Несиенің мәні және қажеттілігі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Несиенің мәні және қажеттілігі.

Несиенің қызметтері

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономиканың дамуының ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектімен қатар мемлекетте, үкіметте, сондай - ақ жеке азаматтар да пайдаланылды. Несиенің пайда болуын өнімді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу керек. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан 2 - ші қолға өтуін білдіреді десе шынымен де осындай айырбас кезінеде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастың пайда болуын жатқызуға болады. Көбінесе несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда, бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Ібрақ бұл жерде ақшамен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынсатарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлеу қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетні саудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталының саудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты белгілейді. Несие мен сауданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды бейнелейді.

Несиенің бірнеше түрлері бар: а) банктік; ә) чектік; б) коммерциялық; в) тұтыну, г) халықаралық. Есеп - шотқа дисконтталған вексельдің құны салынады. Чектік несиеде банк қарыз сомасын ұсынады. Осы сала көлемінде клиент төлемдерді өтеу үшін чек жазып береді. Белгіленген уақыт мерзімде қарыз өтелуі қажет. Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін ұсынылады. Бұл несиені банк кәсіпорынға уақытқа мұқтаждығы үшін береді. Тұтыну несиесі - тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза орындау үшін қажет. Халықаралық несие сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайды.

Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан банктер - несие - қаржы мекемесі. Банктың негізгі қызметі тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру.

Банк жүйесіне әлемдік тәжірбие көрсеткендей ұлттық банк, басқада банк ұйымдарының түрлері және арнайы осы сала мекемелері де жатады. Сондай - ақ, коммерциялық, сақтандыру, инвестициялық топтар мен кей елдерде иптокалық банк те жатады. Аталған мекемелердің әрқайсысы өз қызметін атқарады. Ұлттық банк ақша эмиссиясымен, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен айналысып, коммерциялық және жинақтық несие резервтерін реттейді.

Коммерциялық банктер кәсіпорын мен компаниялар тұрғындардың бір бөлігін аақшалай қорларын шоғырландырып, банктің коммерциялық қысқа, орташа несие беруін жүзеге асырады. Жинақтық банкілер тұрғындардың салымдарын шоғырландырумен айналысып, өзінің қорларының денін мемлекеттік бағалы қағаздарға салады. Инвестициялық банктер бағалы қағазды салуға делдалдық жүргізіп, өнеркәсіп үшын кеңес беру қызметін жасайды.

Біздің елімізде банк жүйесіне: а) ұлттық банк те енеді. Оның мекемелері - бөлім, конторларын - барлық облыста, аймақ пен қалалар да бар. Жалпы біртекті ақша өлшемі «тенгее» негізделіп, олар біркелкі банк жүйесін құрап, резервтік жүйесі қызметін атқарады; ә) Коммерциялық банктер және жеке заңды тұлғаларға түрлі қызмет жасай отырып, келісім негізінде несие есепті де жүзеге асырады. Коммерциялық банктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар - акционерлік, кооперативтік, шетел банк капиталының қоыслуымен жеке банк де болуы мүмкін. Коммерциялық банкке салынған алғашқы капитал немесе оның бір бөлігі мемлекетке жатады. Банктің кейінгі атқаратын қызметі тәуелсіз болып, оның қызметі үшін үкімет ешқандай жауапкершілік алмайды.

Ұлттық банк ресурстарды тарту жағынан коммерцмялық банкпен бәсекелесе алмайды, себебі оның депозиттік пайызбен бойынша епті әдіс жасау мүмкіндігі төмен.

Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымға негізделген. ТМД елдерінде бұл қызмет 30 - шы жылдары жойылып, Қазақстан Республикасында 1997 - ші жылы 28 - ші сәуірден бастап «Вексельдік айналым туралы» заңын қабылдаумен енгізілді. Вексельдік айналым коммерциялық несиені жүзеге асырады, қазіргі алатын үлес салымы шамалы ғана. Кәсіпорынның тауар айналысы арқылы қызметіне вексельдік айналым бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Банкке табыс әкелген операцияны - активті (қарқынды) ; ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны - пассивті деп атаймыз. Қазіргі несие - банк жүйесіндегі мекемелер бірнеше шартты түрден құралған. Олардың өзара айырмашылығы активті және пассивті ерекшеліктермен айқындалады.

Банк ресурстарын - өз капиталы және клиенттер салымы немесе депозиттері құрайды. Банк ресурстарының көп бөлігі депозит болып табылады. Жедел депозит және талап ету депозиті бар.

Жедел депозиттер банктерде белгілі мерзімге қабылданып, сол уақыты біткен соң беріледі. Ал, талап ету бойынша депозиті салушы алғысы келгенде алуына болады. Бұл депозиттер ағымдағы есеп салымы түріне жатқызылып, салушы банктен чектік кітапшаны алады. Сол кітапшаны пайдалана отырып, салушы салым мөлшері деңгейінен кез келген сомағачек жазу құқықғына ие болады.

Аталуы

Активті (қарқынды)

операция

Пассивті (қарқынсыз) операция
Аталуы: Эмиссиялық банктер
Активті (қарқынды)операция: Мемлекет пен коммерциялық банктерге берілген қарыздар. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу.
Пассивті (қарқынсыз) операция: Банкноттарды шығару мемлекеттік бағалы қағаздарды сату
Аталуы: Коммерциялық банктер
Активті (қарқынды)операция: Қысқа және орта мерзімге қарыздарды беру. Мемлекет облигациясын сатып алу. Басқасының мүлкін басқару
Пассивті (қарқынсыз) операция: Тұрғындар мен кәсіпорынның ақшалай салымдары
Аталуы: Инвестициялық банк
Активті (қарқынды)операция: Облигация мен акцияны орналастыру (салу) . Қаржы опреациясындағы делдалдық
Пассивті (қарқынсыз) операция: Банк несиелері
Аталуы: Сақтандыру қоғамдары
Активті (қарқынды)операция: Ұзақ мерзімге қарыздарды беру. Жеке облигацияларды сатып алу
Пассивті (қарқынсыз) операция: Жеке адамдар мен кәсіпорыннан сақтандыру сыйлығы
Аталуы: Жинақ банкі
Активті (қарқынды)операция: Ұзақ мерзімге қарыздарды беру
Пассивті (қарқынсыз) операция: Тұрғындардың ақшалай салымы
Аталуы: Инвестициялық компания
Активті (қарқынды)операция: Басқаның облигациясы мен акциясын сатып алу
Пассивті (қарқынсыз) операция: Тұрғындарға өз акциясын сату
Аталуы: Зейнеткерлік қорлар
Активті (қарқынды)операция: Қарыздар. Облигация мен акцияларды сатып алу
Пассивті (қарқынсыз) операция: Жұмысшылар мен қызметкерлердің жарнасы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несиенің мәні және оның қажеттілігі
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz