Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары



1. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
2. Атмосфераны ластайтын затгектерді топтастыру
3. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағішттардың құрамы
4 АЗОТТЫҢ ДИОКСИДІ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСІ
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos —ауа және sphaira - шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршіліғімізде қолданатын адамы біз атмосфера деп атай береміз. Бірақта, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераны негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосефера әр түрлі ғаз, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы ғазды қабатың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады: биіктік(км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100 қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007 "С кезіндгі биіктігі 760 мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша 1 атм = 101,325 кПа-ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51 Ю15 тоннға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке келетіні 105 триллиоп тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетадағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жақсартады. Ал оның барлық массасы тірі оргаиизмдср арқылы Юамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300 - 395 жыл аралығында.
Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ғе дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

6. Тарау. Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
6.1. Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos —ауа және sphaira - шар,
алынған. Көбіне өзіміздің тіршіліғімізде қолданатын адамы біз атмосфера деп
атай береміз. Бірақта, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераны негізгі
бөлігінің бірі ғана. Атмосефера әр түрлі ғаз, су буы және ауа тозаңы
бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы
ғазды қабатың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең
тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын
атмосфералық қысым төмендеп отырады: биіктік(км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100
қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007 "С кезіндгі биіктігі 760
мм сынап бағанасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады.
Интернационалдық жүйе бойынша 1 атм = 101,325 кПа-ға тең. Атмосфераның
жалпы массасы 5,51 Ю15 тоннға (500 триллион т) жуық, оның ішінде оттекке
келетіні 105 триллиоп тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%.
Планетадағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда толық жақсартады. Ал
оның барлық массасы тірі оргаиизмдср арқылы Юамамен 2000 жылда өтеді.
Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300 - 395 жыл
аралығында.
Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера Жер бетінен жоғары қарай
шамамен 3000 км-ғе дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық
құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне
байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.
Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат
жср белдеулерінеп 7-10 км-деп (полярлық сндіктерде) 16-IS km (экватор
үстіпде) биіктікке дейін созылады. Оны қабатта ауалың К0%-тей мөлшері және
су буының да 80%-ке жуғы жинақталады. Тросферадағы ауа әртүрлі бағытта
әртүрлі жылдамдықпен үнемі төртінсіз қозғалып, өзгеріп отырады. Қозғалыс
нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып
тұрады. Негізгі бұлттардың түзілетін жері осы қабат. Циклонлар мен
антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған орай жер бетіндегі ауа
райы тропосфераға байланысты.
Атмосфералық ауа Жер бетіндегі тіршілікті ашық Космос әсерінен сақтап
отырады, атан айтқанда, күн сәулесінің Жерге түсетін мөлшерін
реттейді. Ол болмаса тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 "С
құбылып тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100 "С үстінде), ал түнде аяз
(-100 °С). Осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен кыс айларының арасында орын
алар еді. Атап айтканда, атмосфераның арқасында Жер бетіндегі орташа
температура 15 "С шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса Жердің әр 1
км2 үш-төрт күнде метеорит түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып
отырғанымыз метеориттердің көбісі ауаның тығыз қабаттарында жапып кетеді.
Атмосферадағы бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста
болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір
жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай
козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын
ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте
төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 "С болады.
Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.
Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі қабат — стратосфера.
Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады, жел екпіні төменгі қабаттармен
салыстырғанда мұнда өте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейіп бұл қабаттың
жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6
"С-ге жоғарылан отырады. 46-54 км биіктікте орналасқан аралық стратопауза
қабаты, онда температура 0 "С шамасында.
Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан қабат - мезо-сфера. Бұл
қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 °С-ге төмендеп
отырады. Келесі мезопауза деген қабатта тұрақталған температура мөлшері 75
- 90 "С шамасында.
Жоғарыда қаралғап қабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ
молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған
ионосфера деген атау қолданылады, Бұл қабаттың қалыңдығы бірнеше мындаған
км-гс дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы анықталмаған. Жер
серіктері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың
км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіңгі қабатын экзосфера деп
атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай
бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.
Атмосфераның химиялық құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күшің
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90 км-ден жоғары жатқан атмосфера
қабарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық құрамы да
тұрақ сызданады.
Жер бетіне жақын орналасқан атмосфералық ауаның құрамы күрделі. 400-600
км биіктікке дейінгі атмосфераның құрамы 6.1-ші кестеде келтірілген
көрсеткіштермен сипатталады.
Ксенон Космонантар (Сагдсев, Зайцев, 1975 ж.) жүргізгсн зерттеулер
нәтижелеріне сүйенсек, 250-300 км биіктікте атмосфераның негізгі комноненті
- атомарлық оттек, 500-600 км-ден жоғары биіктікте атмосфераның негізгі
құрамы - гелий мен сутек, ал атмосферапың ең сыртқы жоғарғы қабатын (1600
км жоғары) құрушы компонент- атомарлық сутек.
Ауаны көп компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады. Оның
құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа бөлуге болады: тұрақты,
өзгеріп тұратын және қосалқы. Бірішніге оттек (21,0%), азот (78,1%)
және инертті газдар (шамамсн 1%) жатады. Ауа сынамасын қай жерден алсақ
та осы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы
молекулалық массасы — 28,98). Екінші тонка көмір қышқыл газы (0,02 -
0,04%) мсн су буы (4%-ке дейін) жатады. Ал қосалқы компоненттердің табиғаты
және мөлшері сынама алынған жердің жағдайына байланысты келеді. Мысалы,
оларға жер бетінен көтерілетін (жану процестерінде және вулкандар атылғанда
түзілген заттар, топырақ бөлшектері, т. б.), космостан түсетін қатты
бөлшектер, сондай-ақ, әртүрлі өсімдіктер, жәндіктер мен микроорғанизмдср
жатады. Сонымен қатар ауада Радиоактивті сәулслердің және космос
сәулелерінің әссерінен түзілген табиғаты әр түрлі иондар (теріс
немесе оң зарядталған) да болады. 1 см3 ауадаға олардың саны жүзден бірнеше
мыңға дейін болуы мүмкін. Олардың ішінде теріс зарядталған бөлшектер адам
организміне қолайлы әсер тигізеді (алмасу процесіне, өсуіне, әртүрлі
ауруларға қарсы тұруына, т. б.). Атмосфераның жоғарғы сиреген кеп атырабы
көбінесе иондардан тұрады.
Атмосфераның озон мен иондардан тұратын қабаттары космостық және рентген
сәулелерінің әсерін томендетеді, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелердің және
т. б. төменгі ауа қабатына өтуін шектейді.
Табиғаттың негізгі биогеохимиялық циклдеріне қатысатын атмосфераның ең
маңызды газды компоненттері болып үш газ -оттек, көмір қышқыл газы және
азот саналады.
Оттек адамзатқа және жан-жануарларға, былайша айтқанда, тіршілікке
қажетті заттегі. Себебі бұл газ олардың бәрінің дем алуына қажет. Мысалы,
тамақсыз адам 5 аптаға, сусыз 5 күнге дейін өмір сүре алады, ал ауасыз 4-5
мииут қана. Адам тәулігіне 23-24 л ауаны пайдаланады.
еОрганизмде жүретін барлық биохимиялық тотығу процсстеріне ауаның оттегі
қатысады десек қателеспейміз. Біздің денеміздегі әр клеткамызда оттек
болғандықтан ауаның сыртқы салмағын аңғармаймыз, өзімізді жеңіл ұстаймыз,
егерде организмде ол жетіспесе, сонда ғана оны сезе бастаймыз, мысалы,
судың астында немесе таудың биігінде. Ауаның әжептәуір салмағы бар екеніне
жоғарыда тоқталғанбыз. Орта есеппен адам денесіне түсетін салмақ 1471000 Н
немесе 15 тонна. Ауаның салмағы тығыздықпен қатар температураға да
байланысты келеді. Мысалы, 760 мм тығыздықта 1 м' құрғақ ауаның салмағы-25
"С 1424 кг 0"С 1293 кг 20 "С 1205 кг 225"С 708 кг сұйық ауаныкі -
192 "С (қайнау температурасы) - 960 кг.
Атмосфера арқылы біз әртүрлі дыбыстарды естиміз. Атмосфера болмаса біз
сөйлей де алмас едік, құстардың оның да, желдін дыбысын да естімес едік.
Атмосферадан алыпын жұмсалған оттектің мөлшері фотосинтез процесінің
нәтижесінде толықтырылып отырылады, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылмауы
осыған байланыстың жылына фотосинтез арқылы 170 млрд. тонна көмір қышқыл
газы 155 млрд. тонна оттекке айналып отырады. Ауадағы оттектің 40%-тін
жер белгідегі өсімдіктер, ал 60%-тін гидросферадағы
нлапктомдар толықтырады. Кейінгі кездегі ормандар көлемінің күрт
қысқарылуы, шөлейт жерлердің көбеюі және мұхиттардың, теңіздердің, көлдер
мен өзендердін ластануы оттекті түзетін өсімдіктердің кемуіне, яғни оттек
қорының азаюына әкеліп соғады.
Оттек түзетіп панктондардың орнына ластанған суларда бір клеткалық алтын
балдырлар пайда болуда, олар тіршілігіне оттекті колданып көмір қышқыл
газын түзеді, яғни фотосинтездің орныма аіггифотосинтез процесі орын алады.
Ғалымдардыц болжамы бойынша ауа ластана беретін болса, 150-180 жылдан кейін
атмосферадағы оттектің көлемі қазіргі мөлшерден 30%-кс төмендеуі мүмкін.
Атмосферадағы оттектің мөлшері азайған сайын көмір қышқыл газының
мөлшері артып отырады. Соңғы 100 жылда атмосферадағы бұл газдың көлемі 20-
25% -ке жоғарылады, яғни қазір атмосфераның құрамында 0,03-0,04% көмір
қышқыл газы болса, 2030 жылы оның мөлшері 0,05-0,07% -ке дейін көтерілуі
мүмкін. Көмір қышқылының мөлшері 0,07%-тен асатын болса, адам организімінің
дем алу қабілеті күрт төмендеп, қауіпті жағдайға ұшырайды.
Атмосферадағы көмір қышқыл газының біршама көбеюі өсімдіктердің өнуіне
қолайлы әсер келтіреді. Көшетхана ауасында оның мөлшері жоғарылаған сайын
фотосинтсз процесінің жүруі жақсарып, көкеніс өнімділігі артады. Бірқатар
елдерде (Англия, Швеция, Австрия, Германия және т. б.) даборатория
жағдайында жүргізідген зерттеулер нәтижесі көміртек диоксидінің
концентрациясы жоғары болған кезде өсімдіктер жапырағы бетінің, өсімдік
биомассасының, сондай-ак. түсімділіктің артатынын көрсетті. Мысалы, көмір
қышқыл газының концентрациясын екі есе көбейткенде мақтаға қатысты
өнімділіктің арту көрсеткіші 124%-ке дейін, ал қызанақ пен баклажандыкі -
40%, бидай, күріш және күнбағыстың түсімі 20% көтеріледі. Бірақта, жалпы
атмосферадақы көмір қышқыл газының және басқа да антропогендік қоспалардың
(метан, озон, азот оксиді, фреон) концентрациялары артатын болса, табиғатта
күрделі құбылыстардың бірі "көшетхана эффектісінің" орын алуына әкеп
соғады. Ластану нәтижесінде атмосферада пайда болған көмір қышқыл газы
шоғырланған қабат жерге бағытталған қысқа толқынды күн радиациясым өткізіп
келеді, ал жер бетінің шығарған ұзын толқынды жылу сәулесін жоғары қарай
өткізбейді, осыған байланысты космос кеңістігіне өтетін жер жылуының
мөлішері азайып, ол ауаның төменгі қабатында ұсталып жердің температурасын
жоғарылатады.
Ауада көміртек диоксиді негізінен қазба отынды (көмір, мұнай, табиғи
газ) жағудан қорланады. Көміртек диоксидін ең көп шығаратын елдерге АҚШ
(22% шамасында), Ресей (шамамен 16%), Қытай (11%-тің үстінде). Көшетхана
эффектісінің әсерінен жер бетінің температурасы қазіргімен салыстырғанда
(планетаның орта температурасы 15,5 °С) 2030 ж. 2,5 "С жоғарылауы мүмкін.
Атмосфераның төменгі қабатындағы температураның жоғарылауы Антарктида мен
Гренлаңдия мұздықтарының еруіне, Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуіне және
де құрылықтың ойпат жерлерін судың басып кетуіне, тектоникалық процестердің
күшеюіне, ауа райының өзгеруіне әкеп соғады. Бұл жағдай дүние жүзінің
көптеген елдерінде күрделі экологиялық проблемаларға себеп болып, бірқатар
апатты жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан ЮНЕСКО, ФАО, ЮНЕП бойынша
ғаламдық жылыну құбылыстарына жол бермеу тұрғысында жан-жақты зерттеулер
жүргізілуде.
Атмосферадағы оттектің белгілі бір мөлшері күннің ультракүлгін
сәулесінің әсерінен озонға айналып отыратыны белгілі. Озон стратосфераның
жоғарғы бөлігінде шоғырланып (22-24 км биіктікте), қалындығы 2-4 мм болатын
қабат түзеді. Осы қабат биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептелінеді.
Озон кабатынан жоғары орналасқан атмосфера қабаттарында тіршілік нышаны
кездеспейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тірші-лігіне қауіпті
күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыратынына байланысты озон қабатын
"қорғаныш қабаты" немесе озон қалқасы деп те атайды.
1980 жылдың басында Антарктидадағы ғылыми жұмыстарға негізделген
станцияларда жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының
төмендегені байқалған. Осы құбылыс "озон тесігі" деген атауды алған. 1987
жылы көктемде Антарктиданың үстіндегі озон тесігі барысынша үлкейіп, оның
ауданы шамамен 7 млн. км2-ді (ғарыштық түсіру бойынша) құрады. 1992 жылы
Оңтүстік Америка материгі және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон
құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%-ке) тіркелді. 1995 жылдың көктемінде
Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ке дейін азайған. Сонымен бірге
Канаданың солтүстік аудаңдарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия
аралдарының үстінде "мини-тесіктер" қалыптасқаны тіркелген. Соңғы кездері
озон қабатының бұзылуы, яғни озон тесігінің пайда болуы биосферада елеулі
өзгерістер туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық
мәселенін бір бөлігі.
Озон қабатында басталган бұзылу процестеріне себеп болып отырған
шығарындыларға мұздатқыштардан бөлінетін фреондар мен космостық аппараттар
және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімдері және ядролық
сынактарда бөлінген заттектер жатады. Осы заттектер атмосфераның жоғары
қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа
галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі
қарай озонның өттекке айналу процесін катализдейді.
Стратосферадағы фотохимиялық ыдырау радикаддық меха-низммен жүзеге
асады:
hv hv
СҒСІз - СҒСІг + CI CFCIz - СҒСІ + CI
CI + Оз - CIO + 02 немесе CIO + О - CI + 02
03 + О - 202
Фреондар атмосферада ыдырамай 70-100 жыл бола береді. Озон мен оттек
атомы реакцияға түскенде хлор атомы катализатордың рөлін атқарады. Хлордың
әр атомы 100 мың озон атомын ыдыратуы мүмкін. Дүние жүзі бойынша шамамен
1,3 млн. т озон ыдыратушы заттектер алынып отырған. Оның көлемінің 35%-ін
АҚШ, 40% Еуропа елдері, 10-12% Жапония, 7-10% Ресей өндіреді.
Жердің озон қабатының тозуы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл
дүниежүзінің денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша
атмосферадағы озон құрылымының 1%-ке төмендеуі ультракүлгін сәуле
мөлшерінің 2%-ке дейін өсуіне, осыған байланысты адамдардың қатерлі ісік,
көз катарактысының және т. б. аурулардың көбеюіне, адамның жүйке жүйесінің
әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға қарсы өкпе тиімділігінің төмендеуіне себепші
болып отыр.
1985 жылы Вена қаласында (Австрия) мұздатқыш шығарындыларының әсерінен
озон қабатын қорғау туралы Конвенция қабылданған. Негізгі ережелері — озон
кабатындағы өзгерістерге әсер ететін заттектер мен процестерді зерттеу
саласындағы ынтымақтастық баламалық заттектер мен технологиялар жасау; озон
қабатының жай-күйін бақылау; озон қабатында қолайсыз салдары болатын
қорекетті бақылайтындай шараларды белгілеу мен қолдану саласындағы
ынтымақтастық; ғылыми, техникалык, әлеуметтік-экономикалық, коммерциялық
және заңдық ақпараттармен алмасу; технологиялар мен ғылыми жетістіктерді
талдап белгілеу және беру саласындағы ынтымақтастық. АҚШ-та, Ресейде
стратосферадағы озон қабатынын қайта түзілуіне немесе бұзылу жылдамдығын
төмендетуге бағытталған бірлескен жұмыстар атқарылуда. Осының бәрі полюс
маңындағы кеңістіктерде озон тесігін жойып, озондық қалқаны сақтауға үлес
қосады деп күтілуде.
Атмосфераны сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа
жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының
құрамына кіреді. Бірақта, тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінін.
тіршілігіне бос күйінде емес, тек әртүрлі қосылыс түрінде ғана пайдалана
алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде электр
өрісінің әсерінен түзілетін оксид түрінде қабылдайды. Сулы ортада немесе
топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл-жасыл балдырлар
атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтап биогеохимиялық
циклдарға қажетті түрге айналдырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге
кажетті азот қосылыстары топырақтағы органикалық қалдықтардың ыдырауынан да
пайда болады. Табиғаттағы азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен
тығыз байланысты.
Адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан көшетхана эффектісі, озон
қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар
тудыратын метан, азот оксидтері, т. б. газдардың мөлшері өсуде. Атмосфера
мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты
алмасып отырады. Атмосфера арқылы Жердің ғарышпен заттектер айналымы іске
асады. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты
болады. Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластаушы
компоненттердің атмосферада көп мөлшерде болуы биогеохимиялық циклдардың
бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағдайда жаңбыр суына онда
еріген азот және күкірт оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де
"қышқыл жаңбыр" немесе "тұзды жаңбыр"жауады, тұмша да орын алады.
Өнеркәсіпте және көлікте отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері
(N20, NO, N02) атмосфераны ластайтын қауіпті кездердің бірі. Күн сәулесінің
әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтижесінде уытты
фотооксиданттар (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес қосады. Атмосферада
азот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде
адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында
жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. Құрамында азоты бар зиянды
шығарындылардың мелшерін іштен жанатын козғалтқыштар шығаратын газды жабу
үшін катализатор қолданып, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығаратын
құбырларында азотсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.
Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен
шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялық күш арқылы төмен түсуіне
байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы
арасында анық байланыс бар.
6.2. Атмосфераны ластайтын затгектерді топтастыру
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны
ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және
биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық
қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердін, қасиеттеріне
және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өңдіріс шығарындыларының мөлшеріне
байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі
параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты
ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
әлемдік көлемде ластайтындар - қай жерде шығарылса да қоршаған ортада
әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы
(бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) затгектер (көмір
қышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтер);
аймақтық (региоидық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің
территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) -
үлкен аймақты ластайтын, бірақта оның мөлшері осы жердің шекарасынан
асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа
таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын
шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтері, вдстицидтер, ауыр
металдар);
жергілікгі көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Табиғи ластану
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Ашық тау өндірімдері
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Экологиялық мониторингтің міндеті
Автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Антропогендік әсерлер
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Пәндер