О.Бөкеев шығармаларындағы бейварбалды амалдар



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеу
2 Бейвербалды амалдар туралы көзқарастар
Бейвербалды амалдардың теориялық сипаттамасы, зерттелу жайы, көркем шығарма тілі, кинесикалық амалдардың классификациясы. Бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени негізі және оның О.Бөкеев шығармаларындағы көрінісі. Бейвербалды синонимдер, омонимдер, антонимдер. Сәлемдесу және қоштасу рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдар. Тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдар. Қорытынды бөлім. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. О.Бөкеев шығармаларының тізімі. Жұмыстың көлемі 65 бет.
Кіріспеде: Қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық тұрғыдан қарастырумен бірге коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу ерекше орын алады. Ол тілсіз қарым-қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды. Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен байланысты. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, оның көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап-жүйелеу көркем шығармадағы автордың ойын терең түсінуге ықпал етеді. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар тілдік материалдардың бірден-бір қайнар көзі – жазушылар шығармашылығы.
Оралхан Бөкеев – 1960–1970 жылдардағы қазақ прозасында көрнекті жазушылардың бірі. О.Бөкеевтің прозалық, драмалық туындылары, көркем публицистикасы әдебиетіміздің асыл қорына рухани қазына болып құйылды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
О.Бөкеев шығармаларындағы бейварбалды амалдар
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: “О.Бөкеев шығармаларын-дағы
бейвербалды амалдар” деп аталады. Дипломдық жұмыс: кіріспе бөлім, негізгі
бөлім, қорытынды бөлім және қосымшадан тұрады.
Негізгі бөлімде: Диплом жұмысының мақсаты, міндеттері. Бейвербалды
амалдардың теориялық сипаттамасы, зерттелу жайы, көркем шығарма тілі,
кинесикалық амалдардың классификациясы. Бейвербалды амалдардың ұлттық-
мәдени негізі және оның О.Бөкеев шығармаларындағы көрінісі. Бейвербалды
синонимдер, омонимдер, антонимдер. Сәлемдесу және қоштасу рәсімінде
қолданылатын бейвербалды амалдар. Тыйым ретінде кездесетін бейвербалды
амалдар. Қорытынды бөлім. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. О.Бөкеев
шығармаларының тізімі. Жұмыстың көлемі 65 бет.
Кіріспеде: Қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық
тұрғыдан қарастырумен бірге коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу
ерекше орын алады. Ол тілсіз қарым-қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері,
білдіретін мағыналары, олардың ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен,
әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен байланысты. Қарым-қатынастың
бейвербалды түрін, жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып
көрсету, оның көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап-жүйелеу
көркем шығармадағы автордың ойын терең түсінуге ықпал етеді. Мұндай
мақсатқа жетуге арқау болар тілдік материалдардың бірден-бір қайнар көзі –
жазушылар шығармашылығы.
Оралхан Бөкеев – 1960–1970 жылдардағы қазақ прозасында көрнекті
жазушылардың бірі. О.Бөкеевтің прозалық, драмалық туындылары, көркем
публицистикасы әдебиетіміздің асыл қорына рухани қазына болып құйылды.
Шығармалары орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай т.б. халықтар
тілдеріне аударылып басылды. О.Бөкеев 1943 жылы Шығыс Қазақстанның Қатон-
Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1963 ж. Қазақ
Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне түсіп, сырттай оқып
бітірген. “Лениншіл жас” (“Жас алаш”), “Жұлдыз”, “Қазақ әдебиеті” газет-
журналдарында бөлім меңгерушісі, редактордық орынбасары, редакторлық
қызметтер атқарып, әдебиеттің өркендеуіне көп үлес қосты.
Жазушы шығармашылығын таза лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қолға алына
бастады. Бұл ретте (О.Бөкеев шығармалары бойынша) А.Сембаеваның “Көркем
шығармадағы эмоционалды-экспрессивті лексика” атты еңбегін атауға болады.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейвербалды амалдар жазушы шығармаларынан кең
көрініс тапқан. Жазушы бейвербалды амалдарды пайдалана отырып, өзінің
стильдік шеберлігін шыңдайды. О.Бөкеев кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі,
психологиясы бейвербалды амалдар арқылы ашыла түседі. Мысалы, “Қайдасың,
қасқа құлынымдағы” – Ораш, “Өліарадағы” Қойшы, “Елең-алаңдағы” – Зарлық,
“Құм мінезіндегі” – Бархан, “Өз отыңды өшірмедегі” – Дархан, “Сайтан
көпірдегі” – Аспанды алатын болсақ, кейіпкерлердің жан дүниесін,
характерін, ішкі күйзелісін бейвербалды амалдармен, яғни, ым-ишаралармен
аша білуі автордың шеберлілігі. Қаламгер сомдаған кейіпкерлердің ішкі
жылылықпен қол алысып амандасуы, қауыша құшақтасуы, қуанышпен күлімсірей
қарап, маңдайынан сүюі – ұлтымыздың мейірбандығының, асыл тәрбиесінің,
сыпайыгер-шілігінің, ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрінісі. Бейвербалды
амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық-тағылымдық мәнін
күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік
және тілсіз қатынасты жете меңгеруге жол ашады.
Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеу Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин
еңбектеріннен бастау алған. Ч.Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген “Эмоцияның
адам және жануарларда бейнеленуі” атты еңбегінде тілдің шығу тарихы мен ым-
ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Көптеген ғалымдар
бейвербалды амалдардың сөйлеудегі ерекшеліктерін анықтай келе, адам
өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықша назар аударған.
Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды
амалдар (тек сөз) – 7%, дыбыс, интонация – 38%, бейвербалды амалдар – 55%,
қолданылады деген пікір айтқан. Ал профессор Бердвислл адамдар қарым-
қатынасында 38% – сөз, 65%, – хабар бейвербалды амалдардың көмегімен
беріледі деп тұжырымдайды.
Бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ
филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов еңбегінде кездеседі. Ғалым ымның
ерекшелігі туралы былай дейді: “Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай
қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы,
көбінесе, ыммен толығады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса,
бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінуге болады”
деген ойынан бейвербалды амалдар – ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екендігін
білуге болады.
Сондай-ақ тілші М.Балақаевтың зерттеу еңбектерінде де бейвербалды
амалдарға қатысты мәселелер сөз етіледі. Ғалым бейвербалды амалдарды
сөйлеудің қосымша амал-әрекеті ретінде қарастырады. “...Сөйлеу әр уақытта
сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым, нұсқау, қол
көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана... сөйлеу, бәрі – ойды дәл
жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әрекеттері”, – деп
қорытындылайды.
Психолог-ғалым М.Мұқановтың қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысында
кездесетін ұлттық-мәдени сипатқа ие бейвербалды амалдарды алғаш психология
ғылымымен байланыстыра талдайды. М.Мұқанов қазақ халқының тұрмысында
кездесетін бейвербалды амалдардың 28 түрін жинақтай келе, бірнеше топқа
жіктейді: сәлемдесу амалдары (көрісу, сәлем ету); алғыс айту амалдары (ас
қайыру, сарқыт беру, бата беру); үлкендерді немесе сыйлы адамдарды
қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының
түсуі, ақ байлау); тілек амалдары (бата беру); кемсіту немесе қорлау
амалдары (теріс бата беру, келген кісіні табалдырықта қабылдау, келген
адамға ішек-қарын беру); қайғы амалдары (жылау, көрісіп жылау); ант, серт
амалдары; тұрмыс амалдары (шашу, кесені төңкеріп қою, дастархан қайыру);
салт-дәстүр амалдары (ерулік, із келсе шығарып салу); таңғалу амалдары
(бетім-ай); өтініш амалдары (кіндік шешенің құттықтауы); өзгешелік
амалдары.
Академик Ә.Қайдар қазақ қауымында өзіндік мағына-мәні бар тізе бүгу,
қол шапалақтау, жұдырық түю, сақал сипау т.б. амалдарды бейвербалдық
әрекеттер деп қарастырады.
С.Татубаев “Жесты как компонент искусства” еңбегінде қазақ халқының
тұрмысында қолданылатын ишаралар мен опера, драма өнерінде кездесетін
ишараларды салыстыра зерттейді. Автор: “Күнделікті қарым-қатынаста
қолданылатын ишаралар мен драма және операда кездесетін ишаралардың бір-
бірінен айырмашылығы жоқ. Өйткені қарым-қатынаста және сахна өнерінде
қолданылатын ишаралардың беретін мағынасы мен атқаратын қызметі бірдей”, –
деп өз ойын қорытындылайды.
В.М.Верещагин, В.Г.Костомаров бейвербалды амалдарды іштей екіге бөліп
қарастыруды ұсынады:
1. Соматизм тілі. Бұл топқа ишара, дене қалыбы, мимика, бет-әлпет
кескіні және әр түрлі адам жүзінде байқалатын психосоматикалық симптомдарды
енгізеді.
2. Ғұрыптық тіл. Бұл топқа бір әлеуметтік топтың әдет-ғұрпымен,
этикетімен, салт-дәстүрімен байланысты дене қимылдарын жатқызады.
Г.В.Колшанскийдің: Ғалым бейвербалды амалдардың зерттелуіне шолу жасай
келіп, өзінің “Паралингвистика” деген еңбегінде былай дейді: “Пара-
лингвистикалық амалдар тілдік қатынаспен қатар қолданылып, қосымша хабар
береді. Бұл амалдарға әр түрлі дыбыс ерекшеліктері, сонымен қатар мимика,
ишара, дене қимылдары жатады”.
Бейвербалды амалдардың зерттелуі жайына шолу жасай келе, бейвербалды
амалдар тек қазақ халқына ғана тән емес, ол барлық халықтың қарым-
қатынасында бар құбылыс.
Тіл білімінде бейвербалды амалдарды паралингвистика (грек тілінде apa
– қасында, жанында және латынның lingua – тіл деген сөздерінен құралған)
қарастырған. Паралингвистика терминін қырқыншы жылдары американдық
зерттеуші, ғалым А.Хилл енгізген. Терминді алғаш ұсынған ғалым А.Хилл
болса, жаңа ғылым саласының зерттеу нысанын белгілеген, бейвербалды амалдар
мәселесін алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеушілердің бірі – Дж. Трейгер. Бұл
сала ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап зерттеле бастады.
Лингвистикалық түсіндірме сөздікте бұл терминге мынандай анықтама
берілген: 1) сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге
жатпайтын құралдар; 2) тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды
емес) құралдардың жиынтығы.

Адамдар тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды.
Айналасындағылармен алуан түрлі ым-ишара, белгі, бас шайқау, қол сілтеу,
иек қағу, бас изеу, әр түрлі эмоция таныту арқылы өз ойынан хабар бере
алады. Бейвербалды амалдар арқылы сан қилы ақпарат алуға болады.
Мысалы, телефон арқылы сөйлеп тұрған дауысқа мән бере отырып,
сөйлеушінің жас мөлшерін, көңіл-күйін, байқауға болады. Немесе алдыңызда
отырған сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістеріне, қимыл-әрекеттеріне қарап
отырып, оның мінезі, көзқарасы, көңіл-күйі, жеке тұлғалық қасиеті жайлы
хабар ала аласыз.
Тілдік қатынас кем дегенде екі адамның қатысы арқылы жүзеге асады.
Бірі хабарды жіберсе, екіншісі оны қабылдап алады. Тіл білімінде ғалымдар:
алу, беру, қабылдау, жеткізу, жіберу т.б. сөздерін ғылыми айналымда көп
қолданылатындықтан белгілі бір терминдермен алмастырып айтуды ұсынады.
Хабар беруді – трансмиссия, қабылдауды – рецепция, осыған байланысты хабар
берушіні – трансмиссор, хабар қабылдаушыны – реципиент деп көрсетеді. Бұл
мәселе туралы қазақ тіл білімінде тілдік қатынастың теориясы мен
әдістемелік негізін зерттеген ғалым Ф.Ш.Оразбаева былай дейді: “...ерекше
орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып
табылатын – хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар.
Олар мынадай құрамнан тұрады:
1. Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын – Баяншы.
2. Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар.
3. Ақпаратты не деректі жеткізетін – Қабылдаушы.
Баяншы – сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған
санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші
біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы,
тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар – хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында
ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар
арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық
бірліктер.
Қабылдаушы – белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік
тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп
ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
Кез келген түсіністік қарым-қатынас әр түрлі бейвербалды амалдармен
бірге жүруі мүмкін. Яғни коммуниканттар әрі вербалды, демек тіл арқылы, әрі
бейвербалды, яғни тілдік емес факторлар арқылы қарым-қатынас жасай алады.
Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екіге бөліп
қарастырамыз. Оның бірі – тілдік қатынас, екіншісі – тілсіз қатынас.
Ғалымдар тілдік қатынасты – вербалды, тілсіз қатынасты – бейвербалды
амалдар деп те атайды.
Бейвербалды амалдар деп – вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша
мағына үстейтін, коммуникативтік актіні жалғастыруға қызмет ететін,
адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-қатынастың
түрін айтамыз.
Бейвербалды амалдар көркем шығармада образ сомдауға қажет маңызды
элемент.
Қоғамның өзгеруіне қарай тұрмыста сирек қолданылып, бірте-бірте
қолданыстан шығып қалған бейвербалды амалдар бар. Бұндай амалдар архаизм-
бейвербалды амалдар болып саналады.
Белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданылатын бейвербалды амалдар
да кездесіп отырады. Мысалы, әскери адамдардың алақанын қырынан қойып
шекесіне тигізіп сәлемдесуі, дирижер ишаралары, спорт ойындарының ишаралары
(күрестерде, бокста т.б. спорт ойындарында төреші жеңген адамның оң немесе
сол қолын көтереді. Сонымен қатар бокста төреші екі ойыншының арасынан оң
қолымен жоғарыдан төмен түсіріп, тігінен сызық сызған сияқты көрсетсе – ол
раундтың басталғанын білдіреді т.б.). Мұндай амалдар белгілі бір мамандық,
кәсіп аумағында қолданылатындықтан кәсіби-бейвербалды амалдар деп
аталынады.
Сол сияқты вариантты-бейвербалды амалдарды кездестіруге болады. Мысалы:
қол бұлғау, орамалмен бұлғау, бас киімін қолына алып бұлғау.
Сонымен қатар диалект-бейвербалды амалдарды да кездестіруге болады.
Мысалы, қазақ халқында шайға тойғандықты аңғартатын – кесені төңкеру,
кесенің үстіне қасықты төңкеріп қою, дастарханның шетін қайырып қою сияқты
кинемалар жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылып отырады.

О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігінен, салт-дәстүрінен хабар бере алады. О.Бөкеев шығарма-ларында
кездесетін бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшелігіне сәйкес, үш топқа
жіктелді:

1) кинесика;
2) просодика;
3) проксемика.
Кинесикалық амалдар қарым-қатынас барысында қолданылатын мимика, ишара,
дене қалыбы, адамның аяқ алысы (жүріс) сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде
танылып тілдік қарым-қатынасқа көмекші құрал ретінде қызмет атқарады.
Просодика – тембр, интонация, дауыс қаттылығы, екпін, ырғақ т.б. баяншы
мен қабылдаушының көңіл-күйін, сезімін сипаттаушы амалдар болып табылады.
Дауыс ырғағы, интонация, дауыс қаттылығы арқылы комму-никанттардың ішкі
сезімдері, көңіл-күйі, психологиялық сипаты беріледі.
Проксемика – коммуникативтік актіде адамдардың кеңістікте орналасуы. Ол
коммуникативтік актіге қатысушы адамдардың арасындағы ара қашықтықты
көрсетеді. Проксемика (proximiti – жақындық) – бұл терминді американдық
антрополог Э.Холл енгізген.
Проксема – проксемиканың құрылымдық бірлігі болып саналады.

Бейвербалды амалдар

кинесика просодика проксемика

мимика, ишара, интонация, дауыс адамдардың
дене қалыбы. қаттылығы, тембр, кеңістікте
дем алу, орналасуы және
сыбырлау, күлу, олардың
жылау т.б. арасындағы ара
қашықтық.

Бейвербалды амалдардың түрлері

Бейвербалды амалдар ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екендігі
дәлелденді. Бейвербалды амалдар қарым-қатынас кезінде тілдік амалдармен
қатар қолданылып, сөйлеуді жеңілдетеді. Бейвербалды амалдардың негізгі үш
түрлі атқаратын қызметі айқындалды:
1) қарым-қатынас кезінде бейвербалды амалдар вербалды компоненттерді
қайталай қолданылады;
2) бейвербалды амалдар кейбір вербалды компоненттерді жартылай
алмастырады;
3) бейвербалды амалдар вербалды амалдарды толығымен алмастыра алады.
Бейвербалды амалдардың қолданылу мақсаты жұмыста төмендегідей
айқындалды:
1. қарсыластар бір-бірінің тілін білмеген жағдайда;
2. айқай-шу, дабыр кезінде;
3. қатты қорыққан жағдайда:
4. адамдар арасында белгілі қашықтық болған жағдайда:
5. коммуниканттардың бірінің тілінің кемістігі немесе құлағының ақаулығы
болған жағдайда;
6. бір адам екінші адамның сөзін бөлмеу мақсатында (жиналысқа кешігіп
келген адам әріптестерімен қол көтеру, жымию, немесе бас изеу арқылы
амандасуы);
7. толық тыныштық талап етілген жағдайда;
8. адамның уақытша сөйлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда (мысалы, тамақ ішіп
отырғанда) т.б.
Кейіпкерлердің көзқарасы, бір-біріне қарым-қатынасы оның мимикасы-нан,
дене қимылынан, дене қалыбынан, күлкісінен, ишарасынан байқалады.
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар:
1) бейвербалды амалдар бір сөзбен беріледі, яғни етістік арқылы.
Мысалы, ыржию, тыржию, ажыраю, қыржию т.б.
2) бейвербалды амалдар фразеологизмдермен беріледі.
Фразеологизмдердің жасалуында көз, мұрын, бет, ауыз, тіл, тіс, қол,
аяқ т.б. дене мүшелерінің қызметі айрықша.
Қазақ тіл білімінде дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер
түрін “кинетикалық” фразеологизмдер деп атайды. Оған табанынан тік тұру,
қол қусыру, зыр жүгіру, елбек қағу, құрақ ұшу, қолдан қолға түсірмеу,
өкшесін жерге тигізбеу, жаны қалмау, бәйек болу, қошемет көрсету, жатып
жастық, иіліп төсек болу, шапан жабу, шылбырына оралу т.б. сияқты мысалдар
келтіреді.
Бұндай тұрақты тіркестер қатарына теріс қарау (жақтырмау), бармағын
тістеу (өкіну, қапалану), құшағын жаю (қуанышпен қарсы алу), қабағынан қар
жауу (қатты ашулану), екі көзі шарасынан шығу (қатты қорқу), мұрнын көкке
көтеру (менсінбеу, өзін жоғары ұстау), мұрнын тыржиту (менсінбеу), санын
сабалау (қатты қуану), желкесін қасу (мәселенің шешімін таба алмай дағдарып
қалу), білегін сыбану (жұмысқа белсене кірісу), ернін шүйіру (біреуді
жақтырмау, менсінбеу), тісін қайрау (ыза болу, кектену), таңдайын қағу
(қатты таңдану, қайран қалу) сияқты бейвербалды амалдар негізінде жасалған
адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға
болады.
Бетіне күйе жағу, сиырға, есекке теріс мінгізу – масқаралау, жазалау
кинемалары. Жеті жарғының жазалау дәстүрінің бірі – ар жазасы. Бұл жаза
негізінен туған-туысқан арасында болған теріс қылықтар барысында
қолданылатын болған.
Бейвербалды амалдар көркем шығармада образ сомдауға қажет маңызды
элемент.
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада бейнеленуінің бірнеше түрі
анықталды.
Қоғамның өзгеруіне қарай тұрмыста сирек қолданылып, бірте-бірте
қолданыстан шығып қалған архаизм-бейвербалды амалдар айқындалды. Мысалы, ат
құйрығын кесісу, отының басын сабау, артынан топырақ шашу, туырлығын тілу
т.б. Белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданылатын кәсіби-бейвербалды
амалдар да кездеседі. Сонымен қатар вариантты-бейвербалды амалдар да
кездеседі.
Бейвербалды амалдардың ішінде ең көп тарағаны – кинесикалық амалдар.
Кинесика – kinesis – грек тілінен аударғанда “қозғалыс” деген ұғымды
білдіреді.
Жұмысымызда мимика, ишара (жест), дене қалыбы (поза) сияқты ұғымдардың
жиынтығы ретінде танылатын кинесикалық амалдар классификациясы жасалды.
Мимика, ишара, дене қалыбы сияқты ұғымдарға анықтама беріліп, тұжырым
жасалды.
Мимикаға әдетте, адамның бет-әлпеті қатысады. “Бет-әлпет” ұғымының
ауқымына маңдай, көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл,
тіс, таңдай тәрізді мүшелері енеді.
О.Бөкеев шығармаларында адамның қабағын түюі – ренжудің; бетін,
маңдайын, мұрнын тыржитуы – жақтырмаудың, риза болмаудың; ернін тістелеу –
өкініштің; тілін, төменгі ернін шығару – жақтырмау және келемеж қылу,
мазақтаудың; кірпіктің дірілдеуі – ұялғандықтың; тісті шықырлату – ыза
болғандықтың; ернін бұртиту – өкпелеудің символы ретінде қолданылып, жеке
адамның мінез-қырынан, жағымды-жағымсыз қасиеттерінен хабар беріп отырады.
Кинесикалық амалдарды топтастыруда өзіндік орны бар ғалымдар
Л.А.Капанадзе, Е.В.Красильниковалар ишараны үлкен екі топқа бөліп жіктейді:
1. Таңбалы: а) нұсқау ишаралары. Бұл ишараны орындауда қол, иек, көз,
қабақ, бас сияқты дене мүшелерінің рөлі зор. Атқаратын қызметі –
сөйлеушінің айналасындағы нақты бір затты, құбылысты, іс-әрекетті нұсқап,
бөлектеп көрсетуінде; ә) бейнелеуші ишаралар. Қолдың көмегімен заттың
көлемін, ұзындығын бейнелеуде қолданылады; б) символдық ишаралар. Бұл
ишаралар салт-дәстүр, этикетпен тығыз байланысты. Мысалы, сәлемдесу
рәсімінде ер адамдардың қалпағын шешуі т.б.
2. Таңбалы емес: а) көңіл-күй ишаралары. Қорқу, қуану, ашулану,
таңғалу, қайғыру, өкіну сияқты эмоцияларда қолданылатын ишаралар. Мысалы,
қол шапалақтау – қуану, жұдырық түю – сес көрсету, басын ұстау – уайымдау
белгісі; ә) ырғақты ишаралар. Зерттеуші Р.П.Волос орыс халқының 100
ишарасын жинақтап топтастырады.
Ишара – адамның ішкі жан дүниесінің хабаршысы болып саналады. Адамның
ишарасы арқылы көп нәрсені аңғаруға болады.
Дене қалыбы – кейіпкерлердің тән тіршілігімен бірге, жан тіршілігін
тасымалдайтын бейвербалды амалдардың түрі. Қарым-қатынас кезінде адамдар
отырып, тұрып, жантайып, малдас құрып отыруы, жүрелеп отыруы т.б. мүмкін.
Ер адамдардың малдас құрып және әйел адамдардың бір аяғын бүгіп жамбастап
отыруы – этномәдени белгі ретінде қарастырылады.
О.Бөкеев шығармаларын зерттеу барысында дене қалыбының үш түрі
анықталды:
1) жатқан кездегі дене қалыбы;
2) отырған кездегі дене қалыбы;
3) тұрған кездегі дене қалыбы.
О.Бөкеев кейіпкерлерінің әр түрлі дене қалыптары арқылы олардың
психологиясын, басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасын, әлеуметтік дәрежесін,
көңіл-күйлерін, ішкі сезімдерін ашып көрсеткен.
Дене қалыбы кейіпкердің мәдениет дәрежесін көрсету үшін қолданылып,
оның көркем образын жасауға көмектеседі. Ишара динамикалық сипатқа ие
болса, дене қалыбына статикалық сипат тән.
Бейвербалды амалдар барлық халыққа тән болғанымен, әр ұлттың
бейвербалды амалдар жүйесі әр түрлі болып келеді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
әр түрлі бейвербалды амалдар арқылы орындалады, толығады. О.Бөкеев
шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен,
салт-дәстүрінен хабар бере алады.
О.Бөкеев шығармаларындағы сәлемдесу және қоштасу рәсімінде қолданылатын
бейвербалды амалдарға тоқталдық. Қаламгер шығармалары-нан сәлемдесу
рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдардың бірнеше түрлері анықталды:
қол алысу, қос қолдап амандасу, қол бұлғау, қол көтеру, бас изеу, иек қағу,
құшақтасу, құшақтасып, арқадан қағу, бетінен сүю, маңдайынан сүю (иіскеу),
қолынан сүю, құшақ жаю т.б.
Жұмыс мынандай қорытындылармен тұжырымдалынды:
– О.Бөкеев шығармаларындағы кинесикалық, просодикалық, проксемикалық
топтар жазушы талғамы мен шеберлігін айқындайтын көрсеткіш болып табылады.
Бейвербалды амалдар көркем шығармада образ сомдауға қажет маңызды
элемент. Қоғамның өзгеруіне қарай тұрмыста сирек қолданылып, бірте-бірте
қолданыстан шығып қалған бейвербалды амалдар бар. Бұндай амалдар қарым-
қатынас кезінде қолданылу тәжірибесінен шығып қалған архаизм-бейвербалды
амалдар болып саналады.
Мысалы, ат құйрығын кесу – ежелгі кезде араздасқан, бірін-бір көрместей
болған адамдар кетіскенде өз аттарының қыл құйрығын кесіп, артына қарамай
аттанып кететін болған.
Туырлығын тілу – өштескен адамдардың бір-біріне көрсететін зәбірі.
Мұның арты ертеректе дау-жанжалға, ұрыс-керіске, тіпті жауласуға дейін
апарған.
Отының басын сабау – ел ішінде әлі келгендер әлсіздерге немесе жетім-
жесірлерге шектен тыс тізесін батырған кездер болған. Осындай жағдайда
кеткен есесін шамасы келмейтін әлсіздер зорлық қылғанның ауылына барып,
оның үйін, от басын сабап, күлін шашқан. Есесі кеткендер бұған қанағат
тұтып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар
Көркем шығармадағы бейвербалды амалдар
Бағалаудың табиғаты, құрылымы
Оралхан Бөкейдің монологтары
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Оралхан Бөкей шығармаларындағы аңыздық желі
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
ПСИХИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙЛЕР АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОСТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдар
Пәндер