Алаш арыстары және әдебиет



1 Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы
2 XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты нысынасы
3 Қазақ зиялыларының жұртына жөн сілтер сын сағаты
Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» [1,22], - деп ерекше бөліп көрсеткен еді.
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы дәл бүгін де жан-жақты зерттеліп, тиянақталған жоқ. Өткен ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген К.Нұрпейіс [2], М.Қойгелдиев [3], Д.Аманжолова [4], Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков [5], Р.Нұрмағамбетова [6] және басқа да тарихшылардың зерттеулері Алаш қозғалысының мән-жайын жаңа сапада пайымдауға мүмкіндік бергенін бөліп айту жөн.
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.:Атамұра, 1999.
2. Нұрпейіс К. Алаш Һәм Алашорда. А.:Ататек, 1995.
3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А.: Санат, 1995.
4. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.:Россия молодая ,1994.
5. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас.А.: Қазақ университеті, 2004.
6. Нурмагамбетова Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. А.: 2003.
7. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. А.: Жалын, 1996.
8. Нұрғали Р.Әуезов және алаш. А.:Санат, 1997.
9. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. А.: Фолиант, 2002.
10.Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. А.:Жеті жарғы, 1998.
11.Алаш және Әуезов (конф. материалдары)А.: Жазушы, 2007.
12. Әуезов М.Әдебиет тарихы. А.:Ана тілі, 1991.
13. Шәкәрім. Шығармалары. А.:Жазушы, 1998.
14. «Қазақ», 1918, 30 июль, №262.
15. «Қазақ», 1917, 12 апрель, №225.
16. «Сарыарқа», 1917, 30 қазан , 13 қараша.
17. Торайғыров С.Шығармалар.Екі томдық, 1- том.А.: Ғылым, 1993.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Арап Еспембет
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университеті гуманитарлық факультетінің
деканы, филология ғылымдарының
докторы, профессор

АЛАШ АРЫСТАРЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Алаш қозғалысы Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі
таңда қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады.
Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар
қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір
көрсеткіші іспетті. Алаш партиясын құру мен Алашорда үкіметін
қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде Алаш арыстары
ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Ғасыр басында
мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті
болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүз
жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен
қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен
ғана емес, азаматтық Һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес
[1,22], - деп ерекше бөліп көрсеткен еді.
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы дәл бүгін де жан-жақты
зерттеліп, тиянақталған жоқ. Өткен ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген
К.Нұрпейіс [2], М.Қойгелдиев [3], Д.Аманжолова [4], Т.Омарбеков,
Ш.Омарбеков [5], Р.Нұрмағамбетова [6] және басқа да тарихшылардың
зерттеулері Алаш қозғалысының мән-жайын жаңа сапада пайымдауға мүмкіндік
бергенін бөліп айту жөн.
Алаш қозғалысы және әдебиет – аса ауқымды тақырып. Бір баяндама
аясында сыйғызу өте ауыр міндет. Мәселені түбегейлі шешуді міндетімізге
алған жоқпыз.Осы жерде екі жәйтті ескерген абзал. Біріншіден, тақырыпқа
қатысты Ғ.Ахмедовтың Алаш Алаш болғанда [7], Р.Нұрғалидың Әуезов және
алаш [8], Д.Қамзабекұлының Алаш және әдебиет [9], С.Өзбекұлының
Арыстары алаштың [10], конференция материалдарын жинақтаған Алаш және
Әуезов [11] еңбектерінің болуы ізденісімізге зор қолғабыс. Сондай-ақ, Алаш
арыстарының соңғы жылдар бедерінде жарық көрген бір томдық және көп томдық
жинақтары оқырман қолында. Екіншіден, Алаш қайраткерлері және әдебиет
мәселелерін тұтастай қамту мүмкін еместігін ескеріп Ш.Құдайбердіұлы мен
С.Торайғыров шығармашылығы төңірегінде әңгімені өрбітуді дұрыс көрдік.
XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты нысынасы зар заман идеясы, XX
ғасырдың бас кезіндегі көркемдік дамуда өзгеше сипатқа иеленді. Бұл ретте
М.Әуезовтің 1925 жылы жазған Әдебиет тарихы оқулығындағы ордалы ойларға
құлақ асқан абзал: Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – Қазақ
газеті. Қазақ газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген
мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905 жылдың өзгерісін өткізіп, ел
дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге
жиып, патша саясатына қарсылық, ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де
іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақытына келеді.[12,231] Бұл
кез – ұлттық сананың сергектік танытып, халықтың жан дүниесіндегі алай-
дүлей бұрқаныстың шиыршық атқан шағы еді. Әдеби дамуға қосылған
М.Дулатовтың Оян, қазақ!, А.Байтұрсыновтың Маса, Е.Бұйринның Ызың,
Б.Ержановтың Тұр қазақ, М.Ж.Көпеевтің Сарыарқаның кімдікі екендігі
кітаптары ұлттық оянудың шырқау шыңы – күллі алаштық идеяға апарар
баспалдақ басқыштары санатында. Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт шығармалары
жалпыұлттық идеяның жарасымды көрінісі іспетті зиялы ұрпақтың шөліркеген
мезгілінде қазақ халқына қанатымен су сепкен қарлығаштай қызмет жасады.
Шәкәрім – Абайдың туысы, інісі бас шәкірті. Ол – ақын, сазгер, жазушы,
философ, тарихшы, аудармашы, көсем сөздің шебері, Алаш ұранды әдебиеттің
ірі өкілі.
Мен жетелеп өлемін,
Өрге қарай қазақты.
Өлсем де ойын бөлемін,
Сөзбен салып азапты[13,110], - деп алдына биік мақсат қоя
ұмтылған ақын төңкерістен соң іле-шала Алашорда үкіметінің жұмысына
араласқан. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ сиезіне
арнайы шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып
сайланған. Білімі терең, ақылы кәміл, табиғатынан әділ, парасаты биік
Шәкәрімге көрсетілген құрмет деп ұғыңыз. Алашорда үкіметіне сіңірген
еңбектерінің бірін мысалға келтірейік. 1918 жылғы Қазақ, Сарыарқа
газеттерінде Алаш құрбандары атты мақала жарияланды. Онда Семейдегі
оқытушылар семинариясының шәкірті, Алаш милициясының бастығы Қазы
Нұрмұхамбетұлының қайғылы қазаға ұшырауы, жазықсыз оққа ұшуы жөнінде хабар
берілген. Алаш жолындағы тұңғыш құрбан Қазының өліміне халық көп жиналған.
Жерлеу рәсіміне Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан
Мәрсекұлы, Мұстақым Малдыбайұлы, Жүсіпбек Аймауытов сөз сөйлеген, өлең
оқыған.
Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шәкәрім ақсақал халыққа
қарап сөз сөйледі:
– Әлеумет! Мынау жатқан кім, білесіңдер ме? Бұл ұлты үшін шыбын жанын
құрбан қылған алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл күнгі һәм
мұнан соңғы ұлтым деген азаматтар мына мен сияқты болып ұлтым деңдер деп
өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес іспен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы еді.
Қазы – би деген сөз, Қазы билігін айтып кетті... Құдай тағала алашқа шын ұл
бергеніне бүгін ғана көзім жетті, алпыс жасқа келгенде мұндай ұлт үшін
құрбан болатын азаматты көремін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін
өлсем де арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан, қадіріңді біліп, құрметтей аламасақ
кешу қыл, хош, қабірің нұрлы болсын, – деді. Жиналған жұрт еңіреп жылап
жіберді.[14].
Жиырма екі жасында Алаш ісі жолында құрбан болған Қазы өлімінде
Алашорданың биі Шәкәрім аузынан шыққан есті сөз жиналған қалың жұрттың
ұлттық санасын шыңдағаны шүбәсіз. Шәкәрім мұрасының өнебойында тұтасып
жатқан жүйелі құбылыс – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеу,
қастерлеу, рухының асқақтығын жыр өзегіне айналдыру.
Алаш немесе Алашорда қозғалысы – бірнеше құрамдас бөлімдерден
тұратын күрделі ұғым. Сондықтан да әуел бастан Алаш (Алашорда) қозғалысына
жататын жекелеген мәселелердің басын ашып, оларды нақты түрде қарастырған
жөн сияқты, – деп жазды академик Кеңес Нұрпейісов. – Олар, біріншіден,
саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш
автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін)
басқаруға тиісті болған мәселелер. Басқа сөзбен айтқанда, осы нақты үш
мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдірді [2,5].
Тарихшы-ғалым айтқан пікірлерді бұтарлай тарқатуды мойнымызға алмай
Сұлтанмахмұт ақынның Алаш идеясын бірден іліп әкетіп шығармаларының арман-
аңсарына айналдыруын бөле-жара айтуымыз шарт.
Алаш ұраны – Алашорданың гимні. Алаш ұраны – Алаш партиясының,
адамзат баласының көзі көріп, құлағы естімеген өзгерістерді басынан өткеріп
жатқан исі қазақтың ұраны еді. Сұлтанмахмұт – елін емірене, жұртын тебірене
сүйген ұлтжанды азамат. Атар таң, батар күнде тек қана ел қамын ойлап
еңіреген, ұлтына жан-тәнімен қызмет жасауды мұрат еткен Торайғыровтай
перзенттің аласапыран уақытта бұлқынып тарих сахнасына көтерілуі заңды
құбылыс. Алаш ұраны – 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін іле шала
жазылған шығарма. Рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі оқшау туынды.
1917 жылдың 20 наурызында Петроградтан Әлихан, Мұстафа, Міржақып
Алаш ұлына атты мақала жолдап, онда: Азаттық таңы атты. Тілекке құдай
жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай
арман қалған жоқ. Неше ғасырдан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта
ұстаған жауыз үкімет өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара
сапарға кетті [15], - деп көңілдегі қуанышты зор шаттықпен хабарлады. Осы
қуаныш лебі Торайғыров өлеңінде де жалғасқан. Сұлтанмахмұт қуанышты
хабарды құшақ жая қуанып қарсы алды. Патшаның тақтан құлауын бостандыққа,
теңдікке жету деп ұқты. Алаш ұранындағы:
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Елімізді лайлаған,
Ерімізді айдаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы
Жасасын, алаш, жасасын!- деген шаттыққы толы тіркестер
дүйім жұрттың көңіл-күйін өрнектейді.
Төңкерістен соң қазақ жерінде кеңінен өріс алған автономия алу, өз
алдына жеке ел болу идеясы Алаш ұраны өлеңінің өзекті түйіні, кесікті
байламы.
Алаш туы астында,
Күн сөнгеше сөнбейміз!
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
Жасасын, алаш, жасасын! – деп ақынның жігерлене жыр
кестелеуі сол заман ақиқатын көз алдымызға елестетеді. Жасасын, алаш,
жасасын! рефрені бостандық, азаттық идеясының жасампаздығына ақынның
қалтқысыз сенетіндігін көрсететін жанды айғақ.
С.Торайғыровтың қалың оқырманға бейтаныс Әлиханның Семейге келуі
мақаласы Сары арқа газетінің екі санында басылған [16]. Автор мейрамға
жиналғандай халық нөпірін суреттеп, лек-легімен, топ-тобымен ағылған жұртты
елге еңбегін сіңірген ерін тосып, жиылған қазақтар еді дейді. Ол ері елі
үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей
сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері
кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы
тұн, туатын бақ жұлдызына көзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған,
басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер деген ойдан
басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейханов еді.
Ә.Бөкейханов – қоғам қайраткері, ғалым, публицист. Петербург
университетін тамамдаған. 1905 жылы І Мемлекеттік думаға Семей қазақтарының
атынан депутат болып сайланған. 1917 жылдың желтоқсанында өткен сиезде
Алашорда үкіметінің төрағасы болған.
Қарсы алу рәсім салтанатын, ондағы сөйленген сөздерді құлпырта жазып,
Ә.Бөкейханов сөзін келтіреді: Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа
рахмет. Бірақ ұғыну керек, бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен
олардың жолында жолдастықта жүрген кісі. Жүз жылдан бері бостандық үшін
атылған, асылған солар. Рахметті соларға бұрын айту керек. Бостандыққа
қуансаңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне мен өле-өлгенше
сендерге қызмет қылуға уәде беремін. Сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың
жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар, бишараны жемеуге, партияны
қойып, бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық
күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек.
Қазақ зиялыларының ғана емес, тұтас қазақ халқының рухани көсеміне айналған
Бөкейханұлы Әлихандай сабаздың тарихи қызметін С.Торайғыров елең-алаңда
танығандығы көрегендік.
Таныстыру поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін, ал Айтысы
байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды шығармалар деген ат қойылып,
айдар тағылып тұтқындық күй кешті. Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылып
келе жатқан бүгінгі таңда Таныстыру мен Айтысты қалың оқырман қауымға
қайтармау Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына қиянат. Таныстыру 1917
жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде
жазылған. Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда (1917, шілде) Советтердің
Бүкілқазақстандық I сиезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да Орынборда II
сиезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ (қырғыз) комитеттерін сайлауға
қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы қазақтарының сиезі 1918 жылдың 14
(1) наурызына белгіленді. Төңкерістен соң елді жаңа жолға бастайтын
азаматтар кімдер деген сұрақ тұрды. С.Торайғыровтың Таныстыру поэмасы осы
сауалға тура жауап бергендей еді.
Ақынның таңдап алған формасы да қызық. Поэма қара қазақ пен оқыған
зиялы адамның диалогына құрылған.
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен балам.
Тап біздің осы Семей облысының
Көш басшы адамдарын айтшы маған.
Біз дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де түк білмейтін қазақ надан.
Қара қазақ сауалы. Шындығында заман өзгеріп, уақыт аумалы-төкпелі
қалыпта тұрғанда болашағын ойлайтын әр адамның қоюға тиісті сауалы. Сөз
кезегі тиген оқыған да әңгіме тиегін ағытады:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке дара тұр ғой өзі...
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Поэманы оқығанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Публицистика жанрлары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Пәндер