Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар



Кіріспе ... ... .2

II. Адамды кепілге алудың заңды талдамасы мен дәрежелеуші белгілері

1.1 Адамды кепілге алудың объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Адамды кепілге алудың субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Адамды кепілге алудың дәрежеленген түрлері ... ... ... ... ... ... ...15


II. Адамды кепілге алудың алдын алу мәселесі ... ... ... ... ... ... ...21

2.1 Адамды кепілге алудың жасалу себептері мен жағдайлары ... ... ..26
2.2 Адамды кепілге алудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.3Құқық қорғау органдарымен адамды кепілге алуды ескертуді ұйымдастыруы ... ... ..39



III.Қорытынды ... ..40



IV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... 41
1995 жылы Қазақсан Республикасында жаңа конституция қабылдануына байланысты, біздің мемлекетімізде құқықтық базаны рефомалау процессі басталды. Қазақстан Республикасында құқықтық жүйе құрылымында субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу қажеттілігін білдіретін жаңа институттарды құру қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасының негізгі заңында демократиялық бастаманы табуға және бекітуге байланысты, дәстүрлі құқықтық жүйелерді жоғарға заңдық күші бар акт, конституцияға сәйкестеуге келтіру процессі басталды.
Осы жұмыстың нәтижесінде 1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасында жаңа қылмыстық кодекс қабылданды. Осы нормативті акт бәрінен бұрын біздің қоғамымыздағы жаңа басымдықтарды бекітуге байланысты өзіндік ерекшеліктерді сіңірді. Осындай реформаны куәаландыратын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бөлімін саралау, онда көрсетілгендей, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншкті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекуеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қаупсіздігін қорғау, сондай - ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары» . Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы статистикалық мәліметтері. Астана 2008 жыл.
3. Устав Всемирной организации здравоохранения. / Сборник международных документов. – Москва: Юрист, 2000.
4. Закон РК от 26.06 1998г. «О национальной безопасностиң // Казахстанская правда. 1998. 30 июля.
5. Закон РК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года.
6. Постановление Пленума Верховного Суда РК от 21 июля 1995 года, №4 «О судебной практике по делам и хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения и взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении или сбыте их и небрежном хранении огнестрельного оружия» // Постановления Пленумов Верховного Суда РК 1992-1996гг.: Уч.пос.- Алматы, 1997.
7. Постановление Пленума Верховного суда РК от 23 декабря 1994 г. №7 (с изменениями, внесенными постановлением Пленума от 20 декабря 1996 г. №1. «О применении судами законодательства, регламентирующего ответственность за посягательство на жизнь и здоровьең.
8. Ахметов Б.И. Уголовно-правовая борьба с вымогательством: (Учебное пособие). – Алматы: ОНИ и РИР Алматинского юридического института МВД Республики Казахстан, 1998.
9. Аванесов Г.А. Криминология. – М.,1984.
10. Бурчак Ф.Г Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. – Киев, 1986.
11. Владимиров В.А. Некоторые уголовно-правовые аспекты профилактики правонарушений в развитом социалистическом обществе. М., 1982.
12. Гришаев П.И., Кригер Г.А. Соучастие по уголовному праву. – М.: Госюриздат, 1959.
13. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974.

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

II. Адамды кепілге алудың заңды талдамасы мен дәрежелеуші белгілері

1. Адамды кепілге алудың объективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ...4

2. Адамды кепілге алудың субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ..7

3. Адамды кепілге алудың дәрежеленген түрлері ... ... ... ... ... ... ...15

II. Адамды кепілге алудың алдын алу мәселесі ... ... ... ... ... ... ...21

2.1 Адамды кепілге алудың жасалу себептері мен жағдайлары ... ... ..26

2.2 Адамды кепілге алудың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

2.3Құқық қорғау органдарымен адамды кепілге алуды ескертуді
ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 39

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...40

IV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1995 жылы Қазақсан Республикасында жаңа
конституция қабылдануына байланысты, біздің мемлекетімізде құқықтық базаны
рефомалау процессі басталды. Қазақстан Республикасында құқықтық жүйе
құрылымында субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу
қажеттілігін білдіретін жаңа институттарды құру қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасының негізгі заңында демократиялық бастаманы
табуға және бекітуге байланысты, дәстүрлі құқықтық жүйелерді жоғарға заңдық
күші бар акт, конституцияға сәйкестеуге келтіру процессі басталды.
Осы жұмыстың нәтижесінде 1997 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасында
жаңа қылмыстық кодекс қабылданды. Осы нормативті акт бәрінен бұрын біздің
қоғамымыздағы жаңа басымдықтарды бекітуге байланысты өзіндік ерекшеліктерді
сіңірді. Осындай реформаны куәаландыратын Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 1 бөлімін саралау, онда көрсетілгендей, адам мен
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншкті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекуеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қаупсіздігін қорғау, сондай - ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, денсаулығы,
құқықтары мен бостандықтары[1]. Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет
тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер
болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның
өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ
емес.

Қылмыстық-құқықтық реттеу механизмін жетілдіру, біріншіден норма
шығармашылық, яғни жаңа қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық
нормаларды жетілдіру, екіншіден құқыққорғау органдарының қызметінде
заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіру
болып табылады. Криминологияда қылмыстардың себептері мен шарттарына ықпал
ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей теория қамтылған.

1 Адамды кепілге алудың заңды талдамасы мен дәрежелеуші белгілері

4. Адамды кепілге алудың объективтік белгілері.

Аталған норманы заңдық талдау үшін осы құрамның негізгі элементтерін
міндетті түрде анықтау қажет, өйткені нақты қылмысты зерттеуде құрам
туралы оқу негізгі орын алады.
Жалпыға белгілі қылмыс қурамының маңызы қылмыстық жауаптылыққа істеген
іс-әрекеттінде қылмыс құрамы анықталған адам тартылуы мүмкін.
Мұндай құрамның түсінігі ҚР ҚК 3-бабында көрсетілген қылмыстық
жауаптылықтың негізінен шығады - қылмыс жасау, яғни, осы кодексте
көзделген қылмыс құрамының барлық бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың
бірден – бір негізі болып табылады делінген.
Қылмыс құрамының элементтерінің мазмұнын және жасалған іс-әрекеттің
мәнін ашуда, оны дұрыс дәрежелеуде және соттың заңға сәйкес әділетті жаза
тағайындауында теориялық және практикалық маңызы бар.
Заң әдебиеттерінде көп тараған көзқарастардың бірі қылмыс құрамы – бұл
элементтердің механикалық жиынтығы емес керісінше турақты және
диалектикалық жиынтық.
Қылмыс құрамының элементтерінің диалектикалық бірлестігінің маңыздылығы
қылмыстық жауаптылықтың шарты олардың әрқайсының маңызы өз алдына бөлек,
олардың барлығы өзара байланыста болады деген көптеген авторлардың
көзқарасымен қосыламыз.
Қылмыс объектісінің проблемасы қылмыстық-құқықтық доктринада (ғылымда)
бастапқылардың бірі болып табылады.
Объект қылмыс құрамының қажетті элементтері ретінде аса маңызды
мәнділікке ие бола отырып, ол қылмыстардың ерекшеліктеріне және де нақты
бір қылмыс құрамдарына мазмұнды талдау жасап, оның заңды белгілеріне дұрыс
сипаттама беруге мүмкіндік жасайды. Қылмыс объектісін дұрыс айқындау,
жасалған қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтау мен
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі жүйесінің нормаларында өзіне сәйкес орнын
табуына, қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін немесе қол сұғушылық
әрекеттерді дұрыс дәрежелеуге бірден-бір қажет болып табылады.
Объект құрамның міндетті элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан
объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген кез келген
қоғамға қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қолсұғады.

Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық
табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың нысандары мен
шектерін меңгеруге көмектеседі.
Объектіні анықтау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен, қылмыстық
әрекетті қылмыстық еместен шектеуге мүмкіндік береді[2]. Одан басқа кез
келген әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі қандай объект
қолсұғушылыққа душар болғандығынан елеулі мөлшерде тәуелді, сондықтан
қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық заңмен көзделген қайсы бір
әрекеттің белгілері формальды болса да бар іс-әрекет немесе әрекетсіздік,
бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, қылмыс болып
табылмайдың деп көрсетілген.
Заң әдебиетінде жалпықабылданған көзқарасқа сәйкес қылмыстық-құқықтық
қорғаудың объектісі немесе қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар
табылады.
Сол немесе басқа қылмысты жасай отырып, кезкелген тұлға қоғамдық
қатынастардың сол немесе басқа бір элементтеріне қолсұғады, олардың өзара
байланысын бұза отырып, сонымен қатынастардың қатысушыларының мүдделеріне
тікелей немесе жанама едәуір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастардың барлығы қылмыстық заңмен қорғала бермейді, тек
заңшығарушы позицяисынан анағұрлым құнды (бағалы) саналатындар ғана.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабы қылмыстық құқық
саласымен реттелетін анағұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды анықтайды:
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін,
меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, заң мен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің
мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сол сияқты қылмыстарды ескерту.
Бірақ қазіргі уақытта қылмыстық құқық проблемаларына жаңа келістердің
(әдістемелердің) ескерілуімен, бірінші орынға жалпы адамзат
құндылықтарын қорғау қойылған кезде, қылмыс объектісі түсінігіне тек
қоғамдық қатынас секілді дәстүрлі келіс (әдістеме) қанағаттандырарлық бола
алмайды.

Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әр түрлі
игіліктер, жеке тұлғаның құқықтары, бостандықтары және мүдделері қылмыстық-
құқықтық қорғаудың объектілері бола алады.
Қылмыстық құқық ғылымында объектілерді үш сатылы жіктеу туралы теория
шығарылған: жалпы, тектік (топтық) немесе арнайы және тікелейң.
Осында қылмыстың жалпы объектісі деп оларды бұзған үшін қылмыстық
жауаптылық көзделген барлық қоғамдық қатынастарды (жиынтығын), тектік
(топтық), немесе арнайы объекті деп – олардың біртектілік белгісі немесе
белгілі бір салада болуы бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе тобын түсінеміз. Сондықтан заң әдебиетінде қылмыстық-құқықтық қорғау
объектісінің мазмұны мүддең түсінігі арқылы да ашылады – белгілі бір жеке
тұлғаның, қоғамның, ақырында бүтіндей мемлекеттің мүддесі.
Мүдде – бұл сол қоғамдық қатынастар, бірақ оның анағұрлым нақты
көрінісі. Тасушылармен (субъектілермен) және олардың мүдделерімен
арасындағы қатынассыз қоғамдық қатынастар жоқ және бола алмайды. Нақты
тұлға (адам) осында осы барлық қатынастардың өзінше бір материалдық
субстраты (өткізушісі) болып табылады, басқа адамдармен көп түрлі
байланыстарға түсе отырып өзінің жеке-дара қызметінде (әрекетінде) іске
асырады. Сондықтан қоғамдық қатынас мүдде туралы мүдде өзінің тасушысына
яғни қоғамдық қатынастардың қатысушысына қалай (қатынасса) қарайды тек
сонымен байланысты айтуға болады және қажет.
Мүдде де тек өзінің тасушысы (субъект) ғана емес, бірақ өз объектісі
де бар – сол жөнінде мүдденің субъектілері (тасушылары) арасында
байланыстар (қатынастар) бар әлеуметтік құнды игілік (материалдық немесе
идеалдық).
Бұдан артық, мүдделер қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұрып,
белгілі бір құқықтық нысанда – қабыршықтаң шығуы тиіс, әйтпесе олар қылмыс
объектісін құрмайды. Бұзылған норманы немесе заңды, олармен қорғалатын
қоғамдық қатынастарды үзікте алуға болмайды. Қылмыскер өзі құқықтық
нұсқауды (әмірді), тыйымды бұза отырып, объектіге қол сұғады.
Мүддені мұндай түсіну жалпы және тектікті (топтық) ғана емес, сонымен
қоса тікелейң деп аталатын қылмыс объектісін анағұрлым нақты түсінуде
маңызды роль ойнайды.

1.2 Адамды кепілге алудың субъективтік белгілері.

Қылмыстық құқықта қылмыскердің жеке басын және қылмыс субъектісінің
проблемаларын зерттеуде елеулі көңіл бөлінген.
Арнайы әдебиеттерде субъектіні сипаттайтын белгілер екі топқа бөлінеді:
Заңдық және әлеуметтік – психологиялық. Әрине бұл топтаулар шартты сипатта
алынатыны белгілі, яғни бұл белгілер бір бірімен тығыз байланыста.
Сондықтан ол белгілерді жүйелі түрде қараудың қажеттілігі туады. Қылмыс
субъектісінің белгілері қылмыстық заңның 6, 7, 8, 14, 15, 17,18 баптарында
және қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің сәйкес баптарында қалыптасқан.
Қылмыс субъектісіне жалпы түсінік беретін болсақ - бұл ақыл есі дұрыс,
қылмыс жасаған кезеңде белгілі жасқа келген, жалпы ереже бойынша 16 жасқа
толған, ал кейбір қылмыстар бойынша – 14 жасқа толған жеке тұлға.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған сәтіне
қылмыстық заңда белгіленген жастағы есі дұрыс жеке тұлға танылады. Осыған
байланысты ҚР ҚК-ң 14-бабының 1-бөлігі қылмыстық жауаптылыққа тек Қазақстан
Республикасы қылмыстық заңымен белгіленген жасқа жеткен есі дұрыс жеке
тұлға жатады деп реттейді ҚР ҚК-ң 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс
жасаған сәтіне он алты жасқа толған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылуы
тиіс: демек, қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға, яғни адам табыла
алада. ҚК-ң 14-бабының 1-бөлігінде айтылған жеке тұлғалар болып Қазақстан
Республикасының азаматтары, азаматтағы жоқ адамдар және шетел азаматтары
табылады. Бұл ҚР ҚК-ң 6 және 7-баптарының мазмұнынан шығады. Қылмыс
субъектілерін тек жеке тұлғалар деп тану, заңды тұлғалар, яғни мекемелер,
кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектілері
бола алмайды дегенді білдіреді. Жансыз заттар мен нәрселер, табиғат
құбылыстары, сол сияқты жануарлар қылмыс субъектісі ретінде қарастырыла
алмайды. Қолданыстағы қылмыстық заң заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі деп
танымайды.
Жеке тұлға денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі
ретінде екі міндетті шарттың: осы тұлғаның есінің дұрыстығы мен ҚР ҚК-ң 234-
бабы бойынша онымен 14-жасқа толуының бар болуы кезінде таныла алады.
Есі дұрыстық - бұл адамның қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті
әрекетті жасаған сәтіне өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздік) іс-жүзіндегі
сипаты мен қоғамдық қауіптілгін ұғына (сезіне) және оларды басқара алу
қабілеті.

ҚР ҚК-ң 16-бабының 1-бөлігінде сәйкес қылмыстық заң мен көзделген
қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс күйде болған, яғни
созылмалы психикалық ауруы психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе
психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына
алмайтын немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс
емес.
Есі дұрыс еместік – бұл адамның қылмыстық заңмен көзделген қоғамға
қауіпті әрекетті жасау сәтінде психикасының ауыру жағдайы салдарынан өзінің
іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін ұғынуға немесе оларды басқаруға қабілетсіздігі.
Есі дұрыс еместіктің түсінігін анықтай отыра заң есі дұрыс еместіктің
екі критериін (белгісін) пайдаланады: медициналық (биологиялық) және заңдық
(психологиялық).
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдық
критерийлердің жиынтығы қажет. Бұл критерийлердің біреуінің болмауы адамды
есі дұрыс емес деп тану мүмкіндігін жояды.
Сезіктінің немесе айыпталушының есі дұрыстығы жөнінде күдік туған
жағдайларда олардың психикалық жай-күйін анықтау үшін міндетті түрде сот-
психиатриялық сараптама жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-ң 241-б. 1-бөл. 3-тармағы). Ол
адамның психикасының аурулық бұзылуының сипатын анықтауға, оның ауырлығын,
анықтауға, қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында қылмыскермен
психиканың бұзылуын симуляция жасауды жоюға мүмкіндік береді. Адамды есі
дұрыс емес деп тану туралы соңғы шешім сотқа тиесілі. Іс бойынша басқа да
дәлелдеме секілді сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысы сотпен
бағалануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық қодексы 18-бабында мас күйінде қылмыс
жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ғана көздемейді, сонымен
қоса мұны 54-баптың 1-бөлігінің мң - тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылық
пен жазаны ауырлататын мәл-жай ретінде көздейді.
Бірақ сот қылмыстың сипатына байланысты бұл мән-жайды ауырлататын деп
танымауға құқылы.
Алкоголь ішімдіктерін қабылдау адамның өз іс-әрекеттерін басқару және
оған есеп бере алу қабілетін кейде елеулі төмендетеді, бұл мас күйіндегі
қылмыстардың үлкен үлесті салмағын анықтайтыны сөзсіз. Бірақ алкоголь
ішімдіктерін тұтынушы өзін мұндай жағдайға саналы түрде жеткізеді, осыған
байланысты өз қылықтары үшін жоғарылатылған жауаптылыққа тартылуы тиіс.
ҚР ҚК-ң 18-бабы бойынша алкогольді мастық деп физиологиялық (әдеттегі)
мастық түсініледі. Физиологиялық (әдеттегі) мастық кезінде

психиканың қызметінің кейбір бұзылулары туындайды (пайда болады),
тежегіш орталықтардың жұмысы әлсірейді, қоршағанды ой елегінен өткізу
қабілеті нашарлайды, өзін-өзі бақылау төмендейді.
Физиологиялық мастық күйі адамның қоршаған жағдайды ұғыну және өз мінез-
құлқы мен жалпы қылығын бағалау, оларды басқару қабілетін жоймайды.
Сондықтан бұл адамдар есі дұрыс деп танылады, себебі есі дұрыс еместіктің
медициналық және заңдық критерийлері жоқ. Физиологиялық мастықтың ауыр
дәрежесінде де адамда қоршаған жағдаймен белгілі контакт (байланыс)
сақталады, онымен өз мінез-құлқына бақылау жүзеге асырылады. Мұндай
адамдардың санасы түнермейді.
Жәй алкогольдық мастықтың үш сатысын (немесе дәрежесін) бөлу
қабылданған: жеңіл, орташа және ауыр.
Физиологиялық мастықтан патологиялық мас болуды ажырату керек.
Патологиялық мастық қысқа уақытқа созылатын психиканың бұзылуының өткір
тобына жатады. Патологиялық мас болу кезінде сананың аурулық өзгеруінің
салдарынан аяқ астынан сандырақ уайымдары, галлюцинациялар (есеңгіреулер)
туындайды, бағдар бұзылады, нақты шындықпен контакт (байланыс) жоғалады,
себепсіз қорқыныш (үрей), ыза пайда болады. Агрессивтік іс-әрекеттер үлкен
қиратушы күйреткіш күшпен, кенеттілікпен, қатыкездікпен (қаталдықпен)
ажыратылады. Патологиялық мас болу факторлардың (сары ұайымға салыну,
дабыл, мазасыздық және т.б.) әсерінен болуында және қабылданған алкогольдің
мөлшеріне байланысты емес туындайды.
Патологиялық мастық күйі ұзаққа созылмайды және әдеттегіден терең
ұйқымен аяқталады. Жасалған құқыққа қарсы іс-әрекет, және де айып тағу жиі
түсінбеушілік сезімін шақырады (білдіреді), себебі науқастар (аурулар)
оларға инкриминацияланған әрекетке қатысты емес екендерінде сенімді және
жаңылған (жоғалған) таңырқаған болып көрінеді.
ҚР ҚК-ң 15-бабының 1-бөлігі адамның қылмыс жасаған сәтіне он алты жасқа
толуын және мұндай адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін
көздейді.
ҚР ҚК-ң 15-бабының 1-бөлігі оларды жасағаны үшін қылмыс жасау сәтіне 14-
жасқа толған кезде қылмыстық жауаптылық бастала алатын қылмыстар тізімін
береді. Олардың арасында адамды кепілге алу да көзделеген (ҚР ҚК-ң 234-б.).
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын бірқатар қылмыстар үшін
– 14 жастан, ал қолғандары үшін – 16 жастан белгілей отырып, заңшығарушы
кәмелетке толмағандар осы жаста өз іс-әрекеттеріне есеп беруге, олардың
қоғам үшін қауіптілігін ұғынуға, өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті
дегеннен шығады.

Кәмелетке толмағанмен қылмыс жасалған кезде оның жасы (туылған күні,
айы, жылы) дәл анықталуы тиіс.
Адам белгілі бір жасқа жетті (толды) деп (14,16,18) туылған күні емес,
келесі тәуліктен бастап саналады (есептеледі). Кәмелетке толмағанның жасы
сот-медициналық сараптамасымен анықталатын жағдайларда, оның туылған күні
деп сараптамамен аталған жылдың соңғы күнін яғни 31 желтоқсанды санау керек
ал жасты жылдардың ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды)
мөлшерімен анықтау кезінде сараптамамен жорамалданған (болжалған) ең
төменгі жастан шығу қажет.
Кәмелетке толмағанның психикасының дамуының артта қалуы туралы
куәландыратын мәліметтер бар кезде, ол өз іс-әрекеттерінің мәнін ұғына алды
ма және оларды қандай мөлшерде басқара алды ма деген кәмелетке толмағанның
психикасының даму дәрежесін анықтау қажет. Бұл үшін қажет жағдайларда бала
және бозбалалар психологиясы саласындағы мамандармен сараптама жүргізулуі
тиіс немесе сарапшы-психиатр қатыстырылады.
Адамды кепілге алу субъектісін сипаттаушы белгілер болып:
- Жеке тұлға;
- Берілген тұлғаның есі дұрыстығы;
- Заңмен белгіленген жасқа жетуі (ҚР ҚК-ң 234-б. бойынша 14 жас) табылады.
Адамның кезкелген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі саналы не санасыз
ойлау, психикалық, ақыл-ой процесстерінің көрінісі қызметін атқарады[3].
Кінәлінің қылмыстық әрекетінің сыртқы актісін білдіретін объективті
жағынан айырмашылығында субъективті жақ өзімен әрекеттің психикалық ұғыну
(сезіну) мәнін және бағыттылығын білдіреді. Ол субъектінің өзімен жасалатын
қоғамға қауіпті әрекеті мен оның зардаптарына психикалық қатынасын
анықтайды.
Қылмыс құрамының субъективті жағы – бұл кінәлінің онымен жасалып жатқан
қылмыстық әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардаптарына көптүрлі
(многообразные) психикалық қатынастарын білдіретін күрделі ұғым (түсінік).
Қылмыстық құқық теориясында субъективті жақ келесі белгілермен
көрсетілген: кінә, қылмыс себебі (ниет) және мақсаты. Себеп пен мақсат
кінәдан айырмашылығында қылмыстардың бір құрамдары үшін міндетті, ал
басқалары үшін - қылмыстың субъективті жағының факультативті белгілері
болып табылады. Кез келген қылмыстың субъективті жағының міндетті
белгілеріне оның анықталуы берілген құрам үшін міндетті болып табылатын
және зерттеліп жатқан құраммен көзделген белгілер жатады.

Адамды кепілге алу тікелей қасақаналықпен(ниетпен) жасалған деп, егер
адам өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) қоғамдық қауіптілігін ұқса
(сезсе), қоғамға қауіпті зардаптың мүмкіндігін немесе келмей қоймайтындығын
болжаса және олардың келуін тілесе (ҚР ҚК-ң 20-б. 2-бөл.).
Тікелей қасақаналық тұлғаның өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің
қоғамдық қауіптілігін ұғатындығымен, қоғамға қауіпті зардаптардың
мүмкіндігінен немесе келмей қоймайтындығын болжауымен және олардың келуін
тілеумен сипатталады.
Тікелей қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңі жасалып жатқан іс-
әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін ұғынуды, қоғамға
қауіпті зардаптардың мүмкіндігін немесе келмей қоймайтындығын қосады
(енгізеді).
Еріктілік кезең қоғамға қауіпті зардаптардың келуін тілеуін (қалауын)
қосады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауды қалауы және
зиянды зардаптардың келуін қалауы тікелей қасақаналықта әр түрлі
себептермен шақырылады және белгілі бір мақсаттарды туындатады (туғызады,
тудырады).
Жанама қасақаналық адамды кепілге алуды жасау кезінде орын ала алмайды.
Қылмыстық құқықтық норманың диспозициясында онымен бірге осы іс-әрекеттер
жасалынатын мақсаттарды айту (көрсету) олардың жанама қасақаналықпен жасалу
мүмкіндігін жояды.
Әдетте, қылмыстың мақсаты мен себептері қылмыстың субъективті жағының
факультативті белгілеріне жатады. Бірақ егер олар баптың диспозициясында
көрсетілсе, онда қылмыстың берілген құрамы үшін бұл белгі міндетті болып
табылады.
Жасалған әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін субъективті жақтың белгілерін
барынша (максималды) толық ашу қажет. Міндетті белгі – кінәдан басқа, себеп
пен мақсат секілді факультативті белгілері де бар.
Адамның қоғамдағы мінез-құлығының әр түрі итермелейтін себептермен және
мақсаттармен шартталған. Қылмыстың себебі мен мақсаты туралы қылмыстық
құқық теориясында екі түрлі мағынада айтылады: біріншіден, адамның кез
келген қоғамға қауіпті мінез-құлығының итермелеуші көтермелеулер туралы
секілді және, екіншіден, қылмыстың белгілі бір түрінің заңды моделін
(құрамын) қарастыру үшін пайдаланылатын қылмыстық құқықтық нормаларда бар
арнайы қылмыстық-құқықтық түсініктер туралы секілді. Бұл жағдайларда себеп
пен мақсат қылмыс құрамының белгілерінің біреуі ретінде шығады.
Заңшығарушы себеп пен мақсатты қылмыстардың біразының ғана заңдық
моделін қарастыру кезінде қолданады. Бұл белгілері қылмыс

