Жай сөйлем синтаксисі



Кіріспе
Жай сөйлем синтаксисі
Негізгі бөлім
2.1. Сөйлем мүшелері
2.2. Бастауыш
2.3. Баяндауыш
2.4. Толықтауыш
2.5. Анықтауыш
2.6. Пысықтауыш
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Сөйлемдер синтаксистік мағынаны білдіреді. Синтаксистік мағына сөйлемнің кұрамына енген сөздердің функциялық қатынасынан туады.
Мысалы, субъект пен іс-әрекеттің қатынасын бастауыш-баяндауыш мүшелер қатынасқан сөйлем білдіреді. Ал егер «субъект — іс-әрекет, іс құралы» болып кұралған пікірді білдіру үшін сейлем «бастауыш—толықтауыш—баяндауыш» болып кұралар еді. Сонымен пікірдің құрамына сай сөйлемнің кұрылысында да тиісті синтаксистік единицалар болады. Ол — сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері — сөйлем кұрамында қалыптасқан функциялық қатынастың компоненті. Сөйлем мушелері ретінде толық мағыналы сөздер жүмсалады. Машина көпіде тоқтады. Оспан өзеннен келді. Ол жолмен жүрді.
Осы үш сөйлемдегі сөздер- бірыңғай қатынаста тұр. Машина, Оспан, Ол — бастауыш ретінде тоқтады, кеді жүрді деген сөздермен функциялық қатынасқа түсіп тұр. Бірінші топ сөздердің бастауыш кызметі тоқтады, келді, жүрді деген сөздердің баяндауыш қызметіне байланысты. Сонымен, бұл екі топ сөздердің синтаксистік қызметі олардың өзара предикативтік қатынасына байланысты, сол предикативтік қатынастың компоненті болуына байланысты. Предикативтік қатынастың бір компоненті — бастауыш, екінші компоненті — баяндауыш.
Ал көпірге, өзеннен, жолмен деген сөздер (мекен — предикат) болып кұралған қатынастың компоненті. Бұл қатынастың мекенді білдіретін компонентін пысықтауыш деп атаймыз.

Бастауыш мүшелерге түрлі-турлі анықтама беріліп жүр. Әр анықтама бұл мүшеге тән белгілерді танудағы ізденісті байқатады.
1953 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» бастауыш мүшені былай анықтаған:
«Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз» .
Мектеп оқулығы беріп жүрген анықтама мынадай: «Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз». Осы анықтамалар бастауыштың негізгі белгілерін дұрыс атайды. Ол белгілер мынандай:
1. Ә. Балақаев, Қордаев «Қазіргі қазақ тілі»
2. Ш. Бектұров , М . Серғалиев «Қазақ тілі»
3. С .Исаев «Қазақ тілі»
4. М Қораев «Қазақ тілі»

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлемдер синтаксистік мағынаны білдіреді. Синтаксистік мағына
сөйлемнің кұрамына енген сөздердің функциялық қатынасынан туады.
Мысалы, субъект пен іс-әрекеттің қатынасын бастауыш-баяндауыш мүшелер
қатынасқан сөйлем білдіреді. Ал егер субъект — іс-әрекет, іс құралы болып
кұралған пікірді білдіру үшін сейлем бастауыш—толықтауыш—баяндауыш болып
кұралар еді. Сонымен пікірдің құрамына сай сөйлемнің кұрылысында да тиісті
синтаксистік единицалар болады. Ол — сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері —
сөйлем кұрамында қалыптасқан функциялық қатынастың компоненті. Сөйлем
мушелері ретінде толық мағыналы сөздер жүмсалады. Машина көпіде тоқтады.
Оспан өзеннен келді. Ол жолмен жүрді.
Осы үш сөйлемдегі сөздер- бірыңғай қатынаста тұр. Машина, Оспан, Ол —
бастауыш ретінде тоқтады, кеді жүрді деген сөздермен функциялық қатынасқа
түсіп тұр. Бірінші топ сөздердің бастауыш кызметі тоқтады, келді, жүрді
деген сөздердің баяндауыш қызметіне байланысты. Сонымен, бұл екі топ
сөздердің синтаксистік қызметі олардың өзара предикативтік қатынасына
байланысты, сол предикативтік қатынастың компоненті болуына байланысты.
Предикативтік қатынастың бір компоненті — бастауыш, екінші компоненті
— баяндауыш.
Ал көпірге, өзеннен, жолмен деген сөздер (мекен — предикат) болып
кұралған қатынастың компоненті. Бұл қатынастың мекенді білдіретін
компонентін пысықтауыш деп атаймыз.

Бастауыш мүшелерге түрлі-турлі анықтама беріліп жүр. Әр анықтама бұл
мүшеге тән белгілерді танудағы ізденісті байқатады.
1953 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілі бастауыш мүшені былай анықтаған:
Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған
қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз .
Мектеп оқулығы беріп жүрген анықтама мынадай: Сөйлемде атау септігінде
тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз. Осы
анықтамалар бастауыштың негізгі белгілерін дұрыс атайды. Ол белгілер
мынандай:
1) Бастауыш сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін
білдіреді, ол — субъектіні білдіретін мүше. Субъектіні атау, соны білдіру
бастауыш мүшенің ең бастапқы, әрі қазіргі негізгі қызметі. Бірақ сөзді түр-
лендіру, сөйлемнің катынас құралы ретінде мүмкіншілігін кеңейту үстінде
бастауыш мүше ылғи субъектінің тілдік баламасы болып келе бермейді.
Бастауыш мүше кейде тек сөйлемнің структуралық құрылысының негізі болып
қана жұмсалатыны бар: Менің анда-санда ән айтатыным да болатын. Мұнара тік
қойылды.
Стильдік, структуралық талап қажет еткен жайда субъект басқа сөйлем
мүшелері арқылы да білдіріледі.
Екеуің боп осыған көндіріңдер. Оспанның мені састырғаны бар.
Бастауыш баяндауышпен синтакспстік байланысқа түсіп, предикативтік
катынаска негіз болатын мүшенің бірі.
Бастауыш — грамматикалық бітімі жағынан бас-қа сөйлем мушелерінен тәуелсіз
мүше.

Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш
дейміз. Баяндауыш — грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты
мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыш бойьнан
табылады.
Сөздің баяндауыш қызметі ен алдымен оның предикативтік қатынасынан
көрінеді. Мысалы: Кісі кеше келген — Кеше келген кісі (осында отыр).
Қелген бірінші сөйлемде баяндауыш ретінде жұмсалып тұрса, екінші сөйлемде
— анықтауыш.
Сөздің баяндауыштық қызметін анық танытатын аффикстер бар. Ол — жіктік
жалғаулар.

Мен көрдім Мен кезекшімік
Сен көрдің Сен кезекшісің
Ол көрді Ол кезекші

Жіктік жалғау қатыспаған жағдайда сөздің баяндауыштық қызметін тануға
контекст, позициясы жәрдемші болады.
Баяндауыш ретінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің
семантикасы жағынан осы қызметке ең бейім сөздер — етістіктер. Осы
ыңғайлығы және жұмсалуы арқылы етістіктер предпкативтік құрауға қатысатын
формаларды (шак, жак, модальдық т. т.) өзінің морфологиялық тұлғасы етіп
алған.
Көбіне баяндауыш кызметінде дыкі, ныкі, -тықі жұрнақтарын
жалғаған сөздер жұмсалады: Із арбанікі.
Баяндауыштар құрамы жағынан дара, күрделі болып кслсді.
Баяндауыш мушелердің формсымен осы қызметке тартылатын сөздердің
морфологиялық формасының ара қатынсы өте күрделі , олар тең түсе
бермейді.
Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып , істің,
сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесін толықтауыш дейміз.
Мысалы: Ол күректі алды. Мен осы үйірмеге мүшемін.
Толыктауыш мүшелерді екіге бөліп қараймыз. Тура толықтауыштар іс-
қимылдың әрекетіне түскен объект ретіндегі затты атайды. Бұл сөйлем
мүшесі сабақты етістіктерге қатысып, онымен негізінде табыс септігі фор-
масында байланысады.
Жанама толықтаулыш табыстан басқа септіктегі есімдерден жасалып іс
әрекетке катысты заттарды атайды: ағасына жақындады, қаламмен жазды.
Тура толықтауыштар сөйлемде екі формада көрінеді — табыс септік
формасы мен атау септік формасында.
Тура толықтауыш қызметіндегі сөздің формасы екі жағдайға байланысты:
1. Сөйлеушінің коммуникативтік мақсатымен, яғни
толықтауышқа логикалық екпін түсіру, түсірмеуіне бай-
ланысты. Мысалы: Бала сиыр қайырып жүр — Бала си-
ырды қайырып жүр; жолаушы су ішті — Суды жолаушы
ішті.
2. Толықтауыш болатын сөздің грамматикалық сипа-
тына байланысты.
Мына лексика-грамматикалық сипаттағы сөздер толықтауыш қызметінде тек
табыс септік формасында жүмсалады.
а) сын есім, сан есім, есімшелер, есімдіктер. Сонда сөйлескенін еске
алды.
ә) тәуелдік жалғаулы сөздер. Бірен-саран жатып қалған кемпірлер
шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты (Б. М.).
е) Жалқы есімдер. Әбдірахманды пристав дуанға алып кетті (Б. М.).
3. Контекске байланысты.
Тура толықтауыш пен басыңқы сөздің арасына сөз түссе, ол тек табыс
септікте жұмсалады. Малды қораға қамап жүр. Ол мал қамап жүр.
4. Тура толықтауышқа сілтеу есімдіктен, -ғы, -гі жүр-
нақты сын есімнен болған анықтауыштар ілесіп тұрса
толықтауыш табыс септікте жұмсалады. Сол өлеңді ай-
тып берді. Күзгі қорықты сақтап, көшпей отыр.

Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше
сөздермен байланысып, олардың турлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем
мүшелері анықтауыш деп аталады.
Көкорай шалғын адамнық тізесінен келеді (С. М.).
Анықтауыш мүше қызметінде сын есім, зат есім, сан есім, сілтеу
есімдіктер жұмсалады.
Анықтауыш мүшелер құрамы жағынан дара, күрделі, үйірлі болып үш
түрге бөлінеді.
Сын есімнен болған анықтауыштар анықталатын сөздермен қабыса байланысып,
оның түр-түсін, сынын, көлемін және басқа сапалық белгілерін білдіреді.
Күндер өтіп жатты. Сары жаз жылыстап қоңыр күзге ауысты (Т. Ә.).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Жай сөйлемді оқыту
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Пәндер