Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне жалпы сипаттама


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәні түрлері
ерекшеліктері . . . 7
ІІ Ұлттық банк жүйесінің маңызы мен мақсаты, қызметі
2. 1 Ұлттық банк пен ІІ дәрежелі банктердің айырмашылығы . . . 14
2. 2 Қазақстан Республикасының ІІ дәрежелі банктердің атқаратын
қызметтері. 22
ІІІ Қазақстан Республикасының банк жүйесінің іске асырылуы
3. 1 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін реформалаудың
басты жолдары. . 30
3. 2 Қазақстан Республикасының банктерімен берілген несиені
қайтаруды қамтамасыз ету процессіндегі кепілгерлік
шартының маңыздылығы мен жүйесі. . 36
Қорытынды . . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . 43
Кіріспе
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV жэне XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық « Ьапсо » сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды. Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметсын орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен. Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды. Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып ресімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды. Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұкты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді болатынын да ұқты. Міне, осы уақытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен жасаскан жеке келісімі жатады.
І Қазақстан Республикасының Банк жүйесіне жалпы сипаттама.
1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәні түрлері
ерекшеліктері
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несие қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа несие мекемелері.
Ресейдің Мемлекеттік банкісі (өз қызметін 1860 жылы бастады) бүкіл несие жүйесінің Орталық банкісі болып табылды. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудың монополиялық құқығы тек осы банкке ғана тиесілі болды. Ресейдің Мемлекеттік банкісі 1914 жылы салым ақшалар мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін, барлык акционерлік-коммерциялық банктердің шамамен 1/3 есептік-ссудалық операцияларын өз жағына тарта білді. Басқа елдердің орталык эмиссиялық банктерден Рессейдің Мемлекеттік банкісінің айырмашылыгы: ол тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауда-саттықты және т. б. несиеледі. 1914 жылы оның 10 кеңсесі, 124 бөлімшесі жэне 791 басыбайлы мемлекеттік қазынашылық кассасы болды. Акционерлік-коммерциялық банктердің (743 филиалы бар 47 банк) жағдайы ссудалық капитал нарығында үстем болды және 1914 жылы шоғырланудың жогары деңгейіне жетті. Орта және ұсақ буржуйларға қызмет көрсету үшін ұсақ несие мекемелері жұмыс істеді: өзара несие қоғамы (11081), қалалық-қоғамдық банк (343) .
Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімқорлықта тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларыи бір орталықка шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша gіго - айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық кызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т. б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропанын бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді. Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu - «гуду») шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебеп, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж. ) орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макро деңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұгас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макро деңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені емес, керісінше, белгілі бір қызметі бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген қаржылық, кеңес беру және т. б. қызмет түрлерін (200-дем астам) басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз клиеиттеріне көрсете алады. Оның үстіне банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен кызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорыпдарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әрі беріден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (нпститут) ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
- банк капиталы сауда жэне өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;
- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
- банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмысістеуі қажет;
-өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
ІІ Ұлттық банк жүйесінің маңызы мен мақсаты, қызметі
2. 1 Ұлттық банк пен ІІ дәрежелі банктердің айырмашылығы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заны бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы денгейі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкісінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердін банкі" болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінін мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады. Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz