Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп.
  2. Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп, мектептердің ашылуы.
  3. Мектепте білм беру ісі, феодалдық қоғамдағы мектеп, тәрбие ісінің мәні, дамуы, сипаты.

ІІІ Қорытынды

Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбекпен материалдық өмір процесінде пайда болды.

Қоғам дамуының алғашқы басқышы - рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және жанұяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталды деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретеді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ қоғамдық болды өйткені жеке жанұя болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды.

Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым - қатыныс жасаужа, балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет - ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт- сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуында белгілі сатыда тек ер балалар мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылқтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару - жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнері кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан - жақты және жоспарлы іске асырылды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнері аса зор мән беріліп, үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертедегі ойын және өлең ол дәуірдегі мінез - құлық тәрбиесінің құралына айналды.

Әскери тәрбиенің алғашқы элементтер, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну, тағы басқа шыға бастады.

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі - рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала бастағандығын көрсетті.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке жанұяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке жанұя тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар, абыздар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесімен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуына алдын ала болжау, адамдарды емдеу тағы басқа сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем тап өкілдерінің балалары тәрбиеленді.

Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен ғана қанағаттанды.

Көне Үндістандағы тәрбие және мектеп

Көне Үндістанның тарихы екі дәуірге бөлінеді: дравид - арийлік және буддалық.

Дравид тайпасының өркениетті Қосөзеннің алғашқы мемлекеттерінің мәдениет деңгейіне сәйкес келген. Бұл тайпа б. э. 2 мың жылдығындағы Үнді жартыаралының түпкі тұрғындары. Бұл жерде тәрбие мен оқыту отбасының - сословиелік сипатта болды. Отбасының ролі алдыңғы қатарларда болды.

Инд жазықтығында мектептік білім арийге дейінгі кезеңде Храпптік мәдениет қалаларында пайда болды (б. ғ. д. 3-2 м. ж. ) . Бұл қалалар месопотамия мемлекеттерімен айтарлықтай тығыз байланысты болды. Тарихта бұл мәдениет туралы мәліметтер аз сақталған. Өзінше бір хаттары бар бірнеше жүз баспалар, жазуға арналған лайдан жасалған сиясауыт - міне осылар ғана сол уақыттағы білімнің заттай ескерткіштері.

Б. ғ. д. 2-1 мыңжылдықта Үндістан аумағында арий тайпалары билік еткен. Сол елдердің түркі тұрғындары мен арий жаулап алушыларының қарым - қатынасы негізінде касталық деп аталатын құрылым пайда болды. Тұрғындар негізгі төрт кастаға немесе варнаға бөлінді. Жоғарғы үш кастаны арийлердің ұрпақтары құрды: брахмандар, кшатрийлер (әскерлер), вайшыл (жериеленушілер, қолөнершілер, саудагерлер) .

Төртіншісі - шудралар болып табылды (жалдамалы жұмысшылар, қызметшілер, құлдар) әлдеқайда әлеуметтік артықшылықпен брахмандар пайдаланды. Кшатрилар - кәсіби әскерилер - оларды бейбітшілік кезеңде мемлекет есебінен асыралды. Вайшыл еркін еңбекші тұрғындар бөлігіне жатты. Шудралар ешқандай құқыққа ие болмады, мойнында тек міндеттер болды. Дравидтердің ұрпақтары аянышты күйде болды.

Касташылық Көне Үндінің тәрбиесі мен білім беруінде өзінше ерекше із қалдырды. Тәрбие мен білім берудің генезисінің маңызды факторы діни идеология болды. Дравидтік - арийлік дәуірде брахманизм, одан кейінгі кезеңдерде буддизм және необрахманизм.

Дравидтік - арийлік дәуірде тәрбиелеу мен білім берудің қандай болуы керек деген туралы айтарлық тұрақты түсінік қалыптасқан. Олар әркез өзінің адамгершілік, ақыл - ойлық және физикалық сапасын өз кастасының ағзалық мүшесіндей жасалынуы керек деген идеяға негіздеген. Брахмандарда алдыңғы қатарлы адам қасиеті зиялылық артықшылық, кшатриларда - күш пен ерлік, вайшьтерде - еңбек сүйгіштік және шыдамдылық, шудрларда - адалдық саналды.

Идеалдық тәбиелеуге де көзқарас қалыптасты оған тек жоғарғы касталар үміткер бола алды. Оған сәйкес адам толықтай бақытты өмір үшін туылған. Тәрбиенің ақыл - ойлық дамуды (нақтылы ойнау, ойлап әрекет ету) руханилықтар өзіндік танымдық қабілеті) . Физикалық жетілуді (өз денесін игеру) табиғатқа деген махаббатты қарастырды: Адамгершілік мінез - құлықтық жоғарғы көрініс жалпы игілікке әрекет ету деп саналды.

Бұндай идеалды тәрбиенің кең жайылған сипаттамасын біз көне эпостардан табасыз. Үнді арийлердің «Бхагавата - пурана» жазбаларында Кришнаның құдайлық және данышпандық тәрбиелеу үлгілеріне нақтырақ сипаттама берген.

Эпикалық патша - әскер және қайшы - құрдастарының арасында ойын мен еңбек ортасында өскен. Кейінірек ата - анасы оны данышпан брахманға оқуға береді. Достарымен бірге Кришна екі айдан аса уақыт веданы оқыды.

Идеалды тәрбиені ұстанушының бірі сондай -ақ. Рама болды - басқа көне үнді эпостың кейіпкері. Ол эпостің аты «Махабхарата» мұндағы адам бейнесі мына үлгіде болды. «Күш пен батылдықтан патша ұлымен ешкім теңесе алмады, және Рама барлығынан білімімен, тәртібімен, ақылдылығымен асып түсті. Қайырымды ол ешқашан ешкімнің ала жібін аттамаған. Оның жаны таза, қайырымды, аз сөйлейтін, үлкенге құрмет көрсетуші болған. Демалыс сағаттарында ол ұдайы әскери өнерге жаттыққан, пайдалы әңгіме дүкендер жүргізген. Ол ведаларды, заңдарды, дәстүрлеріді білген, сөзге шешен, ойшыл болған және парыз жолынан ешқашан айнымаған».

Өзінше бір қасиетті және оқу кітабының бірі «Бхагавадгита» болды. (б. ғ. д. 1 мыңж) . Онда білім беру мен тәрбиенің жолы мен мазмұны ұсынылған «Бхагавадгита» данышпан ұстаздардың оқушымен әңгімесі түрінде жазылған. Мұғалім бейнесінде Кришна ал шәкірт бейнесінде патша ұлы Арджуна берілген.

Арджун қиын өмір жағдайына түсіп, Кришнадан сол жағдайдан шығу жолын табады. Кришнамен әңгімелескен сайын таным мен іс - әрекетін әлдеқайда жетілген деңгейіне жетеді. Білімді игеру алгоритмі келесі үлгіде көрсетілген: алғашында мұғалім жаңа білімдерді толықтай айтып береді. Сосын жіктеп сараптау; абстрактілік түсініктерді анық нақты мысалдарды талдаумен қатар жүрген.

«Багавадгите» бойынша оқытудың мәні келесіден құрылған: Кришна Арджунның алдына әртүрлі мақсаттар қойған. Мақсатты кеңейте, тереңдете отырып, шәкіртке ақиқатты өзінше іздеуге шақырып, танымның әдістері мен тәсілдерін үйренуге ықпал еткен.

Оқыту процесі күресумен салыстырылған. Онда Арджун жеңіске жете отырып билікке көтерілген.

Б. ғ. д. 1 мыңжылдық ортамына қарай Үндістанда отбасылық - қоғамдық тәрбиелеудің белгілі бір дәстүрі қалыптасты. Алғашқы баспалдақта отбасында жүйелік оқыту қарастырылған жоқ. Үш жоғарғы касталар үшін ол ерекше дәстүр ересектерге және шәкірттерге тұсаукесерде басталды. Бұдан өтпегендер өз кастасы өкілінен жұбайлы болу, ары қарай білім алу құқығынан айрылды. Осылай, үндіарийлік қоғамда отбасылық тәрбиелеудің нәтижесі бақыланып отырды. Оқушының кезеңге деген көзқарас адам өміріндегі заңдылықты кезең ретінде қалыптасты. Упаналманың реті, ары қарай оқытудың мазмұны үш жоғарғы кастаның өкілдері үшін бірдей болған жоқ. Брахмандар үшін жоғарыда аталған дәстүрлердің мерзімі 8 жасқа Кшатрилер - 11 жаста, вайшьлер үшін 12 жасқа келген. Брахмандарға білім берудің бағдарламасы біршама толық болды. Кшатрилер мен Вайшьтерде бағдарлама толық болмағанымен кәсіби бағытталған болды. Кшатрилер әскери өнерге үйретілді, вайшьилер ауыл шаруашылығы жұмыстары мен қолөнерге үйренді. Оқытудың ұзақтығы әдетте 8 жылдан асқан жоқ. Алайда кейбір жағдайларда оқыту тағы да 3-4 жылда создырылды.

Әдеттегі оқытудың бағдарламасы ең алдымен ведаларды айтудан, оқу мен жазуды үйретуден тұрды. Жоғарлатылған білімді көп жастар алған жоқ. Жоғарлатылған білік бағдарламасына мыналар кірді: поэзия және әдебиет, грамматика және философия, математика, сатрономия, Сол уақыт үшін жоғарлатылған білімнің мазмұны аса күрделі болған. Мынаны айтқанның өзі ақ жеткілікті. Көне үндістанда алғаш рет және ол белгілер көмегімен есептеу ендірілді. Оған кейінірек арабтар мен еуропалықтар ортақтасты.

Ұстаздардың үйінде оқу тәртібі көбінше отбасылық қарым - қатынастар типі бойынша құрылды: оқушы ұстаз отбасының мүшесі болып саналды және білім алумен қатар адамдық жалпы тұрмыстық ережелерін меңгерді.

Оқу сақтарына арналған арнайы орындар ол заманда болмаған. Оқыту ашық ағзада өткізілді. Отбасылық мектептер пайда болды. Онда ерлер білімді ауызша бере отырып, жастарды оқытты. Оқушылар мәтіндерді тыңдап, жаттап, талдаған.

Ұстаздар бастапқыда марапат алмаған. Сый-сияпаттар Символдық құндылыққа ие болған. Оқыту үшін негізгі төлем ұстаздың үш шаруасына шәкірттердің көмегі болды.

Жоғарлатылған білімді иемденген жастар өз танымымен белгілі ұстаздар - гуруларға барған немесе күйеу оқымыстыларды таласына және жиналысына қатысқан.

Қалаларға жақын жерде орман мектептері пайда бола бастады. Ол жерде гурулардың айналасында сенімді шәкірттері жиналған.

Б. э. 1 -ші мыңжылдығының ортасына қарай көне үнді өркениетінде жаңа дәуір басталады. Экономикалық, рухани өмірде, тәрбиелеу мен білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер орын алады.

Бұндай өзгерістер жаңа дін - буддизмнің туындауына жағдай жасады. Ол дін өз кезегінде көне үндінің барлық құрылымына белгілі бір ықпалын тигізді.

Буддалық оқыту дәстүрінің басында Будда немесе Шакья - муни Тұрад (623-544 б. э. д) олардың ізін жалғастырушылардың көзқарасы бойынша жоғарғы рухани жетістікке жеткен.

Ол брахмандардың діни мәдениеттегі монополиясына қарсы шыққан. Мәліметтер бойынша Будда ағартушылық жұмысын Банарес қаласына жақын жердегі орман мектебінде бастады. Оның айналасында - өзі сабақ берген шәкірттері жиналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Атақұлдық ой-пікірлерінің патриоттық тәрбиеге ықпалы
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Үндістан және оның халқы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz