Ерте заманда өмір сүрген ірі тұлға


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ерте заманда өмір сүрген ірі тұлғаның бірі Томирис

Массагеттер патшайымы парсы патшасы Кирді жеңуші тарихшы Геродоттың естелігінше Ұлы Кир, Парсы империясының негізін қалаушы, өз ажалын Томириспен соғыста тапқан. Белгілі жағдайларға байланысты бұл эпизод әділдіктің жеңіс нышаны саналып, бұл тақырыпқа байланысты суреттер сот залын әсемдеу үшін салына бастады. Бұған қоса ХҮІІ ғасырда иезуиттер қайтадан жандандырған орта ғасырлық типология Томиристің Шайтан үстінде салтианат құратын Дева Мария бейнесіне айналдырды. Томирис армиясын Кир алдап той мерекеге шақырған Томиристің ұлы басқарды.

Бұл тәсіл Парсы патшасына өз жауларының басым бөлігін жоюға мүмкіндік береді, ал бозбала мастығынан айыққаннан кейін ұяттан өзін - өзі өлтіреді. Томирис ұлының өлімі үшін қанмен кек алуға ант береді. соңғы айқаста Кир қаза болды. Мұны қанағат тұтпаған патшайым өзінің ата жауын мұқату мақсатында оның мүрдесіндегі басын кесіп алып қанға толтырылған шарап құятын местің ішіне салады. Оны Кирдің басын шашынан ұстап тұрып, қызметші әйелдің қолындағы ыдысқа салып жатқан кезіндегі суреттен көруге болады. Патша басында тәж болуы керек. Басы кесілген Кирдің денесі сауыт киген күйінде тәжсіз жерде жатыр. Томиристің басында шығысқа тән ақсүйектер (байлар) өнерінде кездесетін әсем орамды шалма болуы мүмкін. оның нөкерлері - сол дәуірдегі өнеріне сай кейде түрік киімдерін кигізіліп суреттелген. Бұл Томирис бейнесінің Батысты бір кезде тітіркендіргендігін бейнелейді.

Не дегенмен де кек алушы Томирис туралы аңыздың кейіннен кеңінен жайылғандығы соншалық, тіпті қазірдің өзінде парсы жаулап алушысының басы алынғандығы жөніндегі фактіні жоққа шығаруға тырысатын Кирді жақтаушылар да табылып қалады. Бұл жерде олар Ксенофоннтпен Фронтинге сүйенеді. олардың алғашқысы Кир туыстары арасында қайтыс болған деп жазса, ал екіншісі ол Орта Азиядағы асуы қиын таулы шатқалда қаза тапқан деп есептейді.

Орта заманда өмір сүрген тұлғаның бірі Айша бибі

Айша - бибі (ХІ - ХІІ ғғ) - Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап - ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан өю - өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі. Айша - бибінің кім екені жөнінде атадан балаға құлған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктіңбірі - сиыр малының атасы деп есептелетін атақты Зеңгі бабаның қызы еді дейді.

Сол аңыздың айтуынша, Айша - бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін - бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағадаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс - тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша - бибігі баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша - бибі Қараханның мекені тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба - әже - қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша - бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасынақосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып өлтіреді. денесін у жайлап тынысы тарап бара жатқан Айша - бибі дереу қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына «сен енді бибі болдың!»-деп үш рет айқайлапты.

Жаңа заманның беделді тұлғасының бірі Сара Алпысқызы

Жұмыр жердің бетінде ата - анасының қамқорлығынан айырылып, жастайынан жетімдіктің қамытын киген бүлдіршіндер аз ба?! Мынау жарық дүниенің тәтті дәмін татып үлгерместен тағдырдың тәлкегіне түскендердің ішінде ауруы асқанғандарды қамқорына алып, жетімдерді жебеп, панасыздарға пана болып жүрген мейірімді жандардың бірі - «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫ ЖҮЗ
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Қобыланды батыр
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары
Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz