«Қоғамдық жұмыстарға тарту»



Кіріспе
I тарау. Қылмыстық құқық бойынша жазаның ұғымы, түрлері жғне маңызы. . .

II тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының түсінігі жғне оны атқару, өтеу ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған ғдебиеттер
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза ұғымына түсініктеме берместен бұрын, жалпы жаза анықтамасына, түрлеріне сипаттама берген лғзім болып отыр.
Заңдылық пен құқықтық тғртіпке байланысты мақсат – міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның ролі едғуір, ол – заң бұзушылық қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тғртіпті жғне қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты нысаны жғне қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде жазаны бірнеше түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмыстарға тарту, ғскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамаңға алу жғне т.б.
1) ҚР Конституциясы 1995ж 30- тамыз. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 1998ж. 7 – қазан ).
2) ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 ж 16- шілде .
3) ҚР Қылмыстық – Атқару Кодексі 1997ж 13 желтоқсан.
4) ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік. Алматы. Баспа . 2001ж

1) Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті- жарғы 1999ж
2) Биятов Т. К. , Вардаев Г. Н жғне т.б авторлар ұжымы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару құқығы. Алматы . Жеті- жарғы 2002ж.
3) Алауханов Е. , Рахметов С. Жаза – практикалық оқу құралы. Алматы. ¤ркениет. 1999ж.
4) Стручков Н.А Уголовная ответсвенность и ее реализация в борьбе с преступностью. Саратов 1978ж.
5) Шмаров И. В. Преодоление отрицательных последствий отбывания уголовного наказания. Советское государство и право. 1977г
6) Антонян Ю.М Социальная среда и формирования личности преступника. Москва 1975г.
7) Каиржанов Е.И. уголовное право Республики Казахстан (Общая часть)- Алматы 1997ж.
8) Уголовно- исполнительное право. Учебник. Москва. БЕК. 1996г.
9) Чукмантов Д.С. Результат уголовного наказания должен оправдывать общественное ожидание. Мысль, 1995 г. С 25-29.
10) Багрий- Шахматов Л. В. , Гуськов В. И. Теоретические проблемы классификации уголовных наказаний, Воронеж, 1971г.
11) Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть Москва. БЕК. 1996 г.
12) Чукмаитов Д. С. Теоретические основы системы исполнения наказаний (лишения свободы и других видов) по законодательству Республики Казахстан. Алматы. 2000 г.
13) Жунусов Б. Ш. Проблемы уголовной политики (Уголовно- правовая и уголовно- исполнительная). Алматы. 1994ж.
14) Сапаргалиев Г. С. Конституционное право РК. Учебник. Алматы. Жеті- жарғы, 1998ж .
15) Нарикбаев М. С. , Юрченко Р. Н. , Алиев М. М. Актуальные вопросы приминения нового уголовного и уголовного- процессуального законодательства Республики Казахстан. Астана. 1999 г.

Єл- Фараби атындаѓы Ќазаќ ¦лттыќ Университеті

Зањ факультеті

Ќылмыстыќ ќ±ќыќ жєне криминология кафедрасы

Бітіру ж±мысы

Таќырыбы: Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту

Орындаѓан: 4 курс студенті Ќамиев А.О
Ѓылыми жетекші: з.ѓ.к оќытушы Н±рмуханбет Д.Ы

Бітіру ж±мысы ќорѓауѓа 2005ж жіберілді

Ќылмыстыќ ќ±ќыќ жєне криминология кафедрасыныњ мењгерушісі Аѓыбаев А.Н

Алматы 2005ж

Реферат

Бітіру ж±мысы Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту таќырыбына арналѓан.

Б±л ж±мыс кіріспеден, 2 тарау мен ќорытындыдан т±рады.
1.Ќылмыстыќ ќ±ќыќ бойынша жазаныњ ±ѓымы, т‰рлері жєне мањызы. Жаза дегеніміз – мемлекет атынан соттыњ ‰кімі бойынша таѓайындалатын, ќылмыс жасаѓан кінєлі деп танылѓан адамѓа ќолданылатын Ќазаќстан Республикасыныњ Ќылмыстыќ Кодексімен белгіленген мемлекеттік мєжб‰рлеу шарасы болып табылады.
Жазаныњ келесі т‰рлері бар:
айыпп±л тµлеу;
бас – бостандыѓын шектеу;
бас – бостандыѓынан айыру;
ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту;
µлім жазасы;
т‰зеу ж±мыстары;
єскери ќызмет бойынша шектеу;
ќамау;
белгілі бір лауазым атќару немесе белгілі бір ќызметпен айналысу ќ±ќыѓынан айыру;
тєртіптік єскери бµлімде ±стау;
Ќылмыстыќ жаза мемлекттік к‰штеу шараларыныњ бірі болып табылады жєне ол мемлекеттіњ ќылмыспен ќарсы к‰рес ж‰ргізу ќ±ралдарыныњ бірі ретінде ќолданылады. Мемлекет ќылмысќа ќарсы к‰рес ж‰ргізуде єр т‰рлі ±йымдастырушылыќ, тєрбиелік, экономикалыќ, рухани шаралардыњ барлыќ т‰рін кењінен ќолданады, сµйтіп ќылмыстан саќтандыру мєселелеріне ерекше кµњіл бµледі.
2.Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту жазасыныњ т‰сінігі жєне оны атќару, µтеу ерекшеліктері. Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту деп жергілікті ‰кімет органдары белгілеген ж±мыстарды сотталѓан адамныњ ќоѓамныњ пайдасына тегін істеуі айтылады. Сотталѓан адамдардыњ істейтін ќоѓамдыќ ж±мыстарыныњ тізбегі жергілікті ‰кімет немесе жергілікті µзін µзі басќару органдары арќылы белгіленеді. Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту т‰ріндегі жазаны сотталушыныњ т±рѓылыќты жері бойынша ќылмыстыќ – атќару инспекциясыныњ келісімімен жергілікті атќару органдары немесе жергілікті µзін µзі басќару органдары белгілейтін объектілерде ќылмыстыќ атќару инспекциясы атќарады. Бітіру ж±мысында бірнеше арнайы терминдер ќолданылды: мемлекет, жаза, ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту, ќ±ќыќ жєне зањ, Кодекс, жаза таѓайындау жєне т.б.

МАЗМ¦НЫ

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

I тарау. Ќылмыстыќ ќ±ќыќ бойынша жазаныњ ±ѓымы, т‰рлері жєне мањызы_ _ _

II тарау. Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту жазасыныњ т‰сінігі жєне оны атќару, µтеу ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Ќорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Ќолданылѓан єдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Кіріспе
Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту т‰ріндегі жаза ±ѓымына т‰сініктеме берместен б±рын, жалпы жаза аныќтамасына, т‰рлеріне сипаттама берген лєзім болып отыр.
Зањдылыќ пен ќ±ќыќтыќ тєртіпке байланысты маќсат – міндеттерді шешуде мемлекетіміздіњ ќ±ќыќтыќ ж‰йесініњ бір тармаѓы болып табылатын ќылмыстыќ зањныњ ролі едєуір, ол – зањ б±зушылыќ ќылмыс сияќты аса ќауіпті т‰рімен к‰ресуге баѓытталѓан. Жаза – мемлекет ќолындаѓы мањызды ќ±рал, ол арќылы мемлекет адамды, оныњ ќ±ќыѓын, бостандыѓын, зањды м‰ддесін, меншікті, ±йымдардыњ ќ±ќыќтары мен зањды м‰дделерін, ќоѓамдыќ тєртіпті жєне ќауіпсіздікті, ќоршаѓан ортаны, конституциялыќ ќ±рылысты, еліміздіњ аумаќтыќ б‰тіндігін, ќоѓам мен мемлекеттіњ зањмен ќорѓалатын м‰дделерін, адамзаттыњ бейбіт µмірі мен ќауіпсіздігін ќылмыстыќ ќастандыќтан ќорѓайды. Ол ќылмыстыќ жауаптылыќты ж‰зеге асырудыњ басты нысаны жєне ќылмыскерліктіњ алдын алу шараларыныњ бірі болып табылады. Ќазаќстан Республикасыныњ Ќылмыстыќ Кодексінде жазаны бірнеше т‰рлері ќарастырылѓан, олар: ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту, єскери ќызмет бойынша шектеу, бас бостандыѓын шектеу, ќамањѓа алу жєне т.б. Б±л жазаларды ќолдану бас бостандыѓынан айыру сияќты жазалардыњ азаюына, ал µмір бойы бас бостандыѓынан айыру - µлім жазасын ќолдануды азайтуѓа себеп болады. Єр т‰рлі жазаны д±рыс ќолдану ‰шін Ќазаќстан Республикасыныњ Ќылмыстыќ Кодексінде кµрсетілгендей белгіленген жазалардыњ єрбір т‰рініњ мазм±нын, негіздемесін жєне ќолдану ретін т‰сіну ќажет. Жаза таѓайындау мемлекеттік органныњ маѓызды да жауапты міндеті, себебі жаза таѓайындау арќылы ѓана ќылмыс жасаѓан адамныњ єрекетіне ќорытынды баѓа беріледі. Ќоѓамдыќ ж±мыстар Ќазаќстан Республикасыныњ Ќылмыстыќ Кодексі белгілеген жазаныњ жања т‰рі болып табылады, ол Ќазаќ ССР-ніњ б±рынѓы Ќылмыстыќ Зањында жоќ еді.
Ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту деп жергілікті ‰кімет органдары белгілеген ж±мыстарды сотталѓан адамныњ ќоѓамныњ пайдасына тегін істеуі айтылады. Жазаныњ б±л т‰рі негізгі жаза ретінде Ќылмыстыќ Кодекстіњ ерекше бµліміндегі баптардыњ санкцияларында тікелей кµрсетілген жаѓдайларда ѓана ќолданылады.
Жаза мен ќоѓамдыќ ж±мыстарѓа тарту т‰рінде жаза жєне басќа да мєселелер осы бітіру ж±мысында ќарастырылады.

II тарау. Қылмыстық құқық бойынша жазаның ұғымы, түрлері және маңызы.
Қылмыс жасаған адамға, оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін және жеткілікті шара ретінде жаза тағайындалады.
Қылмыстың заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді. Осының нәтижесінде жазаның қолданылу мақсаты туындайды, ол – адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты жәнеҚазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау болып табылады.
Қылмыстық жаза қылмыс жасаған адамға деген мемлекеттің мәжбүрі. Ал қылмыскердің өзіне жаза деген оның жасаған қылмысына қылмыстық – құқықтық салдар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16 – шілдеде қабылданған Қылмыстық Кодексінде жаза туралы мәселе көрініс тауып отыр. ҚР Қылмыстық Кодексінің 38 – бабына сәйкес: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот қана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік Мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады. Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол республиканың барлық аумағында орындалуға тиіс.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған - туысқандарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айыратын белгілері – олардың артында мемлекеттік емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты ұғым. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр – жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және басқа да мән – жайларға байланысты.
Бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай деп жазды: Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру. И.И.Карпец пен А.Н.Тарбагаевтың еңбектінде де осындай пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Мемлекеттік Мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді. Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза – қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады. Онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады. Сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолданудан ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуі мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігінің, олардың құқылы сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңды көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық – құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық – құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық Кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындалады. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық Кодекстің 38 – бабына жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде – біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану – тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұнда қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешілігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан – ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан – ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза кінәлі түрде істеген іс - әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті, - делінген. Сондай-ақ әрбір істелінген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылы жауапкершілікке тартумен де ұштастыруы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлект атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК – тің 2 - бабы). Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңды белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін. Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі – арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады. Жазаның мақсаты ҚК – тің 38-бабында былай көрсетілген: Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Яғни жазаның мақсаты:
1) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
2) сотталғанды түзеу;
3) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
4) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс. Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру – жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсысында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауы тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады. Ал жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек қана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес. Жаза қолданғанда адамдар әділеттілікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты – сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы адамгершілік сипаты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз – адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру, жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қаситтерден оның арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда болмаған әлеуметтік – пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды, оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаны орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы жаққа қарай өзгерсе – түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.
Түзету процесі алдын ала тергеу кезеңінен басталады, бірақ сот мәжілісі кезінде белсендірек жүргізеді. Содан кейін, жазаның нақты түрі тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің әртүрлі тәсілін, әдісін және жолын қарастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу әдістері де, қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай қолданылуы тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасынөтегенде сол жазаны өтеу режимі, қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері қарастырылған. Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ол өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін емес. Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте қатаң немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі, жазықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты – арнайы сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да – сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау.
Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады. Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір А.И.Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні – қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс жасауына жол бермеуде және бұл мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады. Ал, И.И.Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскердің қылмыс жасау айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау; зәресін алу.
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады. Қылмыстық заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда тиісті режим сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан дос-жарандарынаноқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды, жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды. Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтынын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасалған қылмыс үшін заңда қатаң жаза қарастырылмаған (ҚК – тің 54-бабының 1-тармағы, а тармақшасы). Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді. Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.
Сонымен қылмыстан арнайы сақтандырудағы мақсат сотталған адамды түзеу мақсатымен тығыз байланысты. Ал қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы – мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниетпен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында; үшіншіден - тағайындалған орындалу процесінде, - деп жазады М.Д. Шаргородский. С.В.Полубенская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірде қамтылады. Бірақ бұл сол мақсаттардың бәріне бірдей қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібі тарту түріндегі орындау тәртібі
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі
Жазаның мақсаттары мынадай
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығынан айыру жазасынын мазмұнын ашу
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар - қылмыстық құқықтың өзегі
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері
Пәндер