Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жағдайы және даму басымдылықтары туралы ақпарат


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» МАМАНДЫҒЫ

Қорғауға жіберіледі,

Кафедра меңгерушісі, э. ғ. д., профессор

Рогачева Т. М

« »2009 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары»

Студент Бисенов Ғ.

Ғылыми жетекшісі,

э. ғ. к., доцент Исмағамбетов Ж. С. .

Алматы, 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 тарау. МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЛАРЫ . . . 6

1. 1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы, заңдық қалыптасуы негіздері мен дамуы . . . 6

1. 2. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің теориялық аспектілері: даму барысы мен болашағы . . . 20

1. 3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны елімізде қолдану мәселелері . . . 30

2 тарау. ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ . . . 37

2. 1 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі . . . 37

2. 2. Қазақстан Республикасында қалыптасқан жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін талдау (Алматы қаласы Медеу ауданы мысалында) . . . 44

3 тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ . . . 55

3. 1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары . . . 55

3. 2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мәселесінің мемлекеттік маңыздылығы . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы 2007 жылдың мамыр айының 18-ші жұлдызындағы «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» деп аталатын баяндамасында жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде мыналай нақты ойлар айтты: «Конституцияның жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі бөлімінде іргелі өзгерістер болады. Біздің елімізде мәслихаттар жергілікті халық жергілікті міндеттерді шешу үшін сайлайтын өкілетті органдар ретіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады». Бұл ой бір күнде дүниеге келіп, парламенттің алдында жария етіле салынған жоқ, ол көптеген жылдар бойғы тәжірибенің нәтижесі. Ол жөнінде Президент өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқы алдындағы Жолдауларында, елдегі әкімшілік реформаларды дұрыс жүргізу жөніндегі ұсыныстарында елге барынша түсіндіруге тырысып келеді.

«Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды. Міне, осы құжатта көрсетілген міндеттер Елбасы Н. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты елдің ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын айқындайтын Жолдауында тағы да нақтыланды.

Демократияландырудың бүгінгі жағдайындағы барысын ескерсек, жергілікті басқарудың барлық механизмдерін бірден сайланған әкімдердің қолына беру үлкен саяси-экономикалық келеңсіздіктерге соқтыруы мүмкін. Өйткені, қазіргі сайлау-басқару мәдениетінің әртүрлі деңгейде болуы, саяси-әлеуметтік ахуалдың күрделілігі, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерінің де бірдей еместігі және басқа факторлардың сеперативтік көзқарас тудыруы, жергілікті тұрғындардың саяси атсалысқа түсіп, шаруашылық мәселелердің екінші деңгейге ысырып тасталуы, ұлттық-рулық айтыс-тартыстардың тууына себепкер болуы сияқты мәселелердің бар екендігі рас. Оларды Елбасы біртіндеп, байсалды шешіп келе жатқандығына осы мәселемен ғылыми тұрғыдан шұғылданып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген оқытушы - ғалымдар куә бола алады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 6 наурыздағы жолдауында былай делінген: Жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде аудандық мәслихаттарға қаражат бөлінуі тиіс. Жұмыспен қамтудың жергілікті жергілікті проблемалары мен мәселелерін шешу үшін бұл қаражатты қайда жұмсау керектігін олардың өздері шешеді.

Оған дәлел ретінде дамудың жаңа сатысының логикасына саяси жүйені модернизациялаудың сәйкес келу жөнінде міндет қойылып, оны шешу мен жетілдіру жолдары да айқын көрсетілгендігін айта аламыз. Оған қоса, соңғы кезде көпшілік қауымның талқылаған «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасындағы «түсініксіз» болған жағдайлардың «ашылғандығы», атап айтсақ, аудан маслихатының өкілетінің күшейіп, олардың жергілікті өзін - өзі басқару органы болатындығын Президенттің өзі айқындап бергендігі қуантарлық жағдай.

Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін мемлекеттің басқару орындары толықтай қамтылып, бір тізбекпен жұмыс жасауы қажет-ақ. Ол жергілікті басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыруды да білдіреді. Жергілікті орындардағы мемлекеттік басқару жүйесі сапалық жақсартуды талап етеді. Реформалар салмағының өңірлерге көшірілуін және бірқатар функциялар мен өкілеттіктердің жергілікті деңгейге берілуін ескере отырып, Үкімет әкімдермен бірлесіп жергілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру және жергілікті орындардағы әкімшілік реформаларды белсенді ету жөнінде шаралар кешенін қабылдай береді.

Ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің барлық деңгейлер арасындағы функцияларды неғұрлым айқын ажырату, реформалар жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мәселелері басым мәселелерге айналуы керек. Биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуде неғұрлым дербес және жауапты, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері заңнамалық деңгейінде айқын реттелуге тиіс.

Белгілі бір функцияларды мемлекеттік басқарудың белгілі бір деңгейіне жатқызу тұрақты функционалдық талдау жасаудың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік функцияларды орындау мемлекеттің еңбек және материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігін әрі бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында халыққа барынша жақын болуға тиіс.

Елімізде экономикалық реформалардың басым бағыттары мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға негізделіп отыр. Осы аталмыш процесті дамыту экономикалық жүйеге, елдің тұрақты әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.

Осыдан 6-7 жыл бұрын осы мәселе төңірегінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030: өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» атты жолдауында басқару тетіктерін министрліктерден аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға беру арқылы орталықсыздандырудың қажеттігі туралы айтты. Содан бері жергілікті және өзін - өзі басқаруды жетілдіру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылу үстінде.

Үстіміздегі жылы жергілікті өзін - өзі басқаруды енгізу, оның қазіргі жағдайына талдау жасау, шетелдік тәжірибенінің оңтайлы тұстарын қолдану және тағыда басқа мәселелерді жүзеге асыруға байланысты қызу қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.

Бүгінгі күні қоғамда жергілікті өзін - өзі басқару туралы заң жобасының тұжырымдамасы төңірегінде аз әңгіме қозғалып жүрген жоқ. Бірақ уақыт, заман талабы аталған мәселенің көп ұзамай өмірге енгізілетінін де айғақтап беріп отыр. Бұл туралы 2006 жылдың 6-шы маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның үшінші отырысында да жан-жақты сөз болып, қоғам дамуы еліміздегі саяси үдерістерге де қуатты серпін мен жеделдік беріп отырғаны атап көрсетілген болатын.

Қазақстан аумағы кең, сондықтан еліміз аймақтарының табиғи байлықтарының қалыптасуы, климаттық жағдайлары және тағы басқаларының әлеуеті де әркелкі. Сонымен қатар олар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша да бір біріне ұқсамайды. Мемлекет барлық аймақтардың қажеттіліктерін бірдей деңгейде қанағаттандыра алмайтындықтан, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайтыны заңдылық.

Дәл қазіргі кезде жергілікті мемлекеттік басқару органдары - ауыл, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейіндегі әкімдер институттарының жұмыстары тиімді емес, олай дейтініміз жоғарыда тұрған әкімдер үкіметке тәуелді. Жергілікті басқару органдары жеке бюджетке ие еместігі салдарынан, олардың экономикалық жеке қызмет етуге мүмкіндіктерін болғызбайды. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытша» ғана жұмыс істеу туралы ойлау психологиясын туғызады. Сондықтан олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен аумақты экономикалық өсіруге емес, жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталады. Міне, осындай жағдайларды біртіндеп жою және оларды болдырмаудың бір жолы - жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекетті басқару мәселелерінің теориялық-әдістемелік астарлары қарастырылды. Осы бөлімде жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы, заңдық қалыптасуы негіздері мен дамуы, даму барысы мен болашағы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны елімізде қолдану мәселелері қарастырылған.

Екінші бөлім жергілікті билікті басқару органдарының қазіргі жағдайы және құрамы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі, ҚР қалыптасқан жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін талдау жүргізілген.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімділігіне қол жеткізу жолдары ұсынылды.

Жұмыстың қорытынды бөлімінде дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелер мен барынша маңызды тұжырымдар жинақталып, қорытындыланды.

1 МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-

ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЛАРЫ

  1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы, заңдық қалыптасуы негіздері мен дамуы

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» Қазақстан халқына жолдауында тиімді осы заманғы мемлекеттік қызметпен мемлекеттік басқару құрлымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып айқындалды.

Бұл мемлекеттік басқарудың жүйелі болуын, әрбір басқару деңгейі үшін қаржы ресурстарымен нығайтылған функциялар мен өкілеттіктер нақты айқындалуға, биліктің барлық деңгейлерімен тиімді жұмыс істеуі үшін ведомство аралық үйлестіруді қамтамасыз етіп, заңнамалық-құқықтық базасы құрылуға тиіс екенін көздейді.

Қазақстан Республикасы егемендік алған алғашқы жылдарында мемлекеттік басқаруды орталықтандыру орын алған еді. Сол үдерістің нәтижесінде макроэкономикалық тұрақтылыққа жеттік, нәтижесінде қазіргі уақытта мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді түрде алға қойылып отыр. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда осы жүйеге жаңа талаптар қойылып, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруды реформалау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін зерттеу бойынша жүргізіліп отырған зерттеулердің рөлі өсіп келеді.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде бірінші рет экономиканы дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша реформалар жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған шақта басымдылықты тапсырмалардың бірі жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, бір сөзбен айтқанда мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады.

Жергілікті өзін - өзі басқару институттары мен мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселелерін зерттемес бұрын мемлекеттік басқару мен оның қағидалары, қызметтері және әдістерін анықтау жөн.

Нарықтың экономикадағы еркіндік, бәсеке және демократиялық тәртіптің болуына мемлекет үлкен ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекеттік басқару нарық механизмдерінің тиімді қызмет етуіне, мақсатты және тиімді әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды реттеуге, әлемдік ауқымда мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге қызмет етуі керек.

Мемлекеттік басқару - мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер етуі болып табылады. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және басқа өнімдерінің ұдайыөндіріс салаларында қызмет ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді.

Мемлекеттік басқару теориясының көрнекті өкілі Г. В Атаманчук осы мәселе бойынша былай дейді: мемлекеттік басқару бұл - мемлекеттің адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатында тәжірибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсер етуі. Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: біріншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында ол билікке басымдылық беретін ұйымдастыру механизмдерінің күшіне сенеді; екіншіден, басқару механизмдерінің әсер етуімен оның маңызды процестерінің өзара байланысын реттей отырып, қоғамға өзінің ықпалын көрсетеді; үшіншіден, ол жүйелі қызмет етеді. Себебі екі күрделі құрылымның, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет етуін біріктіреді.

Демократия - халық билігі, демек, оның бірінші баспалдағы, бастауы - жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің түрі де, тетіктері де әр түрлі болады. Әр ел өзінің экономикалық, идеологиялық, тарихи ерекшеліктеріне сай бұл мәселені түрліше шешеді. Солай бола тұра барлығына бірдей негізгі принциптер де бар. Олар біріншіден, жергілікті жердің ішкі ісіне мемлекеттің араласа алмауы, екіншіден, жергілікті жердің басшыларын сол аумақтық тұрғындарының сайлап қоюы.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару туралы бап та бар. Дегенмен осы баптың негізінде жұмыс жасауға тиіс заң әлі дұрыс күшіне енген жоқ.

Жергілікті биліктің түрлері: жергілікті әкімшілік - аумақтық бөліктерде биліктің екі түрі қатар жүзеге асуы мүмкін. Бұлар:

  • жергілікті мемлекеттік басқару
  • жергілікті өзін-өзі басқару.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік - аумақтық жердегі Орталық үкіметтің атынан немесе деңгейі жоғары тұрған әкімшіліктің атынан жүргізілетін биліктің түрі. Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды (мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында) .

Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз сол аумақта тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойлатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде «жергілікті өзін-өзі басқару туралы Еуропа Хартиясынан» үзінді келтіре отырып, жоғарыдағы мағынаны толықтыра түсейік: «жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсінеміз».

Еуропа жүйесі бойынша жергілікті мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі біріге отырып, бір жүйені құрайды. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. Әсіресе, жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әртүрлі міндет қойылады.

Біріншіден, әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды «қамқорлығына алуы». Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі, жергілікті мемлекеттік басқару органының рұқсатын алмайынша, күшіне ене алмайды. Бір сөзбен айтқанда, сол шешімді жергілікті әкімшілік қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі жолы бар. Біріншісі, әкімшілік орындары жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп, кейін қайтарады. Демек оның қажет немесе қажет емес екендігін әкімнің білетін болғаны. Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осындай әкім тарапынан болатын «қамқорлық» жойылған.

Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау. Бұл - бүгіндері көптеген мемлекеттерде кездесетін, еуропалық жүйенің ең көп тараған түрі.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың қысқаша тарихына тоқтай кетсек, бұл мәселе Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін мүлдем жаңа, жат құбылыс деп айтуға болмайды. Бұрынғы кезден бастап әр ауыл, әрбір аймақ өзінің ішкі мәселелерін өздері шешкен, оған хан да, сұлтан да араласпаған. Белгілі бір қауымның ішкі жұмысын былай қойғанда, ауыл арасындағы ата-ру кикілжің талас - тартыс ауыл ақсақалдарынан артылса ара биге жүгінумен, соның билигімен аяқталған. Орталық үкіметтің билік болып табылатын - хан билігі жергілікті мәселелерді шешуге мүлдем араласпаған. Ханның жұмысы - елдің саяси бағыты, көрші елдермен қарым - қатынас, соғыс пен бітім жасау, мемлекеттік алым - салық, қысқасы, ұлттық өмірдің негізгі бағытын белгілеу болып табылады. Ал ұлыстың ісі - сол жердегі өмір сүретін жандардың өздері ғана шеше алатын жұмыстар. Осы жерде бұрынғы тоталитарлық қоғам негізінен шығатын ақылға сыймайтын, бірақ, өкінішке орай, өмір шындығы болып табылатын бір мәселені айта кету керек.

Бір орталыққа қатаң бағындырылған тоталитарлық құрылым әр ауданның, одан қалды колхоз - совхоздың қай уақытта егін сеуіп, қашан жинауына дейін өздері шешетін. Егін пісіп, жерге түсіп, ысырап болып жатса да, егіншілер ауданнан не облыстан түсетін нұсқауды күтіп отыратын. Бұл халыққа билік бермеудің әдіс болатын.

Ресей империясының қол астына енгеннен кейін де жергілікті басқаруда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Жаңа басқару реформасы нәтижесінде губерния, уезд, болыстықтарға бөлінгенмен, мемлекеттік тұрғыда жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған нақты саясат болмады. Қазақ төңкерісі де мәселелерді шешу жөнінде пәлендей жаңалық енгізе қойған жоқ.

  • 1920 жылы «Қырғыз (Қазақ) АССР-і Еңбекшілерінің құқығы декларациясы» деп аталатын құжатта жергілікті өзін-өзі басқару туралы мәселе айтылған;
  • 1926 жылы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясында «Кеңестер құрылмаған жерлерде сайлаушылардың жалпы жиналысы ең жоғарғы билігі болып табылады» делінген. Құрылым көрсетілмеген, бірақ бұл сөздер жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде айтылғандығы сөзсіз;
  • 1937 жылы «Қазақ ССР-ң Конституциясы (негізгі заң) жергілікті жерлерде мемлекеттік билік - халық депутаттары Кеңесінің қолында» деп көрсеткен, бірақ өзін-өзі басқару туралы сөз жоқ. Осы жерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің халық депутаттары (жергілікті маслихат) жүйесінен мүлдем бөлек құрылым екенін айта кеткен дұрыс сияқты. Жергілікті мәслихат - өкілдікті орган, ал халық депутаттары - халықтың мемлекеттік билікті жүргізуінің негізгі механизмі, бұл екеуін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен шатыстырмау керек.
  • 1968 жылы «Қазақ ССР-ң поселкелік, селолық және ауылдық халық депутаттары Кеңестері» деген заңда 1971 жылы қабылданған «Қазақ ССР-ң аудандық халық депуттары Кеңестері» заңында азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге араласу құқығы айтылған.
  • 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясында жергілікті ерікті қоғамдар туралы жолдар бар. Бірақ ерікті қоғамның түрі өте көп екенін ескерейік . . .

Дегенмен осы Конституцияның негізінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің екі түрлі жолы көрініс алған сияқты. Оның бірі - азаматтардың жиыны. Бұған түрлі дейгейдегі саулауларда кандидаттарды ұсыну, мемлекет пен қоғамдық ұйымдарға ұсыныс жасау, немесе біреуді жазаға тарту, қауым болып өтініш беру, талап ету болса, екіншісі - жолдастық сот, халық жасақтары, ардагерлер кеңесі, көше, квартал комитеттері болып табылады.

1991 жылғы заң бойынша («Қазақ ССР-ң халық депутаттарының жергілікті Кеңесі және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі туралы») жергілікті кеңестер өзін-өзі басқару жүйесіне кірді, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің өкілдікті органы болып қала береді. Әрине, бұл жағдай жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін мемлекет тарапынан қадағалауға апарып соғары сөзсіз. Дегенмен осы екі түрлі жүйені араластыра отырып, жергілікті биліктің нақты түрін шығарудың түпкі мағынасында сындарлы ой жатыр.

1991 жылғы бойынша Заң бойынша екі жүйені қоса отырып, өзін-өзі басқаруды жергілікті маслихатқа беру айласын жүзеге асыру қажет болды. оның нәтижесінде 1993 жылғы Конституцияда және сол жылы қабылданған заң бойынша («Қазақ Республикасының жергілікті өкілдіктері және атқару органдары») жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мүлдем жойылып кетті.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық негізі: 1995 жылы қабылданған Қазақстан конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысты арнайы бап (89 бап), бар және сол баптың 4 тармағы осы мәселенің негізгі бағытын белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жөнінде
Жалған ақпарат арқылы халықтың миын улау
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қазақстан-2050 стратегиясының саяси мәні неде
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Банкті басқару мен бақылау
Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТІ
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz