Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 8
І. Мемлекеттің ұғымы, мәні . . . 8
ІІ. Құқықтың ұғымы, мазмұны, белгілері . . . 15
ІІІ. Тұлғаның конституциялық - құқықтық мәртебесі . . . 21
ІV. Мемлекетпен тұлғаның өзара қарым - қатынасы . . . 39
V. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дипломдық жұмыста тұлға, мемлекет және құқықтың түсінігі, қалыптасуы мен дамуы қарастырылып, мемлекетпен тұлғаның өзара қарым - қатынасы мәселесіне толық түсінік берілді. Сонымен қатар тұлғаның құқықтық мәртебесі мен құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктеріне талдау жасалады. Мемлекет және құқықтың дамуы, бір сатыдан бір сапалы сатыға көтерілуі еш уақытта өзінен - өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды. Сол сияқты адам құқығының даму эволюциясы. Соның ішінде жеке тұлғалар құқығының пайда болумен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қоғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз, адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі, кез - келген тұлға жаратылыстық ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі.
Жеке адамның құқықтық мәртебесін меңгеру үшін адам құқы мәселесін жетік түсіну қажет. Адам құқы табиғи құқықтан басталып туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Ол - өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Яғни, жеке адамның құқықтық мәртебесі мемлекет пен азаматтық арқылы байланыстағы адамның құқық, бостандық және міндеттерін пайдалануда, іс жүзіне асырудағы жағдайлары болып табылады. Ал мемлекет болса арнайы бір аумақтық кеңестіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс - жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі. Мұнда мемлекеттің ерекше белгілерінің аса бір көрінісі - құқық болып саналады. Құқық қоғамындағы қатынастарды реттейтін құрал ретінде тек мемлекетке ғана тән. Оның шығуы, қалыптасуы, өркендеуі мемлекетпен тығыз байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сондай - ақ, жоғарыда аталып өткендей Қазаақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып танылғандықтан адамның құқықтары мен бостандықтары шегінде ғана қаралмай түсу үшін мемлекет және жеке тұлға бір - бірінің алдында құқық және міндеттер жүктеп отырады. Мемлекет адамдар мен азаматтардың құқықтарын Конституцияда жариялап, оларды қамтамасыз ету міндетін алады, яғни олардың жүзеге асырылуына және қорғалуына кепілдік береді. Бұл жағдайда мемлекет және тұлға арасында құқық қатынас қалыптасады және міндеттілік бір жақты мемлекетке ғана жүктелмеуі керек. Оларды орындауды талдап ету - мемлекеттің құқығы болып табылады. Сондықтан мемлекетрпен тұлға өзара қарым - қатынаста қалай болса, сол сияқты құқықпен де өзара тығыз байланысты.
Жұмыстың мақсаты мен міндетттері. Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты болып келесідей бағыттар бойынша жүргізілген яғни, тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып, осы тақырып бойынша туындаған проблемалар мен оның шешу жолдарын ұсыну табылды:
- Тұлға мен мемлекет түсінігі және олардың ара қатысы
- Құқықты түсіндіру және міндеттерін қарастыру болып табылады
Диплом жұмысында қойылған осындай мақсаттардан келесідей міндеттер түзіледі:
- Тақырыпқа жан - жақты зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, сараптамалар жасау;
- Объективті түрде талдау жасау;
- Тақырыптың өзекті мәселелерін ашу.
Тақырыптың мазмұны өте зор, оған дәлел ерте ерте кездегі ойшылдардан бастап, одан кейінгі дәуірдегі ойшылдар еңбектерінде маңызды тақырыптардың бірі болып есептелді.
Зерттеу объектісі мен пәні - мемлекет, тұлға және құқықтың жекелеген құқықтық элементтердің және тұтас алғанда олардың қалыптасуы мен одан әрі қызмет ету процесінің конституциялық құқықтық негіздері өзара арақатынасы сондай - ақ мемлекет пен қоғамның арақатынасы.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
- Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік тынысын қамтамасыз ететін оған қажетті жағдайлармен алғышарттар жасалынатын ұмтылатын адам зат қоғамның ұйымдыстырудың айрықша нысаны.
- Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалар заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: азаматтың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
- Тұлға - адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жеке түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап, әлеуметік жағынан сипаттап барып таниды.
Диплом жұмысының құрылымы және негізгі мазмұны
Зерттеу жұмысының мазмұны келесідей құрылған: кіріспеден, негізгі бөлім 5 - тарау, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде таңдалған тақырыптың негіздемесі және өзектілігі сонымен қатар зерттеудің пәні мақсаттары мен міндеттері және жұмыс бойынша жасалған қорытындылар қарастырылған. Негізгі бөлімнің мән мағынасын толық ашу мақсатында тарауларға бөліп қарастырылған. I тарауда мемлекеттің ұғымы мәні ерекше зерделеп қарастырылады. Ал II тарауда құқықтың ұғымы, мазмұны, белгілері талданады. III, IV, V тарауларда тұлғаның құқықтық мәртебесі құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері толық талданып қарастырылады.
Қорытындыда диплом жұмысы бойынша жасалған ой - түйіндемелер берілген.
Негізгі бөлім.
І. Мемлекеттің ұғымы, мәні.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функцияларды, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамды дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшіл-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері: мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтынындай, «жария биліктің» болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы-адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің абайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы-рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес» деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшіл-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктіңжәне құрылымның мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысанын, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп-кепілдік беретін функциялары бар. Мемелекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекет ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек. Ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу керек.
Мемлекеттің мәні. Мәндік категориясы, оған сапалы айқындылық беріп, аралас және туыстық құбылыстардан бөліп алатын, зерттелетін құбылыстың басты және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды. Біздегі пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттің мәнін бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұл бір жақты, демек - ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрі озбырлықтан қорғауға келіп саятыныдығ белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану мүмкіндіктерінен айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда бұл талдау бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларына қарсы күресте пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді. Ал В. И. Лениннің сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық және капиталистік мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен капиталистер тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін [2] .
Мемлекеттің таптық тұрғыдан түсіндірудің белгілі негізі бар және көбінесе қоғамдық даму тәжірибесімен расталады. Адамзат тарихының бірнеше кезеңдері бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан қоғамның маңызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бұл тап екіншісін құлатып, өз үстемдігін орантты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық сахнадан кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.
Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық қажеттілік пен мақсаттылық тұрғысынан пайымдалған бұл факт мемлдекет туралы таптық ілімнің негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін сақтау үшін, бір тапты екінші тап қану үшін үстемдігін қолдайтын машина болып табылады.
Әйтсе де, қоғамның көптеген антагонистік қарама - қайшылық белгілері таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді бейнесін тапқанына қарамастан, - осы теория мен нақты шындықтың арасында жарықшақтың пайда болғандығын айтпаса болмайды. Бұл жарықшақ уақыт өткен сайын шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра сілтеулерге алып келеді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет теориясындағы таптық үстемдіктің құралы болудан қалды.
Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік етуші таптың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеумен ғана шектеліп қала алмайды (әсіресе қазіргі кезеңде) . Мемлекеттік таптық тұрғыдан түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немесе еркінен тыс ескерілмейді немесе, тіпті тәуір болғанда, минимумға келтіріледі.
Мемлекетке объективті ықпал ету ылғи да үстемдік етуші таптың мүдделерін ғана білдірудің шегінен шығатын міндеттерді шешуге мәжбүр болды деген шешімге алып келеді. Бұл жерде әңгіме ең алдымен бүкіл қоғамның тіршілігін қамтамасыз етуге қалыпты жағдай туғызуға бағытталған міндеттер туралы болып отыр. Сөйтіп мемлекетке пайда болған және дамыған алғашқы кезеңдерде ол үстемдік етуші таптың қажетін қанағаттандырудан басқа, сондай-ақ қоғамның тіршілік етуін, табиғаттың дүлей күшіне, соның салдарынан әлеуметтік катаклизмаларға, күтпеген сұрапыл апаттарға және қиындықтарға қарсы тұра алуын қамтамасыз етуге пайдаланылды. Жаңағы аталғандардан басқа мемлекеттің жалпы әлеуметтік міндеттері деп мына төмендегілерді тану керек:
- Қоғамда тәртіп орнату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өміріне, денсаулығына, абыройына, құқығы мен бостандығына қылмыстық қол сұғу мүмкіндігін жою немесе оны минимумға жеткізу;
- өндірісті, айналымды, айырбасты өркендету үшін қажетті жағдайлар туғызу;
- қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық апаттың алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және қабылдау;
- елді сыртқы шабуылдан қорғау.
Басқаша айтқанда, мемлекет, тәжірибе көрсеткендей, бүкіл қоғамға үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп таңумен ғана емес, сондай-ақ барлық таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын объективті қажет жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Қазіргі кезеңде көптеген адыңғы қатарлы мемлекеттер таптық, топтық және жеке мүдделерді бірыңғай қорытындыға келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен қарама-қайшылықтарды шешуге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып, соған қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекет пікір алуандығы идеясын, билікті бөлісуді, азаматтар құқығының баяндылығын жиі жүзеге асыруда және басқа демократиялық институттарды басшылыққа алуда, соның арқасында қай таптың болса да диктатурасынан құтылуда. Мұның бәрі - мемлекеттегі жалпы әлеуметтік (тіпті жалпыадамзаттық десе де болады) принциптер. Олар тек таптық принциптермен бірге әрекет етеді. Соңғысының шектеулілігі, жетіспеушілігі және зияндылығы алғашқысымен толтырылуы мүмкін. Таза тапық принциптің жалпы әлеуметтік принциптермен, олардың синтезінде және үйлесуімен толығуы - прогресс пен мемлекеттің үдемелі дамуының кепілі. Мемлекеттің тек қана таптық негізде жұмыс істеуінің келешегі жоқ, ол ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір тығырыққа тірейді.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің басты кемшіліктерінің бірі, мемлекеттік іс-әрекеттің мәжбүрлеуге, басып-жаншуға, күш қолдануға негізделген жақтарын алдыңғы қатарға шығаруды жорамалдауында болып отыр. Егер мемлекет тек қана үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен айналысып, басқа таптар мен халықтың топтарының мүдделерін есепке алмаса немесе ескермесе, онда өзінен өзі мынандай сұрақ туады: мұнымен халықтың қалың тобы келісе ме? Жоқ, келіспейді, келіскен күнде бәрі емес. Бірақ олардың қарсы әрекеттері мәжбүрлеу жолымен жеңіліске ұшырауда.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуніе, халыққа және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оның қысымға ұшырыған категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің ролі жағымды бағалануы керек. Егер мемлекет үстемдік етуші таптың, әлеуметтік топтың, билеуші таңдаулы топтың жетегінде кетіп, солардың ғана мүддесін жүзеге асырумен айналысып, басқа барлық әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді ескермесе, онда оның ролі жағымды бола қоюы екіталай.
Осылайша, мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметтің бағытталғанына түрлі әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне байланысты.
ІІ. Құқық ұғымы, мазмұны, белгілері.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz