Қазақстанның 19ғ.екінші жартысындағы -20ғ.басындағы мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

41. Қазақстанның 19ғ. екінші жартысындағы -20ғ. басындағы мәдениеті.

Орыс демократиялық мәдениетінің қазақ зиялыларына әсері:

П. П. Семёнов Тян-Шанский (1827-1914жж. ) Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы»еңбегінің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі»деген бөлімдерін қазақ өлкесіне арнады.

Шығыс зерттеушісі, академик В. В. Радлов (1837-1918) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады.

А. Н. Добромыслов Қазақ жерлерінің Ресей құрамына өосылу дәуірін толық зерттей келе, «Торғай облысы. Тарихы очерк»еңбегін жазды.

Қазақ тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845жылы ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімдері үлкен орын алды. ХІХ ғ. қазақ баспа сөзінің қызметі басталды:1870ж. 28наурызда «Түркістан уәлаяты»газеті шықты.

Қазақ өлкесінде халыққа білім берудің басты бағыттары 1867-1868жж. уақытша ережелерде анықталды. Ағарту ісінің дамуына қатысты қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық берілді. 1861жылы Троицкіде, Орынборда, Қазалыдағы №1фортта орыс-қазақ мектептері ашылды. Қазақ жастарын орыс мектептерінде оқытуда патша үкіметінің мақсаты тек сауат ашу емес, отаршылдық пиғылын іске асыру болды.

42 . Қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің жаулап алуының аяқталуы.

1859ж. Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.

Шу алқабынан поковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860жылы 26тамызда Тоқмақты, 4қыркүйекте Пішпекті (Қоқанның Жетісудағы тірегі) алды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22мыңдық әскер жіберді(орыстардан он есе көп) . Қазақ феодалдары екіге бөлінді:Кенесарының баласы сұлтан Садық тобы Ресейге қарсы шықты; Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.

1860жылғы 19-21қазан-Алатау округінің билеушісі Г. А. Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. Ұзынағаш шайқасының маңызы:Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті.

Патша үкіметінің жеңістері:

1863жыл-Ресей құрамына 4мың шаңырақ Қоңырат, 5мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.

1864жылғы көктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.

1865жылы шілдеде Ташкентті үш күндік шайқастан кейін алды.

1866жыл Бұқар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.

1868жылғы қаңтар-Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылады.

1873жыл-Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.

Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі XVIIIғасырдың 30жылдарынан басталып, 1, 5 ғасырға созылды.

Бұл оқиғаның пргресті жағы:

-Шаруашылық, саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық-патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.

-Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.

43 . Қазақстандағы XIXғ. 60-90-жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар.

а) 1867-1868жылдардағы реформалар:

Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.

ХІХғ. 60жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:

1) Батыс облысы, орталығы-Торғай.

2) Шығыс облысы, орталығы-Сергиополь немесе Қарқаралы.

Бұл ұсыныс қабылданбады.

1865 жыл-Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.

1865жылғы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерлерін зерттеу сұрақтары дайындалды:жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т. б.

Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:

Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру; әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.

Алайда Ш. Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

1867жылғы 11 шілде-«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.

1868жылғы 21 қазан-«Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже»бекітілді.

Генерал-губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.

Облыс басқарушысы-әскери-губернатор болды. Әскери-губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернаторлар қадағалады. Басқарма үш бөлімнен тұрды:шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уақытша енгізілгенмен, бұл «тәжірибе» 20жылға созылды.

44 . 1868-1869жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1870ж. Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.

1867-1868жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:

-Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады.

-Жаңа бекіністерді көптеп салды.

-Салықтар көбейтілді(шаңырақ және земство салығы) .

Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығы -Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды.

Көтеріліс жетекшілері:Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. Көтерілісшілердің талаптары:еркін көшіп-қонуды сақтау; жер сатуды тоқтату; уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою; салықты жою.

1869жылғы 6мамырда Жамансай көлі маңында 2 көтерілісші фон Штемпель тобын 7күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай әскери шепке қайтып кетті.

1869жылғы наурыз-маусымда 3 5аруа феодалдарға қарсы 41рет шабуылдады. Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің, граф Комаровскийдің, генерал-губернатор Веревкиннің жазаушылар тобы жіберілді.

Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды. Жеңілу себептері:қарудың аздығы, ауызбірліктің болмауы, ақсүйектер опасыздығы, шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі.

1870 жыл-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.

Көтерілісшілер жетекшілері:Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы. Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 16 сом салық төлеуге тиіс болды. Көтеріліске түрткі болған оқиға:жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.

1870жылы 16наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге»қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.

Бозащы түбегінде 200көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Рукин атылып өлді. Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып, Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып, көтерілісшілер тобы 1-ға жетті.

1870жылғы 5сәуірде көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.

1870жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.

Әскери министр Милютиннің«бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н. А. Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады1870жылғы желтоқсанда И. тіленбайұлы, Д. Тәжіұлы, И. Көлұлыбастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті. Бұл көтерілістердің тарихи маңызы:тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы; ХІХғ. 70-80ж. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

45 . Патшалық Ресейдің Қазақстандағы ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қоныс аудару саясаты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Туризмнің тарихына қысқаша шолу
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
Әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтік мектептер мен өкілдері
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz