Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігін зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарының сипаты…… . . . 5
1. 2 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі кезеңде қолдану ерекшелігі . . . 9
ІІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
2. 1 Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану эксперименті . . . … . . . ……… . . . 15
2. 2 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін жинақтау, өңдеу . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететін заңнамалар қабылдануда. Мәселен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты қабылданып, онда мектепке дейінгі балалардың танымдық дамуын іске асыру мақсатында білім беру процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдалануға берілді.
Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бір жарым жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар - 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер [1] .
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту белгіленген. Атап айтқанда, МЖБС-ның жетекші білім салаларына сәйкес оқу бағдарламаларын жаңарту, әрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу жоспарлануда [2] .
Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты ұстаз кеңесшінің, ақылшының қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Әлемдік бай тәжірибеге сүйене отырып, мектепке дейінгі кезеңде жаңа технологияларды қолдануды оқу-тәрбиесіне енгізуді ресейлік ғалымдар Р. Буре, В. Мухина, Е. Кравцова, Е. Сапогова, В. Обухова, Р. Овчарова т. б. нәтижелі атқаруда.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, тәрбиеші мен баланың бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар - озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Зерттеу мақсаты - мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу нысаны - мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні - қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдану ерекшелігі.
Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі оқу-тәрбие үрдісінің заманауи ерекшеліктеріне сәйкес, педагогикалық технологиялардың қазіргі жаңа үлгілерін іріктеп, бейімдеу процедураларын жүргізу арқылы, бала бақша өміріне лайықталған жаңа оқыту технологияларын алуға мүмкіндік туады.
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарының сипатын анықтау;
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі кезеңде қолдану ерекшелігін айқындау;
- Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану эксперимент жүргізу;
- Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін жинақтау және өңдеу.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: іс-әрекеттегі бала дамуы туралы ғылыми теориялар (Л. Выготский, К. Роджерс, Ж. Пиаже, Д. Эльконин, В. Давыдов, Ұ. Ауталипова, Г. Қасымова), педагогикалық технологиялар туралы ғылыми зерттеулер (М. Монтессори, В. Сухомлинский, Р. Буре, А. Меңжанова, Б. Баймұратова, Ф. Ниязбекова) және мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдану туралы ғылыми-педагогикалық қағидалар (В. Мухина, Е. Кравцова, Е. Сапогова, В. Обухова, Р. Овчарова, Қ. Аймағамбетова, Х. Шериазданова, М. Сәтібекова, Қ. Меңдіаяқова, С. Әмірова т. б. ) .
Зерттеудің теориялық мәнділігі: м ектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу әдістері - әдебиеттерді талдау, қорытындылау, бақылау, әңгімелесу, эксперимент, ойын-жаттығулар, зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері.
І ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарының сипаты
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етуі қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отыруы шарт [4] .
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланы дамыту барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [5] .
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және еңбек.
Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді [6] .
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру - ой-өрісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі [7] .
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұмыстық ойындарды (отбасы, дүкенге бару т. б. ) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Одан ересек тарқан кездегі ойындардың басты ерекшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлі де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ал, үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапккершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді.
Балалардың өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар: футбол, бадминтон, қуаласпақ, тығылыспақ т. б. ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен, қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы меңгереді.
Бала бақша тәрбиешілері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтарып қоймай, онда жақсы жеке бас қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы; еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағы мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзініің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі бала оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермейді. Оларды жай жаттап алады да, өз бетінше пікір айтуға орашолақ келеді. Тәрбиеші бала ойлауындағы анализге жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала материалдың бір-бірімен қиысып байланыспаған жеке жақтарын меңгереді де, осыдан ұғымның мәніне толық түсінбей қалады. Кейбір педагогтар баланың белсенді ойлау процесін дамытудың орнына оның ес-қабілетін өсіруге ерекше мән береді, бұдан баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды [8] .
Баланың білім меңгеруі, педагогтың сабақ оқытуы екеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл-ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін. Кейбір ата-аналар, тіпті педагогтар да балалардың осындай үйреншікті, мәнісі бар сұрақтарына жауап бермейді, «сен мұны бәрібір түсіне алмайсың», «кейін түсінесің» деп ұзын арқау, кең тұсауға салып кете береді. Бірақ мына жағдай әр уақытта есте болуы тиіс. Егер бала мүмкіндіктері жете бағаланбаса, тілектері қанағаттандырылмаса, бұл оның дүниені танып білуге құштарлығының болмауына әкелуі ықтимал. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септік тигізе алады.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады. Мәселен, ересек топтағы балалардың оқу мотивтері естияр тобындағылардан басқаша болады. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәніне түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т. б. ) құтылу қиын болады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын мотивтер (себептер) балада бірден пайда бола қоймайды. Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді [9] .
Оқу құрылымы келесі бірліктерден тұрады: төңіректегі заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөніндегі ақпараттар, яғни білімдер; іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын тәсілдер мен қимылдар, яғни дағдылар, іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына орай тәсілдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпараттарды қолдана білу, яғни ептіліктер. Сонымен бурге оқу дегеніміз адамның өз әрекетін саналы мақсатқа бағындыра басқаруы немесе белгілі білім, ептілік және дағдыларды игеруі. Оқу үшін саналы септүрткілердің болуы үлкен маңызға ие. Тіпті адамдағы оқу жұмысының өзі де әрекет-қылықты саналы реттестіру кезеңіне, яғни 6-7 жастарға тура келеді.
Оқу іс-әрекеті қалыптасуының негізгі шарты балада білім, ептілік және дағдыларды игеруге деген саналы септүрткілердің оянуынан. Бала дамуына қоғамдық ықпал жасаушылар әрдайым ересектер. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін бала әрекет-қылығы мен іс-әрекетін бағыттауға арналған белсенді процесс - оқыту деп аталады. Ал осы процестің жеке адам қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруға бағытталуы - тәрбие ұғымын туындатты. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу пеагогика ғылымының зерттеу аймағы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Сондықтан да оның заңдылықтарын қоғамдық ғалымдар зерттейді. Еңбек - белгілі нәтижеге жету үшін бағытталған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсатты бағдарлы, саналы іс-әрекет. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады» [10] .
Еңбек процесінде субъекті өнімі ғана пайда болып қоймастан, сол субъектінің өзі де осы еңбекте кемелденеді. Еңбектенуден адам қабілеті дамиды, оның мінезі тұрақтанады. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді. Еңбектік қызметтің психологиялық ерекшеліктері ең алдымен оның қоғамдық пайдалы өнім жасауға бағытталған іс-әрекет болуында. Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі - оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында.
Еңбек желісінде тек еңбек құралдары ғана емес, адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мәнге ие. Адам еңбегінде түрткілері де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке бағытталған субъектив қатынасы санада бейнеленетін объектив қоғамдық қатынастарға тәуелді. Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, наным-сеніміне, мақсат-мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу-келмеуіне қарай әр түрлі болады. Әдетте, еңбек адамның қалыпты қажеттігі. Еңбек ету - өзінді іс-әрекетте көрсете білу.
Еңбек үстінде бала өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т. б. ) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде мектеп жасына дейінгі баланың өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шындала түседі.
Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюда да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі - еңбек процесінің нақты көріністері. Баланың жасы өскен сайын, еңбек дағдылары да қатая түседі, оның шеңбері кеңіп, мазмұны тереңдейді.
1. 2 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі кезеңде қолдану ерекшелігі
Тиісті әдебиеттерде «технология» ұғымын өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс деп түсіндіреді. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады [11] .
Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т. б. ) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады. Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды. Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz