Нарық экономикасы жағдайында салықтардың рөлін анықтап, уақытылы төленуінің маңыздылығын айқындау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫҚазақстан Республикасының салықтарының маңызы мен атқаратын қызметі.

1. 2. Қазақстан Республикасындағы салық және салық салу механизмі.

1. 3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Шағын және орта бизнесті дамытудағы салықтың рөлі

1. 4. Салық - бюдежтің негізгі кіріс көзі.

  1. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН РЕТРОСПЕКТИВАЛЫҚ ТАЛДАУ. Облыстың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдауЖамбыл облысы бойынша жалпы бюджет түсімдерін зерттеуБюджет түсімдерін құрылымдық зерттеу және болжам соммаларының орындалуын талдау

3. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІН АРТТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

3. 1 Экономиканы салық заңдылықтарын қолдана отырып реттеу

3. 2 Облыстық бюджет түсімдерін тренд және тенденция әдістері арқылы болжамдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкелеп соғады мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжрибесі айқын дәлелдейді. Өткен жылдардың қорытындылары оптилистік тұжырымдар жасау үшін негіз бермейді. Кезенде жарияланған негіздер жасау мен бағыттар тым қарама-қайшы жүзеге асырылуда, қат-қабат әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың орын алып отырғаны айқын. Мұның өзі экономикалық реформа мәнінің, әлеуметтік-экономикалық реформалардың объективті мүмкіндіктері мен шектерінің өз кезеңдерінің дұрыс анықталмауына байланысты. Сөз бен істің арасында алшақтық көп болды.

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жұйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Салық проблемасы ең бір күрделі және қарама қайшы проблеманың бірі. Бүгінгі күні салық төлеушіні толық әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғайтын салық жүйесі енгізілді деп айта қою қиын.

Халық шаруашылығы тиімді жүзеге асуы салық салу жүйесінінің қаншалықты дұрыс қүрылуына байланысты.

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында салық жүйесі экономикалық реттеушілердің ең маңыздысы жэне экономиканы мемлекеттік реттеу механизмінің қаржы-несиелік негізі болып табылады.

Қазіргі кезде салық салу жүйесін қүрудың негізгі бағыттары нақты белгіленген. Мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайы осы бағыттарды тиімді жүзеге асыруға байланысты.

Бұның барлығы қоғамның басты мәселесі - қоғамның экономикалық, соның ішінде салықтық әлуетінің дамуын қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қажет.

Мемлекетіміздің егемендік алып, экономикалық даму жолындағы 10 жыл ішінде көптеген қиындықтарды өткердік. Бұл - бірыңғай экономикалық кеңістіктің субъекттері арасындағы байланыстың үзілу себебінен және халық шаруашылығы жүйесіндегі өзгерулердің нәтижесі - экономикалық дағдарыстың себебінен болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Нарық экономикасы жағдайында салықтардың рлін анықтап, уақытылы төленуінің маңыздылығын айқындау. Жамбыл облысы бойынша салық түсімдерін зерттеу.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік - заңдық актілері, ғылыми әдістемелік және нормативтік материалдар, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қаржы бөлімі мен салық комитетінің мәліметтері, бюджеттік қорларды басқаруға және де жергілікті бюджеттің орындалуын жетілдіру жолдары бойынша отандық және шетелдік тәжірибелік оқулықтарды қолдандым.

Жүргізілген зерттеулер мен талдаулар негізінде салықтардың уақытылы төленуін қалыптастыруды жетілдіруге олардың тиімділігін жоғарлатуға, жұмыс істеу әдістерін жақсартуға бірқатар іс- шаралар жиынтығы мен ұсыныстар өңделді.

1. Нарық экономикасы жағдайында салық жүйесінің мәні және оның дамуы

1. 1. Салықтардың маңызы мен атқаратын қызметі

Салықтар - кез келген өркениеттімемлекетті мемлекеттің негізі табыс көзі.

Салықты төлеу мемлекеттік жауакершілік шараларымен қамсыздандырылған.

Егер салықты төлеу процесінде ақша алу мәжбүрлі сипатқа ие болса төлеушінің өзінің салықтық міндеттерін орындамағанына жатады.

Бұл орайда, құқық бұзу сиапатына байланысты құқық бұзушыны жазаға тартудың көптеген шаралары қолданылады және қылмыстық-құқықтық сипаттарды да қамтиды.

Құқық бұзған салық төлеушіне қолданылатын жазалар туралы айтқанда, теориялық сұрақ туындайды, мұндай жауапкершілік негізінде не жатыр: салық зағңын бұзу, оның салдарынан салық төлеушінің құқық бұзушы ретінде көрінуі, немесе салық міндетін орындамау. Қойылған мәселенің маңыздылығына қарамастан, ол теоиялық та тәжірибелік те мәнге ие. Құқық бұзылған кезде тұлғаны заң бұзушы ретінде жазалай отырып, мемлекет жазалаушы орган ретінде көрінеді.

  1. Салық оның төленуі үшін мемлекеттік бақылау әрекеті тән.

Салық төлеушінің әрекеттеріне бақылау әрқашан мемлекеттік бақылау сипатына ие. Мұнда салық бақылауын жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік органдарға тексерушілік өкілеттіліктер берілген, олар салық төлеушінің барлық құжаттары, ақпараттары тексереді, тіпті кәсіпкердің комерциялық құпиясын да қарай алады, бұлардың бәрін ашып көөрсету салық төлеушінің міндеті болып табылады. Осылайша, салықтық бақылау - бұл әрқашанда, салықтың сиапттық белгісі болып табылатын мемлекеттік бақылау.

1. 2. Қазақстан Республикасындағы салық және салық салу механизмі

Нарықтық экомомиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты - с алық жүйесін құру жәнс оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық салудың әдістері мен жолдары, салык салудын негізгі қағидалары, салық салуды үйымдастыру салық механизміне жатады.

Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі дс белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар:

- субъект;

- объект;

- салық көзі;

- салық ставкасы;

- салық өлшем бірлігі;

- салық оклады;

- салық жеңілдіктері;

- салық төлеу мерзімі мен тәртібі;

- салык, төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері;

- салықтың төленуін бақылау;

- салықтық жазалау шаралары.

Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Салық төлеуші (субъект) - салықты жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

Қазақстанда салық толеушілер:

- резидент жоне резидент емес заңды түлғалар:

- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.

Салық объектісі - заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету акшалай операциялар және т. б. көптеген тауарлық-материалдық игіліктер.

Салық көзі - салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

Салық ставкасы - бір өлшем бірлігіне алынатын салык мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.

Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, рсгрессивтік және пропорционалдык (тұрақты) болып бөлінеді.

Прорессивтік ставкалар салық салынатын табыстың, өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.

Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.

Регрсссивті салық ставкасы - салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салык, объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.

Салық өлшем бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту, т. б. жатады.

Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Салықгы төлеу мерзімі - салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

Салық төлеу тәртібі белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғнн төлеу кезіндегі белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеушілердің құқығы:

қолданылып жүрген салық жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу:

- салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;

- салық бақылауы нәтижелерін алу;

- салық бақылау нәтижелері бойынша салық жонс бюджетке төленетін басқа да міндетті толемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;

  • жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы көшірме алу;
  • Салық кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;

- салық құпиясының сақталуын талап ету;

  • салык. салуға катысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.

Салық төлеушінің міндеттері:

- салық міндсттемелерін дер ксзіндс жәнс толық көлемінде орындау;

салық қызмсті органдарының аиықталган салық зандарын. бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ. қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі занды қызмстіне кедсргі жасамау:

- нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарынын салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тсксеруіне жол беру:

- салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппсн табыс ету;

- сауда опсрацияларын жасаган немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бакылау-касса машнналарын міндетті түрде-пайдалана және тұтынушының колына бақылау чегін бере отырып жүргізу.

Салықты төлеуді бақылау - салык. зандарының орындалуын, мемлскетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын жәнс олардың уақтылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты толеуді басқаруды тек қана салық кызметі органдары жүзеге асырады.

1. 3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

Шағын және орта бизнесті дамытудағы салықтың рөлі

Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы катынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы кұрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымсн іскс асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

- 1 кезең (1992-1995 жж. ) - жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іскс қосылуы;

- 2 кезец (1996-І998 жж. ) - нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау;

- 3 кезең (1998-2000 жж. ) - барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесіп одан әрі жетілдіру.

- 4 кезең (2001-2002 жж. ) - Жаңа Салық Кодексі іске қосылды.

Қазакстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң, тәуелсіз салық жүйесін қүрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде коптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар. атап айтқанда меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі жәнс т. б. қүбылыстар іскс аса бастады.

Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі қызмет етті жәнс олар 3 топқа бөлінді: жалпы мемлекеттік салықтар - 10, міндетті түрде төленетіні жергілікті салықтар мен алымдар - II, жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.

Бүл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық, акциз салығы,, жер салығы және т. б. салықтар құрады.

Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми жәнс практикалык, тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілгеи жеңілдіктердің көптігі, т. б. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады. Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салык жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады.

Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып Қазақстан Республикасы Президентінің 24. 04. 95 ж қабылдаған "Салық және бюджегке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығы табылады. Ол 1995 ж. 1-ші шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мсн алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп халықаралық тәжірибелерге мейлінше жақындатылды. 1999 жылы салық жүйесі 5 рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 каңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті.

4-ші кезеңінде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 ж. 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексіндс Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджеткс төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, П алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.

Жаңа Салық Кодсксі 2002 жылдың І-ші каңтарында Қазақстан Рсспубликасында мынадай салықтыр енгізген

- корпорациялық табыс салығы;

- жеке табыс салығы;

- қосылған құн салығы;

- акциздер;

- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мсн арнайы төлемдері;

- әлеуметтік салық;

- жер салығы;

- көлік құралдары салығы;

- мүлік салығы.

Алымдар:

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- радиоэлектрондық кұралдары және жиілігі жоғары кұрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- дәрі-дәрмек кұралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

- автокөлік қүралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;

- аукциондардан алынатын алым;

- елтаңбалық алым;

- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу кұқығы үшін лицензиялық алым;

- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілік спсктрін пайдалануға руқсат беру үшін алым.

Төлемақылар :

- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

- қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;

- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

- ерекшс қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаданғаны үшін төлемақы;

- радиожиілік спектрін пайдаланганы үшін төлемақы;

- кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

Мемлекеттік баж

- мемлекеттік баж

Кеден төлемдері:

- кеден бажы;

- кеден алымдары;

- төлемақы;

- алымдар.

Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару К, азақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі.

Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.

Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзегс асырады.

Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды.

Салық қызметі органдарының мынадай құқықтары бар:

- салық Кодексіне сәйкес кесімдік-құқыктық актілерді жасау жөне бекіту;

- өз өкілеттігі ауқымында салық міндеттемслерінің туындауы, атқарылуы жәнс тоқтатылуына байланысты түсініктеме беру;

- салықтық бақылауды жүргізу;

- Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген талаптарды сабақтай отырып салық төлеушінің салық міндеттемесімен байланысты ақша каражаттарының құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарды, есептерді, сметаларды, қолма-қол акцияны, бағалы қағаздарды, есеп айырысуларды, декларацияларды жәпе өзге де құжаттарды тексеру;

- салық төлеушідеп есептелінген және төленген салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы, жинақтаушы зейнетақы қорына жасалатын міндетті зейнетақы жарналары туралы құжаттарды талап ету;

- салықтық тексеру барысында салық заңдылықтарын бұзушылықтарды растайтын құжаттарды тәркілеу;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық телеушіден электрондық құжаттарды алу;

- банктерден және банктік операпиялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан салық төлсушінің банк шоттарының нөмірін, ондағы ақша қозғалысы мен қалдық туралы мәліметтер алу, т. б.

Салық қызметі органдарының міндеттері.

- салық төлеушінің құқықтарын сақтау;

- мемлекет мүддесін қорғау;

  • салық толсушілердің салық міндеттемелерін дұрыс орындауын және жинақтаушы зейнетақы корына міндетті зейнетақы жарналарын толық әрі уақтылы аударуын бақылау:

- салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін жүргізу;

- салық тексерулерін нұсқама бойынша жүргізу;

- салық қүпиясын сақтау;

- салық заңнамасын бұзған салык төлеушілерге әкімшілік шараларын қолдану;

- мемлекет меншігіне айналған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, өткізу және оны өткізуден түскен түсімнің бюджетке толық әрі уақтылы түсуін бақылау т. б.

Салық салу ісін үйымдастыруда және іске асыруда негізгі жүмысты аудан бойынша салық комитеттері жүргізеді десек артық болмайды.

Аудан бойынша салық комитеті мынадай бөлімдерден кұралған:

- салық төлеушілермен жүмыс істеу бөлімі;

- салық аудиті бөлімі;

- еріксіз өндіру бөлімі;

- қүқықтық қамтамасыз ету бөлімі;

- ұйымдастыру-бақылау бөлімі;

- ақпаратпен қамтамасыз ету және есеп белімі. Енді әрбір бөлімнің негізгі кызметтерін қысқаша көрсетсек, ол төмендегідей:

Салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің негізгі қызметі:

- салық төлсушілердің есебін жүргізу;

- салық төлеушілерге тіркеу нөмірін беру;

- салық толеушілерге салық заңнамаларын түсіндіру;

- есеп құжаттарын, дскларацияларды қабылдау, олардьң дұрыс жасалғанын камералдық тексеру;

- патент беру, т. б.

Салықгық аудит бөлімінің негізгі қызмсті:

- құжаттық тексерулер жүргізу;

- кәсіпорындардың жабылуына байланысты тексеру жүргізу;

- салық комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тсксеру;

- хронометраждык зерттеу жүргізу арқылы патент құнының дұрыстығын тексеру т. б. ;

Салықтарды еріксіз өндіру бөлімінің негізгі қызметі;

  • салық төлеушілердің бюджетке төленбеген қарыздарын анықтау, талдау;

- салық төлеушінің есеп шотынан салықты әндіріп алу туралы үкім шығару;

- салықтан қарызы бар салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру;

- салық төлеушілердің мүліктерін тәркілеу;

- аукцион үйымдастырып тәркіленген мүлікті сатып, бюджетке салықты түсіру;

- жекелеген салық төлеушілерде фискалдық жады бар бақылау-касса аппараттардың бар-жоғын, дұрыс жұмыс жасауын тексеру, т. б.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің нсгізіі қызмсті:

- салық комитетің Зандармен, нүсқаулықтармен, өзге де заңнамалық кесімдермен қамтамасыз ету;

- соттарда, кұқық қорғау органдарында салық комитетінің мүддесін қорғау, т. б.

Ұйымдастыру-бақылау қызметінің бөлімінің негізгі қызметі:

- Салық комитетінің іс жоспарын жасау жәнс оны іске асыру;

- 2-Н ессбін жинақтап, жасау;

- жоғарғы органдарға мәліметтер беру;

- мәліметтер алмасу, т. б.

Ақпаратпен қамтамасыз ету және есеп бөлімінің негізгі қызметі:

- бюджетке түскен салықтардың есебін жүргізу;

- салық төлсушілердің жеке шотын ашу және жүргізу;

- 1 -Н есебін жинақтап, жасау;

  • болжама мәліметтердің орындалу есебін тұрақты жүргізу, т. б.

Шағын және орта бизнесті дамытудағы салықтың ролі

Қазақстанда кәсіпкерлік қозғалысын дамытуды жоне шағын бизнестің өсуін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсілкерлік субъектілеріне салық салу росімін оңайлатуға бағыттал-ған бірқатар шараларды көздейді.

Жекелеген салықтарды есептеу мен төлеудің ерекше (оңайлатылған) тәртібін колдануға, сондай-ақ олар бойынша салык есеп беруін беруге қатысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту-ралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) негізгі ережелері "Арнайы салық режимі" 15-бөлімінің "Жалпы ережелер" 63-ші және "Ша-ғын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі" 64-тарауларында біріктірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы
Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны
Салық жүйесін және салық заңдылығын қарапайымдандыру
Салық жүйесінің элементтері мен салық салу қағидалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және құрылу жүйесі мен оның құрылымын тұрақтандыру
Қазіргі кезеңдегі ҚР салық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz