Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы



Кіріспе
І. Бағалы қағаздардың қарыз міндеттемесі және олардың жіктелуі
1.1. Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
1.2. Бағалы қағаздар қарыз міндеттемесі
1.3. Бағалы қағаздардың жіктелуі

ІІ. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
2.1. Акциялар
2.2. Облигациялар
2.3. Вексельдер
2.4. Бағалы қағаздардың басқа түрлері

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
3.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
3.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары


Қорытынды

Әдебиеттер тізім
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық субьектілерінің құрлымы мен оның қызмет көрсету механизмі: олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Бағалы қағаз нарығы субьектілерінің қатынастары экономикалық құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түр ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағаны қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында манызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өмірмен субьектілер ғана оны алады. Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай болғаны қағаздар қаржы институттары, қаржы ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығына өзіне тән жүйесі қалыптасады.
1. Ақша, Несие, Банктер. Алматы, «Экономика», 2001
2. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы, «Санат», 1993
3. Экономикалық теория негіздері. Алматы, «Санат», 1998
4. Ценные бумаги и фондовый рынок. /Сейткасымов Г.С./ Алматы, «Экономика», 1998
5. Мамыров Н.Қ., Мадияров Д.М., Қалдыбаева А. Е.
6. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы алматы: Экономика.
7. Международные экономические отношения. Учебник
8. Под ред. В. Е. Рыбалкина – М: Финансы и статистика 1999 – 165с.
9. Мусатов в. Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы – М: Международные отношения 1991 – 192 с.
10. Шалгимбаева Г. Н. Рынок ценных бумаг. Механизмы государственного регулирования – Алматы: Қаржы – қаражат 1997
11. Формирование системы акционерных обществ в Республики Казахстан ( А. К. Кошеков, А. А. Рамазанов, А. А. Бисембаев и др.)
12. Алматы: Ғылым, 1995 – 98 с.
13. Хабарова Л. П. Бухгалтерский учет и налогооблажение с ценными бумагами: Практическое пособие. – М: АО «Бизнес школа» ,«Интел - Синтез» 1995.
14. Мусатов В Т. Фондовый рынок Инструменты и механизмы – Москва: Международные отношения 1991.
15. Пятов М. Л Вексель: вопросы учета, анализа и налогооблажения – Москва: Финансы и статистика. 1997.
16. Ефремов И. А Операции коммерческих банков с ценными бумагами. Москва Ист – Сервис 1995.
17. Алехин Б. И. Рынок ценных бумаг:Введение в фондовые операции. С. Сомвен 1992.
18. Бороздин П. Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок – Москва 1994.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Бағалы қағаздар рыногы және оның
Қазақстан Республикасындағы дамуы
Жоспар
Кіріспе
І. Бағалы қағаздардың қарыз міндеттемесі және олардың жіктелуі
1.1. Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
1.2. Бағалы қағаздар қарыз міндеттемесі
1.3. Бағалы қағаздардың жіктелуі

ІІ. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
2.1. Акциялар
2.2. Облигациялар
2.3. Вексельдер
2.4. Бағалы қағаздардың басқа түрлері

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
3.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
3.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Әдебиеттер тізім

Кіріспе
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық субьектілерінің құрлымы мен оның қызмет көрсету механизмі: олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Бағалы қағаз нарығы субьектілерінің қатынастары экономикалық құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түр ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағаны қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында манызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өмірмен субьектілер ғана оны алады. Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай болғаны қағаздар қаржы институттары, қаржы ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығына өзіне тән жүйесі қалыптасады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеңілдетті. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын оларды банктерден алудан гөрі тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты болады. Бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау уақыт талабы. Бағалы қағаздар қор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған. Тәжірибені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы осы оқу құралының құрылымы жасалды. Бағалы қағаздар нарығының теориялық және методологиялық негіздерімен қатар білім көлемін беру.
Акша, несие , банктер – қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағсыз белгілері. Олардын кызметті қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айыабастауды және тұтынуды бір – бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады . Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда – санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде байлықты көбейтуге негіз қалайды. Экономикалық мамандықтардың алдыңғы қатарынан орын алып отырған қаржы және несие мамандықтары бойынша болашақ мамандарды оқыту үшін арнаулы шығармашылық өнімнің қажет екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат шындық. Онда экономикадағы ақшаның және несиенің мәні мен роліне жан – жақты сипаттама беріліп, нарықтық экономикаға өту жағдайында осы категориялармен қатар банктердің маңызына аса көп назар аударылған. Ақша, несие, банктер – ұзақ қоғамдық дамудың өнімі. Оқу құралында әр түрлі ақша және несие теориялары қаралып, осы құн категорияларының үдемелі ұдайы өндіріс процесіндегі орындары айқындалады.
Банктер тарихи даму және қарапайымнан күрделі құбылысқа айналу тұрғысынан қаралып, қазіргі ақша – несие институттары ретінде көрсетіледі. Ақша, несие және банктер мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемалары мен заңдылықтарын көрсетеді. Сондықтан оларды жалпы экономиканың жағдайынан бөліп қарастыруға болмайды.
І. Бағалы қағаздардың қарыз міндеттемесі және олардың жікелуі
1.1. Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі
заңдары

Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Сонымен қатар заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3-бөлімінің 2-бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп олардың түрлері анықталып бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген. Бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан мемлекетінің қаулылары. Бағалы қағаздар ұстаушылардың және костодиалдық істің бағалы қағаздарды сақтау және есептеу істері жағдайларын анықтайды. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері – бағалы қағаздар нарығы қызметін реттейтін ережелер. Соның ішінде, акциялар мен облигациялардың мемлекеттік тіркеуін реттейтін эмиссияларды орналастыруды, брокерлер, дилерлер ережелерді бекіткен. Мемлекеттік комитеттің актілері, Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру жөніндегі актілері. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да кездесе бастады. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері – акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың табысының өсу – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттің қарыз міндеттемелері. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелер мен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналасы және белгілі бір ұйымдық құқықтық түрде құрылған шаруашылық субьектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Айтылып отырған бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығында яғни тауар биржасында айналымға түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар туралы Қазақстан заңдары орыстың азаматтық құқықтарына негізделіп шығарылады. Қазақстанда 1990 – 1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды кейбір нарықта сатуға мүмкіндік беретін бірсыпыра құқықтық негіздер құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады. Қазақстандағы бағалы қағаздар туралы бұрыңғы шығарылған заңдардың жетілмегендігіне қарамастан оларды қолданудың нәтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып бұл жүйеде өз тәжірибемізді жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туды. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды.

1.2. Бағалы қағаздар қарыз міндеттемесі

Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әр жақтарын сипаттайды.
1) Қарыз міндеттемесі – оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып көп үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының берген заңды құжаты.
2) Қарыз міндеттемесі – қарыз алу кезінде немесе алушының несие берушіге беретін құжаты. Сонымен қарыз міндеттемесі дегеніміз жеке немесе заңды тұлғалардың яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін шығарыпжәне оған одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны элемент деп атайды. Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Кез келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де қаржы тапшылығында отырғандар да бір ұлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі. Дәл осы жағдайда екі шаруашылық субъектілерінің біреуі артық табысын екіншісіне несиеге беріп, орнына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше бұрынғы қарыз міндеттемесінің орнына қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз міндеттемесін борышкер немесе берушіге жауап береді. Қарыз міндеттемесін иемдену орындау құқы туындайды.
Тікелей қаржыландыру тәсілі – артық қаржысы бар субьект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, несие алушының міндеттеме қайтару портфелі ұлғаяды.
Делдалдар арқылы қаржыландару – бұнда делдал ретінде брокерлер мен дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не дилер өзінің қарыз міндеттемелерін шығармайды. Олар қор биржасы атынан делдалдық қызмет атқарады.
1.3. Бағалы қағаздардың жіктелуі
Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі:біріншіден, түсіретін кірісіне, екіншіден элементтің сипатына, үшіншіден айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
1) Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалықағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді.
2) Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет жергіліктьі әкімшілік, корпорациялар, қаржы және т.б. заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық, вексельдер мен қазыналық облигациялар. Банктердің бағалы қағаздары олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері. Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты – бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады.

Бағалы қағаздардың жіктелуі

Бағалы қағаздар

Кіріс төлеу жөніне Эмитентінің сипатына Сатылу жеріне

қарай қарай байланысты

қарызды, үлесті

Мемлекеттік жергілікті ААҚ-дың, әр түрлі банктердің кәсіпкер-
әкімшіліктердің қорлардың лердің

қазыналық қазыналық акцияла- облига- чек- депозиттік сер-
вексельдер облигациялар ры циялары тері тификаттары

кәсіпорындардың фьючерстері коммерциялық
облигациялары вексельдері

қарызды үлесті ақша нарығындағы капитал нарығ-ғы

облигациялар акциялар қарызды қарызды, үлесті

әр түрлі эми- депозиттік қазыналық опцион- әр түрлі
тенттердің сертификаттар вексельдер дар эмитенттер

ІІ. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
2.1. Акциялар
Акция үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде, меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса да сонша уақыт қолданылады. Бірақ уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады:
бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір қарыз міндеттемесі. Акция компанияның акционерлер алдындағы акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция – компанияның акционерлер алдындағы қарыз мндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар.

2.2. Облигациялар
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілділігі саналады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивиденттерден бұрын төленеді. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол соның төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төленген қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі. Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады.
Аблигациялар айырбасталатын (конвертируемые) және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

2.3. Вексельдер
Вексель – белгілі бір пішімде жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Вексельді қолданысқа енгізілудің мақсат республикасының халық шаруашылығында төлем тәртібін жақсарту және коммерциялық кредит бөлу ісінің дамуына жағдай жасау болып табылады. Бұл біріншіден айналым қорының айналымдылығы мен есеп айырысуды жылдамдатады, екіншіден банк кредиттеріне деген қажеттілікті азайтады не оны пайдалануға төленетін процент ставкасын төмендетеді және ақша шығару көлемін қысқартады.
Вексельдік айналым – ақша орнына жүретін вексельдің жеткізушілер мен төлемшілер арасындағы айналыс аясындағы қозғалысы. Коммерциялық кредит негізінде пайда болған. Вексельдік айналымы оның шеңберін кеңейтеді. Ол сондай-ақ өндірістің бір-бірімен тікелей байланысқан жекелегенсалалары арасындағы қатынастардан тысқары ауқымда да коммерциялық кредиттің қолданылу аясын ұлғайтады. Алайда вексель тек өзара төлем қабілеті туралы хабардар етілген шектеулі шеңберде ғана айналысқа түсуі мүмкін. Вексельдік айналымының бұл шектелімділігі жекеше коммерциялық вексельдерді банк билеттерімен ауыстыруды қажет етеді. Вексель есебі – вексельді қолдану мерзімінен бұрын атаулы құнымен төмен бағаға сатып алу. Банктің вексель ұстаушыға яғни вексельді алушы көрсетілген соманы мерзімінен бұрын төлеу арқылы кредит беру нысаны, бұл орайда есепке алынған сәттен бастап вексель бойынша төлем мерзімінде шегеріп тасталады.

Ремитент (тратта 6 Несие беруші
бойынша ақша алушы) (кредитор)

3 4 5 7 8

Трассант 1 Трассат
(вексель беруші) 2 (төлеуші)
2.4. Бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Бұл бағалы қағаздың ерекшелігі корпорация жарғысында акционерлердің артықшылық құқы деген арнаулы сөзбен белгіленеді. Жазылу құқық үш түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Бағалы қағаздар және олардың айналыс мәселелері. Бағалы қағаздар нарығы
Қ.Р. қаржы нарығы
Ордерлік бағалы қағаздар
Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері
Пәндер