Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес Одағының күйреуі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы қоғамдық ғылымдарда назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, соның ішінде тарих ғылымында бұрын сыңаржақ қаралып келген, идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп, ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі таңда осы проблемаларды пайымдылықпен зерттеудің нәтижесінде тарихымыздың көмескі беттерінің шындығы ашылып, оларға шынайы баға берудің ғылыми деңгейі жаңа сатыға көтерілді.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірлердің қалыптаса бастаған шағында халқымыздың азаттық жолында қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық- саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми арнада жүйелеп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туды.
Халқымыздың шынайы тарихын қалпына келтіру, Қазақстан тұрғындарына тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеік концепциясында маңызды мәселе ретінде қойылды. “Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы” атты Халық бірлігі және Ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияда да: “Мыңжылдыққа аяқ басарда бізге өткен-кеткенімізді қайтадан сараптамасқа жағдай жоқ. Өйткені тарихи жадымызды қалпына келтіріп, тағдырымызды қайта таразылау тәуелсіздігіміздің де мән-маңызын тереңірек ұғындыра түседі”, - деп көрсетілді. [1. 9б]
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы азаттық күресін сапалы жаңа сатыға көтеріп, елдің мәдени-рухани өсуіне үлкен жол ашып берді.
Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алдына қойған мақсаттарының бірі- жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Осы кезеңде қазақ мүддесі үшін күрес жүргізген нар тұлғалы тұлғалардың бірі, II Мемлекеттік Думаның депутаты - Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев болды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің 10 жылдығына жасаған баяндамасында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Думаға сайланған депутаттар туралы айта келіп олардың еңбегін: “ . . . тіпті баршамызға үлгі болар қазақ парламентарийінің алғашқы тарихи келбетін қалыптастырды”- деп жоғары бағалаған еді.
XX ғасырдың басындағы журналист, заңгер Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі, “Айқап” журналы мен “Қазақстан” “Орал” газеттерінің беттерінде жарияланған қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесіне қатысты көзқарасы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Жеке тұлғалар тарихы ешқашан халқынан бөлінген емес, керісінше ұлтымыздың әйгілі қайраткерлерін тану арқылы тұтастай еліміздің тарихы жазылады. Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасына ғасыр басында қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешуге тырысқан Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу ғылыми зерттеу обьектісі болуға лайықты, тарих ғылымындағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бақытжан Қаратаевқа арналған зерттеулер біраз болғанмен, оның өмірбаянын ғылыми тұрғыда неғұрлым толық әрі жүйелі тұрғыдан талдауға алған зерттеу еңбектер әлі жазыла қойған жоқ. Бақытжан Қаратаевтың Қазақ төңкерісіне дейінгі кезеңде қалыптасқан көзқарасы туралы әр кезеңде әр түрлі жазылып келді.
XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы азаттық қозғалыстар мен көкейкесті мәселелерді шешуде жол сілтеп, жол көрсеткен Бақытжан Қаратаевтың саяси мақсатын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов еңбектері айқындайды. Сонымен қатар, 1923 жылы Орынборда жазылып, 1995 жылы профессор Ә. Тәкенов пен архивист-ғалым Б. Байғалиев, жас ғалым Г. Жүгенбаеваның құрастыруымен жарық көрген Телжан Шонанұлының “Жер тағдыры - ел тағдыры” еңбегінде қазақ жерін талан-таражға салып, қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері батыл әшкерелеген. Ол қазақ жеріндегі отарлауын кезеңдерге бөліп, тигізген зиянын, осының нәтижесінде қазақ - орыс арасында туындаған қақтығыстарды баса көрсетеді. [ 2 ]
Бірінші орыс революциясынан кейінгі Б. Қаратаевтың көзқарасы туралы зерттеуші- ғалым А. Ф. Якунин “Қазақстанда 1905-1907 жж революция” атты еңбегінде 1905-1907 жылдар аралығында Қазақстанда екі түрлі бағыттағы зиялы қауым тобының болғандығын атап өтеді. Ол буржуазияшыл-ұлтшыл бағыттың өзін екіге: “батысшылдар”(Ә. Бөкейханов басқарған), “мұсылмандық” (Б. Қаратаев басқарған) деп екіге бөліп, олардың патша шенеуніктеріне қарсы жүргізген күрес барысын айқындап беруге тырысты. [3]
Ұлттық интеллигенция тарихы мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен зерттелгені белгілі. Қазақ интеллигенциясының саяси қызметін шынайы түрде көрсетуге тырысқан ғалымдар Т. Рысқұлов пен С. Асфендияровтар үкімет тарапынан қудалануға түсті. Т. Рысқұлов қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге ұмтылса, ал С. Асфендияров қазақ интеллигенциясының пайда болуын XIX ғасырдың аяғына жатқызып, олардың іс- әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты. [4. ] Кеңестік кезеңдегі әміршіл-әкәімшіл жүйенің салдарынан көптеген зерттеушілер Бақытжан Қаратаевты бай- феодалдар мүддесінің қорғаушысы ретінде танып, таптық көзқарастың шырмауына маталған пікірден алшақ кете алмады. Ғылыми тұрғыда әділетті баға беруге цензорлық тосқауылдар қойылды. Мысалы, танымал, ірі тарихшымыз Е. Бекмахановтың 1957 жылы жарық көрген еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың есімі тікелей аталмаса да, II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының бәрі “Ұлтшыл көзқарастағы қазақ зиялыларының өкілдері және бай феодалдардың мүддесін қорғаудағылар”-деп бағаланған еді. [5. 317 б]
Сонымен қатар, Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі көзқарастарын зерттеген ғалымдардың бірі - К. Бейсембиев болды. Ол өзінің еңбегінде Бақытжан Қаратаевтың атқарған мен қоғамдық - саяси көзқарастарына коммунистік-тоталитарлық идеология талаптарына тән талдау жасады. Бақытжан Қаратаевтың жар құлағы жастыққа тимей өз халқының саяси құқын, бар байлығы- жерін қорғап, өз елін әлеуметтік дамуға қоса толыққанды мұсылмандылық пен имандылыққа шақырған еңбектерін К. Бейсембиев: “панисламизм мен пантюркизм реакциялық қозғалысының диірменіне су құйды” - деп бағалады. [6. 116б]
Осындай тұжырымдарды С. Бейсенбаевтың, [7. ] П. Пахмурныйдың да еңбектерінен аңғаруға болады. Пахмурный Бақытжан Қаратаевтың Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі жан-жақты қызметін жоққа шығарып, оны монархияны жақтаған, бай-феодалдардың сойылын соққан, ұлт азаттық қозғалыс пен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған әрекеттерін еш уақытта жақтамаған мағынада суреттейді: “ . . . националистическая интеллигенция оказалась не в состоянии возглавить национально-освободительное движение . . . Б. Б. Каратаев . . . будучи членом кадетской партии, оставался сторонником монархии и всячески это засвидетельствовать”[8. 161-164б]
70-жылдары Б. Қаратаевтың және XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының экономикалық көзқарастарын зерттеген М. Жақсалиев болды. Коммунистік идеологияның таптық талаптарынан еркін шыға алмаған зерттеуші қазақ зиялыларының көзқарастарын бағалауда көптеген тосқауылдарға тап болды. Соның салдарынан, мысалы, Бақытжан Қаратаев прогрессивтік-демократиялық бағыт ұстанған, қазақ халқының әлеуметтік прогресін жақтаған ағартушы - демократ және ірі қоғам қайраткері ретінде танылса, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Досмұхамедовтар сияқты қайраткерлер діни-ұлтшыл ағымның өкілдері ретінде сипатталады. [9. ]
80 жылдары Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөздеріне ғылыми тұрғыда талдау жасаған академик С. З. Зиманов [10. 55-75б] пен Бақытжан Қаратаевтың мол мұрасына біршама көңіл бөлген М. Ш. Ысмағұлов болды. [11. ]
Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік берді. Қазақ интеллигенциясы тарихын, олардың ұлттық ерекшеліктері мен өзіндік қадір-қасиетін анықтауда жаңа тарихи таныммен күрделі зерттеулер басылып шықты. Бұған М. Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992) [12. ], К. Нұрпейісовтің (Алаш һәм Алашорда А., 1995) [13], М. Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы. А., 1995) [14], Д. Аманжолованың (Партия Алаш; история иисториография. Семей., 1993; Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 1994) [15], М. Құл-Мұхаметтің (Алаш ардагері Жақып Ақбаев . А., 1996; ) [16], С. Өзбекұлының (Барлыбек Сыртанов. А., 1996; Арыстары Алаштың. Тарихи очерктер. А., 1998; ) [17], [18] Б. Қойшыбаевтың (Бақытжан Қаратаев. А., 1993) [19] еңбектері айқын дәлел.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ депутаттарының Ресей Мемлекеттік Думасындағы қызметі, қазақ зиялы қауымының Ресей Мұсылмандық қозғалысына қатынасуы С. Малтусыновтың, [20] С. Смагулованың кандидаттық диссертациясында қаралған. [21] Ғалым Ө. Озғанбайдың докторлық диссертациясы мен сол негізде шыққан монографиясы Мемлекеттік Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. [22]
2006 жылы Б. С. Әбенованың құрастыруымен Бақытжан Қаратаевтың “Обзор материалов из истории колонизации Казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов” атты қолжазбасын басып шығарды. [23]
Жұмыстың деректік негізі. Тақырыптың деректік негізіне келсек, Бақытжан Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы қызметі туралы II Мемлекеттік Думаның стенографиялық есептерінен толық мәліметтер алуға болады [24], [25]
Құжаттар мен материалдар жинақтарында Б. Қаратаевтың Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетінің құрамындағы қызметі туралы деректер келтіріледі. [6]
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары сол кездегі ұлттық басылымдарды дерек көзі ретінде зерттеп, оның нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуде. Мұның жарқын мысалы ретінде Үшкілтай Субханбердинаның "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа" атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші мен Мәмбет Қойгельдиевтің 1994 ж "Қазақ" газетінде жарияланған ұлт зиялыларының мақалаларын атаған жөн. [27]
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінің (ҚРОМА) 1227 қорында Бақытжан Қаратаевтың жеке қоры сақталған. Бұл қорда Бақытжан Қаратаевтың өмірбаяны туралы мәліметтер беретін құжаттар, фотосуреттер, Азамат соғысы жылдарында Орал түрмесінде жазған күнделігі мен кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі туралы мәлімет беретін естелігі сақталған. [28]
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысын жазудағы басты мақсаты- Б. Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми айналымға енген жаңа тың деректер негізінде тарихи шындық тұрғысынан талдауға алу. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер койылды:
- Б. Қаратаевтың өскен және білім алған ортасы, оның қоғамдық көзқарасына әсер еткен жағдайларды;
- Б. Қаратаевтың II Мемлекеттік Думадағы депутаттық қызметін;
- Белсенді публицист-журналист ретінде Бақытжан Бисәліұлының 1911-1914 жылдардағы “Айқап” журналы мен “Қазақстан” газетіндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметі мен ағартушылық жұмысын;
- Азамат соғысы жылдарындағы Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен сол жылдардағы қоғамдық-саяси қызметін;
- Бақытжан Қаратаевтың кеңестік жүйе тұсындағы Қырғыз (Қазақ) Революциялық Комитетіндегі қызметін;
- Бақытжан Қаратаевтың тарихшы-ғалым ретінде Қазақ тарихын дамытуға қосқан үлесін, осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмаған сондай-ақ, осы уақытқа дейін жарияланған деректік материалдар негізінде талдауға алу көзделінді.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Б. ҚАРАТАЕВТЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Б. Қаратаевтың өскен ортасы, саяси көзқарасының қалыптасуы
Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. Туған халқын құлдық бұғаудан құтқару мақсатында патша үкіметімен ымырасыз күрес жүргізген көрнекті қоғам қайраткері, алғашқы қазақ заңгері болған Бақытжан Қаратаевтың есімі 20 жылдай бойы Ресей мен қазақ баспасөзі беттерінен түспей, қаламы “Айқап”, “Қазақстан”, “Орал” сияқты т. б. көптеген басылымдардың бағыт-бағдарына үлкен әсерін тигізген еді. Терең публицистикалық мақалалары болса қазақ қоғамының көкейкесті мәселелеріне арналып, Ресей мұсылмандарының назарын аударған-ды. Өткір сынды, ашын жазылған мақалалары халықты азаттық пен бостандық идеяларына баулумен қатар, қазақ халқының рухани өсіп, шыңдалуына да өлшеусіз үлес қосты.
Бақытжан Қаратаевтың табиғатынан ұшқыр ойы, отты жүрек дара тұлғасы, асқан білімділігі, халықтың жарқын болашағы үшін әр салада атқарған қызметі мен заңдылықтарды басқару процесін ауадай қажетті талап ретінде енгізу мәселесін көтеруі-оны даланың дарынды перзенттеріне жатқызады. Энциклопедиялық білім иесі, ірі гуманист, реформатор, публицист, ағартушы демократ, қазақ қоғамының демократиялық жолмен дамуын көксеген қайраткер сонымен қатар, қарама-қайшылықтар мен аумалы-төкпелі өзгерістерге толы өз заманының да ұлы еді.
Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев - Орал облысының Қаратөбе аумағының Ақбақай ауылында 1860 жылы мамырдың 10 жұлдызында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Жарық дүниеге енді есік ашқан кішкене Бақытжанды үлкен әкесі Бисәлі Қаратайұлы бауырына басқан екен. Бақытжан Қаратаев сұлтан тұқымы әулетінен тарайды және Кіші Жүздің ханы Әбілхайыр ханның шөбересі болып келеді. Оның атасы Қаратайдың анасы Ырысқа тоқталар болсақ, ол 1771 жылы тарихтағы “қалмақ көшу” немесе “шаңды жорық” кезінде қазақтардың қалмақтармен шайқасында қолға түсіп, Нұралы ханның күңі болған. Өз шежіресінде Бақытжан Қаратаев: “ Нұралы хан осы күңге үйленіп, одан: Есім, Қаратай, Орман, Шотқара және Елтай атты бес бала көреді. Ел арасында оларды “бес қалмақ” деп атап кеткен”, -деп көрсетеді. . [23. 22б] Одан тараған Нұралы ұлдарының бесеуі де мүмкіндігінше орыс отарлауына ашық қарсылық танытты. Солардың ішінде 1805-1815 жылдары патша әкімшілігіне қарсы табанды күрес жүргізген - Қаратай Нұралыұлы еді. [29. 107б]
Бақытжанның әкесі Бейсәлі ауқатты адам болған және өзінің сұлтан тұқымынан шыққандығына қарамастан өте қарапайым, жағымды мінездерімен жұртшылыққа сыйлы адам болған. Қайсыбір адамды болмасын біліміне, ақыл-ойына қарап баға беріп отырған. [17. 69б]
Бақытжан Бисәліұлының тәрбиелік болмысы бала жастан ел арасындағы ғасырлар бойғы көшпелі өмір салты мен кең даланың әдет-ғұрпы ықпалында қалыптасады. Әбілхайыр ханның шөбересі, атасы Қаратайдың тәрбиесінде болып, қазақ дәстүрі бойынша оның есімін өзінің тегі етіп алады. Жасынан зерек болып өскен жас сұлтан алғаш ауыл мектебінен сауат ашады. Білімге деген ынтасын байқаған әкесі оны Орынбор қаласының азаматтық гимназиясына оқуға береді. Бақытжан Қаратаев гимназияны ойдағыдай аяқтап, тәртібі “өте жақсы” деген дәрежемен аяқтап шығады. Өз біліміне сенген Бақытжан Қаратаев Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургте, университет қабырғасында білім алуды көксейді. Оның мұндай жауапты шешім қабылдауына Орынбор қаласының өзі дәріс алған гимназиясындағы Нева жағалауынан арнайы жолдамамен немесе саяси қуғынға ұшырап, қудаланып келген озық-ойлы, демократиялық бағыт ұстанған орыс зиялылары зор ықпал етті. Олардың бірсыпырасы гимназияда тек ғана бағдарлама бойынша оқытылатын пән көлемінде дәріс беріп ғана қоймай, сонымен қатар оқулық шеңберінен шығып, гимназистерге сабақ арасында оларға саясаттан, дүниежүзілік азаттық қозғалысынан, Санкт-Петербургте болып жатқан саяси жағдайлардан мәліметтер беріп отырды. Кеудесінде сәулесі бар зерделі шәкірттер, әрине, олардың бәрін саналарына сіңіріп отырды. [17. 69б]
“Ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы сан жағынан көп болған жоқ”- дейді М. Қойгелдиев. Оның себебі түсінікті де. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған емес. Түрлі мекемелерде, әкімшілік орындарда қызмет жасаған қазақ мамандары негізінен Ресейлік оқу орындарынан білім алды. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше қараңғылыққа ұстау оған пайдалырақ көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ даласында азын-аулақ ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен гимназиялары жергілікті жұртты “Мұхаммед дінін уағыздаушы моллалардың зиянды ықпалынан” сақтау үшін және сонымен бірге “далада орыс ықпалын” жүргізу үшін керек болды.
Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына да бөлуге мәжбүр болған. Мұндай шараға ол жыл өткен сайын өсе түскен басқару жүйесінің ұлттық кадрларға мұқтажын қанағаттандыру үшін барды. Осы мақсатта генерал-губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген қаржыға сүйеніп, қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды. Ресей империясына ғана емес, бүкіл Еуропа мәдениеті мен ғылымында өзіне лайық орны бар бұл оқу орнында өткен ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде (1917 жылға дейін) 20 жуық қазақ студенті оқып, жоғары білім дипломын иеленді. Олардың қатарында Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков сияқты XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси өміріне белсене араласқан қайраткерлер болды. [14. 88б]
Сол кезеңдегі қазақ жастары үшін нағыз білім шаңырағына айналған орта Петербург университеті еді. Орынбордағы азаматтық гимназиядан рухани нәр алған Бақытжан Қаратаев 1886 жылы қазан айының 7 жұлдызында Санкт-Петербургке келіп, университеттің заң факультетіне түседі. Сол жылы Бақытжан Қаратаевпен бірге Ресей империясының астанасына білім іздеп Жетісудан Барлыбек Сыртанов, қырғыздан Абдолла Теміров, Көкшетаудан Мәмбетәлі Сердалин сияқты жастар да келген еді. [17. 69б] Университетінің қабырғасында қазақ жастары бір-бірімен тығыз, туысқандық қатынаста болуымен қатар, Санкт-Петербургтің қайнаған саяси, рухани өмірі мен мәдениетінің тыныс-тіршілігімен де жан-жақты танысып, бойларына сіңіреді. Ресей империясының түпкір-түпкірінен келген басқа жастар сияқты қазақ жігіттері де сол мүдделеріне сай “Жерлестер ұйымын” құрады.
80 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғарғы оқу орындарында “Жерлестер” деп аталатын астыртын ұйымдар кең қанат жайған болатын. Олардың құрылуының негізгі себебі-бір өлкеден, бір топырақтан шыққан студенттердің қоян-қолтық араласуы және бір-біріне қамқор болуы еді. Алғашында “Жерлестер” ұйымының мүшелерінің мақсаты бір ұлттан немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге көмек көрсету болды. Бірақ, бұл ұйымдардың өсіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұштасып отырды. Бірте-бірте “Жерлестер” үйірмелері ұлғая келе көп студенттерді қамтыған “Жерлестер одағына” айналып отырды. Олардың арнайы уставтары, мүшелік жарналары болды. 80 жылдары бір ғана Санкт-Петербургте студенттер арасында 20 жуық “Жерлестер” үйірмелері болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студенттер кірген. Атап айтсақ, студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Грузия, Армения сияқты “Жерлестер” үйірмелері мен одақтары тұрақты түрде қалыптасты.
Бақытжан Қаратаев Барлыбек Сыртанов, Абдолла Теміров, Мәмбетәлі Сердалин және шығыстану факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сияқты жігіттермен “Жерлестер” үйірмесін құрады. Қазақ жастары үйірмеге мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешіп қоймай, сонымен қатар, оның жиылыстарында революциялық мазмұндағы прокламацияларды оқып талқылау, теңсіздік пен әділетсіздік, қазақ даласында мәдени-ағартушылық ісін тарату туралы пікірлер жиі айтылып тұрды.
“Землячество как бы собирали и сортировали материал, и не только для себя, но и для дальнейших, более широких политических организации”, - деп атап көрсетті сол кездегі оқиғалардың куәгері. [18. 25б]
Университет әр уақытта Ресейдің рухани өмірінің барометрі болып қалыптасқандықтан, саяси мәні бар барлық оқиғаларға студенттер митинг, шеру, акция арқылы өз пікірлерін білдіріп отыратын еді, яғни, әр топтағы студент жастар “Жерлестер ұйымы” арқылы қайсыбір шекесіне батқан көкейкесті мәселелерді үндеулер, прокламациялар тарату әрекеттерімен өз пікірлерін білдіру дәстүрге айналдырғанды. [ 30. 31б ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz