Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ» КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Студент: Пейсенов Н. А.
Ғылыми жетекші:
э. ғ. к., доцент м. а. Мадыханова К. А.
Қорғауға жіберіледі:
«Қаржы және несие» кафедрасының
меңгерушісі, э. ғ. к., профессор Бертаева К. Ж.
Алматы, 2010 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тақырыптың өзектiлiгi. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Банктік қызмет - нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім, оның негізгі мақсаты - пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады. Қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Жаңа банктік қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банк менеджменті деп - осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау. Осыған байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Менің тақырыбымның өзектілігі нарықтық экономика жағдайында отандық банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мен оны іс жүзінде басқарудағы менеджмент жүйесін жетілдірукеректілігі.
Банктік менеджментінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді. Аса мәнге өзгермей экономиканың қажеттілігіне тез ыңғайланатын икемді бантік қызмет көрсету.
Банктік қызметтерді тұрғындарға дәстүрлі орындаумен бірге, яғни депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар электрондық қызметтер, клиенттер тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чекстік операциялары, карточкалар ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын да орындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы банктік менеджменттің қазыргі жағдайы мен даму болашағаны анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- банктік менджменттің негізгі теориялық аспектілерін ашу;
- банк менеджментінің мазмұны және құрылымы қарастыру;
- банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздерін анықтау;
- банк саясатының негізгі бағыттары және қалыптасу ережелерін қарастыру;
- «Kaspi bank» АҚ- ның экономикалық процестерін басқаруды талдау;
- банктің активтерін және пассивтерін басқаруын талдау;
- банк қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне баға беру;
- банк менеджменті және оның даму ерекшеліктерінің жетілдіру жолдары анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi болып банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаналығы :
- банктік менджменттің теориялық негіздері ашылды;
- банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздерін анықталды;
- банктің активтері мен пассивтерін басқаруы талданды;
- банк қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне баға берілді;
- банк менеджменті және оның даму ерекшеліктерінің жетілдіру жолдары айқындалды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы . Зерттеу нәтижелері, қорытынды мен ұсыныстар «Kaspi bank» АҚ- ның қызметінде пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, үш тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде банктік менджмент және оның даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері, оның ішінде банк менеджментінің мазмұны және банктің ұйымдық құрылымының негіздері мен банктің экономикалық процесстерін басқаруы қарастырылған.
Екінші бөлімде банктік менджментті және оның даму ерекшеліктері талданған, оның ішінде банктің активтері мен пассивтерін басқаруын талдау («Kaspi bank» АҚ-ның мысалында) және банк қызметінің қаржылық көрсеткіштерін басқаруына баға берілген.
Үшінші бөлімде банктік менеджменті және оның даму ерекшеліктерін жетілдіру жолдары анықталған.
1 Банктік менджмент және оның даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1. 1 Банк менеджментінің мазмұны және банктің ұйымдық құрылымының негіздері
Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторлары қатарына жатады. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықта оған басты назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын талап етпей-ақ, шығындарды төмендете отырып жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты - басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік жағдайда дамыған елдерде, менеджмент - бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар, теория мен тәжірибеде қорланған білімдерді тез игере, өзгермелі жағдайларда - жаңа, қалыптаса қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек [1] .
Менеджмент - басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа мағынада менеджментті - адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең мағынада - банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымдастыру деп түсінеміз. Банк менеджменті нақты мекеменің қызметіне сәйкес белгілі бір спецификаға ие. Ойткені банк, өкіміндегі несие ресурстарын ақылы түрде - кәсіпкерлердің, ұйымдардың, халықтардың, мемлекеттің қосымша қаражатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұсынатын, яғни бизнеспен айналысатын өз алдына кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар банкте, әртүрлі меншік иелерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары жинақталады.
Банк қоғам капиталын сақтаушы және орналастырушы ( екі жақты, пайда табу мақсатында), сондай-ақ, банк шоттарына салынған ақша қаражаттарының сақтаулы (немесе, дер кезінде, салыну шарты бойынша қайтарылуға тиіс) болуына иелері алдына жауапты мекеме. Нәтижесінде банк, жеке өз мүддесімен қатар, қоғам мүддесін қорғауды да көздейді. Мұндай мүдделер сәйкестілігі баланс өтімділігін, яғни ақша нарығында банк тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, банк менеджментінің келесідей мақсаттарын анықтайды:
- банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде, табысты жұмыспен қамту;
- банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту;
- іскерлік қатынастарды тұрақтандару және ұзарту мақсатында пайдала- нармандардың (клиенттердің) банк қызметіне деген көлемдік, құры- лымдық және сапалық қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
- ұжымның әлеуметтік, коммерциялық, өндірістік проблемаларын өз ара жетік шешілуін қамту;
- мамандардың әлуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру мақсатында, мамандарды орнықтыру, даярлау және қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.
Негізгі мақсаттармен қатар, банк менеджменті, бір қатар көлемдік, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағдарлайды. Сандық (көлемдік) көрсеткіштердің, банк қызметін басқару аяларының барлығына қатысы бар, олардың қатарына: банк клиенттерінің және олардың шоттарының санын, депозиттер көлемін, кредиттік салымдарды, инвестицияларды және банк жүзеге асыратын қызметтер мен операциялардың көлемін жатқызуға болады.
Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатады:
- банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен банк пайдалылығын басқару іске асады) ;
- қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштері;
- банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері;
- банк қызметымен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.
Әлеуметтік көрсеткіштер, ұжым мүшелерінің кәсіби дайын-дықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік пробле-малардың шешілу дәрежесін сипаттайды. Банк менеджментінің басқа бір ерекшелігі, ол депозиттер мен ақшалай салымдар иелерінің мүддесін қорғау мақсатында банк қызметінің мемлекет тарапынан реттелуінде. Бұл біріншіден, банк қызметін реттейтін - міндетті нормативтер, заңдар және жазбалардың орындалуымен уағдаласылған еркін шешім қабылдаудың шектеуі бар екенін білдірді. Екіншіден, ақша нарығы конъюнктурасының үнемі өзгеріп тұратын жағдайында, банк өтімділігін қамту жолын таба білетін менеджерлердің қажеттілігін көрсетеді [2] .
Сонымен, банк менеджменті деп - осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.
Басқару процесінің мазмұны. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау.
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау, осы процесс барысында - перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады. Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтарының өзара байланыстыруға және оның орындалуын еңбекке ынталандыру жүйесі арқылы ұжымның мүддесімен байланы- стыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының коньюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызме- тінің бағыттарын, жаңа сфера мен өнім түрлерінің тиімділігін баға- лайтын процесс деп тануға болады. Жоспарлаудың негізгі бағыты, нарық жағдайында банк қызметінің технико-экономикалық негізделуі ретінде бизнес-жоспарды жасау. Бизнес-жоспарды дұрыс пайдалана білу - қаржы ұйымдарын тиімді басқарудың негізін құрайды.
Банктің аналитикалық қызметінің негізін, баланс көрсеткіштерін талдау арқылы ашып көрсетуге болады. Оның негізгі бағыттары:
- банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау: активтерінің, депозиттерінің, меншікті капиталының, кредиттерінің, табысының;
- ресурстық базаны бағалау: көлемін, құрылымын және оның құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (меншікті капиталының, депозит- терінің, банкаралық кредиттерінің) ;
- банк активтерінің жағдайын бағалау: көлемін, құрылымын және банк активтерінің құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (кредиттері- нің, инвестицияларының, депозиттерінің) ;
- банк өтімділігін бағалау - қаржы коэффиценттерін есептеу мен оларды критериалдық деңгеймен салыстыру және көрсеткіштер деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау негізінде жүзеге асады;
- банк табыстылығын бағалау: баланс мәліметтеріне, кіріс және шығыс есебіне талдау жүргізу негізінде жүзеге асады. Осы талдау, банк табыстылығын басқару механизімінің негізі болып табылады.
Банк саясатын құру барысындағы аналитикалық жұмыстардың бір бөлігі ретінде, банк маркетингі көрінеді. Банк қызметінде маркетинг түсінігі: берілген аймақтағы және оның шегінен сырт банк қызметіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі қызметтерді қанағаттандыру негізінде банктің орналасқан жерін бағалау (инвестициялау, кредиттеу, қолма-қолсыз есеп-айырысуды ұйымдастыру; лизингтік операцияларды жүргізу және т. б. ) ; әртүрлі банктердің сәйкес операцияларды жүргізудегі шығындарының нормасын салыстыру; жарнамалар жүргізу ұғымдарын білдіреді [3] .
Коммерциялық банктер, жоғарыда аталғандардан басқа, тағы бірнеше бағыттар бойынша аналитикалық жұмыстар жүргізеді: кредиттік және бағалы қағаздар қоржындарын, клиенттердің несие қабілеттігін, меншікті капиталдың жеткіліктілігін, пайыздық маржаны және т. б. талдау.
Банк менеджментінің жүйесінде, реттеу белгілі ерекшеліктерге ие, ол коммерциялық банктер қызметтерінің мемлекет тарапынан реттелуімен ұштасады. Сондықтан, банктің ішкі реттеу жүйесінің жұмысы, мемлекет- тік бақылау органдары: банктерді лицензиялауға, банк қызметінің шектілуіне, капиталдың жеткіліктілігіне, өтімділікке, міндетті резервтердің қалыптасуына қатысты белгілеген нормативтер мен талаптардың орын- далуына бағытталған.
Банктің ішкі реттеу процессіне келесі бағыттарды жатқызуға болады:
- банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, барлық бөлімшелерді қоса банк құрылымын қайта қалыптастыру және жетілдіру;
- банк басқару сапасының жоғарылауын қамтитын, әдістемелік және нұсқаулық құралдарды, шешімдер қабылдау процедураларын енгізу;
- өндіріс ішінде және сыртқы ортада қалыптасқан жағдайлар негізінде, банк саясатын құру;
- банк тәуекелін шектеу мен төмендетудің негізгі бағыттарын әзірлеу;
- банк ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, кадрлар саясатын және персоналдың профессионалды өсуін қамтитын шараларды әзірлеу.
Банк қызметіндегі бақылау жұмысы, сыртқы және ішкі бақылау болып бөлінеді. Сыртқы бақылауды, Қазақстан Республикасының орталық банкі және сыртқы аудиторлар жүргізеді. Ішкі бақылауды банктің өзі ұйымдастырады. Бұл жұмыстың басты мақсаты, банк қызметіндегі теріс тенденциялар мен жетіспеушіктерді анықтау және оларды жою шараларын қабылдау үшін, оперативті жүйе құру [4] .
Банк басқару аялары. Банк менеджметінің нақты бағыттарын үлкен екі аяға (сфераға) бөлуге болады. Бірінші топ, банк құзыретіндегі экономикалық процесстерді басқару мен ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қамтиды (бұл бөлім қаржы менеджменті деп аталады) . Оның басты бағыттары: банк қызметін- дегі бөлек аялар (сфералар) бойынша нақтыланған банк саясатын құру (депозиттер, кредиттер, инвестициялар, қызметтер ж. т. б. ) ; банк маркетингі; банк активтері мен пассивтерін басқару, банк өтімділігін, табыстылығын, меншікті капиталын, кредиттік қоржыны мен банк тәуекеллерін басқару.
Қаржы менеджментінің ерекшелігі, біртұтас банк жүйесі шеңберінде банк процедураларын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқаруда, біркелкі технологияның жоқтығы.
Екінші топты, қаржы менеджменті тиімділігінің шарты ретінде көрінетін, банк қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерін рационалды қолдануға бағытталған, ұжымды басқарумен байланысты туындайтын мәселелер құрайды. Бұл топқа: банк қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және мотивациялау; кадрларды орнықтыру; еңбек ақы төлеу, еңбекке ынталандыру және көтермелеу механизмі; бақылауды ұйымдастыру; қызметте өсу жүйесін қарастыру, ұжымдағы қарым-қатынасты қалыптастыру принциптері кіреді.
Шетел тәжірбиесінде, әр бір банктің басқарылу сапасына баға беріледі ойткені, көптеген жағдайда, жалпы банк жүйесінің және нақты банк сенімділігінің деңгейі осы көрсеткішке тәуелді [5] .
Менеджмент дұрыс жүрмеген жағдайда, теріс факторлардың пайда болу себебін анықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Оларды дер кезінде анықтау, дұрыс жұмыс істемейтін банктердің қызметіне араласуға құқығы бар, мемлекеттік бақылау органдарының негізгі міндеті болып табылады.
Дұрыс емес менеджментке: банк басшылары мен қызметкерлерінің әлсіздігінен басқару процесінде пайда болатын техникалық қателерді және жалған активтер мен шығындарды жабу үшін жасалған есептер бұрмаларын, сонымен қатар уақытша тартылған қаражаттар арқылы қиын қаржы жағдайын жасыруды (банкаралық несие) жатқызуға болады.
Банктің ұйымдық құрылымы. Белгілі функциялар мен операцияларды орындайтын банктің кәсіпорын ретіндегі мәні, басқару аппараты мен оның ұйымдық құрылымдарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жылдар бойы банкілерде бір қатар ұйымдық нысандар қалыптасып, оның әрқайсысы тұтынушылар қажет ететін функциялар мен қызмет түріне ыңғайланған. Бүгінгі жағдайда қалыптасқан, банк типтерінің қатарына: әмбебаб, маманданған, инвестициялық, ипотекалық, жинақ, арнайы тағайындалған және тағы басқа банктерді жатқызуға болады. Алайда, күнделікті жәй операцияларды және басқа да өзіндік өзгешілігі бар қызметтерді көрсететін әр бір банкте, басқару блоктарының міндетті жинағы болуға тиіс. Бұлардың қатарында:
- Банк Кеңесі.
- Басқарма.
- Басқарудың жалпы мәселелері.
- Коммерциялық қызмет.
- Қаржылар.
- Автоматтандыру.
- Әкімшілік.
Бірінші блокты банк құрылтайшылары қалыптастырады. Олардың саны әр түрлі болуы мүмкін, бірақ әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесі 35% аспауы керек. Банк құрылтайшылары қатарында мемлекеттік құрылымдар және жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде, банк меншігінің акционерлік нысаны көп тараған, мұнда құрылтайшылар мен акционерлер ретінде әртүрлі меншік нысандарын иеленетін жеке және заңды тұлғалар көрінеді.
Басқарудың негізгі органы - банк акционерлерінің жиналысы, ол банк қызметінде келесі стратегиялық міндеттерді орындайды: банктің ашылуы туралы және қорларының қалыптасуына қатысты шешімдерді қабылдау, банк жарғысын және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын анықтау, банк жұмысы туралы есепті бекіту [6] .
Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк Басқармасы және Тексеру комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы, белгіленген мерзімде өкілеттілік жүргізетін банк Кеңесін сайлайды. Сондай-ақ, банк акционерлерінің жалпы жиналысы Кеңес мүшелерінің санын анықтайды. Кеңес мүшелері көп дауыспен банк Кеңесінің төрағасы мен оның орынбасарларын тағайындайды, бірақ Кеңес мүшелері бір мезгілде Тексеру комиссиясының немесе Басқарма мүшелері қатарында болмауы шарт.
Банк Кеңесі басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл ішінде кемінде бір ретт мәжіліске жиналады. Банк Кеңесі:
- банк саясатының бағытын жәненақты экономикалық жағдайға, дивиденттер мен пайыздық мөлшерлемелер көлеміне байланыстыоперациялар шеңберінің кеңеюін анықтайды;
- банк Басқармасы мен Тексеру комиссиясының жұмыстарына бақылау жүргізеді;
- банк өкілдіктері мен филиалдарының ашылу мәселелерін шешеді;
- банк жүргізетін кредиттік және инвестициялық саясаттың орындалуына бақылау жүргізеді;
- банк төрағасын, оның орынбасарларын және басқада басқарушы тұлғаларды тағайындайды;
- жұмыс жүргізетін комитеттерді бекітіп, олардың мүшелерін сайлайды.
Кеңес мүшелері, банк қызметін реттейтін заң актілерінің бұзылғаны және банк жарғысымен қарастырылмаған операциялардың орындалғаны үшін, сондай-ақ тиімсіз шешімдер қабылдану нәтижесінде шығындардың туындауына жауапкершілікте болады.
Банк басқармасы (екінші блок) банк қызметінің стратегиялық бағыттарын бекітуге және жалпы басқару жұмыстарына жауапты. Басқарма құрамына банктің ірі бөлімшелерінің жоғарғы басшылары және осы кредиттік мекемені толық немесе жартылай иеленетін тұлғалар кіреді.
Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі банк жарғысымен бекітіледі. Банк басқармасының төрағасы:
- банк атынан сөз жүргізуге өкілетті;
- банкті басқаратын жоғарғы органның шешімдерін қабылдап, сол шешімдердің орындалуын қадағалайды;
- банк ұжымын ұйымдастырып, басқарады;
- банкті басқаратын орган алдында банк жұмысының заңдылығына жауап береді.
Банк Кеңесі (басқармасы) жанынан екі комитет құрылады: Кредиттік және Тексеру. Кредиттік комитеттің функцияларына жататындар:
- банктің кредиттік саясатын, тартылатын қаражаттар құрылымы мен оларды тиімді орналастыру бағыттарын қарастыру;
- сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүргізу мен қорларды инвестиялауға байланысты мәселелерді қарастыру;
- банктің жеке бөлімшелерінің қызметін бақылау.
Тексеру комитетінің құрамы акционерлердің жалпы жиналысында тағайындалады. Банк Кеңесінің мүшелері және банктің штаттық қызметіндегі басқа тұлғалар Тексеру комитетінің құрамына сайланбайды. Тексеру комитеті - банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса мен мүлік жағдайын және жыл ішінде жүргізілетін валюталық, есеп-айырысу, кредиттік операциялардың банк қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады.
Үшінші блоктың жұмысы - банк қызметін жоспарлау мен болжауды ұйымдастыру, банк қызметінің (активтер сапасы, капитал жеткіліктігі, өтімділік және тағы басқадай) негізгі бағыттары бойынша Ұлттық банктің талаптарын орындау, басқару әдістемесін тағайындау (методологиясын) . Бұл блоктың мәселелері экономикалық-жоспарлау басқармасы шеңберін- де шешіледі.
Төртінші блок - әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды (несиелендіру, инвестициялау, валюталық, трасстық және басқа да активті операцияларға қатысты) . Бұл блокқа кіретіндер: кредитті басқару бөлімі, опциондық басқару, бағалы қағаздар мен операцияларды басқару және т. б.
Кредиттік басқару - кредиттік қоржынның қалыптасуына, пайдаланармандарды несиелендіруге, несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz