ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ


ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ
(1846-1845ж. ж. )
ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ 1846 жылы Жамбыл облысы-ның Жамбыл тауының атырабында дүниеге келген. Өзінің туған күні туралы:
Қақаған қар аралас, соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан, -деп жырлайды
толғауында.
Өлең деген өңерді жасынан бойға дарытқан Жамбыл:
Ақын болдым - он үште,
Алатын құстай тарандым, - деп думанды топты жарып
жүрді. Садақтайын сайланып, ақиқатты сөйледі. Ха-лықтың мұң зарына ортақтасып, қайырылық пен зұлымдылықты көп көрді.
Алайда, кең даланың дарынды ақыны ешқашан да бас имеген.
“Ай ілескен аспандағы жас шағында” белгілі ақындар Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарыбас, Досмағамбет, Шашубай, әсіресе Құланаяқ Құлмамбетпен айтыса жеңуі, оның атағын бүкіл елге жайып, ақындық данқын асырады.
Ол қазақ батырларының ерлігін жырлайтын дастандар-ды көп білетін. Сонымен бірге өзі жиі барып, сыйлы қонағы болатын қырғыз ақындарымен де айтысып, олардың құрметіне бөленіп жүрді. Қырғыздың өлеңшілері мен манасшылары Қалық, Таныбек, Қалығұл, Найманбай, Арыстанбек, Сағынбек шығармаларын да жақсы білген. Жамбыл - бір отырғанда домбырамен “Көрұғлы” дастанын бірнеше күн қатарынан, сол сияқты “Шахнаменің”, “Мың бір түннің” үзінділерін бірнеше сағат бойы жырлаудан жалықпаған жырлаушы.
Жоғарыда айтқанымыздай, сұлу сазды жырлары Жам-былға тартқан сыйындай Сүйінбай ақын пірі болса, ұстаз-ым деп аса қарметтеген ақындары Майлықожа, Құлын- шақ, Қылышбай сынды сөз зергерлері еді. Дарынды дала ақындарынан алғыс бата алып, үлгі берген өлеңдерінен үйренді. Халықты қасіреттке ұшыратты деп қазір кінә тағатын қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда кәрілікке еңістеп, сексеннің сеңгіріне келген кезі еді. Ақын: “осы заманға аман-есен тірі жеттім, қажыған, зарыққан ел еңсесін көтерді, бетіме әр берді, жан денеме нәр берді”деп жырға қосты. Жаңа өлеңдері мен жыр-дастандарын дабылдатты. Революцияға дейін бай мен болыс, хан мен төрелер туралы бір ауыз мадақ өлең айтып көрмеген Жамбыл жаңа заман теңдігі, Ленин, Сталин, Ворошилов туралы өлең толғауларын шығарды. Жаңа үкіметке жағыну үшін жырлаған жоқ, жаратылысында жалпандауды білмеген Жамбыл ол кезде жасы келген қария еді.
Қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөздің құдіреті Ғабит Мүсірепов “Феномен-Феникс” деген толғауында былай дейді:
“Таң қаларлық бір нәрсе - өзімен тұстас ақындардың бірінде азырақ торығу болса, Жәкенде ол жоқ. Түн артында күн барына шәктенген емес. Қылыш астында қыл арқан мойында тұрғанда айта алмаған, іркіп қалған сөздері болса, қорлана берген, шындала берген. Ұлы революция ақынның барлық тұсауын талқандап, тас бұғаудан біржола босатқанда ағыл-тегіл жыр да жосылып жүре берді. Ғылым аша алмай келген Феномен сырының кілті осында. Феномен сыры ашылады екен”
Алып ақынның ағыл-тегіл төкпе жырының көркемдік кестесінің өрнегін, бояуын сипаттауға сөз жетпей, Жәкең өзі айтқандай, “қиналған жеріміз сол болады”.
Әлдебір сыңар езулердің “болъшевиктерді” жырлаған өлеңдерінің көркемдік мені жоқ деп білгішсінуі бекершілік.
Ол төңкеріске дейінгі елдің халын өз көзімен көрді. Енді жаңа замандағы жаңа өмір, тұрмысты сонымен, ақындық көзбен салыстырды. Сол заманға сай екпінді, жыр керек болды. Жамбыл жырлары бізді осы күнге жетелеп жеткізді. Сондықтан өткен өмір жолымыз жақсы болсын, жаман болсын оған топырақ шашуға қақымыз жоқ. Тарих тегерішін ары-бері тартып жамап-жасқап, жөндеуге болмайды. Жамбыл мен оның заманы, уақыты туралы даналар айтқан сөзге ден қоялық.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Жамбыл - біздің ұлы заманымыздың жоғары сапалы, көркем саяси поэзиясын жасаушы» деп, бағалауы әлгі сынықты сылтау еткен сыншының аузына қойылар қақпақ деп айтар едік.
Жыр тасқынын селдеткен Жамбылдың ақындық рухына бас иген франццуз халқының ұлы перзенті, жазушы Ромен Роллан: «Жамбыл - жаңа адамзаттың жыршысы» деп бүкіл әлемге паш етті.
Бір ғана 1945 жылы шығарған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі аштық пен ауыр сында ажал аузында қалған қаншама адамға күш қуат беріп, жігерлендірді. Кезінде бұл өлең тек Ленинградты бүкіл адамзаттың болашағын қорғау жолындағы халық қаһарындай айбарлы естілді. Озық ойлы орыстың қолбасшылары мен жазушылары, қарапайым ленинградтықтар оны көздерінен жастары моншақтап отырып, тебірене еске алады.
Әуезевше айтқанда, «қияннан қырға көз салған қырандай» ақын қиялы асқақ еді. Атағы айдай әлемге кеткен жазушы Шыңғыс Айтматов: «Жамбыл ХХ ғасырымыздың аса әйгілі ақыны, шын мәнінде аты аңызға айналған замана жыршысының өткір де асқақ үні бір ғана қазақ халқының емес, осы күнгі түркі тұқымдас барлық халықтар поэзиясының арсеналындағы ең озық игілік болып отыр» деп жазады. Ғ. Мүсірепов «төңкерістен кейінгі ақын жырларын» революция ән-ұраны» деп бағалады.
Әлемдегі барлық халықтың жүрегіне нұр болып құйылған Жамбыл жырларын орыс ақындары П. Кузнецов, К. Алтайский, М. Тарловский, М. Исаковский, белорус М. Бажан және көптеген ұлттың талантты тәржімәшілері өз тілдеріне аударды.
Жамбыл, өзгеге ұқсамайтын дара, зор құбылыс. Ол халықтың идеалына айналған рухани атасы, ар-намысы.
Орыс әдебиетінің, мәденитінің бұрынғы да, кейінгі өкілдеріқазақ халқының ақындық, шешендік, саздық өнерге өте бай екенін әр уақытта, әр замандарда ағынан жарыла, таңдай қағып, таңдана жазғаны мәлім. Оған Тұранда бұрын-соңды өткен атақ даңқы дүнияға жайылған ақындар, әншілер, ашугтер, манасшылар, шайырлардың шығармалары куә.
Қазақ даласында «жел сөзді не қыламын сізден аяп» деп желіп өткен, домбырасын қолға алғанда ағызып ала жөнелетін жыр дүлдүлдері Асанқайғы, Шалкиіз, Бұқар, Шөже, Майкөт, Құлмамбеттің көшін жас Жамбыл жалғастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz