Банктік қызмет аясындағы банктік қүқықтық қатынастардың кейбр теориялық проблемалары


БАНКТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚҮҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КЕЙБР ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А. АРАЛБАЕВА,
қүқық магистрі, Д. А. Қонаев атындағы
университеттің ізденушісі
Ғылыми негіздеу мақсатында құқықтық қатынас, банктік құқықтық қатынас, олардың өзіне тән ерекшеліктері жөнінде шетелдік және отандық ғалымдар қалыптастырған көзқарас, пікірлерге тоқталып, құқықтық қатынастарға байланысты өзекті мәселелерді, қажетті жерінде банктік заңнама нормаларын талқылап, талдау жасағанымыз жөн болар деп санаймыз.
Ресейлік ғалым А. В. Мицкевич құқықтық қатынас ұғымының заң ғылымындағы негізгі ұғым болып табылатынын, нормалар жүйесі ретіндегі құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуінің объективті сипатта болатынын айта келіп, мінез-құлықтар мен іс-қимылдарды нақтылы айқындап, белгілеу барысында субъективтік қүқық пен заңды міндет орын алады деп пайымдаған, сондай-ақ «құқықтық қатынас қүқық нормаларымен реттелген және қүқықтық қатынас қатысушыларының субъективтік қүқықтары мен заңды міндеттерінің өзара байланысынан тұратын, адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы қатынастар» деген ұғымды қалыптастырған. Сонымен қатар ол экономикалық, саяси, неке-отбасылық, экологиялық, еңбек, әлеуметтік және т. б. қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі нәтижесінде, олар құқықтық қатынастар нысанында көрініс табады деп түсіндірген [1, 385, 386-бет. ] .
М. Н. Марченко «Құқықтық қатынас» ұғымының көптеген айқындамалары бар, алайда кеңінен тараған айқындамаға сәйкес құқықтық қатынас қатысушылары мемлекет қорғайтын әрі кепілдендіретін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге иелік ететін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас деп түсіндіреді. Құқықтық қатынастың өзіне тән белгілері немесе ерекшеліктері мыналар болып табылады: 1. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрін көрсетеді. 2. Құқықтык, қатынастар мемлекеттің еркін көрсететін және бекітетін құқықтық нормалар негізінде қалыптасады. 3. Құқықтық катынастар олардың қатысушыларының саналы - ерікті іс-әрекеттері нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар түрін білдіреді. 4. Құқықтық қатынастар өздеріне жүктелген субъективтік құқықтардың әрі заңды міндеттердің көмегімен қатысушылары жүзеге асыратын көптеген және сан алуан байланыстарды білдіреді. 5. Құқықтық қатынастың іске асырылуы мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен кепілдендіріледі. Құқықтық қатынастар салалық нормаларға байланысты туындайды, өзгертіледі және доғарылады. Осындай өлшемдерге орай барлық құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық, қылмыстық құқықтық, азаматтық құқықтық, еңбек және т. б. құқықтық қатынастарға бөлінеді» деп тұжырымдаған және құқықтық қатынас субъектілері мен объектілеріне, заңды фактілерге байланысты мәнжайларды сипаттаған [2, 352, 354, 355, 359-бет. ] .
А. Г. Братко «құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі, ал қоғамдық қатынас адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар және құқықтық қатынастар осы қатынастардың субъектілерінің арасындағы заңды байланыстар деген пікірін айта отырып, құқықтық қатынас белгілерін: 1. Құқықтық қатынас -құқық нормасымен көзделген қоғамдық қатынас. 2. Құқықтық қатынас зияткерлік және ерік-ықтияр элементтерінен тұрады. 3. Құқықтық қатынастың негізгі мәні құқықтық қатынас субъектілері - тараптардың құқықтары мен міндеттері болып табылады. 4. Құқықтық қатынас субъектілер арасындағы заңды байланыс» деп сипаттаған. Сонымен қатар «құқықтық қатынас негізгі мәні субъективтік құқық пен заңды міндеттер болып табылатын және нормада көзделген фактілер орын алған жағдайда құқықтық норма негізінде туындайтын, оның субъектілері арасындағы заңды байланыс» деген ұғымды айқындаған [3, 140-141, 142-бет. ] .
Осындай пікірлер төңірегінде құқықтық қатынас тиісті құқық нормалары негізінде қатысушыларына жүктелінетін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер нақтылы белгіленген, субъектілерінің арасындағы заңды байланыстар мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген, көбінесе бір тараптың мүддесіне - ықтиярына орай туындайтын, сонымен қатар екінші тараптың немесе бірнеше қатысушы тараптың мүддесі көзделінетін қоғамдық қатынас ретінде сипатталады деп тұжырымдауға болады.
Қазақстандық ғалым А. С. Ибраева құқықтық қатынастар ұғымына, олардың айрықша белгілері мен түрлеріне байланысты мән-жайларға орай: «Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Олар: 1) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қарым-қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысқан. 2) Адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде құқықтық қатынас пайда болады. 3) Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. 4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1. Реттейтін құқықтық қатынастар - субъектілердің заңға сәйкес мінез-қүлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. 2. Қорғайтын құқықтық қатынастар - субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. 3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. 4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі болып келеді. Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік - ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар» деп пайымдаған [4, 117-118-бөттері] . Сонымен бірге Ғ. С. Сапарғалиев пен А. С. Ибраева «Құқықтық қатынастар мына белгілер арқылы сипатталады: жалпы -ерік - ықтияр сипаты болады, идеологиялық мәні болады; арнайы құқық нормалары негізінде пайда болады, мемлекет арқылы қорғалады, субъектілерінің құқықтары мен міндеттері болады. Саралануы: салалық тиістілігі, субъектілері бойынша - жалпы және нақты, абсолюттік және салыстырмалы; генетикалық және функционалдық байланысы бойынша - материалдық іс жүргізу; ықпал жасау сипаты бойынша - реттеуші және қорғаушы; мазмұны бойынша - қарапайым және күрделі; ықпал жасау мақсаты бойынша -қозғалмайтын және өзгермелі» деп сұлба түрінде көрсете отырып «Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады» деп түсіндірген [5, 95-бет] .
Л. Г. Ефимова «Банктік қызметті құқықтық реттеу әдісі біртекті емес, нақтылап айтсақ азаматтық және әкімшілік құқыққа тән әр түрлі құқық салаларының, атап айқтанда азаматтық, қаржылық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Банктік қызмет нәтижесінде туындайтын қатынастар операция түріне орай әр қилы көрініс табады. Заң әдебиеттерінде 1930 - 1932 жылдардағы кредиттік реформаға дейінге кезеңде тараптардың көрсеткен қызметі үшін есеп айырысу бойынша құқықтары мен міндеттері дербес құқықтық қатынас ретінде қарастырылмаған (заң әдебиетінде құқықтық қатынас әдетте құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас ретінде қарастырылады. О. С. Иоффе, М. Д. Шаргородский. Вопросы теории права. -М. 1961. с. 178) . Коммерциялық банктердің капитал рыногындағы делдалдық іс-әрекеттері, олардың өз клиенттерімен жасасқан кредиттік шарттары құқықтық мағынадағы кредиттік қатынастар ауқымындағы қарым-қатынас кредиттік құқықтық қатынастар болып саналады. Заң әдебиеттерінде кредиттік қатынастар ретінде ақша қаражаттарын немесе басқа да заттарды қайтарымды негізде беру кезінде туындайтын барлық құқықтық қатынастар түсіндіріледі» деп пайымдаған [6, 5, 127, 174-бет. ] .
Н. С. Малеин өзінің «Кредитно-расчетные правоотношения и финансовый контроль» деп аталатын монографиясында «Есеп айырысу қатынастарының өзіне тән айрықшылығы және құқықтық ерекшеліктері болады. Олар арнаулы нормативтік актілермен реттеледі және оларды азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі шарттық қатынастар қатарына жатқыза беруге болмайды. Азаматтық құқықтық шарт құқықтық қатынастың (белгілі бір дәрежедегі) мәнін айқындайтын тараптардың ерік - ықтияры ретінде, азаматтық құқықтық қатынастарды белгілеу (өзгерту, тоқтату) жөніндегі келісім ретінде айқындалады. Есеп айырысу шоты бойынша қатынастарға қатысуға міндеттейтін заңдардың нормасы диспозитивтік емес, тек императивтік және қатаң белгіленген сипатта, былайша айтқанда жалпыға міндетті нұсқама сипатында болады. Есеп айырысу қатынастары күрделі заңдық қатынастар. Олар тек банктер мен олардағы есепшот иесінің арасындағы қатынастарды ғана емес, сонымен бірге жеткізуші мен төлеуші арасындағы қатынастарды да қамтиды және әкімшілік заңнаманың да, азаматтық заңнаманың да нормаларымен реттелінеді. Кредиттік қатынастарды реттейтін көптеген арнаулы нормалардың болуы, осындай қатынастардың арнайы ерекшеліктері және банктің айрықша құқықтық жағдайы кредиттік қатынастардың азаматтық құқықтық қатынастар ретінде айқындалуына негіз бермейді. Әдебиетте әкімшілік және азаматтық құқықтық қатынастар байланысының әр түрлі сипаты берілген. Әкімшілік құқықтық қатынас бірқатар жағдайларда тікелей немесе басқа заңды фактілермен қосылып заңдық факті болып табыла отырып, басқа құқық салалары құқықтық қатынастарының туындауын негіздейді. Банк пен шаруашылық органының арасында туындайтын қатынастар кешені әкімшілік (қаржылық) және азаматтық заңнама нормаларымен реттеледі. Мемлекеттік басқару органы, кредиттеуді және есеп айырысуды ұйымдастырушы, шаруашылық қызметке бақылауды жүзеге асырушы ретінде банктің құқықтық жағдайынан әкімшілік құқықтық (қаржылық) қатынастардың айқындаушы сипатын және азаматтық құқықтық қатынастардың туынды сипатын білуге болады. Сонымен кредиттеу және есеп айырысу жөніндегі құқықтық қатынастар әр түрлі құқық салаларының нормаларымен реттелетін күрделі құқықтық құбылыс болып табылады» деген пікірін дәйектеп көрсеткен [7, 32, 37-бет. ] .
Осы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары жөнінде мынаны айтуға болады, банктік қызмет аясында туындайтын қоғамдық қатынастар негізінен әкімшілік және азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, олар банктің құқықтық жағдайына байланысты болады, қоғамдық қатынастар құқық салалары нормаларына байланысты азаматтық, қаржылық және әкімшілік құқықтық қатынастарға айналады. Біздің ойымызша Л. Г. Ефимова мен Н. С. Малеин тарапынан айқындалмаған аса маңызды мән-жай әрі өзекті мәселе банктік құқықтық қатынастар мен оларға қатысты жайттар болып табылады. Себебі экономикалық табиғатына байланысты және түрлі заңнамалар, лицензиялар негізінде жұмыс істейтін банктер құзырында туындайтын қатынастар қоғамдық (банктік) қатынастар болып табылады да банктік заңнамаға орай тек банктік құқықтық қатынастар ретінде қалыптасып дамиды. Тек осындай процестен кейін ғана банктік құқықтық қатынастар нақтылы құқық салаларының қосымша ықпалының нәтижесінде қаржылық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т. б. сипат алады.
Жоғарыда талданған ой-пікірлердің және шолу жасалынған басқа да еңбектердің негізінде банктік құқықтық қатынастардың белгілерінің ішінен ең маңыздыларына мыналар жатады деп тұжырымдаймыз:
Банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында банктік қызмет аясында туындаған әрі туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік құқық нормаларымен реттеледі.
Банктік құқықтық қатынас субъектілерінің заңды құықтары мен міндеттері банктік және өзге де заңнамалық актілерде, Қазақстан Ұлттық Банкінің және басқа да өкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тиісті банктік шарттарда, халықаралық банктік шарттарда (келісімдерде) айқындалып, белгіленеді.
Банктік құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, қаржылық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық сипатымен ерекшеленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz