Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері



Кіріспе. Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі ...
2 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері.
3 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер мен атаулы күндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер ... ...
5 тарау. Еліміз аумағында аталып өтілетін 2008/1429 жылғы Ислам Діни Мерекелері
«Ұлттаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлi ұлттық топтар мүддесiн ескеруге байланысты. Ең бастысы - осы мүдделердiң үйлесiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету», - деген болатын Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1 сессиясында сөйлеген сөзiнде. Осы бағытта елімізде атап өтіліп жүрген мерекелердің орны ерекше.
Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты бұрын мерекеленген атаулы күндердiң өзгерiстерге ұшырағаны жалпы жұртшылыққа белгiлi. Коммунистiк жүйенiң идеологиясына негiзделген мерекелердiң орнына ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық қатынастар мен бүкiл адамдардың наным-сенiмiн қанағаттандыра алатын күнтiзбе келдi. Әйтсе де кейбір оқырман қауым осы мерекелерден хабардар болғанымен, оның кішігірім тарихын тегіс біле бермеуi мүмкін.
«Өткен күннiң бәрi мереке» дейдi халық. Осы бiр сөзде адамзат баласы өмiрiнiң мәнi, бүкiл болмыстық пәлсафасы жатыр. Өйткенi¸ әрбiр халық белгiлi бiр атаулы күндi өткiзер тұста өткенiн екшеп таразылайды, алда жүзеге асыратын iстерiне бағам жасап, болжайды. Сондықтан мерекелер мен мерекелік күндердің қалай пайда болғандығына, олардың бала тәрбиесіне игі әсеріне мән беруіміз қажет. Осы себепті елімізде аталып жүрген ұлттық, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізімін түздегенді жөн көрдім.
Оның бірнеше себептері болды. Көпшілік адамдар кейде еліміздің Егемендік алған күні мен Тәуелсіздік алған күнін шатастырып айтатындығы кездесті. Және бірде металл қалдықтарын жинаумен айналысатын серіктестік басшысы: «Бүгін менің кәсіптік мерекем», - деді. Сөйтсек ол «металлургтер күнін» айтып отыр екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың қолданбалы маңызы болады деп есептеймін.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Көлемі – 155 бет

Ертай Жұмағазиев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ, МЕМЛЕКЕТТІК, КӘСІБИ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕРІ

Пікір білдірген тарих ғылымдарының кандидаты С.Кәрібозұлы

АННОТАЦИЯ
Бүгінгі таңда балаларды адамгершiлiк, адалдық, қазақстандық отаншылдық
сезiмiне баулитын бағыттағы кiтаптардың қажеттiгi күн тәртібінде тұр.
Бұл жинақта еліміздің ұлттық мерекесі мен мемлекеттік мерекелері,
кәсіптік және атаулы күндерінің құқықтық негіздері мен тарихына анықтама-
шолулар берілген. Сонымен қатар, тағы басқа аталып өтілетін күндер туралы
мағлұматтар мен мерекелерді атап өтудегі әлем елдерінің тәжірибесі да
айтылады.
Қолдарыңызға тигелi отырған кiтап әрбiр баланың, әрбiр азаматтың,
оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың, әрбiр мемлекеттiк қызметкерлердің
ой-өрiсiн байытуға септігін тигізетін айрықша көмек құралы бола алары
сөзсiз.

Мазмұны
Кіріспе. Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық
тәрбиемен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі ...
2 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
мерекелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер мен
атаулы күндер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
4 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер ... ...
5 тарау. Еліміз аумағында аталып өтілетін 20081429 жылғы Ислам Діни
Мерекелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
6 тарау. Қазақстан Республикасында 2008 жылы күнтізбеде көрсетілуге
тиісті мерекелер мен атаула күндер (алдыңғы тарауларда көрсетілген
мерекелік күндерден басқа) ...
7 тарау. Мереке туралы әр түрлі жайттар ... ... ... .
Қорытынды орнына.Мерекелер туралы кейбір ойлар...
Тіркелген құжаттар ... ... ... ... ... ...
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..+

Еліміздің астанасы - Астана қаласының 10 жылдық мерейтойына және Нұр
Отан халықтық демократиялық партиясының жеңістеріне арнаймын.
Автор

Кіріспе.Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен
сабақтастығы
Ұлттаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлi ұлттық топтар
мүддесiн ескеруге байланысты. Ең бастысы - осы мүдделердiң үйлесiмдi iс-
қимылын қамтамасыз ету, - деген болатын Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1 сессиясында
сөйлеген сөзiнде. Осы бағытта елімізде атап өтіліп жүрген мерекелердің орны
ерекше.
Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты бұрын мерекеленген атаулы
күндердiң өзгерiстерге ұшырағаны жалпы жұртшылыққа белгiлi. Коммунистiк
жүйенiң идеологиясына негiзделген мерекелердiң орнына ұлттық салт-дәстүр,
қоғамдық қатынастар мен бүкiл адамдардың наным-сенiмiн қанағаттандыра
алатын күнтiзбе келдi. Әйтсе де кейбір оқырман қауым осы мерекелерден
хабардар болғанымен, оның кішігірім тарихын тегіс біле бермеуi мүмкін.
Өткен күннiң бәрi мереке дейдi халық. Осы бiр сөзде адамзат баласы
өмiрiнiң мәнi, бүкiл болмыстық пәлсафасы жатыр. Өйткенi¸ әрбiр халық
белгiлi бiр атаулы күндi өткiзер тұста өткенiн екшеп таразылайды, алда
жүзеге асыратын iстерiне бағам жасап, болжайды. Сондықтан мерекелер мен
мерекелік күндердің қалай пайда болғандығына, олардың бала тәрбиесіне игі
әсеріне мән беруіміз қажет. Осы себепті елімізде аталып жүрген ұлттық,
мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізімін түздегенді жөн көрдім.

Оның бірнеше себептері болды. Көпшілік адамдар кейде еліміздің
Егемендік алған күні мен Тәуелсіздік алған күнін шатастырып айтатындығы
кездесті. Және бірде металл қалдықтарын жинаумен айналысатын серіктестік
басшысы: Бүгін менің кәсіптік мерекем, - деді. Сөйтсек ол металлургтер
күнін айтып отыр екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың қолданбалы маңызы
болады деп есептеймін.
Мерекелердің аталып өтілуі патриоттық тәрбиеге тығыз байланысты.
Сондықтан оның мәнін, тарихын, мағынасын білген өте дұрыс.
Әрбiр азаматқа, әрбiр адамға сонын iшiнде мемлекеттiк қызметкерлерге
отан, патриоттық сезім деген сөздер бос сөз болмауы тиiс. Бiздiң елiмiзде
патриотизмнiң құқықтық негiздерi қаланған. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 2 бабында: Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн
экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды
мәселелерiн демократиялық әдістермен, онын iшiнде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу, - деп негiзделген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 Жолдауында: ...бiз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезiмi мен өз елiне деген сүйiспеншiлiгiн
дамытуға тиiспiз, - деген болатын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет туралы Заңының 3 бабы 1
бөлiмiнде мемлекеттiк қызметтiң түбегейлi принциптерi белгiленген. Осы
бөлiмнiң 2 тармақшасы негiзгi принциптердiң бiрi ретiнде - қазақстандық
патриотизм деген ұғым енгiзілді (заңның 1995 жылғы мәтінін де бұндай
принцип болған жоқ).
Демократияны үйренуге болады, ал отаншылдык сезiмдi тәрбиелеу керек.
Тәрбиенiң негiзi - тарихта; ал тәрбие мен тарихтың негiзi - мектепте.
Данышпан қазақ халкы ораза-намаз - тоқтықта деп айтса да, өз елiн, жерiн
қорғауда мың өлiп, мың тiрiлген жоқ па!?
Мемлекеттiк қызметкерлер патриотизмнiң үлгiсiн көрсетуге тиiстi. Ендi
бiрнеше жылдардан кейiн елiмiз мықты дамыған 50 елдің біріне айналған
сәтте, осындай күйге тез жетуге кызмет жасаған азаматтардың аты аталып,
есімдері түстеледі. Сол кезде олардын есiмдерiн халық өзi айтатын болса,
солар ғана патриот болып, тарихта қалады. Сондықтан бүгiнгi мемлекеттiк
қызметкерлер ертең жазылатын қазiргi заман тарихының кейiпкерлерi.
Казакстандық патриотизм сезiмiн ешкiмге күштеп таңа алмайсың, ол
психологиялық саяси-әлеуметтiк құбылыс. Ол жеке адамнын бiлiмi мен
тәжiрибесiнен де гөрi, оның жеке тәрбиесi мен жеке көзғарастарына
байланысты.
В.Г.Белинский айткандай, Кiмнiң болса да патриотизмi сөзбен емес,
iспен дәлелденедi.
Ақын Ж.Әбдірашов:
Кен қазсаң да: Отан үшiн! деп баста,
Жыр жазсаң да: Отан үшiн деп баста!.
Отан үшiн деген сөзбен тазала,
Көңіліңнің көк семсерiн тот басса!, - деп жазып еді (Сана соқпағы
кітабынан, Алматы, Жазушы, 1988 жыл).
Сонымен қазақстандық патриоттық сезiм дегенiмiз не? Жәй ғана сөзбен
айтар болсақ, қазақстандық патриотизм дегенiмiз отанға деген сүйiспеншiлiк,
өз күш-қуатың мен бiлiмiңдi Отан игiлiгi мен мүддесiне жұмсау; туған жерiн,
ана тiлiн, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрiн құрмет тұту және осы жолға өз
болмысың мен бiтiмiңдi арнау, қызметiңе шексiз адалдық, заңға деген құрмет
және әнұран мен елтаңбаны, мемлекеттік жалауды құрмет ету, өз еліңнің
ұлттық мерекесі мен мерекелерін өскелең ұрпақты тәрбиелеумен ұштастыру.
Осының барлығын жеке іс-әрекетіңмен көрсету. Патриотттық тәрбие мен
мерекелердің арасында үлкен сабақтастық бар.
Мерекеге келетін болсақ, бұл да бір елдің тарихымен қабаттасып жүретін
құбылыс іспетті. Тарихқа шегініс жасасақ, мысалы, 1975 жылы мерекелі
күндер деген ұғымға былай түсінік берілді: халықаралық яки
бүкiлдүниежүзiлiк ынтымақты, достық пен бауырластықты, айрықша тарихи
жағдайлар мен белгiлi бiр мамандық ерекшелiктерiн салтанатпен атап өтетiн
күндер (ҚСЭ, Алматы, 1975 жыл, 616-бет).
Ал егемендік алғаннан кейінгі елімізде атап өтілетін мерекелердің
құқықтық негіздерін айқындайтын ең басты құжат Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы
N 267-ІІ Заңы болып табылады.
Жалпы мерекелер ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және
өзге де мерекелер – мерекелік даталар болып ресми түрде жіктелген.
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан
Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде
орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап
өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін
мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар
өткізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері
атап өтілетін мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
22 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
9 мамыр - Жеңіс күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
25 Қазан - Республика күні.
Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік
даталар болып табылады.
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер
мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін
мерекелер. Мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейді.
Кезекті басты құжат Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге
де мерекелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20
қаңтардағы N 3827 Жарлығымен қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк
мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында
елімізде аталып өтілетін кәсіптік және өзге де мерекелер бекітілген.
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң
тізбесі:
 Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр
алу күні
Медицина қызметкері күні – маусымның
                                                 
үшiншi жексенбiсi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік - 4 маусым
рәміздері күні                                  
Полиция күні - 23 маусым      
Баспасөз, теледидар және радио күнi            - маусымның
соңғы жексенбісі
Металлург күні                                  - шілденің үшінші
                                                  жексенбісі
Көлік және байланыс қызметкерлері күні         - тамыздың
бірінші жексенбісі

Құрылысшы күні                                  - тамыздың екінші
                                                
жексенбісі
Спорт күні  - тамыздың үшінші жексенбісі
Шахтер күні  - тамыздың соңғы жексенбісі
Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің

                                                  бірінші жексенбісі
Қазақстан Республикасының халықтары  - қыркүйектің
тілдерінің күнi                                   үшінші
жексенбісі
Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi жексенбiсi
Ұлттық валюта күні - 15 қараша
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның

                                                  үшiншi жексенбiсi
Энергетик күні  - желтоқсанның үшінші жексенбісі  
Ресми емес (діни) мерекелер ел заңдылығына қайшы болмаса, қоғам
дамуына кері әсерін тигізбесі анық. Жыл сайынғы атап өтілуге тиісті
мерекелерді реттеп отыру қажет. Бұл ретте Қазақстан Мұсылмандар діни
басқармасы мен Православие шіркеуі ғана өз мерекелерін жұртшылыққа
жариялайды. Ал қалған діндер немесе діндер өкілдерінің мерекелерін кім
реттейтіндігі туралы сұрақ бақылауды қажет етеді.
Бүгінгі күнге 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі Кодексімен 2 діни мерек үлкен мәртебе берілді. Кодекстің 96
бабы 4 тармағына сай мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан
айттың бірінші күні, 7 Қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері
болып табылады.
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның салалық ұйымдарының
шешімдерімен бекітілген халықаралық, дүниежүзілік, бүкіләлемдік
атаулы күндер бар. Мұның барлығы ел мен елді елдестіру үшін, өзара қарым-
қатынасты дамыту үшін, тығыз байланыс орнату үшін жасалғандығына шүбә жоқ.

Мерекені өткізуге - мемлекеттік талап: Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 20-51
тапсырмасымен Қазақстан Республикасында мереке күндеріне дайындық пен
оларды өткізу тұжырымдамасы да мерекелерге қатысты құжаттардың біріне
айналды.
Тұжырымдамада мереке туралы ең басты тұжырымдамалар баянды болған.
Атап айтқанда, мерекелер халықтың рухани-мәдени топтасуын, өскелең ұрпақтың
қоғамдануын, рухани және адамгершiлiк-имандылық құндылықтарды өрiстету мен
ұластыруды қамтамасыз ететiн ұлттың идеялық топтасуының қуатты факторы
екеніне тоқталған.
Тұжырымдаманың мақсаты республиканың қазiргi заманғы болмысын, күллi
қоғам мен жеке алғанда әрбiр азамат үшiн мән-маңызы бар құндылықтарды
бейнелейтiн әрi әлемдiк қоғамдастыққа мәдени кiрiгудi қамтамасыз ететiн
мереке күндерiне дайындық пен оларды өткiзудiң бiрыңғай жүйесiн құру болып
табылады.
Тұжырымдама бойынша, Қазақстанның тарихи даму кезеңiнiң ерекшелiгiн
ескере отырып, мерекелер мынадай принциптерге сай келуі тиiс:
Қазақстанның мемлекеттiлiгiн нығайтуға;
қоғамның топтасуына, iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен
ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге;
қоғамның демократиялануына және ымырашылдығына;
қоғамда қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай туғызуға, әлеуметтiк
серiктестiк қарым-қатынастарын қалыптастыруға;
әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның оң бет-бейнесiн нығайтуға, оның
әлемдiк экономикалық кеңiстiкке кiрiгуiне;
қоғамды Қазақстан-2030 Стратегиясының мiндеттерiн орындауға
жұмылдыруға.
Қазақстан Республикасында мереке күндерiне
дайындық пен оларды өткiзудiң стратегиясы да осы тұжырымдамада айқындалған.
Мысалы, Жаңа жыл мерекесі сипаттауда былай түзіледі. Яғни, Жаңа жыл
григориан жыл санауды қабылдаған мемлекеттерде дәстүрлi аталып өтiледi.
Ресейде бұл мерекені I Петр 1700 жылы Жаңа жылды тойлауды "басқа еуропа
халықтарымен келiсiмге" келтiру мақсатында енгiздi. Соңғы ғасырда мереке
зайырлы сипатқа ие болды.
КСРО пайда болғаннан кейiн мемлекеттiк мереке ретiнде Одақтың бүкiл
аумағында және Еуропаның көптеген социалистiк елдерiне тарады. Еуропа,
Америка және Австралия елдерiнде рождество мерекелерiнiң үлкен мәнi бар,
Шығыс және Азия елдерiнде Жаңа жыл ай немесе күн күнтiзбелерi бойынша
аталып өтiледi және әр түрлi айларға сәйкес келедi.
1-2 қаңтарда сол сияқты басқа да халықаралық және ұлттық мерекелер
атап өтiледi: Дүниежүзiлік бейбiтшiлiк күнi (VI Павел папа енгiзген, 1968
жылдан берi аталып өтiледi), Тәуелсiздiк күнi (Гаити Республикасы, Судан
Республикасы), Азаттық алу күнi (Куба Республикасы) және т.б.
Қазақстанда Жаңа жыл 1-2 қаңтарда атап өтiледi және халықтың ең
сүйiктi мерекелерiнiң бiрi болып табылады.
      Тұтастай алғанда, елімізде осы мерекеге тән мынадай негiзгi
белгiлердi атап өтуге болады:
мерекемен өткен кезеңнiң қоғам қызметiнiң барлық саласындағы
қорытындысы және жаңа мiндеттер мен мақсаттардың мемлекет ауқымында да,
сондай-ақ жеке алғанда, отбасы мен әрбiр адам деңгейiнде де iске
асырылуының басталуы байланыстырылады;
      Жаңа жыл ең бұқаралық мерекелердiң бiрi болып табылады. Осы кезеңде
қатысушылар санының көптiгiне арналған iс-шаралардың елеулi бөлiгi
өткiзiледi (балалар мерекелерi, жастар балы және т.б.). Сонымен бiрге Жаңа
жыл отбасы мерекелерiнiң санатына жатады.
Сөйтiп, Жаңа жыл мерекесi ұлты мен дiнiне қарамастан, барлық адамның
өмiрiндегi маңызды оқиға болып табылады. Онда жалпыадамзаттық,
демократиялық құндылықтар түрiнде топтастыру әлеуетi бар. Бұл орайда ол
қайырымдылыққа, халықтың табысы төмен топтарына, балаларға, мүгедектерге
мемлекеттік қамқорлық көрсету үшін зор мүмкiндiктер туғызылады.
Мерекенiң мақсаты - қоғамда әлеуметтiк сенiмдiлiк сезiмiн
қалыптастыру, қоғамды имандылық, қоғамдық келiсiм және қазақстандық
отансүйгiш идеялары төңiрегiнде топтастыру.
Мерекені атап өтудің міндеттері: жалпыдемократиялық және
жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген қоғамды топтастыру; халықтың
әлеуметтiк қорғансыз топтарына атаулы көмек көрсету, қайырымдылық пен
демеушiлiк институтын қалыптастыру; салауатты өмiр салтын қалыптастыру,
мерекенi халықты спорттың қысқы түрлерiмен шұғылдануға тарту үшiн
пайдалану.
      Мемлекеттiң өткен жылдағы оң жетiстiктерiн насихаттауға және жаңа
жылда көзделген мақсаттарды түсiндiруге бағытталған мерекенi ақпараттық-
идеологиялық тұрғыдан қолдау.
Қоғамда жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген дәстүрлерді одан әрі
қалыптастыру.
Отбасының бос уақытын ұйымдастыру, отандық жаңа жылдық ойын-сауық
телерадио бағдарламаларын жасау.
Мерекелiк идеялық көркемдiк тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң күллi мемлекеттiк электрондық БАҚ бойынша өтiп бара жатқан
жылдың соңғы минуттарында берiлетiн жыл сайынғы құттықтауы. Құттықтаудың
негiзгi идеясы - өткен жылдың негiзгi қорытындыларын көрсету және мемлекет
дамуының алдағы жылдағы басым бағыттарын жария ету болып табылады.
      Президенттiң Жаңа жыл қарсаңындағы сөз сөйлеуi қазақстандық
отансүйгiштiктi қалыптастырудың ең әсерлi компоненттерiнiң бiрi, халық оны
мемлекеттiң саяси тұрақтылығының белгiсi ретiнде қабылдайды. Президент сөз
сөйлеген сәтiнде өзiнiң Мемлекет басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы,
халық пен мемлекеттiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен сабақтастығы
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Рождество мерекесі
Пәндер