Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6
I. Теориялық бөлім
1.1 Психология ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттары мен теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ..7.18
1.2 Конфликт түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары ... ... ... ... ...18.39
1.3 Этностық конфликтілер және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 39.56
ІІ. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57.61
2.3. Эксперименттік зерттеу барысы ... ..61.62
2.4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық.статистикалық өңделуі ... ... .63.71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..72.73
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .74.77

Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.

1. Дмитриев А.В. Конфликтология. М., 2001, 53-121б.
2. Вишнякова Н.Ф. Конфликтология. Минск: Университетское 2002.
3. А.Я.Анцупов, А.И. Шипилов Конфликтология. Москва 2004.
4. Бородкин Ф.М., Коряк Н.М. “Внимание: конфликт!”. Новосибирск, 1989.
5. Сулимова Т.С. Социальная работа и конструктивное разрешение конфликтов. Москва 1996.
6. Михеева И.Н. Я-концепция и конфликт в сфере нравственной жизни личности. Самосознание и защитные механизмы личности. Самара 2003, Кле М. Психология подростка. М.: 1991, 176 б.
7. Абрамова Г.С. Возрастная психология. М.,2001,624 б.
8. Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. М.: 1994, 320 б.
9. Шпрангер Э. Психология юношеского возраста. М.: 1904, 114 б.
10. Антилогова Л. Психологические факторы межэтнических конфликтов, Омск. 2001 г. 3-бет
11. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология, М. 1993г. 40-бет
12. Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе, Астана. 2002 г.
13. Самрат Ж. «Этносаралық келісім еліміздің басты мақсаттарының бірі» //Егемен Қазақстан 15 мамыр 2006 ж.
14. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті Аба «Айкос» А. 2000ж. 88-бет, Жабелова Т.Е. Қазақстандағы тіл саясаты және этносаралық қарым-қатынастар А. 2003ж.200-бет;
15. Романова Н.В. Этногполитические процессы в Казахстане А. «Қазақстан»1998ж.
16. Әбдіғалиев Б. Политизация этничности: процессы механизмы, последствия А. «Үш қиян» 2003г.
17. Борбасов С. Еліміздегі этносаясат негіздері //Абай 1999/4
18. Айталы А. «Ұлтаралық қақтығыстар ормандағы өртпен тең» //Қазақстан-Заман 18 мамыр 2007ж.
19. .Котошева Г.К. «Этнос как система целостности» //ҚазҰУ хабаршысы 2004/1
20. Милюков М. Н. Очерки по истории русской культуры, М. 1995ж. Т.5 11-бет
21. Здравомыслов А.Г. Этноконфликты в постсоветском пространстве, М. 2002г. 58-бет
22. Выготский Л.С. Педология подростка // Собр. соч. М.: Педагогика, 1984, Т.4, 5-242 б.
23. Божович Л.И. Психологические особенности развития личности подростка. М., 1979, 39 б.
24. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте // Вопросы психологии, 1972, №2, 51-63 б.
25. Кулагин Л.Г. О подростках, которым трудно // Советская педагогика. 1991, №6, 141-152 б.
26. Аверин В.А. Психология детей и подростков. Учеб. пособие 2-е изд. СПб: Издательство Михайлова В.А. 1998, 379 б.
27. Раис Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. СПб, 1999, 296 б.
28. Игумнов С.А. Психотерапия и психокоррекция детей и подростков. М., 2000, 112 б.
29. Кондратьев М.Ю. Типологические особенности психосоциального развития подростка // Вопросы психологии, 1997, №3, 69-78б.
30. 23.Драгунова Т.В. Психологические особенности подростка. М., 1978, 98 б.
31. Формирование личности в переходной период: от подросткового к юношескому возрасту / ред. И.В.Дубровина. М.: Педагогика, 1987, 181б.
32. Шалгимбаев Т.М. Современное состояние исследование подростков с нарушениями поведения // Вестник АГУ. Серия психолого-педагогических наук, 2003,№1, 88-94б.
33. Лебединская К.С., Райская М.М. Подростки с нарушениями в аффективной сфере. М.: Педагогика, 1988, 115 б.
34. Оганесян Н.Т. Методы активного социально-психологического обучения. Ось.,89, 6-20б.
35. Крутецкий В.А. Психология подростка. М.Просвещение 1965, 240 б.
36. Йовчук Н.М. Депрессия у подростков. М.: 1999, 80 б.
37. Практикум по возрастной психологии (ред. Головей Л.А.; Рыбалко Е.Ф.), Санкт-Петербург 2001, 688 б.
38. Алинина Н.В. Возрастные психологические особенности агрессивного поведения несовершеннолетних. Диссер. канд. п. н. Москва 1991, 19-20 б.
39. А.Г.Лидерс “Психологический тренинг с подростками”- Москва, Академия 2001 31-51 б,179-214б.
40. Большаков В.Ю. Психотренинг социодинамика упражнения игры. Просвещение, СПб,1996, 383б.
41. Морено Дж. Социометрия. Экспериментальный метод и наука об анализе гештальт-экспериментами/ Пер.Б.Б. Валынского М., 1993
42. Петровская Л.А. Теоретические, методические проблемы социально-психологического тренинга.М.:Издательство МГУ, 1982, 168б.
43. Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии.- СПб., 2004.-346 б.
44. Технологии практического психолого образования Овчарова Р.В. учеб. пособие для студентов вузов и практических работников. М.ТЦ сфера при участии “Юрайт-М”, 2001, 262б.
45. Сафунов Ф.С. Психологическая типология криминальной агрессии //Псих. журн. 1999, №4, 27-39 б.
46. Зимелева З.А. Агрессивное поведение подростков и личность родителей // Психологическая наука и образование 2001, №4, 22-43 б.
47. Кле М. Психология подростка. М. Педагогика 1991, 153-156 б.
48. Хекхаззен Х.Агрессия, мотивация и деятельность. М. 1986,Т 1,365-405 б.
49. Иванченко В.Н., Осмолов А.Г., Еникополов С.Н. Установка личности и противоправное поведение // Вопросы психологии 1992, №2, 97-102 б.
50. Гаврилова Т.П. Личностные трудности и проблемы подростка //Псих. наука и обр. 1994, №2, 54-59 б.
51. Паршикова О.А. Роль семейной среди и формирование индивидуальных различий агрессии и депрессии у подростков//Вестник МГУ №1, 1998, серия 14, 43-56 б.
52. Семенюк Л.М. Психологические особенности агрессивного поведения подростков и условия его коррекций.Дисс. работа канд. психол. наук, М.,1991, 146б.
53. Иванченко В.Н., Пошивалов В.П. Новые направления в изучении агрессивного поведения // Псих. журнал. 1996 №4, 47-53 б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология факультеті
Теориялық және практикалық психология кафедрасы
Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
САУИРБАЕВА ГУЛЬНАРА Матайбековнаның
Біліктілік жұмысы
3 курс, 316 топ
мамандық шифры: 050103 – Педагогика-психология
Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекші:
____________ Х.Т. Шериазданова ____________ Л.К. Ермекбаева
кафедра меңгерушісі, психология ғылымдарының
психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
докторы, профессор
Протокол _____
_____ _________ 2009 ж. _____ ___________ 2009
ж.
Алматы, 2009 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-6
I. Теориялық бөлім
1. Психология ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттары мен теориялық
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...7-18
1.2 Конфликт түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары ... ... ... ... ...18-
39
1.3 Этностық конфликтілер және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..39-56
ІІ. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..57
2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану
аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57-61
2.3. Эксперименттік зерттеу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .61 -62
2.4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі ... ... .63-
71
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 2-73
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
-77
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген
ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы
басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-
бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың
бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту
қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ
ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі
өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше,
олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ
болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың
атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-
ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары
мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі
этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де
тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға,
ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге,
сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.
Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең
жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен
жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр.
Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық
пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық
тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді,
тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз
етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-
жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-
ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны
біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті
тұрмыстарында сезіне түсуде.
Зерттеу пәні: студенттердің тұлғааралық конфликттерінің этникалық
ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Қазақ және орыс тобының 1-курс студенттері.
Мақсаты - студенттер тобындағы конфликтілі жағдай кезіндегі мінез-құлық
стратегияларын анықтау.
Міндеттері:

мәселелерін талдау;
2. Этностық конфликтілер және оның ерекшеліктерін анықтау;
3. Студенттердің тұлғааралық конфликт жағдайындағы (орыс және қазақ
тобының студенттерінің) этникалық ерекшеліктерін анықтау.
Болжам - студенттердің тұлғалық конфликтілік деңгейі мен мінез-құлық
стилдерінің көрінуінде этникалық ерекшеліктер айқын көрінеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін Т. Гоббс, Т. Парсонс,
Э. Мэйо, Л.Козер, Г. Зиммель, Р.Э. Парк, Э.У. Берджес, А.В. Смолл,
Е.М.Пеляров, А.Г. Ковалевтың конфликт тұжырымдамалары мен зерттеулері
құрайды.
Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен
келеңсіз жәйт тудырған өркениеттер қақтығысы деп те аталып жүрген
қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы
саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі
өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық
және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.
1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы
дөңгелек үстел болып, онда ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың
мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы
татулықты қамтамасыз етіп отыр, − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.
2006 жылғы 25-маусымда бекітілген Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасы, 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы мемлекетіміздегі
ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.
Этникалық қатынастардың үйлесімді дамуына саясатта этникалық факторға
баса көңіл бөлу кедергі келтіргенімен, этникалық өзіндік идентификацияның
мақсаты өз мүдделерін, мақсаттарын, құндылықтарын қорғау болып табылады.
ТМД-дағы көп этникалық мемлекеттердегі жүргізілген сауалдар, этностар
арасындағы қатынастардың нашарлау себебі елдегі экономикалық жағдайдың
төмендеуінен, ұлттық саясаттағы кемшіліктер мен қоғамдағы тұрақсыз
жағдайдан екенін дәлелдеп берді.
Практикалық маңыздылығы. Әр адамның өмірінде түрлі жағдайларға
байланысты өз мақсаттары болады. Әрқайсысы өз бетімен алуан түрлі
жолдармен сол мақсатына ұмтылады. Бірақ, көбіне іскерлік белсенділікпен
байланысқан адамдар өз қызығушылықтарымен қайшы келіп қалады да, бұл кезде
конфликт туады. Конфликттің пайда болуын, шешу әдістерін мен заңдылықтарын
қарастыратын ғылымды конфликтология деп атаймыз. Батыста көптеген жылдар
бойы, әсіресе 20 ғасырдың соңында бұл ғылыми бағыт толық дами бастады.
Конфликт және оны шешу жайлы көптеген кітаптар, журналдар, рефераттар
және мақалалар шықты. “Конфликтология” атты жеке ғылымның пайда болуына
барлық мүмкіншіліктер бар. Ал біздің елімізде бұл ғылым әлі дамымаған.
Қазіргі уақытта, жасөспірімдерге конфликт кезінде өз-өзін қалай ұстау
керектігін, конфликт қалай пайда болатынын, қандай әдістері бар екенін
арнайы үйретпейді. Бірақ біздің ойымызша, жасөспірімдердің конфликттілік
деңгейін төмендету үшін оларда конфликт туралы жан-жақты білімі болу керек.
Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс
істеу, тренинг жүргізу т.с.с. Жасөспірімдер конфликт туралы толық білу
қажет.
Қазіргі уақытта конфликтті негативті құбылыс ретінде емес, керісінше
конфликт керекті құбылыс ретінде қарастырады. Өйткені конфликт көмегімен
біз проблеманы анықтай алып, оны татулықпен, мәдени түрде шеше аламыз.
Қолданылған әдістемелер:
1. К.Томас “Конфликттік жүріс-тұрыс стратегиясы” атты әдістеме.
2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтау” тесті.
3. Әңгімелесу, бақылау, сауалнама әдістері.
Зерттеу базасы: аль-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс 40 зерттелуші (20
қазақ, 20 орыс) психология бөлімінің студенттері. Зерттелушілердің жасы 18-
20 жас аралығында.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Психология ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттары мен теориялық
мәселелері
Конфликт – қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі маңызды
құбылыстарының бірі. Бәрімізге белгілі, қоғамда адамның өмірі көптеген
қарама-қайшылықтарға толы, бұл қарама-қайшылықтар жеке адамдардың, кіші
және үлкен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысуына әкеліп
соғады.
Конфликт не екенін біз бәріміз білеміз. Көп адамдарда бұл сөз жағымсыз
ассоциациялар туғыздырады. Көптеген уақыт бойы “конфликт” түсінігін
тұлғааралық қарым-қатынастағы, қоғамдағы патогенді жағдайлармен
байланыстырған. Конфликтті, әлеуметтік құбылыс ретінде түсінудің орнына,
оны стихиялы апат ретінде қарастырады. Тек 20 ғасырлардың екінші
жартысынан бастап, М.Фоллет өз жұмыстарында “конфликт” түсінігін бірдей
позитивті және бірдей негативті өмірлік құбылыс ретінде қарастыруды ұсынды.
Конфликтті туғызған әлде осы конфликтке түскен адамдар оны өз жағына
және тез шешуге тырысады. Конфликттің өзіне қызыққан адамдар аз. Бұл терең
және қызықты тақырып. Конфликт, бұл аса маңызды қарсылықтарды шешудің
тәсілі, ол екі жақты процесстердің арасында болады.
Жәй сөзбен айтқанда, конфликт – бұл екі индивид немесе группалар бір-
біріне белгілі бір мақсатқа жетуге кедергі жасауындағы процесс немесе
бәсекелес адамның көзқарасын өзгертуі.
Қазіргі кезде, яғни әлеуметтік-саяси жағдайда конфликт өсіп келе жатыр.
Конфликт барлық жерде болады. Біз оны жеке өмірімізде, ата-ана мен бала
арасында, отбасында, дін арасында да көре аламыз.
Конфликт адам өмірінің тұрақты серігі. Конфликт барлық уақытта өзекті.
Конфликт, әсіресе, жасөспірімдік шақта өте актуалды. Балалар осы кезде
жанұялық және мектеп өмірімен разы болмай, олармен жиі конфликтіге түседі.
Конфликтілік – жасөспірімдерге тән жас ерекшеліктерінің бірі. Шынымен де
конфликт жасөспірімдік шақта жиі кездеседі.
Шиеленiстер адамзатты көптеген 100 жылдықтар бәлкiм 1000 жылдықтар бойы
толғандырып келедi. Тiптi шиеленiстердiң адамға зияндылығы дәлелденген
жазбаша деректердi бiздiң д.д. 3-ғ Эпикур келтiредi. Бұл мәселелер, белгiлi
бiр дәрежеде қазiргi заманғы адамзатты да толғандырып келедi. Адам-
әлеуметтiк жан иесi ғана емес, ол табиғаттың бiр бөлiгi, ал табиғатта
көктем мен күз, күн мен түн, ашық және бұлтты күндер болатыны белгiлi.
Адамның биологиялық ырғағы өзгеретiнi, технологиялық, физиологиялық
белсендiлiгi жоғарлайтыны және төмен түсетiнi оның әлеуметтiк белсендiлiгi
болатыны құпия емес. Әр адамдағы бұл өзгерiстер қайталанбайды. Оның жеке
белгiсi немесе денесiндегi терiсi сияқты дербес болады. Ырғаққа әсер етiп,
оны өзгертiп, адамның мiнез- құлқын да өзгертуге болады.
Әр халықтың философиялық танымында әртүрлi қоғамдағы тұлғалар
арасындағы қарым-қатынасты орнатудың негiзгi принциптерi кездеседi. Европа
философиясында қарама-қайшылықтардың жаңа түрi шиеленiскен кездегi
қатынастардың түрлерiнiң жинақталуының түрлерi.
Қытай философиясы қарама-қайшылықтың бiр-бiрiне ауысу процесiнiң
көрiнiсi, ал үндi философиясы қарама-қайшылық тепе-теңдiгi, абсолюттi
тыныштыққа жеткенiн бiлдiредi.
Адам өркениетінің тарихы түрлі конфликтерге толы. Конфликттердің бірі
аумақты тұтастай және ондаған елдер мен халықтарды қамтыса, бірі үлкен және
кіші әлеуметтік ұйымдарға көңіл бөлген, ал енді бірі бөлек адамдар арасында
қалыптасқан. Ерте заманнан бастап адамдар қалыптасқан қайшылықтарды шешуге
және конфликтсіз қоғамда өмір сүруге ұмтылған. Ежелгі заңдарда қатыгез
патша Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 ж.) конфликтті жағдайды шешудің 10 түрлі
әдістерін құрастырған. Аңыз бойынша, Соломон патша (б.э.д. 965- 928 ж.)
өзінің даналығымен, конфликттерден шыға алуымен және шеше алуымен белгілі
болды [1, 53-71б.].
Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары конфликтсіз қоғамның теориялық
модельдерін құрастыра отырып, сонымен қатар оларды реалды өмірде жүзеге
асырмақ болған. Өкінішке орай, барлығы да сәтсіздікпен аяқталды.
Конфликттердің пайда болуы, дамуы және шешуі жайлы біздің
білмеушілігімізден, конфликт қазіргі кезде де бар.
Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар
түйіскен кезде пайда болады. Конфликт- жеке адам, әлеуметтік топ, социум
деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт
лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.
Эксперименталды зерттеулерде психологтар конфликтке мынадай анықтама
береді: “Бақыланатын субъектілер бір-біріне қарама-қарсы бағытталған
күштері әсер еткенде пайда болатын спецификалық эмоционалды шиеленіскен
күй”. “Конфликт” ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген
“эксперименталды невроз”, “қиын күй” (тяжелое состояние) деген терминдермен
функционалды туыстықта жатыр. Конфликт мәселесі өмір басталған кезден
бастап туды. Тіпті әр жануар өзінің өмірін сақтап қалу үшін қиян-кескі
күреске түскен. Яғни ерте замандағы конфликттің себебі - ең алдымен, билік
үшін күрес, өз тіршілігін сақтап қалудағы күрес.
Конфликтті біздің ғасырымызға дейінгі 6-5 ғасырларда қытай ойшылдары
қарастырған. Олар, конфликт – жағымды (янь) мен жағымсыз (инь) жақтарының
өзара әрекеті деп түсінген. Ал антик философ- диалектигі Гераклит
(б.ғ.д.530-470 ж.) ойынша, өмірде барлығы соғыстан туады. “Соғыс – барлық
зат, нәрсе, құбылыстың әкесі. Ол біреулерін құдай деп бөлсе, кейбіреулерін
адам, ал тағы біреулерін құлдар етіп жаратты” деген. Ал Аристотель, адам
және қоғам туралы айта келе, билеуші және бағынушы деп екі түрге бөледі,
оның ойынша, әлсіз адамдар тепе-теңдік пен адамгершілікке ұмтылады. Орта
ғасырда Николлор Макиавелли (1469-1527ж) өзінің “Государь” және
“Рассуждение о первой декаде Тита Ливия” атты еңбегінде конфликт жайлы
толық айтып кетеді. Ол конфликтте күйрету (разрушающий) жағын және жасампаз
(созидательный) жағын бірдей көреді [1,2].
Томас Гоббс (1588-1679 ж.) 1651 жылы өзінің белгілі трактатын шығарды.
Оның ойынша, қоғамның жаратымды күйі – ол “война всех против всех”. Т.
Гоббс конфликттің үш негізгі себебін бөлді: біріншіден- бәсеке, екіншіден-
себепсіздік, үшіншіден- атақ құмар.
Қазіргі концепцияларға келетін болсақ, американдық социолог- теоретигі
Толкотт Парсонс (1902-1979 ж.) конфликтті жағдай анализіне көп мән берді.
Оның ойынша, конфликт- әлеуметтік аномалия, оны ауру сияқты жеңіп, меңгеріп
алуға болады. Әлеуметтік тәртіптің қолдаушысы Парсонс интеграция
проблемасына көп көңіл бөлген.
Парсонс позициясын “адамдық қарым-қатынас” мектебінің өкілдері де
қолдады. Олардың айтуы бойынша, индустриалды дамыған қоғам әлеуметтік
консенсус және гармонациялы жағдайға ұмтылу қажет.
Осы мектептің белгілі өкілі, Гарвард университетінің профессоры Элтон
Мэйо (1880-1949 ж.) бойынша, конфликт - бұл қауіпті әлеуметтік ауру, одан
адам түрлі жағдайлармен қашу керек.
Елуінші жылдары әлеуметтік конфликттің жаңа концепциялары жазылған.
Соның ішінде Л.Козер, Р.Дарендорф пен К.Боулдинг. Американдық зерттеуші
Льюнс Козер 1956 жылы “Әлеуметтік конфликттің функциялары” атты кітапты
жарыққа шығарды. Бұл кітапта “әлеуметтік топтар конфликтті қарым-қатынассыз
болмайды және ол қоғам жүйесін функциялауда позитивті мәнге ие” деп
жазылған.
Конфликтке деген қызығушылық Еуропада да болды. 1965 жылы Рольф
Дарендорф Германияда “Классовая структура и классовый конфликт” атты
жұмысты жазды. Оның ойынша, әр қоғамда дезинтеграция және конфликт болады:
“Барлық қоғамдық өмір- конфликт” деген.
Американдық социолог және экономист, “Конфликттің жалпы теориясы” атты
кітаптың авторы Кеннет Боулдинг та, конфликтті теорияны тұтас ғылым ретінде
құруға ұмтылды. “Конфликт” термині физикалық, биологиялық және әлеуметтік
құбылыстың анализінде кең қолданылды. Өзінің “Конфликт және қорғаныс. Жалпы
теория” атты еңбегінде Боулдинг былай деп жазған: “барлық конфликттерде
жалпы элементтер болады, осы элементтерді зерттеу барысында конфликт
феноменін көруге болады.”
Неміс социологы Георг Зиммель (1858-1918 ж.) “конфликт социологиясы”
деген терминді алғаш енгізді. Ол әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара
әрекеттің таза формасын қолдануды сұрады.
20 ғасырдың 20 жылдары Роберт Эзра Парк (1864-1944ж), Эрнест Уотсон
Берджес (1886-1996 ж.), Аббион Вудбери Смолл (1854-1926ж) әлеуметтік
процесті төрт өзара байланысты аспектіде қарастырды: конфликт, жарыс,
икемдену және ассимиляция. Бұл жерде конфликттер алдыңғы қатарда, өйткені
жарыстан икемденуге содан кейін ассимиляцияға өтудің маңызы зор.
Қазіргі батыс зерттеулерде екі негізгі бағыт бар: біріншісі- Батыс
Еуропада кең тараған конфликтті зерттейтін институттардың іс-әрекетімен
байланысты (Франция, Голландия, Италия, Испания); ал екіншісі, АҚШ-та кең
тараған дүниежүзілік зерттеу институттардың іс-әрекетімен байланысты.
Барлық әлеуметтік құбылыс сияқты бұл процесс уақыт бойымен ағады.
Конфликт белгілі бір даму кезеңдерден тұрады, олар: конфликт алдындағы
жағдай, инцидент, эскалация, кульминация және конфликттің бітуі. Бұл
кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да,
оның тізбегі бірдей [2, 78-91 б].
Адам өмiр диалектикасының кезеңi айқындалған: қарама-қайшылықтардың
күресi бiр-бiрiне өтуi, және сыртқы iшкi қарама-қайшылықтардың жаңа сапаға
өтуi. Адам баласы салауатты және өнiмдi өмiр сүрудiң теориялық құралын ала-
алған жоқ, бiрақ өмiр бойы соған ұмтылып келедi.
Е.М.Пеляров шиеленiстану атты кiтабында шиеленiс өзара қарым
қатынастың нашарлығынан, сенiмнiң жоғалуынан, жұмыс қабiлетiнiң
төмендеуiнен пайда болатыны айтады. Ол сондай-ақ, ауыр сезiмдiк
қиындықтарға байланысты, отбасындағы әлеуметтiк психологиялық ахуалын
нашарлатады, шешiлуi қиын күйзелiс жағдайын тудырады. Алайда психологиялық
көзқарас тұрғысынан қарағанда шиеленiстер адам өмiрiндегi, оның дамундағы
құтыла алмайтын қалыпты прцесс болып табылады.
Шиеленiс (латын тiлiнен алынған бiр-бiрiмен сәйкес келмейтiн құбылыстың
жеке адам санасында, жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарама-
қатысында қарама-қарсы бағытта, өткiр керi сезiм күйiне байланысты пайда
болған шиеленiс. Адамдар арасындағы шиеленiс пробемасының ауқымдылығы мен
күрделiлiгi соншалықты, ол белгiлi бiр таным саласын танып бiлудiң
монопоясы бола алмайды, шиеленiстердiң құқықтанушылар, өнертанушылар,
философтар, социологтар,психологтар зерттейдi.Басқа ғылымдардың өкiлдерi
оны зерттеудi психологиялық позицияны қолдана отырып қарастырады. Мысалы
социологтар шиеленiс жақтастар арасындағы қарама-қарсы қайшылықтың
объективтi айқындау шысы болып табылады. Оның шиеленiсуi, оны шешудiң шын
мәнiндегi мәнi әрқашанда оның қарама- қайшылығын тудырған нәрсенi iс
жүзiндегi байланыс, көтерiңкi дауыс, күрделi жағдай да болу, өте-мөте
тартыншақтық және немқұрайдылық, мiне осылар шиеленiстi iс-әрекеттiң
байқалған түрлерi болып табылады. Осылардың салдарынан қажетсiз
құбылыстарға соқтыруы мүмкiн.
А. Г. Ковалевтың пiкiрiнше шиеленiстердi жүйелеудiң басты белгiлерi
шиеленiстердiң мазмұны, яғни сол шиеленiстiң өзiне апаратын әрекеттер болуы
тиiс. Мұндай қарама-қайшылықтарды топтастырудың барынша дәл әдiсiн Г.Л.
Смирнов баяндайды.
Оған мыналар кiредi:
❖ Консерватизмнiң жаңашылдығы түйсiнетiн қарама-қайшылықты iздестiру.
❖ Адамдар тек өз тобының мүддесiн, жалпы мүденi ескермей, қорғау кезiнде
туындайтын топтық мүдделердiң қарама-қайшылық.
❖ Жеке эгоисттiк сезiмдермен байланысты жеке бас пайдасы, карьеризм және
басқа себептерден туындайтын қарама-қайшылық.
❖ Қалыптаспаған қарама-қайшылықтар.
❖ Саяси сипаттағы қарама-қайшылықтар
❖ Ауқымы бойынша орасан үлкен және орташа қарама-қайшылықтарды анықтауға
болады.
Орасан үлкен қарама-қайшылық бүкiл ұжымды қамтиды. Мұндай
шиеленiстердiң iшкi күштер арқылы шешуге болады. Адамдардың шиеленiсi
әруақытта әлеуметтiк сипатта болады, сондықтан оны әлеуметтiк тұрғыдан
жүйелеу қажет.
Қоғамдық қатынастар шиеленiсi (мүдделер қарама-қайшылығы жеке адамның
ұжымымен, қоғаммен келiспеушiлiгi, екi адамның өзара келiспеушiлiгi).
Отбасылық-тұрмыстық қатынастардың шиеленiсi, (әртүрлi көзқарастар
мүдделер шиеленiсi, көршiлермен шиеленiс, өзара төсек қатынас шиеленiсi
және т.б. шиеленiстердiң барлығы әртүрлi iшкi талдауды қажет етедi. Ол жеке
адамдар қатынасына және шиеленiске байланысты.
Шиеленiстi жағдай қажет етiлмейтiн нәрсе ретiнде бағаланады. Бұл тұрғыда
тұлғалардың сақтану көзқарасы пайда болады,одан кейiн ашу шақыруға апаратын
соқтыратын жағдайға жектiзедi.
Шиеленiстi жағдай қауiп төндiрушi жағдай ретiнде бағаланады, мұндай жағдай
жеке тұлғаның болашағына қатысты қиындық туғызады. Оның ауыр жағдайға
соқтыруы жиi кездеседi. Әлеуметтiк дамудың шешiлетiн шиеленiстердiң өзi
санаулы түрде болады, бiрақ оның себептерi жеке адам үшiн әрқашан да айқын
және сезiлген түрде бола бермейдi.
Әлеуметтiк психологтар қақтығыс қызметiнiң пайдалы, өнiмдi және керi
қызметтерiн айқындайды. Тұлғалар арасындағы қақатығыстар негiзiнен
тұлғалардың басқа адамдармен қатынас барысында пайда болады. Тұлғалар
арасындағы шиеленiс тұлғалардың қажеттiлiгiнiң мақсаттарының,
көзқарастарының, мiнез құлықтарының қарым-қатынас нәтижесi барысында
шиеленiсуi салдарынан пайда болады. Тұлғалар арасындағы шиеленiс қандай да
бiр iшкi қарама-қайшылықтардың, мысалы жеке қалауымен сол тұлғаның iс
жүзiндей мүмкiндiктерiнiң сәйкес келмеуiнен туындайды.
Шиеленiстiк теориясы өзiнiң негiзiнде жұбайлар қажеттiлiгiнiң
қанағаттандырылмауына байланысты. Олардық көзқарастар жүйесiмен
толықтырылады, шиелестердiң басқа бiр үлкен тобы, еңбек бөлiнiсiнiң
негiзiнде, отбасындағы мiндеттердiң өзара құқтар жүйесiнiң келiспеуiнен
пайда болады.
Шиеленiстердiң бұл тобының негiзiнде жатқан теорияны ерекше қажеттiлiк
шиеленiс ретiнде қарыстыруға болады. Оның негiзiнде рольдер теориясы
жатыр. Ол қазiргi әлеуметтiк психологияда интенссивтi түрде талдануда.
Мұндай толықтыру өте маңызды, өйткенi, көпшiлiкке түсiнiксiз жұбайлардың
қарым-қатынасының сәйкессiздiгi өте маңызды болып көрiнедi.
Психология ғылымында бұл өте күрделi проблемалардың бiрi болып
табылады. Ол медициналық психологияда да орнықты орын алады, өйткенi
шиеленiстер, мүдделер шиеленiсi басқа адам үшiн күрделi жағдай тудырады.
Оның жеңiлiсi ретiнде зиянды сезiмдiк және ауыр психологиялық қобалжулар
туғызады. Әрине бұл iстерге де қатысты олардың кейбiреулерi жұбайлардың
екеуiне де немесе бiреуiне белгiлi бiр äәрежеде сезiмдiк жарақат салады.
Шиеленiс түсiнiгi және оны жүйелеу. Шиеленiс түсiнiгiнiң көптеген
анықтамалары бар, бiрақ олардың бәрi өзiнiң мазмұндық жағы бойынша бiр-
бiрiне жақын. Шиеленiс дегенiмiз- әлеуметтiк- экономикалық және жеке
проблемаларды шешуге байланысты қарсы күресушi жақтар арасында пайда
болатын, шешiлуi қиын және ауыр сезiмдiк жағдаймен әрекеттерге ұласатын
қарама-қайшылық жатыр.
Қарама-қайшылықтың барлығы шиеленiске апармайды, иек қана тұлғалардың,
топтардың, адамдардың материалдық және рухани мүдделерiнiң әлеуметтiк
мәртебесi олардың беделi ар-ожданына қатысты болғанда ғана, солай болады.
Бұл факторлар шиеленiске қатысушыларыдың қарама-қайшылығына ұластыратын
нақты адамдар қатысты iс-әрекеттер шын мәнiнде қауiп төндiретiн жағдай
туындағанда ғана өзiн көрсетедi.
Шиеленiс түсiнiгiн, шиеленiстi жағдайдан ажырата бiлу керек. Шиеленiстi
жағдай өзiне, шиеленiске апаратын немесе оны тудыратын себептер мен
жағдайлардың бүкiл тұтас тығын қамтиды. Бұл әлi бола алмаған, яғни алдағы
шиеленiстiң жағдай мен себептерiнiң барысы ғана шиеленiс болуына апаарып
соқтыратын жағдай ғана. Осы түсiнiктердi ажырата бiлу шиеленiстi басқарудың
кiлтi. Бұл ретте 1-шi орынға шиеленiстi сауықтыру мiндетi қойылады.
Жағдайды басқару үшiн оны меңгере алу бiлу қажеттiлiгi туындайды.
Шиеленiстi жағдай-бұл шиеленiске қатысушыларды және оның объектiсi,
яғни соқтыратын себеп болып табылады. Шиеленiс объектiсi қарама-қайшылық
басталғанаға дейiн бола алады. Шиеленiстiң басы инцидент болып табылады.
Себеп пен салдардардың байланысы-ол шиеленiс объектiсi мен инцидент
арасындағы байланыс болып табылады.
Қарама-қайшылық шиеленiстiң себебi болып басшылықтың қармағындаларды
басқарудың тәсiлi дұрыс болмауы, болуы мүмкiн, ал салдары болып, басшылық
қармағындағыларға қатысты äөректiлiгi болып табылады. Сонымен шиеленiс
түсiнiгiн схема түрiнде де көрсетуге болады.
Ш = С+И
Шиеленiстiң көптеген түрлерi болады. Оның iшiндегi бiз неғұрлым
маңызды 2-түрлi жүйеге тоқталамыз.
1. шиеленiс салдары сипаты бойынша: а) конструктивтi, б) деструктивтi
шиеленiстер.
2. шиеленiстердiң оқшаулануы бойынша, яғни оның пайда болуының басты
орнына қарай:
• ұйымдар арасындағы;
• ұйымның iшiндегi;
• бөлiмшелердiң арасындағы;
• топтардың iшiндегi;
• топтар мен тұлғалар арасындағы
• тұлғалар арасындағы;
Тұлғалар iшiндегi жүйеленудiң екiншi түрi бойынша мынандай 3 маңызды
белгiлердi айқындауға болады:
а) топтар аралық; б)тұлғалар арасындағы; в) iшкi тұлғалық шиеленiстер;
Конструктивтi шиеленiс - дегенiмiз топтар мен тұлғалардың дамуын
ынталандыратын қарама-қайшылықтар. Мұндай сипаттағы шиеленiстер принциптiк
проблемалық пiкiр таластарда, пiкiр- сайыстарда, пiкiр алмасуда көрiнiс
табады.
Оған қатысушылардың адамдық қасиетiн қорлайтын қиындықтарды шешуге
бағытталған өзара бiрге атқарылған қызмет барысында пайда болатын, яғни
ұжымдарда, қызметкерлердi де мәселелердiң жаңа деңгейiне көтерiп оған деген
көзқарасты өзгертуге бағытталады. Мұндай шиеленiстер iсiнен кедергi
жасамайтыны былай тұрсын, керiсiнше топты бiрiктiредi, оның құнды мақсаттық
бiрлiгiн күшейтедi. Сөйтiп әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етедi. Мұндай да
топтың iшкi және сыртқы құндылықтар алдындағы ұйымшылдығы артады. Мұндай
шиеленiстер диалектикалық пiкiр-таласқа теңдестiрiледi.
Деструктивтi шиеленiстер - дегенiмiз топтық дамуын тоқтататын немесе
оны бұзатын қарама-қайшылық кiшi топ деңгейiнде көрiнедi. Ол топтың құнды
бағыттық ынтымақтастығын нашарлатады. Ұжымның әлеуметтiк-психологиялық
ахуалын бұзады, еңбек қабiлеттiлiгiн төмендетедi, әсiресе мұндай
шиеленiстердiң әлеуметтiк деңгейдегi зияны үлкен. Мұндай қарама-қайшылық
көрiнiсiнiң түрлерi әр түрлi болады. Ол адамдар бiр-бiрiн тыңдағысы
келмейтiн жағдайдағы өз пiкiрiн ғана, айтқысы келетiн пiкiр талас тудыру
үшiн, әдейi жасалған талас болуы мүмкiн. Ол ұсақ түйек үшiн жанжалдасу, ең
соңында шиеленiстiң äәрекi түрде күш қолдана отырып шешу, яғни төбелес
болуы мүмкiн.
Шиеленiстi жүйелеудiң оқшауланған түрi-бойынша алдыңғы орынға топаралық
шиеленiстершығады. Мұндай шиеленiстердiң белгiсi ретiнде мақсаты бiр-
бiрiмен үйлеспейтiн, оны жүзеге асыру да бiр-бiрiне кедергi жасайтын
әлеуметтiк топтар көрiнедi.
Бiз тұлғалық өзара үйлесуi және үйлеспеуi туралы айтқанда бұл ұжымдар
адамдардың қарым-қатынасында елеулi орын алады.
Үйлесудiң бiрнеше түрiн айтуға болады:
а) түр-тұлғасы арқылы;
б) мiнез-құлықтық;
в) әлеуметтiк-психологиялық;
г) әлеуметтiк- дүниетанымдық;
Түр-тұлғалық үйлесу бiрге iс-әрекет жасайтын адамдардың түр-тұлғалық
қасиеттерiнiң жарамсыздылығынан көрiнедi. Көңiл-күйлiк үйлесу қызу қандылық
қаситтерiмен ерекшелiктерiнiң жарамсыздылығынан көрiнедi.Бұл үйлесу қызмет
түрiмен байланысты.
Бiрге жұмыс iстеу үшiн психологиялық процесстер бойынша жақын адамдар
таңдап алынады.(сангвиник-холерик). Егер жұмыстың тұлға аралық сипаты
болса, онда адамдарды қарама-қайшылық мiнездерi бойынша таңдаған дұрыс.
Әлеуметтiк-психологиялық үйлесу адамдардың әлеуметтiк қызметтi жемiстi
атқарудағы қарым-қатынастарына байланысты. Бұл ретте өзара толықтыру мен
сәйкестiлiк мiндеттi болып табылады. Өйткенi адамдар арасындағы бiр-бiрiне
тошлықтыратын қабiлеттер арқылы байланыс орнатылады.Үйлесудiң бұл түрi
тұлғалардың әлеуметтiк дамуында үлкен қызмет атқарады. Бұл топтық үйлесудiң
жолы. Оның кең таралған және айқын көрiнетiн, мысалы ретiнде
менеджiрлiк командаларды қалыптастыру принципiнiң тәжiрибесi көрiнедi.
Әлеуметтiк дүниетанымдық үйлесу-дегенiмiз идеялық көзқарастардың
ортақтығын әлеуметтiк ұстанымның құндылық ұқсастығын, идеялық туыстықты
бiрiңғай моральдық этикалық және басқа құндылықтарға ұмтылушылықты
бiлдiредi. Үйлесiмнiң мұнандай түрi ең күштiсi болып табылады. Мұндай
үйлесу көбiне сезiм-күй толқыныстарына апарып соқтыратынын айту керек.
Тұлғалар арасындағы шиеленiстердi қарастыруға байланысты сол
тұлғалардың мiнез-құлқына анағұрлым кеңiрек тоқталудың мәнi зор екенiн
айту қажет. Мұндай адамдар мiнез құлқының негiзi ретiнде шиеленiстердi
таниды, яғни бұл олардың мәселенi шешудiң түрi болып табылады. Мұндай
адамдар үшiн, қызметiнде жүйкесiн тоздыру және мiнез-құлқының бiр
қалыптылығы сақталмауы тән болады. Бұл олардың бойындағы күш-жiгерiн дамыта
түседi.
Iшкi тұлғалық шиеленiстер тұл тұлғалық санасы мен сезiмiнде қарама-
қайшылық тудырады, мүдделерiнiң қажеттiлiгiнiң, әлеуметенушiлiгiнiң
бағыттары қарама-қайшылыққы ұрындырады. Мұндай адамдардың санасы мен жүрегi
бiр-бiрiне бағынбайды.
Iшкi тұлғалық шиеленiстiң 4 түрiн айтуға болады:
1. Екi бiрдей деңгейдегi пайдалы, бiрақ қарама-қайшылық әрекеттердi талап
ететiн жолдың бiрiн таңдау кезiнде көрiнедi. Қызықты көңiл көтеру мен
маңызды және қызықты лекцияның бiрiн таңдау кезiнде көрiнетiн шиеленiс.
2. Бiрдей деңгейдегi әрi қызықты, әрi қызықсыз äәрежедегi мақсаттардың
шиеленiсi,мысалы:үйлену және қызықты бiрақ ақысы аз төленетiн жұмыс.
3. Адам бiрдей äәрежедегi ұнамсыз нәрсенi таңдауға мәжбүр болды. Мысалы, аш
кезiнде кезекте тұру немесе тұрмауға байланысты.
4. Рөльдер шиеленiсi, қарама-қайшылық және үйлеспейтiн рөльдердi жүзеге
асыру қажеттiлiгi.
1.2 Конфликтінің түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары
Конфликт – қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі маңызды құбылыстары
ның бірі. Бәрімізге белгілі, қоғамда адамның өмірі көптеген қарама-
қайшылықтарға толы, бұл қарама-қайшылықтар жеке адамдардың, кіші және үлкен
әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысуына әкеліп соғады.
Конфликт латын тілінен аударылғанда (“confluctus”) қақтығыс деген мағынаны
білдіреді.
1) Конфликт алдындағы жағдай - осы кезде белгілі бір қарама-қайшылықтар
үшін конфликттің потенциалды субъекттері арасында қысым өседі. Бірақ қарама-
қайшылықтар әрқашанда конфликтке айналмайды. Тек конфликттің потенциалды
субъекттерімен анықталған қарама-қайшылықтар үйлесімсіз болған жағдайда
ғана, конфликт пайда бола бастайды. Бірақ, көбінесе, бұл кезеңде
конфликттің қандай да бір алғышарттары болады. Егерде қысым ашық
конфликтті қақтығыстарға әкелмесе және ұзақ сақталатын болса, онда бұл
жағдайды латентті немесе потенциалды деп айтады. Конфликт алдындағы
жағдайды үш фазаға бөлуге болады, олардың мынадай ерекшеліктері бар:
• Қарама-қайшылықтың пайда болуы; сенімсіздіктің және
әлеуметтік қысымның өсуі; контакттардың азаюы.
• Эмоционалды сферада жиеркеніш және жалған сенімнің пайда
болуы.
• Өзара әрекет құрылымының бұзылуы; агрессивтіліктің өсуі;
“дұшпан образының қалыптасуы”.
Сонымен, конфликттік жағдай ашық конфликтіге ауысады. Конфликт реалды
болу үшін, инцидент қажет.
2) Инцидент - конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың
қызығушылығына қысым жасайтын немесе әрекет ететін инцидент болу керек -
осы кезеңнен бастап конфликт пайда болады, бұл екі жақтың алғаш қақтығысуы.
Инцидент кенеттен болуы мүмкін. Кейде, инцидентті үшінші күш те дайындауы
мүмкін, яғни оның сол конфликтіге деген өзінің қызығушылығы барын
көрсетеді. Ерекше жағдай- бұл “өткір конфликт”, бұл конфликтте бір адам
екінші адамға физикалық жазаға дейін қорқытады.
Инциденттің төрт түрін бөліп қарастыруға болады:
• Объективті, мақсатты емес түрде бағытталған инцидент.
• Субъективті, мақсатты бағытталған инцидент (адам конфликтіге
өзінің проблемасын шешу үшін барады).
• Субъективті, мақсатты емес бағытталған инцидент ( байқаусыздан
екі немесе бірнеше жақтың қызығушылықтарының қақтығысуы).
3) Эскалация (латын. Scala- табалдырық) – яғни бұл жерде конфликт
“табалдырықпен жүреді”.
4) Кульминация – бұл кезең, конфликт эскалациясы бір немесе екі жақты
да әрекет туғыздыратын кезде пайда болады. Кульминация – эскалацияның ең
жоғарғы нүктесі. Кульминация кезеңінде, екі жақ конфликтіні жалғастырудың
еш маңызы жоқ екенін түсініп, оны тоқтатады.
Эскалация міндетті түрде кульминациямен аяқталмайды. Ұзақ конфликтте
кульминация көп уақыт болмайды. Осындай жағдайда конфликт сөніп қалуы
мүмкін. Ал кейде, керісінше, кульминация қиын өтеді: ұзаққа созылған
эскалация кезінде негативті эмоциялар жиналады, кейін кульминация басталған
кезде бұл негативті энергия жарыққа шығады. Осындай кульминация- “өткір
конфликттің бір түрі” болып саналанады.
5) Конфликттің бітуі - яғни белгілі бір шешімге келу.
Пайда болған проблемаларды эффективті шешу үшін, әр адам, конфликтті
жағдайдағы мінез-құлықтың теоретикалық білімін және практикалық дағдыны,
сонымен бірге конфликттің пайда болу себебін және оны шешу тәсілдерін
меңгеріп алуы тиіс.
Кез-келген шиеленiс процесс болып табылады. Шиеленiстi динаимкады
қарастырудың тiкелей шартты. Егер бiз құбылыстың даму динамикасын жiберiп
алсақ, оны басқарудың мүкiндiгiн де жiберiп алғанымыз.
Психологияда шиеленiстер дамуының 4 кезеңiн көрсетiлген:
1. шиеленiстi жағдайдың пайда болуы.
2. жағдайдың шиеленiстi екендiгiн сезiну. Оның барлық
қатысушыларының жағдайдың шешудiң шиеленiстi екендiгiн
сезiну.
3. шиеленiстi мiнез-құлыққа өту.
4. шиеленiстi шешу.
Алғашқы екi кезең жағдайды талдау мен шешiм қабылдау мүмкiндiгi болады.
Бiрақ, өте күрделi 3 кезең.Ол динамикаға толы.
Шиеленiстi эмоционалдық түр толықтырады, яғни шиеленушi iс-қимылдары
сезiм ынталандырады, тұйық шеңбер пайда болады,ал бұл өте қауiптi. Бiр
жағынан, өзара шиеленiстi қимылдар, алғашқы жағдайдың түрiн өзгертуге
қабiлеттi. Оған өзара iс-әрекеттер тудырады.
Тұйық шеңбердiң қауiптiлiгi 2-шi шиеленiс көзi. Бұл жерде әрi
эмоционалдық, әрi танымдық (когнитивтiк) шиеленiс дамуының одан әрi дамуы
тiкелей көрiнедi. Оны жалғаспалы шиеленiске айналдырады. Бiрақ, бұл жерде
қарама-қайшылықмiнез-құлық тенденциясы,яғни оны шешу жағдайы пайда болады.
Олар неден тұрады? Шиеленiстi iс-қимылдар жағдайды шын мәнiнде толық
түсiндiредi.Сөйтiп, танымдық қызмет атқарады. Бiреу, сырт жақтан шиеленiске
қатысқан кезде, оның қарсыласының мүддесi туралы гипотезасы болады.
Шиеленiс кезiнде осының бәрi айқындалады. Қарсыластың күшiмен оның салдары
анықталады.
Бұл кезеңде қарсылас сауығады, шиеленiстiң дұрыстығына және сол кезде
шиеленiстi шешудiң алғашқы белгiсi пайда болады. Пайда болуы мен шешiлуi
түрi мен мазмұны жағынан шиеленiс әр алуан болады.
Шиеленiстiң пайда болуының мынандай негiзгi түрлерiн атауға болады:
1. қандай-да бiр негiзге орай, жақтардың өзара келiсу жолымен шиеленiстiң
толық тоқтауы
2. шиеленiске жақтардық бiрiнiң жеңiсiне байланысты тоқтауы.
3. өзара жол беру немесе жақтардың бiрiнiң жол беру негiзiнде толық
келiсiмге келуi арқылы,шиеленiстi бәсеңдету.
4. шиеленiстi өршету арқылы оны жаңа қақтығысқа ұластыру; Бұл кезде, 1-шi
жағдай мүлдем болмайды, жаңа шиеленiсу пайда болады.
5. шиеленiстiң өз бетiнше ағымы негiзiнде бiрте-бiрте бәсеңдейдi;
6. шиеленiстiң өзiнен-өзi тоқтауы.
Шиеленiстi шешудiң әдiстерi мен тәсiлдерi. Шиеленiстiң пайда болуына
қарағанда, оны шешудiң жолы басқаша, яғни оған мүдделi адамдардың саналы
әрекетi көрiнедi.
Шиеленiстi шешу үшiн ең алдымен жағдайды талдап алу қажет. Бұл талдауға
мынандай бағыттар кiредi:
1. Шиеленiстiң сылтауын емес себебiн анықтау.
2. Шиеленiстiң аумағын анықтау, яғни белгiлi бiр күштердiң енуi.
Шиеленiстiң iскер жақтарын, тұлғааралық жақтарынан шектеу қажет.
3. Адамзаттың шиеленiске қатысуының сылтауын анықтау, егер ол анықталмаса,
олардан себептердiң түсiндiруiн, яғни шын мәнiндегi сылтаудан ажырата
алу керек. Сылтауды анықтай алмаушылық шиеленiстi шешудiң мүмкiн
еместiгiне апарып соқтырады. Сылтаулардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру
керек.
4. Әрекеттердiң бағытын таңдау, шиеленiстiң шын мәнiндегi сылтауын түсiнуге
көмектеседi. Шын мәнiндегi сылтау қатысушы жақтардың әрекетiнен көрiнедi.
Шағын топтардағы шиеленiстi жағдайды талдау кезiнде әңгiмелесуденайналып
өтпеу керек. Осындай әңгiмелер өткiзе отырып, тепе –теңдiкке ұмтылу
қажет.
Шиеленiс кезенде - ешқашан да фактiлермен логикадан бастамау керек,ашу-
ыза өршеленiп тұрған кезде логикамен фактi ешккiмдi қызықтырмайды. Сезiмдi
алдын-ала бәсеңдетiп алып, шиеленiстi шешуге кiрiсу керек.
Тағы бiр айта кететiн жағдай, кейбiр қатысушыларға мәселенi шешу
кезiнде невроз болып немесе стреске деген қарсылық төмендеуi мүмкiн. Бұл
жағдай болмау үшiн адам бойында стреске деген бейiмдiлiктi көтеру қажет.
Шиеленiс кезiнде кейбiрiне қоқала кетейiк.
Қандай да бiр өмiрлiк маңызы бар мақсатқа жету кезiнде, адам тап
болған жеңiлiс көп жағдайда жүйкенiң жұқаруына апарып соқтырады, егер бұл
жеңiлiстiң күшiн азайтатын iс-қимыл жасамаса, оның басқа мақсаты болмаса
осылай болады. Басқа да көптеген мақсаттары бар және ыңғайлы ниетi көп адал
жолы болмаған кезде жүйке салмағына көп ұшыра қоймайды, ал бiр ғана
жетiстiккке ұмтылған адамда керiсiнше болады. Қол жетпеген нәрсенi қайта
бағалай бiлу. Белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, барлық күшiмен ұмтылған адам
құрмет пен сыйға лайықты, бiрақ жеңiлiс болса ше? Оның үстiне äәл солай
табанда түрде жұмыс iстейтiн басқа масаты болмаса ше? мұндай уайымға
салыңбау мүмкiн емес және оның ақыры жұмыс қабiлетiнiң төмендеуiне апарып
соқтырады.
Қиын жағдайды жеңiлдетуге сол жеңiлiстiң мәнiн, ұмтылған нәрсенiң
құндылығын төмен сезiну арқылы қол жеткiзуге болады. Қалай болғанда да
үлкен нәрселерге қарағанда, шағын нәрсенiң уайымын сезiну жеңiлiрек.
Келiсiм жүргiзу тәсiлi. Ұжымдағы проблеманы шешудiң нәрмендi
құралдарының бiрi келiсiм болып табылады. Келiсiмнегiзiнен өзара пiкiр
алысу арқылы екi жақтың мүдделерiне жауап беретiн келiсiмдерге және
келiсiмге қатысушылардың бәрiн қанағаттттандыратын жетiстiкиерге жетуге
арналған Бiз оппоненттiң проблемасын шешпесек өз проблемамызды шешу
кезiнде жетiстiкке жете алмаймыз-деген ереженi ұмытпау керек.
Көбiне проблеманы жан-жақты талқылағанда ғана келiсiмге қол жетедi.
Келiсiм барысында әртүрлi мүдделер көрiнедi.Келiсiмге қатысушылар оны өз
проблемалармен салыстырады. Егер келiсiм барысында әртүрлi объективтi және
психологиялық аспектiлер ескерiлмесе,олардың табысқа жетуi
қиындайды,мәселенi тереңiрек қарастыру үшiн келiсiм жүргiзудiң көптеген
тәсiлдерiн кең қолдануға болады.
Вариациялық тәсiл. Күрделi келiсiмдерге дайындық жасау кезiнде анықтап
алу керек.
➢ қойылған проблеманы жүйелi шешудiң жолы қандай
➢ проблеманы идеалды шешудiң қандай аспектiлерiнен бас тартуға болады.
➢ күтiлетiн нәтижеге, қиындықтарға кемшiлiктерге, көзқарас жасауда қандай
шешiмдер таңдау керек.
➢ күтiлiп отырған серiктестiктiң ұсынысына, мүдеелердiң сәкес келмеуiне
жауап беру үшiн, қандай аргументтер керек.
➢ Шектеусiз мерзiмдегi келiсiмдерге қандай мәжбүрлi шешiм қабылдау керек.
➢ қандай төтенше ұсыныстарда мiндеттi түрде және қандай дәлелдердiң
көмегiмен кейiнге қалдыру керек.
Интеграция тәсiлi. Бұл тәсiл мынандай жағдайда ,яғни партнер
мәселесiнiң жалпы белгiлi құндылығына мән бермегенде және проблеманышешуге
шектеулi ведометвалық позициядан қарағанда қолдану керек. Серiктесiңiздiң
мүдессiнен алыс үйренушiлiк ұрандардан аулақ болыңыз. Оған өз позицияңызды
баяндаңыз және одан қандай iс-әрекет күтетiңiздi нақтылаңыз. Сiздердiң
ведомстволық мүддеңiз сәйкес келмегенiне қарамастан, талқыланып отврған
проблеманы шешудiң қажеттiлiгiн ерекше атаңыз.
Бәрi үшiн ортақ аспектiлердi және өзара пайдалы нәрсенi алудың
мүмкiндiгiн табуға тырысыңыз және оны серiктесiңiздiң санасына жеткiзiңiз.
Келiсiмнiң барлық пунктерiне жетуге болатыны туралы қиялға берiлмеңiз. Егер
солай болғанда келiсiмнiң мүлдем қажетi жоқ болып шығар едi.
Теңестiру тәсiлi. Бұл тәсiлдi пайдалану кезiнде мына мәселеге назар
аударыңыз:
• серiктесiңiздi сiздiң ұсынысыңызды қабылдауға көндiру үшiн, қандай
äәлелдер мен фактiлердi пайдалану қажет
• мәселенi серiктесiңiздiң көзiмен қараңыз
• мәселенi серiкиесiңiзден күтiп отырған äәлелдер тұрғысынан қараңыз.
• қарсы äәлелдердi ойлаңыз,соған ыңғайлаңыз, оларды äәлелдеу процесi
кезiнде пайдаланыңыз.
Компромисттiк тәсiл.
Бұл тәсiлде келiсiм серiктестер жаңа жағдайды ескере отырып, өз
талаптарының бiр бөлiгiнен бас тартатын кезде қол жеткiзiледi:
Олар бiр нәрседен бас тартып жаңа талаптар қояды. Егер компромистiк
шешiм сiздiң компетенцияңыздан шығып кетсе, шартты келiсiмгк барыңыз.
Табысты келiсiмге жету үшiн, серiктесiңiздiң мiнез-құлқын жедел талдау
керек.
Жоғары айтылғандарды қорытындылағанда келiсiмдi табысты жүргiзудiң
маңызды негiзi болып мұқият дайындық, мәселеге үңiлу, мәселенi шешуге ойша
бағыттау, жалпы позицияны жасауға ұмтылу серiктесiңiздiң жеке ерекшелiгiн
ескеру реализм, болып табылады.
Жалпы конфликт дегеніміз- адамдар арасында олардың белгілі бір
ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа
ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. Конфликттің зерттеу
әдістемелері: эксперимент, документтерді зерттеу, сұрақтама, бақылау және
тағы басқа.
“Конфликт” термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт
барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз дегенде екі
қарама-қарсы жақ болу керек. Олардың әрекеттері өз қызығушылықтарына
бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады. Сондықтан да барлық
конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән [1, 2].
Әрбір конфликтте оның қатысушылары – конфликттантар болады. Оларда
ерік, жігер, сана бар және олар өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға
жауап бере алады. Әрбір қатысушы – субъект болып табылады, субъект бір
немесе бірнеше болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір- біріне оппонент болады,
олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар
екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент
болып кетуі мүмкін. Конфликт даму үшін инцидент болу керек. Конфликт пәні
әдетте белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп қарастыру
қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді.
Сонымен қатар пәні жоқ конфликттер де болады. Егер жағдай айқындалмаса,
онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.
Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам бір
немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ астынан
конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде еріксіз екі адамның арасына арбитр
немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.
Конфликттің негізгі элементтерінің бірі- объект, яғни белгілі бір
себеп, мотивация және т.б. Нақты конфликтіде объектті анықтау өте қиын.
Конфликті дұрыс меңгеру үшін, оның шекараларын анықтап алу қажет. Оның үш
аспектісі бар: кеңістік, уақыт және ішкі жүйелік[1,25-30бб].
Кеңістікті шекара – конфликт болып жатқан территориямен анықталады.
Конфликттің нақты кеңістігін анықтау халықаралық қарым-қатынаста өте
маңызды.
Уақыт шекарасы – бұл конфликттің мерзімі, яғни оның басы мен соңы.
Конфликттің басы мінез-құлықтың объективті актісімен анықталады. Конфликт
татуласумен немесе керісінше бір жақты жоюмен аяқталуы мүмкін.
Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:
1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт
инициаторына қарсы әрекет етеді;
2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын
ұғынады;
3. Екінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде
белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды
деуге болады.
Конфликт элементтері:
• Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы,
• Екі жақтың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі,
• Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған
мінез-құлық,
• Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану,
• Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы,
• Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы,
• Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік,
авторитеттілік,
• Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.
Конфликт критерийлері
1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір адамның белсенділігі басқа
адамның әрекетін анықтайды, ал бұл әрекет бірінші субъектінің
жауап реакциясын тудырады;
2. Жағдайды конфликттік деп ұғыну, яғни екі жақ бір-бірінің
әрекетін мақсатына жетудегі әдейі жасалынған қастық деп
бағалайды;
3. Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе
рационалды шешім қабылдау.
Конфликт адамдар үшін қандай рөлде? Көп адамдар конфликтті жағымсыз
құбылыс ретінде қабылдайды. Зерттеушілердің ойынша, өндірістерде конфликт
үшін шамамен 15% жұмысшылар жұмыстан айрылады. Ал кейбір адамдар, конфликт
– бұл пайдалы әлеуметтік құбылыс деген. Бұл бағытты Аристотель, Гоббс,
Гегель, Маркс, Вебер қолдады. Реалды өмір болу үшін түрлі көзқарастар,
конфликттер, өзгерулер қиылысу қажет.
Тарихи және көркем әдебиеттерде конфликттік жағдайдың көптеген түрлері
жазылған (күш бойынша, форма бойынша, мазмұны бойынша). Өркениеттің бүкіл
тарихы әлеуметтік конфликттермен сіңген. Кейде ең үлкен және салмақты
конфликттік жағдайлар кішкентай және қарапайым жағдайлардан, себептерден
пайда болады. Конфликт серіктестік және келісушілік кезінде де болады. Әр
адам конфликтпен бірге өмір сүруге үйрену керек [2, 15 б.].
Конфликт серіктестік және келісушілік кезінде де болады.Әр адам
конфликтпен бірге өмір сүруге үйрену керек. Әлеуметтану және психология,
конфликтті және адамның мінез-құлқын екі теоретикалық позиция бойынша
суреттейді.Бірінші позиция бойынша, конфликт- бұл әлеуметтік жағдайдың жеке
жағдайы, оның өзінің нормативті даму заңдылықтары болады. Осы бағытқа
К.Левиннің жұмыстары кіреді. Оның айтуы бойынша, мінез-құлық субъективті
сәулелену және санада болатын аффектті қобалжулармен және қарым-қатынаспен
анықталады. Екінші позиция бойынша, адамның тұлғасы және индивидуалдылығы
конфликттің негізгі себебі болады. Бұл екі позиция бір-біріне қайшы
келмейді, керісінше бір-бірін толықтырады.
Конфликт мақсатына байланысты: Позитивті; Негативті; Конструктивті;
Деструктивті болады.
Мертон Дойч, конфликтті жүріс-тұрыстың мотивационды анализін зерттей
отырып, конфликт- бұл екі жақтың өзара әрекеті және бір мақсатқа жету
кезінде басқа мақсаттың кедергі етуі, яғни конкуренция бұл жерде
конфликттің объективті жағдайы ретінде болады, деген. Конфликттер адамдар
арасындағы өзара әрекет кезінде көп кездесетіндіктен, олар конструктивті
функцияны атқарады:
- конфликт белгілі бір қозғалыстың жылжуына түрткі болады;
- конфликт- бұл белгілі бір ескі қарым-қатынастың шешіліп, жаңа қатынас
тың қалыптасуына түрткі болады;
- конфликт кезінде ішкі қысым “жойылады”, ал агрессивті сезімдер
“сыртқа шығады”, фрустрациялар мен невроздар “ыдыраяды”;
- конфликт- тұлғаның өзін-өзі анықтау әдісі болып табылады, әсіресе
конфликт, жасөспірімдерде топта беделін қолдау үшін мінез-құлықтың қажетті
түрі;
-топішілік конфликт-топтық интеграцияға, ұйымшылдыққа, топтық
ынтымақтастыққа әкелуі мүмкін.
Мелибруд, Зигерт және Лайтенің моделі бойынша, конструктивті шешім
келесі факторларға байланысты:
1) Конфликтті адекватты қабылдау;
2) Қарым-қатынастың ашықтығы мен эффективтілігі, яғни проблеманы жан-
жақты талқылау;
3) Шынайы сенім мен қызметтестік атмосферасын құру.
Деструктивті конфликттің белгілері:
- конфликттің өрістеуі;
- конфликт эскалациясы (яғни ол бастапқы себептерге тәуелсіз болады,
конфликт себептері жойылса да, конфликттің өзі жалғаса береді);
- шығындардың ұлғаюы негізіне конфликт өкілдері тікелей қатысты;
- ситуативті өлшем көрсеткішінің, қатысушылардың агрессивті әрекетінің
өсуі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz