
дауылдардан, аштықтан қашқан “климат босқыны” болуы мүмкін деген қауіп
айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури
адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 жылдай ғана уақыты бар деп
есептейді. Сайып келгенде климаттың антропогенді өзгеруінің салдары көлік
және басқа да инфрақұрылымдарға да орасан зор зиянын тигізбек. Бұлардың
бәрі, тұтастай алғанда, жаһандық тұрғыда алға шығатын экономикалық,
әлеуметтік, саяси проблемалардың қаншалықты күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киотто хаттамасы
Қазақстан және Киото хаттамасы
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Энергия көздерін өндірісте пайдалану
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Ғаламдық жылыну жағдайындағы Батыс Қазақстан климатының өзгеруі
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Қоршаған ортаның негігі конвенциясы және хаттамалары
Пәндер