Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы.

Білім берудегі инновациялар

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды, Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп дирекгоры, мұғалімдер мең тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидакгикалық, компыотерлік, проблемалық, модульдық және басқа - жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тербиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты өндіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен теәбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар - озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогакалық психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы көзге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғаи инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуыңда пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория және концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтъшушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметіңце әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз. етеді. . Ал педагогакалық қызметте инновациялық бағыттьшықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогакалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.

Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бөрі бірдей қодданыла бермейді, ейткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу жене ; қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлік жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетіңде өзіңің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірйбесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.

Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығьшен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкін-дікгерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызметте атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау жеңе таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдаңуға кіріскенде субъективті фақгорлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде объекгивті және даралық құңдылықгар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшеліктері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский) . Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зертгеуішлік педагогакалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және т. б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.

Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі-психологиялық-педагогакалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар сту мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.

Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В. Е. Грурман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткинжәне басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек керсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.

Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер женіндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.

Бұндай топты құрудың қажеттігі бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді. Екіншіден, қосымша уақыт және т. б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді. Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін. Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдарң туралы баяндауанда, өзінің немесе әріптестершің жеке тұлғалық ерекшеліктерінің байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан "кері кету" реакциясына тап болуы мүмкін. Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады.

Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады - отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғары оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар мен концепцияларды жүйелі түрде талдап іріктеп отырады.

Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізуі қызмстін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандыры, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылармен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық процестердің сипаты алынған, нәтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгецімен ерекшеленеді.

Педагогикалық инновацияның критерийлері

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зертгеу тәжірбиелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірбиеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.

Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірбиеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан иңновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновадиялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді-абсолютті, шартты, субъективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.

Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсай жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдылығын біддіреді.

Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын біддіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығыні оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айнаддырады.

Инновациялық бұқаралық тәжірбиеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырьшады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтан-дырылуымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогакалық жаңашылдық туралы айта алмас едік.

Инновацияны бұқаралық педагогикалық тәжірбиеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар сыннан етіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.

Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірбиесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты практикада қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осыңцай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мсн сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық техникалық, ең бастысы тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі.

Педагогикалық инновацияңың мазмұны мен қритерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс-тәсілін меңгеру жеке мұғаліріең біреуеі оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді обіьективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады. Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі мектепте инновациялық ортаның белгілі бір ұйымдық, әдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу процесіңде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан дайындықсыздығын, оларда педагогикалық жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық ұжымда мұғалімдердің жаңа енгізілімге "қарсылық" коэффициентін төмендетеді, кәсіптік қасаңдықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынасынан нақты көрініс табады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты.

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашьшық қабілетін дамытуды және -дербес педагогикалық тәжірбиесін үнемі дамытудың, шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада бслсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірбиесі әлеуметтік жәңе педагогикалық тәжірбиемен кірігіп, педагогикалық ұжым-ның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетіңің артуы барынша жемісті болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері
Білім берудегі инновациялық процестер
Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
Педагогикалық инновация
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттары
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Әлеуметтік жаңашылдықты еңгізу
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Инновациялық оқыту үрдісінде болашақ мұғалімдердің танымдық іс- әрекеттерін белсендіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz