Ресми іс қағаздары термині



1 Ресми құжаттардың тіліне қойылатын талаптар
2 ӨМІРБАЯН . РЕЗЮМЕ
3 ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
4 Х А Т Т А М А
5 Қ О Л Х А Т
6 Іс қағаздарының толтырылуы
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым - қатынастары, басқару қызметі күрделіленген; ақпараттар ағыны барьшша ұлғайған қазіргі заманда ресмиіс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т.б.), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б.) сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б.) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты, халықаралық хат) тәрізді үлгілері бар.
Бұлардың қай-қайсысы да - күнделікті еңбек қарым-қатынасында ұдайы кездесіп отыратын нұсқалар. Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты келемінде заң күшіне ие, сондықтан да олардың нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі (унификация) жөне стандартты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетгі түрде қолданылатын тұрақты, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, басқаша айтқалда, реквизиттері (лат. reguisitum - талап етілген, қажетті) болады. Нысаны мен үлгісі жағынан сауатты жазылған, қажетті мәліметтерді (реквизиттерді) толық қамтыған ресми құжаттың заң күші де нақты болады. Демек, қазақ тілінде ресми құжаттарды өзірлейтін және ресми құжаттарды ұйымдастыру, реттеу, құжаттау ісімен айналысатын адамның тілді жақсы білу талабы қойылады.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін
құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым -
қатынастары, басқару қызметі күрделіленген; ақпараттар ағыны барьшша
ұлғайған қазіргі заманда ресмиіс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен,
мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми
құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар
жөніндегі іс парағы және т.б.), басқару функциясы жөніндегі нормативтік,
бұйрықшы-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б.) сондай-
ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды
реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және
т. б.) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен
ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын
ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат,
ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты, халықаралық хат) тәрізді
үлгілері бар.
Бұлардың қай-қайсысы да - күнделікті еңбек қарым-қатынасында ұдайы
кездесіп отыратын нұсқалар. Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты
келемінде заң күшіне ие, сондықтан да олардың нысаны мен құрамы жағынан
бірізділігі (унификация) жөне стандартты болуы талап етіледі. Осыған
байланысты әрбір құжаттың міндетгі түрде қолданылатын тұрақты,
біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, басқаша
айтқалда, реквизиттері (лат. reguisitum - талап етілген, қажетті) болады.
Нысаны мен үлгісі жағынан сауатты жазылған, қажетті мәліметтерді
(реквизиттерді) толық қамтыған ресми құжаттың заң күші де нақты болады.
Демек, қазақ тілінде ресми құжаттарды өзірлейтін және ресми құжаттарды
ұйымдастыру, реттеу, құжаттау ісімен айналысатын адамның тілді жақсы білу
талабы қойылады.
Ресми іс қағаздарының тілі - бір қарағанда стандартты, калыптасқан
клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи
заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық-грамматикалық
жүйесі бар тұтас құрылым. Дәлірек айтқанда, ресми тілдің кеңсе іс қағаздары
сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да
қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық
нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.
Ресми құжаттардың тіліне қойылатын талаптардың тағы бір легі -
экстралиягвистикалық факторларға байланысты: біріншіден, кеңсе іс қағаздары
да, заң құжаттары да логикалық шындыққа сай жазылып, екіұдай пікір
тудырмайтындай болуы керек; екіншіден, бірнеше тілде жасалған ресми
құжаттар нұсқаларының арасында мағыналық-мазмұндық және стильдік алшақтық
болмауға тиіс; үшіншіден, ресми құжаттарға тілдің қазіргі талабы да
қойылады, яғяи олардың қай түрлерінде де тілдің конвенциясына (нормасы мен
узусына) тән тілдік құралдардың игерілуі міндетті, Албұл аталғандар,
қайталап айтқанда, ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманнын,
кәсіби біліктілігін (мемлекеттік тілді жетік меңгеруін) талап етеді.
Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп,
талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле
ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.
Ресми құжат - тұтас құрылым, сондықтан онда:
• мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы (жазылуы) тиіс;
• тұжырымдардың дәл, нақты түрде болуы тиіс;
• сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
• терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;
• бірнеше варианттағы терминдердің мүмкіндігінше Мемлекеттік
терминология комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми тілде
стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары (нормаға
айнала бастаган) тұлғасы пайдаланылуы тиіс;
•қазіргі әдеби тілдің нормасында кенерген сөздер, сирек қолданыстағы
сөздер, бірқолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер,
сондай-ақ бейнелі, об-разды фразеологизмдер, қаралайым лексикага тән
тұлғалар қолданылмайды;
• талдаудың, шешімнің мазмұны екіұдайылық тудырмас үшін көсемсөз
стилінің, ауызекі сөйлеу тілінің тілдік-стильдік элементтері
араластырылмауы қажет.
Ресми құжаттарды ресімдеуге қазақ емлесі ережелерінің сақталуы
қадағаланады, сондай-ақ төмендегідей емле кағидаларына баса назар
аударылады.

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекетгік басқару
оргаңдары, министрліктер, ведомстволар, мекемелер мен
ұйымдар, оқу орындары атауларының алғашқы сөзі бас
әрінпен жазылады:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Қазақстан Республикасы Қар- Абылайхан атындағы Қазақ
жы министрлігі халықаралық қатынастар

және өлем тілдері универ-
ситеті
КрзакрМан Республикасы Қыз- Қазакстан Республикасы
дар педагогикалық универ- Ғылым академиясы Шығыстану
ситеті институты

2. Мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың атаулары
күрделі тіркестің құрамында
келген жағдайда атаулар дербес қолданылғандағы емлесін сақтайды:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Энергетика, индустрия және
Мемлекеттік мүлік және сауда министрлігінің Мұнай
жекешелендіру жөніндегі және газ департаменті комитеті

3. Төмендегідей атауларда барлық сөз бас әріппен
жазылады:
Қазакстан Республитсының Қазақастпан Республикасы
Президенті Президентінін
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Үкіметі ның Парламенті

4. Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдардың атаулары бас әріппен жазылады:
Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының
Қауіпсіздік Кеңесі
5. Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен
жазылады:
"Халық қаһарманы " жоға- "Парасат" ордені
ры дәрежелі ерекшелік
белгісі

"Ерен еңбегі үшін" медалі Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген ғылым қайраткері

Қазақстан Республикасы Қазақастанның Халық жазушы-
Мемлекеттік сыйлығының сы
иегері
6. Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер кіші
әріппен жазылады:
авиация маршалы (бірақ: авиа- профессор
цияның Бас маршалы)

армия генералы академик

генерал-майор техника ғылымдарының
докторы

Қазақстан Республикасы ҰҒА доцент
корреспондент мүшесі

7. Қазақстан Республнкасы мемлекетгік өкімет және
басқару органдары жүйесіндегі лауазым атаулары бас
әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президенті
Президенті Әкімшілігінің
Басшысы

Қазақстан Республикасынын, Қазақстан Республикасы Пре-
Мемлекеттік хатшысы мьер-Министрі Кеңесінің
Басшысы

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі Сыртқы істер министрі

12. Ресми құсаттарда күрделі атаулардың қысқарған нұсқасы қолданылады:
БҰҰ - Біріккен Ұлттар АҚ - Акционерлік қоғам
Ұйымы

БАҚ - Бұқаралық ақпарат ЕАО - Еуроазиялық одақ
құралдары

ТМД – Тәуелсіз Мемлекет- ЕҚЫҰ-Еуропадағы
тер Достастығы қауіпсіздік және ынтымақ-
тастық ұйымы

ІІМ - Ішкі істер мтистрлігі МАИ - Мемлекеттік авто-
инсекция
МАК - Мемлекеттік аумақ- ЖАК - Жоғары аттеста-
тық комитет циялау комиссиясы

АҚШ - Америка Құрама ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік
Штаттары комитеті

ЖШС - Жауапкершілігі Сыртқыісмині - Сыртқы
шектеулі серіктестік істер министрлігі

Ауылшармині - Ауыл шаруа- ҚазМҰУ- Әл-Фараби атын-
шылығы министрлігі дағы Қазақ мемлекеттік
ұлттық университеті

АлМУ - Абай атындағы Алматы РФ - Ресей Федерациясы
мемлекеттік университеті

13. Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда орфоэпиялық
норма басшылыққа алынады:
ТМД (айтылуы: ты-мы-ды), демек, ТМД-ның, ТМД-ға (айтылуы: ты-мы-ды-
ға);
НМ (айтылуы: і-і-ім), демек, ІШ-ге, ІІМ-нің;
ЖШС (айтшуы: жы-шы-сы), демек ЖШС-ға, ЖШС-ның;
АҚШ (айтылуы: а-қы-ш), демек, АҚШ-тың АҚШ-қа;
ҚазМУ (айтылуы: қаз-мұ-у), демек, КазМУ-дың, КазМУ-ға.

14. Халықаралық стандарт сипатындағы аббревиатуралар
"қазақшаланбайды":
мыс ЮНЕСКО, ЮСАИД, НАТО; оларға қосымша дыбысталуына сәйкес жалғанады:
ЮНЕСКО-ға, ЮСАИД-ке.

15. Қысқарған сөздерді тасымаддауға болмайды.
16. Ресми құжатта күрделі атаулар шартты түрде
Қысқартылып алынуы мүмкін:
мыс, Қазакстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-
баспа орталығы - Қазстатақпарат.

Ресми құжаттарды жазуда сонымен қатар сөздердің тасымалдануы, тыныс
белгілерінің дұрыс қойылуы, сөздердің бірге немесе бөлек жазылуы сияқты
жағдайларға қатысты емле ережелері, пунктуациялық қағидалар толық
ескерілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына
хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы
мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік
өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде қарауға, ол
жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын
беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны
жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен
бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын
хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін
өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі
тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған
кемшіліктерді атап жазады.
Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен
мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру
туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс
жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған
мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың
атына сын айтылады.
Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын
жақсартуға, жетілдіруге назар аудартатын, осыған байланысты қойылған
міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ
толтырылады.

ӨМІРБАЯН - РЕЗЮМЕ
Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде
құжаттын; жаңа түрі өмірбаян-резюме жазылады. Бұнда өмірбаян маліметтері
ықшам, өрі толық түрде беріледі.
Өмірбаян-резюме үшін қажетті мәліметтер:
1.Азаматтық хал-жағдайы: аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері,
азаматтыгы, ұлты, отбасы жағдайы, мекен-жайы, телефон нөмірі.
2.Білімі. Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы мәлімет, дипломда
көрсетілген деректер.
3.Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі. Мамандығы, негізгі
мамандығы бойынша жұмыс істеген орындары, еңбектегі табыстары, ғылыми атағы
мен ғылыми дәрежесі.
4. Қосымша мәліметтер: тілдерді білу, спортқа қатысы, компьютерде және
Интернет бағдарламаларында жұмыс істеу деңгейі көрсетілуі міндетті деп
есептелетін басқа да мәліметтер.
Өмірбаян-резюме құжаты үшін жиі жұмсалатын терминдер және термин
клишелері:
ұлт_________________________ұлтым - қазақ
азаматтық__________________Қазақста н Республикасының азаматы
білім_______________________жоғары білімді
орта білімді
отбасы___________________ отбасым бар:

Компьютерде
Интернетте жұмыс істей аламын
ЭЕМ машиналарында

жақсы
қазақ жетік
ағылшын тілдерін орташа
орыс

түсінемін
оқиаламын
сөздікпен аудара аламын
ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы
органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар
талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми
құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында,
өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады жеке адамның
азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек
жолы толық көрсетіледі.

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі_______________________________ ___________________
Аты__________________ Әкесінің аты ______________________
2. Жынысы___________________ 3. Туған жылы, айы, күні_____
4.Туған жері_______________________________ _____________
ауыл, аудан, қала, облыс
5. Ұлты_________Азаматтығы______6. Әлеуметтік тегі_______
7. Білімі ___________________________________ ____________
Диплом бойынша мамандығы.
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
8. Қандай тілдерді білесіз____________________________ ______
қандай дәрежеде_____________________
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_________________________
10. Ғылыми еңбектері жөве өнер табыстары _________________
11. Жұмыс істеген орыны, лауазымы, жұмыс істеген
жылдары. ___________________________________ ___________
Жұмыс істеген орындарының мекен - жайы.________________
12. Шетелдерде болуы._____________________________ ______
13. Сайланбалы орындарға қатысуы._______________________
14. Мемлекеттік наградалары._______________________ ______
15. Әскери қызметке қатысы_____________________________ _
скери атағы_________________________
16.Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
керсетіледі)_______________________ ______________________
17. Мекен-жайы ___________________________________ ______

Толтырылған уақыты Қолы______________

Х А Т Т А М А
Хаттама - мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде
қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық
жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру
хаттамасы).
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат.
Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы
жазған адам қол қояды, мөр басылады.
Хаттамада көрсетілетін міндетгі мәліметтер:
1.Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
2. Құжаттың аты (хаттама).
3. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмірі.
4. Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдегі іс қағаздарды жүргізу пәні
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Стилистика ғылымы
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі
Стиль және шығармашылық ерекшелік
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
Жеделхат мәтіні
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Пәндер