құрамының қажетті белгілерінің ішінде заңда барлық жағдайда көрсетіле
бермейді. Осы мән-жайларға байланысты себеп пен мақсат қылмыстық құқық
теориясында қылмыс құрамының факультативті белгілерінің тобына жатқызылған.
Себеп пен мақсат кез келген қылмыстық істі қарастыру кезінде, соның
ішінде абайсыз қылмыстарда да тергеумен және сотпен анықталынуы тиістігіне
қарамастан қылмыстық-құқықтық дәрежелеуді жүргізу процесінде себеп пен
мақсат тек қасақана қылмыстарда ескеріледі.
Абайсыз қылмыстарда себеп пен мақсат басты түрде не кінәліге нақты жаза
шарасын тағайындау сатысында, не криминологиялық жоспарда, қылмыс жасауға
ықпал еткен себептер мен шарттарды анықтауда, және де қылмыскер тұлғасының
моральдық келбетін анықтау үшін анықталады. Сонымен, себеп пен
мақсатабайсыз қылмыстарда қылмысты дәрежелеуге әсер етпейді. Себеп пен
мақсаттың өзге құқықтық мәні қасақана қылмыстарда бар. Егер себеп пен
мақсат қылмыстың белгілі бір түрінің субъективті жағының белгісі ретінде
шықса, онда берілген қоғамға қауіпті әрекетті заңшығарушы қасақана
қылмыстар тобына жатқызды дегенді куәландырады. Қоғамға қауіпті әрекеттің
қылмыстық-құқықтық дәрежесін жүргізе отырып, заңшығарушы қылмыс құрамдарын
құру кезінде себеп пен мақсатты қылмыстың субъективті жағының белгісі
ретінде қосу үшін дерлік әр түрлі сөздік құрылымдарды пайдаланатынын есте
сақтау керек.
Сөйтіп, ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының талдауы заңда себеп пен
мақсатқа қылмыс құрамының белгісі ретінде тура көрсететін(нұсқайтын)
нормалар тобы бар екендігін көрсетеді.
Оларда қылмыстың себебі мен мақсаты айқын анықталған нормалармен қатар,
ҚР ҚК-де, заңшығарушы қылмыстың берілген түрін анықтау кезінде қылмыс
жасаудың себебі мен мақсатына тура көрсетпеген қылмыс құрамдары бар. Бірақ
қылмыстың қажетті элементі секілді қылмыс жасаудың себебі мен мақсатын
анықтаудың міндеттілігі алдын ала анықталған және осы қылмыс құрамының
барлық заңдық құрылысынан шығады.
Егер себеп пен мақсат ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің бабының диспозициясында
тура көрсетілсе, қылмысты дәрежелеу елеулі оңайлайды (упрощается). Кінәліде
іс-жүзінде болған себеп пен мақсатты Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
бабының диспозициясында қылмыстың бұл элементінің заңдық сипаттамасына
(суреттемесіне) тек сәйкестігін анықтау қажет.
Егер себеп пен мақсат ҚК-ң бабының диспозициясында сөзбен анықталмаса
басқа іс, бірақ заңшығарушымен қылмыстың берілген түрінің құрамының қажетті
белгісі секілді түсіндіріледі. Мұнда анықтау қызметкерлерінің, тергеушінің,
прокурордың және судьяның алдында қылмыстың берілген түрінің субъективті
жағы туралы заңшығарушының

логикалық ойын анықтау бойынша күрделі тапсырма (міндет) тұр:
заңшығарушы себеп пен мақсатты осы қылмыс құрамына белгі ретінде қосты ма,
жоқ па білу қажет. Бұл мән-жайды анықтау қылмыстық заңды түсіндіру туралы
жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
Себеп бұл, адам сол немесе басқа әрекетті жасай отырып белгілі бір
мақсатқа қол жеткізу үшін жетекшілікке алған сылтау. Себеп пен мақсат өзара
детерминантты байланыста болады.
Адамды кепілге алудың субъективті жағының міндетті белгісі болып мақсат
табылады. Ол болып кінәлінің кепілді босату шарты сияқты мемлекетті, ұйымды
немесе азаматты қандай да бір іс-әрекетті жасауға немесе қандай да бір іс-
әрекетті жасаудан ұстануға мәжбүр етуге ұмтылуы табылады. Кінәлімен
мемлекетке, қандай да бір ұйымға, сол сияқты азаматқа қойылған талаптардың
сипатын дәрежелеу үшін маңызсыз. Арнайы мақсат: мемлекетті оның билік
органдары келбетінде, сондай-ақ үкіметтік немесе жеке мекемелерді немесе
жекелеген азаматтарды қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға немесе белгілі
бір іс-әрекеттерді жасаудан ұстануға мәжбүр етуге ұмтылу. Оларға: қандай да
бір шартты жасаудан бас тарту, қандай да бір қылмыскерді (қылмыскерлерді)
не қылмыс жасауда сезіктіні қамаудан босату, айыптау немесе ақтау үкімін
шығару, алым ақы(выкуп) төлеуге, қылмыскерлерді қарумен, көлікпен, азық-
түлікпен, ақшалай қаражаттармен және т.б. қамтамасыз ету, саяси
бағыттүзуін(линия) өзгерту, саяси, экономикалық не әлеуметтік сипаттағы
қандай да бір акцияларды өткізуді жасау немесе ұстану және с.с. талаптары
жатады.
Мақсат – бұл адам қоғамға қауіпті әрекетті жасай отырып қолжеткізуге
ұмтылатын сол бір қалаулы нәтиже.
Қасақаналықтың бағытталуы кінәлі өз іс-әрекетін жасай отырып көздейтін
мақсатты анықтайды. Себеп пен мақсат - өзара шартталған түсінік. Адамның
мақсатты қалай құрастыратындығы себепке байланысты. Мақсат жиірек белгілі
бір әрекет үшін қозғалтқыш күшті, сылтаудың (побуждение) көзін анықтауға
мүмкіндік береді. Мақсат себепсіз пайда болады, бірақ басқа жағынан, себеп
мақсаттың көмегімен өз мазмұнын алады.
Қылмыс жасаудың себебі мен мақсаты өзара тығыз байланыста болса да,
бірақ ұқсас түсініктер болып табылмайды. Себеп, адам неге сол немесе басқа
іс-әрекетті жасайды деген сұраққа жауап береді. Мақсат болса әрекеттің
бағытын анықтайды.
Қылмыс себебі мен мақсатының қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
туралы мәселені қарастыру кезінде, әрекеттің қоғамдық қауіптілігін бағалау,
қылмыскер тұлғасын сипаттау жазаны дараландыру және дифференциациялау және
сол сияқтылар кезінде, бұл әрекеттердің криминологиялық талдауы, алдын
алу(профилактика) және ескерту, болжау

және т.б. шараларды өңдеу (жасау) кезінде айырықша практикалық маңызы
бар.
Себептелу(мотивация), қылмыстық мінез-құлықтың себебінің және оның
мақсатының құрылуының туындау процесін қосады. Мінез-құлық себебі – бұл іс-
әрекетке ішкі сылтау (итермелеу) сыртқы ортаның және нақты
жағдайдың әсерімен пайда болған және шиеленіскен қажеттіліктермен,
мүдделермен, сезімдермен анықталатын қалау (тілек). Себептің артынан
белгілі бір әрекеттің алдын ала білінген және тіленетін нәтижесі секілді
мақсат құрылады.
Сонымен, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы барлық
қылмыстар олардың қоғамдық қауіптілігін бағалау кезінде егжей-тегжейлі
талдауды және кешендік қарастыруды талап етеді, адамды кепілге алу да жоққа
шығару болып табылмайды. Осыған байланысты қылмыс жасаудың субъективті
белгілерінің кешені міндетті түрде егжей-тегжейлі талдануы тиіс, ал нақты
кінәлінің қылмыс жасау сәтіне эмоционалдық жай-күйі, адамды қоғамға қауіпті
әрекет жасауға итермелеген факторлар және қылмыс жасау сәтіне көзделген
мақсат ескерілуі тиіс.
Қылмыс жасаған адам әрекеттерінің белгілері қылмыстық-құқықтық
әдебиеттерде, қылмыстық құқықтық және криминологиялық тұрғыда маңызды болып
табылатын теориялық және криминологиялық деңгейде екі жақты аспектіде
қарастырылады.
Жалпы қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және
заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты өткеруге қабілетті адам
танылады. Қылмыстық кодекстің 14-бабы 1-бөлігімен “есі дұрыс, осы Кодексте
белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”
деп тіке айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке
тұлға - адам саналады.
Қылмыстық заң арқылы қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне
баға бере алатын сонымен қатар өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни
есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Қылмыстық кодекстің 6,7-баптарының
талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің заң күші
Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының
аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады.
Осыған байланысты қылмыстың субъектісі ретінде есі дұрыс адамды тани
отырып, заңды тұлғалар - мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да заңды
ұйымдарды қылмыстың субъектісі деп айта алмаймыз.

1.3 Адамды кепілге алудың дәрежеленген түрлері.

Жаңа қылмыстық заңды қабылдау және жетілдіру өкімет өкілдерінің заңдық
қызметтеріне, өміріне және денсаулығына қол суғумен ұштасқан қылмыс
құрамдарын жекелеуге әкелді.
Адамды кепілге алған үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық кодекстің
234-бабы негізгі және дәрежеленген құрамды көздейді. Баптың 1-бөлігі өзінің
мазмұны бойынша қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты негізгі құрам
болып табылады. Адамды кепілге алу сондай-ақ дәрежелеуші құрамды ды көдейді
- қылмысты әрекеттің дәрежелеуші белгілері бар кезде жасаған үшін
жауаптылықты реттейтін ҚР ҚК-ң 234-бабының 2-бөлігі.
Қылмысты дәрежелеу деп - қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе
әрекетсіздігін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда Жалпы
бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде қылмыс құрамының
белгілерін нақты анықтауын айтамыз. Заңгер В.Н. Кудрявцев айтқандай,
қылмысты дәрежелеу дегеніміз, бұл - Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімі
нормалары- мен көзделген белгілі бір қылмыс құрамын сипаттайтын белгілерді
анықтау мен нақты заңды түрде бекіту болып танылады. Қандай да болмасын
қылмыстық іс-әрекетті анықтау дәрежелеу жолымен жүзеге асады, онда соңғысы
қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, кінәлігін тағу үшін,
істі сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Қылмысты дұрыс дәрежелеу ерекше
криминологиялық маңызға ие, себебі, оның негізінде қылмыстық құрылымның
дұрыстығы анықталынып, қылмыстың алдын алу және ескерту шаралары
жасалынады.
Адамды кепілге алудың дәрежелеуші белгілері ҚР ҚК-ң 234-бабының 2-
бөлігімен көзделген.
Адамды кепілге алудың дәрежеленген түрлеріне:
а)адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б)бірнеше рет;
в)өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;
г)қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;
д)көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
е)айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;
ж)көпе-көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;
з)екі немесеодан да көп адамға қатысты;
и)пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы жасалған әрекеттер жатады.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. аң тармағына сәйкес адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы бойынша жасалған адамды кепілге алу.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасау қылмыстың
анағұрлым көп тараған және қауіпті түрі болып табылады, біріншіден,
қатысуда орындалады; екіншіден, бірнеше адамның қылмыстық йлары мен күштері
біріктірілгендік салдарынан.
Ф.Г.Бурчак зорлық-зомбылық қылмыстары кезінде бірнеше күштерінің бір
қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін біріктіру фактысының өзі шабуылдың
өзінің қауіптілігі секілді, қатысушылармен алдына қойылған
мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігінің едәуір жоғарылайтындығынң әділ айтып
кеткен.
ҚР ҚК-ң 31-бабының 2-бөлігіне сәйкес егер қылмысқа бірлесіп жасау
туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала
сөз байласып жасалған қылмыс деп таныладың. Адамдар тобының алдын ала сөз
байласуы бойынша қылмыс жасау қатысуыдң нысандарының біреуі болып табылады
және ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. а тармағында адамды кепілге алудың дәрежелеуші
белгісі ретінде бекітілген.
Берілген дәрежелеуші белгінің болуы үшін:
біріншіден, адамды кепілге алуды жасауда екіден кем емес қоса
орындаушылардың қатысуы;
екіншіден, бұл адамдардың әрқайсысы адамды кепілге алудың субъектісінің
барлық белгілеріне ие болуы тиіс, яғни, қылмыс жасаған сәтіне он төрт жасқа
толған, есі дұрыс жеке тұлға болып табылуы;
үшіншіден, бұл адамдардың арасында адамды кепілге алуды жасауды
бастағанға дейін болған сөз байласудың болуы қажет.
Адамды кепілге алуда жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. аң
тармағы бойынша дәрежелеу үшін екі немесе одан да көп адамның қатысу
қажеттілігі қылмысқа қатысу түсінігінің өзінен шығады (ҚР ҚК-ң 27-б.).
Жасалған әрекетті ҚР ҚК 234-б. 2-бөл. аң тармағы бойынша дәрежелеу
үшін, айтып кеткендей, топқа адамды кепілге алу субъектісінің барлық
белгілеріне ие екіден кем емес адамдар кіруі қажет. Бірақ, адамды кепілге
алуды бірнеше адамдармен жасаған жағдайда, олардың біреуі ғана қылмыс
субъектісі болып шыға алатын кезде жалған қатысуң болады[4], ал мұндай
адаммен адамды кепілге алуды тікелей жасау үшін есі дұрыс емес немесе жас
балаларды пайдалану қылмысты құрал арқылы орындауң деп қарастырылады және
қылмыстың тікелей орындаушысы секілді оның қылмыстық жауаптылығына
әкеледі[5], яғни ҚР ҚК-ң 234-б. 1-бөлігі бойынша. Ұйымдастырушылар, айдап
салушылар немесе көмектесушілер мұндай жағдайда орындаушылар секілді
шығады(көрінеді).

Бірақ, жасалған әрекетті адамдар тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша жасалған адамды кепілге алу секілді дәрежелеу жоққа шығарылмайды,
егер осы топтан кімде-кім қандай да бір басқа негіздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан әрі қарай босатылады, себебі бұл жағдайда қатысу жоққа
шығарылмайды.
Қатысудың бұл нысанының негізгі тән қисыны болып қылмыс жасауға алдын
ала сөз байласудың болуы табылады. Теоияда және сот практикасында
алдын ала сөз байласуға қылмыс жасаудың басталу кезеңіне дейін қол
жеткізілуі тиіс деген тұрақты пікір қалыптасқан.
Адамды кепілге алу кезінде алдын ала сөз байласу деп қандай да бір
талаптарды орындауға мемлекетті, ұйымдарды немесе азаматты мәжбүрлеу
мақсатында адамды кепіл ретінде басып алуды немесе ұстап тұруды жүзеге
асыруды бастағанға дейін, яғни кепілді басып алуға ұмтылғанға дейін
қабылданған, кепілге алу туралы топтың қатысушылары арасындағы келісіп
(орны, уақыты, тәсілі, қаруы, рольдерді бөлуі және т.б.) танылады. Келісу
(шарттасу) кез келген нысанда жасалуы (орындалуы) мүмкін (мысалы, ауызша
немесе жазбаша нысанда, белгілер берумен).
Сонымен, қатысушылар арасындағы келісім қарастырылып отырған қылмыстың
объективті жағын құрайтын іс-әрекеттерді орындауды бастағанға дейін жасалуы
(болуы) тиіс.
Адамды кепілге алуды жасау кезінде адамдар тобының алдын ала сөз
байласуы бойынша қатысушыларының әрекеттерінің бірлескендігі, олардың
салдары болып барлық қатысушылар үшін бір қылмыстық нәтиже - ҚР ҚК-ң 234-
бабымен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіру табылатын топ
қатысушыларының адамды кепіл ретінде басып алуы немесе ұстап тұруы өзара
байланысқан және өзара шартталған іс-әрекеттерімен жаслуынан көрінеді
(білінеді). Әрбір қатысушының іс-әрекеттері және жалпы нәтиже арасында
себептік байланыс бар екендігін айтып кету қажет.
Жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. аң тармағы бойынша дәрежелеу
үшін адамды кепіл ретінде басып алу немесе ұстап тұру қасақана жүзеге
асырылу үшін қажет берілген ереже ҚР ҚК-ң 27-бабынан шығады. Мұнда кез
келген қатысушының әрекеті тіікелей қасақаналықпен сипатталады. Қатысу
туралы жалпы ілімнен шыға, адамды кепілге алуды адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы бойынша жасаған кезде қатысудың субъективті белгілері болып:
біріншіден, адамды кепілге алуды жасау туралы өзара мәлімденгендік;
екіншіден адамды кепілге алудың қатысушыларының іс-әрекеттерінің
келісілгендігі табылады.

Өзара мәлімденгендік, топ қатысушыларының әрқайсысы: біріншіден, адамды
кепілге алуды бірігіп жасау фактісін; екіншіден, нақ адамды кепілге
алуды жасауды (кез келген басқа қылмысты емес); үшіншіден, өзінің
әрекетінің ғана емес, басқа қатысушылардың (ең болмаса біреуінің)
әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынумен сипатталатын қатысушылардың
қасақаналығының (ниетінің) интеллектуалдық кезеңіне сәйкес[6].
Келісілгендік, адамның адамды кепілге алуды жасауда басқа адаммен
(адамдармен) бірге қатысуға ниет пен тілекті өзара білдірумен сипатталатын
және адамды кепілге алуды жасауға топ қатысушыларының алдын ала сөз
байласуынан тұратын қатысушылардың қасақаналығының еріктілік кезеңіне
сәйкес.
Жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. аң тармағы бойынша дәрежелеу
кезінде, адамды кепілге алу туралы алдын ала келіскен топтың барлық
қатысушыларында бір арнайы мақсат – кепілді босату шарты секілді
мемлекетті, ұйымды немесе азаматтарды қандай да бір іс-әрекет жасауға
немесе қандай да бір іс-әрекетті жасаудан ұстануға мәжбүрлеу екендігін
ескеру қажет.
Мұнда адамды кепілге алудың қатысушыларының себептері (ниеттері) мен
соңғы мақсаттары ұқсас болып қана емес, әр түрлі де болуы мүмкін. Олардың
ортақтығы қатысудың қажет белгісі болып табылмайды, демек, ҚР ҚК-ң 234-б. 2-
бөл. аң тармағы бойынша дәрежелеу үшін міндетті емес (мысалы, адамды
кепілге алуға айдап салушы саяси себептерді басшылыққа алады, ал орындаушы
– кек алу себебін басшылыққа алуы мүмкін).
Айтылғанның негізінде жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. аң
тармағы бойынша дәрежелеу үшін, адамды кепілге алуды жасау кезінде олардың
әрқайсысы берілген қылмыстың субъектісінің белгілеріне ие, қоса
орындаушылар ретінде екеуден кем емес адамдар қатысуы және адамды кепілге
алуды жасау басталғанға дейін орныққан, осы адамдар арасында сөз байласуы
орын алуы қажет деген қорытынды жасауға болады.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. бң тармағы бірнеше рет жасалған адамды кепілге
алудың құрамын көздейді.
Бірнеше мәртелік, егер адам бұрын жасалған қылмысы үшін белгіленген
тәртіпте қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған не адаммен бұрын жасалған
қылмысы үшін соттылығы алынбаған немесе жойылмаған болса, адамды кепілге
алу фактілерін екі немесе одан да көп жасалуын білдіреді.
Берілген тармақ бойынша дәрежелеу әр уақытта екі немесе одан да көп
жәбірленушіге қатысты, сол сияқты бір және сол адамға қатысты, бірақ әр рет
жаңа пайда болған қасақаналық бойынша жасалған бірнеше рет адамды кепілге
алу жағдайларында жүргізіледі.
Адамды кепілге алудың бұл дәрежеленген түрінің субъектісі қоғамға қарсы
тұрақты нұсқамамен сипатталады, ол жеке адамға қарсы қоғамға қауіпті
әрекеттің рецидивімен (қайталануымен) расталады. Әдеттегідей, бұрын қылмыс
жасаған адам, бұрын қылмыс жасамаған адамнан анағұрлым қауіпті. Қоғамдық
қауіптілік қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Бұрын қылмыс жасаған
адамның қоғамдық қауіптілігі жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілігін одан
әрі ауырлатқанда, демек, бұл мән-жай сотпен жаза тағайындауда да
ескеріледі.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. вң тармағы өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш
қолдана отырып адамды кепілге алуды көздейді.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп кепілдің
(кепілдердің) денсаулығына жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян
келтіруді түсінеміз.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш деп денсаулықтың қысқа уақытқа
бұзылуына немесе еңбек қабілеттілігін елеулі емес тұрақты жоғалтпауына әкеп
соққан денсаулыққа ауыр зиян, орташа ауырлықтағы жеңіл зиян, сол сияқты
көрсетілген зиянды келтірмесе де, бірақ қолдану кезінде жәбірленушінің
өмірі мен денсаулығы үшін нақты қауіптілік туғызған өзге күшті түсінеміз.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. г тармағы қаруды немесе қару ретінде
пайдаланылатын заттарды қолдана отырып адамды кепілге алуды көздейді.
Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану, оларды
адамның денсаулығына зиян келтіру үшін іс жүзінде пайдалануды білдіреді.
Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды адамды кепілге алуды
жасау кезінде қолдану, берілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігін едәуір
жоғарылатады, себебі жәбірленушінің өміріне не денсаулығына нақты зиян
келтіру мүмкіндігін туғызады, қылмыскердің агрессивтілігі мен дөрекілігін
күшейтеді (арттырады), оған ойлаған мақсаттарына қол жеткізуде және оның
әлсіз еместігіне сенімділік береді.
Қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану деп оларды
адамды кепіл ретінде басып алуды немесе ұстап тұрды жүзеге асыру үшін
пайдалануды түсінеміз. ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. гң тармағында көзделген
қаруды немесе заттарды қолдану болып, оларды физикалық күштеу сияқты,
күштеумен қорқыту үшін де пайдалану табылады. Қолдану болып, қаруды,
қарудың немесе қару ретінде пайдаланылатын заттардың қылмыскердің қолында
болуын кез келген көрсету (демонстрациялау) табылады. Денсаулыққа зиян
келтіру мүмкін болатын бір заттар физикалық күштеу немесе қорқыту үшін
пайдаланылуы мүмкін, ал олардың қасиеттері ол үшін тағайындалмаған басқа
заттар (мысалы, қаруды имитация жасау) – тек қорқыту үшін.

Адамды кепілге алудың қарастырылып отырған дәрежелеуші белгісінің
заңдық тұжырымдамасы, жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. гң тармағы
бойынша дәрежелеу үшін адамды кепіл ретінде басып алуды немесе ұстап тұруды
қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасау жеткілікті
екендігі туралы куәландырады, оған қоса олардың біруақытта қолданылуы жоққа
шығарылмайды.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. гң тармағымен көзделген қаруға нақты қару түрін
жатқызу кезінде Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30
желтоқсанында шыққан Қарудың жекелеген түрлерінің айналымына мемлекеттік
бақылау туралың Заңынан шығу қажет.
Қару атыс қаруы (оқпен атылатын) (жарылғыш заттардың қуатының есебімен
бағытталған қозғалыс алатын снарядпен қашықтықта нысананы механикалық
зақымдау үшін тағайындалған қару: автоматтар, винтовкалар, карабиндер,
тапаншалар, пулеметтер және т.с.), суық (зақымдау объектісімен тікелей
байланыс кезінде адамның бұлшық еті күшінің көмегімен нысаны зақымдау үшін
тағайындалған қару; штыктар, нунчактар, кастеттер және т.с.), лақтырылатын
(нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшақ еті күшінің немесе
механикалық құрылғылардың көмегімен бағытталып, қозғалысқа түсетін қару:
лақтырылатын пышақтар, лақтырылатын инелер, арбалеттер және т.с.), газды
(тірі нысананы уақытша зақымдау үшін тағайымдалған қару: газды
револьверлер, газды тапаншалар) бола алады. Қару заводта жасалған секілді
қолдан да жасалған бола алады. Газды, белгі беруші, стартты, құрылыс-
монтажды тапаншалар мен револьверлер атыс қаруы болып табылмайды[7]. Бірақ,
егер оларды тірі нысананы зақымдау үшін ыңғайласа, онда олар қару
мәртебесін алатынын айтып кету қажет.
Қару ретінде пайдаланылатын заттар – бұлар, қылмыскер адамды кепіл
ретінде басып алуда немесе ұстап тұруда жасау кезінде соңғының өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпті қасақана зиян келтіру үшін (немесе оның келуінің
нақты мүмкіндігін туғызу) не оны басып алуды немесе ұстап тұруды жүзеге
асыру үшін құрбанға қатысты қорқыту үшін қолданған кезкелген заттар.
Жасалған әрекетті ҚР ҚК-ң 234-бабының 2-бөлігінің гң тармағы бойынша
дәрежелеу бұл заттар қылмыскермен күні бұрын дайындалған ба, яғни адамды
кепілге алуға оқталғанға дейін, не қылмыс жасаған жерде алынған ба оған
байланысты емес жүзеге асырылады.

Айтылғаннан шыға, затты ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөлігінің гң тармағында
көзделген заттарға жатқызудың басты критериі болып оның қаруды объективті
алмастыру мүмкіндігі, яғни нысананы зақымдау үшін қызмет ету табылатындығы
көрінеді. Адамды кепіл ретінде басып алуды немесе ұстап тұруды жасау
кезінде осындай заттар ретінде мысалы, штык күрек, лом, балта, яғни
шаруашылық-тұрмыстық тағайындамалы заттар, таяқтар, тастар және басқа
заттаролар кінәлімен күні бұрын дайындалған ба не қылмыс жасаған жерден
алынған ба оған байланысты емес бола алады.
ҚР ҚК-ң 234-б. 2-бөл. гң тармағында заңның олқығы саналуы керек, оқ-
дәрілер, жарылғыш заттар және жару қондырғылары аталмайды. Бірақ өздерінің
зақымдау қасиеттері және тиімділігімен оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жару
қондырғылары қарудың жекелеген түрлерінен кем соқпайды, ал көбіне асып
түседі. Тиісті заңдық түсіндірмелердің болмауы оған тек жеке қаруды ғана
емес, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жару қондырғыларын қоса бұл
белгіге кеңейтілген түсінік беруге мәжбүр етеді. Адамды кепілге алуды осы
заттардың қолданылуымен жасау қылмыстың қоғамға қауіптілігін елеулі
жоғарылатады және тиісті заңдық бағаны талап ететіндігі толықтай айқын.

II.Адамды кепілге алудың алдын алу мәселесі

2.1 Адамды кепілге алудың жасалу себептері мен жағдайлары.

Криминология ғылымындағы ортаға салған ең маңызды сұрақтардың бірі болып
қылмыстың жасалуына қатысты болған себеп пен жағдайларды анықтауы
танылады. Қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын оқып тануда, біздерге
қажетті әр-түрлі тұрғыдағы сұрақтарды тудыратын көптеген еңбектер
жазылғандығы белгілі. Көптеген криминологтар қылмыстың себептері әлеуметтік
аумақта және алуан қоғамдық өмірдің деңгейімен әр түрлі құбылыспен күрделі
байланысқан деп санайды. Көлік құралдарын айдап кетудің алдын алуды
нәтижелі қолдану үшін аталған қылмыстың жасалуы себептері мен жағдайларының
барлық жиынтығын ескеру қажет.
Криминологиялық ғылым қылмыстылықтың нысаны және оның өзге әлеуметтік
құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал
жасайтын, әсіресе қазіргі жағдайдағы, себептеріне түсініктеме беруге,
адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен

экономкадағы өзгерістерге қарай қылмыстардың алатын сипатына,
өрбуіне көз жүгіртуге мүмкіндік береді.
Адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы жария етілген,
цивилизациялық дейгейде адам өмірін, денсаулығын, қадір-қасиетін,
бостандығын және басқа адамзат құндылықтарын қорғау кепілдіг мен құқықтары
заңды бекітілген.
Қылмыс та адамның әрбір қылығы секілді өзімен тұлғаның жеке-дара
қасиеттерінің және адам онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер