Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар



Кіріспе
1. Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар.
1.1. Инвестициялық портфель: түсінігі, құрамы, құрылымы, факторлары, функциялары
2.Банктердің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер.
3.Коммерциялық банктердің инвестициялық саясаты.
Қорытынды.
Бүгінгі таңда банктердің басты функциясы несие беру болып табылады. Нарықтық қатынастары дамыған еледерде билік органдары мен халықтардың, банктердің қаржылық қызмет көрсетулерін алу мүмкіндігі арнайы бақыланады. Мұндай түрдегі айтарлықтай өмірлік маңызды қызметтің бірі- инвестициялық және тұтыну мақсатын жүзеге асыратын бизнесте пайдаланаылатын ссудалар беру болып табылады.
Бірақ, банк қаражаттарының барлығы ссуда түрінде орналастырмауы мүмкін. Ссудалардың көп бөлігі өтімді емес, яғни олар банкке тез арада қолма-қол ақша қажет болғанда, жылдам сатыла алмайды. Банктік несиелердің барлық нысандары ссудалар қарыз алушы тарапынан қайтарылмау ықтималдылығы жоғары иболғандықтан олар ең тәуелді банк активтеріне жатқызылады, ал шағын және орта банктер үшін берілетін ссудалардың көп бөлігі белгілі бір аймақтармен байланысты. Сәйкесінше, осы аймақтағы экономикалық белсенділіктің кез-келген айтарлықтай төмендеуі банктің несиелік портфелінің сапасын нашарлатады. Сонымен қатар, көптеген елдерде несие бойынша бүкіл табысқа заңды түрде салық салыанды.
Барлық аталған себептер бойынша банктер өзінің активтер портфелінің көп бөлігін басқа табысты активтердің маңызды түріне- бағалы қағаздарға сала бастады. Мамандардың бағалауы бойынша бағала қағаздарға бағытталатын қаражаттардың көлемі портфельдің жалпы көлемінің 1/5-1/3 бөлігін құрайды. Банктердің бағалы қағаздары өзіне мемлекеттік бағалы қағаздарды және заңмен регламенттелген акция санаттарын кіріктіреді. Бұл банктік активтер портфелінің құрамдас бөліктері банктердің табыстылығын, өтімділігін және тәуекелді төмендету мақсатында диверсификациялауды қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ банк табысының бір бөлігін салық салудан шығара отырып, бірқатар маңызды функцияларды атқарады. Мұндай салымдар белгілі бір мерзімде түсімдерді қамтамасыз ете отырып, банк табысын тұрақтандырады.
1. Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі №575-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР заңы. 2003 жылы 2 шілде.
3. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті: Оқу құралы.-Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ эономикалық университеті, 2002-187 бет.
4. Кажикен М. Государственное планирование и регулирование инвестиций.-// Транзитная экономика.-2001 №2
5. Лимитовский М.А. Основыоценки инвестиционных и финансовых решений. М.: ДЕКА, 1998-232с.
6. Алексеев М.Ю. Рынок ценных бумаг. - М.: Финансы и статистика, 1995 г.;
7. Базовый курс по рынку ценных бумаг. - М.: Финансовый издательский дом «Деловой экспресс», 1998г. - С. 408;
8. Жуков Е.Ф. Рынок ценных бумаг: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 1995.
9. Рынок Ценных Бумаг Казахстана 1997-1999г
10. Шаматов Е.К. Портфель ценных бумаг. Изд. «Сана-маркет» Алматы
11. Шаматов Е.К. Учебное пособие. Изд. «Сана-маркет» Алматы
12. Журнал “Банки Казахстана”.
13. Журнал “Рынок Ценных Бумаг Казахстана”.
14. www.afn.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Бүгінгі таңда банктердің басты функциясы несие беру болып табылады.
Нарықтық қатынастары дамыған еледерде билік органдары мен халықтардың,
банктердің қаржылық қызмет көрсетулерін алу мүмкіндігі арнайы бақыланады.
Мұндай түрдегі айтарлықтай өмірлік маңызды қызметтің бірі- инвестициялық
және тұтыну мақсатын жүзеге асыратын бизнесте пайдаланаылатын ссудалар беру
болып табылады.
Бірақ, банк қаражаттарының барлығы ссуда түрінде орналастырмауы мүмкін.
Ссудалардың көп бөлігі өтімді емес, яғни олар банкке тез арада қолма-қол
ақша қажет болғанда, жылдам сатыла алмайды. Банктік несиелердің барлық
нысандары ссудалар қарыз алушы тарапынан қайтарылмау ықтималдылығы жоғары
иболғандықтан олар ең тәуелді банк активтеріне жатқызылады, ал шағын және
орта банктер үшін берілетін ссудалардың көп бөлігі белгілі бір аймақтармен
байланысты. Сәйкесінше, осы аймақтағы экономикалық белсенділіктің кез-
келген айтарлықтай төмендеуі банктің несиелік портфелінің сапасын
нашарлатады. Сонымен қатар, көптеген елдерде несие бойынша бүкіл табысқа
заңды түрде салық салыанды.
Барлық аталған себептер бойынша банктер өзінің активтер портфелінің көп
бөлігін басқа табысты активтердің маңызды түріне- бағалы қағаздарға сала
бастады. Мамандардың бағалауы бойынша бағала қағаздарға бағытталатын
қаражаттардың көлемі портфельдің жалпы көлемінің 15-13 бөлігін құрайды.
Банктердің бағалы қағаздары өзіне мемлекеттік бағалы қағаздарды және заңмен
регламенттелген акция санаттарын кіріктіреді. Бұл банктік активтер
портфелінің құрамдас бөліктері банктердің табыстылығын, өтімділігін және
тәуекелді төмендету мақсатында диверсификациялауды қамтамасыз ете отырып,
сондай-ақ банк табысының бір бөлігін салық салудан шығара отырып, бірқатар
маңызды функцияларды атқарады. Мұндай салымдар белгілі бір мерзімде
түсімдерді қамтамасыз ете отырып, банк табысын тұрақтандырады.
Банктік инвестицияларға өтеу мерзімі 1 жылдан жоғары мерзімді бағалы
қағаздарды жатқызу қабылданған. Бұл қағаздар, әдеттте өтімді активтерді 2-
ші реттті резервіне кіріктірілмейді және олардың банк портфелінде болуы ең
алдымен проценттік төлемдер түрінде табыс алумен негізделген. Инвестициялық
бағалы қағаздардың өтімділігінің аздығы олар үшін нарықтың- банктің
портфелінде сақталатын, екінші реттің нарықта белсенді айналыста болатын
бағалы қағаздарды көп шығарумен түсіндіріледі.
Бұл бағалы қағаздардың жетіспеуі- олардың курсының өзеруінен көрінеді,
себебі, ол проценттің нарықтық нормасы сияқты тұрақсыз факторға тәуелді.
Облигацияны сатып алу мезетіне дейінгі мерзім жоғары болған сайын,оның
нарықтық құнының болашақтағы динамикасын болжау соншалықты қиын. Бұлар
өтімділікті қамтамасыз ететін инвестиицялық қағаздардың жарамдылығының
төмендігімен түсіндіріледі.
Өтеу мерзіміне 1 жылдан аз уақыт қалғанда инвестициялық портфельдегі бағалы
қағаздар 2-ші ретті резервке ауыстырылады. Сол болса да, банктік
инвестициялардың негізгі арналымы- табысты қамтамасыз ету. Сонымен қатар,
инвестициялық портфельдегі бағалы қағаздар қазынашылық шоттарда
орналастырылған өкіметтік депозиттерді қамтамасыз етуі, Орталық банктен
несие алу кезінде кепіл ретінде пайдаланылуы, келісімдер объектісі және
кейіннен сатып алу негізінде бағалы қағаздарды сатуда қызмет ете алады.
Олар сондай-ақ, банктік активтер портфелін диверсификациялау құралы болып
табылады және кейбір жағдайлада банк төлейтін салық сомаларын төмендету
үшін қолданылуы мүмкін.
Банктің инвестициялық саясаты әдетте, құжаттарда жазбаша рәсімделеді.
Онда бағалы қағаз түрлеріне, құрылымына, портфеліне банктік сатып алулар
және бағалы қағаздарды сату стратегиясына және т.б. қатысты банк
қызметкерлеріне нұсқамалар жазылады. Экономикалық коньюктураның өзгеруімен
инвестициялық шешімдер стратегиясы өзгеруі мүмкін.

1. Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар.
1.1. Инвестициялық портфель: түсінігі, құрамы, құрылымы, факторлары,
функциялары
Бағалы қағаз- бұл аталған бағалы қағаз эмитентіне қатысты инвестордың
белгілі бір мүліктік құқығын куәландыратын және дивиденттер түрінде табысты
төлеуге немесе осы құжаттардан туындайтын аталған және өзге де құқықтарды
беруді қарастыратын ақшалай құжат.
Бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Мемлекеттің бағалы қағаздары мемлекет шығындарының бюджеттік түсімдерден
артып түсуін жабу үшін шығарылады. Мемлекеттің бағалы қағаздар мәні бойынша
тұрғындардың және басқа да экономикалық агенттердің бос ақшалай
қаражаттарының қарызы болып табылады. Мемлекеттік органның қарыздық
міндеттемесі- өз иесіне эмитентке ссудаланған ақша сомаларын қайтаруға
құқық беретін мемлекеттік билік органы және ел басқармасымен шығарылған
және оның аталуына тәуелді емес кез-келген бағалы қағаз.
Мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында
айналыста болады, оның институты болып- дилерлік кеңселер табылады. Егер,
мысалы коммерциялық банк бағалы қағазды сатып алғысы келсе, ал банкті
қызықтыратын бағалы қағазға белгілі бір бағаны ұсынатын дилерлік кеңсемен
келісім жасалады.
Қазынашылық жаңа бағалы қағаздарды сатқан кезде, ол сол арқылы
мемлекеттің бірінші ретті бағалы қағаздар нарығын құрады. Мемлекеттің
бағалы қағаздарының барлық түрін бірінші ретті орналастыру аукциондық сату
тәртібі жүзеге асырылады. Онда бірінші кезекте ең жоғарғы бағаны ұсынатын
тапсырыстар қанағаттандырылады. Кейіннен дилерлер осы бағалы қағздарды
шығарылу күні мен өтеу күні арасындағы кезеңде сату және сатып алуды ұсына
отырып, екінші ретті нарық құрады. Мемлекеттің бағалы қағаздарының екінші
ретті нарығында оларға баға биржадағы акция бағасы сияқты өзгереді.
Мемлекеттің бағалы қағаздарының негізгі сатып алушылары болып банктер
табылады. Сонымен қатар басқада заңды және жеке тұлғалар олармен операция
жүргізе алады.
Мемлекеттің заң актілерімен банктердің бағалы қағаздармен жұмысына
шектеулер бекітілуі мүмкін. АҚШ-та мысалы, заң коммерциялық банктерге
қаржылық емес компаниялардың акцияларын сатып алуға тиым салады, ал
өнеркәсіптік облигациялармен операциялар жүргізуге шектеулер қояды.
Сондықтан, банктердің инвестициялық портфелінің шамамен 90%-ін бағалы
қағаздардың 2 категориясын құрайды:
- федералдық үкімет;
- федералдық агентіктердің міндеттемелері және лимиттері мен жергілікті
басқару билік органдарының (муниципалды облигациялар) бағалы қағаздары.
Коммерциялық банктердің порфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың
көп бөлігінің мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін. Қысқа мерзімді қазынашылық
вексельдермен салыстырғанда, бұл ноталармен облигациялар купондық бағалы
қағаздар болып табылады, яғни ол бойынша проценттік табыстар төленетін
бөлініп алынатын купондар бар. Ноталар 2 жылдан 10жылға дейінгі, ал
облигациялар- 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Федералдық
үкіметің бағалы қағаздарын бастапқы (1-ші ретті) орналастыру қатаң
регламенттелген.
Банктер өз портфелін толықтыру үшін және де қолма-қол ақша алу
мақсатында вексельдерді сату үшін қазынашылық вексельдерді екінші ретті
нарығын өте белсенді пайдаланады. Жалпы, қазынашылық вексельдер өтімділікті
қамтамасыз ету құралы болып табылады және банктің инвестициялық портфелінде
негізгі орынды алмайды. Қазынашылық вексельдер басқа бағалы қағаздарға
қарағанда дисконтпен жеңілдік ретінде белгілі бір соманы шегеру арқылы
сатылады, ал мерзімі аяқталғанда толық құны бойынша сатылып алынады. Ол
инвесторға өз табысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жарияланған дисконттау проценті кезінде қазынашылық вексельдің сатылу
бағасын келесідей анықтауға болады:

D= М360*R
P=S-D

Мұндағы,
D- дисконт
М-процент түріндегі дисконт ставкасы,
P- вексельді сатып алу кезінде төленетін баға,
S- вексельдің сатып алу құны.
Бұл кезде табыстың нақты савкасы толық жылға есептеледі:
Y=DP*365M
Өтелу мерзімі қысқа мерзімді бағалы қағаздардың проценттік тәуекелі
үлкен емес. Себебі, олардың бағалары проценттік сатвкалар өскенде
айтарлықтай төмендейді. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар үшін бұл жағдай
басқаша проценттік нормасы өскен кезде, олардың бағасы бірден төмендейді,
ол ұзақ уақыт кезеңінде салыстырмалы төмен жылдық проценттік төлем
төленетін бағалы қағаздарды иеленумен байланысты жоғары тәуекелді
көрсетеді. Бағалы қағазды өтеу мезетінде табысты келесі формуламен
өрнектеуге болады:

i=A+C(P+M)2

Мұндағы,
i- табыс,
A -жылдық проценттік төлемдер,
C- пропорционалды жыл сайынғы табыс немесе зиян,
P- сұранысқа ие баға,
M -өтеу мезетіндегі құн.
Аталған жағдайда, табыс деп- бағалы қағаздың өтелуіне дейін ұсталып
қалатын оны өтеу мезетіндегі табыс түсіндіріледі. Берілген формула бағалы
қағазға салынған капиталдың пайда немесе зиян көлемі өтеу кезінде номиналды
құнынан жоғары немесе төмен өзгеріп отыратын аталған бағалы қағаздарды
иелену жылының санына пропорционалды. Осылайша, ұзақ мерзімді бағалы
қағаздан қысқа мерзімді бағалы қағаздағыдай елеулі ұтыс алу үшін алдағы
болашақта өтелетін бағалы қағаз құны қысқа мерзімді бағалы қағазбен
салыстырғанда айтарлықтай төмендетілуі тиіс.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жүргізу мақсатын
анықтайтын негізгі фоакторлардың бірі болып табыс алу қажеттігі мен өзінің
активтерінің белгілі бір топтарының өтімділігін қамтамасыз ету табылады.
Табыстылық және өтімділік- өзара тәуелді және өзара кері байланыстағы
факторлар. Олар жай, артықшылығы бар акциялар, облигациялар мемлекеттік
қарыз міндеттемелер, депозиттік сертификат, вексель және т.б. сияқты бағалы
қағаздардың әр түрлі түрлері мен сыныптарына банк қаражаттарын салу арқылы
жүргізілетін инвестициялық қызметпен байланыстырылған.
Мысалы, американдық банктердің жұмыс тәжірибесінде қысқа мерзімді
мемлекеттік қағаздарға инвестициялар әдетте аз табыс әкеледі, бірақ өтеу
тәуекелі 0-дік және нарықтық ставканың өзгеру тәуекелі елеусіз болатын
жоғары өтімді активтер түрі болып табылады. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар
ұзақ уақыт кезеңінде айтарлықтай жоғары табыс әкеледі, сондықтан банктер
олардың мерзімі аяқталғанға дейін жиі ұстайды. Банктер негізінен
мунициполитеттердің бағалы қағаздарына қаражаттар салады, себебі олар
бойынша төленетін проценттерге салық салынбайды.
Өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында, бірақ табыстылыққа зиян келтіре
отырып, банктер салыстырмалы аз сомаларды басқа да бағалы қағаздарға
салады: бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретін банктік акцепттер,
коммерциялық қағаздар, брокерлік ссудалар және тауарлы-несиелік
корпорациялардың сертификаттары. Табысты арттыру үшін, бірақ өтімділікке
зиян келтіре отырып, банктер шектеулі мөлшерде мемлекеттік мекемелердің
облигацияларына қаражаттарды инвестициялайды.
Коммерциялық банктердің инвестициялар ауқымы және әкелетін табысы
тұрғысынан банктік пайданың несие бойынша проценттер және алымдардан
кейінгі екінші көзі болып табылады.

Бұрынғы уақытта банкирлер қаржылық құжаттарды "портфель" атауын алған
сөмкелерде ұстаған. Қазіргі кезде, қаржылық есептік құжаттама көрінбейтін
электронды бухгалтерлік проводкалары (электронды"банктік кітаптардағы
жазулар") нысанын қабылдаған, бірақ "портфель" термині сақталып қалған.
Енді ол банк активтері мен пассивтерінің жалпы жиынтығын білдіреді. Банк
қызметкерлерінің негізгі міндеті- банктік операцияларды реттейтін
қолданыстағы нұсқауларға сәйкес айтарлықтай көп дәрежеде банк мақсаттарына
жауап беретін банк портфелін басқару болып табылады.
Коммерциялық банктер өз операцияларын тұрақты күшейіп отыратын
бәсекелестік жағдайларында жүзеге асырады. Банктер өзара шетел банктерімен
қоса басқа да нарық контрагенттерімен бәсекелесіп отырады. Қатаң
бәсекелестік жағдайында коммерциялық банктің қызметінің маңызды
функцияларының бірі- бағалы қағаздар бойынша операциялармен байланысты
олардың инвестициялық қызметі болып табылады.
Банк ісінде инвестициялар салыстырмалы ұзақ уақыт кезеңіне кәсіпорындар
мен мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздарына салынған қаражаттарды
білдіреді. Коммерциялық банктердің инвестициялары несиелік ссудалардан
бірқатар ережелер бойынша ажыратылады:
1. Несиелік ссудалар ссудалық процентті төлеумен белгіленген мерзімде
оларды қайтару жағдайында салыстырмалы аз уақыт кезеңіне қаражаттарды
пайдалануды ұсынады. Ал, инвестициялар банктің салған қаражаттары өз
иесіне қайтып келуіне дейінгі салыстырмалы ұзақ уақыт кезеңіне
қаражаттар құйылымын сипаттайды.
2. Банктік несиелеу кезінде ссудалық келісім-шарттың бастамасы болып
қарыз алушы қатысады. Инвестициялау кезінде бастама бағалы қағаздар
нарығының активтер сатып алуға ұмтылатын коммерциялық банкке тиесілі;
3. Несиелік келісім-шарттарда банк- басты кредиторлардың бірі,
инвестициялау кезінде- бағалы қағаздарға салған қаражат инвесторы;
4. Банктік несиелеу- банк және қарыз алушының арасындағы жеке
қатынастарға тікелей байланысты. Ал, инвестициялау көптеген
кәсіпорындар мен мекемелердің бағалы қағаздарының әртүрлі түрлері
арқылы коммерциялық банктің тұлғасыздандырылған қызметін көрсетеді.
Портфельді басқарудың басты мақсаттарының бірі- банктік пайданы арттыру.
Әрине, уақыт өткен сайын пайдасы банктің меншікті капиталын арттырады. Ол
банк иелерінің көп табыс алуына әрекет етеді. Бірақ, банктер табыстылықты
қауіпсіздік және өтімділік түсініктерімен қатыстыруы тиіс. Шамадан тыс
тәуекелді ссуда беретін немесе кейбір күтілмеген жағдайларда қажет
өтімділікті қамтамасыз ете алмайтын жағдайды банк төлем қабілетсіз болып
қалуы мүмкін.

Банктік портфельдің негізгі функцияларына жататындар:
1. Іскерлік фаза циклына тәуелсіз банк табыстарын тұрақтандыру:
қарыздар бойынша табыстар төмендегенде бағалы қағаздар бойынша
табыстар өсуі мүмкін.
2. Банктік ссудалар портфелі бойынша несиелік тәуекелді өтеу. Жоғары
сапалы бағалы қағаздар банктік несиелер бойынша тәуекелді теңестіру
үшін сатып алынуы және сақталуы мүмкін.
3. Географиялық диверсификацияны қамсыздандыру. Бағалы қағаздар банктік
несиелеу обьектісіне қарағанда басқа да аймақтарымен көбірек
байланысты. Ол банктік табыстарды айтарлықтай тиімді
диверсификациялауға әрекет жасайды.
4. Өтімділікті ұстау. Себебі бағалы қағаздар қажетті ақшалай
қаражаттарды алу үшін сатылуы немесе алуы кезінде қосымша қорлар
кепіл ретінде падалануға болады.
5. Банктің салықтық ауыртпалығы төмендету, соның ішінде заемдарымен
басқарылатын салық салынатын түсімдерді өтеу есебінен.
6. Банкте сақталған өкімет депозиттерін қамсыздандыру үшін кепіл
ретінде биліктерді және жергілікті билік органдарын пайдалану.
7. Нарықтық проценттік ставканың өзгеруінің нәтижесінде пайда болатын
жоғалтулардан банкті сақтандыру.
8. Банктік активтер портфелінің икемділігін қамтамасыз ету. Себебі,
инвестициялық бағалы қағаздар көптеген несиелерге қарағанда банк
активтерін ағымдағы нарықтық коньюктурадағы сәйкес қайта құру үшін
тез сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін.
9. Банк балансының қаржылық көрсеткіштерін банкте сақталатын көптеген
бағалы қағаздардың жоғары сапасының көмегімен жақсарту.
Инвестициямен байланысты тәуекелді төмендету әдістерінің бірі-
диверсификация, яғни банк портфелінде көптеген бағалы қағаз түрлерінің
болуы болып табылады.
Банктің инвестициялық саясатын диверсификациялауды жүргізу кезінде
бағалы қағаздардың келесідей қорытынды параметрлерін ескеру қажет: өтеу
мерзімі, географилық бөліну, міндеттемелер және эмитент типі.
Іс жүзінде коммерциялық банк үшін белгілі бір бағалы қағаздардың
сапасы мен өтеу мерзім параметрлері айтарлықтай маңызды.
Бағалы қағаздар сапасына қатысты диверсификациялау мақсаты-
қарызгердің өзіне алған міндеттемелерін орындамау мүмкіндігін көрсететін
тәуекелді минимизациялау. Осыған байланысты мысалы, акция сапасын
қамтамасыз етуге байланысты диверсификация, аналитиктер пікірі бойынша
эмитентке қатысты бірқатар факторларды алдын-ала зерттеуді талап етеді.
Олардың ішіндегі негізгісі болып келесі сұрақтар бойынша ақпарат алу болып
табылады:
1. Компания немен айналысады?
2. Компания акциясын және басқа да бағалы қағаздарына келетін табыс
қандай?
3. Компания қандай дивидент немесе табыс төлейді?
4. Бағалы қағаздарға ағымдағы баға қандай және ол өткен циклдың
максималды жоғары және төмен баға деңгейімен салыстырғанда қандай?
5. Компания резервтері қандай?
6. Компанияның қазіргі және болашақтағы нарықтары қандай?
7. Компанияны кім басқарады, оның басқармасына сенімділік қаншалықты
жоғары?
8. Компанияның даму және кеңею жоспарлары қандай?
Бағалы қағаздардың географиялық бөлінуіне қатысты диверсификация мақсаты-
банк қаражаты инвестицияланған компаниялар мен мемлекеттік билік
органдарының аймақтағы қызметіндегі экономикалық қиындықтардан өзін
қауіпсіздендіру.
Аймақтық және жалпы ұлттық қаржылық орталықтардағы ірі банктердің
инвестицияларының құрылымы кішігірім қалалардағы шағын банктердің
портфелінен басқаша. Шетелде бөлімшелері бар ірі банктер өз портфелінде
мемлекеттік бағалы қағаздарды аз ұстайды. Олардың банктік портфелінің көп
бөлігін шетел бағалы қағаздары мен жеке компаниялардың облигациялары
құрайды. Шағын банктер іс жүзінде шетел облигацияларын сатып алмайды және
қаражаттарының шамамен 90%-ын үкімет және жергілікті билік органдарының
облигацияларын инвестициялайды.
Бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне қатысты диверсификация мақсаты-
инвестициялық саясатта қарастырылған табыстар мен өтімділік саласында банк
мақсаттарына сәйкес келетін шектерде проценттік ставканың өзгеруімен
байланысты инвестициялық портфель тәуекелін ұстап отыру.
Аталған фактордан мүмкін болатын зияндар қаупін азайту үшін банктер
портфельге өтеу мерзімін әртүрлі бағалы қағаздарға инвестицияларды
кіріктіреді. Бағалы қағаздардың әртүрлі түрлерінің мерзімі аяқталғанда,
қаражаттар егер басқа мақсаттар үшін қажет болмаса, онда олар өзінің сапасы
бойынша жақсы және коммерциялық банктің инвестициялық саясатының
мақсаттарына сай келетін жаңа бағалы қағаздарға қайта инвестициялануы
мүмкін.

2.Банктердің инвестициялық қызметіндегі табыстар мен тәуекелдер.
Коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің табыстылығы бірқатар
экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға тәуелді, олардың
ішінде негізгілері: мемлекеттің тұрақты дамушы экономикасы; өндірістік және
қызмет көрсетулер, соның ішінде жеке және акционерлік меншік нысанындағы
банк қызметі сферасындағы түрлі меншік нысандарының болуы. Қаржылық
несиелік жүйені нақты қалыптастырушы құрылым дамыған және өркениетті бағалы
қағаздар нарығының болуы, бағалы қағаздардың нарықтық институттарының
(инвестициялың компаниялар,қорлар және т.б.) болуы. Бағалы қағаздарды
шығару мен айналысының тәртібін және коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметінің халықаралық тәжірибесінде қолданылатын бағалы қағаздар нарығының
қатысушыларының қызметін реттейтін заңнамалық актілері мен ережелердің
жетілген жүйесі. Қызметтің инвестициялық сферасындағы және бағалы қағаздар
нарығындағы жоғары білікті мамандармен кәсіпкерлердің болуы және оларды
дайындау және т.б.
Бағалы қағаздардың жекелеген сыныптары мен түрлерінің табыстылығы
инвестициялық портфельдің нарықтық құнына тәуелді. Ол өз кезегінде
облигация және сертификаттар бойынша проценттік ставкасының, есептік
проценттің, вексельдер бойынша проценттердің акциясы бойынша дивиденттердің
және сәйкесінше бағалы қағаздар нарығындағы осы бағалы қағаздарға сұраныс
пен ұсыныстың өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Инвестицияны басқарудың негізгі мақсаты- берілген тәуекел деңгейінде
максималды табыс алу немесе берілген табыс деңгейінде тәуекелді
минимизациялау. Инвестициялық портфельдің табыстары келесі компоненттерден
қалыптасады:
• Проценттік төлемдер нысанындағы түсімдер;
• Банк портфеліндегі қағаздардың капиталдың құнын арттырудан
түскен табыстар.
• Инвестициялық қызмет көрсету үшін комиссия- СПРЭД (дилерлік
операциялар кезінде сатып алу мен сату курсы арасындағы
айырмашылық)
Инвестиция бойынша тәуекелдің негізгі түрлері:
• несиелік тәуекел;
• бағамның өзгеру тәуекелі;
• теңестірілмеген өтімділік тәуекелі;
• мерзімінен бұрын қайтарып алу тәуекелі;
• іскерлік тәуекел.
Несиелік тәуекел- бағалы қағаз бойынша негізгі қарызбен проценттің өтелуі
тиісті уақытта жүзеге асырылмай қалуын білдіреді. Бағалы қағаздардың
әртүрлі түрлері және жекелеген шығарылымы бойынша несиелік тәуекелдің
бағасын мамандандырылған агенттіктер береді. Олар міндеттемелерді өз
уақытанда өтеу ықтималдылығы туралы білуге мүмкіндік беретін бағалы
қағаздардың рейтингін белгілейді.
Несиелік тәуекел бағалы қағаздар эмитенттің өзінің қаржылық
міндеттемелерін орындауының қаржылық мүмкіндіктерінің төмендеуімен, сондай-
ақ мемлекет үкіметінің немесе оның мекемелерінің халықпен жасасқан заемдары
бойынша қарыз, соның ішінде үкімет шығаратын жалпы сипаттағы облигациялар
бойынша міндеттемелер мен өтеу қабілітімен байланысты.
Мемлекеттің тек қарыз алу ғана емес, сонымен қатар өз міндеттемелерін
өтеу қабілеті- мемлекеттік бағалы қағаздар, бағалы қағаздар нарығының
өзінің қалыптасуы және мемлекеттің бүкіл қаржылық –несиелік жүйесін нақты
қалыптастыру кезіндегі жоғары несиелік беделін қамтамасыз ету жағдайы және
маңызды факторы.
Кейбір мемлекеттерде бағалы қағаздарға банктік операциялар бағалы
қағаздардың көп бөлігіне соның ішінде жеке корпорациялармен және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарымен эмиссияланатын бағалы қағаздарға тән несиелік
тәуекелдің болуына байланысты мұқият реттеледі. Бағалы қағаздар эмитенті
бағалы қағаздар бойынша негіз қарыз соамасымен проценттерді төлеу бойынша
өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы тәуекелі спекулятивті бағалы
қағаздарды сатып алуға тиым салатын реттеуші нормативтердің пайда болуына
әкелді. Соның ішінде, АҚШ-та банктерге сатып алуға рұқсат етілген бағалы
қағаздардың минималды рейтингі болып табылатын рейтингі заң жүзінде
бекітілген.
Банктер, әдетте инвестициялық деңгейдегі бағалы қағаздарды сатып алумен
шектеледі. Сондықтан, несиелік тәуекел бағалы қағаздарды сатып алу
кезіндегі басты проблема емес. Себебі, мемлекеттік және муниципалды
(жергілікті) қағаздарға салым салу іс жүзінде тәуекелі жоқ деп есептеледі.

Сапасы айтарлықтай төмен бағалы қағаздар- айтарлықтай жоғары табыс
әкелетіндігін айта кеткен жөн. Сондықтан, несие беру мүмкіндігі қысқаратын
және банктер табысы төмендейтін экономикалық құлдырау кезеңінде олар жоғары
табыс әкелетін беделі аз шығарылымдарға ақшалар сала бастады.
Бағалы қағаздар бағамының өзгеру тәуекелі. Бұл тәуекел процент нормасы
мен тұрақты проценттік бағалы қағаздар бағамы арасындағы кері
тәуекелділікпен байланысты: поценттік ставка өскенде бағалы қағаздардың
бағамдық құны төмендейді және керісінше. Бұл банктердің инвестициялық
бөлімшелері үшін үлкен проблемалар тудырады, себебі экономикалық
конъюктураны ауыстыру кезінде өтімділікті шоғырландыру қажеттігі пайда
болады және бағалы қағаздарды арзан сатуға мәжбүр болады. Проценттік
ставканың өсуі бұрын эмиссияланған бағалы қағаздардың нарықтық бағасын
төмендетеді. Сонымен қатар, проценттік ставканың өсу кезеңі әдетте несиеге
сұраныстың өсуімен белгіленген. Ал, банктің басты басымдығы несие беру
болып табылғандықтан, көптеген бағалы қағаздар ссуда беру үшін қолма-қол
ақша алу мақсатында қайта сатылуы тиіс.
Несиеге сұраныстың төмендеуі жағдайында және салыстырмалы төмен
проценттік ставкамен, яғни жоғарғы бағамдық құнмен бағалы қағазды сатып
алған банк, оларды проценттік ставка жоғары және қағаздың бағамдық құны
төмендеген кезде сатуға мәжбүр. Банк балансында теріс бағамдық айырмашылық
пайда болады, олар пайданы азайтады. Мұндай сатылымдар едәуір капиталдық
зиянға ұшыратады, оны банк берілген ссудалар бойынша салыстырмалы жоғары
табыстылық есебінен өтейді.
Әдетте, бағалы қағаздардың нарықтық құны және олардан алынатын
коммерциялық банктің табысы бір-біріне кері тәуекелді: бағалы қағаздар
бағасы төмен болғанда- олардан алынатын табыстар жоғары және керісінше .
Сондықтан инвесторлар проценттік және басқа да ставкалар кезінде бағалы
қағаздарды сатып ала отырып, олар бойынша ставка өскенде бағалы қағаздардың
нарықтық бағасының төмендеу тәуекелін қабылдайды.
Проценттік ставканың өзгеруімен шарттастырылған бағалы қағаздардың
жекелеген түрлерінің табыстылығы- оларды өтеу мерзіміне тәуелді. Бағалы
қағазды өтеу мерзімі қысқа болған сайын оның нарықтық құны тұрақты, мерзімі
ұзақ болған сайын бағалы қағаз құны көп өзгерістерге ұшырайды.
Бағалардағы теріс айырмашылық бағалы қағаздардың өтеу мерзіміне қарай
коммерциялық банктер үшін неге қысқа мерзімді бағалы қағаздар ұзақ
мерзімдіге, мысалы облигацияларға қарағанда тартымды екенін түсінуге
мүмкіндік береді.
Банктер проценттік ставканың өзгеруін жағымсыз нәтижелерін
бейтараптандыру үшін ерекше стратегияны ұсынады. Ол үшін, мысалы, сатып алу
мерзімі іскерлік циклдың болжамған фазасында қарастырылатын бағалы қағаздар
сатып алынады. Егер процент ставкалары салыстырмалы жоғары және
экономикалық өсу фазасы болса, банк бағамның өсуін және процент нормасы
төмендеген жағдайда оң бағамдық айырмашылық алуды күте отырып, ұзақ
мерзімді облигацияларды сатып ала бастауы мүмкін.
Соңғы жылдары проценттік тәуекелді хеджерлеу құралдарының соңы артты.
Оларға қаржылық фьючерстік келісім-шарттар, опциондық келісім-шарттар,
проценттік своптар және т.б. жатады.
Теңестірілмеген өтімділік тәуекелі кейбір бағалы қағаздар түрлерін
белгілі бір жоғалтуларсыз төлем қаражаттарына жедел конверсиялау (ауыстыру)
мүмкіндігінің жоқтығымен байланысты. Банктердің өтімділігін қамтамасыз
етудің 2 көзі бар:
• ішкі
• сыртқы
Өтімділіктің ішкі көздері белгілі бір тез сатылатын активтер түрлерінде,
соның ішінде бағалы қағаздарда көрініс тапқан. Олар үшін ақша
орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын тұрақты нарық бар.
Анықтама бойынша өтімді бағалы қағаздар болып бағасы уақыт өтуіне
байланысты салыстырмалы тұрақты және банктің бастапқы инвестициялық
капиталының қайтару ықтималдылығы жоғары дайын нарықпен сипатталатын қаржы
құралдары табылады. Жоғары өтімді бағалы қағаздарға ақша нарығында оңай
өткізетін қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар жатады.
Активтерді инвестициялау арқылы оларды басқарудың маңызды функциясының
бірі ретінде. Өтімділік банктің соңғы нәтижеде өзінің міндеттемелері
бойынша қолма-қол ақшаларды өз уақытында төлеу қабілетін анықтайды.
Сондықтан, коммерциялық банктің бағалы қағаздарға қаражаттарды орналастыру
және осы негізде инвестициялар портфелін қалыптастыру мақсаты банкке тек
табыс әкеліп және бірінші кезектегі резервтерді толтыру көзі болып қана
қоймай, сонымен қатар бағалы қағаздарды уақытқа байланысты жоғалтулардың
иелеусіз тәуекел бойынша минималды кешіктірілумен қолма-қол қаражаттарға
айналдыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, бағалы қағаздардың өтімді нысанындағы инвестициялық
қаражаттар бұл жоғалтулардың аз тәуекелімен немесе тәуекелсіз қолма-қол
ақшаларға оңай алмастырыла алынатын банк активтері.
Нарықтық қатынастар жүйесінде жұмысының төлем қабілеттіктің,
өтімділіктің және тұрақтылықтың жоғарғы деңгейіне кепіл бере отырып,
коммерциялық банк күнделікті өзінің инвестициялық қызметінің орталық
проблемаларының бірін шешуі тиіс- банк салымшыларының және оның
акцияларының бірін ұстаушылардың үйлестірілмейтін мүдделерін қамсыздандыру.
Мүдделердің аталған үйлеспеушілігі өтімділік талаптары мен банктік
операциялардың күтілген пайдалылығының арасындағы алдын алуға болмайтын
қарама-қайшылықта көрініс табады. Бір жағынан, банктерге ұзақ мерзім бағалы
қағаздарға қаражаттар салу есебінен алынуы мүмкін айтарлықтай жоғары
табыстарға мүдделі акция ұстаушылар тарапынан қысым көрсетіледі. Бірақ,
екінші жағынан, бұл әрекеттер банк клиенттерінің салымдарын алу кезінде
қажет банк өтімділігін нашарлатады.
Өтімділік пен табыстылық арасындағы қарама-қайшылық банктің
инвестициялық қызметінде жалпы банк өтімділігін қамтамасыз ете отырып,
минималды залалмен табыс алудың ықтималды нұсқаларының дисперсиясы ретінде
қарастырылатын инвестициялық тәуекелді анықтайды.
Банктер әрқашан өзлерінің инвестициялық бағалы қағаздарын оларды
өтеуге дейін сату керектігінің мүмкіндігін ескеруі қажет. Осыған байланысты
аталған бағалы қағаз түрінің сәйкес екінші ретті нарығының кеңдігі және
тереңдігі туралы сұрақ туындайды. Коммерциялық банк басшыларының пайда үшін
өтімділікпен және керісінше тәуекелге бару дайындығы әртүрлі факторларды
ескере отырып, көп немесе аз инвестициялық тәуекелге ерікті түрде баруын
білдіреді. Бұдан бағалы қағаздармен белсенді операциялар тәуекелімен
тікелей байланысы коммерциялық банктің инвестициялық қызметі банк
басқармасының инвестициялық саясатты анықтай отырып, банктік қызметтің
берілген сферасында тактика, стратегия және нақты әрекеттерді жасауды талап
етеді.
Бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын қайтарып алу тәуекелі.
Инвестициялық бағалы қағаздарды эмиссиялайтын көптеген корпорациялар
мен кейбір билік органдары осы құралдарды және оларды өтеуді мерзімінен
бұрын қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады. Мұндай өтеуге егер минималды
жол берілетін мерзім өтсе және егер облигациялардың нарықтық бағасы оның
бастапқы бағамдық құнымен төмен болғанда рұқсат етіледі.
Мұндай қайтарып алулар әдетте нарықтық проценттік ставкалардың
төмендеуінен кейін (қарыз алушы аз проценттік шығындар мен жаңа бағалы
қағаздар шығара алатын кезде) пайда болғандықтан банк табыстарды жоғалту
тәуекеліне ұшырайды. Себебі, ол қайтарылған қараджаттарды ағымдағы мезетте
қалыптасқан айтарлықтай төмен проценттік ставкалар бойынша инвестициялауы
тиіс. Банктер, әдетте, бірнеше жылдарда қайтарып алуға ұшырамайтын
облигацияларды сатып ала отырып немесе қайтарып алу мүмкіндігі бар. Бағалы
қағаздарды сатып алудан қаша отырып, осы қайтарып алу тәуекелін
минимизациялауға тырысады.
Себебі, портфельде қайтарып алынатын облигацияларды сақтайтын банк
қайтарып алудан кейін түсімдердің бір бөлігін жоғалтады, ол мерзімінен
бұрын өтеу қаншалықты жарияланған сайын жоғары болатын қайтарып алу
сыйақысы түрінде өтем алады. Сонымен қатар, облигацияларды мерзімінен бұрын
өтеу мүмкіндігі банк саясатына айқынсыздық элементтік енгізгендіктен осы
шығарылымдар бойынша айтарлықтай жоғары процент төленеді.
Іскерлік тәуекел. Барлық банктер олар қызмет көрсететін нарықтық
экономиканың сату көлемінің төмендеуімен сондай-ақ банкроттық пен
жұмыссыздықтың өсуімен құлдырауы мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Қазақстан Республикасындағы депозит нарығындағы ақ банк центр кредиттің рольі мен мәні
Бағалы қағаздарды жіктеу және бағалы қағаздар түрлерін жіктеу
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Банктік қызмет көрсету туралы
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері
Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы
Пәндер