Т.ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
“Қазақстан тарихы” кафедрасы
Дипломдық жұмы
Тақырыбы:
Т. ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Орындаған: Тарих-филология факультеті,
тарих, құқық және экономика мамандығы
4 курс (сырттай бөлім) студенті
Ордабаева Сымба
Ѓылыми жетекші: т. ғ. к., аға оқытушы
А. Т. Қаипбаева
«Қорғауға жіберілді» «» 2007 ж.
Хаттама №
Кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент Бегалиева А. А
Алматы, 2007
МАЗМ¦НЫ
1
2
4
5
6
7
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» деп жазған-ды [1] .
Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М. Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі мәселе - оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дәрежесіне төмендетілді. Қайраткер - жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек. Ендеше, Отан тарихынан кейбір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек», [3] - деп жазған еді.
Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларынан шыққан қайраткерлері мен ғалымдарының атқарған қоғамдық - саяси қызметі аракідік зерттелді. Көбіне ондай зерттеулер Қазан төңкерісіне, революцияларға атсалысқандарға арналды. Басқаша айтқанда, жалпы зиялылардың, оның ішінде қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге негізгі кедергі, бөгет болған коммунистік идеологияға негізделген методологиялық ұстаным екендігі бұл күні айқындалуда.
Маркстік-лениндік методология ұстанымдарының нәтижесінде ұлт зиялыларының рөлі жасанды түрде төмендетіліп кейінгі орынға ығыстырылып отырды. Көптеген талантты ғалымдар, өнер мәдениет және қоғам қайраткерлері кеңестік жүйе тарапынан қысымшылық көрді. Кеңестік билік қазақ ұлтының зиялыларын, қаламгерлері мен санаткерлерін сылып алып тастап, бірнеше буынның төбесіне қорқыныш пен үрейді төндірді де тұрды. Бұл ұлт санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына өз зиянын тигізбей қоймады. Ұлт дамуының күретамыры рухани салада «ақтаңдақ» беттер көбейді. Осы қиянат ұзақ жылдарға созылып, 80-жылдардың соңына қарай ғана тарихтағы өздеріне тиесілі бағасын ала бастады. Мұндай қарқын еліміз егемендік алғаннан кейін күрт арта түскендігіне бүгінгі таңда куә болып отырмыз.
Белгілі қазақ қайраткері, ғалым, академик Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың (1910-1964 жж. ) тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Кеңестік Қазақстанда 1940-1950 жылдары Т. Тәжібаевтың Халық ағарту комиссариатының халық комиссары ретінде атқарған қызметі, қазақ жоғары оқу орындарының қара шаңырағы болып табылатын - қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (Бұрынғы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) ректоры қызметінде жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі және республикалық Сыртқы істер комиссариатының алғашқы халық комиссары болып тағайындалып, бұл саланың аяғынан нық тұруы жолында сіңірген еңбегі, сондай-ақ ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуы мен халық ағарту ісі тарихына арналған еңбектері отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Сондықтан ғылыми зерттеу еңбектерде келтірілген тың деректер негізінде дипломдық жұмыс орындау жөн әрі өзекті деп санаймыз.
Халық ағарту ісінің тарихына қатысты тың ой-пікірлер айтып, тұжырымдар жасауда Т. Тәжібаев еңбектерінің орны зор. Қазақстан тарихындағы халық ағарту ісі мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген ғалымның мемлекеттік, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасау тақырыптық маңыздылығын арттыра түседі.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Т. Тәжібаевтың өмір жолы, қоғамдық -саяси, мемлекеттік қызметі және оның ғылыми еңбектері жайлы ғылыми пікірлер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Олардың алғашқылары қатарына Т. Тәжібаевтың ғылыми еңбектеріне қатысты М. Балақаев, Қ. Бержанов, Қ. Б. Жарықбаев, Е. А. Будилова, А. Т. Колмаков және С. Баишев секілді белгілі зерттеуші - ғалымдар тарапынан білдірілген пікірлерді [4] жатқызуға болады. Бұл аталған ғалымдардың ғылыми пікірлерінде Т. Тәжібаевтың еңбектеріне жоғары ғылыми баға беріліп, оның Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуге қосқан үлесі ерекше аталып көрсетілген.
Т. Тәжібаевтың ғылым саласында ғана емес, дипломатиялық қызметте де атқарған ісіне қатысты алғаш пікір білдіруші Қ. Б. Жарықбаев болды. Оның 1967 жылы «Южный Казахстан» газетінде жарияланған мақаласында [5] Т. Тәжібаев ғылымды дипломатиялыќ ќызметпен қатар алып жүрген қайраткер ретінде көрсетілген.
Қазақстанда педагогикалық ғылымның дамуына байланысты Р. Г. Лембергтің 1962 жылы жариялаған мақаласында [6] бұл салада Т. Тәжібаевтың сіңірген еңбегіне жан-жақты талдау жасалынған. Онда Р. Г. Лемберг сол дәуірдегі өзге де авторлар секілді Т. Тәжібаевтың еңбектерін кеңестік педагогика талаптарына сай бағалаған болатын. Дегенмен кеңестік идеология талаптарына қарамастан зерттеушілер Т. Тәжібаевтың еңбектері қазақ халқының мәдени, рухани мұраларын зерттеуге өзіндік игі ықпалын тигізетіндігін атап көрсетіп жатты. Мәселен, белгілі филолог - ғалым М. Мырзахметов Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын зерттеу мәселесі бойынша қорғаған кандидаттық диссертациясында [7] Т. Тәжібаевтың абайтану саласына қосқан үлесі қазақ халқының рухани қазынасын жаңа қырынан қарауға итермелейді деген тұжырым жасаған. Мұндай тұжырымның астарынан қазақ халқының рухани мәдениетін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеу қажеттігі жатқан еді деген пікір туындайды.
Қазақстанда психология ѓылымыныњ дамуы мєселесіне арналѓан Ќ. Б. Жарыќбаев, В. К. Шабельников, М. Н. М±ќанов, К. М. Монтаев, Н. А. Айѓабылов, А. Т. Кµсеубаев секілді зерттеушілердіњ 1960-1970 жылдары жарыќ кµрген маќалаларында [8] Т. Тєжібаев есімі б±л ѓылым саласымен тыѓыз байланыстырылѓан. Б±л авторларлар Ш. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев секілді қазақ ағартушыларының философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге алғашқы із салушы ғалым ретінде Т. Тәжібаевты көрсетеді.
Т. Тәжібаевтың ғылыми мұраларын отандық тарих ғылымында 1980 жылдың орта тұсынан бастап саралана бастады. Бұл ретте Д. И. Дулатованың есімін ерекше атап көрсетуге болады. Оның революцияға дейінгі Қазақстан тарихнамасына арналған еңбегінде [13] Т. Тәжібаевтың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері мен халық ағарту ісі тарихын зерттеуге қосқан үлесі тарихнамалық талдауға түскен. Автордың пікірінше Т. Тәжібаев Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің дамуын Ш. ШУәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаев есімдерімен байланыстыра отырып, халық ағарту ісіне байланысты патша өкіметі ұстанған реакциялық саясаттың зардаптарын дәл ашып көрсеткен. Мұндай пікірді Д. И. Дулатованың 1990 жылы жарық көрген мақаласынан да [14] кездестіруге болады.
Академик Т. Тәжібаевтың мемлекеттік қызметте және педагог-ғалымдарды тәрбиелеп қалыптастыруда атқарған өнегелі істері жайында кеңестік дәуірде бірқатар мақалалар жарық көрді. Ғалымның мерейтойларына орай жазылған Ы. Сағынтаев, Е. Құлымбетов, Қ. Рысбеков, Х. Сүйіншәлиев, Қ. Қаражігітова, Ж. Түрікпенов секілді авторлардың мақалаларында [15] біз қарастырып отырған мәселеге қатысты пікірлер білдірілген. Бұл мақалаларда Т. Тәжібаевтың қазақ ғалымдарына көрсеткен қамқорлықтары жайында мәліметтер берілген.
Дегенмен, кеңестік дәуірдегі ғылыми еңбектерде және көпшілікке арналған басылымдарда Т. Тәжібаевќа кеңестік жүйе тарапынан жасалған қысымшылықтар жайлы ешқандай да пікір білдірілмеді. Бұл негізінен сол дәуірдің идеологиясының әсеріне байланысты еді. Алайда Т. Тәжібаевтың өмірі мен қызметіне қатысты мұндай мәліметтер еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде біршама болса да жариялана бастады. Мұндай мәліметтерді Р. Бердібай, Г. Ушанов, М. Серікбаев, Ж. Түрікпенұлы, С. Қалиев, Г. Тетеева секілді автордың мақалаларынан [16] кездестіруге болады.
Осы аталған авторлардың ішінде Ж. Түркпенұлының Т. Тәжібаевтың өмір жолын, қызметін және ғылыми мұраларын зерттеуде елеулі іс атқарып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Профессор Ж. Түрікпенұлы Т. Тәжібаев туралы соңғы он жыл көлемінде көптеген ғылыми мақалалар мен еңбектер [17] жариялап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне және ғылыми мұраларына қатысты көптеген мәліметтерді көпшілік қауым назарына ұсынды. Оның 2002 жылы «Академик Т. Т. Тәжібаев» атты еңбегі [18] жарық көрді. Бұл еңбегінде Т. Тәжібаевтың өмір жолы мен ұстаздық қызметіне шолу жасалынып, қайраткер-ұстаз жайлы естеліктер берілген. Дегенмен Ж. Түрікпенұлының ењбектерінде Т. Тєжібаевтыњ т‰рлі қызметте жүріп атқарған қызметі жайында мәліметтері өте аз. Оның себебі мұрағат құжаттарының ғылыми айналымға мардымсыз деңгейде тартылуында болса керек.
Бүгінгі таңда Т. Тәжібаевтың ғылыми мұралары педагогика ғылымы саласында диссертациялық деңгейде зерттеліне бастады. Бұған М. К. Ахметованың және М. Ж. Құлжабаеваның диссертациялық жұмыстары [19] дәлел бола алады.
Қазақстандық саясаттану ғылымы саласында да Т. Тәжібаев диссертациялық деңгейде зерттеу объектісіне алынған З. С. Гаиповтың саясаттану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысында [20] Т. Тәжібаевтың әміршіл-әкімшілік жүйедегі тұлғалық ерекшелігі сараланған.
Отандық тарих ғылымы саласы бойынша қорғалып жатқан диссертациялық жұмыстарда да Т. Тәжібаев еңбектеріне тарихнамалық талдау жасау өз жалғасын табуда. Ондай талдаулар көп жағдайда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде халық ағарту ісі тарихының мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерде көрініс тапқан. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған М. Ә. Жолсейітованың; Ж. Б. Әмірханованың және Э. Қ. Мырзалиеваның диссертациялық жұмыстарында [22] Т. Тәжібаевтың еңбектері тарих ғылымының қазіргі кездегі жетістігі тұрғысынан талданған. Осы авторлардың ішінде М. Ә. Жолсейітова Т. Тәжібаев еңбектерін тереңірек, өзге авторлардың еңбектерімен салыстыра қарастырумен ерекшеленеді. М. Ә. Жолсейітованың айтуынша, Қазақстандағы халық ағарту ісі тарихын жазған ХХ ғасыр басындағы Н. П. Остроумов секілді т. б. орыс зерттеушілерінің тарихи шындықты бұрмалағанын ашық мәлімдеген бірден-бір ғалым Т. Тәжібаев болып табылады. Мұндай әшкерлеуге дейін Н. П. Остроумов Түркістан өлкесіне білім таратқан ғалым ретінде дәріптеліп, оның миссионерлік әрекеті айтылмай келген еді.
Т. Тәжібаевқа кеңестік билік тарапынан жасалған қысымшылықтардың бірі 1951 жылы Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов және Қ. Бекхожин секілді қазақ ғалымдарының ісіне байланысты жүргізілген-ді. Отандық тарих ғылымында бұл мәселе көрнекті қазақ тарихшысы Т. Омарбеков еңбегінде [23] нақтылы көрініс тапқан. Сондай-ақ сол тарихи кезеңдегі қазақ ғалымдарының бастан кешкен ахуалын түсінуге И. М. Қозыбаевтың еңбегі де [24] белгілі дәрежеде өз септігін тигізеді. Л. Я. Гуревичтің еңбегінде [25] Т. Тәжібаевтың тоталитарлық режим жағдайында атқарған қоғамдық - саяси қызметінің кейбір астарлы тұстары ашылып көрсетілген. Автор Т. Тәжібаевтың қазақ зиялыларына көрсеткен қамқорлықтарына да тоқталған.
Көрнекті мемлекет қайраткері Д. А. Қонаевтың естелік кітабында да Т. Тәжібаевқа қатысты оң пікір білдірілгенін осы жерде айта кеткен жөн. Ол өзінің бұл естелігінде Т. Тәжібаев туралы былай деп жазған: «Тәжібаевпен мен ол халық ағарту халкомы болып қызмет етіп жүрген кезде таныстым. Кейіннен бізді тағдыр тоғыстырып, бірге Халық комиссарияты кеңесі төрағасының орынбасарлары болып қызмет еттік. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдары еді. Тәжібаев республиканың тұңғыш Сыртқы істер министрі болды, біраз уақыт Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет етті. 1954 жылы мен Ғылым Академиясында жұмыс істегенімде ол республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ол республика ғылымы мен мәдениетінің дамуына және білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосты» [26] .
Д. А. Қонаевтың Т. Тәжібаев туралы айтқан бұл пікірінің өзі шынайы екендігі еш күмән тудырмайды. Т. Тәжібаев туралы мұндай жылы лебізді академик М. Қозыбаевтың «Жұлдызым менің» атты естелігінен де [27] кездестіруге болады. Ол өзінің университетте білім алу барысында Т. Тәжібаевтан дәріс алғанын үлкен мақтаныш сезіммен жеткізеді.
Қазақ КСР-нің 1981-1989 жылдар аралығында Сыртқы істер министрі болған М. Исиналиевтің еңбегінде және жарияланған мақаласында [28] Т. Тәжібаев жайында, әсіресе оның дипломатиялық қызметіне қатысты тың ой-пікірлер білдірілген. М. Исиналиев Т. Тәжібаевтың дипломатиялық қызметіне шолу жасай отырып, оны Қазақстанның сыртқы байланыстарының негізін қалаушы ретінде орынды бағалайды.
Т. Тәжібаевтыњ дипломатиялыќ ќызметіне баѓа беру Є. Ыдырысовтыњ жєне Д. Ќыдырбек±лыныњ маќалаларында [29] орын алѓан. Б±л авторлардыњ Т. Тєжібаевтыњ дипломатиялыќ ќызметі жайында айтќан пікірлері М. Исиналиевтіњ пікірімен ‰ндестік тапќан.
Л. Ахметовтыњ ењбегінде [30] Т. Тәжібаевтың қызметіне қатысты мысалдар келтірілген. Онда автор Т. Тәжібаевтың қазақ интеллигенциясы өкілдеріне танытқан қамқорлығын отаншылдық рухтың кеңестік дәуір кезеңінде бой көрсетуінің белгісі ретінде бағалайды.
Еліміздің зиялы қауымы Т. Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметі өзіндік маңызға ие екендігін атап көрсетуде. Бұған Т. Тәжібаевтың 2000 жылы мерейтойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияның өткізілуі дәлел бола алады. Бұл конференцияда академик М. Қ. Қозыбаев және Қ. Жарықбаев секілді т. б. ғалымдар Т. Тәжібаевтың елімізде жоғары оқу орындарының дамуына қосқан үлесін және республикамызда сыртқы істер ведомствосының қалыптасуына сіңірген еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ғалымдар қатарында Т. Тәжібаевтың патша өкіметінің отаршылдық саясаты дәуірінде елімізде халық ағарту ісінің даму ерекшеліктерін ашып көрсетуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан саралағандар да болды [31] . Осы аталмыш конференцияны Т. Тәжібаевтың мемлекеттік және ғылыми қызметін онан әрі терең зерттеле түсуге өзіндік серпін береді деп те ұйғаруға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - түрлі деректік материалдарды сараптай келе Т. Тәжібаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, шығармашылық және ғылыми мұрасын ашып көрсету. Сол арқылы оның мемлекеттік тұлғасы мен ғалымдық келбетін айқындау зерттеу жұмысының басты өзегі болып табылады. Жұмыста Т. Тәжібаевтың халық алдындағы еңбегіне және шығармашылық мұрасына сүйене отырып оның өмір жолын барынша ашып көрсетуді мақсат еттік. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер алға қойылды:
- Т. Тәжібаевтың өскен және білім алған ортасын айқындап, оның қайраткер, көрнекті ғалым ретінде қалыптасуына тигізген әсерін көрсету;
- Кеңестік дәуірде қайраткерлік дәрежедегі тұлға деңгейіне көтерілген Т. Тәжібаевтың Халық ағарту комисариатының жетекшісі ретінде атқарған ауқымды еңбегін қоршаған саяси-әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра қарастыру;
- Т. Т. Тәжібаевтың республикада жоғары білім беру саласына қосқан үлесін оның қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ректор болып атқарған қызметін саралау арқылы баяндау;
- әкімшіл-әміршілдік жүйе тарапынан Т. Тәжібаевқа жасалған қысымшылықтар кеңес өкіметінің ұлт саясатымен ұштасып жатқандығын дәлелді деректік мәліметтермен негіздеу;
- Т. Т. Тәжібаевтың Қазақстандағы қоғамдық, педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуге қосқан үлесін тарих ғылымының бүгінгі таңдағы жетістігі тұрғысынан саралау;
- Қазақстандағы халық ағарту ісінің тарихын зерттеуде Т. Т. Тәжібаевтың соңына қалдырған ғылыми мұраларының маңыздылығын айқындау.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Дипломдық жұмыстың хронологиялық ауқымы Т. Т. Тәжібаев өмір сүрген жылдарды, дәлірек айтқанда, 1910-1964 жылдар аралығын қамтиды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Жұмыстың методологиясы тарихилық, жүйелік, салыстырмалы талдау мен жинақтау әдістеріне негізделді. Тұлғатану саласында әлемде қалыптасып келе жатқан өркениеттік ұстанымға басты назар аударылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Т. Т. ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҒАЛЫМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Өскен және білім алған ортасы
Өткен ХХ ғасырда еліміздің қамын жеген көптеген қайраткерлер тарих сахынасына көтерілді. Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, Ә. Байтұрсынов секілді алаш қозғалысының көшбасшыларының аңсаған мұрат-мақсаттары кейінгі толқындағы ұлт зиялыларының да басты нысанасына айналды. Кеңестік дәуірде халық мүддесін жоғары қоюымен ерекшеленген, өз соңында мол ғылыми мұра қалдырған қайраткерлердің бірі Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz