Тарих пәнін мектептерде оқыту


Лекция
Тарихи құжаттар мен тарихи дереккөздерін оқып-үйрену
1. Тарихи құжатгар және олардың түрлері
2. Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы
3. Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау
Тарихи құжаттар және олардың түрлері
Тарихы оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи дерек көздеріне адам қолымен жасалған - оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.
Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (құжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді. Ол осылайша түпдеректермен жұмыс істеуге негізделген практикалық әдіс бойынша сабақ жүргізуді ұсынады. Осы әдістемеге негіздеп "Жазушылар мен ғалымдардың жазуыңдағы орта ғасырлар тарихы" деп аталатын үш томдық хрестоматия жазып, жарыққа шығарды.
Ал, кейбір ғалым, әдіскерлер (М. Н. Коваленский, А. Ф. Гартвич, Н . А. Рожков) тарихи құжаттар негізінде оқушылардың дербес жұмыс істеуіне негізделген зертханалық сабақ өткізуді ұсынады. Дегенмен, көптеген әдіскерлер мектептегі оқуды бірыңғай қүжаттармен жүмыс жасауға құруды негізсіз деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи құжаттарды тек негізгі білім көзі болып табылатын мүғалім әңгімесі мен оқулыққа қосымша ретінде қолдану тиімді болмақ. Құжатгар оқушылардың білімін тереңдегіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін арттырады.
Құжатгың атқаратын роліне қарай оның сабақта қолданатын орны белгіленеді. Зертханалық әдісті қолданғаңда құжатты оқып-үйрену оқулықпен жұмыс жасаудан бұрын атқарылуы тиіс. Ал құжаттану әдістемесін қолдаушылар оқулықтың тиісті параграфымен танысқаннан соң барып оқушылардың тиісті құжатпен танысқаны дұрыс деп есептейді.
Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде?
Құжаттың сыртқы түрімен танысу арқылы тарихты оқытудың көрнекілік қағидасы іске асады. Құжат мүғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры - ол тарихи материалды нақтыландырып, еткен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңа келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. Қадырғали Қосымұлының "Жамиғат Тауарих" еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.
Құжатгармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі жөне тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; құжатты оқу, таддау және қажетті ақпаратты теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап, талқылау. Оқушьшар сабақ барысында құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын танып, олардан бір кездері өмір сүрген адамдардың ізін аңдай алады.
Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабакқа таңдап алудың өлшемдері. Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды топтастыру тәсілі тарих ғылымында қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Ол құжат мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші - баяндау-суреттеу құжаттары: екінші - өз кезінде практикалық маңызы болған актылық сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал көркемсөз ескертиштері құжаттардың қосымша тобын құрайды.
Ақтылық құжаттар - заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық құжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық және тергеу құжаттары, бағдарламалар, сөздер) . Баяндау-суретту құжатары-жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын құрайды. Көркемсөз ескерткіштері - ежелгі жөне ортағасырлар тарихындағы халықтың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар, жоқтау жырлары, эпос) .
Сабақта қолдану үшін, ғалымдардың пікірі бойынша, құжаттар мынадай болуы керек: -тарихты оқытудың мақсаттары мен міндетгеріне сай болуы;
- сол дәуірдің негізгі, барынша тұрпаттық деректері мен оқиғаларын қамтуы тиіс;
- бағдарламалық материалмен тығыз байланыста болып, тарихи білімінің өзекгілігін арттыруға ықпал жасауы керек;
- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи құбылыс, оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап терендететіндей құжат мазмұнында тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға белгілі бір сезімдік ықпал жасауы тиіс.
Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы
Құжатты оқып-үйрену әдістемесі. Тарих сабағында құжаттарды оқушылар да, мұғалімдер де қолдануы мүмкін. Құжат тым күрделі болса мүғалім оның мазмұнын оқушыларға түсндіріп береді; құжатқа сілтеме жасап, дәйексөз келтіреді (өңгімелеудің дәлелдшгін күшейту үшін) ; өз әңгімесін нақтьшау және қызықты ету үшін құжаттан үзінділер пайдаланады. Әңгімені жандандыру үшін құжат үзінділерін төл сөз ретінде қолданып, тарихи тұлғаға мінездеме беріледі.
Оқушылардың құжатпен жұмыс жүргізуі оларды жасына, танымдық мүмкіндігіне жене дайындық деңгейіне қарай күрделене береді. 5-6 сыныптарда баяндау-суреттеу сипатыңдағы қарапайым материалдар пайдаланады; оның көлемі 10-15 жолдан аспауы тиіс; ал 7-8 сыныптарда талдау жасалатын заңдық және шаруашылық құжаттардың саны арта түседі; 9-11 сыныптарда саяси бағдарламалық құжаттар кеңінен қамтылады.
Құжатгармен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезеңдерден тұрады: 1) мұғалім құжатты талдаудың үлгісін береді;
2) оқушылар мұғалімнің көмегімен құжатты талдайды;
3) мүғалімнің жетекшілігімен жеке, дербес жұмыс жүргізеді;
4) құжатты өз бейінше сыныпта және үйде оқып үйренеді. Мұғалім сыныпта оқушыларды құжатпен таныстырып, тапсырманың мазмұнымен хабардар етеді. Оқушылар үйде қүжат негізінде қысқа хабарлама, суреттеме дайындап, оқрықтың мәнінің, безендіру бойынша шығармашылық мазмұндама дайындайды. Әрине, дербес жұмыс жасау үшін құжат барлық оқушыға жеткшікті болуы керек.
Құжаттармен жұмыс жүргізу мынадай дағдыларды да меңгеруді талап етеді; құжатты оқып әңгімелеу және ол бойынша жоспар құру, құжатты дербес таңдап, ол бойынша сұрақтарға жауап беру; бірін-бірі толықтыратын ұқсас құжаттарды салыстыра талдау; құжатқа сыни баға беру. Осы дағдылардың барысында окушыларға құжаттағы қисындық түйінді, негізгі идеяны анықтап, белгілі бір ережелерге дәлел тауып үйренеді. Мұғалім оқушыларға "бұл туралы құжатта не жазылғанын оқыңдар", "құжат мәтіні негізінде . . . дәлелде", "өз пікірңді құжат негізінде тиянақта" деген мазмұнда тапсырма береді.
Жоғары сынып оқушыларының құжаттармен жүргізетін жұмысы күрделене түседі. Оларға ендігі кезекте күрделі тапсырмаларды орындауға тура келеді. Ол тапсырмалар мына мазмұнда болуы мүмкін:
құжат мазмұнының бастысын, екінші кезектісін танда; өз тандауынды негізде;
оқьш үйренетін оқиғаның себебін, қай кезеңге тән екендігін анықта;
оқиғаның іске асуьша қандай тарихи алғышарт немесе идея, бастама негіз болды;
жағдайларды салыстыр; қажетті дереккөзінен мөліметтерді тандап ал;
саяси жөне мемлекетік қайраткерлерге мінездеме бер; Түпдерек бойынша хабарлама дайында; оқып үйренген құжаттар қазіргі қоғамдық құбылысты тани білуге қалай көмектескенін ойлап көр.
Мұғалімнің түпдеректі сабаққа пайдаланар алдьшда оны алдын ала елекген өткізіп, педагогикалық екшеу жасайды. Ол неғұрлым екшелген сайын оны оқушылардың дербес игеруі, қабылдауы оңайлай түседі. Педагогикалық екшеу дегеніміз - сабаққа пайдаланатын құжаттың мазмұнын таңдау дегенді біпдіреді. Қажет болған жағдайда мұғалім құжат авторының стилін өзгертпей-ақ құжатты еркін пайдалануы мүмкін. Одан әрі мұғалім оқушылар үшін жаңа терминдер мен ұғымдарды түсіндіріп, құжатпен жұмыс істеудің тапсырмаларын анықтайды.
Жинақталған өлкетану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына болады.
Мұғалім сабақ барысында құжатты қолданар алдында оған қысқаша сипаттама береді; құжат қайда, қашан, қандай мақсатта, кім жазды; бұл құжаттан оқушылар не біледі?
Мұғалім "Жеті Жарғы" туралы әңгімелеп отырып, оның алдында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын зандар жинағы болғандығын хабарлап, ол заңдарда меншік түрлері, қылмыс деңгейлері, оларға салынатын қүн өлшемдері жазылғандығын баяңдайды. Оқушылар одан әрі "Жеті Жарғының" мәтінің талдауға кіріседі. 1) Мәтін бойынша ауызша дәлелдеу. 2) Құн өлшемдерін анықтау. 3) Құжаттың жекелеген тармақтарын бөліп алу. 4) Құжаттың мазмұнын анықтауға көмектесетін сұрақтар түзу.
Оқушьшар құжатты жеке бөліктер бойынша оқиды, ал мұғалім жекелеген сөйлемдерді түсіндіріп, құжат мазмұнын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін " Үзіндіде не туралы айтылған?" "Мына сөйлемнің мазмұнын қалай түсінесің?" Содан соң барып құжатты қайталап оқып, жекелеген бөліктер бойынша талдауға кіріседі. Оқушылардың жауабы толық және дәл болып, тұжырымдар құжатқа сілтеме жасау арқылы негізделуі тиіс.
Орта буын оқушыларымен өткізілген сабақтарда құжатты тарихи дерек пен әдеби шығарманың арасындағы айырмашылық туралы ұғымдар қамтылуы тиіс. Мысалы, түркі халықтарының мифтері туралы әңгімелегенде олардың қайсысы рас, қайсысы ойдан шығарылғандығын түсіндіреді.
Сабақ барысында тарих курсымен хронологиялық байланысгы, тақырыпқа қатысгы оқушылардың отбасы тарихыньщ құжаттары ретінде табасы мүдделерінің жазбаларын, фотосуреттерін де қлддану тиімді. Бұған қатысты мынадай тақырыптарды атауға болады: "Менің отбасым XX ғасырдың 30-жылдарында", "Ұлы Отан соғысы біздің отбасы өміріңде", "Біздің отбасының еңбектегі және соғыстағы наградалары".
Құжаттың көрнекілігі оның мазмұның көрнекілік қағидасымен үштастырғанда тиімді бола түседі. Құжатты талдау нәтижесіңде окушылардың санасында тарихи ұғымдар қалыптаса бастайды. Ол ұғымдар дайын білім түрінде емес, оқушылардың логикалық ойлау қызметінің барысында қамтылуы тиіс. Белгілі бір мәселені құжаттар арқылы нақты адамдардың көзқарастарындағы қайшылық айқындалады, ол жағдай, процестер мен құбылыстардың мәнін ашуға көмектеседі. Бір мәселені әр түрлі ұстанымдарда қамтылған құжаттарды салыстыру барысында оқушылар бір мәселе туралы бірнеше көзқараспен таныса алады.
Құжаттарды оқу материалында орын алған қайшылықтарды шешуге де тиімді қолдануға болады. Оған байланысты құжаттармен жұмыс жүргізуге берілетін тапсырмалар оқушылардың танымдық мүмкіндігін ескеріп беріледі. Құжаттарды оқып үйренуге байланысты тапсырманың сұлбасы мынадай: құжатты талдау -одан деректерін теріп алу - оларды ауызша әңгіме, рөлдік ойын, жазбаша шығарма түрінде баяндау. Бұл жерде құжаттарды баяндау мен карта; заңдық құжат пен күнделік жазбасы; жеке тұлғаның естелігі, хаттары мен портреті деп жұптаған орынды.
Оқушылар құжат бойынша сұрақтар дайындап, сөзжұмбақ құрастырады, оқиғаны баяндап, мәтіндер дайыңдайды. Талқылап, талдап, толықтырғаннан соң мәтін оқулықтың тақырыбына қосылады. Бұл мәтін оқушьшарға барынша түсінікті, өйткені оны өздері түзді ғой. Осы жолмен қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұрақты болмақ. Мұғалімнің құжаттарды таңдауына метеп хрестоматиясы көмектеседі. Кейбір хрестоматиялар тек құжаттарды біріктірсе, ендігі бірі - құжаттар, оларға түсіндірмелер, ғылыми-көпшілік әдебиеттердің үзіңділерін құрайды, ал үшіншілері - көркем немесе басқа әдеби шығармалардан тұрады. Сабақтың мақсатына қарай мұғалім аталған хрестоматиялардың бірін тандайды. Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау Дереккөздерімен жұмыс жоғары сыныптарда ұйымдастырылады. Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың ғылыми еңбектері мен қолбасылардың, мемлекет басшыларының, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады. Мұғалім сабақтағы қысқаша кіріспе сөзінде бұндай еңбекпен жұмыс жасаудың міндеттеріне тоқталады. Онда құжаттың жасалған уақыты, мақсаты мен міндеттері, қысқаша сипаты айтылады. Одан әрі еңбектің құрылымы, негізгі идеясы сөз болып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға берудегі маңызына тоқталады. Алғашқы кезде бүкіл сынып ғылыми еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. Мұғалім мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Кейін тек күрделі мөтіндер түсіндіріліп, өзгесі оқушылардың өздігінен оқуына беріледі. Олар метіннен негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады. Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар жасауға, одан өрі еңбектің қисындық күретамыры - гезие жасауға ауысады. Тезис - дерек көзіне ешқандай сілтеме, түсіндірме, безендірме жасалмай баяндалған қысқаша негізгі мазмұн, Тезисте жалпы ой желісі басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес жағдайда еңбекгің тезисін дайындайды. Бір құжаттың негізінде олар тезис дайындап, конспект жасауға үйренеді.
Конспектілеу- мәніннің ең маңызды жағдайларын барьшша қысқа етіл жазбаша баяндау. Оқушылар құжаттың жоспары қалай жасалып, ол қалай тезиске айнадып, сонымен деректер жөне үлгілермен қалай толықтырылғанын (коңспектіге айналғанын) жетік білуі тиіс. Конспектілеу арқылы жйнақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:
1. Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру. 2. Конспектілеуді бастағанда автордың (немесс жинақ редакторының) дөл аты-жөнін, жұмыстың толық атының шыққан жері мен уақытын көрсету. 3. Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дөл көрсетілуі тиіс. 4. Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы тиіс. 5. Конспектілегенде цитата қолданылуы керек. 6. Коңспектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспекг бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Окушьшар осылайша құжатгарды тұтастай немесе фрагмент түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатан дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Қайталау және бекіту сұрақтары
1. Тарихи құжат деген не? Оның қаңдай түрлерін білесіз?
2. Тарихи қүжатгармен жүмысты қалай ұйымдастыруға болады?
3. Құжатгар мен дереккөздерін қалай конспектілеуге болады?
4. Тезис дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
5. Оқулық пен хрестоматиядағы тарихи құжатты салыстыр.
Өзіндік жұмыстардың (курс, бақылау, реферат, баяндама) тақырыптары
1. Тарих сабағыңда оқушылардың құжаттар және дерек көздерімен жұмысын ұйымдастыру.
2. Тарихи құжаттың конспектісін дайындау жолдары.
3. Құжаттар мен дерек көздерінің түрлеріне сипатгама.
4. Тарих пені сабағында құжаттар мен дереккөздерін қолдану.
Лекция
Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану
1. Көркем шығармаларды топтастыру.
2. Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері.
3. Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау.
Көркем шығармаларды топтастыру
XIX ғасырда әдіскер ғалымдар оқушылардың тарихи мазмұндағы кітаптарды оқуына баса мөн берген. Олардың пікірінше тарих ғылым ретінде оқушыларға тірі бейне сияқты барлық сипатгы белгілері және бөліктері арқылы көрінгенде ғана толық танылады. Тарихи әдебиеттерді оқу оқушьшарды осындай сипатты белгілермен қамтамасыз етеді.
Көркем әдебиетті сабақта қолдану оқушылардың тарихи түсініктерінің құрамды бөлігі болып табылатын өткен кезең туралы тарихи білімдерін нақтыландыра түседі. Сонымен бірге көркем әдебиет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зейінін аударуға кемектеседі. Мұғалім шығарма үзіндісін таңдағанда дәуір тынысын, тарихи жағдайды немесе портретгік бейнені қалпына келтіру міндетін басшылыққа алады.
Көркем әдебиетгі шартты түрде үлкен екі топқа бөлуге болады. Ол оқып үйренетін кезеңнің әдеби дерегі және тарихи беллетристика. Тарихи білім көздері авторы жазылған оқиғаның тікелей қатысушысы немесе куәгері болған шығарма. Олар өткен күнді тануға көмектесетін дәуірдің өзіндік құжаттарын құрайды. Ондай дереккөздерінің бәрі бірдей оқушыларға түсінікті бола бермейді, сондықтан да сабақта олардың мұғалім таңдап алған үзінділері пайдаланылады. Әдеби ескерткіштердің қатарына Күлтегін, Тоныкөк жырларын, Жүсіп Баласағүнның "Құтадғу білік" еңбегін, С. Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу" романың М. Шоқайдың "Кеңестер билігіндегі Түркістан" еңбектерін атауға болады.
Тарихи беллетристикаға зерттелген кезең туралы кейінгі дәуір жазушыларының жазған шығармаларын қосамыз. Тарихи беллетристика тарихи шындықты қалпына келтіруде түпнұсқа дерек көздері, ғылыми зерттеулер мен монографиялардың
қорытындыларына негізделеді. Тарихи білімдермен қаруланған автор өткен күнді тарихи шығарма түрінде жаңғыртады.
Тарихи беллетристика қатарында мынадай еңбектерді атаймыз. I. Есенберлиннің "Алтын Орда", "Көшпенділері", Б. Жандарбековтің "Сақтары", М. Мағауиннің "Аласапыраны", Д. Досжанның "Жібекжолы" шығармалары. Осындай еңбектердің қатарында В. С. Пикульдің сериялы тарихи романдарын атауға болады.
Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері
Мұғалім жазда тақырыптық жоспар жасау кезіңде-ақ мектеп кітапханасының қоры негізінде сыныптан тыс оқу үшін курс бойынша көркем әдебиет шығармаларының тізімін жасайды. Таңдау кезінде кітаптың ғылыми, тарихи құндылығы мен көркемдік деңгейі басты өлшем болып табылады. Сонымен бірге кітаптың оқушы жасына сай келуі, оқуға жеңілдігі жөне тәрбиелік маңызы да ескерілуі тиіс.
Мұғалім оқушыларды ұсынылған көркем әдебиеттің тізімімен таныстырып, кейбіріне қысқаша түсінік береді. Сосын барып тізімді тарих кабинетіне іліп қоюға болады.
Мұгалімнің сабақта көркем әдебишығарманы қолдануының тәсілдері көп. Мұғалім көркем әдебиеттен үзінді жасайды немесе жеке өзінің кітабы болса, шетіне белгі соғады. 5-6 сынып оқушылары үшін сюжеттік және картиналық, тарихи тұлғаға сипаттама беретін үзінділер таңдалып, оқиғаларды шиеленістіру және тұлғаландыру мақсатында қолданылады. Шығарманың игеруге қиыңдығы және көлемінің кедергі болған жағдайда мұғалім одан үзінділер алып, өз әңгімесінде пайдалуы мүмкін.
Көркем шығарманың мәтінін сабақта қолдануға дайындағанда қандай қысқартулар жасау, қалай байланыстыру қажеттігі үнемі ойда болуы тиіс.
Көркем шығарманың үзіндісін оқу немесе әңгімелеу тым үзаққа созылып кетсе, ол оқушьшарды негізгі идеядан ауытқытады. Сондықтан үзінділер барынша қысқа болғаны жөн.
Оқушыларға әдебиет пәні сабағынан белгілі кітаптарды қолданудың да маңызы зор. Мысалы, Шоқанның Қашқарияға сапарын әңгімелеуде мұғалім С. Мұқановтың "Аққан жұлдыз" диалогиясынан үзінділер келтіруі сабақты қызықты ете түседі. Сол сияқты "Ежелгі Үндістан" тақырыбында Р. Кишшнгтың "Маугли" повесіндегі табиғат көріністерін қоддануға болады.
Мұғалім сабақ үстінде көркем кітапты дөйексөз келтіруге немесе жеке үзінділерін әңгімелеп беруге пайдаланады (өдеби безендіру ретінде) . Кітап сюжетіне тоқталмас бұрын мұғалім кітап авторын таныстырып, қажет болған жағдайда кітаптың қысқаша мазмұнын баяндайды. Содан соңғы кезекте оқушыларға сұраулар мен тапсырмалар беріп, өңгіме жүргізеді. Одан әрі қарай көркем шығарма үзіндісін қайталау және оқушылар білімін тексеру жүйесіне өтеді.
Керкем сөз ескерткіштерінің қатарында аңыз, ертегі, шешендік сөздер, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрларын да атауға болады. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп" деген мақалдардың ынтымаққа шақырған идеясын оқушылар аңғара білуі керек.
Оқушылардың тарих сабағында кітаптарды қолдануының да тәсілдері көп. Ол ең алдымен кітап үзінділерін тарихи білім көзі ретінде пайдаланудан туындайды.
Сабақ үстінде оқушылардың кітап үзінділерін пайдалануына қойылатын талап, мәтінді дауыс ырғағын реттеп, көркем оқи алу, оқығанда асықпай, дауыстап (бірақ бақырмай) оқу керек. Дауыс қуаты сыныптың көлемімен үйлескені жөн. Оқу барысында бірыңғай ырғақта емес, дыбыс жиілігін өзгертіп, үзіліспен, әрбір тыныс белгісіне мән беріп оқу керек. Әрине, үзілістер қисынды бөлшектеу және тындаушылардың материалды игеруі үшін жасалатындығы әрдайым естен шықпауы тиіс.
Оқушылар тарихи шығарманы тарих ғылымы позициясы тұрғысынан талдайды; пікір жазады, кітап мәтінімен дербес жұмыс жүргізеді, мысалдар таңдап, андатпа құрастырады. Аңдатпада мыналар ескерілуі тиіс:
1. Шығармада көрініс тапқан дәуір, құбылыс.
2. Шығармадағы ең маңызды және жарқын оқиға.
3. Тарихи жөне типтік кейіпкерлер, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар.
4. Автордың суреттеген оқиғаға және кейіпкерлерге көзқарасы.
5. Кітап туралы жеке өз пікірің? Сенің ойыңша кітаптың басты көркемдік құндылығы неде?
6. Оқырман шығармадан не біледі?
Сол сияқты кітаппен жұмыс істеуге арналған арнайы жаднамалардың бірі мынадай:
1. Кітап өзіңнің жеке меншігің болса, онда оны қолыңа карандаш алып оқы. Қызықты немесе күмәнданған тұсқа ұқыпты түрде белгі сал.
2. Жылдам, бірақ ыж ыждаһатпен оқы.
3. Кітапты оқып болып, оның негізгі идеясы, онда жазылған оқиғалар, деректер туралы ойла.
4. Оқыған кітаптың маңызы, артықшылығы мен кемшілігі туралы жазбаша белгі жаса.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz