Экономикалық саясаттың қалыптасуы



І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы
2.2 Экономикалық саясат субъектілері
2.3 Экономикалық саясаттың мақсаттары
2.4 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері
2.5 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары
2.6 Қазақстандағы қазіргі заманғы географиялық қоғамдық.саяси жағдайы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
“Саясат” термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Мәселен, “полис” (қала-мемлекет), “политикас” (мемлекет қайраткері), “политейя” (конституция).
Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұшырасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат – өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы топтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірелетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырысатын құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.
“Саяси” және “әлеуметтік” бірегей құбылыстардың арақатынасы. Принипінде кез-келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінің дәрежесі мен деңгейіне қарай саяси белгілерін, саяси сипатын “алуы” немесе олардан “айрылуы” мүмкін. Қоғамдағы “саясат” атаулының бәрі әлеуметтік атаулының бәрі әлеуметтік болмайды немесе “саясатқа” айналмайды.
1. И.г.Хан «Саясаттану»
Алматы ҚазГЗУ 2003ж.
2. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.
«Экономикалық саясат»
Экономика, Алматы 2002ж.
3. Г.С.Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері»
Алматы. Экономика 2005ж.
4. М.И.Әлейбеков, Ғ.А.Жиенбаев.
«Нарықтық экономика дегеніміз не?»
Алматы, 1993ж.
5. Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде»
Саяси зерттеу қоры
«Қазақстан – ХХІ ғасыр»алматы, 1993ж.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы
2.2 Экономикалық саясат субъектілері
2.3 Экономикалық саясаттың мақсаттары
2.4 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу
әдістері
2.5 Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары
2.6 Қазақстандағы қазіргі заманғы географиялық қоғамдық-саяси жағдайы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

І. Кіріспе бөлім
“Саясат” термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен
қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға
негізделген. Мәселен, “полис” (қала-мемлекет), “политикас” (мемлекет
қайраткері), “политейя” (конституция).
Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар,
әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және
өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын
білдіреді. Әлеуметтік сирек ұшырасатын құбылыс ретінде оған саяси
институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері,
адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен
қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат – өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы топтар мен
әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің,
бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде
түсіндірелетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырысатын құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, кезегінде, адамдардың
өмірлік қызметінің: шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани
қызметтерінің өзара саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты,
өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.
“Саяси” және “әлеуметтік” бірегей құбылыстардың арақатынасы. Принипінде
кез-келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінің дәрежесі
мен деңгейіне қарай саяси белгілерін, саяси сипатын “алуы” немесе олардан
“айрылуы” мүмкін. Қоғамдағы “саясат” атаулының бәрі әлеуметтік атаулының
бәрі әлеуметтік болмайды немесе “саясатқа” айналмайды.
Демек, қоғамда тәртіпті сақтау мен басқа да міндеттерді шешу үшін
болатын өкімет билігі мен беделі бар қоғамдағы құбылыстарға, институттар
мен қатынастарға қатысы бар нәрселердің бәрін саясат деп түсінеміз.
Саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен тараған әдісі “саясат” терминнің
шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол көне грек тілінде “мемлекетті
басқару өнері” дегенді білдіреді. Саясатты осылайша анықтау саясататтың
орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат
ретінде қарастырады, ал өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ал
саясатты мемлекетпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға
енгізген.
Оның анықтауы бойынша, саясат – бұл “ортақ игілікке” және “бақытты
өмірге” қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны.
Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі
негізгі үрдіс туралы айтуға болады:
а) мемлекет пен саясатты таптық санаттарда (маркисизм) түсіндіру;
б) мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында (американдық
“саясат туралы ғылым” және франсуздық “саясат ғылымы”) түсіндіру.
Маркстік теорияда саясат мемлекетпен және мемлекеттегі билікпен байланысты
таптар күресінің саласы ретінде анықталады.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да
тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика
дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық, технологиялық экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық
т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары қалыптасып
өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті
шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық
тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді.
1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс соның
қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа
деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара
байланыстарының тиімдірек нұсқасын табу қажет деген тұжырым жасалды.
Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауын қажет ететін болды.
Осылай “экономикалық саясат” деп аталатын құбылыс пайда болды.
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттың белгісі – оның жеке-жеке
қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай
экономикалық саясат теорияда “нүктелік” стратегия деп аталады. Оның
шеңберінде экономикалық саясаттың келесі шеңберінде экономикалық саясаттың
келесі жекелеген түрлері практикада қолданылады: кедендік, аграрлық,
өндірістік, әлеуметтік. Арнайы әдебиеттер де экономикалық саясаттың
көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі
ғалымы Х. Гриш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама берген еді. Гриштің
пікірінше, мемлекеттің экономикалық саясатты-экономикалық процестердің
бағытын бір арнаға түісру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың
ағымын алдын ала анықтап, тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Экономикалық саясаттың қалыстасу жағдайын қарастырсақ, оны мынадай үш
қағидалық анықтамамен аяқтауға болады:
1. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылық
жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономиалық сана мен ойлау
деңгейінің ықпалында болады. Осы фактордар өзара байланыста
келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз
болады.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірбие көрсеткендей, экономикалық
саясаттың тиімділіг сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын
жасаласа, соғұрлым жоғары болады екен. Экономикалық саясат
елдегі саяси күштердің ара-қатынастарын, өндірістік-техникалық
мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік
мекемелердің жалпы-экономикалық және жергілікті тәртіптерін
есепке алып, ескеруі қажет болады екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды
құрал болады.

2.2 Экономикалық саясат субъектілері
Субъекті дегеніміз белсенді іс-қимыл жасайтын және сана-сезімді, ерікті
тани білетін, ие болатын жеке-дара адам немесе әлеуметтік топты айтамыз.

Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі
ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектелуі идеологиялық
көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері біренешеу. Оларға мемлекеттің
өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институуионалдық
құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен
бірлестіктер жатады.
Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде. Мемлекеттің билігі
елдегі әр түрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп,
олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты
мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Ең жоғарғы мемлекеттік
деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып,
олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық
саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе
қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп,
оның іске асырулуына атқарушы, билік тармағы-үкімет жауап береді. Үкімет
өз кезінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын
мемлекеттің әр түрлі мекемелеріне (институттарына) бөліп береді.
Қызметтерді бөлісу принциптері мемлекеттің ұйымдық-саяси типіне
байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы
мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субъектілік
деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.
Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілері. Оларға белгілі бір
әлеуметтік топтардың мүддерлерін білдеретін және қорғайтын әртүрлі
бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің
әртүрлі одақтары. Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі,
өзінің маңыздылығы бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның
себебі – белгілі топтардың экономикалық саясаты анықтап, оны жүргізетін
билік құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде.
Мемлекет пен жеке экономикалық одақтардың мүдделерін келістіру
нұсқаларының бірі-белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы одақтарға
бөліп беру.
Сонымен, “экономикалық саясат” ұғымы “мемлекеттік реттеу” ұғымынан
кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы
және негізгі орындаушысы ретінде қатар көрінеді. Дамыған елдердің
тәжірбиесі көрсеткендей, жалпы экономикалық реттеудің жемісті болуы
мемлекеттің тоталитарлығында емес, керісінше, өкізіліп отырған саясатқа
мүмкін болғанша қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып,
одардың өзара бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруда болмақ.
2.3 Экономикалық саясаттың мақсаттары
Экономикалық саясат дегеніміз – белгіленген бір мақсаттарды анықтау және
салаларды іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен
мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемаларды
шешудің алғышарты- оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда
мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.
Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсаты –
қоғамның тұрмыстық деңгейі жоғарылауы делінеді.
Осы күнгі әлеуметтік құрылымның негізгі мақсаттарына қоғамның еркін дамуы,
құқықтық тәртіп, ішкі және сыртқы қауіпсіздік жатқызылады. Негізгі
мақсаттар құрамы сыртқы және ішкі жағдайға байланысты өзгереді. Олардың
ең алғашқы “классикалық” анықтамалық градациясын А. Смит ұсынған еді. Ф.
Бэкон және У. Петти еңбектеріне сүйене келе, ол қызметтердің келесі тізімін
ұсынады:
1. Сыртқы сфераға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2. Құқықтық тәртіп орнату;
3. Мемлекет тарапынан нарық инфрақұрылымын бастау.
Экономикалық саясаттың негізгі мақсаттарын қарастырғаннан кейін, енді оның
практикаға нақытланғанан мақсаттарын анықтаймыз. Бұларды іске-асыру
жоғарыда айтылған түпкі мақсат – ұлттық жақсы тұрмысын қамтамасыз ету
жолында жасалған белгілі қадам.

2.4. Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу
әдістері
Экономикалық саясат концепциясын қабылдаған кезде, мемлекет оның
негізінде мақсаттары нақты анықталған жұмыс бағдарламасында нақты жұмыс
бағдарламасын да шығаруы қажет болды. Абстрактілік – болжамды түрде осындай
экономикалық саясаттың мынандай құрылымы болуы мүмкін: негізгі түпшілікті
мақсат нақтыланған мақсаттың міндеттері жүйесі ретінде өрістеледі.
Бірақ іс жүзінде мынандай абсолютті үйлесімді мақсаттар жүйесі негізінде
құрылған экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Әлеуметтік саясат туралы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының қалыптасуы
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саясаттанудың заңдары мен принциптері
Құқық және саясат
Аймақтық даму проблемасы
Экономикалық теория және экономикалық саясат
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Пәндер