Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін талдауды негіздеу



Кіріспе ... ... ... ... ... .. 3.6

1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы ... ... ... 7.11

1.1 «Ұшқан ұя» повесі . шығармашылық өмірбаян негізі ... ... ... 12.20
1.2 «Москва үшін шайқас», жазылу тарихы ... ... .. 21.39

2 Әңгімелері, публистикалық шығармаларының стильдік ерекшелігі ... ... ... ... ... 40.49

2.1 Бауыржан Момышұлы . тәуелсіздік идеяларының ұйытқысы ... ... ... 50.60

Қорытынды ... ... ... .. 61.65

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... 66.68
«Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б].
1. Бауыржан Момышұлы. Қанмен жазылған кітап. – Алматы: Жазушы, 2000ж.
2. Бауыржан Момышұлы. Москва үшін шайқас. – Алматы: Жазушы, 2004ж.
3. «Ақжол» газет. 2006ж. 23 желтоқсан, 4б.
4. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. -142-153б.
5. Нұршайықов Ә.Автопортрет. – Алматы: Жалын, 1999.
6. НұршайықовӘ. Ақиқат пен аңыз. –Алматы: Жазушы, 1976.-384 б
7. Елеукенов Ш. Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы // Қазақ әдебиет, 1992, желтоқсан, -4 б.
8. Кәкішев Т. Шынайы өмір жыршысы // Қазақ әдебиеті, 1992. желтоқсан, -5 б.
9. Нұршайықов Ә. Оқырмандардан келген жеті хат // Қазақ әдебиеті. 2000. 23 қараша, 6-7 б.
10. Ахметов З. Ерлік пен елдік бейнесі // Қазақстан пионері. 1987. мамыр, 3 б.
11. Ахметова З. Шуақты күндер. –Алматы: Жалын, 1994. -176 б.
12. Нұршайықов Ә. Таңдамалы: екі томдық. –Алматы: Жазушы, 1980.
13. Нұршайықов Ә. Шығармалар жинағы: 4 томдық. –Алматы: Жазушы, 2002.
14. Әлімбаев М. Қалам қайраты. –Алматы: Жазушы, 1976.
15. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. –Алматы: Жазушы, 1977. -299 б.
16. Ерлік пен еңбек дастаны. –Алматы: Мектеп, 1984. -192 б.
17. Майдан әңгімелері. / Құрастырған Байтанов. –Алматы: Жазушы, 1970.
18. Бердібаев Р. Биік парыз. –Алматы: Жазушы, 1980. -240 б.
19. Қаратаев М. Шеберлік шыңы. –Алматы: Қаз.көрк.әдеб.басп. 1963. -420 б.
20. Әдібаев Х. Талант, толғам, тағдыр. –Алматы: Жазушы, 1971. -256 б.
21. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. –Алматы: Білім, 1998. -224 б.
22. Базарбаев М. Нарымбетов Ә. Қаһарлы күндер әдебиеті. –Алматы: Қазақстан, 1968. -112 б.
23. Омаров І. Әдеби толғамдар. –Алматы: Жазушы, 1988. -400 б.
24. Момышұлы Бақытжан. Звезда брата. –Алматы: Кәусар бұлақ, 1996. -28 б.
25. Момышұлы Бақытжан. Во имя отца. –Алматы: Ғылым, 1991. -80 б.
26. Момышұлы Бақытжан. Восхождение к отцу. –Алматы: Жалын, 1986.
27. Ыбраев Ж. Майдан жыры мен сыры. –Алматы: Қазақстан, 1993. -224 б.
28. Жұматаев Еңлік. Ерлік – елдік туы. –Шымкент: -1998. -76б.
29. Бек А. Арпалыс / аударған – Құрманбек Сағындықов. –Алматы: Қаз.мем.көрк.әдеб.басп., 1959.
30. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. –Алматы: Жазушы, 1981. -72 б.
31. Кривицкий А. Кітап беттерінен. –Москва: Советский писатель, 1986. 184 б.
32. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. –Алматы: Жазушы, 1975. -384 б.
33. Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. –Алматы: Қаз.мем.көрк.әдеб.басп. 1964. -374 б.
34. Жолдасбеков М. Бауыржан туралы сөз // Ақ жол, 2003. желтоқсан. -2 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 3-6

1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық
лабораториясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7-11

1.1 Ұшқан ұя повесі – шығармашылық өмірбаян негізі ... ... ... 12-20
1.2 Москва үшін шайқас, жазылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... 21-39

2 Әңгімелері, публистикалық шығармаларының
стильдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 40-49

2.1 Бауыржан Момышұлы – тәуелсіздік идеяларының
ұйытқысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 50-60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 61-65

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66-68

К і р і с п е
Тақырыптың өзектілігі:
Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына
қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң
кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын
ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа
ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының
бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі –
батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі
қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан
ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге
теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби
творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа
да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық,
жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен
бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір
туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар
қатынасы бар [1; 84 б].
Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын –
жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер
көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы
жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі
етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды.
Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік,
батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын,
прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді.
Жазушы Александр Кривицкий Москва түбіндегі қарауыл повесін
панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған
болатын.
Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме
шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты
бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери
қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын
жасайды.
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия
командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма –
бұнымен ғана шектелмейді.
Баукеңнің айбынды бейнесі сомдалған көркем шығармалардың қатарында
Д.Снегиннің Шалғай шептерде және Шабуылда, Александр Бектің Арпалыс,
М.Ғабдулиннің Менің майдандас достарым, Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен
аңыз, Зейнеп Ахметованың Шуақты күндер тағы басқа шығармаларды атауға
болады.
Бұл көркем туындылардың қай-қайсысын алып қарасақ та, Баукең өзінің
нақты тұлғасымен, ерлік іс-әрекетімен, терең ой –мүддесімен, айрықша мінез-
құлқымен ерекшеленеді. Аталған шығармалардың кез-келгенінде Бауыржан
образының соншалықты жанды, әсерлі, ақиқат нанымды болып шығуының үлкен
себебі бар. Ол – Бауыржанның осы туындыларға кейіпкерлік қана емес,
авторлыққа бара-бар қатынасы.
Мысалы, Александр Бектің Арпалысын алып қарайық. Бек бұл кітабын
жазудан бұрын майданда болып, Бауыржан қатынасқан көп оқиғаларды өз көзімен
өткерген, майдан өмірін әбден зерттеп, соғыс шындығынан тікелей әсер
алған, ең бастысы, өзінің сүйікті кейіпкері Бауыржанның жинаған материалын,
бақылауларын, әсерлерін молынан қорытып, іске асырған. Кейін Бауыржанның
өзі жазған мемуарларды сол Арпалыстың жалғасы сияқты әсер етеді.
Сол Бауыржан кейіннен өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын
көрсетті. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада да Баукең ауыз толтырып
айтарлық құнарлы жемістер берді. Ол ұлттық прозамыздағы саяси, әскери
тақырыпты биік идеялық-көркемдік тұғырға көтеруші М.Ғабдулин, Ә.Шәріпов,
Қ.Қайсенов сияқты майдангер қаламгерлердің алдынғы легінде болды. Соғыс
сұрапылы мен адам психологиясын деректі нақтылық, алуын сырлы сезім
нанымдылығымен суреттеуде дара дәстүр сілемдерін қалдырды, озық шеберлік
үлгілерін көрсетті [2; 4 б].
Баукеңнің қаламынан туған Ұшқан ұя, Москва үшін шайқас, Куба
әскерлері сияқты көлемді туындылары мен Ана әмірі, Грицкомның сағаты,
Көк төмпеш, Сезікті қыз, Өлтір оны, Хат тағы басқа әңгімелері,
көптеген публицистикалық мақалалары оқырман қауымның сүйікті туындыларына
айналғангы даусыз.
Халық жүрегінен ерлік бейнесімен, әрі жазушылық қырымен орын алған
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларына деген қызығушылық бізге диплом
жұмысымыздың тақырыбын Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы
деп таңдап алуымызға себеп болды [3; 325 б].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Б.Момышұлының шығармашылық лабораториясына зер сала отырып, жазушы
шеберлігін көрсету; қымбат қасиет, сирек сипаттың бәрі бір бойына жиналған
біртуар азамат ұлдарымыздың бірі – Бауыржан Момышұлының қаламынан туған
көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін,
ондағы көркем бейнелер галереясын талдауды негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- қазақ әдебиетінің даму сипаттары аясында Бауыржан Момышұлының
қаламынан туған көркем шығармалары жүйеленіп, ерекшеліктері анықталды.
- Бауыржан Момышұлы мұраларының көркемдік-эстетикалық құндылықтары
ғылыми тұрғыда сараланды.
- Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны дәйектелді.
Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен
әдістемелік негізіне белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері
мен мақалалары басшылыққа алынды. Сөйте отырып дипломшы тарапынан өзіндік
ой қорыту, салыстыру жұмыстарын жүргізу де диплом жұмысының негізгі
нысанасы болып табылады. Диплом жұмысының корытындылары мен тұжырымдарын
жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын
факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.
Диплом жұмысын зерттеу әдістері: Материалдар қорын жинау, өңдеу,
талқылау; көркем бейнелердің жасалу ерекшелігін талдау; автордың әңгімелері
мен публицистикалық шығармаларының стильдік ерекшелігін көрсету.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеу
әдістері сөз болады. Негізгі тарауларда Б.Момышұлының қаламынан туған
көркем туындыларына әдеби тұрғыда талдау жасалынды.
Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымдалды.
1.1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

Ұзақ тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттық
мақтанышына айналған даналар аз болмаған. Қымбат қасиет, сирек сипаттың
бәрі бір бойына жиналған сондай біртуар азамат ұлдарымыздың бірі – Бауыржан
Момышұлы.
Сұрапыл соғыстың отты жылдарында ерлігі мен даңқы асқан жас қазақ
офицерінің атын жеңістер шежіресінің алғашқы беті жазылмай жатып-ақ, жарық
жалған естіп-біліп, жалпақ далаға жария қылған еді. Аты аңызға айналған
Бауыржаннның батырлығы мен батылдығына жұрт түгел таң қалған-ды. Қай
майданда қайсар сарбаз да, қайсар сардар да аз болмаған. Бірақ қатардағы
батальон командирінің қайсар ақылына көрген де, естіген де бірдей таңдай
қатты.
Сол қаһарлы жылдары жас қазақ ақынның жан-жүрегін жарып шыққан:
Жатса да алыс
Алабұртып қан майдан,
Есіміңді есітеміз
Шалғайдан:
Сен сүйетін
Сарыарқаның самалы,
Жетісуда
Сені тосып сарғайған
Құлдық! – дейміз
батыр деген даңқыңа.
Сені туған
Қалық қазақ халқыңа:
Қуанамыз
ерлігіңе, ағажан
Дақ салмаған
Дана баба даңқыңа,-
деген жалынды шумақтары көптеген ұлттар мен мемлекеттердің ең дуалы
ауыздары алуан тілде шын көңілден қостаған ерлік дастанына жалғасты.
Даңқы шығып, аты аңызға айналған Бауыржан жайлы қалам тербеп оның
бойындағы айрықша қасиеттерін көркем тілмен кестелеп бере білген, оны
көркем шығармасының сүйікті кейіпкеріне айналдырған қаламгерлер кемде-кем
десек артық айтқанымыз емес.
Оған Кривицкийдің Москва түбіндегі қарауыл, Д.Снегиннің Шектерде
және Шабуылда, Александр Бектің Арпалыс, М.Ғабдулиннің Менің
майдандас достарым, Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз, Зейнеп Ахметованың
Шуақты күндер тағы басқа шығармалар дәлел болады. Дегенмен, осы саладағы
еңбектердің алғашқысы, әрі сүбелісі Александр Бектің Арпалыс атты
туындысы болатын. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі оқырмандар әлемінің негізгі
тілдерінің бәріне дерлік аударылып, миллиондаған тиражбен басылып шыққан
бұл кітапты оқу арқылы бір Бауыржанды ғана танып қоймай, бүкіл қазақ
халқының ерлік сипатын, дархан мінезін тани түсті. Оқып қана қойған жоқ,
екі көзі оттай жанған, алмас қылыштай жарқылдаған жас құдіреттің жас қазақ
офицерінің сымбатына қызыға қарады [4; 142б].
1943 жылы Знамяжурналының бесінші санында Александр Бектің
Панфиловшылар алғы шепте деген повесінің басы жарияланды. Қан майданда оқ
пен оттың арасында жүрген әрбір жауынгер осы шығарманы күндіз шабуыл
саябырсығанда күннің жарығымен, түнде айдың сәулесімен оқыды. Тіптен
Панфиловшылардың ерлік істеріне сүйсінген жауынгерлердің кейбірі түнде
зеңбіректің қасына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен оқыды. Бұған
алыстан дәлел іздемей – ақ жауынгер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың
естеліктері мысал болады.
Бұл шығарма жауынгерлердің жүрегіне оқ жақты, рух берді, бойына
ерліктің дәнін септі. Әлемге танымал бұл еңбегінде Александр Бек
Бауыржанның атын шығарса, Бауыржан Александр Бектің атын шығарды. Оқырман
қауымның сүйіспеншілігіне бөленген осы туындыда автор Бауыржанның өз
тұлғасын тамаша сомдап шықты [4; 6-7 б].
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия
командиріне жеткен атақты гвардеец Бауыржан Момышұлын білмейтін жері жоқ
десек асырып айтқан болмаймыз. Жақсылық жатпайды. Ұлы Отан соғысы аяқталмай
тұрған кездің өзінде-ақ батальон командирі Бауыржанның даңқы жер жарды. Аты
жөнін сырттан естіген өзіміз халқымыздың қаһарман ұлының кескіні мен
келбетін бір көруге құштар болдық. Кейін Александр Бектің Арпалыс атты
кітабын оқығанда, Бауыржанның өзін көргендей, тіпті көп жыл таныс, сырлас
болғандай әсер алдық. Шындықты айтқан шынайы көркем шығармаға не жетсін.
Арпалысты мен әсіресе нағыз шындығы үшін, Бауыржанның бейнесін айнытпай,
бұлжытпай жарқын түсіргені үшін жақсы көрдім,-деп жазды М.Қаратаев.
Халық жүрегінен ерлік бейнесімен орын алған сол Бауыржан кейіннен
өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын жарқыратып көрсетті. Ол
оның жазушылық қызметі.
Соғыс жылдарының әйгілі батыры бейбіт замандағы жазушылық сапарында да
ірі ерліктер жасады.Ол ұлттық прозамыздағы саяси,әскери тақырыпты биік
идеялық-көркемдік тұғырға көтеруші.
М.Ғабдуллин, Шәріпов, Қ.Қайсенов, Т.Жангелдин, Қошқарбаев сияқты
майдангер қаламгерлердің алдыңғы легінде болды.Соғыс сұрапылы мен адам
психологиясы деректі нақтылық, алуан сырлы сезім нанымдылығымен суреттеуде
дара дәстүр сілемдерін қалдырды, озық шеберлік үлгілнрін көрсетті [5; 68
б].
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының Мыңбұлақ
ауылынды дүниеге келді. Аз сөйлеп, көп түйетін, бабы келсе, даналық нақыл
сөздерді ақтарыла айтып салатын ойшыл әкесі Момыштың 53 жасында көрген
жалғыз ұлы екен. 1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектеп-интернатты
бітірген Момышұлы мұғалім, аудандық атқару комитетінің хатшысы, милиция
бастығы қызметтерін атқарды. 1932 жылы әскери міндетін өтеуге алынып, бір
жарым жылдан кейін запастағы командир болып оралған Бауыржан Шымкент пен
Алматының өнеркәсіп банктерінде, экономистік жұмыстарында жүреді. Арасында
Ленинградтағы финанс академиясының жанындағы арнайы курсты үздік бітірді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта шақылырған Бауыржан Момышұлы соғыс
жылдарында взвод командирінен гвардиялық дивизия командирі дәрежесіне
көтерілді. Соғыстан кейінгі жылдары бас штаб академиясындағы оқуын аяқтаған
гвардия полковнигі 1956 жылға дейін әскери академиялардың бірінде дәріс
оқиды, ғылыми – педогогтік еңбекпен айналысады.
Әскер қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер жазған Бауыржанның ақын жанды
адам екендігі, туған елін, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы көретіні,
айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен қарайтыны, ақын
жүрегімен тебіренетіні анық байқалады. Әйткенмен әдебиет саласында
жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі жылдар. Мұнда
ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын. Оның бойындағы
творчестволық таланты кең қанат жайған кезі де осы уақыттан бастап.
Жауынгерлік еңбегі, қаһармандығы үшін Қызыл ту, І-дәрежелі Отан соғысы,
Қызыл жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған, Александр
Бектің повесіндегі негізгі батыр кейіпкерге айналған Б.Момышұлы
творчестволық еңбегі үшін 1958 жылы құрмет белгісі орденімен наградталып,
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды, Еңбек қызыл ту, Халықтар
достығы ордендерін алды.
Баукеңнің Ерлік пен жеңіс үшін деген мақаласы 1942 жылғы жиырма
төртінші қыркүйекте Социалистік Қазақстан газетінде басылуына қарағанда,
болашақ батыр жазушының қиялын тербеген ой ертеден бүршік жарған сияқты.
Ә.Нұршаықовтың әңгімесінде өзі соғыс кезінде жүргізіп, кейіннен қызғыштай
қоритын он үш күнделік дәптерін көрсететін Бауыржан Момышұлы әдеби
шығармаларына алынатын сарқылмас деректі оқиғалар мен бұлжымас фактілердің
қайнар көзіне мегзейді. Сол отты дәуірде жан лапылын өлең жолдарына
айналдырып көрген ер көңіл, шешен, жас командир өз ойынан шығарған тапқыр,
тақпақ сөздердің түп-тарихы туралы: Мақал-мәтел-өмір тәжірибесі. Қиналған,
қысылған сәттерің мен шақтарың бар, сол қысылшаң кезден құтылғаныңды
ойыңмен өрнектеп, сөзбен кестелесең, нақылға айналады... Қарамағымдағы
жауынгерлер маған тек бағынышты ғана болған жоқ. Олардың ішінде
ақылгөйлері де көп болды. Кейде солардың ауыздарынан маржандай асыл сөздер
атқылап жатады. Мен елден естігенімді ойменен елеп, екшей бердім.
Екшегенімді ерінбей қағазға түсірдім,-деген екен(6.299 б).
Бауыржан жаратылысынан ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың,
үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік өнерінде қандай көрінсе,
жазушылың өнерінде де сондай көрініп отырды. Бұған Баукеңнің қаламынан
туған Ұшқан ұя, Куба жерлері, Москва үшін шайқас сияқты көлемді
туындылары мен Ана жері, Грицконың сағаты, Көк төмпеш, Сезікті қыз,
Өлтір оны, Хат, тағы басқа әңгімелері, көптеген публицистикалық
мақалалары дәлел болады.

1.1 Ұшқан ұя повесі – шығармашылық өмірбаян негізі

Жауынгер жазушының қаламынан туған алғашқы көлемді шығармасы – Ұшқан
ұя. Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен тәрбие алған ортасын
суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Повестің бірсыпыра көріністері
С.Мұқановтың Менің мектептерім мен М.Әуезовтың Абай романындағы
суреттелген қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып картиналарын еске салады.
Алайда, Біздің семьяда Бауыржан Момышұлының өзіндік түсінігі, өзіндік
дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть
жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір
материалын жетік білушілік жазушыға көпптеген көп қажет қасиеттер.
Қалық халық ортасында, қарапайым семьяда туып-өскен, жастай шешесі
өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның
жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскен көреміз. Бала кезінен көрген
білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар сондай
бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор
есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай
қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. Біздің семьяны қызығып оқисың,
сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге
бөленесің. Мұның сыры неде? Мұның сыры шығарманың көркемдік, суреткерлік
қасиеттерінде, сыншылдық сипатында. Повесте шиыршық атқан сюжет жоқ. Бар
әңгіме бір семьяның тағдырын, он-он бес жыл ішіндегі бастан кешірген өмір
құбылыстарын баяндайды. Сондықтан шығарманың тартымдылық себебін автордың
әлгі айтқан суреткерлік қабілетінен әңгімешілдік шеберлігінен, ағынан
жарылып, ақтарыла адал сөйлейтін адамгершілік сарынынан табамыз. Мысалы,
повесте автор үлкен әкесі Имаш, өз әкесі Момынәлі жайында былай
әңгімелейді:
Менің бабам Имаш 1911 жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта
бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті – менің
әкем Момынәлі екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді.
Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса сабырлы, ажарлы, ақ дидирлы
кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. Ұл біткеннің бәрі
қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып
аққұбаша ажарлы шықты деп отыратын еді, жарықтық. әжем өзінің ұлдарына
өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем
Момыш отыз үш жасында да салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Оған әжем:- Әй
қара құл, мен құдайдан саған ай көрікті ақ перизат жолықтырғай деп
тілеймін. Тым болмаса немерелеріңізді жиіркенбей сүйейін,- дейді екен.
Бір кезде көрші ауылда үлкен той өтіпті. Той ойын-сауықсыз болған ба?
Үлкен киіз үйдің ішінде жігіттер мен қыздар айтысып жатса керек. Той
дегенде қу баста домалайды. Кемпір – сампырлар ілесіп менің Қызтумас әжем
де келген екен. Кәрі құлағы елең етіп, киіз үйден шыққан айтыс әнің естіп
қалады.
- Біздің ауыл Мыңбұлақ басын ала,
Басындағы орамал жасыл – ала.
Көңілің бізде болса, а құдаша,
Біразырақ отыршы қасыңа ала.
Қыздың даусы жайдары естілседе, жалтара жауап қатып отыр екен.
Кәдімгі бас қосқан жердегі бастама өлеңнен ұзай қоймапты. Дегенмен сөз
арасында Жақсы жігіт дегенді жиілете берсе керек. Қызтумас әжем оны
сезіпті.
Қарашаға, ендеше, қарашаға,
Кисе киім жарасар аласаға.
Бас қосыптық бұл тойда, жақсы жігіт
Өлең айтсақ болмайма тамашаға.
Бірақ жігіт жағы алғашқы екпінінен танбай ынтық көңілін ұсына беріпті:
Мыңбұлақтың сулары сылдырайды,
Сұлу қыздың бұрымы бұлдырайды.
Құдаша деп сыртыңнан құмартушы ем,
Ескергейсің ендігі біздің жайды.
Құдашасына сонша өзеуреп отырған кім екен, - деп әжем есіктен сығалап
қараса:
Қара батыр, құдаша, қара батыр.
Жау қайырар жасқанбай дара батыр
Тәңір айдап өзіңмен бас қосыппыз
Осы келе сіз жаққа бара жатыр, -
Деп бір бойжеткен қара қызға аяқты бұрып тұрған өз Момышы екен. Әжем
сонда ұлына айқай салып:
- Өзің қазанның күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса не болмақ,
құдайым – ау!- деп баласын үйден қуып шығыпты.
Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре 33 жасында Байтана
руынан Әбдрахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді.
Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала
болады.
Момыш әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың қасында, ескіше декабрьдің
жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған
соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шақырып әкеме де хабаршы жіберіпті.Біздің
ауылдың Байтоқ деген кісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем
жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты
құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпейісіп, бір жаманат
хабар жеткен екен деп қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқты жұлмалай не болып
қалды, айтсаншы деп тақақтағанда ғана, Байтоқ:
- Жеңешем ұл тапты, - депті. Үрейден үрпейіскен жұрт енді мәз-мейрам
болып, қуаныштары қойындарына сыймай Байтоққа сүйіншісің беріп
аттандырыпты.
Осылай жан сырындай сақталған естеліктерден сұрапталып, сомдалып
жасалған адам образдары шығармада жаңадан өмір сүргендей әсер туғызады.
Сырттай қатал, іштей мейірімді азиз жан, ардақты әженің образы бір тоға,
Тура момыш аталған әділ, еңбекқор,өнер иесі әке мен алып күшті, аңғал
мінезді, Момынқұл ағаның образы, түп нағашысы такаппар, әпербақан
Серкебайдың образы, шабандоз шал мен ең алғаш әйел теңсіздігіне қарсы
тұрған қайсар Зейнептің образы, коммунист Садық Аблановтың жағымды образы
және толып жатқан пасық бай, зәлім молда, жебір болыстардың образдары көз
алдынан кетпейді.
Образдар жүйесі кесте бойынша қолдан жасаған сияқты емес, өмірде шың
болатын табиғи қалпында құралған. Рас, осындай болған, өз көзіммен көргем
де дейсің ішіңнен және дәл осы жас бала Бауыржанның көзімен көргені есіме
түседі.
Ұнамды, ұнамсыз дейтін образдар жазушының күнілгері әзірленген ұғымына
сай жасалмай, нағыз өмірдің өзіне тікелей ойып алынғаны көрінеді.
Қалыптасқан кестелі ой образ туғызған емес, жанды образдан жемісті ой
туған. Образдар дүниесінің нанымды да әсерлі болатының себебі сол.
Повесте алабөтен ой туғызатын әженің образы. Бұл образ мынадай бір
суретті көз алдыңа әкеледі: Жапан түзде, ысылдаған ыстық құмның ортасында
жападан-жалғыз біткен тораңғы дейтін ағаш болады. Өзі мықты бұтақты, саялы.
Жел мен боранға, аяз бен аңызаққа – бәріне төзген, мәңгі шөлдеген, тарыққын
күйінде жаратылыстың не бәле-батырдың бәріне табандылықпен төтеп берген
сіңірлі ағаш. Бауыржанның әжесі де осы тәрізді ана. Ол айнала ортаның, ащы
өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де соған төтеп
берген, бойына тарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз ананың
образы болып шыққан. Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің
жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы
әже. М.Әуезовтың Абай жолы романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де
қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шындалған
даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің
сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал
семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрықтарды өз төңірегіне,
әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана.
Сөйтіп, әженің образы жазушының алдымен атап айтарлық табысы. Бұл
образ, сөз жоқ бүкіл шығарманың көркемдік қуатын танытатын өзекті образ.
Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем. Әже
құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десеңізші. Көзім ұйқыға кеткенше әжем
айналып-толғанып арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып кеткенімді
өзіңде аңғармай қаласың,-деп ыстық ықласпен асыл әжесін еске алған автор
енді бірде:
-Әжем малдың тілін ұғуды үйретуші еді. –Қозы маңырайды, бұзай
мөңірейді, құлын кісінейді, бото көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады...
Әжем бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс,
сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын,-деп жазады.
Повесте Баукең тек мейірбан әжесін еске түсіріп қана қоймайды. Бүгінгі
күннің өзекті мәселесі бала тәрбиесіне де көңіл бөледі:
Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі
балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқамын.
Менің келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда
құлағына анасының әлдиі әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп
қалмаса деп қорқамын.
Ал, менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын. Арада неше
заман өтті. Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән
айтқан үні тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып басымды бауырына қысып, кәрі
алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:
– Балам менің қайда екен?
– Қыздар менен тауда екен.
– Тауда неғып жүр екен?
– Алма теріп жүр екен.
– Алмасынан кәнеки?...–
– Жаңа теріп жүр екен.
– Қызыл алма қолында
– Қыз бозбала соңында,–
деуші еді-ау.
Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсе алдына алып отырып:
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Жілігінің майы жоқ,
Жіпке тағып берейін.
Көк сиырдың сүтінен
Көже жасап берейін.
Оның тұзын кім татар
Жыламайтын ұл татар,-
Деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап
кетер едім [7; 4 б].
Повестік өзіндік бір ерекшелігі жазушының қазақ тұрмысындағы салт,
әдет-ғұрыптарды, өмір құбылыстарын, тарихи оқиғаларды (ас, көкпар, қалың
мал, қашаған қу, жыл санау, жұт, айтыс, беташар, неке қияр, өлік жерлеу,
наурыз, 1916 жылғы көтеріліс т.б.). Үлкен ұқыптылықпен, зергерлікпен
суреттеуі. Бұл тұста повестің болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі де мол.
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып
қалған екен.
– О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
– Ақментей бабасындай батыр болсын!
– Ақмоладағы Батырбасыдай мәрт болсын!
– Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын!
– Домалақ-анамыз жар болсын!– десіпті.
Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып ел
қарияларынан бата сұраған екен .
– Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі,– десіпті
ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:
Алатаудың қыраны мол еді–
Қырағы болсын, құлыным–
Елінің тілегі зор–
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді–
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді–
Сыңары болсын құлыным.
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне
шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш
отырғызып жүр екен.
– Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді,– депті шешем ізетпен
иіліп.
Атам еміреніп мені алақанына алыпта. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем– құл болма,
Шыбық деп берсем– шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,–
деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік
өнеге болсын деп әкем сол күні кешке мал сойып ауыл ақсақалдарының басын
қайта қосыпты [8; 176].
Сәби Бауыржанның санасында бұлдырап қана қалған елестер мен ес біліп,
есейе бастаған шағындағы немесе кейінгі куәгерлер естеліктерімен
толықтырылған айқын суреттер жеке композициялық құрылымдары бойынша
новеллалық желілер салады да, көптеген ортақ философиялық-эстетикалық
факторлар тұрғысынан тұтас шығарманың берік арқауын түзеді. Қаламгердің
өмір құбылыстарын іріктеп, типтік жағдайларда көре білуі, болған оқиғаларды
тартымды детальдармен ұтқыр бейнеленуі шығарманың ой-мазмұн толымдылығын
арттыра түскен. Мұндай ерекшелік-жазушының барлық көркем туындыларына тән.
Автор өз семьясына байланысты алуан оқиғаларды жүйелі суреттей отырып,
Қазан төңкерісінің қарсаңы мен алғашқы жылдарындағы қазақ аулы бастан
кешірген тарихи-әлеуметтік жағдайларды жинақтай көрсетеді,Көп
тұрғыластарына қарағанда көзі қарақты, табан ақы, маңдай терісіне сүйенген,
әділ, турашыл, біртоға мінезді әкесі Момыш пен қызба, ұрыншақ, әйтсе де
намысқой, бауырмал, ізетті Момынқұл көкесі, әсіресе, ертегісі көңіл
ерітетін, сәби санаға ізгілік, адалдық нұрын құятын ақылды әжесіне қатысты
беттер жазу шы тарапынан шынайы лиризм, айшықты психологиялық штрихтармен
нанымды бейнелейді. Ақкөңіл, қолы ашық нағашысы Серкебай, әкесінің еркін
қылықты апасы Айшаға қатысты ұлттық характер ұшқындарын аңғартарлық юмор
астарларында керемет сезімталдыққа қоса, ыстық сүйспеншілік табы бар [9;
145 б].
Этнопсихологиялық ыңғайдағы толымды көріністер Үбианның ұзатылу тойы
мен көкпар ойындарын мол дәлдікпен, ынта-ыждаһатпен баяндайтын тұстарды кең
сарапталады.
Қазан төңкерілісінің игі ықпалын тура Момыштың отбасы орыс халқының
момын өкілдер-Гончаровтың семьясымен бірге еңбек ете жүріп сезіне
бастайды.Өзге ұлт өкілдеріне деген бауырмашылдық бала Бауыржан көңілінде
құрдасы Васильмен бір пештің үстінде жатып бір әліппені жаттайтын ынталы
шәкірттік дәуренге аяқ аттау мезетінен өрістеген.Шығармада ұлттар
арасындағы қарым-қатынастың да бірден дұрыс қалыптаса қоймағаны,қазақтардың
көп уақытқа дейін бөтен дін, бөгде қылықтың адамдарын жан түсіне алмау
шақтары, бауырал туыстық егіншілік кәсіп, білім алу талаптарына сәйкес күш
алғаны реалистік ауқымда, сюжет шынайылығымен бейнеленеді.
Жазушының ағынан жарылатын адал жаратылысы, бастаудай тұнық сезімі,
табиғи адамгершілік сапалары, өткенге бүгіннің биігінен қарайтын терең
дүние танымдық бағдары шығарманың зор идеялық-көркемдік қасиеттеріне
айғақ.Повестегі негізгі идея-дүрбелең тарихи кезең қарсаңында туып,
социалистік сана жолында қан мен тер төккен патриот, интернацоналист,
ержүрек азаматтың эволюциясын, қаһармандықтың моральдық-философиялық алғы
шарттарды таныту [10; 256 б].

1.2 Москва үшін шайқас, жазылу тарихы

Москва үшін шайқас үш кітаптан тұрады. Бірінші кітап Бауыржан
Момышұлы басқаратын батальонның жау қоршауын бұзып-жарып, өз тобына,
негізгі күшке қосылуынан басталады. Батальон ...жан түршігерлік арпалыспен
қанды шеңгел жау шебін жарып өтті. Қанаттарының ұшын шалдырып, жаудың берік
қамалдай шебін ойрандап, талқандап бұзып шықты.
Жау қоршауын бұзып шығып, өз тобына келіп қосылған батальонның еңсесі
биік, шаршап-шалдыққанына қарамастан, сергек, салтанатты шерумен келеді.
Жауынгерлер мен командирлер бір-бірін жете біліп, бір-біріне берік сеніп
қарайды.
Батальонның салтанатты шеруіне генерал Панфилов та жүрегі шуаққа толып,
ет-бауырды елжіреп көз салады. Бұл сәт туралы автор:
...Шынымды айтсам, ә дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Шеңберді жарып
өтіп, жау сыртынан келіп, өз тобымызға қосылғандарыңды көріп, қуанышым
қойныма сыймай кетті. Жақсы келіпсіздер, жақсы келіпсіздер... – дей беріп,
тебіренген генерал кілт тоқтап маған шешінуді ұсынды, - деп жазады.
Қанша күн, қанша түнді қауіп-қатер үстінде өткізіп, денесі де, миы да
мейлінше ширығып әрі шаршап келген батальон командирі генералдың қуанышқа,
әкелік сүйіспеншілікке толы сөздері мен ықылас-мейірімінен кейін едәуір
болаңсиды, жүрегі елжірейді. Қайсар батальонның ержүрек командирі осы
тебіренулі күйінде өзінің туған әкесін, әкесімен соңғы кездесуін еске
алады. Алыс жолдан оралып, ауылына жақындай бергенде еңсесі түсіп
бүкірейген қарт әкесінің үйден кібіртіктей басып жүгіре шығып, қарсы алып,
әкелік мейірім билеп, қол-аяғы қалтырап, көкірегі сырылдап, көзі жасаурап,
ұлының қолын ұстап аймалап сүйіп, мойнын теберіктей иіскеп, әңгімелейді.
Әсіресе, генералдың мына ғибраты Б.Момышұлының есінде мәңгі қалып қояды:
...Уставты біледі екенсіз, сізге оны қолданба демеймін, бірақ оның
тармақтарын орнымен қолданған жөн, нақты жағдай не айтады, оймен, орнымен
болғаны жөн! Уставты жаттанды қолдануға, әрине жабысып қалуға мен тыйым
саламын.
Генерал ғибрат еткен бұл қағида Б.Момышұлының соғыс ісінде басты
принципке айналады. Генералдың әскери ойлары мен тұжырымдары, идеялары,
тактикалық әдістері оның шәкіртінің ісі арқылы сәтті жалғасады.
Батальон командирі өзіне де, өзгеге де қатал. Өзін де, өзгелерді де
темірдей тәртіпке бірегей бағындырған. Тәртіп бұзған жағдайда, ол ешкімнің
де маңдайынан сипамайды. Лейтенант Брудный взводымен тосқауылда тұрып, жау
бастырмалатып шабуылдап келе жатқанда, рұқсатсыз позициясын тастап шегінген
кезде, батальон командирі оны орнынан алып, батальоннан мүлде қуып
жібереді. Өз айыбын жуу үшін Брудный бірнеше рет көзсіз ерлікке де барады.
Бірақ батальон командирі тарапынан қолдау болмаған соң, сағы сынып, жасып
жүреді. Кейін генералдың ықпалымен өзінің тым қатты кеткенін, тым қатал
болғанын ұққан соң, командир Брудныйды бұрынғы орнына қайта қояды. Бір
жарым взвод жауынгерлер тобына командир болу туралы нұсқау алғанда ғана ол
жадырап, бұрынғы жайсаң қалпына орала бастайды.
Брудный екі қолын сілтеп, адымын кере басып, ентелей жөнелді. Біраздан
кейін қадамы қысқарып, иығы қомдалып, басын шұлғып төмен қарағандай болды.
Маған ол қолымен көзін сүрткендей көрінді.
– Брудный! – деп айқайладым мен. Ол шұғыл тұра қалып, маған қарай
бұрылды.
Мен жұдырығымды көрсетіп:
– Не сметь плакать! – деп зекірдім.
– Есть не плакать! – деп жауап қатты да, маяға қарай жүгіре жөнелді.
Мен оның даусынан, жүгірісінен қуаныш сезімін байқағандай болдым. Оның
соңынан қарап тұрғанымда, көзім мұнарланып, жүгіріп бара жатқан лейтенант
пен шөп маясы сағымдалып, бұлдырап кетті. Көзімнің жасын бір сығып алып,
басқа взводтың позициясына қарай жүріп кеттім [11; 302 б].
Жауынгер үшін сеніммен, командирінің сенімінен айырылудан үлкен рухани
соққы болар ма? Сол соққы жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатқанда, ол қайда
барып байыз табарын білмейді. Жаны жадырап, қабағы ашылмаса да,
командирінің жүзіне жасып, сығалап қарап, одан кешірім ізін тапқысы келіп
қиналады. Ойында, ішінде не болып жатқанынан еш хабар бермейтін, ешкімге
ләм-мим деп сыр ашпайтын командирдің жүзінен көңіл жұбатар жылылық таба
алмаған соң, бәріне үнсіз көніп, өзі жасаған айыбының ауырлығынан одан
сайын жаншыла түседі. Батальон командирі қайтадан сенім білдіріп, тиісті
әскери тапсырма бергенде, іштей үгіліп жүрген жауынгердің қуанышы мен
ризалығы сыртына бұрқ етіп, көз жасын ілестіре шығады. Жауынгеріне ауыр,
қатал, бірақ әділетті айып артқанмен, сонысына өзінің де қабырғасы қайыса
қиналған командирдің көңілін қол астындағы жауынгерінің аңғалдығынан асып
түсіп жатқан адалдығы мен Отаны үшін жан қиюға бар қайсар қаһармандығы
қатты тебірентеді. Батальон командирі бұл тұстағы өзінің ой-сезімін,
күйініш-сүйініштерінің сырына үңіліп, оны саралап тануға да, өзгеге
танытуға да ықылас білдірмейді. Тек сол тебіренулі, толқулы хал-ахуалының
сыртқы, түр-тұлғадағы белгілерін берумен шектеледі.
Осы жауынгер, лейтенант Брудный, батальон командирінің көз алдында жау
оғынан қаза болады.
...Немістер атакаға шықты. Жалмұхаммед Бозжанов келді.
– Брудный! – деп тұра қалып: – Сен мұнда неғып жатырсың? А?
– Ол ұйықтап жатыр. Тимегін оған, – дегенімде:
– Сізде, жолдас комбат, ешқандай мейірім жоқ екен ғой! – деп ол маған
зекірді. – Өлімді қалай ұйқы деп тұрсыз?
Оны мен өлтіргем жоқ! соғыс өлтірді. Кінәлағыш болсаң, соғысты
кінәлағын...
– Кешіріңіз ағатай. Абайсызда айтып қалдым...
қан майданның қақ ортасында қаны мен терін төгіп жүргеніне қарамастан,
тірілер үшін өлім, әсіресе, жақын адамның өлімі ойға да қонбайтын, ақылға
да сыймайтын бір сұмдық іс секілді. Бозжановтың комбатқа айтқан айыптау
сөзінен осыны аңғаруға болады. Оның комбаттан кешірім сұрауының негізінде
тіріні, тірі жүрген, бірақ кез келген сәтте Брудный секілді көз жұмуы да
мүмкін дос, жолдасының, бауырының көңілін бекер қабаржытқысы келмеген
азаматтық, жауынгерлік сүйіспеншілік жатыр.
Батальон командирі бірде Бозжановқа зекіріп қалып, ізінше, оңаша
қалғанда, онысына өкініш білдіреді:
...Бозжановқа неге зекірдім. Ол менің бұйрығымды нақтап, қайта
қайталап, бұрылды да шығып кетті. Сол кезде оның арқасы маған өкпелеп, сәл
бүрісіңкірегендей болды. Менің жаныма, әсіресе, сонысы қатты батты. Неге
ғана зекірдім?.. [12; 216 б].
Б.Момышұлының ой-сезімдері, күйініш-сүйініштері, әсіресе, жауынгерлер
туралы, олардың көңіл-күйі, өз нұсқау-бұйрықтарының оларға әсері жайындағы
толғаныстары бұрынғы эпизодтарда эпикалық суреттеу тәсілдері, портреттік
жекелеген я тұтасқан күрделі сипаттамалар, детальдар арқылы ашылатын. Мына
жерде батальон командирінің өзінің де жаны қиналып, жүрегі ауырады. Үнемі
сұсты, қатал қалыпқа көрініп, сұсты, қатал сөйлейтін командир, осылайша,
бір сәт өз ойы, өз сезімі сырын ашады. Жота әңгімесінде автор осы қырынан
көрінген-ді. Взвод командирінің көмекшісі Николай Редин ауыр
жарақаттанып, өлмеші халде жатқанда, полковник қатты қиналады. Көз жұмып
бара жатып, бұрынғы шәкірті, қазіргі командиріне ризалық сезімін Совет
Одағына қызмет етемін! деген қасиетті сөзімен жеткізіп үлгірген Н.Редин,
шынынды да, шексіз құрметке лайықты еді. Дивизия командирі ұстазының
суынған денесін құшақтап, еңіреп жібереді. Енді бір тұстарда Б.Момышұлының
мұндай жаны қиналған толқулы шақтары публицистикалық қысқа баяндаулар
арқылы беріледі.
Б.Момышұлы полк командирі болып тағайындалғаннан кейінгі бір ұрыста екі
жас әрі дос лейтенанттың бірі екі аяғынан қатар жараланады, ал екіншісі
оған қарамай кетеді. Екеуі әскери училищені бірге бітірген, бір ротада,
взвод командирлері. Басқа жағын айтпағанда, тіпті бір училищеде бірге оқып,
бір ротада қатар қызмет атқарып келе жатқан екі жас лейтенанттың мына
күйлері полк басшысына ауыр тиеді. Бұл туралы полк командирі кейін былай
деп жазады: Училищеден кейінгі қызмет жағынан да, ұрыс кезінде де олар
мені өздерінің ұстазы деп санайтын. Екеуі де біздің батальонның барлық
ұрыстарының ішінде болған жауынгер жігіттер. Міне, мен енді полк командирі
болғанда, біреуі ауыр жараланып, орнынан қозғала алмай отыр, бірі болса,
оның қазір мен өзім жарағын сыпырып алдым.
Мен олардың қасынан кеттім.
Кейін жаралы жолдасын жауға қалдырып, өзі тайып отырған бірер
жауынгерге командир тиісті жазаларын береді. Бұл жазалар да командирдің
бұйрығы бойынша орындалады. Мұндай бұрықтары жөнінде полк командирі мынаны
жазады: Приказ-бұйрық – командирдің ішін өртеп, сай-сүйегін сырқыратып,
ішек-бауырын езіп, жүрегім құм ете шыққан лебі. Бұл пікір, әрине, тек
әлгіндей жазаға байланысты шешімдерге ғана емес, соғыс жағдайындағы барлық
бұйрықтарға түгел қатысты. Өйткені соғыс жайындағы бұйрықтардың қай-
бұйрығының салмағын, шығыс пен кірістің арасалмағын жете бағдарлап, жете
танып-білген командир ғана осылай жаза алады [13; 114 б].
Б.Момышұлы соғыс ісін қатқан қағидалар бойынша жүргізбейді. Екі қарап,
бір шоқитын қарға қимылдан да аулақ. Қатал, қайсар әрі қырағы. Соғыс ісіне
техника мен адамдардың айқас-шайқасы деп қарамай, оны ой мен парасаттың,
ақыл мен айланың арпалысы ретінде бағалайды. Соған орай ол кей тұстарда
күші басым жауды аз күшпен-ақ тізе бүгуге мәжбүр етеді. Әрине, бұл да
белгілі шешімнің, бұйрықтың нәтижесі екендігі анық. Мұндай шешім-бұйрық кей
тұстарда командирдің алғыр ойы мен нар тәуекелшіл ержүрек табиғатынан шығып
жатады. Мына бір эпизодқа назар аударып көрейік: Дивизия командирінен
әскери стратегиялық және техникалық мәні бар бірнеше деревня мен пункті
қорғау туралы бұйрық алғанына қарамастан, командир солардың бірін,
Матренино деревнясын тастап, кері шегінеді. Ізінше Матрениноны алып, тауық
пен торғай қуалап, мәре-сәре болған, сөйтіп бейқам жатқан жауды шағын
күшпен үш тараптан бірдей соғып, қуып салады. Жаудың батальонының
документтері, екі танкі мен үш машинасы олжа болады.
Батальон командирі Матрениноны тастап шығу туралы бұйрық бергенде,
кейін жауды қайта қуып шығуды көздеген еді. Расында да шаршап, шалдығып
кеткен жау тобы деревняда демалып, жан шақыруды көздейтігінде сөз жоқ еді.
Деревняны тастап қашқан совет жауынгерлері лезде қайта шабуылдар деген ой
оларда болмауы да ғажап емес-ті. Б.Момышұлы Матренинодағы өз
жауынгерлерінің тобына деревняны тастап, қашуға бұйырғанда, осыны, жаудың
қырағылығын төмендетуді мақсат тұтқан деуге болады. Шағын операция батальон
командирі ойлағандай сәтті өтті. Жау қашып, жауынгерлердің мерейі өсіп
қалды. Дивизия басшылары да бұған дән риза болады. Алайда бұл орайдағы
батальон командирінің шешімі де, жалпы осы тактикалық операцияның өзі де
нартәуекелдің көрінісі болатын. Мұндай іске қызу әрі батыл ойлы командир
ғана бара алуы мүмкін еді. Сонымен қатар бұл жерде ойдың қызулығы мен
батылдығынан басқа сергек психологтың, әскери психологтың сарабдал
санасының қызметі де айрықша көрініс берген.
Дивизия командирі шегініп бара жатқан жаудың жолын кесу мақсатында
Грошково деп аталатын қыстақты алуды тапсырғанда да Б.Момышұлы соғыс ісі
мен соғыс өнеріне жетік дарынды полк командирі ретінде көзге түседі.
Командирдің ой-толғанысы да бұл орайда көп жайдың бетін ашады.
Грошково алдымызда жап-жақын-ақ тұр. Бірақ та ол жалғыз емес, алты
ағайынды. Онымен қоныстас алты қыстақ Грошковоны ат тағасындай қоршап
іргелес тұр... Алты қыстаққа алты жақтан күреп тазалаған алты даңғыл жол
жосып келіп, барлығы барып ортасындағы бір қыстаққа қосыла түйіледі. Содан
тағы бұтақтана жан-жаққа тарайды. Ол қыстақтың аты Бородино екен.
Полк командирі жер жағдайымен таныса келіп, Грошковоны жау қолынан
алудың жолдарын, амалдарын іздестіреді, оны жау қолынан тартып алудың полк,
дивизия үшін тиімді және тиімсіз жақтарына үңіледі. Ақыры, мына қорытынды
ойға тоқтайды: Біздің Грошковоны алып, қызыққа оралған аттай болып
шатасып, торға түскен құстай бұлқынып жатқанымыздан біздің әскерге не
пайда. Ешқандай пайда жоқ. Залал-зиян мол. Біздің полк істен шығады.
Қатардан шығып, өз басымен әуре болып жүріп, аман да шыға алмаймыз.
Дивизия командирінің Грошково қыстағын алу туралы бұйрығынан кейін,
полк командирінің мына толғанысы жөнсіз болып көрінуі мүмкін. Өйткені
бұрықтың аты бұйрық, оны тек орындау керек. Бірқатар командирлер осылай
ойлайды, солай әрекет етеді. Бұ йрық болмаған жағдайда, бұғып отыра
береді. Осындай командир басқарған бір механизацияландырылған бригада
Б.Момышұлының көз алдында тоз-тоз болып бытырап кетеді:
Армия штабының генерал Панфилов Б.Момышұлының батальоны соғысып жатқан
Горюны селосы жағына тұтас бір механизацияланған бригада жіберілгенін айта
отырып, Б.Момышұлына уақытша сол бригаданың командиріне бағыну бұйырылғанын
ескертеді.
Бригада жаумен арпалысып, қиын жағдайда жатқан батальонға ешқандай қол
ұшын бермейді. Өз тарапынан да тиісті шешім қабылдап, әскери белсенділік
танытпайды. Көмек сұрап, бірнеше рет хабар салған батальон командиріне:
Мен әлі шешім қабылдай қойған жоқпын, әзірге өздерің соғыста тұрыңдар,
жағдай кейін қандай болар екен, көрерміз, - деп отыра береді. Бригада
басшысы шешім қабылдағанша жау тобы шепті бұзып, алға өтіп кетеді де, бұлар
жаудың тылында қалып қояды. Бригада басшысы подполковник өз адамдарын
таратып, қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-бөлініп шығу туралы шешім қабылдайды.
Сөйтіп, Шеті ойылмаған тың бригада барлық техниканы тастап, жауға қарсы
бір оқ атпастан 1941 жылдың 20 ноябрінің ертесінде дәрменсіз
подполковниктің бұйрығымен көз алдымызда қоршаудан жеке-жеке, бөлініп-
бөлініп шықпақ болып ағаш-ағашты паналап тарап кетті.
Командирдің әскери танымының саяздығы, қабілетсіздігі осындай
берекесіз, қылмыспен ұштасып жатқан нәтижеге алып келеді. Бұлайша жоғарыдан
бұйрық күтіп, қам-қаракетсіз қол қусырып отыру да, жоғарыдан келген
бұйрықты орындауға құлшынып, дегбірсіз дедек қағу немесе тағатсыз тұра шабу
да командирдің алымды, алғыр, елгезек табиғатын, тәртіпке бағынған тура,
турашыл бетін таныта алмайды [30; 72 б].
Б.Момышұлы өзінің ой-толғаныстарымен де, әскери-соғыс өнеріне жетік
оралымдылығымен, парасаттылығымен де дара, ешкімге ұқсамайды. Бұйрық –
біліп берсең бұйрық; жаңылсаң, қателессең, ол бір – бүлік. Бұйыру оңай
емес, - дейді Баукең.
Жағдайды толық анықтап, жете білгеннен кейін, командир бірнеше
қорытынды жасайды:
Бірінші қорытынды: алты қыстақтың шаңырағын тіреп тұрған сырығы
Бородино, жау ордасының мықты тірегі де сол, қалғандары оның таяныштары.
Екінші қорытынды: мына алты қыстақ, жолысып жатқан алты арнадан күш береді.
Үшінші қорытынды: дұшпанның бекінісі мықты, күші мол, біздің күшіміз аз.
Төртінші қорытынды: шегінуге бұйрық жоқ. Алдымыздағы мақсат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Романда Тана қыз даралық қырымен танылатын образ
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркемдік ерекшелігі
Қасым Қайсеновтің публицистикасы
Пәндер